Сын жане күмандану тұрғысынан ойлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ОБӨЖ № 1
Тақырыбы:
Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндану
(реферат) керектісін жазасыз

Орындаған: Жукенов Е.Б
Тексерген: Бижанова М.А.

Алматы 2019
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Философия жалпы түсінік
2.Оилаудың негізгі түрлері
3. Сын жане күмандану тұрғысынан ойлау
Қорытынды
Қолданылған адебиеттер

Кіріспе
Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс және адамның өз болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық ретінде, парасатты және дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кәсіби философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және ерекшелік сипаттары.

1.Философия жалпы түсінік

Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді (филиа -- сүю, софиа -- даналық). Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.

Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократ, біз данамыз деп атайтындарды кекетіп: Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ философия терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.

Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мыс. Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады. Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді.

Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы Пир шығармасынан көруге болады, онда даналық -- адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы.

Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады, деп жазды. Ондай білім, адам мүмкіншіліктерінен жоғары деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік -- философ. Даналық деген белгілі бір жағдай емес, ол мақсат. Жалпы, даналық тұтас болмысқа және өмірдің мәніне бағытталған.

2.Ойлаудың негізгі түрлері
Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте - бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт "Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін", деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы - психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік - логикалық ойлау бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдалануымен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде қарастырмайды.
Адамның ойлауы өзіне әр түрлі түрдегі және деңгейдегі ойлау операцияларын қосты.
Адамның ойлауы әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан тұрады. Ең алдымен олардың танымдық мәндері әр түрлі болады. Танымдық қатынаста баланың алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым ойлау актісі және қандай да бір күрделі процестердің өту заңдылықтары жайлы ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам қолданатын ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды. Сөйтіп, оның жалпылау деңгейі қаншалықты биік, бір маңызды мәнді құбылыстан басқа оны анықтауға баратын жағдайлар қаншалықты терең болғанына байланысты ойлаудың әр түрлі деңгейлерін ажыратуға болады. Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне қарапайым формадағы көрнекі ойлау және дерексізденген, теориялық ойлау жатады. Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың түрлері ретінде қарапайым көріністегі көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге болады.
Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын теориялық ойлау ойлаудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Алайда ойлауды абстрактілі түсініктерде теориялық ойлауға апару мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын тек теориялық проблемаларды шешекенде ғана емес, көрнекі оқиға аясында қала отырып, объективті шарттарды ескеріп кез келген міндентті ұғынып шешеміз, сондықтан да біз абстрактілі теориялық құрылуға барғанда да оларды қолданамыз. Тек дерексізденген ғана емес, сондай - ақ көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз.

Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:
1. Көрнекі-әрекеттік ойлау - мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар - сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина - Котс және т.б. сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.
2. Көрнекі - бейнелік (бейнелік) ойлау - жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі - заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, "керемет" сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі -- әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі - бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.
Көрнекі ойлау және дерексізденген - теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір - біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды.
Кез келген ойлау азды - көпті жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды - көпті көрнекі сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне - түсініктер оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай - ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды. Сондықтан да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды; алайда түсініктер және ұғымдар бір - бірімен байланысып қана қоймаған, олардың бір - бірінен айырмашылығы да болады, біртұтас ойлаудың ішінде, бір жағынан, көрнекі, екінші жағынан - абстрактілі - теориялық ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Философия жалпы түсінік
Сын және күмәндану тұрғысы
Сыни тұрғыдан ойлау - әлеуметтік ойлау
Философиялық ойлау түрі - сын және күмандану
Философияның анықтамасы
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ойлаудың түрлері
Сыни тұрғыдан ойлау - қоғамның негізгі құрметі
Сана, рух және тіл философиясы
Пәндер