ИФТ реакциясының артықшылығы


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Тақырыбы: Серологиялық диагностикада иммунды ферментті талдау реакциясы
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
І. Кіріспе
Серологияға жалпы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. ИФТ реакциясының артықшылығы.
2. 2. Антигенді табу үшін ИФТ қою.
2. 3. Антиденелерді табу үшін ИФТ қою.
2. 4. Реакцияны бағалау және есептеу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен антиденелердің организмнен тыс in vitro өзара әрекеттесуінің нәтижесінен туындылайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция жүрмейді. Сондықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі факторлары деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларда антиген мен антиденеден басқа қосымша факторлар деп аталған комплемент, конглютинин, антиглобулин, т. б. пайдаланылады.
Серологиялық реакциялардың компоненттері өзгермеген (табиғи қалпындағы), алып жүруші негізге (эритроцит, латекс, декстран, т. б. ) жабыстырылған және радиоактивті изотоп, люминицентті бояу немесе тағы басқалармен таңбаланған болуы мүмкін. Антиген мен антидене қосылғанда белгілі бір құбылыс байқалады.
Серологиялық реакциялардың көмегімен бөлініп алынған ауру қоздырушысында тексеріп, оның түрін, тіпті серологиялық вариант (серовар) деп аталатын қоздырушының айрықша жекелеген топтарын айқындауға болады. Сондықтан серологиялық реакциялар бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулердің басым көпшілігінің құрама бөлігі болып табылады.
Иммунды ферментті талдау
ИФТ (Иммуноферменттік талдау) - ерекше антидененің қоздырушының антигеніне өзара әрекетінің реакциясы. ИФТ ветеринарияда инфекциялық аурулар, аутоимундық аурулар диагностикасы үшін кеңінен қолданылады. Басқа әдістермен салыстырғанда ИФТ-дың басымдылығы жоғары ерекшелігінде, сезімталдылығында, реакцияны жүргізу қарапайымдылығында, түрлі сыныпты иммуноглабулиндерге антиденелерді анықтауында, антидененің титрын белгілеуінде болып табылады.
Иммуноферменттi талдау тәсiлiн қою ИФТ тәсiлiн ауру және өлген малдардың мүшелерiнде, ұлпаларында ауру қоздырғышының өзгеше антигенiн табу, қоздырушыны жұқтырылған клетка өсiндiсiнде анықтау, ауырып жазылған және ауруға қарсы егiлген малдардың қан сарысуында антиденелердi анықтау үшін қолданады.
ИФТ тәсiлiн диагностикалық жиынтықты қолданып қояды, оған арнайы вирус және антитүрлi конъюгат, арнайы вирусты, иммуноглобулин, өсiндiлi (қалыпты және арнайы) антиген және вирусқа арнайы қан сарысуы.
1-сурет. ИФТ реакциясының диагностикалық жиынтығы.
Буферлi ерiтiндiлердi дайындау.
Карбонаты-бикарбонатты буфер (ККБ) (0, 1 мл; pH-9, б), 10 мл 1 М NаСОз (105, 8 NаСОз 1 л дистелденген cуғa) және 90 мл 1 М NаНСОз (83, 9 г NаНСОз 1 л дистелденген суға) араластырады, алынған қоспаны 1 л дейiн жеткiзедi. Epiтiндiнi бөлме температурасында 2 аптаға дейiн сақтайды.
ИФТ үшiн 1 л дистилденген судағы ерiтiндiнi 8, 7 г NaCI және 0, 5 мл твин 80-де немесе 1 мл твин 20-да ерiтедi. Epiтiндiнi компоненттердi epiту үшiн және ИФТ қойғанда табақшаларды шаю үшiн қолданады.
ИФТ үшiн толтырғыш ерiтiндiсi. ИФТ арналған ерiтiндiге 8% аурудың қоздырғышының қалыпты қан сарысуын немесе 0, 5% бұқаның сарысу альбуминін қосады.
1М ФБЕ 46, 8 NaH2P04 және 124, 7 NaH2P04х2Н2О 1л дистилденеген суда epітедi. 0, 1М фосфатты-буфер ерiтiндiсiнрН 7, 2-нi 1М он рет дистилденгенсуда сұйытып дайындайды.
Субстрат ерiтiндiсi : 1 мл ортодианизидин ерiтiндiсiң(100 мгОДЕ 100 мл этанолға) 10 мл0, 1 М ФБЕ және 1 мл 0, 05% су ерiтiндiсiмен араластырады. Субстрат ерiтiндiсiн 3 сағат ішінде қолданады.
Тәжiрибелi сынамаларды дайындау.
Мүшелердiң сынамаларынан (лимфа түйіндері, көкбауыр, өкпе, қарынныңжәне iшектердiн кiлегейлi қабаттары) 20%-ық қоймалжың дайындайды.
Жұқтырылған клетка өсiндiсiнің дара қабатын зақымдалғаннан кейiн вирустың ЦПӘ әcepi пайда болған соң70%-ын қатырады, содан соң ерiтiп ИФТ тәсiлiнде тәжiрибелi антиген ретінде қолданады.
Вакцинделген және ауырып жазылған малдардың қансарысуын алдын-ала белсендетпей қолданады.
Антигендi табу үшiн ИФТ қою
Табақшаларды иммуноглобулинмен сенсибилизациялау. Полистиролды табақшаларды вирусқа арнайы иммуноглобулинмен 3 caғaт бойы 37ºС немесе 16-18 сағат 40ºС температура да сенсибилизациялайды. Ол үшiн вирусқа арнайы иммуноглобулиндi карбонаты-бикарбонатты буфермен жұмыстық концентрацияға дейiн араластырады, сыртында жазылғандай, 0, 2 мл табақшаның әр ұяшығына енгiзедi. кейiн табақшаны үш рет ИФТ арналған ерiтiндiмен шаяды. Сосын табақшаға толтырғыштан әр ұяшыққа 0, 2 мл құяды және 1 сағат 37ºС дамытады. Табақшаны қайта үш рет сол ерiтiндiмен шаяды, ауада кептiрiп ИФТ қою үшiн қолданады немесе қолданғанша 40С температурада апта бойы сақтайды, 20С бiр ай бойы сақтайды.
Мүшелi-ұлпалы антигендердiң бес еселi қатынасын және тәжiрибелi өсiндiлi бақылауыш антигендердiң eкi еселi қатынасын ерiтiндiде дайындайды, оны сенсибилизацияланған табақшанын 1-шi қатарына ИФТ арналған ерiтiндiні құяды, 2-шi қатарға бақылауыш қалыпты антигендi, З-шi қатарға бақылауыш арнайы антигендi, ал 4-12 қатарларға тәжiрибелi антигендi құяды. Барлық антигендердi 0, 1 мл мөлшерде құяды. Антиген бар табақшаны 3 caғат 37ºС немесе 16-18 caғaт 40ºС дамытады. Содан кейiн табақшаны үш рет шаяды, барлық ұяшықтарына вирусқа арнайы конъюгаттың жұмыстық қатынасынан 0, 1 мл-ден құяды және 1 сағатқa 37ºС байланысyға қалдырады. Табақшаны қайта кептiрiп әр ұяшыққа субстрат ерiтiндiсiнен 0, 1 мл құяды және 1 caғат бөлме температурасында дамытады.
Реакцияны бағалау және есептеу
Нәтижені көзбен қарап немесе фотометрде 450 нм толқын ұзындығында және бақылауыштан бастап есептейдi. Көзбен бағалағанда арнайы антигенi бар ұяшықтарда сарғыш -қоныр түс байқалу керек, қалыпты антигенi бар ұяшықтарда жай сары түс байқалады, антигенмен қатынасқанда түci азаяды. ИФТ арналған ерiтiндiсi бар ұяшықтарда басқа түс болмау керек. Егер тәжiрибелi антигенi бар ұяшықтардың eкi немесе одан жоғары қатынастарында сарғыш -қоныр түс байқалса, ал қалыпты антигенi бар ұяшықтардың осындай қатынастарында әлсiз боялғаны болса, реакция нәтижесi оң деп саналады. Фотометрде реакцияны арнайы және қалыпты антигенi бар ұяшықтардың оптикалық тығыздығын салыстырып есептейдi. Антиген сынамасы оң деп саналады, егер белгiлi бақылауыш қалыпты антигеннiң eкi және одан көп қатынасында оның оптикалық тығыздығы екі және одан көп есе жоғары болса. Өсіндiлi сынамаларды және мүшелi-ұлпалы материалдарды зерттегенде олардың 1:40, 1:100-ден төмен қатынастырылмаған зерттелетiн антигеннiң әcepiнен болатын оң реакцияны диагностикалық титрі ретінде алады.
Антиденелердi табу үшiн ИФТ қою
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz