Эндогенді эмболия


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

1. Кіріспе

Өкпе (Pulmones, лат. pulmo - өкпе) - адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 - 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық - өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы - 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

C:\Users\User\Desktop\220px-Heart_ru.svg.png

2. Негізгі бөлім

Тромбоз деп, қанның немесе лимфаның тамыр саңылауында ұйып, оны жарым - жартылай немесе толық бітеп тастап, қан жүруіне бөгет жасауын айтады.

Осындай пайда болған қан немесе лимфа ұйындысын тромб деп атайды. Экспериментте тромбаның пайда болғаның микроскоппен байқауға болады.

Тромбының пайда болу патогенезі . Тромбының пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді: қан ағысының баяулауы, қан тамыры кенересінің зақымдануы, қанның ұю жүйесінің өзгеруі.

Тромбының пайда болуы екі фазада өтеді. Біріншісі физикалық процесс, мұндайда тромбоциттер тамырдың ішкі кенесеріне жабысып, қабатталады. Осы фазада пайда болған тромбыны алғашқы, түссіз немесе ақ деп атайды, әрі ол тромбоциттерден, лейкоциттерден және плазманың кейбір белоктарынан тұрады. Әдетте мұндай тромбалар тамыр кенесеріне тығыз байланысқандықтан ірі тамырдағы қан ағысына елеулі қиындық туғызбайды.

Екінші фаза - қанның ұюы. Жіңішке жіпше түрінде жиналған фибриндер тор құрап, оған эритроциттер түседі де, тромбаға қызыл түс береді. Мұны қызыл тромбалар деп атайды.

Қызыл тромбалар тамырды, көбінесе веноздық тамырды бітеп тастайды. Қызыл тромбалар тамыр кенересіне нашар жабысады, консистенциясы борпылдақ, орнына оңай жылжып, қан арнасына түсіп, тромбоэмболия (қан тамырын бітеу) туғызуы мүмкін. Генездік тұрғыдан әр түрлі екі құбылыс - тромба және эмболия ақыр соңғында тамырды бітеп тастауы мүмкін.

Қанның ұюы нәтижесінде пайда болатын тромбоз - жануарлар әлемінде кең тараған құбылыс. Мұның маңызды қорғаныштық қасиеті болатындықтан қан ағуды тоқтатуды қамтамасыз етеді.

Тромбоз зардабы . Тромбоз салдарынан тромбофлебиттер (венаның бітеліп қабынуы), тромбоартериттер (артерияның қан ұйындысымен бітеліп қабынуы) тромбоэмболиттік аурулар пайда болуы мүмкін.

Тромбоздың жалпы зардабы қан айналуды қиындатады. Артериядағы тромбоз жеке мүшенің қан аздығына, трофикалық бұзылуға, тіпті тканьдерді өліеттендіріп - инфарктқа ұшыратуы, ал венада - іркілу гиперемиясына, ісікке және шеменге шалдықтырып, организмнің әр түрлі функциясын бұзуы мүмкін. Сонымен қоса тромбоз патогенді микроорганизмдердің дамуына және таралуына қолайлы жағдай туғызады.

Маңызды тіршілік органдарының (ми, жүрек) тамырлары тромбозға шалдыққанда, әсіресе, тромбоз кезінде тамырлар толық бітеліп қалған кезде мал бірден өліп кетуі мүмкін.

Тромбоз барысы. Тамыр кенересіндегі майда тромбалар еріп, қан ағысымен шайылып кетуі мүмкін. Ірі тромбалар мал тканіндегі ферменттердің әсерінен ыдырауы (аутолиз) мүмкін.

Тромба барысында пайда болатын маңызды құбылыстың бірі - өзектену (канализация) кейіннен қан ағысының қалпына келуі. Мұндайда тромба мен тамыр кенерісінің аралығында, сондай - ақ тромбаның өз ішінде эндотелиалдық қабатпен қапталған пайда болып, оған қан толады.

Тромба петрификацияға (тканнің әк тұзы сіңіп қатаюы) ұшырауы - қатаюы мүмкін. Бұл ұлғайған веналарда кездеседі, тромбаға әр түрлі кальций тұздары т. б байланылады.

Эмболия. (грекше embole ену, басып кіру) - қан мен лимфа тамырының қан не лимфа ағысына ілесіп келген тромб, май тамшысы, ауа, паразит, бактерия сияқты бөлшектермен (эмболдармен) бітеліп қалуы. Тамырлардың эмболдармен бітелуі эндогендік және экзогендік болуы мүмкін.

Эндогенді эмболия. Пайда болу механизміне қарай эндогендік эмболдардың мынадай түрлері болады:

1) тромботикалық эмболия - жаңадан пайда болған тромбаның майда бөлшектерге ыдырап, қан арнасына түсуінен пайда болады.

2) май эмболиясы - түтікті сүйектердің сынуынан, май клеткаларының (тканьдердің) мылжаланып, тамырға май тамшыларының түсіп, тамырды бітеп тастауынан пайда болады.

3) тканьдік және клеткалық эмболия - шіріген тканьдер бүлініп, ыдыраған кезде ткань элементтерінің тамырларды бітеп тастауынан пайда болады. Ісіктегі клетка элементтерінен де эмболия болуы мүмкін (метастаздану механизмінің бір түрі)

Экзогенді эмболия да пайда болу механизміне қарай үш түрге бөлінеді:

1) ауа эмболиясы - сыртқы ортадан келіп түскен ауаның қан тамырларын бітеп тастауы мүмкін;

2) газ эмболиясы - кесоон ауруы кезінде еріген газдың тамырларды бітеп тастауы;

3) бактериалдық эмболия - организмде инфекция ошағы болған кезде байқалады. Паразиттік эмболия паразиттердің, олардың личинкаларының ішектен басқа органдарға орын ауыстырған кезінде пайда болады.

Эмболия зардабы оның пайда болған орнына байланысты. Эмболия кезінде қан ағысы қиындап, жеке мүшелерде қан айналысы бұзылумен қоса, патологиялық рефлекс те пайда юолып, жеке тканьдер мен тамырлардағы хеморецепторлар, басқа тамырларға таралады.

Қан айналысының кіші шеңберінде мұндай эмболияларға тахикардия (жүректің тез соғуы), демікпе, қан айналысының кіші шеңберіндегі вена мен артерияның түйілуін жатқызуға болады. Қандай тамырдың эмболдармен бітелуіне қарай, қан айналысының кіші шеңберіндегі эмболияға қарағанда, қан айналысының үлкен шеңберіндегі эмболияда функционалдық бұзылу сипаты анағұрлым алуан түрлі болады. Кейде эмболия елеулі функционалдық өзгеріс туғызып, малды өлтіріп жіберуі мүмкін. Вена қақпағының көптеген тармақтарынан, құрсақ қуысы органдарынан бауыр венасының қақпағында эмболдардың келуі біршама сирек ұшырасады, алайда оның зардабы өте ауыр болып, жалпы қан айналысын бұзады.

Эмболия кезінде бұзылу дәрежесі коллатералдық қан айналысының мүмкіндігіне, әрі тездігіне, эмбол/тромб, атмосфера ауасы т. б сипатына байланысты.

Өкпе артерияның тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) - өкпе артериясы негізгі бағаны немесе тармағының кенеттен эмболмен (тромбпен) бітелуінен өкпе паренхимасында қанайналымның тоқтауын айтады.

Дамуы бойынша жіктелуі:

1. Жіті түрі: төсте кенеттен басталған ауыру сезімі, ентігу, АҚҚ төмендеуі, жіті өкпелік жүрек белгілері.

2. Жітілеу түрі: өршіген тыныс жəне оң қарыншалық жетіспеушілік жəне өкпе инфаркты белгілері, қан түкіру.

3. Рецидивті түрі: қайталамалы ентігу, талу, өкпе инфарктының белгілері.

Өкпе артерияларының окклюзиясы дəрежесі бойынша:

1. Шамалы - қан тамыр өрімінің жалпы алаңының 30% (ентігу, тахипноэ, бас айналу, қорқыныш сезімі) .

2. Орташа - 30-50% (кеудеде ауыру сезімі, тахикардия артериальды қысымның төмендеуі, кенеттен əлсіреу, өкпе инфаркт белгілері, жөтел, қан түкіру) .

3. Көлемді - 50% жоғары (жедел оң қарыншалық жетіспеушілік, обструктивті шок, мойын веналарының ісінуі) .

4. Аса көлемді - 70% жоғары (кенеттен ес жоғалуы, дененің жоғарғы бөлігінің диффузды цианозы, қан айналымның тоқтауы, тырысулар, тыныс тоқтауы) .

Жиірек көзі болып табылады:

1. Аяқ веналарының (негізінен мықын-сан сегменті - 90%) жəне кіші жамбастың терең веналарының тромбтары; тізенің терең веналары тромбозы 5% жағдайда ӨАТЭ мен асқынады, беткей веналар тромбозында ӨАТЭ-мен асқыну болмайды.

2. Жүректің оң жақ бөлігінің тромбтары.

Қауіп-қатерлы факторлар:

- егде жəне қарт жас;

- гиподинамия;

- соңғы 12 апта ішіндегі аяқтардың иммобилизациясы немесе оның салдануы;

- өткерген операциялар (əсіресе жамбас ағзалары, ішке жəне аяққа), аяқ сынықтары;

- қатерлі жаңа түзілімдер;

- семіздік;

- варикозды ауру;

- жүрек жетіспеушілігі, жүрек қақпақшаларының ақауы;

- жыбырлаушы аритмия;

- сепсис;

- нефротикалық синдром;

- пероральды контрацептивтер қолдану, диуретиктерді үлкен дозада қолдану, орынбасушы гормональды терапия;

- миокард инфаркты;

- инсульт;

- гепарининдуцирленген тромбоцитопения;

- эритремия;

- жүйелі қызыл ноқта;

- тұқым қуалау факторы - антитромбин III тапшылығы, С жəне S протеиндері, дисфибриногенемия.

Диагностика критерилері

ӨАТЭ айқын кардиореспираторлы бұзылыстармен жүреді, ал майда тармақтар окклюзиясы кезінде өкпе инфаркты деп аталатын өкпелік паренхиманың геморрагиямен тығыздалуы (жиі келесі некрозданумен) .

ӨАТЭ кезінде байқалады:

кенеттен ентігу (ортопноэ тəн емес) ;

қорқу;

- Мойын веналарының пульсациясы мен ісінуі;

- Жүрек шекарасының оңға ұлғаюы;

- Эпигастральді пульсация, тыныс алу кезінде күшейеді;

- Өкпелік артерияда II тонның акценті жəне екі еселенуі;

- Əлсіреген тыныс жəне /немесе шектелген аймақтарда майда көпіршікті сырылдар, құрғақ сырылдар болуы мүмкін;

- Плевраның үйкеліс шуы;

- Бауырдың ұлғаюы;

- Əртүрлі айқын цианоздар;

- Гипертермия ( коллапс кезінде) 37, 8°С жоғары (тұрақты) 2-3 тəулікке дейін;

- Тахипноэ минутына 20 артық;

- Кеудеде ауыру сезімі;

- Жөтел (ХОБЛ қатысуынсыз өнімсіз) ;

- Тахикардия минутына100 артық;

- Қантүкіру (əсіресе қақырықтағы қан ұйындыларымен) ;

- Артериалды-альвеоларлы айырмасының жоғарылауы (рО2) .

Терең веналар тромбозының болу мүмкіндігінің критерилері:

- Ісік (өкпенің, қуық асты безінің, ұйқы безінің), алдыңғы 6 ай ішінде анықтау;

- Салдану кезінде аяққа иммобилизация немесе гипсті таңғыш салу;

- Сан мен балтырдың ісінуі;

- 3 күннен артық төсектік режим немесе алдыңғы 4-6 апта ішінде операция;

- Терең веналар бойымен пальпациялағанда жергілікті ауыру сезімі;

- Балтырдың біржақты 3 см-ге артық ісінуі;

- Біржақты шектелген ісінулер;

- Беткей веналардың кеңеюі.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Өмірге маңызды ағзалар қызметін жəне жалпы жағдайын бағалау: есі, тынысы (минутына 20 артық тахипноэ) жəне қан айналымы.

2. Науқас қалпы: отыруға немесе жоғарылап отырғанда ұмтылдырмай, жиі көлденең орналастыру.

3. Жедел өкпе-жүрек жəне өкпелік гипертензия белгілерінің анықтамасы:
- мойын веналарының ісінуі мен пульсациясы;
- тыныс алғанда күшейетін эпигастральды пульсация;
- өкпе артериясында II тонның акценті мен екі еселенуі;
- бауырдың ұлғаюы.

4. Пульсті зерттеу, жүректің жиырылу жиілігін жəне артериялды қан қысымды өлшеу: тахикардия, аритмия, гипотония болуы мүмкін.

5. Өкпе аускультациясы: əлсіреген тыныс немесе оқшауланған аймақтарда ұсақ көпіршікті сырылдар, кейде құрғақ сырылдар болуы мүмкін.

6. Біріккен симптомдардың болуын анықтау: кеудеде ауыру сезімі, жөтел жəне қан түкіру, гипертермия.

7. ЭКГ тіркеуі - ӨАТЭ кезінде ЭКГ-дағы жедел типті белгілердің пайда болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмболия жайлы мәлімет
Артериялардың жедел бітелу синдромы
Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері
Механикалық жарақаттардың сот-медициналық сипаты
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Тepaпиядaғы мeйipгep ici
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары
Перфериялық қанайналымында жиі кездесетін бұзылу формалары
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz