Аналық жыныс безі күлдіреуігінің туындау себептері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігі

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Әлтай Жансая Ертайқызы

Жұмыртқалықтың фолликулярлыққ күлдіреуіктерін анықтау және оны емдеу тәсілін құрастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В120100 - «Ветеринариялық медицина» мамандығы

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : «Жұмыртқалықтың фолликулярлыққ күлдіреуіктерін анықтау және оны емдеу тәсілін құрастыру »

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны

Қосымшалар

Орындаған: 5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығының 504 топ студенті Әлтай Жансая Ертайқызы

2018 ж. “ ” мамырда қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі, профессор Е. С Усенбеков

Ғылыми жетекшісі, профессор Қ. У. Қойбағаров

Арнайы тарау кеңесшісі: О. Т. Туребеков

Норма бақылаy, қауым. профессор А. С. Ибажанова А

Сарапшы

Алматы 2018

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

5В120100- «Ветеринариялық медицина мамандығы

Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Әлтай Жансая

Жұмыс тақырыбы: «Жұмыртқалықтың фолликулярлыққ күлдіреуіктерін анықтау және оны емдеу тәсілін құрастыру »

Университет бойынша 2018 ж « » қараша № -К бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі: 2018 ж «15» мамыр

Жұмыстың бастапқы деректері: ЖШС «Байсерке-агро» шаруашылығы жағдайы, Малдың жұмыртқалықтары ауруларының негізгі себептері, оларды анықтау, жыныстық органдардың ауруларын емдеу шаралары жөнінде әдебиеттердегі деректер, жұмыртқалықтар ауруларын емдеу әдістері, емдеуге қажетті дәрілік препараттардың қасиеттері, қолдану әдістері, мөлшері,

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

Кіріспе. Тақырыптың мәні және маңыздылығы.

2. Әдебиетке шолу. Бедеулікті қалыптастыратын факторлар, жыныстық бездері ауруларының және басқа аурулардың таралуы, себептері, емдеу және алдын алу шаралары жөнінде деректер

3 . Өзіндік зерттеулер. жұмыртқалықтардың патологияларының ерекшеліктері, оның туындауына ықпал ететін факторлар, жүргізген тәжірибелік жұмыстың барысы және нәтижелері, талдау

4. Еңбекті қорғау. Шаруашылықта жұмысты ұйымдастыру, талаптарды орындау, қызметкерлердің жеке құқықтары жөнінде ақпараттар. Қорытынды. Жүргізілген ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер нәтижелері

6. Ұсыныстар: алынған зерттеу нәтижелерінің тиімділігі жөнінде ұсыныстар

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Фотосуреттер, кестелер, графикалық материалдар, диаграммалар

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер М. Н. Джуланов, Ш. Қ. Қалтаев, Б. Д. Жукин Қ. У. Қойбағаров «Ветеринариялық акушерлік, гинекология және көбею биотехникасы. Оқулық 2011., О. Т. Төребеков «Сиырдың акушерлік-гинекологиялық аурулары. Оқу құралы, Агроуниверситет 2011. Никитин В. Я. Ветеринарное акушерство, гинекология и биотехника размножения В. Я. Никитин. - М. : Колос, 2000, Джуланов М. Н., Төребеков О. Т. Усенбеков Е. С., Қойбағаров Қ. У Практическое акушерство. Оқу құралы. 2012 г

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау: Тарау
Кеңесші: Кеңесші
Мерзімі: Мерзімі
Қолы: Қолы
Тарау: Кіріспе.
Кеңесші: Қойбағаров Қ. У
Мерзімі: Наурыз 2018
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Қойбағаров Қ. У
Мерзімі: Наурыз 2018
Қолы:
Тарау: Зерттеу нәтижелері
Кеңесші: Үсенбеков Е. С.
Мерзімі: Қазан 2017-сәуір 2018
Қолы:
Тарау: Тұжырым
Кеңесші: Қойбағаров Қ. У
Мерзімі: Мамыр 2018
Қолы:
Тарау: Ұсыныстар
Кеңесші: Қойбағаров Қ. У
Мерзімі: Мамыр 2018
Қолы:

Кафедра меңгерушісі, профессор Усенбеков Е. С.

Жұмыс жетекшісі, профессор Қойбағаров Қ. У.

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент Әлтай Жансая

Дипломдық жұмысты орындау

ГРАФИГІ
Рет саны: Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер: Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Кіріспе. Тақырыптың мәні және маңыздылығы, өзктілігі
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз 2018
Ескертулер:
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Негізгі бөлім. Зерттеу материалдары мен әдістері. жүргізген тәжірибелік жұмыстың барысы және нәтижелері, талдау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан 2017-сәуір 2018
Ескертулер:
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Тұжырым. Жүргізілген зерттеулер нәтижелерін қорытындылау, шаруашылыққа ұсыныстар беру
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Мамыр 2018
Ескертулер:

Кафедра меңгерушісі, профессор Усенбеков Е. С

Жұмыс жетекшісі, профессор Қ. У. Қойбағаров

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент Әлтай Жансая

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылды.

ТШ 42-102-63
-Қайшылар
ТШ 42-102-63: МСТ 2918-64
-Қайшылар: -Кальциленген сода
ТШ 42-102-63: МСТ 7852-65
-Қайшылар: -Резеңке тығыны
ТШ 42-102-63: ТШ 6-09 3177-66
-Қайшылар: -Хлорамин
ТШ 42-102-63: МСТ 12026-66
-Қайшылар: -Сүзгіш қағаз
ТШ 42-102-63: МСТ 5962-67
-Қайшылар: -Этил ректификат
ТШ 42-102-63: МСТ 6709-72
-Қайшылар: -Дистилденген су
ТШ 42-102-63: ТУ 480-11-10-73
-Қайшылар: -Шыны қарандашы
ТШ 42-102-63: МСТ 20292-74Е
-Қайшылар: -Шыны пипеткасы
ТШ 42-102-63: МСТ 20292-74
-Қайшылар: -Өлшеуіш колбалар
ТШ 42-102-63: МСТ 9284-75
-Қайшылар: -Заттық шынылар
ТШ 42-102-63: МСТ 22 967
-Қайшылар: -Шприцтер
ТШ 42-102-63: МСТ 25336-821
-Қайшылар: -Зертханалық ыдыстар
ТШ 42-102-63: МСТ 4. 452-86
-Қайшылар: -Вазелин
ТШ 42-102-63: МСТ 12. 1. 007-76) .
-Қайшылар: -сурфагон

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды.

Анофродезия

-малдың жыныстық циклінің байқалмауы

Анофродезия: Бедеулік
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

- малдың ұрпақ беру қабілетінен уақытша немесе түпкілікті айырылуы

Анофродезия: Гипофунция
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-аналық жыныстық бездің қызметіні төмендеуі

Анофродезия: Жұмыртқалық
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

- аналық жыныстық без

Анофродезия: Инволюция
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-мал төлдегеннен кейін жыныстық органдардың белгілі уақыт аралығында буаз емес кездегідей қалпына қайта келуі

Анофродезия: Күлдіреуік (киста)
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-іші сұйыққа толы қуыс

Анофродезия: Қысыр қалу
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-бір жыл ішінде төл бермеген мал, жылдың аяғында ескеріледі

Анофродезия: Метрит
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-жатырдың қабынуы

Анофродезия: Нимфомания
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-малдың аз уақыт аралығында жыныстық циклінің жиі қайталану

Анофродезия: Оварит
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-аналық бездің қабынуы

Анофродезия: Овуляция
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-пісіп жетілген фолликулдың жарылуы

Анофродезия: Окситоцин
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

- гипофиздің артқы бөлігінен бөлінетін гормон

Анофродезия: Прогестерон
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-сары дене гормоны

Анофродезия: Простагландин
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-гормон тәрізді әсер ететін зат

Анофродезия: Салпингит
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-жатыр түтігінің қабынуы

Анофродезия: Сарпай
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-ұрғашы малдың сыртқы жыныстық органы

Анофродезия: Сары дене
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

- жұмыртқалықта уақытша пайда болатын без

Анофродезия: Сервис кезең
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

- туғаннан кейін келесі ұрықтанғанға дейінгі уақыт

Анофродезия: Синэстрол
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-синтетикалық эстрол

Анофродезия: Эстрогендер
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-аналық безде түзілетін гормондар

Анофродезия: Эстрадиол
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

-жұмыртқалықтан бөлінетін гормон

Анофродезия: Фолликулин
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

жұмыртқалықтан бөлінетін гормон

Анофродезия: Фоллигон
-малдың жыныстық циклінің байқалмауы:

Гонодотроптық гормон

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Дипломдық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды.

Ә. Б
-әсер бірлік
Ә. Б: ББҚС
-әсер бірлік: буаз биенің қан сары суы
Ә. Б: ГнРГ
-әсер бірлік: -гонадотропин релизинг гормон
Ә. Б: ЖШС
-әсер бірлік: -жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Ә. Б: ЖСТ
-әсер бірлік: -жалпы стандарт
Ә. Б: ЛТГ
-әсер бірлік: - лактотропты гормон
Ә. Б: ЛГ
-әсер бірлік: Лютеиндеуші гормон
Ә. Б: Мл
-әсер бірлік: -миллилитр
Ә. Б: мм
-әсер бірлік: миллиметр
Ә. Б: мг
-әсер бірлік: миллиграмм
Ә. Б: Млн.
-әсер бірлік: миллион
Ә. Б: Млрд.
-әсер бірлік: - миллиард
Ә. Б: ӨБ
-әсер бірлік: -өлшем бірлігі
Ә. Б: Т. Б
-әсер бірлік: тышқандық бірлік
Ә. Б: УДЗ
-әсер бірлік: -ультрадыбыстық зерттеу
Ә. Б: УТЖ
-әсер бірлік: -ультра толқынды жиіліктер
Ә. Б: ФСГ
-әсер бірлік: фолликула стимулдеуші гормон

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі нарықтық экономика қарқынды дамуында мал шаруашылығының алатын орны үлкен. Мал шаруашылығы өнімдері қашанда сұраныста, сондықтан оны мол өндіру және сапасын арттыру мал шаруашылығындағы әр бір маманның мақсаты және міндеті. Малдың өніп-өсуін қарқындату және осы бедеуліктен келетін кез келген экономикалық шығынды мүмкіндігінше қысқарту, яғни мал шаруашылығын ұйымдастырудың, оны дамытудың ең тиімді заманауи әдістері мен тәсілдерін және іс шараларын ойластыру әр қашан толықтырылып, жетілдіріліп отыруы керек.

Ғылыми әдебиеттердегі немесе жалпы тәжірибедегі деректер мен мәліметтерді талдау нәтижелері көрсеткендей, мал басы көп шоғырланған, яғни сүт өндіретін шаруашылықтардағы сиырлар арасында аналық жыныстық бездердің патологиялары бедеулікті қалыптастыратын факторлардың негізгілерінің бірі және олар бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылады.

Сиырларда гинекологиялық аурулар көбінесе қыс-көктем айларында кездеседі. Себебі оған макро-, микроклимат жағдайлары, күтіп-бағуды және азықтандыруды ұйымдастыру шараларының кемшіліктері мен олқылықтары әсер етеді. Атап айтқанда, аурудың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторлар: организмнің резистенттілігінің төмендеуі, төмен калориялы азықтандыру, яғни тиісті рацион құрамының бұзылуы, малды күтіп-бағу ережесін бұзу, қажетті серуендетудің жеткіліксіздігі немесе мүлде жоқтығы және тағы басқа қосалқы себептер. Бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек сиырларда аналық жыныстық без патологиялары жалпы аналық мал басының 25-30 %-нда кездеседі екен.

Ауылшаруашылық малдарының, әсіресе жоғары өнімді сүтті малдың өніп-өсуімен байланысты мәселелер, ветеринария саласында өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Ірі қара малдың төлшеңдігінің төмендеуін көптеген зерттеушілер көбею органдарының қызметінің бұзылуымен, яғни оның патологияларымен байланыстырады.

Бүгінгі таңдағы клиникалық зерттеулерге, соның ішінде тік ішек арқылы зерттеулерге негізделген әдістер аналық жыныстық бездердегі жүріп жатқан патологиялық үрдістердің күрделілігін толық ашып сипаттай алмайды. Аналық жыныстық бездердегі күлдіреуіктердің дамуы, фолликулдардағы лютеиндену және лютеолизис механизмдері әлі де болса толық анықталмаған. Аналық жыныстық бездердің лютеиндік құрылымдарының басқа типтері және олардың бездердің патологияларындағы рөлі мүлде зерттелмеген.

Аналық жыныстық бездің аурулары малдардың күрделі, ұзақ уақыт емделетін бедеулігінің жиі себептері болып табылады, өйткені мұндай кезеңде жынсытық бездердегі үдерістердің бұзылуы және жұмыртқа торшалардың пісіп жетілуінің бұзылуы салдарынан буаз болу мүмкіндіктері болмайды. Аналық жынстық без аурулары гормоналдық және эндокриндік жүйенің бұзылуына әкеп соғады, сондықтан бұл клиникалық түрде жыныстық циклдардың сипатының өзгеруімен байқалады. Аналық жыныстық жағдайының келесідей патологиялары едәуір жиі кездеседі: гипоплазия, қабыну, дисфункции (гипофункция, персистенттік сары дене, күлдіреуіктер), қабынудың асқынуы және дисфункция (атрофия және склероз) жаңа түзілімдер.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Шарyашылықта жұмыртқалықтар қызметінің бұзылуымен байланысты қалыптасқан бедеyліктің орын алyы мал өнімінің өндірілуі көрсеткіштерінің төмендеyіне ықпал етеді. Сүт өндірy шарyашылықтарындағы мал дәрігерлерінің басты мақсаты мен міндеттері бедеyлікпен күресу, оны барынша азайту немесе жою және малдың өнімділігін арттырy. Сондықтан бедеyлікті жоюға бағытталған кез келген іс шараның тәжірибелік маңызы бар. Жүргізілген іс шара бедеyлікпен күресyде тиімді, оңай және экономикалық тұрғыдан арзан болy керек.

Дипломдық жұмысты орындаy мерзімі мен базасы . Дипломдық жұмыс «Қазақ ұлттық аграрлық yниверситеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Ветеринария факyльтеті, «Акyшерлік, хирyргия және өсіп-өнy биотехнологиясы» кафедрасында және «ЖШС «Байсерке -агро» шарyашылығы жағдайында жүргізілді.

Зерттеy жұмысының мақсаты мен міндеттері

Сүт өндіру кешендерінде сиырдың жұмыртқалық аурулары шаруашылықа үлкен экономикалық зиян келтіреді, ол мал өнімділігінің және асыл тұқымдық көрсеткіштерінің төмендеуіне, олардың уақытынан бұрын жарамсыздыққа шығарылуына әкеліп соғады. Сондай ақ, оларды анықтауға, емдеуге және алдын алу жұмыстарына қомақты қаражат жұмсалуымен қатар өнімдер сапасының төмендеуімен сипатталады.

Бүгінгі таңда осы жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін жаңа көзқарас немесе бүгінгі күн талабына сай әр түрлі бағыттағы заманауи әдіс, тәсілдерді пайдалануды, құрастыруды және оларды әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Сондықтан біз, жоғарыдағы айтиылған мәселелерді ескере отырып, алдымызға мынадай мақсат қойдық: ЖШС “Байсерке-агро” шаруашылығындағы сиырлардың гинекологиялық патологиялардың таралу сипатын анықтау және неғұрлым жиі кездесетін патологияларды жою іс шараларын ойластыру арқылы өнімділікті арттыру.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:

  1. ЖШС «Байсерке-агро» шаруашылығында сиырларда жұмыртқалықтардың күлдіреуігінің таралуын және олардың себептерін анықтау.
  2. Жұмыртқалықтардың күлдіреуігін емдеу нобайын құрастыру және шаруашылыққа ұсыныс беру.

1ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Аналық жыныстық бездің морфо-функционалдық құрылымы

Ұрғашы малдың жыныстық аппаратының физиологиялық қажеттілігі-бұл малдың өзі тәрізді организмді дүниеге әкелу, яғни ұрпақ қалдыру. Бұл ұлы мақсат жыныстық аппараттың мынандай қызметі арқылы іске асады: аналық жыныстық бездерден жұмыртқа торша және жыныстық гормондар (эндокриндік қызметі) түзіліп, бөлініп шығады. Жыныстық гормондар (эстрогендер) аналық және аталық торшалардың қосылуына, одан әрі ұрықтың (зигота), эмбрионның, төлдің дамып - өсіп жетілген төлдің тууына жағдай жасайды.

Аналық жыныс безі (яичник) ; (лат. ovarium - жұмыртқалық) - аналық жыныс жасушасы (овоцит) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Ол пішіні сопақ немесе дөңгелекше келген паренхималы мүше. Тығыз, көлемі сиырда 3х2 см. Аналық жыныстық бездің көлемі, салмағы малдың әртүрлі физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) -жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады.

Аналық жыныс безінің стромасы фибробласттарға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Фолликулалық аймақта аналық жыныс жасушаларының даму үдерісі- " овогенез " жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс жасушалары - майда біріншілік (примордиальдық) фолликулдар түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек келген өсу сатысындағы жыныс жасушалары - өсуші фолликулдар орналасады.

Фолликулдардың жарылу үдерісін овуляция деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында «сары дене» түзіледі. Жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) қабырғасындағы фолликул жасушалары мен интерстициоциттер аналық жыныс гормондары-эстрогендерді, ал сары дене жасушалары (лютеоциттерер) -прогестерон гормонын бөледі. Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді [1] .

Ал аналық жыныстық бездегі сары дене (уақытша ішкі секреция безі болып табылады) прогестерон түзеді және буаздықтың соңына қарай релаксин гормонын түзеді. Аналық жыныстық бездер - гонадалар (грекше gоne - пайда болу, aden - без) аралас секреция бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы секреция қызметі-жыныстық торша (гаметоциттерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде аналық торшалар пісіп жетіледі. Демек, жыныстық бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе репродуктивтік қызметі. .

Жыныстық бездердің негізгі құрылымы - фолликула (латынша folliculus - қапшықша, көпіршік), оның ішінде аналық торша пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликула графов көпіршігі деп аталады. Ол жарылғанда, одан аналық торша шығады және бұл-овуляция деп аталады. Аналық торша-жатыр түтігіне, ұрықтанғаннан 3 күннен кейін немесе 4-ші күні жатыр тармақтарына түседі. Овуляциядан кейін фолликула торшалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі. Ұрықтану болған жағдайда сары дене ұзақ уақыт, яғни буаздықтың соңына дейін сақталады, оны буаздықтың сары денесі деп атайды. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де, кері дамуға түседі, яғни жойылады.

Фолликулдар атрезиясы-бұл физиологиялық құбылыс. Ол барлық жануарларда болатындықтан оны жалпы биологиялық үрдіс ретінде қарастырады. Бірақ кейбір атрезия түрлері аналық бездің қызметінің бұзылуын қалыптастыратын патологиялық өзгерістер туындатуы мүмкін. Фолликулдар дамудың кез келген сатысында атрезияға ұшырауы мүмкін, мұнда көбінесе ұсақ фолликулдар атрезияға жиі ұшырайды. Атрезияға ұшыраған фолликулдар фолликулин гормонын түзеді. Фолликулдар атрезиясы әдетте жыныстық жетілудің алдында байқалады. Жыныстық жетілген малдарда атрезия көбінесе овуляциядан кейін және буаздық кезеңде байқалады [2] .

Аналық жыныс безінде сары дененің түзілу құрылымы әлі күнге дейін толық анықталмаған. Осыған байланысты бірнеше жылдар бойы ғалымдар үш теорияға ерекше көңіл бөледі: бірінші- лютеин торшалары гранулезді торшалардан туындайды; екінші лютеинді торшалардың кездесуі ішкі тека торшаларынан туындайды: үшінші-лютеинді торшалар екі түрлі туындайды гранулезді және ішкі тека торшаларынан туындайды [3] .

1. 2 Ұрғашы малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі

Малдың өсіп өну, төл беру қабілеті тек жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныстық органдарда, эндокринді аппаратта және бүкіл организмде өте күрделі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда аналық жыныстық безде фолликулдер өсіп жетіле бастайды да, онда аналық ұрық торшасы және жыныстық эстрогендік гормондар (фолликулин) пайда болады. Бұл гормондардың әсерінен (эстрон, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне тән ерекше белгілері айқындала түседі, сүт бездері дамиды, жыныстық органдары толық дамып жетіледі, мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап аналық жыныстық безде овогенез үрдісі белгілі бір мерзімде қайталанып отырады да, ол мал қартайғанға дейін жалғаса береді. Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап-ақ қашыруға ұрықтандыруға болмайды, себебі бұл кезде организм әлі толық жетіліп болған жоқ, жамбас қуысы әлі тар. Мұндай жас малдың буаздығы оның организміне де (өспей қалады), іштегі төлдің дұрыс дамуына да зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан малды ұрықтандыру үшін ол малдың жыныстық жетілуімен қатар, организмнің физиологиялық толық жетілуін күту керек [4] .

Жыныстық жетілген малдың организмінде, әсіресе жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық, физиологиялық құбылыстар болады. Бұл өзгерістер гипоталамус-гипофиз, аналық жыныстық без бен басқада эндокриндік жүйелердің арақатынастық жағдайына байланысты және орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асып отырады. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша 25 пайыз сиырларда жыныстық цикл синхронды өтсе, 75 пайызында асинхронды өтеді [5] .

Жыныстық цикл басталып, оның дұрыс өтуі үшін сыртқы ортаның әсерімен қатар гонадроптық және гонадальдық гормондар қажет. Гонадотропты гормондар фолликул стимулдеуші гормон (ФСГ), лютеиндеуші гормон (ЛГ) және лютеотроптық гормон (ЛТГ) немесе лактогендік гормондар гипофизде түзіліп шығып, қан арқылы аналық ұрық безіне және сүт безіне әсер етеді, яғни фолликулдердің өсіп жетілуін, овогенез үрдісінің жүруін қамтамасыз етеді. Қазіргі ғылыми-зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, жыныстық цикл мынандай тәртіппен өтеді: күн сәулесі-көздің, терінің рецепторын, азықпен келіп түскен стерондар-ас қорыту органдарының рецепторын қоздырады, еркек малдың - иісі, сыртқы тұрпаты, дауысы, олардың аталық малға тән қылықтары, ұрғашы малға жанасуы, иіскелеуі, артылуы және сол сияқты тағы басқа да қарым-қатынастары тиісті сезімтал рецепторларды қоздырып, сол арқылы импульстер ми қыртысындағы тиісті орталықтарға барып жиналады [6] .

Ұрғашы малдардың өніп-өсу қызметінің физиологиялық механизмдерінің басқарылуын бақылау организмнің бірімен - бір тығыз байланысқан жүйке және эндокринді жүйелері арқылы іске асырылады. Әр түрлі сыртқы орта тітіркендіргіштері сезім органдарына (көру, иіс сезу, жанасу) әсер етеді, олар анализаторлардың сигналдарын үлкен жартышарлар қыртысына жеткізеді. Осыдан жүйкелік импульстар гипоталамусқа беріледі (аралық мидың төмепешік аймағында нейросекрет немесе гонодотропин-релизинг-гормон (Гр-Р-Г) гипофизді стимулдейді, ол ұрғашы малдың өніп-өсу қызметіне әсер ететін гормон бөледі [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйел жыныс мүшелерініңісіктәрізді аурулары мен нағыз ісіктері
ҚАНТ ДИЕБЕТІ - 2 ТОП ПРАФИЛАКТИКАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Сүт безінің патологиясы
Алиментарлық бедеулік
Ісіктердің жіктелуі
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz