Шаруашылык субъектінің меншікті капиталының есебі


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Р/с: Р/с
Тақырып атаулары: Тақырып атаулары
Беттер саны: Беттер саны
Р/с:
Тақырып атаулары: Кіріспе
Беттер саны: 5
Р/с:
Тақырып атаулары: I Жалпы бөлім
Беттер саны:
Р/с: 1. 1
Тақырып атаулары: Кәсіпорынның шаруашылык қызметімен танысу
Беттер саны: 6
Р/с: 1. 2
Тақырып атаулары: Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдау меп аудиті құрастыру негіздері
Беттер саны: 7
Р/с:
Тақырып атаулары: II Қаржылық есеп
Беттер саны:
Р/с: 2. 1
Тақырып атаулары: Шаруашылык субъектінің меншікті капиталының есебі
Беттер саны: 10
Р/с: 2. 2
Тақырып атаулары: Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерінің есебі
Беттер саны: 11
Р/с: 2. 3
Тақырып атаулары: Тауарлы-материалдық қорлар есебі
Беттер саны: 12
Р/с: 2. 4
Тақырып атаулары: Ақша - қаражаттарының есебі
Беттер саны: 13
Р/с: 2. 5
Тақырып атаулары: Дебиторлық қарыздардың есебі
Беттер саны: 15
Р/с: 2. 6
Тақырып атаулары: Міндеттемелер есебі
Беттер саны: 16
Р/с: 2. 7
Тақырып атаулары: Еңбек және еңбекақы есебі
Беттер саны: 17
Р/с: 2. 8
Тақырып атаулары: Шығындар мен табыстардың есебі
Беттер саны: 19
Р/с: 2. 9
Тақырып атаулары: Қаржылық есеп беру: құрастыру әдісі мен тәсілі;
Беттер саны: 20
Р/с:
Тақырып атаулары: III Басқару есебі
Беттер саны:
Р/с: 3. 1
Тақырып атаулары: Өндірістік шығындардың есебі
Беттер саны: 22
Р/с:
Тақырып атаулары: IV Дербес тапсырма
Беттер саны:
Р/с: 4. 1
Тақырып атаулары: Пайдаға салық салу мен бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі
Беттер саны: 24
Р/с:
Тақырып атаулары: V Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары тапсырмалары
Беттер саны:
Р/с: 5. 1
Тақырып атаулары: Салықтармен есеп айырысу бойынша туындайтын мәселелердің алдын алу
Беттер саны: 27
Р/с:
Тақырып атаулары: Қорытынды
Беттер саны: 29
Р/с:
Тақырып атаулары: Пайдаланылған әдебиеттер
Беттер саны: 30

Кіріспе

Мен Молдағали Ұлжан Нұрғалиқызы, өндірістік тәжірибемді «PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС-де өттім. Тәжірибенің өту аралығы 29. 05. 2019-30. 06. 2019.

Бұл практикалық жұмысымды атқарғанда осы мекеменің барлық іс қағаздарымен, соның ішінде бухгалтерлік жазбалармен сондай-ақ ұйымдық құрылымымен, жалпы қаржылық жағдайымен танысып өткіздім.

Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым: «PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті жүргізуі мен ұйымдастыруын үйрену, серіктестіктің өндіріс саласымен танысу, өндірістік және басқарушылық бөлімдерінің негізгі функцияларымен танысу, есеп саясатын талдау, тәжірибелік дағдылар мен қабілетті алу.

Іс-тәжірибесінің міндеттері болып:

«PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС-ның:

- Шаруашылык қызметімен танысу;

- Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдау меп аудиті құрастыру негіздерімен үйрену;

- Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерінің есебі;

- Тауарлы-материалдық қорлар есебі;

- Ақша - қаражаттарының есебі;

- Дебиторлық қарыздардың есебі;

- Міндеттемелер есебі;

- Еңбек және еңбекақы есебі;

- Шығындар мен табыстардың есебі;

- Қаржылық есеп беру: құрастыру әдісі мен тәсілі;

- Пайдаға салық салу мен бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебін үйрену болып табылады.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкершілік шешімдер қажетті шарттары болып саналады. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігін жыл ішіндегі деректері көрсетіледі.

Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау үшін әр түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіш жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткішттер кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.

I Жалпы бөлім

1. 1 «PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС-ның шаруашылық қызметімен танысу

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес құрылған.

«PIONEER GRAIN PRODUCTS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі серіктестік кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елуден аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бас мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.

Серіктестіктің қатысушысы:

Жеке куәлік №031081373 ҚР ӘМ, 11. 02. 2011 жылы берілген, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесі, Садықұлов көшесі, 75 мекен-жайы бойынша тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Абдиев Шингис Садикаримович.

Серіктестіктің фирмалық атауы:

Мемлекеттік тілінде: «PIONEER GRAIN PRODUCTS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қысқаша: «PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС

Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью «PIONEER GRAIN PRODUCTS»

Серіктестіктің тұрған орны: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, «Қатын көпір» мөлтек ауданы, Садықұлов көшесі, 75 үй.

Серіктестіктің мерзімі шектелмеген.

Серіктестіктің қызметінің мәні болып табылатындар:

- ұн және ұн өнімдерін, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндіру мен сату;

-астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі;

-жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнінде өызмет көрсету;

-телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынның өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет;

-жана-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету;

-Қазақстан Республикасы аумағында және оның аумағынан тыс жерлерде құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін, халықтық тұтыну тауарларын, өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы заттарды, шикізат және басқа материалды құндылықтарды сату жөніндегі сауда-сатып алу, делдалдық жәнекоммерциялық қызметтер;

-Қазақстан Республикасының Заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

1. 2 Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдау мен аудитті құрастыру негіздері

Бухгалтерлік есеп - белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қаржылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік варианттарын таңдау қызметіне басқару шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері :

Субъектіні, сонымен қатар басқа да мүдделі тұлғаларды оның шаруашылық қызметі туралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету;

Субъектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасаудың мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның есеп саясаты - кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатына әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлікпен міндеттердің бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және сол сияқты.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.

1. Құжаттау - шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу. Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп құжаттар заңдық растаушы күшке ие болады, яғни заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.

2. Түгендеу - мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорнының тауарлары және басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырып түгенделіп отырылуы тиіс.

Түгендеу белгіленген мерзімдерде материалды-жауапты адамдар ауысқан кезде, аудиторлардың, тергеу органдарының талабы бойынша және т. б. жағдайларда жүргізіледі. Түгендеудің деректері актімен ресімделеді.

3. Бағалау - бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің (активтердің) және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.

4. Калькуляциялау - шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.

5. Шоттар - Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз, шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады. Шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Жалпы айтқанда ұйымның активтерімен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды. М-ы: 1010 «Касса», 1030 «Ағымдағы есеп айырысу шоты», 3010 «Банк несиесі», 3350 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу»

6. Екі жақты жазу әдісі - Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады. Банктен алынған несие есеп шотқа келіп түсті (Дт 1030 Кт 3010), Кассадан жұмысшыларға еңбек ақы берілді (Дт 3350 Кт 1010)

7. Бухгалтерлік баланс. Кәсіпорынның активтерімен (шаруашылық қорларымен) олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері мен меншікті капиталы бейнеленеді.

8. Есеп беру. Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік хаты және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді.

Кәсіпорынның есеп саясатында енгізілген өзгерістер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулылармен рәсіделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады.

Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқысы Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына сәйкес аудиттің шаруашылық субъектісі ретінде келесі түрде құқысы анықталған:

- бухгалтерлік есеп кітабын және құжаттарды тексеруге;

- нақты ақша қаржысын, құнды қағазын, материал - мүлкін тексеруге;

- шаруашылық субъектілерінің барлық қызметкерлерінен аудит жүргізу барысында қажет болған материалдарды талап етуге, түсініктемелер алуға құқылы;

- аудит барысында қажет болған жағдайда үшінші жақтан (адамнан) мәлімет, түсініктеме алуға құқылы;

- аудит барысында қажет болса әр түрлі мамандарды жалдауға құқылы;

- шаруашылық субъектілерінің банк есепшоттарындағы операцияларды тексеру үшін банк мекемелерінен анықтама талап етуге құқылы.

II Қаржылық есеп

2. 1 Шаруашылық субъектінің меншікті капиталының есебі

Меншікті капитал - кәсіпорын капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөлігі немесе кәсіпорынның активтерінен барлық міндеттемелерін шегеріп тастағандағы бөлігі.

Меншікті қаражаттарды қалыптастыру көздеріне меншік иесі немесе қатысшылардың жарғылық капиталы, бөлінбеген пайдасы және меншікті қаражаттардың қорлары түрінде; қарыз қаражаттары банктермен басқа да инвесторлардың займдары мен несиелері; уақытша тартылған қаражаттарға-кредиторлардың ресурстары жатады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы 200 000 000 теңгені құрайды, қатысушының салымынан құралады және мемлекеттік тіркеу мерзіміне толық құралған (қосымша 1) .

Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын күрделі жұмсалым, пайда есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы нәтижесінде көбейеді, негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар - материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен көшеді.

«PIONEER GRAIN PRODUCTS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, соныман қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзгеде мүліктер болып табылады. Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады. Серіктестік мүлкін қалыптастыру көзі:

-қатысушының жарғылық капиталға салған салымы;

-серіктестік қызметінен түскен табыс;

-Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.

Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар:

-жоғарғы орган - қатысушы;

-атқару органы - директор;

-бақылаушы орган -тексеруші.

Жарғылық капитал корпорация кредиторларының мүдделеріне кепілдік беретін, оның мүлкінің минималды мөлшерін анықтайды. Ол негізгі құралдар, басқа мүлік, материалдық активтері жиынтығынан тұрады. Олар корпорацияға оның құрылтайшылары және қатысушылары салған, құрылтай құжаттармен анықталған үлестерге қатысты болып келеді. Жарғылық капиталдың құрылуы Қазақстан Респуликасы Азаматтық кодекс ережелерімен реттеледі.

Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.

Резервтік капитал - акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады.

Шаруашылық субьектінің меншікті капиталының есебіне берілген праводкалар

1) Қалыптасқан Жарғылық капитал:

Дт 1010, Кт 5110, 5030 - 200 000 000 (қосымша 1) .

2. 2 Негізгі кұралдар мен материалдық емес активтердің есебі

Негізгі құралдардың келіп түсуі мен шығуы бойынша бастапқы есеп құжаттарымен танысу:

Негізгі құралдар - бұл:

1) өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған;

2) күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер.

Ұсынылған анықтамалардан үш негізгі белгі айырықшаланады:

1) материалдық нысанының болуы;

2) кәсіпорынның қалыпты қызмет процесінде мақсатты сипатының қолданылуы (сату үшін арналмаған) ;

3) қолданылуының ұзақ мерзімі (кем дегенде бір айналымнан артық) .

«PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. Негізгі құралдар есебі № 16 ХҚЕС негізгі құралдарына сәйкес бағаланады.

Карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерін субъект ішінде орын аустыруы кезінде

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілері туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері негізінде жазылады .

Кәсіпорындарға негізгі құралдарды сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарына беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады.

Ұзақ мерзімді активтер мына шоттар арқылы жүргізіледі. 2411- Жер, 2412-Ғимараттар, 2413- Машиналар мен жабдықтар, 2414- Көлік құралдары, 2415- Комьпютерлер, перифериялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық, 2416- Кеңсе жиһазы, 2417- Өндірістік саймандар мен керек жарақтар.

Негізгі құралдар мен МЕА бойынша шоттар кореспонденциясы

1. Негізгі құралдар жабдықтаушылардан келіп түсті.

Дт 2410-2417 Кт 3310

2. Негізгі құралдардың амортизациясы есептелді

Дт 2412-2416 Кт 2410-2417

3. Жабдықтаушылардан МЕА соммасы алынды

Дт 2730 Кт 3310

4. Бағасы есеп айырысу шотына төленіп, кіріске алынған МЕА

Дт 2730 Кт 1030

5. Есептен шығарылған МЕА-дың құны есептелінді

Дт 7410 Кт2730

Негізгі құралдар анықтау әдісі өндірістік процесске тура және тікелей қатысу.

Негізгі құралдарды жарғылық капиталға салымы ретінде салуы, Дт 5110-Кт 5000-305 547 теңге (қосымша 11) .

2. 3 Тауарлық-материалдық қорлардың есебі

Тауарлы материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс үдерісінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толықтай аударады. ТМҚ-ға мыналар жатады: шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар; аяқталмаған өндіріс; субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «ТМҚ есебі» өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде ХҚЕС № 2 ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін. Орташа өлшемді құн бойынша - есепті кезеңде қозғалысы болған әр бір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

Қоймалардағы материалдық қорларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен есепшілер материалды есепке Қоймалардағы материалдық қорларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен есепшілер материалды есепке алу карточкаларында (ү. М-№ 17) .

Материалдардың әрбір номеріне жеке карточкалары ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі. Алған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары нормадан жоғары және кем болса, оның ауытқуына дабыл анықтамасы Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары нормадан жоғары және кем болса, оның ауытқуына дабыл анықтамасы (ү. М-№ 34) толтырылады.

Бухгалтерия белгіленген мерзімдерде қойманың тікелей өзінде жазбалардың дұрыстығын және карточкадағы қалдықтардың шығарылуын тексереді. Материалдық қорлардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды, бухгалтер қоймада құжаттарды өткізу тізімін ( ү. М-№ 18 а) толтыру арқылы қабылдайды

Қорларға келесідей шоттарда жүргізіледі

1. 1310- шикізат пен материалдар

2. 1320- дайын өнім

3. 1330- тауарлар

4. 1340-аяқталмаған өндіріс

5. 1350- өзге қорлар

Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай, ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі. Қоймадан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрін» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.

Тауарлы-материалдық қорларға шоттар кореспонденциялары:

«PIONEER GRAIN PRODUCTS» ЖШС-нан 14. 06. 2019 жылы «OZYURT» ЖШС-на1 дайын өнім (ұн-Пионер-Стандарт) сатылды. Шот-фактура құжаты қолданылып онда өнімге салынатын қосылған құн салығы көрсетілді:

Дт-1210, Кт-1340 ∑ 6400(қосымша 3) .

2. Келісім-шарттың негізінде жабдықтаушылардан тауарларды құны бойынша есепке алынды:

Дт 1210 Кт 3130 - ∑ 6400 (қосымша 3)

2. 4 Ақша- қаражаттарының есебі

Ақша қаражаты - бұл кәсіпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражатарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, жинақ ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорынның өзге де ақша қаражаттары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталдың есебі туралы
Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
Капиталдар туралы
Меншікті капиталдың құрылу негіздері және басқарылу әдістері
Қосымша төленген капиталдың есебі
Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі
Резервтік капитал аудиті
Меншiкті капитал туралы
Қосымша капитал және резервтік капиталдың есебі
Кәсіпорындағы меншікті капитал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz