Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе 3
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер 4
1.1. Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуі 4
1.2. Сақтандыру жүйесінің негізгі түсініктері 6
2. Сақтандыру шарты: жүйесі мен түрлері 12
2.1. Сақтандыру шартының нысаны, элементтері, объектісі және мазмұны 12
2.2. Кейбір сақтандыру шарттарының ерекшеліктері 26
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы сақтандыру шарты болып
келеді.Курстық жұмыстың мақсаты: бізге сақтандыру шартының ұғымын, оның
түрлерін,элементтерін,объектісі мен субъектісі жайлы жалпы мағұлмат беріп,
әр қайсысына жеке-жеке тоқталып кету.
Қазіргі жағдайда сақтандыру – бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша
жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың
мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б.
жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен
айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше
тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз
болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт
бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар
болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт
ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы
жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік
одан әрі өсе түседі.
Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен № 491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын
қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі
заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру
белгіленген (аталған).
Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды.
Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру (компенсациялық) міндетімен бірге өзге
де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау – қаражат сақтау
міндетін де атқаруы қажет.
Сонымен жалпы алғанда сақтандырудың нормативтік-құқықтық негізі
белгілі дәрежеде қалыптасты, сақтандыру нарығы жұмыс істеп жатыр деп айтуға
болады. Осы ретте сақтандыру компанияларының өзге тұлғалармен қарым-
қатынасқа түсуі сақтандыру шарттары арқылы іске асырылады. Сондықтан
сақтандыру шарттарының жүйесін, оның түрлерін, жасалу барысын егжей-
тегжейлі қарастыру маңызды мәселенің бірі болып табылады.

1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер

1.1. Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуі

Сақтандырудың мәні бірқатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет
тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен
ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді.
Табиғи және техногендік апаттар, әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі
ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып
келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтан-дыру осы қолайсыздықты жоюы
тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып
жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына
мүмкіншілік береді.
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін
қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету
міндеті қазір сақтандырудың “иығында” болып тұр. Осымен бірге бір қатар
мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық қорғау органдары
ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе-бет келді, техногендік апаттар саны
артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін
өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да
болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен
келтірілген зардаптардың орнын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі ж.б.
мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта
қалыптасу кезеңінде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына
негіз қалаған заңдардың, өзге нормативті-құқықтық актілердің қабылдануына
әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсіз қылып көрсеткен сақтандырудың
толығынан мемлекеттік жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген
сақтандыруға жол берілді. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды,
және қазір ол кәсіпкерліктің ең жоғары ұйымдастырылған түрлерінің бірі.
Сақтандырумен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала
отырып, мемлекет сақтандыру дамуын бақылаусыз өз бетімен жібере алмады.
Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі заманғы құқықтық салалардың бірінің
сақтандыру құқығының дамуымен бірге болды. А.И.Худяковтың анықтамасына
сәйкес: Сақтандыру құқығы елдегі сақтандыру ісін ұйымдастыру және
сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда бола-тын қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы1.
Сақтандыру ісінің дұрыс ұйымдастыру мәнін төмендетпей, сақтандыруға
жататын жағдайлар әсерінен зардап шеккен тұлғаларға мүліктік өтем жасау
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тікелей құралы болып жеке жасалған
азаматтық-құқықтық шарт келетінін айтып кетейік. А.И.Худяков азаматтық
құқық үлесіне шарттық сақтандыру міндеттемесінің жалпы құрылысын анықтауды
жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтық құқық көзқарасынан
шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді қажетті
реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз қатысушыларына азаматтық-құқықтық
әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау қажет. Шарттың толық құнарлы
жүйесінің болмауы, біздің көзқара-сымыз бойынша, КСРО кезіндегі қалыптасқан
сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі болды.
Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық) құқық саласына
жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға
арналған заң актілерінде аталған шартты қарастыруда да пайдаланылатын
түсініктер жиынтығы бар.
Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді
реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың
3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заң күші бар Жарлығы саналды. [1]2000
жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі
туралы” жаңа Заңы қабылданды, қазір ол заңгерлер тарапынан жоғарғы
бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға
сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық-
құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 803-845-баптарын қамтитын 40-шы “Сақтандыру” деп
аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін
бөлек нормативтік актілердің де бірқатар саны бар, мысалы 1996 жылдың 31
қазанынан №1319 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 2
сәуіріндегі № 460 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген
және т.б.
Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан
Республикасының 2003 жылдың 22 тамызда қабылданған Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасының қаржы рыногын және қаржы
ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы Заңында мазмұндалған.
Сонымен бірге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан
Республикасының 1995 жылдың 31 тамызынан “Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы” Заңында да бекітілген. Нарықтық
қатынастардың тереңдеп, экономиканың дамуына орай сақтандыру нарығын
құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында бірқатар заңдар қабылданды. Атап
айтсақ: Қазақстан Республикасының Көлік құралдары иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі
Заңы, Қазақстан Республикасының Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1
шілдедегі Заңы. Аталған құжаттар сақтандыру қатынастарын реттеп, дамытуға
өз үлестерін қосып келеді.

1.2. Сақтандыру жүйесінің негізгі түсініктері мен түрлері

Сақтандыру шарттарын түсініп алу үшін, оның негізгі ұғымдарының
мәнінің байыбына барып алған жөн. Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері
Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” Заңының 3, 4-
баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-
баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-
баптарында және т.б. ашылады.
Сақтандыру – сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке
активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру
жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке
тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін
ұсынады.
Сақтандыру қызметі – Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес
мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру
шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.
Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді
қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы – табиғи әсер, техногендік сипат
және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай.
Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай
кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру
жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше
бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа
жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды.
Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау
сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға)
қолданылмайды (ҚР АК 817-бабы, 3-т.).
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті
болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде)
анықталады.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем
қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында
сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің
экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті
атқаратын жеке тұлға;
Сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен
бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
Сақтандыру ережелері – белгілі бір сақтандыру түрі бойынша
сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының
құжаты.
Қайта сақтандырушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін
қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта
сақтандыру ұйымы.
Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап,
кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта
сақтандыру ұйымына сақтандыру тәкеуелдерінің бәрін немесе бір бөлігін
беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру сыйақысы – сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте
анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы
міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан
алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншік құқығына жатады.
Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және
сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеулі көлемін
ұсынатын ақша сомасы.
Сақтандыру төлемі – жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған,
сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі
сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша
сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай
сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемнің сақтандыру сомасынан
айырмашылығы көрінеді.
Келтірілген түсініктер тізімі аяқты болып табылмайды, бірақ олардың
кейбіреулерін сақтандыру қатынастарын одан әрі қарастыру жүрісінде ашу
орынды болып келеді.
Күшіндегі сақтандыру туралы заңнама сақтандырудың қолданылатын
жіктелуінің күрделенуімен ерекшеленеді. Қазір Қазақстан Республикасының
Сақтандыру қызметі туралы Заңының 6-бабына сәйкес сақтандыру салаларға,
класстарға, түрлерге жіктеледі.
Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әртүрлі объектілерімен
байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі сомаға бөлу қарастырылған,
олар:
– өмірді сақтандыру;
– жалпы сақтандыру;[2]
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің
арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты
болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын
объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған (пайда алушы)
тұлғаға ақша төленуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз
етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге с.с. мүмкіншілік береді. Осы
себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың
бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде
кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған,
олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру. Жалпы сақтандыру
белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке
тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарын орнын төлеуді
қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы
сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ,
қазіргі кезеңде азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын
қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрынғыға қарағанда салыстырымсыз
жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз мүмкін. Жалпы сақтандырудың
кластарына төмендегілер жатады:
1) сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар өкілетті мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір
класқа байланысты заңнама заңды нормативтік актілері бойынша арнайы
реттеуді қарастыруы қажет.
Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы
бойынша жалпы жағдайлар көбіне императивтік (міндетті) болып анықталатынын
айтуға болады. Бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың
қызметін пайдаланатын субъектілерінің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік
береді.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады.
Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, әскери
қызметкерлерінің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен
денсаулығын міндетті сақтандыруды және судьялардың өмірі мен денсаулығын,
мүлігін міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық-
құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль
көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және
кейбір өзге субъектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті
сақтандыруға жатады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес, банктердегі салымдарды
(депозиттерді) ұжымдық сақтандыру жүзеге асады.
Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен
белгіленеді. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң
актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Сонымен, өмірді және
денсаулықты сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру сақтандыру
қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын)
міндетті қатысуын талап етеді. Жиі-жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат
еңбек-қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай
жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң
актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға
міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне, сақтандыру
жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру
төлемнің көлеміне қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз
кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер етеді.
Міндетті сақтандыру шартын жасаудан сақтандырушы ұйымның да жалтаруға
құқығы болмайды. Егер сақтандырушының шарт жасаудан бас тартуы орын алса,
онда сақтанушы соттық тәртіппен сақтандырушыдан өзімен шартты жасауды талап
ете алады.[3]
Ерікті сақтандырудың міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол толығымен
тараптардың еркін білдіруіне негізделеді. Ерікті сақтандырудың түрлері,
шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Объекті бойынша сақтандыру: а) жеке; б) мүліктік болып бөлінеді.
Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және басына
байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады, мысалы,
олардың белгілі жасқа келгенін сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша
сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (пайда алушы) адам
сақтандырылған болуы мүмкін.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
мүліктік сақтандыруға жатады.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс-қимыл
жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болуы мүмкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден тәуелсіз
жағдайлардан осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі,
соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті
сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бұл класында тек сол сақтанушының
кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың
өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын
жауапкершіліктің болу тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық-құқықтық
шарттардан және басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелерді бұзуға
байланысты пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы мүмкін.
Бұрынғы заңнамамен салыстырғанда қазіргі заңнама сақтандыру
нысандарының тізімін көбейтті. Енді сақтандыру нысаны сақтандыру төлемін
жүргізудің негізінен де анықталады. Осыған байланысты сақтандыру тағы екі
нысанға бөлінеді, олар а) жинақталушы; ә) жинақтаушы емес.
Сақтандыру төлем төленуін сақтандыру шартында белгіленген кезең
аяқталған да, немесе сақтандыру жағдайы туындағанда төленуінің қарастыратын
(осылардың қайсысы бірінші болатынына қарап) сақтандыру жинақтаушы болады
(ҚР АК 809-1 бабы). Яғни, жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы
болмауы да мүмкін. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
(Азаматтық кодексінің 809-1-б. 5-тармағы) Аннуитет шартының түсінігі
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 809-1-б. 3-тармағында
беріледі. Аннуитет шарты сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде
пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін
жүзеге асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты. Сақтандыру төлемдер
негіздерінің ерекшеліктерін “Сақтандыру қызметі туралы” Қазақстан
Республикасының Заңында берілген аннуитеттік сақтандыру түсінігінен көруге
болады (7-баптың 2-тармағында). Соған байланысты, аннуитеттік сақтандыру,
сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына
байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан,
асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе
сақтандырылушының жеке де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-
кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Кейбір жағдайларда жинақтаушы
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі үшін негіз болып заңмен
қарастырылған мерзімінен өткенін көрсететін заңды факт есептеледі.
Жинақтаушы емес сақтандыруда сақтандырудың төлемін жүргізудің негізі
болып тек белгілі сақтандыру жағдайы есептеледі. Көрсетілген сақтандыру
нысандарының тағы бір ерекшелігі сақтандыру жүргізіліп жатқан
объектілерінің өзгешелігі. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке
сақтандыру бойынша жасалуы мүмкін.
Жоғарыда аталғандай, ерікті сақтандыру кластарының мазмұны заңға
бағынатын нормативтік актілерінің деңгейінде анықталады. Осыдан басқа
“Сақтандыру қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабында
сақтандыру кластарының жалпы мазмұны анықталған. Заңда берілген сақтандыру
кластарының анықтамасы, сақтандырудың бір немесе басқа түрі туралы көзқарас
беріп тұр.
Медициналық сақтандыру, сақтандырылатындардың медициналық мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолданымдарынан туындаған шығындарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жалпы сақтандыруға көлікті сақтандыруды жатқызады, ол көлік құралын
иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік
мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап
әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі
мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Тасымалдау шартымен тығыз байланыста
болатын көлік сақтандырумен қатар, жоғарыда айтылғандай, сақтандырудың жеке
класында болып келетін жүктерді сақтандыру тұрады. Жүктерді сақтандыру,
жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың
мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің
тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Сақтандырылғандар тарапынан тұлғалардың көптігі топтық сақтандыру
шартын жасауға әкеп соғады, сақтандырушы тарапы жағынан тұлғалардың көптігі
ортақ сақтандыруды құрады. Егер сақтандырушының өзі сақтанушы алдындағы өз
міндеттерінің бәрін немесе оның бір бөлігін орындамауына байланысты
тәуекелді сақтандыратын болса, қайта сақтандыру шарты орын алады.
Қайта сақтандырудың өзі де бөлінеді. Заңмен бара-бар және бара-бар
емес қайта сақтандыру түсініктері енгізілген. Бара-бар қайта сақтандыру –
бұл тиісті сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта
сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттен қабылданған
сақтандыру міндеттемелерінің үлесіне бара-бар мөлшерде сақтандыру төлемін
жүзеге асыруға өзі міндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру. Бара-бар емес
қайта сақтандыру бұдан бөлек, сақтандыру шартына сәйкес көзделген жағдайлар
туындаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттің өзі ұстап қалатын
сомасынан артығы мөлшерінде жүзеге асыруға өзіне міндеттеме қабылдайтын
қайта сақтандыру. Өзі ұстап қалатын сома деп қайта сақтандыру шартымен
сәйкес өз есебімен цедент жауапкершілікті атқаратын сақтандыру сомасын
атайды.
Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру) белгіленеді. Қазақстан
Республикасында немесе оның шегінен тыс жерлерде жүргізілетін сақтандыру
сыйлық ақысы төленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) шекарааралық болып
табылады. Шекарааралық сақтандыруды жүргізудің талаптары мен тәртібі
Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттармен белгіленеді. Шетел сақтандыру компаниясының
(сақтандыру брокері) қызметіне үндеу рұқсат етіледі, егер оларда сақтандыру
саласында өкілетті органмен орнатылған тізімге кіретін бір рейтингілі
агенттігінің рейтингі болса.
Заңда өзара сақтандырудың мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар мен
заңды тұлғалар қажетті қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына біріктіру
жолымен өзара негізде өз мүлкін және мүліктік мүдделерін (кәсіпкерлік
тәуекелдер, азаматтық-құқықтық жауаптылықты) сақтандыра алады. Өзара
сақтандырудың ерекшелігіне, егер қоғамның құрылтай құжаттарында мұндай
жағдайларында сақтандыру шарттарын жасасу көзделмесе, қоғам өзінің
мүшелерінің мүлкін және мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды мүшелік
негізінде тікелей жүзеге асыратыны жатады.
Сақтандыру шартының ерекшеліктерін және мазмұнын, қолданатын саласын
түсіну үшін қажетті негізгі ережелерді біз қарастырдық. Енді оның заңды
конструкциясын қарастыруға көшуге болады.

2. Сақтандыру шарты: жүйесі мен түрлері

2.1. Сақтандыру шартының нысаны, элементтері, объектісі және мазмұны

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық
ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру
жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома
(сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.[4]
Сақтандыру шарты – ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің
орнына мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық
ақылары түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе
пайда табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол
жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда
жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орнатылуы мен алынуы
сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады.
Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы
керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын
рәсімдейтін құжаттар арасында таңдауға мүмкіншілік береді.
Тараптар шарттың барлық жағдайлары көрсетілетін бір құжатты жасап оған
қолдарын қоя алады. Мұндай шартты жасау жеке келісілген жағдайларға, бір-
біріне сай келмейтін тәуекелдерге байланысты сақтандыру жасалғанда
қолданымдырақ болып келеді.
Сақтандыру сақтанушыны бір жақты тәртіпте сақтандырушы әзірлеген
үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосылу жолымен де жасалады.
Мұндай шарт өзінің заңды табиғаты бойынша қосылу шарты болып келеді.
Азаматтардың мүддесіне қарай сақтандыру жүргізілсе (мүліктерін,
олардың өмірі мен денсаулығын ерікті сақтандыру), онда шартты
сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін (полисті) беру жолымен
жасау жиі кездеседі. Сақтандыру шарты, шартты жасауға тараптардың ерік
білдіруін дәлелдеуге және олар барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге
келгенін білдіретін жазбаша құжаттармен айырбас жасау арқылы да жасалуы
мүмкін. Шарттың бір немесе өзге жазбаша нысанының арасында таңдау
тараптардың келісімімен немесе сақтандырушымен жүргізіледі.
Қазіргі азаматтық заңнама шарты жалпы полис беру арқылы жасасу
мүмкіншілігін де қарастырады. Шарттың мұндай нысаны сөз бір текті
мүліктердің әртүрлі партиясын белгілі кезең ішінде негізінен бірдей
жағдайлармен жүйелі сақтандыру жөнінде жүрген жағдайда қолданылады. Содан
басқа, жалпы полис бойынша сақтандыруды жүзеге асырудың міндетті талабы
болып сақтанушы мен сақтандырушының арасында келісімнің болуы келеді.
Сақтанушының талабы бойынша сақтандырушы оған жалпы полис әсер ететін
мүліктің жеке партияларына бөлек сақтандыру полистерін беріп тұруға
міндетті. Жалпы полиске сақтандыру полисінің мазмұнына сәйкес келмеген
жағдайларда артықшылық сақтандыру полисінде болады (соған көңіл бөлінеді).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 826-бабында сақтандыру
шартының мазмұны анықталады. Онда мыналар болуға тиіс: 1) сақтандырушының
атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының (егер ол
жеке адам болса), тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және тұрған жері
немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жері және банктік
реквизиттері; 3) сақтандыру объектісі; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру
сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері; 6)
сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері;
7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі; 8) егер олар сақтандыру
қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы
көрсету; 9) шарттың (сақтандыру полисін) номері, сериясы; 10) шарттың
жағдайларына өзгерістер енгізілетін кездер мен оларды енгізу тәртібі; 11)
сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшін) төлеудің шарттары мен оның
мөлшері.
Айтылғаннан сақтандыру шартының елеулі жағдайларына мыналар
жататындығы туралы қорытынды жасауға болады, олар:
1) сақтандыру объектісі;
2) мүмкін болатын сақтандыру жағдайы;
3) сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі
мен мерзімдері;
4) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен
мерзімдері;
5) шарттың қолданылу мерзімі;
6) шартты өзгерту тәртібі бойынша шартқа өзге де елеулі жағдайлар
енгізілуі мүмкін.
Осыған сәйкес сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті жағдайлардың
толық болмауына байланысты жауапкершілікті сақтандырушы атқарады.
Сақтандыру шарты бойынша жеке жағдайлардың толық болмауына байланысты дау
пайда болған жағдайларда, дау сақтандырушының пайдасына қарай шешіледі.
Бірақ бұл ереже қайта сақтандыру шарттарына таралмайды.
Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып
табылады. [5]Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру
жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге
тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру соманың)
шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Сақтандыру ұйымы
ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген
лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.
Шетелдік қатысушылар мен заңды тұлғалар, шетел азаматтары Қазақстан
Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыруы) ұйымдарының қатысушылары
бола алады. Резидент емес сақтандыру ұйымдарының қызметі шектеледі.
Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік
мүддесін сақтандыру немесе оның жеке бөлімшелерін және Қазақстан
Республикасының резиденті болып саналатын жеке тұлғаның мүліктік мүддесін
сақтандыру, тек қана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын
сақтандыру ұйымымен жүргізіледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып саналғанға
қарамастан, ол жалпы емес, арнайы құқық қабілеттілігіне иеленеді, ал арнайы
құқық қабілеттілік коммерциялық заңды тұлғаларда өте сирек кездесетін
қасиет. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметінен бөлек өкілетті мемлекеттік
органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық
қызметті жүргізуге, тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып
алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді және сақтандыру
ұйымының қызметінің негізгі бағытымен тығыз байланысты қызметтерінің басқа
да түрлерін жүргізуге құқылы.
Өз мүшелерінің және өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге
асыру үшін ұйымдастырылған өзара сақтандыру қоғамдары коммерциялық емес
ұйымдар болып табылады.
Қазіргі заң сақтандыру ұйымдарына қызмет көрсетуге рұқсат беретін
шектерін анықтауға қатаң қарайтындығымен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде
сақтандыру ұйымы қандай сақтандыру шарттарында сақтандырушы бола алатынына
әсер етеді.
Қазақстан Республикасының аймағында сақтандыру ұйымының қызметі
“өмірді сақтандыру” саласы бойынша лицензия негізінде және “жалпы
сақтандыру” саласы бойынша лицензиясымен, лицензияда көрсетілген
сақтандырудың тиісті кластарының шегінде жүзеге асырылады. “Жалпы
сақтандыру” саласындағы қызмет өмірді сақтандыру мүмкіндігін және жинақтау
сақтандыруды өткізуге жол бермейді.
Сонымен қатар “өмірді сақтандыру” саласындағы қызметте “жалпы
сақтандыру” саласындағы қызметпен қоса атқарылмайды (жазатайым жағдайдан
немесе аурудан сақтандыру және медициналық сақтандырудан басқа). Сақтандыру
ұйымы, оның сақтандырудың тиісті кластары көрсетілген лицензиясы болған
жағдайда, сақтандырудың екі және одан да көп кластарының белгілері мен
мазмұнын ұштастыратын (сақтандыру кластарын біріктіруге қатысты шектеулерді
ескерсе) сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.
Құқықтық қабілеттіліктің белгілі көлемі қайта сақтандыру ұйымында
қарастырылған. Қайта сақтандыру жөніндегі лицензияның болуы лицензиатқа
бара-бар қайта сақтандыру қызметін де, бара-бар емес қайта сақтандыру
қызметін де жүзеге асыру құқығын береді.
Бара-бар қайта сақтандыру шарттары қайта сақтандыру ұйымы ретінде
лицензия алмаған сақтандыру ұйымдарымен де жасалады. “Жалпы сақтандыру”
саласы бойынша немесе “өмірді сақтандыру” саласы бойынша оған лицензия
сақтандыру ұйымы ретінде берілген бара-бар қайта сақтандыру жөніндегі
қызметті өзінің лицензиясында көрсетілген кластар бойынша қайта
сақтандыруға лицензиясыз да жүзеге асыруға құқылы.
Егер “жалпы сақтандыру” саласы бойынша сақтандыру ұйымында лицензия
болса, онда ол лицензия алып бара-бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметті
де, бара-бар емес қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де сақтандырудың тек
осы салаласында жүзеге асыруға құқылы.
“Өмірді сақтандыру” саласы бойынша да сақтандырудың және қайта
сақтандырудың осындай өзара қатынасы (байланысы) орын алады.
Егер ұйым қайта сақтандыруды, қызметтің ерекше түрі ретінде жүргізсе
мұндай шек қойылу қолданылмайды. Лицензияны алып, ол “жалпы сақтандыру”
және “өмірді сақтандыру” салалары бойынша бара-бар және бара-бар емес қайта
сақтандыруды жүргізеді.
Сақтанушы болып сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға
келеді. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушының
құқықтық жағдайы сақтандыру шартының конструкциясына байланысты өзгеруі
мүмкін.
Сақтандыру шартының нормалары мен сақтандырылған адам деген түсінік
енгізіледі. Сақтандырылған адам – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге
асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде
сақтандырылған адам болып табылады. Егер сақтанушымен сақтандырылған
адамның жеке бастары сәйкес келмесе, оларды бәрібір шарттың бір тараптары
ретінде бағалауға болады, яғни мұндай жағдайларда сақтанушының құқықтары
сақтандырылған адамға ауысады.
Сақтандырылған адам статусының сипаттамасы пайда алушы деген түсінікті
есепке алмағанда толық емес болады. Ол сақтандырушы үшін нақтылы несие
беруші болып табылатын субъектіні сипаттайды. Пайда алушы – сақтандыру
шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру
төлемін алушы болып табылатын тұлға.
Пайда алушы жеке де, мүліктік де сақтандыру бойынша тағайындала алады.
Сақтандырудың міндетті түрі бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрін
реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі бойынша оны сақтанушы
тағайындайды.
Егер міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне немесе өз еркімен
сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып
табылады. Сонымен, кейбір жағдайларда, сақтанушыны сақтандыру шартын аз
пайдасына қарай жасаған тұлға ретінде анықтауға болады.
Үшінші тұлғалар пайдасында жасалатын өзге шарттар болып келсе, мысалы
сатып алу, сату, мүлік жалдау, рента және т.б. шарттар, онда солармен бірге
үшінші тұлға пайдасына жасалатын сақтандыру шарты да орын алуы мүмкін.
Сақтандырылған адам сақтандыру шартына заң актілерімен сақтанушыға
үшінші тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру міндеті жүктелгесін қатысуы
мүмкін. Өз еркімен сақтандыру кезінде сақтанушы үшінші тұлғаны сақтандыру
шартында сақтандырылған адам ретінде айқындай алады.
Егер сақтандыру сақтанушыдан бөлек басқа тұлғаға байланысты
жүргізілсе, сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның
мүдделері (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру), не сақтандырылған
адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған адамның мүліктік
сақтандырылуы) сақтандыру объектісі болады. Сақтандырылған тұлғаның мүлкін
сақтандырған кезде, сақтандырылатын тұлғаның өзінің мүлкін сақтауда
мүддесінің бар болуы міндетті талап болып келеді.
Міндетті сақтандыру жөнінде және сақтанушы тұлғалардың нақты
анықталмаған тобын сақтандыратын жағдайлар туралы айтатын болсақ, осы
кездерде сақтандыру шарттық қатынастарында сақтандырылған адам ретінде
тұлғаның қатысуы еріксіз жүргізілуі мүмкін екенін айта аламыз. Өз еркімен
сақтандыру кезінде жеке тұлғаның жеке басын немесе мүлкін сақтандыру
жөніндегі қарсылығы шарт жасаудың мүмкін еместігіне, ал егер ол жасалып
қойған болса – шарттың бұзылуына әкеп соғады.
Егер шарт бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға
белгілі бір міндеттер жүктелетін болса, сақтанушы осы себепке байланысты
(осы шартты жасауға) сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс.
Сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыру міндеті жүктелген жағдайда,
аталған тұлға сақтанушыдан бұл міндеттің орындалуы туралы есеп талап етуге,
ал заң актілерінде көзделген жағдайларда – оның сақтандырылған адам болып
табылатындығын дәлелдейтін құжатты алуға құқылы (Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 815-б. 4-тармағы). Сақтандырылған адамға оның статусын
білдіретін құжат берілетініне берілмейтініне тәуелсіз, сақтандыру құқықтық
қатынастарында сақтан-дырылған адамның жеке басы тұлғалардың анықталмаған
(белгісіз) қатарын сақтандыруды қоспағанда) әрқашан нақты анықталған болып
келеді.
Сақтанушы үшінші адамды сақтандыру жөніндегі өз міндетін орындамаған
немесе дұрыс орындамаған жағдайда, бұл тұлға өзінің сақтандырылмағаны
жөнінде біліп, сот тәртібімен сақтандыру міндеті заңмен жүктелген тұлғаға
оны сақтандыруды талап етуге құқылы.
Үшінші тұлғаларды сақтандыру жөнінде міндеттеменің өз еркімен
орындалуы бұдан бөлек, осы міндеттеме орындалмай қалғанда орын алуы мүмкін
қолайсыз жағдайлардың пайда болуын келтірмеу қажеттілігімен қамтамасыз
етілуі мүмкін. Үшінші тұлғаны сақтандыру бойынша оған жүктелген
міндеттемені орындамаған немесе заңды актілерімен қарастырылған ережелермен
салыстырғанда сақтандырылған адамның жағдайын нашарлататын жағдайлардың
негізінде шарт жасаған тұлға сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылған
оқиғаның болуы себебінен өзі жуапкершілікті көтеретін (зиянды өтейтін)
болады. Жауапкершіліктің мөлшері сақтандыру тиісті жүргізілгенде төленетін
сақтандыру төлемінің көлеміне сәйкес болады.
Кәмелетке толмаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру шарты
Сақтандыру шартын жасаудың тәртібін
18.12.00 ж Қазақстан Республикасының «Cақтандыру қызметі туралы» Заңының негізгі мәселелері
Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу
Сақтандыру туралы заңнама
Сақтандыру шартының нысаны мен элементтері
Автокөлікті сақтандыру
Ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыру
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі
Сақтандыру нарығының сипаттамасы
Пәндер