Фашизмнің саяси тәжірибесі және оны бағалау



ЖОСПАР

Кiрiспе 3
I. Фашистер үкіметі 5
1.1. Адольф Гитлердiң билік басына келуi 5
1.2. Ұлтшыл.социал партияның демократиялық қозғалыстарды жою саясаты 6
1.3.Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты 9
II. Гитлердің басқыншылық соғыстары. (Польша, Чехословакия. II дүниежүзілік соғыстың басталуы) 11
1.1. Фашистердің Европа континентіндегі басқыншылық соғыстары 11
2.2 Фюрердің Германияда абсолюттік билігі 13
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер 20
ХХ ғасырдың орта шенінде әлемді гитлерлік Германияның агрессиялық саясаты дүр сілкіндірді, әсіресе фашистік және террорлық режимді орнатқан Германияның бүкіл әлемді жаулауға ұмтылысы және нәсілдік ұстанымдары көптеген мемлекеттерге өз зиянын тигізді. Германия агрессиясына қолайлы жағдай туғызу үшін ел ішіндегі қаруландыру саясаты ыңыршағы айналған халықтың ахуалын біршама жеңілдетті. Өйткені 1929-1933 жылдардағы «Ұлы депрессия» экономиканы мүлде титықтатқан болатын. Осы жағдайдың артынша билік басына келген нацистер ел экономикасын қарулануға бағыттап сол арқылы жұмыссыздардың бәріне жұмыс тауып берді. Сол жылдардағы салынған автобандар (жолдар) және қазіргі кездегі Германияның танымал бренді болып табылатын «Фольксваген» Адольф Гитлердің жетістіктерінің бірі болатын. Фашистердің әлеуметтік саясатындағы оң нәтижелер бүкіл неміс халқын фашизм идеологиясымен уландыруға септігі тиді. Сонымен қатар көптеген еврей халқының өкілдерінің елден қуылуы мен олардың Холокосттан қырылуы да, және соғыс тұтқындарының есебінен де әлеуметтік саясаттың фашистер көздеген бағытта шешілуі соғыс барысына әсер етті. Осы тұрғыдан Жеңістің 61 жылдығы қарсаңында фашистік Германия әкелген алапат соғыс зардаптарын оқып зерделеу өте өзекті тақырып деп ойлаймын.
Германияның экономикалық-саяси тұрақтануы елде ірі буржуазияның империалистік бағыттағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелді. 1924 жылғы желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi буржуазия партиялары жеңіске жетті. Германияның канцлері Лютер үкімет құрды. Үкіметтің құрамында ірі буржуазия болды. ГСДП-сы бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдің президенті Эберт өліп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы монархияны жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия үкіметінің сыртқы саясаты Версаль бітімін жою үшін күреске шығып, қайта бөлу бағытында жүргізілді. Лютер үкіметі елдегі фашизмге арқа сүйеп, ұлтшылдық саясатты жалғастырды. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлттық социалист неміс жұмысшы партиясын (НСДАП - неміс сөзінен қысқартылған) құрды.
Капитализмнің уақытша тұрақтану кезінде Германияның сыртқы саясаты нығайып, АҚШ үкіметінің қамқорлығына бөлене
. Геббельс Й. Дневники //Новая и новейшая история.- 1995. - № 1-3.
2. Геббельс Й. Последние записки. - Смоленск.: Русич 1993.
3. Гитлер А. “Моя Борьба”. - Ростов-на-Дону.: ИТФ “Т-Око”, 1996.
4. Нюрнбергский процесс над главными военными преступниками. сб. материалов. - т.3,7; М.: Наука, 1958-61.
5. Пикер Г. Застольные разговоры Гитлера. - Смоленск.: Русич. 1993.
6. Раушинг Г. Говорит Гитлер. Зверь из бездны. - М.: Миф. 1993.
7. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права., ред. Батыра К.И., Поликарповой Е.В. т.2., М: Юрист, 1996.
8. Шеленберг В. Лабиринт. Мемуары гитлеровского разведчика. Дом Бируни, 1991.
ІІ. Арнайы әдебиеттер
9. Алданов М. Гитлер //Дон. -1992. -№ 5/6.
10. Аренд Х. Источники тоталитаризма. -М.: Центр Ком, 1996.
11. Безыменский Л. Разгаданные загадки Третьего рейха. М.: Издательство Агентства печати и новости, 1984, кн.1.
12. Безыменский Л. Сколько раз хоронили Гитлера//Новое время. - 1995. - № 17.
13. Бланк А.С. Из истории раннего фашизма. Организация. Идеология. Методы. -М.: Мысль, 1978.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Саясаттану пәнінен

семестрлік жұмысқа есеп беру

Тақырыбы: Фашизмнің саяси тәжірибесі және оны бағалау

Орындаған: Асылханов А. Е.

Тобы: БВТк-09-02

Тексерген: Кабылова
А. С.

Алматы 2012ж.

ЖОСПАР

Кiрiспе 3
I. Фашистер үкіметі 5
1.1. Адольф Гитлердiң билік басына келуi 5
1.2. Ұлтшыл-социал партияның демократиялық қозғалыстарды жою саясаты 6
1.3.Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты 9
II. Гитлердің басқыншылық соғыстары. (Польша, Чехословакия. II
дүниежүзілік соғыстың басталуы) 11
1.1. Фашистердің Европа континентіндегі басқыншылық соғыстары 11
2.2 Фюрердің Германияда абсолюттік билігі 13
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер 20

Кiрiспе

ХХ ғасырдың орта шенінде әлемді гитлерлік Германияның агрессиялық
саясаты дүр сілкіндірді, әсіресе фашистік және террорлық режимді орнатқан
Германияның бүкіл әлемді жаулауға ұмтылысы және нәсілдік ұстанымдары
көптеген мемлекеттерге өз зиянын тигізді. Германия агрессиясына қолайлы
жағдай туғызу үшін ел ішіндегі қаруландыру саясаты ыңыршағы айналған
халықтың ахуалын біршама жеңілдетті. Өйткені 1929-1933 жылдардағы Ұлы
депрессия экономиканы мүлде титықтатқан болатын. Осы жағдайдың артынша
билік басына келген нацистер ел экономикасын қарулануға бағыттап сол арқылы
жұмыссыздардың бәріне жұмыс тауып берді. Сол жылдардағы салынған автобандар
(жолдар) және қазіргі кездегі Германияның танымал бренді болып табылатын
Фольксваген Адольф Гитлердің жетістіктерінің бірі болатын. Фашистердің
әлеуметтік саясатындағы оң нәтижелер бүкіл неміс халқын фашизм
идеологиясымен уландыруға септігі тиді. Сонымен қатар көптеген еврей
халқының өкілдерінің елден қуылуы мен олардың Холокосттан қырылуы да, және
соғыс тұтқындарының есебінен де әлеуметтік саясаттың фашистер көздеген
бағытта шешілуі соғыс барысына әсер етті. Осы тұрғыдан Жеңістің 61 жылдығы
қарсаңында фашистік Германия әкелген алапат соғыс зардаптарын оқып зерделеу
өте өзекті тақырып деп ойлаймын.
Германияның экономикалық-саяси тұрақтануы елде ірі буржуазияның
империалистік бағыттағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелді. 1924 жылғы
желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi буржуазия партиялары жеңіске
жетті. Германияның канцлері Лютер үкімет құрды. Үкіметтің құрамында ірі
буржуазия болды. ГСДП-сы бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдің
президенті Эберт өліп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы
монархияны жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия үкіметінің сыртқы
саясаты Версаль бітімін жою үшін күреске шығып, қайта бөлу
бағытында жүргізілді. Лютер үкіметі елдегі фашизмге арқа сүйеп,
ұлтшылдық саясатты жалғастырды. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке
айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлттық социалист неміс жұмысшы партиясын
(НСДАП - неміс сөзінен қысқартылған) құрды.
Капитализмнің уақытша тұрақтану кезінде Германияның сыртқы саясаты
нығайып, АҚШ үкіметінің қамқорлығына бөлене бастады. 1924 жылы
Лондон конференциясында Дауэс жоспары Германияның репарациялық
төлеуін жеңілдетіп, ішкі экономиканың тұрақтануына әкелді. 1925 жылы
Локарно конференциясында Франция, Бельгия және Ұлыбритания Германияның
батыс шекарасының қауіпсіздігіне кепілдік берді. Сөйтіп, Германияның
империалистік топтары шығыс саясатын еркін жүргізуге мүмкіндік алды
да, 1926 жылы Ұлттар лигасына толық мүшесі болып қабылданды.
Капиталистік елдердің қолдауымен 1927 жылдан бастап Германияға
қойылған әскери шектеу алынып тасталды. Германия өзінің армиясын
көбейтуге және қаруландыруға қол жеткізді және Рур облысынан
Франция мен Бельгия әскерлерін шығаруға келісті. Версаль бітіміндегі
әскери шектеу тежеле бастады.
Германияның сыртқы істер министрі Штреземан Рапалло келісімін
пайдалана отырып, КСРО елімен достық қатынасты дамыта түсті. Сөйтіп Батыс
пен Шығыс елдері арасында екі жақты саясат жүргізді. Кеңестік Ресеймен
сауда-экономикалық қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер ГКП-
сы мен жұмысшы табы қолдап отырды. Германия империалистік елдер
арасында бірінші болып Кеңестік Ресеймен достық қатынас орнатқан ел болды.
Рапалло келісімінен кейін 1925 жылы Герман-Кеңес сауда келісіміне
қол қойылса, 1926 жылы екі ел арасында бейтараптық келісімге қол
қойылды.
Екі жақты саясат Германияның экономика-сауда қатынасының дамуына,
Еуропадағы бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік жасады.

I. Фашистер үкіметі

1.1. Адольф Гитлердiң билік басына келуi

А. Гитлердің үкімет басына келуі. Экономикалық және саяси дағдарыс
үкіметтің елді басқару қабілетін бұрынғыдан да төмендетті. Фашистік партия
жене профашистік ірі монополия иелері Ф.Тиссен, Флик, Феллер тез арада
фашистік диктатураның орнауын қалады. Германиядағы президенттік сайлау
қарсаңында фашистер мен реакциялық күштер бірігіп күрес жүргізді. 1932 жылы
сәуір, мамыр айында Брюнинг үкіметі отставкаға кетіп, Папен канцлер болып
тағайындалды. Папен үкіметі елді саяси дағдарыстан шығара алмады, олар
төтенше шаралар жүргізді. Саяси дағдарыс тереңдеген тұста, 1932 жылы шілде
айында Пруссияда мемлекеттік төңкеріс болды. Пруссия үкіметінде социал-
демократ министрлері қуылып, оның орнына профашистік реакциялық топтар жаңа
үкімет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында 1932 жылы шілде айының 31-і күні
рейхстаг сайлауы өткізілді. Сайлауда 13,8 млн дауыс алған фашистік партия
үкімет құру мүмкіндігін алды. Веймар Республикасы өзінің тарихында саяси
дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жетті. Парламентте Папен үкіметіне
сенімсіздік білдірілді. Президенттің жарлығымен рейхстаг таратылып,
А.Гитлерге жол ашылды. Бірақ Гитлер канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша
айында рейхстаг сайлауында фашистік партия 11,3 млн дауыс алды, яғни
алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 2,4 млн дауыс жоғалтты. НСДАП-сында ішкі
дағдарыс күшейді. Антифашистік күштердің қарсы күресі де оған ықпал жасады.
Канцлер болып генерал Шлейхер тағайындалды. Гитлерді үкімет басына
жібермеді. Ірі монополия иелері Шахт, Тиссен т.б елдің президенті
Гинденбургқа ультиматум-хат жолдап, Гитлерді рейхканцлер тағайындауын талап
етті. Мұны ірі қаржы олигархиясы түгелдей қолдады. Президентке тікелей
қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар айының 30-ы күні Гинденбург амалсыздан
Гитлерді рейхканцлер етіп бекітті. Сөйтіп Германияда Веймар Республикасы
құлап, фашистік диктатура орнады.
А. Гитлер рейхканцлер болғаннан кейін Германияда құрама (коалиция)
үкімет құрды. Үкіметтің құрамына 4 министр НСДАП-сынан, 11 министр
буржуазиялық партиядан кірді. Алғашқы кезден Гитлер Конституцияны
өзгеріссіз қалдырып, демократиялық жүйені өзгертеді. Рейхстагтағы саны аз
болған НСДАП жеке үкімет құра алмады. Сондықтан Гитлер өзінің диктаттық
билігін орнату үшін жаңа парламенттік сайлау күнін белгіледі. Рейхстаг
сайлауы 1933 жылы 5 наурызда өтетін болып белгіленді.
Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы арқылы антифашистік күштерді
әлсірету үшін үкімет көптеген шаралар жүргізді. Демократиялық күштерге
қарсы ор түрлі арандатушылық шараларды іске асырды. Үкімет саясатына қарсы
шыққан саяси күштерге тыйым салды. Ереуілге шыққан-дарды қару арқылы күшпен
басып отырды. Антифашистік топтар Гитлерге қарсы күреске шығып, жалпы
ұлттық ереуілге шақырды. Антифашистік қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы
болды. Гитлер үкіметі саяси күштердің әлі де болса басым екенін біле
отырып, сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды. Гитлердің тікелей
нүсқауымен 1933 жылы ақпан айының 27-і күні Германияның парламент үйі
Рейхстаг өртелді. Өртеніп жатқан Рейхстаг үйіне келген Гитлер бұл
коммунистердің жасаған ісі, сондықтан коммунистерді жою керек деп баға
берді. Осы күннен бастап Гитлер өзінің тап жауы коммунистерге қарсы
террорға шықты.

1.2. Ұлтшыл-социал партияның демократиялық қозғалыстарды жою саясаты

1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс
Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті: өнеркәсіп
өнімдерін шығару азайды, инфляция күшейді: жұмыссыздық көбейіп, 7,5
млн адамды қамтыды; көптеген өнеркәсіп орындары жабылып калды;
еңбекші халықтың жалақысы 25-40%-ға азайды; 31 мың өнеркәсіп
банкроттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл
шаруашылық фермерлері жерлерін сатуға мәжбүр болды; Германиянын
қаржы-несие жүйесі дағдарысқа ұшырады; мемлекеттік бюджет азайды.
Соғыстан жеңілген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте
қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты
Германияға бөлінген заем мөлшері қысқартылды. Әлемдегі экономикалық
дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтік-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс
жаңа қөзқарастарды пайымдап, милитаристік-фашистік күштер дағдарыстан шығу
жолдары - Версаль бітімін жою, Еуропаны қайта бөліске салу, жаңадан
өмір кеңістігін іздестіру деген талаптар қоя бастады[1].
Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтік-коғамдық
құрылымын түгел қамтыды. Үкіметтік дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер
отставкаға кетіп, оның орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкімет
құрды. Г.Брюнинг үкіметі елдегі буржуазиялық демократияны жоюға бағыт
алды. Экономикалық дағдарыс әсіресе орта таптарға өте ауыр соқты.
Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға
қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға
болады деп түсінді. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында
Ұлтшыл-социалистердің ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билігін
орнатуға шақырды.
Экономикалық дағдарыс ірі буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал
етті. Ірі буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристік кек алуға
шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-
патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм
идеологиясын күшейтіп, А.Гитлер бастаған фашистік партия елдегі
барлық әлеуметтік топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп
түсіндірді. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтіп А.Гитлер
үкімет басына келетін болса, әлеуметтік дағдарыстан шығарады деген
үгіт-насихат жұмысын күшейтті. Фашизм ірі саяси күшке айнала
бастады.
Фашизм идеологиясын Ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік.
Германия қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады.
Фашистік партия НСДАП үкіметтік билікті алута шакырды. Ірі
монополия иелері Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стиннес фашистік партияға
мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: Болат
трест басшысы Ф. Тиссен партияға кіру жарнасы үшін 300 мың марка
төлеген. Ірі монополияның көмегімен фашистік партия мүшелерінін саны
100 мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жетті. 1930 жылы рейхстаг
сайлауында НСДАП-сын қолдап 6,5 млн адам дауыс берді. Парламентте
депутаттар саны жағынан екінші партияға айналды. Фашизм беделінің
тез өсуіне не себеп болды? Соғыстан кейінгі Веймар Республикасының
үкіметі орта және ұсақ буржуазияның жеке меншігіне қолдау көрсеткен
жоқ. Ірі монополия үстемдігі басым болды. Орта және ұсақ
буржуазияға салынатын салықтың мөлшері жоғары болды. Жеке меншік
иелері қайшылықта өмір сүрді. Әлеуметтік қайшылыққа түскен орта
және ұсақ топтар фашизмнің үгіт-насихат жұмысын қолдап, оның негізі
әлеуметтік қолдауына тірек бола алды. Фашизмнің әлеуметтік негізі
- орта және ұсақ буржуазия, кәсіпкерлерден тұрды. Фашистік партия
НСДАП бұл топқа көмек көрсетіп, жағдайларын жақсартуға уәде берді.
Тіпті кәсіпкерлерге дүкендер ашуға көмектесетінін де айтты. Ұсақ
және орта шаруаларға ірі помещиктердің жерлерін тартып алып
үлестіретінін, жер рентасын жоятынын айтып, уәде берді. Ұсақ
буржуазия алдында Версаль шартын жойып, Ұлы Германия құруға
шақырды. 1932 жылы орта және ұсақ кәсіпкерлерді қолдайтын орта
кәсіпкерлердің одағы ұйымын құрып, ірі кәсіпкерлердің қолындағы
иеліктерді ұсақ-орта кәсіпкерлерге алып беру туралы талап жасай
бастады. Фашизмнің ұлттық-социализм идеологиясы орта буржуазия мен
неміс аристократия мүддесін қолдады. Ұлттық социализм марксизмге
қарсы болғанымен, фашистік идеологияның түпкі шыққан негiзі
социалистік қозғалыс болды. Социалистік идеяның солшыл қанатынан
қалыптасты. Коммунистік идеяның негізі де социалистік қозғалыстың
солшыл революциялық жолын қолдады. Қазіргі кезде фашизм және
коммунистер арасындағы ұқсастық осыдан басталады. Фашизм дегеніміз -
ірі монополияның қолдауынан туындаған шовинистік, тоталитарлық
диктатура. Коммунистік партия жүргізген саясатқа тоталитарлық және
Ұлтшылдық тән болғандығына КОКП (Совет Одағы Коммунистік
партиясының) КСРО-да жүргiзген саясаты дәлел болды. Екі идеологиянын
негізі бір екені тарихта дәлелденіп отыр. Герман фашизмі негізінде
үгіт-насихт ұлттық және әлеуметтік уәде арқылы жүргізілді.
Пролетарлық интернационализм жұмысшы тобының мүддесін сатты, Антанта
мемлекеттері Германияны тонауға қатысты, сондықтан немістерге соғыс,
кек алу керек деп уағыздады.
Фашистер Германияда Ұлттық социализм қоғамын құруға шақырды.
Социализм барлық әлеуметтік топтарға жеңілдік әкеледі деді. Жұмысшы
табы ірі өнеркәсіптерді национализациялауға, өндірісті басқаруға
қатыстырылып, олар семья және баланы қорғау, халыққа білім беру,
халық армиясын құру және т.б. талаптар қойды. Фашистік партияның
үгіт-насихат жұмысын жұмысшы табының 20%-ы қолдады.
Фашистік партия қоғамдағы әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастар
арасында жүргізілген үгіт-насихат жұмысын өте тиімді пайдаланды.
Жастар арасында жұмыс жүргізу үшін жастар одағы ұйымын құрды.
Бұл ұйымдар мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жастар клубтарында
жұмыс атқарды. Жастарға арналған арнаулы кешкі клубтар ашылып,
жастар таңға дейін көңілдерін көтеріп, ойын-сауық өткізді.
Фашистік партия - НСДАП жастар арқылы әскери-патриоттық ұйымдар
құрып, әр уақытта күш көрсету арқылы көмек көрсетіп отырды.
Оларға арнаулы әскери киімдер кигізіп, арнайы танылым белгілерін
беріп отырды. Олардың ішiнде СА (штурмовые отряды) және СС
(охранные отряды) ұйымдары жұмыс істеді. Бұлардың саны тез өсіп
отырды. 1929 жылы 280 адам болса. 1933 жылы 52 мың адамға жетті.
Фашистердің ірі монополия мен аристократтардың қолдауымен өкіметтік
билікті өз қолдарына алды. Депутаттардың үштен бiр - бөлігі болды,
бірақ та бұл екі саяси партия фашизмге қарсы күресте тактикалық
қателіктер жіберді. Фашизм қаупіне онша сене берген жоқ, ұсақ және
орта топтардан құрылған фашистік партияны социалистік қозғалыстың
бір бөлігі ретінде қарады. ГПК-сы да осы тактиканы ұстап, фашизмге
қарсы күресте біртұтас жұмысшы майданын құра алған жоқ. ГСДП-ын
социал-фашистік партия деп бағалады. Сондықтан екі партия да фашизм
қаупіне сене бермеді. Бірақ та ГКП фашизмге қарсы үгіт-насихат
жұмысын жүргізіп, антифашистік акциялар ұйымдастырды. Ереуілдік
қозғалысқа еңбекшілердің көбі қатысты. ГКП-ның беделі өсті. 1931
жылы ГКП-ның саны 195 мың болса, 1932 жылы 360 мың адамға жетті.
1932 жылы рейхстаг сайлауында ГКП-сы 6 млн. сайлаушылар қолдады.
Пролетариат диктатурасын орнату ұраны, сол кездегі ГКП-ның
тактикалық қателігі болды. Антифашистік күрестің барысында ГСДП мен
ГКП фашистік партияға қарсы шыққан ірі оппозициялық саяси күшке
айнала алмады.

1.3.Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты

Германняның сыртқы саясаты. Гитлерлік Германия үкіметінің сыртқы
саясатының негізгі мақсаты агрессиялық милитаристік бағыт болды. Бұл
мақсатқа жету үшін Версаль-Вашингтон жүйесін әлсіретіп, жою қажет еді.
Капиталистік елдер АҚШ, Франция және Ұлыбританиялардың профашистік
топтарының қолдауымен Шығыс Еуропа елдерін жаулау саясатын қалыптастырды.
Олар орта ғасыр заманындағы Пруссия корольдерінің жүргізген Дранг нах
Остен саясатын жалғастырды.
Капиталистік елдер соғыс өндірісінің құрылымын өзгерте отырып, соғыс-
теңіз кемелерін көбейту, соғыс самолеттерін көптеп шығаруды қолға алды.
Сөйтіп, Ұлыбритания жөне Франция елдерімен бәсекеге түсті. 1936 жылы
Локарно конференциясының шешімін бұзып Рейн аумағына өз әскерлерін енгізу
арқылы батыс шекарасын нығайта түсті. Шығыс саясатының бірінші кезеңіне
Австрия мемлекетін қосып алу үшін аншлюс саясатын дайындады. 1936-1937
жылдарда Германияның агрессиялық саясатын қолдап, Берлин-Рим-Токио белдігі
құрылды. Ол КСРО, Франция және Чехословакияньң коллективтік қауіпсіздік
саясатына қарсы тұрды. Германияның агрессиялық саясатыи қолдаған АҚШ,
Франция және Ұлыбритания бейтараптық саясат жүргізді. Бұл болып жатқан
жағдайды біліп тұрып, көз жұмуымен пара-пар болды. Германия мен Италия
өздерін Еуропада еркін сезінді.
1938 жылы 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында болған конференцияда
империалистік елдердің келісім беруімен Чехословакияның Судет облысын
Германия өзіне қосып алды. Ал 1939 жылы 15 наурызда Чехословакияны толық
жаулап алды. 1939 жылы Клайпед портын иеленіп, Балтық теңіз жағалауындағы
елдерге қауіп төнгізді.
Германия империализмі. Еуропадағы ең ірі әскери-өндірістік державаға
айналды. Алты жылдың ішінде өнеркәсіп өнімдерін шығарудан Германия Еуропада
бірінші орынға, ал дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты.
Дүниежүзілік өнеркәсіп өндірудегі үлес салмағы 1932 жылы 8,2%, 1939 жылы
13,3% жетті. Шойын мен болат ендіруден Франция мен Ұлыбританияны қосқандағы
деңгейде болды. Алюминий өндіруден әлемде бірінші орынға шықты.
1935-1939 жылдарда Германияда 5,5 млн адам әскери дайындықтан өтіп,
әскерінің саны 2,5 млн адамға жетті. 1939 жылы 23 тамызда Герман-Кеңес
елдерінің арасында соғыспау туралы келісімге қол қойылды. Бұл пакті тарихта
Молотов-Риббентроп пактісі деп аталды. Аталмыш келісім туралы екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынас тарихында кең
түсіндіріледі. 1939 жылы Италия мен Германия арасында достық пактісіне
қол қойылды. Бұл келісім арқылы екі ел арасында әскери одақ құрылды.
Кейіннен белгілі болғандай, бұл пактісіне Жапония қосылып, үштік әскери
одақ құрылды. Ірі капиталистік елдердің қолдау саясаты Германияны шығысқа
соғыс ашуға айдап салып отырды. Империалисте елдердің бұл саясаты өз
нәтижесін бергенімен, кейіннен өздеріне қатты соққы болып тиді. 1939 жылы
қыркүйек айының 1 күні таңғы сағат 415-те Германия 1,6 млн. адамнан тұратын
әскерімен, 62 дивизия; оның ішінде 2,8 танк, 6 мың миномет пен артиллерия
және 2 мың самолетпен Польшаға соғыс бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс XX
ғасырдағы ең жойқын соғыс болды.

II. Гитлердің басқыншылық соғыстары. (Польша, Чехословакия. II
дүниежүзілік соғыстың басталуы)

1.1. Фашистердің Европа континентіндегі басқыншылық соғыстары

Бірінші дүниежүзілік соғыс сияқты, Екінші дүние екінші дүниежүзілік
соғыс та империалистік қайшылықтардан туды. Бірінші дүние жүзілік соғыста
жеңген державалар тобы — Англия, Франция, АҚШ — дүниені өз мүдделеріне сай
бөлісті де, жаулап алған позицияларын қалайда ұстап қалуға және ұлғайта
беруге тырысты. Алайда империализмнің заңы болып табылатын әр түрлі
елдердің экономикалық және саяси дамуының әркелкілігі капиталистік дүниеде
күштердің ара салмағын өзгертуге әкеп соқтырды. Екі соғыс аралығында
империалистік державалардың екінші бір күшті тобы — Германия, Жапония және
Италия — пайда болып нығайды, бұлар өздерін бөлістен құр алақан
қалғандармыз деп есептеп, дүниені жаңадан қайта бөлісуге ұмтылды. Мұндай
қайта бөліс тек соғыс арқылы ғана болуы мүмкін еді[2].
Сонымен, империалистік екі топтың әлемге үстемдік етуге ұмтылуынан
туған капитализм қайшылықтарының шиеленісуі екінші дүние жүзілік соғыстың
шығуының басты себебі болды.
Екінші дүние жүзілік соғыс өртін дүние жүзілік империализмнің барып
тұрған агрессияшыл және қарақшы отряды — герман фашизмі — тұтандырды.
Фашистік белдік державалары әлемге үстемдік орнатуға, халықтарды құлдыққа
түсіріп, қарудың күшімен әлемді қанға малып, тұншықтырып, басып тастауға
тырысты.
Барлық басқа елдер империалистерінің, ең алдымен Англия, Франция және
АҚШ империалистерінің, соғысқа әзірленуге көмектесіп, агрессияға жол беру
саясатын жүргізулерінің салдарынан ғана Германия, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фашизм және оның саяси идеологиясы
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
“Фашизм”
Фашизм мен медицина
Италиядағы фашизм
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
Италиядағы фашизмнің пайда болуы мен оның тарихы
Италиядағы «Маттеотти дағдарысы»
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Пәндер