Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Жүрек қызметінің реттелуі.

2. 2. Жүректің ағзалық реттелу жолдары.

2. 3. Жүректен тыс реттелу механизмдері.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys - бұлшықет, kardia - жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард) . Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

Негізгі бөлім.

Жүрек қызметінің реттелуі.

Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді. Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормоны адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді. Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия , тездетуін тахикардия дейді.

Қазіргі кезде қан айналым жуйесі қызметінің сенімділігі жүрек жұмысын реттеу механизмінің өте жақсы жетілгендігіне, күрделілігіне байланысты.

Жүрек жұмысын реттейтін тетіктерді үш топқа бөлуге болады:торшалық, ағзалық(интракардиалық) және жүректен тыс (экстракардиялық) механизмдер.

Торшалық реттелу механизмі -миокардтың қызмет қарқынының өзгеру жүрекке керекті мөлшерде қанның келіп құюын қамтамасыз етеді. Бұл реттеу механизмі Франк - Старлинг заңы немесе “жүрек заңы” деп аталып кетті. Миокардтың жиырылу күші оның талшықтарының бастапқы ұзындығының дәрежесіне пропорцио-налды, былайша айтқанда диастола кезіндегі миокардтың созылу дәрежесіне сәйкес. Диастола кезінде миокардтың өте кең созылуы жүрекке қанның көбірек келіп құюына мүмкіндік береді. Сонымен бірге миозин талшықтары арасынан әрбір миофибрилдердің ішінен көп актин жіпшелері шығады. Бұл дегеніміз активті нүктелердің немесе “өткелдердің” қанның көбеюі жиырылу кезінде актин және миозин жіпшелерін жалғастырады. Сонымен, миокардтың әрбір клеткасы диастола кезінде қаншама кең керіліп созылса, соншама систола кезінде қысқарады. Сондықтан да жүрекке келіп құйылған вена қанын сондай мөлшерде артерия жүйесіне құйып отырады.

Интракардиалдық(ағзалық) реттеу -бұл мүше ішіндегі жүрек қызметін реттеудің ең бір жоғарғы деңгейін көрсететін реттеудің жүйкелік механизмі.

Жүректе перифериялық рефлекс деңгейді ең бірінші байқаған. Оның доғасы орталық жүйке жүйесіне тірелмей, миокардтың интрамуралды жүйке түйіндерінде бітеді. Егер жылықанды жануарлардың жүрегін бөліп алып, оған келетін жүйкелерді кесіп тастап қарайтын болсақ, оның рефлекстік қасиетін жоймағанын байқауға болады. Себебі мүше ішіндегі жүйке жүйесінің құрылысы және қызметі аз уақыт болса да сақталған. Сондықтан да бұл жүйеде афференттік нейрондар (сезімтал) оның дендриттері миокард талшығында созылу рецептор-ларын құрайды, сондай рецепторлар жүрек қан тамырларында да болады және аралық нейрондар мен эфференттік нейрондардан тұрады. Ал эфференттік нейрондардың аксондары миокардты және жүрек тамырларының бірыңғай салалы еттерін реттейді. Бұл нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Сөйтіп, олар жүрек ішіндегі рефлекстік доға құрайды.

Барорецептор қолқа доғасында және күре тамырларда орналасады. Олар қан қысымын реттеп отырады. Мысалы, артерияларда қан қысымы жоғарыласа, барорецепторларда пайда болған сигнал тамыр жиырылушы (қозғаушы) орталыққа барып, тамырдың тонусын төмендетеді.

Экстракардиалдық(жүректен тыс) реттеу -бұл реттеу орталық жүйке жүйесінен келген импульстер кезеген және симпатикалық жүйкелер арқылы іске асырылады. Барлық вегетативтік жүйке жүйесі сияқты жүрек жүйкелері де екі нейрондардан тұрады. Бірінші нейронның дене өсінділері кезеген жүйке өсінділерінен тұратын (парасимпатикалық бөлімде) сопақша мида орналасады. Осы нейрондардың өсінділері жүректің нейромуралды түйіндерінде бітеді. Симпатикалық жүйке бөлімінің бірінші өсінділері (импульсті жүрекке апаратын) жұлынның көкірек бөлігінің бесінші сегментінің бүйір өсіндісінде орналасады. Ал осы нейрондардың өсінділері мойын және жоғарғы кеудедегі симпатикалық жүйке түйіндерінде аяқталады. Осы түйіндерде жүрекке бағытталған екінші нейрондар болады. Кезеген жүйкенің жүрекке тигізетін әсерін ең алғаш зерттегендер ағайынды Веберлер (1845 жыл) . Осы жүйкені тітіркендіргенде жүректі тоқтатып тастауға дейін апарады. Егер электр тоғымен кезеген жүйкенің кесілген шеткі бөлімін тітіркендірсе, жүректің баяу жиырылатындығын байқауға болады. Бұл құбылысты кері хронотропты деп атайды. Бір мезгілде жиырылу амплитудасы да азаяды, мұны кері инотропты әсер деп атайды.

Кейде кезеген жүйкені қатты тітіркендірсек жүрек жұмысы ұзақ уақыт бойы тоқталады. Осы мезгілде жүрек етінің қозуы төмендейді, ал оның қалпына келуі үшін тітіркендіргіш күші қатты болуы тиіс. Бұл қозу процесінің төмендеуін кері батмотропты әсер деп атайды.

Кезеген жүйкені ұзақ уақыт бойы тітіркендіргенде жүректің қозуы бас кезінде тоқталса да, қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Бұл құбылысты жүректің кезеген жүйкенің әсерінен “сытылып шығуы” деп атайды (ускользания) .

Симпатикалық жүйке жүйесінің жүрекке әсерін ең алғаш зерттеген ағайынды Циондар (1867), ал одан кейін И. П. Павлов. Бұл жүйкені тітіркендіргенде жүрек жұмысы жиіленеді (оң хронотропты әсер деп атайды), қозуды күшейтеді (оң батмотропты әсер) . Тітіркендірудің латентік кезеңі 10 секундқа тең.

Жүректегі жүйке импульсінің химиялық жолмен берілу механизмі болады. Егер кезеген жүйкені қатты тітіркендіретін болсақ, жүйкенің шеткі кесіндісінің ұшынан ацетилхолин бөлініп жүрекке барады, ал симпатикалық жүйкені қоздырсақ норадреналин бөлінеді. Бұл заттарды медиаторлар деп атаған. Медиаторлардың болатындығын 1921 жылы О. Леви көрсеткен болатын. Ол бақаның жүрегін оқшаулап бөліп алып, кезеген және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіріп, осы жүректегі пайда болған сұйықтықты екінші осындай жүрекке апарып құйғанда, дәл осындай әсерін байқады.

Жүрек жұмысы үш түрлі жолмен өздігінен реттеледі.

А) Гидродинамикалық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетік «гидродинамикалық кері байланыс» арқылы жүректің оң және сол бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіріп отырады. Мысалы, әр т үрлі ырғақта жұмыс істеп тұрған «ОҚШАУЛАНҒАН» екі жүректі бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің арасында гидродинамикалық «кер» байланыстың» қалыптасуы себеп болды. Демек, жүректің ырғағы мен жиырылуы күші жүректің қуысындағы қысымға сәйкес өзгеріп отырады.

Б) Гетерометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетік жүрек еттерінің жиырылуы күшін оның ет талшықтарының баст апқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады. Осы механизм «Старлинг заңын»түсіндіруге негіз болады. Журек еті неғұрлым көбірек созылса, соғұрлым ол куштірек жиырылады.

В) Гомеометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Қалыпты жағдайда жұректін жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы ұзындығына сәйкес қана өзгермей, жүрек еттеріндегі иондардың консентрациясына байланысты өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүректің ет талшықтарындағы кальций иондарының консентрациясы кобейеді. Жүренктің соғу ырғағы жиілесе де, оның еттерінің жиырылу кұші артады. Оның себебі бұл жағдайжа диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары қайта шығып үлгермей, оның торшалардағы консентрациясы жоғарылайды. Дәл осы феномен «Боудич баспалдағының»негізінде жатады.

Демек, жүретің өзінде орналасқан реттеу тетіктері тек жекеленген жүрек камераларының жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар олардың белгілі бір ретпен, күшпен жиырылуын, миокард талшықтарының босаңсу дәрежесі мен оның жылдамдығын реттейді.

Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі. Жүрек қызметін сопақша мида орналасқан арнаулы орталықсимпатикалық және кезеген жүйкелер арқлы реттейді. Барлық вегетативтік жүйкелер сияқты жүрек қызметін реттейтін симпатикалық және кезеген жүйкелер екі нейроннан турады. Симпатикалық жүйкенің бірінші нейроны жұлынның кокірек болігінің алдыңғы бес сигменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасады да, оның өсінділері жұлдыз т әрізді симпатикалық түйінге келіп аяталады. Бұл түйіндегі екінші нейрон өсінділері жүректің ет талшықтарына жетіп тарамдалады. Оң симпатикалық жүйке-Ашофф-Товар түйінін жүйкелендіреді. Қарныша еттеріне жүйке екі жақтан да таралады, Кис-Фляк және Ашофф-Тавар түйіндерінде фяқталған жүйке талшықтары жүрек жұмысының ырғағын, ал қкарыншаларда аяқталған жүйке талшықтары-жүрек еттерінің жиырылу күшін реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қызметінің реттелуі
Жүрек жұмысын реттеудің өзіндік тетіктері
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Адам организмі
Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы
Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметінің реттелуі
Жүйке жүйесі туралы
Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері
Жүйке жүйеснің вегетативті бөлігі
Гормон мөлшерін кері байланыс механизмі арқылы реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz