Жұқпалы аурулардың емі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Маңқа ауруы және оны балау
2.2 Аурудың шығуы мен жұғуы
2.3 Өлекседегі патологиялық - анатомиялық өзгерістер
2.4 Аурудан арылу және одан сақтану шаралары
2.5 Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
2.6 Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар
2.7 Індет ошағының түрлері
2.8 Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау әдістері
2.9 Індет ошағын жою шаралары
2.10 Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар
III.Техника қауіпсіздігі
IV.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе

Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты.
Жұқпалы ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын, қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және күресу шараларын білу керек.Жұқпалы аурулардың өзінің табиғатына қарай жұқпалы емес аурудан кәдімгідей айырмашылығы бар, сондықтан жануарлар патологиясында ерекше орын алады.Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және арнаулы бағыт болып табылады.Ет, сүт, жұмыртқа және басқа тамақ және шикізат өнімдерін өндіру мал шаруашылығы қызметкерлерінің алдына қойылған өзекті мәселенің бірі.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау - мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген.
Осыған байланысты, еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті - малдың және құстың өлімін және ауруын төмендету үшін, ветеринарлық - санитарлық шаралардың жүйесін іске асыру болып табылады.
Ветеринарлық мамандардың жұмысының үлкен экономикалық және социальды маңызы бар, өйткені олар адамдарды мал мен адамға ортақ аурулардан сақтайды.
Нақты жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде, оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет.
Сондықтан да, жұқпалы ауруларды зерттегенде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларымен күресудің басты шаралары жоспарлы түрде жүргізілгенде ғана, оның тиімділігін арттыруға болады.

II.Негізгі бөлім

2 .1Маңқа ауруы

Қоздырғышы-Streptococcus mallei.
Қоздырғышы - маллеин бактериясы. Сыртқы ортаға және дизенфекциялық заттарға төзімді. Бактерия сыртқы жағдай мен зарарсыздандырғыш заттарға онша төзімді емес, лас, шалшық суда 15 -- 30 күн, несепте 4 күн ішінде қырылып қалады. 70 градусқа дейін ысыған суда 5 -- 6 минут ішінде, ал қайнап тұрған суда сол бойда қырылады.
Маңқамен жылқы, есек, қашыр, кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.
Жіті маңқа клиникалық белгілері бойынша анықталады да, бактериологиялық зерттеу, сондай-ақ қан сары суын КБР (комплемент байлаланыстыру реакциясы) әдісімен зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады. Маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.
Маңқаның жіті түрін комплемент байланыстыру реакциясы бойынша анықтайды. Күдікті жағдайда Штраус реакциясын пайдалана отырып, теңіз шошқасының еркегін биологиялық сынаудан өткізеді; осы хайуанның құрсағын көмкерген көк шандырға маңқа бактериясын енгізгенде оның ені қабынып ісіп кетеді (орхит).

2.2Аурудың шығуы мен жұғуы

Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат, қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады. Ауру мал сау мал бірге болғанда азық арқылы, жайылымдға, суда,(жүген, тоқымумал күтетін заттар арқылы жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауырып және ауру таратуы мүмкін.
Жасырын кезең 2 -- 15 күнге созылады. Белгілеріне қарай маңқа -- етше маңқасы, кеңсірік маңқасы және тері маңқасы болып, ал барысына қарай жіті және созылмалы маңқа болып бөлінеді. Инкубациялық период 2-3 аптадан, 2-3 айға созылуы мүмкін.
Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпе маңқасы өте жай дамиды, білінбей ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі.
Ж і т і м а ң қ а. Мұнымен көбінесе құлын ауырады. Ауру малдың температурасы қауырт көтеріліп, жүрек соғуы күрт әлсірейді, азыққа тәбеті тартпай, жалпы күйі ете-мөте нашарлайды.
Танаудың кілегейлі қабығы қызарып кетеді, желбезектің бір не екі жағында айналасы қызыл шеңбермен көмкерілген сарғыш-сұрғылт түсті қатты түйнекшелер пайда болады. Келесі күндері бұл түйнекшелер ыдырап езіледі де, бүршікті ткань шала жетілгендіктен олардың орнында ернеулері опырылып ирелендеген, әрбіреуінің түпкі жағы ет майы тәрізді, түсі тоң майдың түсі тәріздес көптеген сопақша жара пайда болады.
Жаралар бірімен-бірі ұласып, тез ұлғаяды да, көбіне кеңсірікті тесіп өтеді, танау-маңдай қуысын закымдайды. Танаудың іші қан араласқан сасық іріңге толады, екі танаудан, аққан ірің танаудың айналасына жиналып кебеді де, қабыршаққа айналады. Тынысы тарылып мал пысылдайды. Алқым бездері ұлғайған, адыр-бұдырлы келеді, сипалағанда ығыспайды.
Өкпесі зақымданса, мал демігеді, жөтеледі. Тыңдаған кезде кейде дымқыл сырыл естіледі. Кеудесін нұқып қаққанда өкпенің кейбір жерлерінен әдеттегі дүңкілдеген ашық дыбыстың орнына тықылдаған күңгірт дыбыс естіледі.
Терісі зақымданған жағдайда, ол көбіне малдың аяқтарында кездеседі, сөл бездері мен қан тамырлары қабынады.
Алғашқы кезде сөл бездері қап-қатты нығыз келеді, ал кейін жұмсарып ыдырайды, мұның нәтижесінде ойылған терең жаралар пайда болады, олардан май тәрізді жабысқақ сары сұйық зат ағып тұрады. Көптеген жағдайда дәнекер тканьінің шектен тыс қаулап өсуіне байланысты малдың зақымданған аяқтары дүмпиіп жуандайды (ұра).
Клиникалық белгілері бірте-бірте жойылып, жіті маңқа созылмалы маңқаға айналады. Ауру асқынса, маңқаның зардабы бүкіл денеге тарайды, мұның салдарынан ауру мал әбден арып, өліп калады.
С о з ы л м а л ы м а ң қ а. Желбезекте түйнекшелер мен ойық жаралар пайда болады, алқым бездері сәл зақымданады, олар ұлғайып, нығыздалады және жөнді қозғалмайтын болып қалады. Қайсыбір жаралар жазылып кетуі мүмкін, олардың орнын дәнекер ткань басып, жұлдыз тәрізді тыртыққа айналады.
Маңқа ұзаққа созылса, өкпедегі зақымдану белгілері білінбейді, оларды мал өлгеннен кейін ғана көруге болады. Терінің сөл тамырлары сәл ғана зақымданады. Ауру бірнеше айға, тіпті талай жылға созылады, әлсін-әлсін асқынып отырады. Ұзақ уақыт бойы улану салдарынан мал әбден арықтап өледі.

2.3Өлекседегі патологиялық - анатомиялық өзгерістер

Желбезектің бір не екі жағынан маңқаға тән көптеген түйнекшелері мен ойық жаралар табылады. Алқым бездерінің көлемі ұлғайған, олар қабынған, олардың кей жерлерінде маңқа түйнекшелері байқалады.
Тері маңқасы болса, қабынған сөл тамырларын бойлай құрылысы өзгерген сөл түйіншелері орналасады. Оларды терең түп жағы ұшық жара басып кеткен. Ішкі органдардан және сөл бездерінен маңқа түйіндері мен одан да үлкен ошақтары табылады.
Ескі түйіндердің ортасынан әк шөгіндісі табылуы мүмкін. Өкпеден жалқаяқ жиналып қабыну, бронхоэктазия, каверна (қуыс), сондай-ақ көптеген маңқа түйіндері сияқты зақымдарды байқауға болады.
Осындай зақымдар бауырда, талақта, тіпті жүрек еттерінде де кездеседі, маңқа түйіндері мен паразит түйіндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Соңғылар әдетте қос қабықты болып келеді, көбінесе олардың ішінен паразиттер табылады.

2.4Аурудан арылу және одан сақтану шаралары

Емі. Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру. Дәрі - дәрмекпен емдегеннен ешқандай нәтиже шықпайды. Жылқы өздігінен жазылып кетпейді.
Маңқа шыққан шаруашылықтағы жылқылар тиісті ережеге сәйкес 4 топқа бөлінеді.
Бірінші топқа маңқаның клиникалық сипаты анық білінген жылқы жатқызылады. Оларды өлтіреді де, ішін жармастан өртеп жібереді.
Екінші топ -- ауру белгілері көмескі, маллеинге реакция берген жылқы; олардың қаны КБР әдісімен тексеріледі. Анық реакция берген жылқыны өлтіреді де, реакция бермеген жылқыларды маллеиншілер деп табады.
Үшінші топ -- ауру белгілері жоқ, бірақ маллеинге реакция берген жылқылар. Олардың қаны 1,6 және 15-ші күндері КБР әдісімен екінші рет тексеріледі. Айқын реакция берген мал маңқа деп табылады да, құртып жіберіледі.
Төртінші топ -- күдікті жылқылар. Оларды мезгіл-мезгіл клиникалық бақылаудан өткізіп тұрады, барлық зерттеуден теріс нәтиже шыққанша осы топтағы жылқыларды көздеріне маллеин тамызып тексеріп отырады, басқа жылқылармен жанастырмай, бөлек бағады, сол ауру шыққан шаруашылықта ғана жұмысқа пайдаланылады.
Ат қора құрамында 3 процент белсенді хлоры бар тұндырылған (мөлдір) хлор ерітіндісімен, күйдіргіш натрдың 4 проценттік ыстық ерітіндісімен немесе. күкірт-карбол қосындысының 5 проценттік ерітіндісімен дезинфекцияланады. Ауру малдың көңі өртеп жіберіледі, күдікті жылқының көңі биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді жояды.
Маңқадан сақтану үшін барлық жылқы клиникалық бақылаудан өткізіліп, көзге маллеин тамызу әдісімен зерттеліп отырады.
Мұрын маңқасы. Мұрын кілегей қабықтары қызарады, мұрын тесіктерінен ақшыл, ақшыл-сары сұйық ағады, кейде қан араласып ағуы мүмкін, мұрын айналасы қатпаршықтап кетеді, жұтқыншақ қабынуы (ісік пайда) болады, тыныс алуды қиындатады мұрын пердесінде майда маңқа түйіндері (төмпешіктер пайда болады, оның түсті ақшыл сары. Маңқа түйіндері, жарага айналады, жара айналысы, жайылған емес, ортасы саргыш май түсті болып түрады.Кейбір жаралар мұрын пердесін тесіп өтуі
мүмкін, жараның жазылуы, қиын, ұзаққа созылады. Жазылған жағдайда
дене тканьдер әсіп, тыртыққа (рубец) айналады. Мұрын пердесін рефлектормен көру керек.Лимфа түйіндері (жақ асты түйіні) үлкендігі, тауық жұмыртқасындай болып, қатты, бұдыр-бұдыр, сипағанда өте салқын, ауырмайды, іріңдемеген.
Тері маңқасында, лимфа (без) жүйесінде, теріде және тері астына маңқа түйіндері пайда болады. Олар тез жорылып, орнына ортасы сары майға ұқсас жараға айналады. Әсіресе артқы аяқтың терісі көп ауырады, Ауру ұзаққа созылғанда артқы аяқ жуандап кетеді (слоновость).

Маңқаны анықтау үшін;
1) клиникалық белгісіне
2)маллейн пробасы (тексеру) жасайды.
3)бактериялық (патологиялық) материалды тексереді. Лабароторияға жібереді.
Жылқының өлігін (адамға жұғатын болғандықтан) сойып қарамайды.Көзге малленизация жасау (офтальмомалеинизация) үшін, 2-3 маллейн тамшысын, пипеткамен көзге тамызады. Реакцияны оқу әр 3, 6, 9, 12 және 24 сағатта өткізеді.Оң реакцияда, көздің айналасы қызарады, жас ағады және ірің (әрқанша түрде) көздің ішкі бұрышынан ағады.Күдікті реакцияда көз қыздырады ісінеді, жас агу, іріңсіз болады. Теріс реакцияда көздің клегей қабықтары өзгеріссіз болады. Күдікті реакция болғанда, көзбен тексеруді 5-6 күннен кейін, дәл сол көзді қайта тексеру керек.Көзге малленизация жасайтын клетка стерильді болу керек. Малленизацияның таңертең ерте жасау қажет, себеб реакция оқуға ыңғайлы болуы үшін.

2.5Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою

Инфекциялық аурумен күресуде басты шаралар үш бөліктен тұрады-
1) аурудың көзін жою
2) ауруды тарату жолдарын, жағдайларын жою
3) малдың ауруға қарсы туралататын каблетін көтеру.
Айтылған шаралар профилактикалық (аурудың алдын алу, сактандыру) және лажсыз (ауру шыққан соң) болатын шаралардан тұрады.Профилактикалық шараларға, малды азықтандыру, суғару, күту, бағу жатады. Малды күтүшілердің жеке гигиенасын сактау (арнайы киіммен камтамасыз ету, дизенфекциялық және жуушы дәрі - дәрмектер бөлу т. б) керек.
Мал фермаларын қоршау, суды, суғару суаттарын реттеу мал азықтарын үнемі тексеріп отыру малды әр кезде малдэрігерлік тексеруден өткізіп отыру қажет.
Сақтандыру мақсатында малдарды клиникалық тексеруден, диагностикалық - лабораториялық тексеруден өткізіп отырады. Ауру малды уақытылы бөліп алып емдейді. Күдіктенген малдарды вакцинация жасайды (етке; тері астьша вакцина егеді). Қазырғы кезде ачрозолттык вакцинация (әсіресе құсқа, шошқаға кеніннен қолдануда, соны іске асыру керек.
Құрт ауруларының алдын алу үшін дегельмтизация жасау керек. Ауруды сактандыру шарасын іске асыру және оны жоюға Қ.Р малдәрігерінің, бекіткен уставын (жарғыны)және заңын сөзсіз іске асыру болып табылады. Оны іске асыру жеке адам болсын, ферма иесі болсын, жеке мал иесі болсын міндетті және сөзсіз іске асуға тиіс.
Жұқпалы аурудың алдын алу таратпау үшін ең маңызды шара бұл карантин. Бұл шара ауру шықсадқ.ауру шықпасада іске асыру керек. Мал дәрігерлік устав бойынша, ферма және аулға келген мал 30 күн карантинде болуы керек. Мал келген кезде малдәргерлік тексеруден өтуі тиіс. Ал ауру шыққан жагдайда ауылға, фермаға карантин сальшуы қажет. Фермаға бөтен адам, (тек фермада істейтіндер ғана кіреді), көлік, атты адам кіріп шықпауы керек. Ол жерден жем, шөп (жалпы азықтың барлық түрі) сабан, силосты әкелуге және әкетуге тиым салынады.
Карантин салынған аумағы шамамен 1000м*1000м территория қоршалып, малды күтіп бағатын адамдардан басқа адамдар ол жерде кірмеу керек. Ауру малды үнемі мал дәрігерлік тексеруден өткізу қажет, ауру малды тез арада бөліп емдеу керек. Мал дәрігерлік саяси ағарту жұмыстары (лекция, баяндама, әңгіме т.б.) халықпен, күтінуші персоналмен, өзін аурудан сақтандьфу, ауруды таратпау және жою жөнінде әңгіме өткізу керек. Ауру шыққан туралы бұхаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабар тарату қажет.
Ауруға бейім мал түгелдей балаулык тексеруден өтеді. Ауруға жаппай тексеру үшін әдетте клиникалык, серологиялык, аллергиялық әдістер қолданылады. Бұл зерттеудің нәтижесінде барлық жануарлар үш топка бөлінеді: ауруы айкын, ауруы дүдәмал және аурудың жұғуы күдікті.
Ауруы айқын жануарларға диагнозы күдіксіздер жатады да, олар жедел баска малдардан бөлініп, жеке қора-жайға да, ауыстырылады. Бұл малдарды күтуте бөлек адам тағайындалады да, аурудын ерекшелігіне байланысты оларды емдейді, болмаса сояды бруцеллез, туберкулез т.б. не жояды.
Ауруы дүдәмал жануарларға диагнозы түпкілікті қойылмағандар жатады. Олар - клиникалык, белгілері айқын немесе зерттеудің нәтижесі дүдәмал болғандар. Мұндай малдар ауруы айкын және аурудың жұғуы күдіктілерден жеке бөлініп алынады. Олар қосымша кайтадан тексеріледі де, диогнозы айкындалса ауруы айкын малдарға, ал диагнозы растамаса аурудың жұғуы күдіктілерге косылады.
Аурудың жұғуы күдіктілерге барлық калған малдар жатады. Олар ауруға шалдыққандармен жанаскан себепті дәрігерлік бақылауда болып, ретті түрде ауруды балау үшін арнайы тексеруден өтіп түрады. Тексеру малдын. ауруға шалдығуы біржола тоқтағанша жұргізіледі. Әрбір балаулық тексеруден кейін ауырған жануарлар бөлініп окшауланғаннан соң қоражайға ағымдағы дезинфекция жасалынады. Сонымен катар жұқпалы аурудың ерекшелігіне байланысты 6ұл топтағы жануарларды иммуңдейді белсенді немесе енжар әдіспен болмаса микробтарға қарсы әсер ететін емдік-дауалык дәрмектермен домдайды. Аса қауіпті аурулар кезінде мысалы, шошка обасы індет ошағындағы барлық жануарлар сойылады.
Жұқпалы аурулардың емі. Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешеңді түрде жүргізіледі. Бұл кешен этиотропты және симптоматикалық емдеу шараларынан тұрады.
Этиотропты ем - аурудың себебіне этиологиялык факторына, яғни оның коздырушысына қарсы бағытталады. Ол үшін сол Ауруға тән өзгеше және сонымен катар өзгеше емес дәрі-дәрмектер қолданылады. Белгілі бір аурудың коздырушысына ғана ететін өзгеше дәрмектерге иммунді қан сарысуы, иммупоглобулиндер, бактериофагтар жатады. Өзгеше емес дәрі- дәрмектерге антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және химиялык препараттар жатады.
Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай, күйіне байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады. Оларға жүрекке әсер ететін, қақырық түсіретін, зәр шығаратьш дәрілер, су-тұз алмасуын қалпына келтіретін ерітінділер, дененің жалпы куатын арттыратын, десенсибилизациялайтын, т.б. дәрмектер жатады.
Жұқпалы ауру кезінде емдеу толық курс ретінде жүргізіледі Аурудың беті кайтып, клиникалық беліілері өше бастаған сәтте емдеуді тоқтауға болмайды. Емдеу курсы толық аяқталмаса ауру кайта өрбіп, рецидив беруі мүмкін жұқпалы ауруға шалдыққан жануарларды мысалы, бруцеллез, туберкулез кезінде санитарлық қасапханада сояды. Егер ондай мал тым көп болса, ет комбинатының сою цехын пайдаланады. Ол үшін ауру малды соятын арнайы санитариялық құн белгілеп, сойым аякталғаннан кейін бүкіл цехка дезинфекция жасалынады. Сойылған малдан алынған өнімді азық-түлікке пайдалану аурудың түріне, ветеринарлық-санитарлық сараптың қорытындысына, бактериологиялық тексерудің нәтижесіне байланысты шешіледі.
Аса қауіпті инфекциялар кезінде кұтырык, шошқа обасы, топалаң ауру малдың ұшасы техникалық пайдалануға жатқызылады немесе өртеу аркылы, не баска жолмен жойылып жіберіледі.

