Басқарудың ғылыми мектебі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Басқарушылық ойлар табиғаты және эволюциясы

Жоспары

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Басқарушылық ойлар
2.2. Басқарушылықтың ерте кезден бергі даму процесі
2.3. Басқару эволюциясының маңызы

КІРІСПЕ

Менеджментті дамыту - бұл үзіліссіз болатын ұйымның мақсатына, стратегиясына және мәселелеріне бағытталған эволюциялық үрдіс. Басқару үрдісі үнемі жаңарып отырады. Менеджменттің тарихи кезеңделуі расталады және оның дамуының ең алдымен сыртқы жағдайларға тәуелді екендігін көрсетеді.
Менеджментті дамыту, еліктеу қадамдарының қатары емес басқаруды дамытуда бірнеше көзқарастың бір-бірімен сәйкес келуі орын алады. Басқарудың теориясы мен практикасы дамуына айтарлықтай үлес қосқан маңызды көзқарас белгілі.
1-ші басқарудағы әртүрлі мектептер тұрғысынан көзқарас. Бұл көзқарас басқару әртүрлі 4 көзқарастан қарастырылуымен сипатталады.
2-ші үрдістік көзқарас
3-ші ситуациялық көзқарас
4-ші жүйелік көзқарас.
20 ғ. 1-ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады.
ғылыми басқару мектебі;
классикалық мектеп;
адалдық қатынастар және мінез-құлық ғылымының мектебі;
басқару ғылымының мектебі.
Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жж.) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор, Френк және Милли Пельберг Генрий Ганк құрушыларының ойынша өлшеуді, талдауды, логиканы пайдаланып қол еңбегін көптеген операцияларын олардың неғұрлым тиімді орындалуын қол жеткізе отырып жетілдіруге болады.
Фредрик Тейлор мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның мақсаты еңбекті және басқаруды дұрыс ұйымдастыру принциптерін қалыптастыруда болады. Негізгі назарды ол физикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырып принциптерінің қалыптасуына бөлді. Оның ойынша кәсіпорында өзінің жеке тәжірибесі негізінде еш нәрсе істелмеуі керек. Ол жұмыстың барлық элементі алдын-ала мұқият оқылып және ғылыми негізделуі керек деп есептеді. Тейлордың жүйесі төмендегі негізгі ережеге тіреледі:
империкалық тәсілді жұмыс элементтерінің ғылыми зерттеулерімен ауыстыру;
тәсілдер мен жұмыс жағдайларын жақсарту;
өндірістік үрдіспен қатар басқаруда да функциялардың мамандандырылуы;
ғылыми анықтаушы белгілер негізінде қызметкер таңдап алу және оларды оқыту мен жаттықтыру;
әрбір қызметкерге белгіленген нұсқаулық;
жұмысқа жоспарлау және дайындау;
жұмыстың барлық түрлерін есепке алу және бақылау;
Тейлордың жүйелік философиялық негізін экономикалық адам деп аталатын тұжырымдама құрады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оларды қозғалтушы жалғыз стимул олардың утелитарлық қажеттіліктері б.т. Тейлордың тұжырымдауынша еңбекке төлеудің тиісті жүйесінің көмегімен жұмысшылардың еңбектерін шегіне дейін интенсивтендіруге және осының негізінде ең жоғарғы еңбек өнімділігіне қол жеткізуге болады.
Тейлордың қағидасы:
қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау(физикалық интеллектуалды дамыған адамдарды);
жалақы, еңбекақы төлеуде жұмысшыларды ынталандыру үшін әділетті жалақы төлеу.
Басқалардың классикалық және әкімшілік мектебі 1920-1950 жж. Бұл мектептің негізін көңіл бөлгені -- әкімшілік басқаруды дамыту. Яғни басқарудың әмбебап принциптерін дамыту. Бұл мектептің негізгі өкілі А.Фаелдің 14 қағидасы бар:
1. еңбек бөлінісі;
2. өкілеттілік және жауапкершілік;
3. тәртіп;
4. дара басшылық;
5. бір ғана бағытқа бағытталуы;
6. жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы;
7. персоналдарды марапаттау;
8. орталықтандыру;
9. әділеттілік;
10. персоналдарға жұмыс орнының тұрақтылығы;
11. сколярлық цепь;
12. инициатива;
13. корпоративті рух;
14. порядок.
Келесі мектеп адамдық қатынастар мектебі. 1930-1950 жж. Негізгі өкілдері Элтон Мэйо, Мери Паркер Фале.
Негізгі мақсаты жұмыскерлер арасында жақсы қарым-қатынас орнату, жақсартып еңбек өнімділігін арттыру. Бұл мектепті неоклассикалық мектеп деп атайды.
Бақытты жұмысшы ең тиімді жұмысшы деген қағидаға ұстаған. Жұмысшылардың неғұрлым әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілсе жұмысшылар өздерінің жұмыстарына ыңталасты, жақсы жұмыс істейді.
Басқару Ғылымының қалыптасуы және дамуы
Басқарудың ғылыми мектебі.
Жүйелік, процестік және жағдайлы көзқарас.
Қазіргі кезде басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын 4 көзқарасты атап көрсетуге болады:
* жүйелік;
* процестік;
* жағдайлық.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Басқарушылық ойлар
Әкімшілік мектептер және басқарудың классикалық мектептері 1920-1950 ж. қалыптасқан. Бұл бағыттың негізін салушылар: Анри Фаель, Урвин және т.б. Бұл бағытты басқарудың жоғарғы деңгейі тұрғысынан объективті кешенді көңіл бөлуді сипаттайды. Бұл бағыттың өкілдері кәсіпорындарды басқарудың жағдайындағы буындарында қызмет жасаған. Сондықтан әкімшілік мектеп деп атаған. Осыған байланысты әкімшілік мектептің өкілдері дәлірек айтады. Анри Фаель кез-келген кәсіпорындарды (яғни сату, сатып алу, айырбас) басқаруға қажетті функцияларды атап көрсетеді.
Техникалық, яғни өндіріс.
Коммерциялық, яғни сату, сатып алу, айырбас.
Қаржылық функция, яғни капиталды тиімді пайдалану.
Қауіпсіздік функция, яғни меншікті қорғау.
Басқару функциясы, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру, бақылау және ұйымдастыру.
Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі немесе неоклассикалық бағыт. Ол 1930-1950 жж. қалыптасқан. Бұл бағыттың өкілдері: Элтон Мэйо, Мери Фоллет болып есептеледі. Бұл бағыттың негізгі мазмұны ретінде қызметкерлердің жұмыс жасау қабілеттілігінен өнімдерін арттырудың жолдарын ұсынылған, яғни адамның сана сезіміне ықпал ету.
Басқарудың ғылыми мектебі - бұл бағыт 50-ші жылдары қазірге дейін жалғасады. Бұл бағыт қазіргі автоматтандырылған құрал-жабдықтар мен компьютерлерді орынды пайдалануды көздейді. Бұл бағыт кейбір оқулықтарды Сандық әдістер мектебі деп аталады. Жоғарыда айтылған мектептің немесе бағыттың басқарудың ғылыми ретінде дамуына қосқан үлестері бар. Олар төмендегідей.
Ғылыми басқару мектебі:
міндетті орындаудың таңдалу әдістерін анықтағанда ғылыми таңдауды пайдалану.
мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулап отыруды қамтамасыз ету.
қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
Еңбек өнімділігін арттыруға материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.
Басқарудың классикалық мектебі:
басқарудың қағидаларын дамыту;
басқарудың функцияларын бейнелеу;
ұйымды басқарудығы жүйелендірілген әдіс.
Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі:
еңбек өнімділігімен еңбекке қанағаттандыруды арттыруда тұлға ара қатынастарын қолдану.
Ұйым қызметкерлерін адамның қатынастарымен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру.
Басқару ғылыми мектеп:
жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.
Күрделі жағдайларда шешім қабылдаған басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілді дамыту.
Жүйелік көзқарас - объектінің немесе ұйымды өзара бір-біріне тәуелді байланысқан элементтің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол әлемдегі ұйым мақсаты, құрылымы, міндеті, технологиясы және еңбек ресурстары жатады.
Процестік көзқарас - басқаруды тізбектей бірінен кейін бірі орындалатын процестің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол процестерде басқару функциясының көмегі арқылы жүз асыру, яғни жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру.
Жағдайлық көзқарас - кез елген мәселені шешіге, кез келген іс-әрекеттерді талдауға, басқарудың универсалды амал тәсілдерінің әдістері жоқ екендігін атап көрсетеді. Осыған орай кез келген проблеманы, жағдайға өзіндік қолайлы әдістер арқылы ықпал етуді сипаттайды.

1. Ежелгі тәжірибе жаңа ғылым
2. Басқару жүйесінің жалпы тұжырымдамалары
3. Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері
4. Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі
5. Ғылыми басқару мектебі
Басқару өте ежелгі тәжірибе болып саналады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп, өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келді. Дегенмен, басқару-қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым мен зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені, көптеген басқару қызметін орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болды. Қорыта айтқанда, ХХ ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан жақты түрде басқару ғылыми жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы Нью-Ланердегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір басшы өз тәжірибесінде қолдаған емес. Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейінгі басқарудың ғылыми әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану-техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан орын алады. 1991 жылы жарияланған Фредерик У.Тэйлордың "Ғылыми басқару қағидалары" атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тэйлордың пікірінше, тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой - саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тэйлор өз теориясын тұжырымдай отырып мынадай тоқтамға келді: "дәстүрлі әдістің орнына ғылым, қарама-қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау ..."
Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері
* Ф. Тейлор және Х. Гильберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
* Ф. Тэйлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларын да дамытты.
* Ф. Тэйлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай:
* -қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау;
* -еңбекке мамандандыру ;
* -еңбек ақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
* -жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.
Л. Гилберттің микрохронометр ойлап табу арқылы, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әр бір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеген.
Г. Эмерсон "өнімділіктің 12 қағидасы" деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:
- әр бір басшы мен қызметкер ұмытылатын дәл тұжырымдалған мақсат;
- болашақ мақсатты ескере отырып, әр бір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;
- нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну;
- қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;
- дер кезінде, әрі сенімді есеп беру;
- ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;
- көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;
- уақыт, күш - қуат пен шығындарды үйлесімді ұштастыра білу;
- операциялар көрсеткішін жасау;
- ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану;
- еңбек өнімділігін арттыру үшін сыйақы төлеу;
Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационализациялау ұғыммен енгізілді.
Г.Форд өндірісті ұйымдастырудағы "Тэйлор жүйесін" жетілдіре отырып, төмендегідей атап өтті;
- өндіріс процесі мен сатыларын байланыстыра отырып, дәл есептеу мени жоспарлау;
- қажетті жұмыс пен басқа ресустарды әзірлеу;
- стандартты технологиялар мен механизмдерді қолдау;
- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі қарастыру.
Аталған ғалым практиктер және басқада еңбектері нәтижесінде басқарудағы ғылыми қағидалар тұжырымдамасы осылайша қалыптасып дамыды.

2.2.Басқарушылықтың ерте кезден бергі даму процесі
Классикалық мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басқару - белгілі мақсатқа жетуде орын алатын қатаң әкімшілік қағида, әдістердің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттағы көрнекті өкілі Файолдің пікірінше, әкімшілік ету жан - жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі, және де техникалық, коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А.Файол тәжірибеде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға: жауапкершілік, жеке дара басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта - ықылас, лауазымға сәйкестілік, қызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т.б. енеді.
Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблемаларына көңіл бөліп зерттеуде әкімшілік мектептің келесі бір өкілі ерекше орын алады. Ол әртүрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстүрлі және идеалды кезеңдерін ажыратып берді. М.Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келіп, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, "бюрократиялық жүйе қағидаларын" жасап шығарды. Оларға:
- нақтылы еңбек бөлінісі;
- басқару деңгейлерінің жіктелуі;
- міндеттер бірыңғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер мен стандарттар жүйесін жасау;
- әлеуметтік аралық пен әділеттілік;
- жұмысқа қабылдауда қатаң орын алуы жатқызылады.

4. Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі
ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшіліктерді шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне М.Фоллет, Э.Майо, Д.Макгрегор т.б жатқызылады.
Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы биресми топтардың ролін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М.Фоллет басқаруды "өзгелерді пайдаланып нәтижеге жету" деп анықтаған болса, ал Э. Майо еңбек тиімділігіндегі психологиялық жағдай маңызын атай келе, "бақытты жұмысшы дегеніміз - тиімді жұмысшы" деп тұжырымдады. Яғни, осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басшылық қызметкерлерге көбірек көңіл бөліп, қамқорлық жасаса, онда жұмысшылардың қанағаттану сезімдері де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.
Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруды жеке адамдардың мүмкіндігіне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсаттарын көздеді. Бастапқы өкілдер ретінде В.Герцберг, Г.Арджерис, Р.Лайкерт табылып, олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымдарын қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.
Ғылыми түрде басқарудың негізі Фредрик Уинслоу Тейлор (1851-1915) тарапынан қаланған. Ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі - өнімділік. Ғылыми басқарудың әдісі, тәсілі мен құралдары өнімділікпен қамтамасыз етуге тән. Ғылыми басқару, сонымен қатар жұмысшы мен басқарма мүдделері арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы, сол себептен ынтымақтасып бірге жұмыс істеулерінің қажетті және міндетті екендігі туралы ой-пікірге сүйенеді. Ф.Тейлор "ғылыми басқару" деген ой-пікірлерін "Ательені басқару" және "ғылыми басқарудың принциптері" атты екі шығармасында атап көрсеткен. Тейлор, ғылыми кәсіпкерлік саласында, қазіргі кезде де сөз етілетін "ғылыми басқарудың принциптерінің" мақсаттарын төмендегідей көрсетуде:
- қымбатқа соққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің басқару мектептері
Басқару ой-пікірінің эволюциясын танытатын менеджменттің шетелдік мектептері
Менеджменттің мектептері
Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері
Басқару тәсілдері мен функциясы
Ұйымды басқару жүйесі
Басқару психологиясы
Арт - менеджмент тарихы
Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы
Пәндер