Дәрілік өсімдікті дайындауды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2 Дәрілік өсімдікті дайындауды ұйымдастыру
2.Шикізатты сандарттау
2.2 Табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану
3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
4 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Негізгі бөлім

Дәрі- дәрмектік өсімдіктерді өсіру,жинау,пайдалану және олардың құпия сырларын ашу ісіндегі табыстардың көпшілігі орта ғасырларда құпия сақталып келген.Шипалық шөпті жинаушылар,одан дәрі-дәрмек жасаушылар бұл істі көп адамдардың білуін қаламады,өздерінің білгендерін нағыз табыс көзіне айналдыруды мақсат етті.Алайда,дәрі-дәрмектік өсімдіктерді пайдаланып,жер бетінде шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезеден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.Тіпті,осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бір сыпырасы белгілі болған.
Жер бетінде дәрілік өсімдіктер туралы дерек жинап,зерттеген ғалымдар өте көп.Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ ( 460-377 ж.ж. ) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктердің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатында кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Ал, өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін Рим дәрігері Гален анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Дәрілік өсімдіктерді зерттеген ғалымдар өте көп. Олар дәрілік өсімдіктерді жан-жақты зерттеді.Құрамын,маңызын,сипаттамас ын,ерекшеліктерін,жинау ережелерін анықтап берді.
Фитотерапияның тарихы,сірә адамзат атаулыда ең алғаш ауру пайда болғаннан басталған.Өте көне замандардан қалған медициналық әдебиеттерде мыңдаған емдік өсімдіктердің аты бар.Әрине,фитотерапияның да өз тағдыры болған, дамыған,шарықтаған,керексіз боп қалған...
Жалпы,біздің халық өсімдікке жан иесі, тірі ағза деп қараған.Олардың адамға келтіретін пайдасын,қадір-қасиетін оқыған бізден гөрі оқымаған ата-бабамыз жақсы білген.Сондықтан,тау асып келетін қымбат жасанды дәрілердің көмегінсіз-ақ,талай дертен құла таза айыққан.Қазақстанның жер көлемі 2750 мың шаршы шақырым, табиғи байлығы сан алуан.Осынау ұлан ғайыр өлкеде орманды,далалы,таулы,шөлейтті және тағы басқа да табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін аймақтар бар.Әсіресе шипалық өсімдіктердің молдығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып саналады.
Дәрілік өсімдіктердің ревматизмге,қышыма мен басқа да тері ауруларына,безгек ауруына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне,ұстама ауруларына,түрлі жұқпалы ауруларға қарсы,стенакардияны,гипертонияны емдеу мақсатында,тәбет ашу,ас қорыту бездерінің секрециясын күшейтіп, тамақтың бойға сіңуін жақсарту үшін,тағы басқа ауруларға қарсы қоданылады.

Дәрілік өсімдіктерді жинаған дұрыс.Бірақ оларды басқа өсімдіктерден ажырата білу де маңызды.Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін мына ережелерді білген жөн:
- дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарап тани білу;
- өсетін жерін білу;
- дәріге өсімдіктің қай мүшесін алуды білу;
- кептіру әдісін білу.
Өсімдіктерден шикізат алатын бөлімдері көп: бүршіктері,жапырағы,гүлдері,жемісі, тамыры, тұқымы, тамырсабақтары, қабықтары. Олардың құрамында дәрілік биологиялық белсенді заттар кездеседі.Бүршігін жинау үшін,көктемде бұтақтарын кесіп алып, 30 градус температурада кептіреді.Содан соң оны шыны ыдысқа салыпсақтайды.Сақтау мерзімі бір жыл.Қабығын ерте көктемде ағаш бүршік жар бастағанда жинайды,өйткені бұл кезде өсімдіктің қабығы тез сылынады. Сақтау мерзімі төрт жыл.Жапырағын өсімдік жапырақ тақтасын жазғанда немесе өсімдік гүлдеп тұрғанда жинайды.Жапырақтарды ағаштың,үйдің көлеңкесінде немес шатырда кептіреді.Сақтау мерзімі бір жыл.Құрғақ жерде сақтау керек.Жер үсті мүшелерін өсімдік гүлдеп тұрған кезде сабағын жапырағы,гүлімен қоса ұзындығы 10-15 см етіп кесіп алып, 4-5 талдан баулап көлеңке жерге немесе үйдің шатырында күн сәулесі түспейтін жерде кептіреді.Кептірілген соң,қатырма қағаздан жасалған қорапта сақтайды.Сақтау мерзімі екі жыл.Жемісін әбден піскен кезеде таңертең немесе кешкі мезгілдерде жинайды.Оларды шыны банкада сақтайды.Сақтау мерзімі үш жыл.Дәрілік өсімдіктерді маман дәрігерлердің нұсқауымен пайдалану керек.
Мысалға, шөптер қазіргі кезде медициналық практикада жалбызтікен,таспашөп,жұпаргүл,сасық шөп, тағы басқалар негізінен кең қолданылады.Олар химия- фармацевтикалық өнеркәсіптерде шикізат ретінде,медициналық заттар ретінде қолданылады.Шөптерді ашық,құрғақ күнде жинайды.Таңғы шықтан соң,жаңбырдан кейін,ауа құрғаған соң жинаған дұрыс.Транспорт маңындағы,шаңды жерлерде өскендерін,ауруларын жинау қажет емес.Құрамында эфир майы бар иір,жебір шөпті жайып 30-35 градус температурада кептіреді, одан жоғары температурада кептірсе,май жойылады.Керісінше гликозидтары көбі меруертгүл мен жалынгүлді 50-60 градус температурада гликозидты жоятын ферменттер бөлінуі тоқталады.Құрамында С дәрумені бар итмұрын жемісі,қарақат 80-90 градус температурада кептіру оны ашудан құтқарады.
Дәрілік өсімдіктерді жинағанда қай мезгілде,тәуліктің қай кақытында жинаған дұрыс екенін білу керек.Өсімдіктерді жинағанда өсімдікті түгел тамырымен жұлмаған жөн,себебі дәрілік өсімдіктердің көбі көпжылдық өсімдіктер болғандықтан,өсімдік тамырларының сақталғаны маңызды.Жалпы,қай-қай өсімдікті тамырымен жою сол өсімдік түрінің азаюына әкелетін бірден-бір жайттрадың бірі екенін естен шығармаған абзалдеп ойлаймын.Сонымен қатар,өсімдіктердің бөліктерін,әсіресе,сабағын сындырмай,ептеп пышақпен немесе өткір қайшымен кесіп алған дұрыс.Себебі,гүл арқылы өсімдік көбейіп,дара санын көбейте алады.
Тіршілік көзі - табиғат.Табиғат өсімдікке бай.Олардың саны азайып,жойылып кету қаупі төніп тұрғандары қаншама?! Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктерді ғана емес,өзге де жабайы өсімдіктерді аялап,қорғай білу-адамдардың парызы.Бірде бір өсімдіктің аяусыз жұлынып қалуын болдырмау- адамзат тіршіліг мен рухани байлығын сақтап қалу екенін есте ұстау керек.Өсімдіктердің қадір-қасиетін қазақ халқы жақсы түсінген.Небір даналық сөздерді халқымыз өсімдіктерге бағыштаған.Біздің еліміздің флорасы әр алуан және бай,таусылмас дәрілік қоймасы.Біздің дәріханаларда арнайы дәрілік өсімдіктерді сататын бөлімдері бар.Біздер дәрілік өсімдіктер туралы көп мағлұматтар алған сайын, біз адамдардың денсаулығын сақтауда,түрлі аурулармен күресуде,көптеген сәттіліктерге соғұрлым жете түсеміз.Елімізде дәрілік өсімдіктерді жинауды,олардың көптеп өскен аймақтарын жете зерттеуді жетілдіруіміз қажет.Адам табиғаттан ажырамауы керек.Бұл қағиданы ғылым да мойындайды,ал медицина осыған бар күшін жұмылдыруға мүдделі деп ойлаймыз.
Қорыта келе айтарымыз,біз баяғыдан адам табиғат иесі деген ойға үйреніп кеткенбіз.Бірақ та,адамдар табиғаттың байлығын белсенді пайдалана отырып,оған қайтарымсыз шығын тигізіп жатқаны туралы еш ойланбайды.Дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану өніміділігін арттыру және табиғи қорын,таралу аймағын қорғау бүкіл халықтық мәселе.
Табиғат бізсіз өмір сүре алады,ал біз қоршаған жасыл дәріханасыз тіршілік ете алмаймыз.Ғылыми жетілген заманда дәрілік өсімдіктерді жете зерттеп,оны медицинада қолдану,олардан түрлі препараттар дайындау,оларды қорғауға алу шараларын ұйымдастырып,арнайы қолдан өсіру,табиғи қорының тепе-теңдігін жоғалтпау аса қажетті шаралардың бірі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1997 жылғы 27 наурызда Мәскеу қаласында жасалған
Минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және пайдалану саласындағы
ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
2 1993 жылғы 24 қыркүйектегі экономикалық одақ құру туралы Шарттың және 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушылар-мемлекеттердің кәсіпорындары мен салаларының өндірістік кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттарымен механизмі туралы Келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,
экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы өзара әрекеттестікті дамыту, ғылыми, өндірістік және экономикалық байланыстар механизмін жетілдіру мақсатын көздей отырып,
минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және ұтымды пайдалану, геоэкология және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын тиімді шешуге зор маңыз бере отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Тараптар келесі мәселелерді шешуге жағдай туғызады:
минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру және дамыту;
халық шаруашылығы мен Тараптардың өткізу жарығын минералды шикізатпен, сондай-ақ оның өңделуінің өнімдерімен қамтамасыз ету;

Тараптар геологиялық барлау, өндіру және өңдеу салаларын дамыту,
оларға инвестициялау, халықаралық тұрғыда мойындалған талаптар базасындағы
өңдеу өнімдері бар минералды шикізатты стандарттау және сертификаттау
келісімді саясатын қалыптастыру жағдайларын жасау жөніндегі шараларды
Осы Келісімді жүзеге асыру тиесілі органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және Тараптардың басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерімен, өзгеше келісілген нысандарда жасалатын екіжақтылық және көпжақтылық келісімдер, шарттар (контрактілер) негізінде жүргізіледі.
Ынтымақтастықтың нақты бағыттарын қолдаудың нысандарын таңдап
айқындағанда Тараптар өзаралық мүдделерді басшылықта ұстайды.

9-бап
Минералдық-шикізатты барлау және пайдалану кезінде қолданылатын
терминдерді бір жүйеге келтіру туралы Тараптар халықаралық талаптар
негізінде келісе алады
11-бап

Бұл Келісім Тараптардың басқа халықаралық келісімдердегі, егер олар
ол Келісімдерге қатысушы болып табылса, құқықтары мен міндеттемелеріне
әсерін тигізбейді.

Мәскеу қаласында 1997 жылдың 27 наурызында түпнұсқасы бір данада орыс
тілінде жасалады. Түпнұсқаулық дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы Хатшылығында сақталуда, ол оның расталған көшірмесін осы
Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.

2.2 Өсімдітер қорғау Өсімдік қорларын бірнеше топтарға бөлуге болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар негізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқап 11 млн га-ды немесе 4%-ды құрайды.

Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене өседі.

Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы арглобин дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға қарсы аллапинин препаратының, сол сияқты шырғанақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті өте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылғы мен аршаның кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дәрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.

Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандықтан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе құрып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтаудың маңызы зор.

6. Жануарлар дүниесінің қорлары. Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 80 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде түлкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақұйрық кездеседі. Қорықтардың үйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.

Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың жаппай қырылуы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), құлан, домбай, сусар, бұлғын, лашын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақшақай, қоқиқаз, жұпар тышқан және т.б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.

Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды дайындау және жасау тәсілдері
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру. Үлгі алу және дайындау
Қазақстан Республикасында жабайы және мәдени түрде өсірілетін дәрілік өсімдіктерді жинаудың қазіргі жағдайы
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі
Орман өсу жағдайы
Кондитерлік дәрілік формалар
Пәндер