2.6 Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар

Індетке қарсы шаралардың маңызды бір бөлігі ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Олар негізінен хайуанаттарды ауруға төзімділігін арттыруға және оларды ауру жұғу каупінен корғауға бағытталған. Аурудын малға жұғуына қарсы шаралар инфекция коздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде қарастырылатындықтан бұл жерде жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру жайы сөз болады.
Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру - фермаларда жүргізілетін барлық шаруашылыққа қатысты іс-әрекеттердің ең өзекті мақсаты. Оны қамтамасыз ету үшін кең аукымды экономикалық - ұйымдыстыру, селекциялык-зоотехникалық, ветеринариялық - санитарлық шараларды іске асыру керек. Өнімді көп беретін малды өсірумен қабат олардын ауруға төзімді болуына да көңіл бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, оның күтіміне де байланысты екені анық. Сондықтан қора-жайдың, жайылым мен өрістің, соңдай-ақ малды азықтандыру және суару, пайдалану санитарлық-зогигиеналық талаптарға сай жүргізулері керек. Жануарлардың ауруға төзімділігіне әртүрлі стресс жағдайлар кері әсер етеді. Оларға сапасыз жемшөп және су, олардың құрамында болатын зиянды коспалар, ауаның қалыптан тыс температурасы, ылғалдылығы, қысымы, газдык, құрамы және шаң -тозаң жатады. Қорада немесе торларда жануарлардың аса орналасуы, әртүрлі механизмдердін жұмысына байланысты шулы дыбыстар, жануарларды көлікпен тасымалдау оларға зиянды әсер етеді. Сондықтан да жыл мезгілі ауыскан шақта, малды қыстаудан жайылымға шығарғанда немесе керісінше қыстамаға ауыстырғанда, сондай-ак көлікпен тасымалдағанда стресс - факторлардың жануарларға жайсыз әсерін мейлінше болдырмауға бағытталған арнайы шаралар қолдану қажет. Ауа райының кұбылмалы шақтарында: қарлы жауын, боран, катты аяз, аяздан кейінгі жылымық кезінде малдың, күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Малдың күтіміне азықтандыру рационына, бос жіберілуіне моцион күнделіктібақылау - жануар организмінің ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды алғы шарттар.
Жұкпалы ауру шыққан сәтте аталған шараларды орындау жеткіліксіз. Ол шарттар ауру болмаған уақытта да тиянакты түрде іске асырылып отыруы керек. Жұқпалы ауру байқалғанда, сол ауруға қарсы иммундік дәрмектер қолданылады. Егер жануарлар инфекция коздырушысының бастауымен жанаспаған болса, вакциналау арқылы белсенді иммудеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қолдан жұктыру аркылы ауруды жасанды түрде қоздырып, иммунитетті қалыптастыруға тиым салынған.
Егер жануарлар инфекция коздырушысының бастауымен жанаскан болса, немесе тез арада ауру шығып кету каупі туса, онда иммуноглобулиндік дәрмектер арқылы енжар иммундеу әдісін қатар қолдану, яғни симультанды иммундеу, жақсы нәтиже береді. Бұның нә тижесінде егілгеннен соң бірден организмде енжар иммунитет калыптасады да, ол әлсірей бастаған кезде белсенді иммунитет күшіне енеді. Есте болатын бір жай, аса қажеттілігі болмаса енжар иммундеусіз - ак, белсенді иммундеу әдісін жеке қолдану дұрыс. Өйткені енжар иммунитеттің әсерінен белсенді иммунитеттің күші төмендейді.

2.7 Індет ошағының түрлері

Індет ошағы деп індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы күштері инфекцйия қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер етітін кеңістік аталады. Екінші сөзбен айтқанда індет ошағы ауру қоздырушысы орын тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қауіпі сақталған аймақ.
Індет ошағы ұғымын инфекция ошағы ұғымымен шатастырмау керек. Індет ошғы аймаққа тән ұғым болса, инфекция ошағы организмде болады. Инфекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған дертке шалдыққан дене мүшесі немесе ұлпаныайтамыз. Індетті ошағының әрекентті және әрекетсіз түрлері болуы мүмкін.
Індет ошағын жою - жұқпалы аурулармен күоресудің басты мақсаты мен негізгі жолы. Індет ошағын жоюдың міндетті шарттары: инфекция қоздырушысының бастауын құрту және сыртиық орта объектілерін түбейгейлі зарарсыздандыру. Бірақ кей жағдайда зардапты микроб қалай да болмасын, сыртқы ортада сақталып қалады.

Табиғи індет ошағы деп - белгілі бір жұқпалы ауруды қоздырушының тағы жануарлардың арасындағы айналымда
болатын аймақты айтады. Құтырық, тулеремия, листериоз, лептоспир-оз және т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Қуық жүйесі
Жылқының ринопневмониясы, дауалау шаралары
Жіті нефрит
Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы
Түйенің оба ауруы
Ішкі жұқпалы емес аурулар
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары
Пәндер