Керей және Жәнібек хандардың хандықты құруы



ЖОСПАР

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

2. Негізгі бөлім
2.1 Керей және Жәнібек хандардың хандықты құруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы рулардың бағынуы ... ... ... ... ... .6
2.3 Қазақ рулары мен тайпалары Жәнібек пен керей хандар бастаған қазақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.Кіріспе
Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді. Олардың басқа Шыңғыс ұрпақтарымен (негізінен алғанда Шай-бани ұрпақтарымен) бұрынғы Жошы ұлысының мұраға қалған жерлерінде билік жүргізу құқығы жолындағы тайталастағы әулеттік мүдделері топтасқан халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысын объективті түрде бейнелеген еді. Қазақ хандары жалпы мемлекеттікке және ұзақ уақытқа созылған өзара байланысты Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан аумағын мекендеген этникалық топтардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени да-муы арқылы бірігуге дайындалып та қойған жерлерді топтастырғанын атап өткен жөн.
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдай-ында аталған кең-байтақ аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе әлдебір Шыңғыс ұрпағы арқ-ылы қамқоршы іздестірді. Олардың көбісі алғашқы қазақ хандарының біртұтас мемлекет құру мен оны нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін қолдады.
Қазақ рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау 40—50-жылдардың өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде — Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысыңда, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан қырда өз билігін нығайту жолындағы күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тай-палардың бағынбаған басшыларының қарсылығын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда хандарыиың мұрагерлері бұл аумақга тұрақгы билігін қам-тамасыз етіп алды.
Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан мен Қазақ хандығы-ның негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей де Орда-Еженнің ұрпақгары деп саналатын болған, дегенмен бұл деректемелерде нақты мәліметтер жоқ. Теңге деректері мен Му'ин ад- дин Натанзидің «Мунтахаб ат-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін 5 томдық, 2-том. Алматы: Атамұра, 1998, 329 б.
2. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алма- Ата, - 1969, С. 262.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Негізгі бөлім
2.1 Керей және Жәнібек хандардың хандықты
құруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .4
2.2 Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы рулардың
бағынуы ... ... ... ... ... .6
2.3 Қазақ рулары мен тайпалары Жәнібек пен керей хандар бастаған
қазақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

1.Кіріспе
Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси
бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне
тиді. Олардың басқа Шыңғыс ұрпақтарымен (негізінен алғанда Шай-бани
ұрпақтарымен) бұрынғы Жошы ұлысының мұраға қалған жерлерінде билік жүргізу
құқығы жолындағы тайталастағы әулеттік мүдделері топтасқан халықтың дербес
мемлекет құруға ұмтылысын объективті түрде бейнелеген еді. Қазақ хандары
жалпы мемлекеттікке және ұзақ уақытқа созылған өзара байланысты Шығыс Дешті
Қыпшақ, Жетісу және Түркістан аумағын мекендеген этникалық топтардың
этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени да-муы арқылы бірігуге дайындалып та
қойған жерлерді топтастырғанын атап өткен жөн.
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдай-ында
аталған кең-байтақ аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері
саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе әлдебір Шыңғыс ұрпағы арқ-ылы қамқоршы
іздестірді. Олардың көбісі алғашқы қазақ хандарының біртұтас мемлекет құру
мен оны нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін қолдады.
Қазақ рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау 40—50-жылдардың
өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде — Қаратау баурайларында,
Сырдарияның төменгі ағысыңда, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен
Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан қырда өз билігін нығайту
жолындағы күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тай-палардың
бағынбаған басшыларының қарсылығын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда
хандарыиың мұрагерлері бұл аумақга тұрақгы билігін қам-тамасыз етіп алды.
Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан мен Қазақ хандығы-
ның негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей де Орда-Еженнің ұрпақгары деп
саналатын болған, дегенмен бұл деректемелерде нақты мәліметтер жоқ. Теңге
деректері мен Му'ин ад- дин Натанзидің Мунтахаб ат-таварих Му'ини шы-
ғармасының мәліметтеріне қарағанда, Ұрұс ханның генеалогиясы Сасы-Бұға
ханға барып тіреледі: Сасы-Бұға — оның ұлы Ерзен хан (Лэн Пуль Стенлиде
Ерзеннің орнына Мүбәрак-Қожа хан аталған) — оның ұлы Шымтай — Шым-тайдың
ұлы Ұрұс хан. Алайда, бұл деректемеде Сасы-Бұғаның тегі Орда-Ежен емес,
Алтын Орданың әмірі Ноғай деп саналады, бұл басқа деректермен қуат-
талмайды. Рашид ад-Диннің айтуынша, Ақ Ордада Сасы-Бұғаға дейін Орда (Орда-
Ежен) — Сартақтан (Сартақ) — Қуынжы (Қоңшы) — Байан билік еткен Сасы-
Бұғаның Орда ұрпақтарының бұл тармағымен генеалогиялық байланысы
дәлелденбеген, дегенмен де дәстүр бойынша Ұрұс хан Орда-Еженнің
ұрпақтарынан шыққан деп саналады.

2. Негізгі бөлім
2.1 Керей және Жән бек хандардың хандықты құруы
Осы әулетке жатқан Ахмет хан мен Махмұд хан (олардың генеалогиясы:
Жошы—Тоқа-Темір—Үз-Темір—Абай—Томға н — Құтлық—Темір—Темірбек - Темір —
Құтлық хан — Темір — (Кіші) Мұхаммед хан — Ахмед хан және Махмұдхан)
Әбілқайыр ханға көп қарсылық көрсетті (1). Шайбанилік ханның 1431—32 жылы
әскерімен Хорезмді шабуға кеткенін пайдаланып, сол жерлер-ден үміткер және
сол кезде Арал өңірінде кешіп жүрген Ахмет пен Махмұд өздерінің іс-қимылын
жандандыра түсті, Ма' суд Кухистанидің сөзімен айтқ-анда, бүлік пен
бұзақылықтуын көтеріп, бағынбау және құлақаспау жағында тұрды. Осы Тоқа-
Темір ұрпақтары әскерлерінің өз Ұлысына басып кіруінен қорыққан Әбілқайыр
Хорезмнен қайтып келген.
Қарсылығын Әбілқайыр ақырына дейін баса алмаған Жошыдан тарайтын
сұлтандар ішінде деректемелерде Ұрұс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек
және Керей сұлтандар да аталады, ал олар туралы алғашқы мәліметтер Мұхаммед
Хайдар Мырза Дуғлаттың Та'рих-и Рашиди деген шы-ғармасында (ал одан кейін
басқа да бірсыпыра шығармаларда, мысалы, Хондемирдің Хабиб ас-Сийарында,
Бахр әл-асрарда) XV ғасырдың 50-жылдарының екінші жартысына байланысты
ғана пайда болады. Бұл кезге дейін олар Ақ Орданың 20-жылдарда Барақ ханның
билігі мейлінше берік болған және одан кейінгі жиырма жыл бойы Әбілқайыр
хан аттап баса алмаған нақ сол оңтүстік бөлігінде болған еді. Олар Барактың
осы аумақтағы билігін мұраға алды және Ахмет хан мен Махмұд ханның өздері
мұраға алған жерге көз алартқан Әбілқайырға қарсы күресінде оларға одақтас
болғаны күмәнсіз. Олардың келісе отырып іс-қимыл жасауы да мүмкін, Жәнібек
пен Керейдің алыс болса да, неғұрлым құдіретті осы туыстарымен одақ жасасып
қана қой-май, сонымен қатар қамқорлығында болуы да ықтимал еді. П. П.
Иванов Жәнібек пен Керейдің арғы атасы Барақ ханның атасы, Алтын Орда ханы
Ұрұс Астархан әулетінің бабасы, яғни Кіші-Мүхаммедтің балалары Ахмет хан
мен Махмұд ханның да атасы болған деп санайды. Ал егер Ұрұс хан Тоқа-Темір
әулетінен шыққан болса да, оның Кіші-Мұхаммедпен туыстығы, жоғарыда
келтірілген генеалогияның көрсеткеніндей, дегенмен де оның бабасы деп
санауға тым алыс болған.
Жәнібек пен Керей жастары жағынан Ахмет хан мен Махмұд ханның за-
мандастары, қатарлары ғана емес, сонымен бірге олардың серіктері де болуы
мүмкін еді (Керей хан мен Ахмет хан шамамен қатар өлген, біріншісі 1470 жыл
шамасында, екіншісі 1481 жылы қайтыс болған). Жәнібек пен Керейдің туған
кезі туралы дәл деректер болмағанымен, жанама деректер олардың жас шама-сын
анықтауға мүмкіндік береді. Бұған, атап айтқанда, олардың бір-бірімең
туыстық қатынастарын анықтау көмектеседі.
Таварих-и гузида-йи нусрат-намеде берілген шежіреге сәйкес, Қазақ
хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей немере ағайын болған, яғни
өте жақын туыс болмаған. Керей ханның (деректемелерде Кирай хан)
шежіресі: Ұрұс хан — Тоқтақия — Полад — Керей хан. Жәнібек ханның шежіресі:
Ұрұс хан — Құйыршық — Барақ хан — Жәнібек хан19. Осы қосарла-сып билік
еткен қазақ хандарының XV ғасырдың екінші жартысындағы (60-70-жылдардағы іс-
қимылдары туралы баяндайтын деректемелерде осы екі ханның қайсысы басты хан
болғаны дәл түсіңдірілмейді, олардың есімдері қатар жазылады, бірақ қатаң
ретпен жазылмайды. Жәнібек хан өз әкесі Барақ хан-ның тура мұрагері және
мирасқоры болатын, оның атасы Құйыршық та хан болған. Керей ханның
Жәнібектен жасы үлкен болған және ол Ұрұс ханның үлкен ұлы және мирасқоры,
бірақ Ұрұс ханнан кейін көп ұзамай 778 жылы (1376—1377 жж.) қайтыс болған
Тоқтақияның немересі еді, ал Жәнібек Ұрұс ханның төртінші ұлы Құйыршықтың
немересі болатын. Бірақ орта ғасырлар-дағы Қазақстан мемлекеттерінде XIV
ғасырдан бастап-ақ бірте-бірте орныққан хан билігін тікелей мұраға алу
(әкесінен баласына) принципімен қатар хан билігіне беделді рубасы құқығының
басым болатын бұрынғы түрік-монғол принципі де сақталып қалған еді, яғни
ағасы (ханның ағасы) өзінің немересінен (ханның ұлынан) үлкен саналатын,
демек Жәнібек сұлтан сияқты хан атағына Керей сұлтан да үміт ете алатын.
Тіпті олардың кішісі Жәнібек те өздері Жетісуға көшіп кетпестен көп
бұрын, яғни 30—40-жылдарда Әбілқайырға қарсыластар қатарында бола ала-тын
еді. Егер Жәнібек сұлтан (немесе Жәнібек оғлан) әкесі Барақ хан қаза
тапқанға дейін бірнеше жыл бұрын, мысалы, 1420 жылы туған болса, 1436
жылдың өзіңде-ақ ол 16—17 жасқа толған және Әбілқайырдың қарсыластары
қатарында бола алатын (Әбілқайыр 17 жасында хан көтерілді; мұнда ең бас-
тысы ханның жеке басына және оның жасына емес, оны қолдайтын топтарға,
шонжарларға байланысты болды). 1446 жылы (Әбілқайыр хан Сырдария қала-ларын
алған кезде) Жәнібек — 26—27 жаста, 50-жылдардың аяғында кешіп кеткен кезде
38—40 жаста болуы мүмкін: 1480 жылға дейін, яғни 58—60 жасында қайтыс
болған. Бұл деректер жас шамасын (дұрысырақ айтқанда, туған кезін) тағы да
10 жыл әрі жылжытуға мүмкіндік береді, айталық, егер ол 1410 жыл шамасында
туған болса, Әбілқайырдың Екіретүп маңындағы Ахметпен және Махмұдпен
шайқасы кезінде Жәнібек 20-21 жаста болған. Керей сұлтан Жәнібектен де
үлкен еді, яғни екеуі де Әбілқайыр хан билік еткен алғашқы жылдардан бастап-
ақ (1428 жылдан) оның саналы қарсыластары болды.

2.2 Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы рулардың бағынуы
"Қазақстанның оңтүстік аудандарында Керей мен Жәнібекке рулар мен
тайпалардың едәуір бөлігі бағынды, олардың төңірегіне көшпелі рулық-тай-
палық шонжарлардың айтарлықгай топтары, әсіресе үстем таптың Барақ ханды
қолдаған және Сырдариядағы қалалармен байланысты белігі таптасты. Шон-
жарлардың бұл топтары өздерінің Сыр өңірінің отырықшы-егінші халқын
қанауға, жергілікті қалалардың саудасы мен қолөнер кәсіпшілігінен пайда
алуға дәмеленуін қамтамасыз ететін берік хан билігіне мүдделі болатын.
Әбілқайыр хан қырда өз билігін нығайту жолындағы жиырма жылға жуық
күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған
басшыларының қарсылыктарын басумен айналысып жүргенде, Қазақстанның
оңтүстігінде мұндай күшті билікті Ақ Орда хандарының мұрагерлері қамтамасыз
ете алатын еді. Оларға рулар мен тайпалардың Әбілқайырға наразы көптеген
көсемдері өз бодандарымен бірге ағылып келіп жатты. Қаратау баурайлары мен
Сырдариядағы қала орталықтары мен бекіністер — Созақ, Сығанақ, бәлкім
Сауран мен басқа да онша ірі емес бекіністер, сірә Жәнібек пен Керейдің
қолында болса керек.
Бұл жорамал әбден орынды, өйткені деректемеде 1446 жылы бұл қалала-ды
Әбілқайырдың кімнен тартып алғаны айтылмайды. Б. А. Ахмедов 40-жыл-дары
Керей мен Жәнібек Сырдария бойында болмаған, әйтпесе олар Ақ Ордаға
қарайтын осы қалалардың бірінде болса, олар Мұстафа ханмен шайқаста күші
әлсіреген Әбілқайырға қарсылық көрсетер еді деп санайды. Бірақ жоғарыда
айтылғанындай, Әбілқайырдың қалаларды алғанын жеткізуші бұл бірден-бір
деректемеде қазақ хандары туралы да, олардың Әбілқайырға қарсылығы туралы
да, көшіп кету туралы да, Әбілқайырдың қазақ хандарына қарсы Моғолстанға
жорығы туралы да мүлде ешнәрсе айтылмайды — жалпы қазақ хандарына
байланысты ләм демейді, Әбілқайыр серіктерінің бірде-бір егжей-тегжейлі
тізімінде олардың есімдері аталмайды. Сірә әдейі айтылмаған болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы құрылған жылының зерттелу тарихы
Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының тарихы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаю кезеңдері
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
ХV және ХVІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы
Қазақ хандығы дәуірі
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Пәндер