Асыл Мерей базарының зертханасының құрылымы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес
акционерлік қоғамы

Кафедра: Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена

ЕСЕП
Өндірістік тәжірибе бойынша

Базасында: Алматы қаласы Түркісіб ауданының Асыл Мерей базарының зертханасы.

Орындаған: Ветеринариялық-санитария мамандығының 4 курс 411 топ студенті
Тастанбекова А. Қ.

Тексерген: Джунисбаева С.М

Алматы 2017 ж

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.Асыл- Мерей зертханасының толык міңездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Зертхананың ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылуы мен кұрылымы.Ветеринарлық мамандардын құқықтары мен міндеттері ... ...
3.Дезинфекция,дезинсекция,дератизац ия шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.Бөлім бойынша тапсырмаларды орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.1.Мал ұшасын және ағзаларын тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.2. Сүт және сүт өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау ... ... ... ... .
4.3.Тауық жұмыртқасын тексеру. Көкөністерді ветеринарлық санитарлық
сараптау . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.4 Қан тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Мен, Тастамбекова Аяулым Қажыбекқызы ҚазҰАУ Ветеринария факультетінің Ветеринарлық санитария мамандығының 4курс студенті Өндірістік практикамды Алматы қаласы Сүйінбай даңғылының бойында орналасқан Асыл Мерей базарының зертханасында өткіздім.
"Алматы қаласында орналасқан ,Асыл-Мерей " мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы Асыл-Мерей " мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Зертханада қызмет атқаратын жалпы жұмысшылар саны 4. Оның ішінде ветеринарлық мал дәрігерлер саны 2-еу, 1 инспектор және 1 бөлім меңгерушісі. Мен мамандығым бойынша тәжірбиеден өту барысында, жоғары оқу орнымнан алған теориялық білімімді ,тәжірбие жүзінде жүзеге асырып білімімді нығайттым.Базарда жүргізілетін дезинфекция,дезинсекция,дератизация т.б ветеринариялық санитариялық шаралармен таныстым. Менің тәжірбиеден өткен негізгі мақсатым:зертхана жұмыстарына қатыса отырып,теориялық білімімді тәжірбие жүзінде іске асыру,зертханадағы заманауи құрылғылармен танысу,тағам қауіпсіздігін анықтауға арналған жаңа әдістер мен техникалық құралдарды меңгеру.
Өндірістік тәжірибенің міндеттері:
Асыл Мерей базарының зертханасының құрылымымен танысу, жұмыс тәртібін меңгеру;
Асыл Мерей базарының зертханасында жүргізілетін дезинфекциялық жұмыстармен танысу;
Асыл Мерей базарының зертханасына әкелінген ет және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау; Асыл Мерей базарына келіп түсетін өсімдіктер мен жеміс-жидектердің сапасын бағалау;
Асыл Мерей базарының зертханасынан алынған мал қандарын бруцеллезге тексеруді меңгеру.
Асыл Мерей базарына келіп түсетін өсімдіктер мен жеміс-жидектердің сапасын бағалау;
Асыл Мерей базарының зертханасынан алынған мал қандарын бруцеллезге тексеруді меңгеру.

1.Асыл Мерей зертханасының толық мінездемесі

Алматы қаласы,Түрксіб ауданында орналасқан Асыл-Мерей базарының ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы.Зертхананы базарға келіп түсетін азық-түлік өнімдеріне күнделікті сараптау жүргізіп отыратын ветеринарлық дәрігер басқарады.
Тәжірбиенің бірінші күнінде ветеринарлық дәрігер бізге базарды таныстыру инструктажын өткізді,базардың сауда павильонынының ішінде орналасқан,ғимаратта сол базардың зертханасымен таныстырды.Зертхана таза және жұқпалы болып 2 аумаққа бөлінеді. Таза аумақта:сырт киімдерге арналған бөлме,стерилизацияға дайындық жұмыстарын жүргізуге арналған бөлме,вет.дәрігердің кабинеті орналасқан. Жұқпалы аумақта:материалды қабылдау және тіркеу бөлмесі,тексеруге келген етті қабылдап алуға және тексеруге арналған орын,термостат және автоклав бөлмесі. Зертхана өндірістік және санитариялық-гигиеналық талаптарға жауап береді. Сауда орындарында ет және басқа да мал өнімдері мен өндірістік өнімдер санитарлық талаптарға сай.Үстелдің беті мәрмәрмен және бетонмен қапталған.Субөнімдер жеке металдық табақтарда сақталады. Зертханада қалалық немесе аудандық Мемлекеттік вет.қызметтің жетекшісі қол қойған немесе мөр басылған тіркеу журналы бар. Зертханада жүргізілетін зерттеулер:етті және субөнімдерді,сүт және сүт өнімдерін,құс жұмыртқасын,жеміс-жидектерді т.б ветеринарлық санитарлық сараптау. Зертхана құрылғылары:трихинеллоскоп,микроско п,овоскоп,электрлік пеш,зертхана ыдыстары т.б
Зертханада капиталды жөндеу жұмыстары соңғы рет 2009 жылы жүргізілген.Су құбыры жолдарына 2010 жылы жасалған.Ағымды жөндеу жұмыстары жыл сайын өткізіліп отырылады.

2.Зертхананың ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылуы мен кұрылымы.Ветеринарлық мамандардын құқықтары мен міндеттері

Азық- түлік базарында орналасқан ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасы тәуелсіз мекеме болып табылмайды.Аудандық немесе қалалық ветеринарлық станцияның құрамына кіреді.Соған қарамастан ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасының азық-түлік базарында өзінің жеке меншік бланктары,мөрі,таңбасы бар.Зертхананың орналасу орыны,коммуналдық төлемдер базардың администрациясынын есебінен болуы тиіс.

Асыл Мерей базарының зертханасының құрылымы:

1. Салқындатқыш камера
2.Тексеруге келген етті қабылдауға арналған орын
3.Кіре беріс
4.Реактивтер жасайтын бөлме
5.Аппараттар орналасқан бөлме 6.Құжаттармен жұмыс жасайтын кабинет
7.Стерилизацияға дайындық жүргізуге арналған бөлме .
Ветеринарлық мамандардын міндеттері:
-Ұйымдарды жүзеге асыру және ветеринарлық шараларды жүргізу:
-Ветеринарлық қызмет көрсету: -Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді орындау -Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің құзіреттілігімен бірлесе отырып,адам және жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың туындауының алдын алу шараларың жүзеге асыру:
-

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық қағидалары
Жалпы ережелер
Осы Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық қағидалары дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы Санитариялық қағидаларда мынандай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
дезинфекциялық жабдық - дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар;
дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі - дезқұралдар) - дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер;
дезинсекция - жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою бойынша іс-шаралар кешені;
дератизация - кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
қорытынды дезинфекция - науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;
профилактикалық дезинфекция - анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені (дезинфекция, дезинсекция мен дератизациялауды қамтиды);
стерилизация - қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою;
Дезқұралдарды сақтау және тасымалдау Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Дезқұралдардың жұмыс істеуге арналған ерітінділерін дайындау, уланған қармақтарды әр жерге қою, дайындау жөніндегі жұмыс міндетті түрде арнайы киімді (бұдан әрі - арнайы киім) және жеке қорғаныш құралдарын (костюмдерді, қолғаптарды, бас киімді, противогазды немесе респираторларды) пайдалана отырып жүргізілуге тиіс. Ең бірінші қолғапты жуып шешу керек, содан соң басқа қорғаныш құралдары шешіледі. Үй-жайларды өңдеу кезінде оператор әрбір 40 минут сайын 10-15 минутқа таза ауаға немесе өңделіп жатқан аймақтан тыс шығуға тиіс.

2.Ветеринарлық санитариялық сараптау бойынша атқарылатын жұмыстар

Ветеринарлық санитариялық сараптау негізінен көптеген ғылымдармен тікелей байланысты. Тағам өнімдері және шикізат өнімдерін сантариялық-гигиеналық зерттеулерді жүргізу барысында негізгі бағыт болып табылады.
Күнделікті қолданылатын сүт және сүт өнімдері,ет және ет өнімдерін,азық-түлік өнімдерін,бал,балық т.б көптеген өнімдердің сапасын анықтау оны бағалау,тасымалдау,сақтау,сату барысында жоғары сапалы өнімдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Тәжірибеден өту барысында алған теориялық білімімді тәжірбиемен ұштастыра отырып, малды сойғаннан кейінгі зерттеулер,берілетін құжаттармен таныса отырып білімімді шыңдадым. Сондай-ақ жеміс-жидектер мен сүт өнімдеріне қойылатын талаптармен таныс болдым.
Асыл Мерей базарының зертханасында өндірістік тәжірибемді жалғастырдым ол жерде ет мал ұшалары ғана емес, сонымен қатар сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, балық өнімдері, көкөністер және т.б. өнімдер тексеруді тәжірбие жүзінде игердім. Соған орай зертхана жаңа қондырғылармен қамтамасыз етілген. Зертхана 4 бөлімнен тұрады екен:
1.Тексеруге келген ет және ұшаларды қабылдайтын бөлім.Бұл жерде базарға келіп түскен етті қабылдап,етті және ішкі ағзаларды тексеруден өткіземіз.
2.Инспекторлар құжат толтыратын бөлме. Яғни базарда бір ветеринарлық дәрігер болуы міндетті. Бұл бөлімде инспекторлар келіп түскен ұшанының құжаттарын тексереді. Сою бөліміне келген малда 1 нөмерлі құжат болады. Оны сол аудан немес шаруашылыққа жауапты мал дәрігері береді. 1 нөмірлі құжатты базардағы мал дәрігері алып оны тексеруге жіберуі үшін шикізатқа берілетін 2 нөмірлі құжатты береді.
3.Бұл бөлімде келіп түскен ұшаларды міндетті тексеруден өткізеді мысалы, шошқа етің цистециркозға деген сияқты. Сонымен қатар келген жеміс-жидектер, балық өнімдері,балды , сүтті сезімдік және зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
4.Сүт және сүт өнімдерін тексеретін бөлім.
Мұнда түрлі препараттар, реактивтер және қондырғылар талапқа сай орнатылып, солармен жұмыс жүргізілуде.Мысалы: сүт тексеруге арналған лактан қондырғысы. Бұл қондырғы оның қышқылдығын, тығыздығын, белок мөлшерін, құрамында судың бар жоқтығын 3 минут аралығында анықтап береді.
Мұнда ет, сүт, сүзбе, қаймақ, көкөністер тексеріледі .
Сауда орталықтарына келіп түскен және зерттелген ұшалар саны күнде өзгеріп отырады, көп жағдайда қой ұшалары, ірі қара мал ұшасы, жылқы ұшасы,шошқа ет. Сонымен қатар балықтарды да тексеруден өткіздік.
Базарға таңғы сағат 7-де ет қабылдап алынады. Ең бірінші ветеринариялық құжатын тексеріледі. Мал иесіне жолдау қағазы беріледі, жолдау қағазды сараптау бөліміне өткізу керек. Сараптау бөлімінде ет тексеріліп, сараптау актісі беріледі. Ешқандай ауру белгілері байқалмаған жағдайда, сатуға рұқсат етіледі.
Зерттеу мақсатында сезімдік зерттеу жүргіземіз. Еттің иісі, түсі, дәмі,консистенциясын тексереміз.ірі қара, жылқы ұшасы келіп түсті.
Бауырды сырттай қарап, ұстап тексередім және эхинококкозға, өкпе-диктиокаулезге көкбауыр мен жүректе кездесетін балаңқұртарға тексердім. Жүректің сыртқы сірлі қабығы және жүрек қабының жағдайын тексереді. Содан кейін жүректің оң және сол бөлігін үлкен кривизина арқылы тіледі, бір мезетте жүрек қапшығы мен қабығын ашады. Жүректің бұлшық ет қабатын, жүректің ішкі қабығы, жүрек қан тамыры және қалқанын қарайды. Жүрек бұлшық еттерін тесіп алмай ұзына бойына және көлденеңінен бірнеше тіліктер жүргізеді. Жүректі цистицеркозға тексереміз.

4.1Мал ұшасын және ағзаларын тексеру.

Тексеруді табиғи жарықта өткізген дұрыс болады. Тексерген кезде еттің беткі жағдайына, оның түciнe назар аударамыз. Пальпациялау арқылы жабысқақтығын, еттің беткей және терең қабатындағы ылғалдылықты (жаңа тілген жерге сүзгіш қағазды жапсыру арқылы) анықтаймыз . Сонымен қатар еттегі қан қалдығына, ластануына, зеңденуіне назар аударамыз.
Балауса етте кебу қабығының түci әлсіз қызғылт түстес, ал мұздатылған ұшада қызыл түсті, майы жұмсақ кейбір бөліктері ашық қызыл түсті болады. Бұлшық ет тiлiri әлсіз ылғалды сүзгіш қағазды жапсырсақ қағазда таңба қалмайды. Әр малдың түріне сәйкес eттің түстері: сиыр еті-ашық қызылдан-күңгірт қызылға дейін; қой еті-қызыл түстен - қызыл қоқшыл түске дейін; қозы еті) қызғылт түсті болады.

Консистенциясын анықтау. Консистенциясын анықтағанда еттің бетін саусақпен басамыз, сол кезде етте шұңқыр пайда болады. Осы шұңқырдың қалпына келу жылдамдығына назар аударамыз. Балауса еттің тілген жері тығыз, серпімді саусақпен басқандағы пайда болған шұңқыр тез қалпына келеді. Күмәнді балауса еттің кескен жеріндегі тығыздығы мен серпімділігі нашар, ал саусақпен басқанда пайда болған шұңқыр біраздан соң (бip минут ішінде) қалпына келеді. Бұзылған еттің тілген жері босаң саусақпен басқандағы пайда болған шұңқыр қайтадан қалпына келмейді.

Майдың жағдайын анықтау. Майдың жағдайын анықтағанда түріне, түсінe, иісіне, түсіне майдың консистенциясына назар аударамыз.
Балауса сиыр майы ақшыл, сары түсті болады. Консистенциясы қатты, жаншып басқанда үгіліп кетеді. Доңыз майы ақ немесе аздап қызғылт түсті жұмсақ серпімді болып келеді. Қой майы ақ түсті консистенциясы тығыз болып келеді.

Иісін анықтау. 20 г фаршты 100 мл конус колба iшінe салып үстіне 60 мл дистилденген су құямыз да , оны мұқият араластырып сағат шынысымен жауып су моншасына қоямыз. Сорпаның иісін 80-85 0С температурада қайнаған кездегі колбадан шығып жатқан будан анықтаймыз. Одан кейін сыйымдылығы 25 мл, диаметрі 20 мм-лік цилиндрге 20 мл сорпаны құйып алып, көзбен қарау арқылы мөлдірлік дәрежесін анықтаймыз.
Балауса еттің сорпасы хош иісті тұнық немесе мөлдір болып келеді. Балаусалығы күмәнді еттің сорпасы мөлдір емес немесе лайланған, ал бұзылған еттің сорпасы лайланған, иісі өткір, жағымсыз болып сорпада үлпек денелер кездеседі.

Пероксидаза реакциясы. Пероксидаза тотыққыш фермент болып табылады, балауса етте ол белсенді, өнім сапасы төмендеген жағдайда оның белсенділігі төмендейді.
Реакция мәні. Ет құрамындағы пероксидаза сутегі асқын тотығын оттегі түзе отырып ыдыратады. Түзілген оттегі бензидинді тотықтырады да, парахинондиимид қосындысы түзіледі. Ол өз кезегінде тотықпай қалған бензидинмен әрекеттесіп, біртіндеп қоңырға айналатын көк түс береді.
Жүргізу реті: Реакцияны еттен алынған фильтратқа қояды, себебі қан айналымы жоғары, тотығу-тотықсыздану үрдістері белсенді жүреді және онда фермент бар. 5г ет кесіп алып ұсақтайды, үстіне 50 мл дистильденген су құйып, экстрагирлейді және сүзеді. 2 мл фильтрат алып, оған 5 тамшы бензидиннің 0,2%-дық спирттік ерітіндісін және 2 тамшы 1%-дық сутегі асқын тотығын тамызады.
Бағалау:
1. пробиркада қоңырға айналатын көкжасыл түс - ет балауса;
2. пробирка түсі өзгермейді немесе бірден қоңыр түс берсе еттін балаусалығы күмәнды немесе балаусалығы төмен;

Паренхималық мүшелерін тексеру.
Тәжірибеден өту кезінде осы тексерілген ұшалардан ешбір індетті ауру табылмады, ал инвазиялық аурулардан эхинококкоз ауруы 1 ірі қара малдың өкпесінде анықталды.
Эхинококкоз - үй жануарлары мен адам арасында кеңінен таралған. Бұл дертке шалдыққан мал арықтайды. Эхинококкозбен ауырған ірі қара 5,5 кг ет, 2,5 кг май кем береді екен. Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, түлкі ащы ішегін мекендейді, ал көпіршіктері адам, үй жіне жабайы тұяқтылардың өкпесінде, бауырында тіршілік етеді.
Бауыр . Консистенциясын басып қарағанда бірден қалыпқа келмеді. Бауырда бірнеше эхинококкоз көпіршігі табылды. Кесіп қарағанда қанталамаған.
Жүрек. Ешқандай ауру белгілерінсіз. Эхинококкоз көпіршігі табылмады.
Өкпе. Бірқалыпты, ауру белгілерінсіз.
Санитариялық бағасы: егер көпіршіктер саны көп болса, онда ағзаны утилизациялаймыз. Аздаған ғана зақымданулар болса, тазартқаннан соң жіберіле береміз. Конфискаттарды ит - мысықтарға бермей, дереу жою керек.
Фасциолез- малдардың өт жолдарында, өт қабында, кейде ұйқы безінде не басқа мүшелерінде кездесуі мүмкін. Ол үлкен құрт, яғни ұзындығы 3-5см болып келеді. Өзге сорғыштардан айырмашылығы мөлшерінің үлкен болып келуі және жыныс мүшелерінің күрделілігі. Көптеп тарамдалған жатыр құрсақ сорғышынан кейін орналасады; сосын аналық без, ал денесінің бүйірлерінде саруызды қапшықтар орналасқан. Денесінің ортасында аталық безі кездеседі.
Фасциола малға механикалық әсер етеді. Олардың тіршілігінде түзілетін улы заттар аллергиялық әсер береді. Олар- эритроциттерді, лейкоциттерді және өт жолдарының эпителий жасушаларын жұтып қоректенеді. Сондықтан бауырда цирроз байқалуы мүмкін. Мұны лабораториялық анықтау үшін фекалийді микроскоп арқылы ерттейді.
Санитариялық бағасы: фасциола табылған мал ағзасын утильдейміз, ал ұшасын пайдалануға жібереміз.
Тәжірибе барысында базарға келген қойдың бауырынан дикроцелиилер табылды. Дикроцелиоз бауыр және ұйқы безінің зақымдануымен сипатталатын гельминтоздық ауру болып табылады. негізінен малдарға жайылымда жұғады яғни шөптің басындағы залалданған құмырысқаларды шөппен бірге жеу арқылы жұқтырады.
Санитариялық бағасы ұша шектеусіз жіберіле береді,ал зақымдалған бауыр техникалық өңдеуге жіберіледі.

Конкремент(лат. concrementum). Патологиялық күйді білдіретін тас тәрізді қатты түзіліс. Тіс қуысына, ұлпаға жабысып, тканьдерді қабындырады. Без түтігінің аузын жауып, бөлінетін заттарды іріктейді.

Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.Қою сары ірің сау ұлпаларды қоршап тұратын жасуша сыртындағы сұйықтықтан бөлініп тұрады. Іріңді ісікті кесу немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактериялар тобынан сүт өндірісінде кеңінен пайдаланатына сүт қышқылы бактериялары
Бактериялар тобынан сүт өндірісінде кеңінен пайдаланылатыны сүт қышқылды бактериялары
Барлық ірі қара мал
Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Ойыл уәлаяты
Сарымсақтың химиялық құрамы
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Химиялық элементтердің қасиеттері
Шал ақын
Пәндер