Өндiрiстiң ұйымдастыру-техникалық деңгейiн және тағы басқа шарттарын талдау


Кіріспе
Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың өзара байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға өту болып табылады. Мұнымен бірге, басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, алдынғы қатарлы өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыратын ғылыми-инновациялық саясатты қалыптастыру болып табылады.
Ғылым мен иновация - аталған ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Ғылым - бұл ақшаның білімге айналуы, өз кезегінде, инновация - бұл білімнің ақшаға айналуы. Қазіргі заманғы экономиканы инновациялар жылжытады. Нарықта бәсекелестерінен бұрын инновацияларды тез енгізген фирмалар көшбасшы болады.
Жаңалық саясаты ғылым мен техника саясатының қосындысы сияқты дамыды. Қазіргі әлемдік экономикада екпін материалдық құндылыққа емес, зияткерлік әлеуетке түседі. Ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы экономиканың дәстүрлі секторларына тән болып табылмайтын ілеспелі фактор ретінде қарастырылмауы тиіс.
Жоғары технологияларды енгізу өнеркәсіптің даму деңгейін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және кәсіпорын қызметінің сәттілігін анықтайды, бұл экономиканың тиімді қызмет етуінің базистік элементі болып табылады.
Экономикалық қатынастың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке негізгі роль берілген, себебі оның соңғы нәтижесі: өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек пен капитал өнімділігінің өсуі, жоғары технологиялық өнімдердің көлемі, яғни елдің экономикалық қуатын анықтайтындар болып табылады.
Ғылыми-технологиялық саясат инновациялық үдерістерді белсендендіруге, жаңа жоғары технологиялық салттарды енгізуге, ғылым мен өндіріс арасындағы айырылысты жеңуге, инновациялық қызметті ынталандыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.
Инновациялық үдеріс ойдың туындауынан бастап, оның нақты іске асуына дейінгі циклды қамтиды.
Жалпы ережелер
2005 жылы ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастыру және дамыту бойынша бағдарлама қабылданғаннан кейін инновациялық жүйенің 4 элементі қалыптасты: ғылым, инновациялық инфраструктура, инновацияны қаржыландыру инфраструктурасы, сондай-ақ, өндіріске инновацияларды енгізетін компаниялар. Қазақстан Республикасында технологиялар трансфертін, сондай-ақ, мемлекеттік-жеке серіктестікті білдіретін ашық түрдегі инновациялық жүйе құрылуда екендігін атап айту қажет.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму стратегиясына сәйкес өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың басқа да салалары көбінесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму жағдайына байланысты.
Өз кезегінде, ғылым мен инновация статистикасының негізгі міндеті ғылым мен инновация индикаторын жетілдіру, оларды жүйелендіру, жаңа анықтамалар енгізу және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін ғылыми және инновациялық саланың жағдайын толық әрі кешенді ұсынуға ықпал ететін олардың өзара байланысын анықтау болып табылады.
II. Ғылым және инновациялар статистикасы негізгі түсініктемелер
Ғылым мен иновациялар статистикасы - ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтегі құбылыстар мен үдерістердің сандық жақтарын зерттейтін статистика саласы.
Инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнім (тауарлар, қызметтер) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, қолданылатын сол тақылеттестермен салыстырғанда практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі.
Инновациялық даму институттары - инновациялық қызметті колдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар.
Инновациялық өнім - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Өнім үш жыл бойы инновациялық деп саналады. Мына бұйымдарды қамтиды:
1) жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;
2) жетілдірілген бұйымдар;
3) жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінің негізінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.
Инновацияға жұмсалған шығындар кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығыстар.
Өнімдік инновациялар - технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу.
Процестік инновациялар - технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу.
Технологиялық инновациялар бұл нысанда ұйымның инновацияны әзірлеумен және де енгізумен байланысты қызметтері Атап айтқанда, өнеркәсіпте - технологиялық жаңа өнімдер мен процестер, сондай-ақ өнімдер мен процестердегі едәуір технологиялық жетілдірулер; қызмет көрсету салаларында - технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген қызметтер және жаңа немесе жетілдірілген қызмет өндіру (табыстау) тәсілдері
Технологиялық жетілдірілген өнім - қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешендік өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігі артады.
Технологиялық жаңа өнім - технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылатын өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда, не осыған ұқсас қолданыстағы технологияларды жаңа пайдалануда, не зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Басқару инновациялары - тәжірибеге ағымдағы нормалардан елеулі бар жаңа үдерістер мен құрылымдарды және уақыт ағымымен ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс бетеуін трансформациялау тәсшлдерін енгізу.
Қорғалатын құжат - мемлекетпен қорғалатын өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне және өнеркәсіп меншігінің басқа объектілеріне құқықты куәландыратын құжат.
Патент - техникалық проблеманың шешімін жазбаша нысанда тіркейтін құжат. Патентті иеленушіге өнертабысты пайдалануға айырықша құқық береді. Сондай-ақ осы техникалық шешімді басқа адамдарға беру құралы болып табылады.
Лицензия - иегердің (лицензиардың) белгілі шарттарда және келісілген сыйақыға мүдделі жаққа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншіктің қандай да бір объектісіне тікелей құқық немесе ноу-хау, объектіні пайдалануға құқық, арнайы шартта ресімделген келісім беруі. Патенттік лицензия патентті пайдалануға құқық береді, берілетін құқықтардың көлемін, аумақты және оны пайдалану кезеңін, сондай-ақ төлем нысанын анықтайды.
Жаңа өнім - кәсіпорында алғашқы жасалған өнім, сондай-ақ жаңартылған, жаңа сапалық сипаттама алған және өзінің технико-экономикалық көрсеткіштері бойынша техника дамуының заманауи деңгейлеріне жауап беретін немесе құқықтық қорғалған, яғни өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге расталған патенттері (алғы патенттері) бар өнім.
Зияткерлік меншік объектілері - жеке және (немесе) заңды тұлғаның зияткерлік шығармашылық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне тікелей құқығы.
Өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы.
Өнертабыс - техникалық мәселені шешу мақсатында білімді жүйелеудің мүмкін болатын варианттарының бірі, алғы патент және патент түрінде жазбаша формада тіркеледі.
Пайдалы модель - өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының, сондай-ақ құрама бөліктерінің конструкторлық орындалуы.
Озық өндірістік технологияларды пайдалану - озық өндірістік технологияларды енгізу және өнеркәсіптік пайдалану.
Өнеркәсіптік үлгі - бұйымның техникалық және эстетикалық ерекшеліктерінің біртұтастығы болып табылатын оның сыртқы пішінінің жаңа және елеулі айрықшылықтары бар шешімі.
Тауар белгісі (сондай-ақ қызмет көрсету белгісі) - бір өндірушінің тауарлары мен қызметтерін басқа өндірушілердің біртекті тауарлары/қызметтерінен айыру үшін пайдаланылатын, тіркелген белгі.
Патенттік тазалық - объектінің (технологияның, оның элементінің) заңды ерекшелігі оның белгілі елде сол елдің аумағында үшінші адамдарға тиісті патенттерді бұзу қаупінсіз еркін пайдалана алу мүмкіндігін білдіреді.
Технологияны жасау - технологиялық құжаттаманы, жұмыс сызбаларын әзірлеу, қажетті жабдықты дайындау, сынау және оны белгіленген тәртіпте қабылдау.
Алдын ала патент - өнертабысқа құқықты растайтын және ресми сараптама өткізілген соң 5 жыл мерзімге, үш жылдан аспайтын ұзарту мүмкіндігімен берілген құжат.
Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар - ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуына жұмсалған ақшалай түрдегі нақты шығыстар.
Ішкі шығындар - есепті жылдың ішінде кәсіпорындардың өз күшімен орындаған шығыстары.
Сыртқы шығындар - есеп беретін ұйымдармен жасалған шарттар бойынша тараптық ұйымдар орындаған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің құны.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер - ғылыми білімнің жиынын көбейту және оларды тәжірибеде қолдануға жаңа салалар іздеу мақсатында жүйелілік негізде жүзеге асырылатын ғылыми қызмет.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер құрамына іргелі, қолданбалы зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер кіреді. Жұмыс түрлері бойынша іргелі, қолданбалы зерттеулерге, әзірлемелерге топталады.
Іргелі зерттеулер - жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нәтижесі - болжамдар, теориялар, әдістер, т. с. с. Іргелі зерттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар, т. с. с. жасаумен аяқталуы мүмкін.
Қолданбалы зерттеулер - нақты тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан проблемаларды шешудің жаңа әдістерін анықтайды.
Ғылыми-техникалық әзірлемелер - зерттеулер және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған бар білімге негізделген, және жаңа материалдарды, өнімдерді, процестерді, құрылғыларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар обьектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін.
NACE - европалық экономикалық қоғамдастықта экономикалық қызметтің статистикалық жіктеуіші.
ЭҚЖЖ - экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік жалпы жіктеуіші, NACE дәлме-дәл мәтіні. государственный
Ұйымдастыру-техникалық деңгейдi талдаудың мәні, тапсырмалары және ақпарат көздері;
Өнімнің сапасын арттырудағы шешуші факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТР), яғни максималды пайда түсіріп және минималды шығындану үшін техникалар мен технологияларды қолдана отырып ұйымды немесе кәсіпорынды ең жоғарғы мақсаттарына жеткізу. Жаңа машиналарды қолдану, материалдарды қолдану, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін қолдану - басқаруды тиімді етіп, өзіндікқұнның төмендеуіне және өнімнің сапалы болуына әсер етеді.
Көптеген кәсіпорындардың негізгі қызметі еңбектің өзара байланысқан үдістерінің қатынасын, белгілі бір өнімді дайындау бағытын (жұмыстың орындалуын, қызметтің көрсетілгенін) көрсететін өндірістік үрдіс болып табылады.
Өндірістік үрдістің технико-ұйымдастырушылық мазмұны - ол машиалық технологияның, адамдардың іс-әрекетінің, ұйымдастырушылық әдістердің қатынасы. Осының барлығы ұйымдастырушылық-техникалық деңгейді (ҰТД) сипаттайды.
ҰТД кәсіпорынның техникалық базасының жағдайы мен деңгейін, технологиялық тәсілдерін, ұйымдастырушылық әдістерін, еңбек ресурстарын, материалдық ресурстардың өнімділігін және дайын өнімнің сапасын шарттайды.
ҰТД-ға:
- Техника деңгейі, өндіріс технологиясы;
- Еңбек пен өндірістің ұйымдастырушылық деңгейі жатады.
Техника өнімнің заттық негізін құрайды және өнімнің сипаттамасы мен нәтижесі техниканың жағдайы мен даму деңгейіне тәуелді болады. Ол жаңа технологиялық үрдістерді қолдану мүмкіндігін еңбек құралдарына әсер етуші әдістердің қатынасы ретінде шарттайды.
Технологиялық үрдіс өзінің даму деңгейлеріне тәуелді бола отырып, техниканы қолдануға белгілі бір мүмкіндік береді және оның сипаттамасы мен құрамына әсер етеді
Ұйым - ол техника мен технологияның рационалды қосындысын қолдану.
Техника, технология және өндіріс ұйымдарының жағдайын бір -бірінен абсалютті және қатынасты түрде ажырата білген дұрыс. Абсалютті қазіргі кезде қолжетіп отырған ҰТД жағдайын көрсетеді. Ал катынасты мағынасы сәйкестендіруде ашылады және даму деңгейін сәйкестендіру критерийімен салыстыру арқылы көрсетеді. Мұндай әдісті өнімділік деңгейін сипаттаушы «деңгей де» қажет етеді.
Ұйымдастырушылық-техникалық деңгейге баға беру кәсіпорынның дамуындағы жоспарлы және мақсатты түрде нәтижеге қолжеткізуінде ғылыми-техникалық үрдістің орнымен анықталады.
ҰТД-н талдау - бұл берілген кәсіпорындағы техникалық үрдістің нақты көрінісін талдау.
Талдаудың мақсаты - қолдағы техникалық базаны анықтау және оның кәсіпорын алдындағы міндеттерге сәйкестігін талдау.
Талдаудың тапсырмалары :
- Еңбек өндірудегі және өндіріс ұйымындағы қолжеткен технология деңгейін анықтау;
- Прогрессивті қолжеткен ҰТД-н нормативті көрсеткіштермен, дамыған кәсіпорындармен салыстыра отырып бағалау;
- Қолжеткен деңгейдің өнімділігін талдау;
- ҰТД-ны нақты қолдану жолдарын және оның өнімділігін арттыруды жетілдіру.
ҰТД-ның ақпарат көздері:
- Бухгалтерлік есепберулер;
- Жоспарлы және ұйымдастырушылық-өндірістік мәліметтер;
- Статистикалық есеп көрсеткіштері.
Өндiрiстiң техникалық деңгейiнiң көрсеткiштерi, технология деңгейі, өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорынның техника және технология деңгейін талдау негізгі қорлардың құрылымын зерттеуден бастаған жөн, себебі кәсіпорынның негізгі қорының жалпы құрамындағы активтердің бір бөлігін, яғни жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарды бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Негізгі қор құрамындағы машиналар мен құрал-жабдықтар неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның еңбек жабдықтары мен өнімі соғұрлым көп, еңбек өнімділігі соғұрлым жоғары, сонымен қатар, өзіндікқұн төмен және кіріс көп болады.
Құрал-жабдықтардың фактикалық құрылымын мүмкін болатын және керекті құралдармен салыстыру техникалар мен құралдарды қолданудың жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Құралдардың жастық құрамын зерттеу оларды моральды шығындау керектігін немесе қайта қалпына келтіру керектігін, жаңарту керектігін анықтайды. Құрал-жабдықтарды жастық құрамына қарай төрт топқа бөліп қарастырады:
1) 5 жылға дейін;
2) 10 жылға дейін;
3) 10-20 жыл аралығы;
4) 20 жылдан асқан.
10 жылға дейінгі құралдардың арасынан жаңа үлгідегі, әлемдік стандартқа сай, көрсетілген саладағы жаңа құралдарды көрсеткен абзал.
Техниканың деңгейін сипаттауда еңбекқұралдары ерекше орын алады, яғни өндіруші құралдардың қолданылуы. Еңбекті жабдықтаудың динамикасын зерттеу оның еңбек өнімділігіне әсерін көрсетеді. Еңбекті жабдықтаудың көрсеткіштеріне келесі коэфиценттер жатады:
- Электро-жабдықтушы коэффициенті:
... жалғасы
;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz