Машинамен қой қырқудың тәсілдері


Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасы, бұрынғы одақ бойынша қой өсіретін аса ірі республикалардың бірі, жайылымдық жерлерінің мол болуы, көптеген шопандардың бай тәжірибесі мен қажірлі еңбегі, мамандар мен ғылымдардың осы бағытқа бағытталған жұмысы, осы қазіргі таңға дейін, республикадағы қой шаруашылығын экономикалық жағынан тиімді салаға айналдырып келді. Қазақстан қой саны мен қой шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде, басқа республикалармен салыстырғанда екінші орында тұрды. Совхоздар мен колхоздарда қой саны 3, 5 млн басқа дейін жетті. Көптеген облыстардың шаруашылықтары көптеген жетістіктерге қол жеткізе білді. Бұл мәліметтерге бірнеше мысал келтіре кетуге болады. Мәселен, Семей облысы шаруашылықтарында қой саны- 742 мың, Ақтөбе облысында-663, Павлодарда-627, Торғай- 380 және Жезқазған облысында-357 мың бас қой болды, ал қазіргі таңда осы қой және қой шаруашылығы туралап аяғынан тік тұра алмай келеді. Бұрынғы шаруашылықтардың барлығы таралып, шаруа қожалықтарына, одан қала берді жеке меншікке айналып кете барды.
Республикадағы қой шаруашылығының қазіргі жай қандай? Міне осы сұрақ, қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелрдің бірі. Қой шаруашылығы негізнен екі бағытта өркендеп отырады, жүн және ет бағытында. Қазақстанда жүн және қой етіп өндірудің жаңа технологиясын кеңінен енгізу. Бұл саладағы прогрессивті кезең болып табылады. Бұл технология бойынша мал комплекстерінде мехникаландырылған фермаларға шоғырладыруға, өндіріс процестерін толық механикаландыруға, қоршалған мәдени жайылымдар жасалуға, малдың жемі, қоспалар түйіршіктеліп өнөнеркәсіптік негізде әзірленуге, мал бордықылау ірі алаңдарда жүргізілуге тиіс екендігін ескерген жөн сияқты. Қазіргі таңда әрбір шаруа қожалықтарына, бір-бір қырқу пункттерін пайдалану қиын, сондықтан бірнеше шаруашылықтарға, 400, 600, 800, 1000 бас қойға арналған шағын қырқу пункттері қарастырылып жобаланғанжөн және қырқу машинкалары тетіктерін жетілдіріп жұмыс қабілетін арттыру барысын қарастар білу.
Міне, біздің курстық жұмысымыздың негізгі алға қойған мақсаты осы, өйткені қой шаруашылығы, оның ішінде жүн қырқып, жүн өңдеу өндірісін дамыту қазіргі таңда өзекті мәселелсі болып отыр.
1Қой қырқуды механикаландыру
1. 1Қой қырқу технологиясы.
Жүн өндіру қой шаруашылығының негізгі басты мақсаты болып саналады. Қойлардың нүннінің өнімділігінің көрсеткіші, ол таза жүн шалшығын қырқу болып есептелінеді. Оның көбінесе шығымы 30-35%-ті құрайды. Жүннің технологиялық қасиеттеріне байланысты біркелкі және біркелкі емес деп бөледі.
Біркелкі - жүндерді қысқа талшықты және жартылай қысқа талшықты қойлардан алады. Ал біркелкі емес жүндерді- ірі жүнді және жартылай жуан талшықты қойлардан алады. Жұқа мата өндіру үшін тек ғана біркелкі жүн пайдаланылады, олардың қалыңдылығы біркелкі болып, талшық диаметрінің қалыңдығы 23, 1-25 мкм болып келеді, ұзындығы 20-30 мм болып келетін жүндер қалған шұлық т. б. заттарды дайындауда кетеді. Біркелкі емес жүн диаметрі 40 тан 120 мкм-ге дейін ірі талшықтардан және солармен бірге жабысып тұрған жіңішке талшықтардан-түбіттен тұрады. Жүндердің негізгі сапасы- талшық беріктігі, негізінен қойларды қалай тамақтандыруға байланысты. Жіңішке талшықты және жартылай ірі жүнді қойларды жылына екі рет көктемде және күзде қырқылады. Мал басы өте үлкен шаруашылықтарда қойлардаы қырқу жұмыстарын анықталған бір кезек бойынша қатаң түрде жүргізіледі. Яғни қой қырқу мерзімі, уақыты т. б. бірінші қыстан шыққан аналық қойларды 40-тан қырқады.
Сонан соң тоқтыларды, сонан кейін қозылар, ең соңында аталық қошқарларды қырқады. Бурцелез, қышымасы бар отарлардың ең соңынан, арнайы орындарды қырқады. Қойларды қырқым алдында бір тәулік бойына азықсыз және сусыз ұстайды. Қырқымның алдындағы түнде оларды мүмкіндігінше жылы қора ішінде ұстайды, өйткені жүн тоқты шықтың әсерінен ылғалданбасын деген сөз. Егер қойларды жүндері ылғал күйінде қырқса жүн пресстерде өзінен-өзі қызып, бұзылуы мүмкін. Қырқымнан кейін барлық қойлар міндетті түрде ветеринарлық өңдеуден өтуі тиіс. Яғни керолин, тексахпор ерітінділерімен өңдеу бұл дегеніміз қойлардың қышыма ауруына шалдығуынан қорғайды. Мұндай жұмыстар арнайландырылған ванналардан жүргізіледі.
Қой қырқу жұмыстар өте еңбек сиымдылығы мол операциялардың бірі қолмен қырққан кезде тәжіриебелі қырқымшылық өзі күнінен 15-20 қой, ол машинамен қырыққан кезде 60 қойға дейін қырқа алады. Машинамен қырқу төмен әрі тегіс қырымды қамтамасыз етіп жүннің ұзындығы әсерінен, сапасын арттырады. Қырқу жұмыстары, қырқу столдарында, полды, арнайландырылған стол тележкаларда жүргізіледі. Қазіргі таңда қайда қырқу тәсілінің ең бір прогрессивті түрі ол оренгурт тәсілі болып табылады. Бұл тәсілдің ерекшілігі қырқымшы мен машинаның арасындағы тәртіптің қатаң сақталып, өз кезегімен жүнуінде. Бұл кезде қойларды, полда отырған күйінде қырқады.
Қойларды қырыққан кезде олардың терісінің зақымдануын болдырмау қажет. Қырқу барысында жүн үйінділерінің былғанбауын қадағалаған жөн. Машинамен қырыққан бір жүргеннен қалдықсыз, машиналары қайта жүргізуді болдырмауды талап етеді. Алынған жүн орамаларын сапасы бойынша әртүрлі сорттарға бөледі, сонан соң оларды арнайы пресстерде, престеп жинайды. Айтылған операциялардың барлығы арнайы тұрақты немесе жылжымалы қырқу пункттерінде орындалды мұндай қырқу пункіттеріндегі төмендегідей құрал-жабдықтармен жабдықталған: қырқу машиналары МСО-707 немесе МСУ-200, қой қырқуға арналған столдардан, қырқу жұбын қайрауға арналған ТА-1 аппаратынан, сорттауға арналған столдан, тасымалдағыштардан, таза жүннің шығымен өлшейтін прибордан, соңында таразыдан тұрады. Қойды ұстау жүйесіне, қой санына, қырқу уақытына байланысты қырқу пункттері төмендегідей түрге бөлінеді.
1. Арнайы қорада орналасқан, 24 қырқу машинасы бар, ізгілендірілген тұрақты пункті;
2. Типтік қой базаларында орналасқан, 12-24 машинкасы бар тұрақты пункті;
3. Жылжымалы және тасмалды 12-24 машинкалы ірігендірілген қырқу пункттері қой айдау жолдарында жабдықталады, егер қырқу мерзімі, қайда жайлауға айдау мезгілімен бірдей болған болса. Олардың өнімділік қабілеті күндігіне 1200-1500 басты құрайды. Қырқу біткенне соң әрбір отарда (800-1200 бас) міндетті түрде профилактикалық шомылу жүргізілуі тиіс. Ғалымдар С. Т. Тлеубергенов пен Н. Л. Полозновтар жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі, ірілендірілген қырқу пункттері тиімсіз деп санайды. Өйткені мал басы көп отарлардың бір учаскеге жиналды, сол қырқу пунктінің айналысына ешқандай өсімдіктің өспеуіне әкеліп соқтырады. Бұдан басқа аударуға шалдығын инфекция тарауы мүмкін. Мұндай ірігендірілген қырқу пунктін қамтамасыз ету үшін көп адам күші керек болып, тек сол жақ мезгілінде жұмысты атқарып шығу мүмкін болмай қалады. Осы пункттерде жұмыс уақытының тиімділігіне талдау жасаған кезде, сәйкестік коэффициенті өте төмен болған, бар жоғы 0, 41-0, 51%-ті құраған. Сондықтан қазіргі мал шаруашылығында 1981-1990 жылдары келісіп шығарылған. Машина жүйелері пайдаланылады, мұндай машиналар 0, 12 және 24 машинкадан тұрады. Өнімділігі үлкен қырқу пункттері дадалық жайылымға жүктеме болып, олардың өсімдік өнімділігін біршама төмендетеді. Бір жерде жинақталған, оптимальді қай санын есептеу методикасын П. Л. Полознов ұсынады. Оның негізгі шарты, мына шарттың орындалуында
; мұндағы есептелген қай санына байланысты, азық мөлшері С-таңдалған жердегі нақты озық саны. Бұл кездегі жіберілетін қай саны, белгіленген жайлауға байланысты мына төмендегі қатынастан табылады:
(1)
мұндағы:
К-жайлаудағы шөптің жеткілікті коэффициенті (К=0, 54-0, 05) ;
R-өндіріс процесі орындалу барысындағы жайлаудың алатын радиусы (R=1км) ;
-жайлаудың дақылдылығы. (d=0, 08-0, 123/га) g-бір басқа тәулігіне берілетін озық мөлшері,
тәул
-қойлардың жайлауда болған уақыты, тәулік.
Қырқым кезеңі барысында отарлар қырқу пункітінде көп болса, бір тәуліктей уақыт болады. Туркменияның далалы аймағындағы қойлардың қырқу пункітінде болуы уақытын П. Л. Полознов анықтаған, бірақ олардың отарлары 6, 4 мыңнан 10 мыңға дейін қой басы болады. Типтік қырқу пунктіттерінің негізгі жұмыс барысын талдаған кезде, оларға коорпорациялық технологиялық схема құрастырылған, бұл технологиялық схемасының жұмыстарын таңдаған кезде, ол төмендегідей технологиялық желілерден құралған.
1. қырқылмаған қойларды дайындау;
2. жүк қабатын қырқу
3. қырқылған қойларды ветеринарлық өңдеу;
4. жүндерді сорттау
5. жүндерді пресстеп жинау. Осы технологиялық желікі негізге ала отырып, жобалайтын дипломдық жұмыс барысына мынадай технологиялық желіні ұсынамыз:
Қарастырылатын биотехнологиялық процессіз негізгі операциясы-ол жүн қабатын сыдыру, яғни қырқу болып табылады. Құл жұмыс жеке немесе тасқынды тәсілмен жүргізіледі. Тасқынды тәсіл кезінде жүн орамын бірнеше қырқымшы қырқады, ал жеке тәсілде бір қырқымды. Тасқынды тәсіл арнай қойларды орналастырады тележкаларды немесе столдарда орындалады. Жеке қырқу тәсілі полда жүргізіледі. Жеке тәсілде малдарға қызмет жасау үшін, яғни қырқу үшін қазіргі таңда кеңінен пайдаланылмен жүрген жылдам қырқу әдісі қолданылады.
1. 2 Механикаландырылған жылжымалы және тұрақты қырқу пункттері.
Республиканың шаруашылықтарында және кооперативтік өндірістерінде жыл сайын 100 деген, мыңдаған қойлар қырқылады. Қой қырқу пункттерін жылжымалы және тұрақты қырқу пункттерінде, арнайы құрал жабдықтардың көмегімен іске асырылады. Тұрақты қырқу пункттері онша үлкен болмайды, олар 12-16 машинкамен жабдықталған, ал ірілендірілген қырқу пункттерінде 60 машинкаға дейін болады. Тұрақты пункттерде, әсіресе ірілендірілген пункттерде барлық жұмыс процесстерінің еңбек сыйымдылығын механикаландыруға болады: қырқымшылардан жүнді тасымалдау, пресстеу, оны тиеу, және қойларды қырқымнан кейін өңдеуден өткізу. Еңбек сыйымдылығы мол процестерді механикаландыру, қайрақшылар санын, таразшылар, есепшілер және басқа да жұмысшылар санын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл кезде қырқу пункітіндегі құрал-жабдықтарға техникалық күтім жасауды ұйымдастыру оңай болады. Ірілендірілген қырқу пункіттерінің жақсы жағымен қатар бірнеше кемшіліктер де бар:Бұл пункттерде қойларды қырқу үшін біраз жерден айдап келіп, қайтадан айдап тиісті жеріне жеткізеді. Соынмен қатар бірнеше отарлардың бір учаске төңірігенде шоғырлануы, қырқу пунктінің айналысында өсімдіктердің өспей жоюылып кетуіне әкеліп соғады.
Бұдан басқа тағы бір айта кететін жай, бір отарда ауыру (жұқпалы) болса ол басқа қойларға да жұғуы мүмкін. Сондықтан мұндай ірілендірілген қырқу пункттеріндегі жұмысты өте сақ, әрі ұйымдастырылған түрде өткізе білу керек. Үлкендеу тұрақты қырқу пункті (12-16 машинамен жабыдқталған) 10-15 мыңқойларды қырқуға арналған. Ірілендірілген қырқу пункттері 15 мың-нан жоғары қойлары бар шаруашылықтарға арналған. Сондықтан 15-40 мың қойлары бар шаруашылықтар үшін, жайлаулары бір-бірінен 20-25 км қашықтықта болатын болса, онда жылжымалы қырқу пункіттерін пайдаланған тиімді. Мұндай қырқу пункіттерімен бірден қойлардың жайылым орындарында қырқуға болады. Жылжымалы және тұрақты қырқу пункттерінде жұмысты ұйымдастыру үшін, малдарды суару үшін суы жеткілікті, қойларда шомылдыруға ыңғайлы жерлерді таңдаған жөн. Қырқу пункіттерін құрғақ, жел өтінен ықылау жерге орналастыру керек, сондай-ақ көлік және автомобиль жүретіндей жерге құрған дұрыс. Қырқу пункіттеріне арналған, алаңдар мен қоралар үлкен жолдан 500 м қашықтықта ораналасады. Бұл мақсат кейбір жұқпалы аурулардан сақтану үшін жасалады. Кейбір шаруашылықтарда қойды арнайы қырқуға арналған қоралар немесе ғимараттар әліде жоқтың қасы.
Қырқу пункттері жыл бойына бар жоғы 20-30 күн ғана пайдаланылады. Кейбір шаруашылықтарда жаңа қой қораларды құрған кезде, сол жердің табиғи және территориялық жағдайына қарай орналастырылады.
Жылжымалы қырқу пункті:
Жылжымалы қырқу пунктінде құрал-жабдықтарды, ашық алаңдайды, отар орналасқан территорияда құрады. Жылжымалы қырқу пунктіне келесі құрал-жабдықтар кіреді: 12-16 қырқу машинкасы, қоршауы бар 7-8 бағана, тележкалар, тайды тартуға арналған кіші таразылар, жүнді сорттауға арналған столдар, жүк салатын қаптар, жеткілікті түнде тайларды маркілейтін краска. Егерде жүнді сол жылжымалы қырқу пунктінің өзінде престейтін болса, онда сол жерге жүн прессі керек болады. Мұндай жағдайда пресстеуге керекті сым, қап т. б. керек- жарақтар жеткілікті түрде болғаны жөн. Қырқу бригадалары жұмысқа шығар кезде барлық құрал-жабдықтар үш машинкаға тиеледі. Бірінші машинкаға құрал-жабдықтарымен қоса ЭСА-12 агрегатын тиейді, екінші машинкаға, пресс, жанар-жағар май, қаптар және басқа да материалдар тиеледі. Ал үшінші машинаға қырқымшы бригадасының мүшелері орналастырылады.
Қырқу пунктінің орналасу жеріне жеткен соң машинадан барлық құрал-жабдықтар түсіндіріледі. Бірінші кезекте бағаналар мен ұсақ заттарды түсіреді, онан соң қырқу агрегатын, қайрау аппаратын және басқа да құрал-жабдықтарды түсіреміз.
1-қозғағыш ПАД-0, 12Б; 2-бағана; 3-электр кабелі; 4-қосқыш; 5-қозғағышты бекіту тірегі; 6-иелмелі білік; 7-қырқу машинкалары; 8-биіктігі-2, 2 м желден қорғау үшін арналған шарбақ.
Сурет 1. Дала жағдайындағы қырқу агрегаттарының орналасу жағдайы.
Түсіру жұмыстары аяқталған соң, монтаждау жұмысы басталады. Бағаналарды орналастыратын жер белгіленіп, құдықшалар қазылып бағаналар орналастырылады. Бағаналарды орналастырып болғаннан соң, электр өтті және электр қозғағыштары ілінеді де, иілмелі білікпен қырқу машиналарын жалғайды. Мұнан соң қозғағышты оталдырып, монтаждық дұрыс құрылғандығын тексереді. Сонан-соң, жел жүндерді ұшырып кетпес үшін, жұмыс орнының айналысын қоршайды.
Қырқу аппараттарының дала жағдайында орналасуы- суретте көрсетілген. Қырқу пункті басқа, келесі жерге көшірілген кездегі жұмыс келесі ретпен жүргізіледі. Иілмелі біліктерджі машинадан және қозғағыштан ажыратады. Бұдан соң ящикке бірінші машиналарда, содан кейін иілмелі біліктерді орналастырады. Электрқозғағыштардың электр желілерін отыратын оны басқа жәшікке орналастырады.
Барлық үш жәшікті, қайрау аппаратын, машина кузовының алдынға жағына орналастырады, ортасында қырқу агрегаты, ал шеттеріне бағаналар басқа да құрал-жабдықтар орналастырады. Егерде құрал-жабдықтарды және адамдарда тасуға тек бір ғана машина болса, бірінші агрегатты, екінші қырқу бригадасын, сонан соң прессті құрал-жабдықтарымен қоса тасымалдайды. Бірінші рейспен агрегат басшысы, қайрауыш және құрастыру мен жөнелтіледі. Олар белгіленген жерге келіп агрегаттарды монтаждай бастайды. Оны кунуста 2-2, 5 сағат уақыт қажет етеді, ол қайта бұзуға екі сағат қажет.
2-суретте көрсетілген механикаландырылған қырқу пункті жалпы саны 1400-1600 бас биязы жүнді қойларды, яғни екі отарды қамтамасыз етуге арналған. Бір мезгіл (период) ішінде 37 мың бас қойды өңдеуге арналған. Қырқу пункті өлшемі 70х10 м, биіктігі 3м болатын қораға орналасқан. Қора іші бөлек екі бөлмеге бөлінген-үлкен жағында қырқу цехы, ал екіншісінде, жүнді реттен және престеу цехы орналасқан. Осы бөлімшеде жүнді сақтау және керекті жеріне жөнелту жұмыстары атқарылады.
Қырқу цехының ортасында 30 қырқу машинкасы, қырқымшалардан, сорттау столына тасымалдауға арналған тасымалдағыш-5, екі қайрау аппараты-4, қырқымаған қойларға-3 және қырқылған қойларға арналған қара орналасқан.
Қырқымшылардың жұмыс орнын жағалай орналасқан, өлшемі 2, 8ч3, 2 м болатын қой қара -15 бар, онда 20-25 қойды кіргізеді. Қабырға мен қой қара арасында ені 0, 8 м болатын, жол бар. Осы жол арқылы қойларды қораға айдайды. Әрбір екі қырқымшының арасында есікше орналасқан, олар осы есікті ашып, келесі қойды қырқымға ашады.
1 және 2-жүретін жол; 3-қырқылмаған қойларға арналған қора; 4-қайрау аппараттары; 5-жүн тасымалдағыштар; 6-қырқылған қойлар қорсаы; 7-сортаң столы; 8-сортталған жүн сақтайтын орын; 9-пресстер; 10-торозилер; 11-жүн тайлау орны; 12-көлбеу тасымалдағыш; 13-жүн тиеуге арналған орын; 15-затоп; 16-шомылдыру зонасы; 17-шомылғанна кейін қой тұратын орын; 18-шомылған қойларды қамау орны; 19-отейник; 20-дистерка; 21-пайдаланылған ерітіндіге арналған ыдыс; 22-қырқымшылардың жұмыс орны.
Сурет 2. Механикаландырылған тұрақты қырқу пункті.
Қырқу пунктінің ортасында, ағаштан жасалған қырқымшалар столы бар, оның ені 1, 5 м. Оның үстінде электр жүйесі және бекілік жасалған темір екі құты бар. Оның біріне машинаны жуып отыру үшін құйылған дизель майы, екіншісінде кескіш аппаратты майлау үшін құйылған автол толтырылған, қабырғаның қарама-қарсы ұзындығын бойлай, әрбір қырқымшыға қарама-қарсы қара бар, осы арқылы қырқылған қойларды жібереді де, оларды шомылуға айдайды. Осы қоралардың алдынғы шет жағында, биікті полдан 1, 2 м жерде орналасқан жүк тасымалдағышы бар. Екінші бөлімшеде тасымалдағыштың шығар жерінде, сорттау столы-7, сортталған жүндерді қоятын орны-8, екі пресс және көліктерге тайланған жүнді тиейтін тасымладағыш орналасқан. Тасымалдағыштың-13 соңғы жағында, қораның артында троншея қазылған, мұнда тайда тиеп алу үшін көліктер кіреді. Қораның жанында, душ тәрізді механикаландырылған шомылдыру ваннасы орналасқан. Қырқу пункті электр энергиясын, электр станциясынан алады.
Пункттегі қырқу процессі келесі тәсіл бойынша орналасқан. Таңертең шопандар жұмыс алдында, отардың жартысынан кродор арқылы қораға айдайды. Осы кезде қырқымшы қойды алып, қырқып, тасымалдағыш астымен қораға жібереді. Онан соң жүн үймесін жинап оны тасымалдағышқа салады. Онан кейін арнайы ескік арқылы келесі қойды алады. Егер де машинаны майлау керек болса, жоғарыда айтылған ыдысқа батырып майлайды, қырқылған қойларды ферма зоотехникі, есепшімен бірге санап, бақылап тұрады. Әрбір қырқымшының неше қой қырқаннын, қырқу сапасын бақылайды. Проход арқылы қойлар шомылу ваннасына немесе жанында орналасқан загонға-15 барады. Шомылудан шыққан қойлар алаға-17 келіп, осында олардың үстінен ерітінді толық ағады. Онан соң қойларды загонға-18 айдайды. Отардың бірікші жартысы қырқылып болған соң ғана, екінші жартысы қырқымға түседі. Қырқымшылардан тасымалдағыш арқылы келген жүк тіке столға келіп түседі. Бұл жерден сорттаушының көмекшісі жүк үйінділерін алып, сорттау столына-7 береді. Мұнда сорттаушы жүндерді сорттан келесі бөлмеге-8, жібереді. Сонан-соң жүндер ПШ-3, ПГШ-1 маркалы тік орналасқан пресстердің көлігімен престеледі. Бұл жерден шыққан жүн машиналарға тиеледі. Осындай жинақты орналасқан жұмыс орны, қырқу бригадасының жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Технологиялық процестерді толық кейін, бригадағы адамдар саны 25 адамға келеді. Тек бір жүк тасымалдағыштың өзі 4 адамды, яғни 4 жүн тасушыны алмастырады. Қойдан түскен әрбір үйме жүнді өлшемейді, тек отардан түскен жалпы жүн санын өлшем, қой санына бөліп, орташа шамамен есептейді. Ыстық көл қой шаруашылығы тәжірибе сынау қырқу пункті жаңа қораға орналасқан. Қырқу пункті 42-қырқу машинкасымен жабдықталып 1500-1600 бас қойды қырқуға арналған. Бір мезгілде (одан) бұл пунктін 40 мың бас қойды қырқа алады. Бұл пункіште жүнді тасымалдау, оны пресстеу қойды шомылдыру жұмыстары толығымен механикаландырылған. Пункттің ішінде, таза жүн шығымын анықтайтын лаборатория орналасқан . . . суретте көрсетілген пункіш П-тәрізді қораның жартысынан алып жатыр. Пункттің бір бөлігінде қырқу бөлімшесі, екінші бөлігінде жүн сорттау, пресстеу жұмыстары атқарылады. Қырқу бөлімшесінде қабырғадан 1, 5м қашықтықта, ағаштан жасалған, ені 0, 35 м болатын траншея орнатылған. Траншеядан тірек бағаналарына дейінгі жер ағашпен қапталған, бұл жер қырқымшалардың жұмыс орны болып саналады. Қораның ортасына таман, екі бағана ортасына, қырқылмаған қойларға арналған орын бар. Әрбір қырқымшы жұмыс орнына қарама-қарсы өз осінен айналатын есік орнатылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz