Улы өсімдіктер


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2, 1 Усарғалдақ өсімдігі, таралуы, құрамы, қолданылуы
2, 2 Шаған өсімдігі, таралуы, құрамы, қолданылуы
2, 3 Адыраспан өсімдігі, таралуы, құрамы, қолданылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе бөлім
Өсімдіктер ( Plantae ) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар) . Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған.
II. Негізгі бөлім
Усарғалдақ - көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
- Биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
- Тамыр сабағы жуан әрі қысқа болады, көптеген қосымша тамырлары бар.
- Жапырақтар кезектесе орналасады, тамыр жапырақтары мен төменгі сабақ жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғылары отырмалы .
Мамыр-тамыз айларында гүлдейді, жемісі шілде-қазан айларында піседі. Усарғалдақ көлеңкелі жерлерде, өзендер мен көлдердің жағаларында, батпақтардың жиегінде, бұталардың арасында, сиреген ормандарда, жыраларда, жарлардың басында, бақшаларда өседі. Өсімдіктің сабағының ұзындығы 50-100см. Сабағын сындырған кезде - сүтті шырынға толы секреторлық каналдары табылады. Шырыны ауада қызғылт түске айалады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, 3-5 дөңгелекше бөлшектен тұрады. Гүлдерінің төрт желекті күлтесі болады. Түсі алтын-сары, кәдімгі шатыр гүлшоғырына жиналған. Мамырдан тамыз айына дейін гүлдейді. Жемісі - қауашақ, дәні ұсақ, қара түсті.
Құрамы. Өсімдік улы. Құрамыда изохинолин алколоидтарды, бензофенантридин туындыларды: гомохелидонин, хелеритрин, хелидонин, сангвинарин, протопин т. б. 20-дан астам алкалоид бар. Хелидонин - папаверин мен морфинға құрамы ұқсас алколоид. Гомохелидонин - күші көп у. Аз мөлшерде эфир майлары да табылған. Аскорбин қышқылы (1000 мг-ға дейін) , каротин, флавоноидтар, сапониндар, органикалық қышқылдар болады.
Таралуы. Бұл өсімдік көбінесе көлеңкелі тау беткейлерінің бұталары арасында, орман алаңдарында, көл, өзен жағалауларында кездеседі. Республикамыздың оңтүстік облыстарында ескі мал қораларының, тұрғын үй маңында, бау - бақшалар арасында арам шөп ретінде өсе береді. Жалпы халық арасында сүйел шөп дәрілік өсімдік ретінде ерте заманнан қолданылып келген. Оның жапырақтары мен сабағының бойындағы сары түсті сүттіген шырыны улы болады. Бірақ мал сүйел шөптен өте сирек уланады. Өйткені мал ащы дәмі, жағымсыз иісі болғандықтан сүйел шөпті жемейді. Еуропа елдеріде және Жерорта теңізінің елдерінде арамшөп ретінде кең таралған. Америкаға 1672 жылы колонизаторлармен сүйел емдеу үшін алып барылған.
Қолданылуы. Дәрілік шикізат ретінде өсімдік гүлдей бастағанда оның жер бетіндегі бөлігі жиналып алынады. Аса құрғатпай, көлеңкеде кептіріледі. Дәрілік шикізатты жинау барысында оның жапырақтарын қуратып алмау қажет. Себебі шипалық заттың көбісі осы жапырақтарында болады. Сүйел шөптің тұқымында 40 - 60 пайызға дейін май бар.
Мал дәрігерлігі практикасында сүйел шөптің судағы тұнбасы қойдың қотырын, ірі қара мен жылқының қышымасын емдеу үшін қолданылады. Ол үшін тұнба 1:10 қатынаста жасалды, яғни жарты килограмм шөп ұнтағы қайнаған 5 литр суға салынып, 20 - 25 минут тұндырылады. Ертінді 30 - 35 градустық жылылыққа дейін салқындатылып, малдың қотыры, қышымасы жуылады. Сүйел шөптің тұнбасыме ірі қараның туберкулезін, сонда - ақ қойдың, ірі қараның гельминтоз ауруларын емдеуге болады. Ол үшін тұнба 1:20 қатынаста, яғни 100 грамм майдаланған құрғақ дәрілік шикізат қайнап тұрған 2 литр суға салынып, 10 - 20 минут тұндырылады. Тұнба ірі қараға 200 - 250 мл, бұзауға - 50, қойға - 30- 50 мл, қозыға - 10-15 мл мөлшерінде күніне 2 - 3 рет ішкізіледі.
Халық емшілері усарғалдақ және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын және сары ауруды емдеп келген.
Дербес шаруашылығында малы бар кісілерге, малшыларға, мал дәрігерлері мен фельдшерлерге ескертетін бір жайт - усарғалдақтың қайнатпасы, тұнбасы улық қасиетін жоймайды. Сондықтан онымен емдеу барысында сақтық шараларын естен шығармау керек. Дәлірек айтқанда емдейтін адамның үстінде - халаты, қолында - резеңке қолбағы, аяғында - етігі, көзінде - көзілдірігі болуы қажет. Екіншіден, малға дәрілік шөптің берілу мөлшері оның тірілей салмағына, қоңдылығына, жынысына қарай есептелінуі қажет. Егер дәрі аз берілсе, шипалық қасиеті нашар болады, ал көп берілсе - мал уланады. Сондықтан, дәрілік тұнбаның әр малға берілу мөлшерін дұрыс анықтау - басты міндет.
Емдеу жұмысы аяқталған соң малдың жалпы күйін 10 - 12 сағаттай бақылау қажет. Егер мал уланса дереу сүт, су ішкізіп, асқазанын шаю қажет.
Шаған (лат. Fraxіnus ) - зәйтүн тұқымдасына жататын, жапырағы түсетін ағаш.
Таралуы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында, кейде Азия мен Американың тропиктік аймақтарында кездесетін 70-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы таулардың, ормандардың, өзен жағаларындағы су жайылымдарында өсетін 4 түрі бар. Соның ішінде саябақтарда, көшелерде қолдан өсірілетін түрі - сириялық шаған (F. syrіaca) . Оның биіктігі 30 м-дей, бұтақтары цилиндр пішінді, қабығы қоңыр сұр түсті. Бүрлері қоңырқай немесе қара, қысқа түкті, жапырақтарының ұзындығы 25 см, бір - үштен жұпталып шығады, шеті ара тісті, үстіңгі беті қанық жасыл, астыңғы жағы ақшыл келеді. Гүлдері желмен тозаңданады, қос жынысты кейде полигамды (бір гүлінде аталық та, аналық та немесе екеуі де болады), шашақ гүлшоғырына топталған. Гүлшоғыры ұзын, сәл төмен қарай иіліп тұрады, олар алдыңғы жылдан қалған жапырақ қолтығында жетіледі. Маусым айында гүлдеп, жемісі шілдеде піседі. Жемісі - эллипс пішінді, шеті ойық келген жаңғақша. Шағанның қатты әрі серпімді сүрегі кеме, темір жол вагонын, ұшақ жасау өнеркәсібінде және ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады. Еуропа шағанынан (F. ornus) манна (тәтті шырын, іш қатып қалғанда ішеді) алынады. Ал қытай шағаны (F. chіnensіs) ақ балауыз бөліп шығарады, сондықтан оны шырақ жасау және медицинада, парфюмерияда, тоқыма өнеркәсібінде пайдалану үшін өсіреді.
Адыраспан ( Harmal немесе Peganum harmala ) - түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі - кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары, бозғылт - сары түсті және ол 1 - 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр - шілдеде гүлдейді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. Жемісі - ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ.
Қолданылуы. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол - улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан - улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz