Мемлекетті типке бөлудің тәсілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
І Мемлекет
типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
1. Мемлекетті типке бөлудің тәсілі. Марксистік
теория ... ... ... ... ... ... ... 4 -11
2. Мемлекет типологиясының цивилизациялық әдісі, оның негізгі
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-13
3. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық
түрлері ... ... ... ... ... ... 12-1 4

ІІ. Қазақстан Республикасының қазіргі тарихи типтік –
жағдайы ... ... ... ... ...14
2.1 Қазақстанды үш тарихи типология тұрғысынан
қарастыру ... ... ... ... ..14-17
2.2. Қазақстан мемлекетін нығайту – тұрақтылық пен прогрестің басты
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе.

Адамзат дамуының мыңдаған жылдарға созылған тарихында бірін-бірінің
орнына келіп жатқан мемлекеттер көп болды, олар қазіргі кездің өзінде де аз
емес. Осыған байланысты оларды топтастыру мәселесі қазіргі кезде өте
күрделі мәселелердің қатарына жатып келеді.
Мемлекет типологиясын айтпастан, жалпы мемлекет дегеніміз не? Мемлекет
деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы
адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Сол себепті мемлекеттің тарихи даму
кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады.
Осы мемлекеттердің өздеріне тән айырмашылық негізінде біріктіріп
топтастыруға мүмкіндік жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисының
айқындайтын ғылыми жіктеу - типология деп аталады. [1]
Марксистік типология бойынша мемлекет төрт типке ( құл иеленушілік,
феодалдық, буржуазиялық және социалистік) бөлінеді.Әр типтің өзіне тән
ерекшеліктері және де қызметтері бар. Бұл типтер бір-бірімен байланысты
болғанымен, айырмашылықтары да өте көп. Соңғы кездерде мемлекеттердің типін
тоталитарлық, авторитарлық, либералдық және демократиялық деп бөлу кең етек
алған.
Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда
болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық – экономикалық формация
пайда болады.Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін
қалыптастырады.
Курстық жұмыстың мақсаттарына тоқталып кететін болсам, олар: мемлекет
типологиясына кеңірек анықтама беріп,олардың әр қайсысына жеке-жеке
тоқталу. Олардың атқаратын қызметтерін атап көрсету.Сонымен қатар
мемлекетті жіктеудің әдіс-тәсілдерін көрсету және де адамзат тарихында
болған мемлекеттердің тарихи-хронологиялық түрлерін көрсетіп беру.
Қазақстанды үш тарихи типология тұрғысынан қарастыру болып табылады.
Мемлекетті топтастыру олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет.
Мемлекеттің дамуы бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі болып табылады. Оны
анықтап түсінгеніміз – бүкіл тарихты жақсылап оқып, қамтығандығымызды
білдіреді. Мемлекеттің дамуы үздіксіз процесс болып табылады және уақыт
өткен сайын олардың жаңа типтерінің пайда болуы да ғажап емес. Сондықтан да
бұл институтты зерттеу өте қызықты болып табылады.

1. МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ
1.1Мемлекетті типке бөлудің тәсілі. Марксистік теория

Мемлекеттің даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік,
мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты болып
табылады. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке
меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференцияциалау процестері
жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды,
халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды,
басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданытынын
көрсетуге тиіс.
Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен
қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық
мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. [2]
Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілі бар:

1. Формациялық тәсіл; 2. Өркениеттік тәсіл. Мемлекеттерді формацияға бөлу
қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне
байланысты. Мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде қоғам таптарға бөлінеді де,
олардың әрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің ерекше орны болады.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде
таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин мемлекет пен
үстем таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан
қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінеді: құлиеленушілік,
феодалдық, бужуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда
мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына
коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен
екіншісіне революция арқылы өтеді.
Мемлекет және құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен
байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы, Рим
құқығы туралы айтатын болсақ, корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық
заң қабалданған кезде мемлекет ыдырап, басқа халықпен жауланып, экономикасы
терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империяны франктер басып алып,
өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византияда император Юстиниан
жүйелеу жұмыстарын басқарып, құқықтық кодекстің жазылуын қадағалады. Бұл
кезде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір-біріне сәйкес
болған жоқ. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.
Марксистік көзқарас тұрғысынан мемлекеттің тарихи типі
ретінде мемлекетті бір формацияға жатқызып қарауға мүмкіндік беретін оның
маңызды деген белгілері мен сипаттарының жиынтықтап алғандағы көрінісі.
Өмір сүрген мемлекеттердің барлығын тарихи типке бөлудің критериі ретінде
қоғамдық-экономикалық формация болып табылады, яғни белгілі бір өндірістің
тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі.
Марксистік типологияның пайымдауынша қоғамдық-экономикалық
формацияның төрт типіне (құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және
социалистік), экономикалық базистің төрт типіне мемлекеттің төрт типі -
құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік әр қайсысы өзінің
белгілерінің жиынтығымен сәйкес келеді. Бір тарихи типтің екіншімен ауысуы
революцияның нәтижесінде болатын объективті, табиғи-тарихи процесс болып
табылады. Бұл процесте әр кейінгі мемлекеттің типі алдыңғыға қарағанда
тарихи прогрессивті болуы қажет болып табылады.
Құлиеленуші мемлекеттер. Құлиеленушік сипатындағы мемлекеттер
ертешығыстық мемлекеттерден кейін жеке меншіктің пайда болуының, мүліктік
жіктелу, қоғамның таптарға бөлінуі салдарынан пайда болды. Анағұрлым
классикалық құлиеленуші мемлекеттер Грецияда және Римде пайда болды.
Құлиеленуші мемлекеттердің экономикалық базисі ретінде құлиеленушілердің
тек жерге және өндіріс құралдарына ғана емес, сонымен қатар негізгі жұмыс
күші - құлдарға деген меншік құқығын ие бола бастауы себеп болды.
Материалдық игіліктерді жасаушылар - құлдар ешқашан құқық субъектілерінің
статусына ие болған жоқ, сонымен қоймай олар эксплуатацияның құралы болған
заттармен теңестірілді. Олардың мәжбүрлілігі экономикадан тыс мәжбүрлеумен
қамтамасыз етілді.
Құлиеленуші мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу нысаны унитарлық
монархиялар және республикалар болды. Мысалы, монархия Ежелгі Римде өмір
сүрді. Ол басқарудың республикалық нысанының орнына келді және көп уақыт
бойы оның белгілеріне ие болып жүрді. Құлиеленуші республиаканы басқарудың
нысаны екі түрде болды. Біріншісі – барлық бостандықтағы халықтар
мемлекеттік биліктің басты органдарын сайлауда қатысты. Екінші мемлекеттер
– аристократиялық республика. Бұл жерде мемлекеттік биліктің басты
басшыларын әскери-жер аристократиясының өкілдері сайлады.
Феодалдық мемлекеттер. Феодалдық өндірістік қатынастардың негізінде
қазіргі кезде белгісіз болып отырған көптеген мемлекеттердің пайда болды.
Бұл Англиядағы мен Франциядағы, Германия мен Ресейдегі, Чехия мен
Польшадағы, скандинавиядағы мемлекеттердегі, Япониядағы және де басқа да
елдердегі мемлекеттер. Қазіргі кездің өзінде бірқатар елдерде феодалдық
сарқыншақтар сақталып қалған.
Феодалдық мемлекеттердің экономикалық негізі жерге деген феодалдардың
меншік құқығымен және крепостной шаруаларға деген толық емес меншік
құқықтарынан пайда болды. Қоғамның негізгі таптары феодалдар мен крепостной
шаруалар болды. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтар: қалалық
қолөнершілер, саудагерлер мен көрестер өмір сүрді.
Феодалдық мемлекеттердің таптық дифференциациясы сословиеге бөлінумен
көрінді. Оларды барлығы бір бірінен өздерінің заңмен бекітілген құқықтары
мен міндеттері арқылы айқындалды. Русьте, мысалы, князь, дворян, және
духовендер сияқты анағұрлым үлкен құқықтық статусқа ие сословиелер өмір
сүрді.
Феодалдық мемлекеттердің мемлекеттік аппаратына әскерлер, полиция
отрядтары, жандармерия, барлау органдары, салық жинау органдары және соттар
кірді.
Феодалдық мемлекеттердің доминациялы нысаны әр түрдегі монархиялар болды.
Басқарудың республикалық нысаны мемлекет-республикалар ғана болды (Венеция,
Генуя, Новгород, Псков).
Феодалдық мемлекеттердің соңғы этаптарында өз еңбегін еркін түрде сататын
жұмыскерлерді талап ететін буржуазиялық өндірістік қатынастар пайда бола
бастады. Бірақ бұл жаңа қатынастардың пайда болуына феодалдар мен олардың
мемлекеттері қиындық тудырды. Сондықтан да жаңа, жас буржуазия мен
феодалдар арасында қарсылықтар буржуазиялық-демократиялық революциялардың
нәтижесінде шешілуі тиіс еді. Аталған құралдардың негізінде мемлекеттің
жаңа типі пайда болды.
Буржуазиялық (капиталистік) мемлекет.
Мемлекеттің бұл типі қоғамның дамуына бейімделе алатын ең тұрақты
мемлекеттің типі бола алды. Алғашқы капиталистік мемлекеттер үш жүз жыл
бұрын пайда болған. Буржуазия билікке "Теңдік, бостандық, ағайындық" деген
ұрансөздермен жетті. Буржуазиялық мемлекеттіліктің орнауы феодалдық
мемлекеттіліктің орнауына қарағанда - социализмге баратын жолға қарай бір
қадам алға басу болып табылады.
Буржуазиялық мемлекеттердің экономикалық негізі ретінде өндіріс
құралдарына деген жеке меншік құқығы болды. Бұл мемлекеттерде барлық
азаматтар заң алдында тең болатын. Буржуазиялық қоғамның құрылымы көп кезге
дейін негізгі екі таптан: буржуазиялар мен жұмысшылардан құралған болатын.
Буржуазиялық мемлекеттер өзінің даму кезеңдерінде бірнеше этаптарды
басынан кешірді.
Бірінші этапты капиталистік мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы кезеңі
деп атауға болады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бұл меншік иелерінің еркін
бәсекелестерінің кезеңі болды. Экономикалық өмірді табиғи рынок пен
бәсекелестік анықтады. Мемлекет бұл кезде буржуазияның, капиталистік
қатынастардың дамуына жағдай жасайды. Таптық күрестер бұл кезеңде әлі
шарықтау шегіне жетпеген болатын.
Дамудың екінші этапы монополистік буржуазиялық кезеңмен тұспа-тұс келіп
қалды. Бұл кезеңде буржуазиялық мемлекеттіліктің құлдырауы мен күйреуінің
бастауы болды. Бұл этапта экономикада түбірлі өзгерістер айқын көріне
бастады. Кіші-гірім кәсіпорындар мен фирмалар қатаң бәсекелестікке төтеп
беру үшін бірігіп, экономиканың кейбір салаларын монополизациялай бастады.
Осының нәтижесінде жүйелі түрдегі кризистер мен депрессиялар пайда болды.

Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымында да көптеген күрделі және түбірлі
өзгерістер орын алады. Көптеген жұмысшылар акция ұстаушыларға айналады
және сонымен қатар басқа қоғам мүшелерімен қосыла отырып, орта тапты
құрайды және олар қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын негізгі
стабилизатор ретінде болды.
Мемлекет буржуазиялық-таптық сипатты сақтап қалады, бірақ анағұрлым
демократиялы және әлеуметті болып бөлінеді. Ол экономикаға жоспарлау мен
мемлекеттік тапсырыс арқасында еркін еніп кетеді.
Дамыған капиталистік елдерде жүріп жатқан өзгерістер әртүрлі теорияларда
да көрініс тапты.

Социалистік мемлекет.
Нақты демократиялық, ізгілікті, әділетті қоғам мен мемлекет туралы
идеялар көптеген әлемдік діндерде, әсіресе, соның ішінде христиан дінінде
кездеседі. Олар сонымен қатар социалист-утописттердің еңбектерінде
кездеседі.
Социалистік мемлекет туралы негізгі оқулар К.Маркстің, Ф.Энгельстің,
В.И.Лениннің еңбектерінде кездеседі. Олардың көзқарастары бойынша мемлекет
пролетарлық революция мен буржуазиялық мемлекеттіліктің құлдырауының
нәтижесінде орнығады. Өз мәні бойынша бұл мемлекеттердегі мемлекеттік билік
жұмысшылар мен еңбеккерлердің қолында шоғырланады. Бұл мемлекеттерде барлық
еңбек қабілеті бар адамдарды жұмысшыларға айналдыруды көздеген пролетарлық
диктатура басты орынға және мәнге ие болды.
Марксизмнің айтуы бойынша, социалистік мемлекеттер өздерінің пайда болуы
кезінен бастап мемлекет болудан қалады, ол қатып қалған жартымемлекетке
айналады, ал ол өз кезегінде коммунистік қоғамдық өзін-өзі басқаруға
айналады деді.
Бұрынғы социалистік мемлекеттер соңғы және жоғарғы типтегі мемлекеттер
ретінде танылған болатын. Ол мемлекеттер барлық эксплуататорлық
мемлекеттерге қарсы қойылды.
Шындығында, бұл мемлекеттер социалистік типке өтуге үлкен деформацияға
ұшыраған мемлекеттер қатарына жатады. Бүгінгі күні қытайлық теоретиктер
реалисттер болып табылады. Олардың мәлімдеуінше, Қытайда социализмді орнату
үшін онжылдықтар емес, мыңжылдықтар керек деп есептеді (марксизм мен
ленинизмнің теориялары бойынша социализмнің қалыптасуы ұзақ уақыттарға
созылмауы қажет). Сонымен қатар теориядағы догматизм, волюнтаризм,
субъективизм осының нақты жүзеге асырылмауына негіз болды.
Дегенменен социалистік мемлекеттілікті қалыптастырудағы қалыптасқан сан
жылдарлық тәжірибелері терең зерттеліп саралаудан өту керек. Олардың
тәжірибесіндегі есептер, қателіктер мен жетістіктер қазіргі кездегі өмір
сүріп жатқан мемлекеттерге, сонымен қатар алдағы қатардағы пайда болғалы
жатқан мемлекеттерге өмір сүру үшін қажет болып табылады.
Формациялық көзқарасқа негізделген мемлекет типінің марксистік
теориясы анау айтқындай жақсы емес, өйткені онда бірізділік пен схемалылық
басым болып табылады.
Марксизмнің мемлекет типологиясына сәйкес мемлекеттер қатаң
тәртіпте белгіленген бір жолмен жүру керек секілді болды. Дегенмен
мемлекеттердің даму эволюциялары оған қарағанда анағұрлым көп қырлы болып
табылады. Мысалы, мемлекеттердің барлығына құлиеленушілік типі сәйкес
келмеді, өйткені олардың дамуында қозғалыс артқа қарай бағыт алған болатын
(профеодалдық мемлекеттер).
Ғалымдардың пікірінше, марксистік теорияны қабылдамауға, тіптен
керек болса одан бас тартуға болады, бірақ алдымен оны істеу үшін оның
орнына анағұрлым ақылға сыйымды теория ұсыну қажет. Мүмкін осы формациялық
көзқарасқа тағы бірнеше толықтырулар жасау керек шығар. Олардың
кейбіреулерінің ұсынысы бойынша өмір сүріп келе жатқан формациялық
көзқарасқа тағы "шығыстық мемлекет", "өндірістің азиаттық нысаны",
"профеодалдықты" қосу қажет деп түсінеді. Ендігі кезде "посткапитализм"
мемлекеттері деген түсініктің өзіне жаңаша қарау керек. Бұл дегеніміз не:
мемлекеттің жаңа типі ма, әлде мемлекеттердің басынан өтетін өтпелі
кезеңдер ме? Сонымен қатар социалистік жолмен, социалистік бағытты алып
өмір сүріп жатқан мемлекеттерді сынға алуға болмайды. Мемлекеттің ең ірі
деген мемлекеттерінің бірі - Қытай Халық Республикасы - өзінің елінің даму
бағытын нақ осы социализммен ұштастырып отырғандығын біз қазіргі күні көріп
отырмыз.
Марксизм мемлекетті – бір таптың екінші бір тапты қанауы деп түсіндіреді.
Типті осындай бөлудің прогрессивті де негативті де жақтары басым болып
табылады. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы анық көрінеді,
топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет орнамайды. Негізінен
алғанда мемлекеттердің алдындағы мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл
қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші
жағынан – таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық
құралмаған кезде мемлекет пайда болған жағдайлар да кездеседі. Мысалы:
Шығыс мемлекеттерді марксизм құл иеленуші мемлекеттерге жатқызады, ал
негізінен бұл мемлекеттерде құл иеленушілік қарым-қатынастар әлі
қалыптасқан да жоқ еді, мемлекеттерді туғызған басқа да жағдай да –
географиялық жағдайлар мен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен
қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде – Ніл өзенімен байланысты жер суару
жұмыстар). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын
қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің
тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген
түсініктерімен байланысты болды. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның
белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан (әрбір
базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі
белгілейді. Өндіріс өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады.
Осы формация марксизм құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және
социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы
экономикалық-қоғамдық формация мен тығыз байланыста дамуға тиісті.
Бұлайша мемлекеттедің типтерін жіктеудің тиімді жақтары:1) Әлеуметтік-
экономикалық факторлардың негізінде мемлекетті бөлу идеясының өзі тиімді,
себебі шын мәнісінде ол қоғамға маңызды ықпал етеді;
2) Ол мемлекеттің табиғи-тарихи дамуындағы ерекшеліктерін көрсетеді.
Жетімсіз жақтарына:
1) ол көп жағдайда біржақты, арықтау жоспарларымен сипатталады, сонымен
бірге, тарих көпжақты кестелі және әр уақытта сол үшін алдын-ала
белгіленген кестеге сай болуы әруақытта болмайды.
2) бұл ретте рухани факторлар есепке алынбайды.
Әлемдік әдебиеттерде мемлекет типологиясының классификациясына көптеген
негіздер келтірілген болатын. Басқаларға қарағанда олардың ішінде ең көп
кездескені мемлекеттерді демократиялық және демократиялық емес деп бөлуді
ұсыну болатын. Мемлекеттерді тануға көмек көрсететін мұндай классификация
тек мүмкін ғана емес, сонымен қатар маңызды болып табылады.
Соңғы кездері мемлекеттердің типін тоталитарлық, авторитарлық, либералдық
және демократиялық деп жіктеу кең етек алуда.
Тоталитарлық мемлекетте адам мемлекеттің машинасының винтигі болып
табылады. Билік не басқарушы элитаның немесе диктатор мен оның
айналасындағылардың қолында болады. Ал қалған барлығы басқару мен билік
етуден аластатылады. Бұл кезде құқықтық реттеудің режиміне "Заңмен тыйым
салынбағандардың барлығына рұқсат етіледі" деген сәйкес келеді.
Авторитарлық мемлекет тоталитарлық мемлекеттерден оның құрамында кішкене
болса да демократиялылық пен заңдылықтың элементтері бар болады.
Либералдық мемлекеттер доктриналар мен идеялардың негізінде
құралады. Бұл мемлекетерде тұлғаның мемлекеттен құқықтық тұрғыдан
автономиялануына мүмкіндік беріледі, мемлекеттің жеке өміріне негізсіз қол
сұғуға мүмкіндіктер жасалмайды. Бұл мемлекеттерде азаматтардың құқықтары
мен міндеттері заңмен бекітілген, бірақ олардың жүзеге асырылуына
мүмкіндіктер беріледі, "Заңмен тыйым салынбағандардың барлығына рұқсат
беріледі" деген құқықтық режиміне негізделген. Дегенмен мемлекеттің және
қоғамның құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттерге тыйым салынады.
Демократиялық мемлекетте мемлекеттің және қоғамның маңызды деген
сауалдарын шешуде азаматтардың нақтылы қатысуына мүмкіндік берілген және
мемлекеттің барлық органдары сайланбалы және адамдардың бақылауында болады.

Қарастырылып жатқан классификация ғылыми және практикалық маңызға ие
болып отыр. Оның басты критериі ретінде саяси, нақтырақ айтқанда
мемлекеттік-құқықтық режим болып табылады.
Аталған мемлекет типологиясы жалпы алғанда және толықтай құқыққа да
тиесілі болып табылады.
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериімен де бөлу қазір жиі
кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлудің айырмашылықтары
көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік
тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияның сыңар жақ түсіндірілуі.
Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық салаларының базисін
зерттегенде оған қоса қоғамның мәдени-рухани деңгейін зерттеп, орнын
көрсету қажет және қанаушы таптан басқа қоғамды құрған барлық топтарды
зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет-ғұрыптарын,
әр топтың саналары мен құқықтарының деңгейін білу қажет. Ал зерттеудің ең
маңызды мақсаты – жеке адамның бостандығы мен құқықтарын, әлеуметтік
жағдайын және еңбектегі қарым-қатынастарын жақсы білу – мемлекетке
мінездеме беру үшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін
болса да, мемлекеттің алдында тұрған мақсат сол топтардың арасындағы
қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Осы әдісті біз
цивилизациялық әдіс деп атаймыз. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің еленде
тұратын адамдары үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси,
әлеуметтік, өнегелі қоғамның дамуы үшін қандай шара қолданды деген
сұрақтарға жауап береді.
Цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін
экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана-сезімі жоғары
деңгейде болуы қажет.
Жоғарыда айтқандай, өркениетті жолдың негізінің белгісі ретінде оның
рухани жағы (мәдени, діни, ұлттық, психологиялық) жатады. Осы жолды
жақтаушылардың өкілі А.Дж.Тойнбидің ойынша, өркениет - қоғамның жабық және
жекелеген жағдайы, діни, ұлттық, географиялық және басқа белгілерінің
жалпылылығымен өзгешеленеді. Соған байланысты олардан мынадай өркениетті
бөліп айтуға болады: мысырлық, қытайлық, батыстық, провославиелік т.б.
Бұл теорияның маңызды және пайдалы тұстарына:
1) Мәдениет факторларының белгілі жағдайдағы маңыздылығы бөліп
көрсетілген;
2) Әртүрлі өркениеттің ерекшелігін сипаттайтын рухани белгілердің
кеңеюіне байланысты, мемлекетті кейіптеу төмендемеген.
Жетімсіз жақтарына:
1) Әлеуметтік-экономикалық факторлар бағаланбайды.
2) Бұл – мемлекетті типтеу емес, қоғамды кейіптеуге жатады.
Бұдан көргеніміздей, мемлекетті жіктеудегі өркениеттік көзқарас қазіргі
заманғы қоғамның бірлік, тұтастық идеяларына негізделеді, ал өркениет
әлеуметтік жүйеден тәуелсіз болатыны мемлекеттердегі, қоғамдағы адамдардың
ақыл-ой байлығының құндылықтары болып табылады. Өркениеттің тұтастығы
техниканың, әлеуметтік ұйымдардың, дін мен философияның өзара әрекеттесуі
нәтижесінде жүзеге асырылады және осының ішіндегі ең біріншісі қалған
компонентерді анықтайды.
Атап айтқандай, бұл көзқарастың, яғни мемлекеттің типін анықтаудың
өркениеттік көзқарастың өз кемшіліктері бар. Менің ойымша, осы екі
көзқарасты – формациялық пен өрениеттікті қосу арқылы біз мемлекетті
классификациялаудың ең ықтимал және дұрыс классификациялауы пайда болар
еді.
Мемлекетті типке классификациялау барлығын қамтушы болып табыламайды.
Бұрынғы кезде де, қазіргі кездің өзінде өтпелі мемлекеттер деген
мемлекеттердің түрлері қалыптасқан. Олардың біреулері колониалдық жүйенің
құлдырауы нәтижесінде пайда болған және олар өмірде бар мемлекеттердің
типіне сәйкес өмір сүрген (әдетте, буржуазиялыққа), ал кейбіреулері
мемлекет типінің бірнеше түрлеріне сәйкестеніп, өздерінің даму жолдарын
таңдады, ал ендігі үшіншілері мемлекеттерде бар типтерге ұқсас емес даму
жолын таңдаған.
Марксистік әдебиеттерде өтпелі кезеңдегі мемлекетерге онша мән бермейді.
Олардың пайымдауынша, мемлекет бір типтен, екінші бір типке революциялық
жолмен өтеді және өтпелі мемлекеттер уақытша болып табылады деп ойлады.

1.2 Мемлекет типологиясының цивилизациялық әдісі, оның негізгі критерийлері

Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де болу қазір жиі
кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлудің айырмашылықтары
көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік
тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияны сыңар жақ түсіндірілуі.
Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық салаларының
жағдайларына ықылас салу қажет.[3] Мемлекеттің экономикалық базисін
зерттеген де оған қоса қоғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын
көрсету қажет және қанаушы таптан басқа қоғамды құрған барлық топтарды
зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет –
ғұрыптарын, әр топтың саналары мен құқықтарының деңгейін білу өте қажет.
Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты – жеке адамның, бостандығы мен
құқықтарын, әлеуметтік жағдайын және еңбегін қарым – қатынастарын жақсы
білу – мемлекетке мінездеме беруүшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше
топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында тұрған мақсат – сол
топтардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін
қорғау. Осы әдісті бізде цивилизациялық әдіс деп атайды. Цивилизациялық
әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адамдар үшін қандай жақсылық істеді,
экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі қоғамның дамуы үшін қандай шара
қолданды деген сұрақтарға жауап береді.
Мемлекетті өркениетті тәсілмен сипаттағанда оның қоғамды басқару жолдары
қандай екені, экономиканы, мәдениетті дамытудағы атқаратын қызметі
айқындалады. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттер алғашқы өркениеттегі және
кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп екі топқа бөлінеді. Алғашқы
өркениеттегі мемлекет шексіз билікке негізделеді де, біріктіруші және
ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымы
анықталады. Бұл - көне грек, шумер, ассировавилон, иран, бирма, жапон, т.б.
елдердегі саяси ұйымдар. Кейінгі өркениеттегі мемлекеттік билік алғашқы
өркениеттідей аса қуатты барлық қоғамды қамтып, басқарған күшті емес.
Мемлекет көп жағдайда мәдени-діни жүйеге бағынған. Мемлекет басшысы
заңдарды, қағидаларды бекіткеннен кейін оларды өзі сақтауы керек, әйтпесе,
оның билігі заңсыз болып саналады. Бұларға Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа,
Солтүстік Америка, т.б. мемлекеттері жатады.

Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде мемлекеттердің
мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық құрылысын қоғам дамуының рухани
ізгілік және мәдени факторларымен салыстыра отырып шешеді. Сонда:

Өркениет - әлеуметтік-мәдени жүйе. Бұған қоғамның тіршілік етудегі
болмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, этникалық (халықтық), діни
негіздері, адам мен табиғаттың үйлесу деңгейінің дәрежесі, сондай-ақ
тұлғаның (жеке адамның) экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани
бостандығының деңгейі кіреді.
Өркениет дегеніміз қоғамның салыстырмалы түрде тұйықталған және локалдық
(жергіліктілік) ахуалы.
Осы ахуал – діни, психологиялық, мәдени, географиялық және басқа да
белгілерінің ортақтығымен сипатталады. Бұл ахуалдың негізгі ерекшелігі –
дін мен оның ұйымдасу тұрпаттары (формалары) өзгеріссіз кала береді.

Сонымен, цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін
экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана – сезімі
жоғары деңгейде болуы қажет.

1.3 Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері
Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген
дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл
тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, Рим және ежелгі тарих, орта
ғасырлар, ғылыми жаңалықтар ашу кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және
дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан кейін 19 ғасыр және қазіргі дәуір.
Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал кейбір шет
елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жақсы
мәлім:
1) Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс
мемлекеттердің тарихы, оған біздің дәуірге дейін төртінші
мыңжылдығындағы пайда болған Египет мемлекеттерінен бастап,
Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия және басқа да Шығыс
мемлекеттері жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияларға
жатады. Бұдан кейінгі көне дәуірдегі антикалық мемлекеттерінің
кезеңдері басталады, бұл кезең біздің эраның 476 жылына дейін
созылады;
2) 476 жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, бұл кезең орта
ғасырларға жатады, бұл кезең шығыс мемлекеттердің тарихында
қараңғы ғасырлар деп аталды, ол ислам өркениетімен байланысты, бұл
араб халифатының көлеңкесімен пайда болған ислам мемлекеттерінің
тарихы. Еуропа мемлекеттерінде бұл кезең феодалдық мемлекеттердің
тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революциясына дейін жалғасады.
3) Келесі кезең 20 ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады.
4) Ал қазіргі 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басы қазіргі дәуір деп
аталады. [4]
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта
ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп
прогрессивтік жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды немесе
оның экономикалық жағдайының ерекшеліктері бар ма деген сұрақтарға жауап
бергеннен басқа, бұл даму кезеңінің, дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар ма
деген сұрақтарға жауап бергеннен басқа, бұл даму кезеңінің, дамудың жалпы
ерекшеліктері бар екенін анық анықтайды.

Шығыс мемлекеттері. Қазіргі уақытқа дейін шығыс мемлекеттері құлиеленуші
мемлекеттердің типіне жатқызылған. Шындығында, сол кездің өзінде бұл
мемлекеттерді жаңа мемлекеттік типке жатқызу туралы ұсыныстар жасалып
жүрген болатын және кейбір авторлардың пайымдауынша оны ондай типке бөліп
қарастыруға жеткілікті негіздер бар.

Ертешығыс мемлекеттері (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және тағы
басқалар) бес мың жыл бұрын пайда болған. Бұл жерлерде мемлекет ұжымдық
еңбекпенен басқаратын болғандықтан, мемлекет ендігі кезекте жерге жеке
меншік құқығын басқарып отырды. Соның нәтижесінде қауым мүшелері мемлекетке
тәуелді болып қалады.

Егер айтылғанды басқаша айтсақ, шығыстық типтегі мемлекеттердің
экономикалық негізгі жерге мемлекеттік меншік және ирригациялық құрылымдар.
Бұл мемлекеттерде жерге монархтың және оның жақтастарының жеке меншік
құқығы да болды. Жерге меншік құқығының мұндай сипаты қоғамның құрылымын
пирамида секіліді анықтай бастады: пирамиданың басында – монарх (фараон,
патша) отырды, одан төменгі қатарда – оның жақындары, одан төменгі сатыда
– төменгі сатылы шенеуніктер отырды. Пирамиданың негізі ретінде –
мемлекеттің эксплуатациялауының басты объектісі болған қауымдастар мен
құлдар болды.
Шығыстық мемлекеттердің бірқатарында құлдық отбасылық сипатта болды,
оларда құлдар әдеттегі қауымдастардан айырмаланбады.
Шығыстық мемлекеттер бірнеше қызметтерді атқарды:
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру (иррогациялық құрылымдарды
эксплуатациялар мен құруға байланысты);
2) қаржылық - алым – салықтарды бақылау;
3) әскери – барлық территорияларды қорғау және басқа бөтен
территорияларды жаулап алуды ұйымдастыру;
4) құлдардың қыспағын және қарсылық көрсетулерін басып-жаншу.

Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта
ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп
пргрессивті жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды немесе оның
экономикалық жағдайының ерекешеліктері барма деген сұрақтарға жауап
бергеннен басқа, осы дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін анықтайды.

2.1 Қазақстанды үш тарихи типология тұрғысынан қарастыру

Ал, енді мен Қазақстанды, оның саяси- экономикалық, әлеуметтік, жағдайын
осы үш тарихи типологиялық әдіс тұрғысынан қарастырып көрейін. Біз қазір
қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз, Ленин көксеген социализмнің биік шыңына
жете алдық па, осыған жауап іздеп көрейік.
Ең бірінші, Лениннің коммунизмі өз жалғасын таппады. Оған себеп болған
1991 жылғы Мәскеудегі оқиға.Осы жылы дүниенің ең қуатты елдерінің бірі —
Кеңес мемлекеті ыдырауға ұшырады. 70 жыл зорлықтың дәмін татып, қалған
республикалар дербестік жолын таңдады. Әрқайсысы бөлек, тәуелсіз мемлекет
боламыз деді. Көп жылдар ішінде аңсаған социализм өз жұмысын тоқтатты. КСРО
ыдырады. Сол мемлекеттердің ішінде Орта Азияны мекендеген Қазақстан
Республикасы да бар еді. Менің ойымша Қазақстанның қоғамдық дамуын осы үш
типологиялық әдістер қарастырмайды. Қазір Қазақстанда жаңа қоғам, мүлдем
өзгеше, өз ерекшеліктерімен айқындалған қоғам.
Бұл жерде айта кететін жайт ҚР өсуін демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Бұл елдің ішіндегі сөз,ой
бостандығы, бұқаралық ақпарат қүралдарының еркін жұмыс әрекеті. Әр адамның
ойы, айтылған сөзі, іс-әрекеті өз еркінде, жалпы айтқанда биліктің бір
тармағы халықта. Сонда қалай бұл процесс бізде бар ма?
Ия,бар, бірақ ол әлі толық өзінің шырқау шегіне жеткен жоқ. Оған қоғам
бірте-бірте барады.
Тәуелсіздік алғанына санаулы жылдар өткеніне қарамастан ҚР демократия мен
адам құқығын қорғауда батыл қадамдар жасап, игі шараларды іске асырып отыр.
Өйткені ҚР Ата заңында белгіленгендей мемлекеттің ең қымбат қазынасы —адам
және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
ҚР адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасалып отыр, әрине кейде
оның да осал тұстары бар. Дегенмен, алға қойған мақсатты жүзеге асыруды
қамтамасыз ету үшш тұтас жүйелер жасалып жатыр. Біз болашақта Еуропа
Омбудсман институты сияқты арнайы президенттік құрылым болуын, екіншіден,
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді, үшіншіден, адам
құқығы саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған мемлекеттердің өзіндік
құқық қорғау қызметі құрылуын қараймыз.
Біздің республикамыз алдыңғы уақытта да адам құқығы жөніндегі айтулы
деген халықаралық экономикалық және саяси актілерге қатысып,
ратификациялауды жалғастыра беруі тиіс. Сондай-ақ қоғам азаматтарының жүріс-
түрыс қалыптары мен ережелерінің халықаралық қалыптарын танудың орны
ерекше.
Ал мұндай дәрежеге жету үшін, яғни Қазақстанда адам құқығын мемлекетпен
сенімді қорғау үшін тиісті эқономикалық жағдайлар мен кепілдіктер жасалуы
қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік аппарат пен әрбір мемлекеттік қызметкер
тарапынан адам құқын қорғау тәрізді қасиетті үғымға құрметпен қарау үнемі
басты назарда болғаны абзал.
Жаңаша демократиялық құқықтық мемлекет құру үшін, ең әуелі жан-жақталған
құқықтық құрылыс (система) орнықтыру керек. Бұл құрылым иеарархиялық
түрғыда болса, яғни конституциялық заң, үкімет қаулылары, президент
жарлықтары, аймақтық атқарушы және өкілетті органдардың шешімдері жәнс
т.с.с.
Қоғамдық құқықтың санадағы құқықтық нигилизм мен зандық идеализм
көшірмелерін жеңіп, жүртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық
мәдениетін арттырып, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары
дәрежеде көтеру арқылы табыстың қалыптасуы тиісті. Экономикалық және саяси
алғы шарттарға байланысты болатын құқықтың мемлекеттік сапалық белігісі
адам және адамзат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде
кепілдік беру. Конституцияның басымдығы және заң құқықтарының бекітілуі,
экономикалық қызмет шекарасының нақты анықталуы. Сот билігінің тұтастығы
мен тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі болып
табылады. Қүқықтық мемлекеттік бір көрінісі ретінде "Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы шілдеде 15- гі" Қазақстан Республикасы және
Конституциясының бір жылдығына байланысты шыққан алғашқы рақымшылық жасау
туралы заңы жарияланғанына біраз уақыт өтті. Осы кешірім қылмыстың өсуін
қылбырауға түсіре алмай келе жатқан кезеңде біздің елге қажет деп ойлаймын.
Себебі, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекетіміздің ең
қымбат қазынасы — адам және азамат құқықтары мен бостандықтары болып
табылатынын ескерсек, рақымшылық жасау туралы заңның адамгершілік
әрекетінің құқықтық мемлекет қүрып жатқан Қазақстан қоғамын дамыту үшш
маңызы ерекше. Қүқықтық мемлекетті қалыптастыру барысында біз барынша
ізгілікті, адамгершілік принциптерді қатаң қолдауымыз керек. Адам заңға
емес, заң адамға қызмет етуін орнықтыру еліміздің құқықтық бейнесін
айқындамақ.
Конституцияда көрсетілгендей демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет
болумен қатар Қазақстан Республикасы өзін сондай- ақ әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады (1б-1т). Оның тек өзіне тән сипаттамалары бар.
Ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе үлыстарға емес,
қоғам мен адамға түтас қызмет етеді. Ол мемлекеттік көздер есебінен барлық
азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы
ауыртпалықтарды тендей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге
қүлшынады.
Әлеуметтік мемлекет адам мен адамзаттың күнкөріс минимумы мен өмір
сүрудің лайықты жағдайларын қамтамасыз етуді талап ету құқығын мойындайды.
Бүған денсаулық пен адам өміріндегі экологиялық қауіпсіздік мәселесі де
кіреді. Алайда, әлеуметтік мемлекетті "социалистік" мемлекет деген үғыммен
шатастыруға болмайды.
Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай ғана
әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және бұл ретте азаматтардың
еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігі төмендеп, иек артушылық, теңгермеліп
көңіл күй бастау алатын объективті мәселені уыстан шығармайды жөне
әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы
экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті.
Ал зайырлы мемлекет деген үғым діни нанымдардың еркіндігінің сипатын
ашады. Біздің елде ең негізгі діндер Ислам мен Христиан. Әр адам қай дінге
мүше болса да, өз еркі. Заман ағымына қарай мемлекетімізде көптеген діни
секталар да ашылды. Әрине оның да демократиялық көрініс тапқанын байқауға
болады. Біз Иран, Сауд Арабиясы сияқты исламды берік үстаған ел емеспіз,
шариат заңдарын пайдаланбаймыз. Өзіміздің зандық күші бар Ата заңымыз бар.
Осы тәуелсіз мемлекеттердің қүзіретін пайдаланып көптеген шет елдерде
өзіміздің туымызды жоғарыға көрсеттік, бізді бүкіл әлем таныды, БҮУ мүше
болдық. Өзге дамыған елдермен тереземіз теңелді Алайда, менің ойымша
өркениетті, мейірімді ел болу үшін халықты дін арқылы да төрбиелеу керек.
Мысалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Мемлекет типологиясы: ұғымы мен тәсілдері
Мемлекет типологиясына кеңірек анықтама беру, мемлекетті жіктеудің әдіс-тәсілдерін көрсету
Мемлекетті жіктеудің хронологиялық тәсілі
Мемлекет және оның ерекшеліктері, функциялары, типологиясы
Мемлекет типологиясы және формалары
Құқықтың тарихи типтері
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекеттің типологиясы
Құқықтың маркстік теориясы
Пәндер