Қылмыс объектісінің түсінігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Негізгі бөлім
КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Қылмыс объектісінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Қылмыс объектісінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қылмыс объектісінің қылмысты саралаудағы рөлі және маңызы ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз
демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық
саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык
катынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға
бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет [1, 5 б.].
Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге
асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз
демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық
қорғау органдарының маңызы ерекше.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу,
орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын
мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің
бір болып саналады.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды
міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі -- қылмыстық құқық ғылымына да
жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды
жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан
айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды
жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық -
нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру
міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың
дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен.
Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі
тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз
өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық
қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең
басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып
табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар
көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі
бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің
мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс
беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық
нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды
реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың
мүдделерін ажыратады.
Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні
болып табылады.Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде,оның құқықтары мен
бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.Қылмыстық құқық пәні негізгі
принциптерімен тығыз байланыста болады.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады.Бірінші жалпы бөлім - қылмыс
пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық
жауаптылықтың негізі және одан босату,қылмыс құрамының түсінігі,жаза
мақсаты және жүйелері және жазадан босату мәселелері зерттеледі.Екінші
бөлім - нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза
түрлері көрсетіледі.Осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты
құрайды.Қылмыстық құқық функциясы (құрылымы) құқық саласының жеке саласы
болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен бірге тығыз байланысты.Жалпы және
арнаулы функция.
Қылмыстық құқықтың міндеттері.Адам мен азаматтардың
құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін,меншікті, қоғамдағы тәртіп
пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚРКон құрлысы мен аумақтұтастығын,
қоғам мен мемлекет заңмен қорғалатын мүдделерін қылмысқа қол сұғушының
бейбітшілік пен адамзаттың қауыпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың
алдын-алу негізгі мендеттері б.т. Қылмыстық заң басты міндеттерінің бірі
қылмыстан сақтандыру б.т. Қылмыстық құқық жалпы арнаулы сақтандыру
функцияларын жүзеге асырады.Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез-
келген қылмысты істеуге тыйым салу, тақты қылмысты істеген адамдарға әділ
жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырады. Арнаулы сақтандыру
қылмыстық заң тыйым саған әрекет әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық
құқық нормалар арқылы белгілейтін тиісті ықпал ету шаранын қолдану ретімен
іске асырылады.
Қылмыстық құқықтың қағидалары.Заң шығарушыға,ғылымға, құқық қорғау
қолдануоргандары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы
қажетті,негізгі міндетті ережелердің көрінісі б.т. Оларға: заңдылық, жеке
жауаптылық,ізгілік азаматтың алдындағы қылмыстық жауаптылықтан
құтылмайтындық кіреді.
Заңдылық қағидасы- Парламентпен Президент қабылдаған қылмыстық заңның
құқық қолдану тәжірибесінде заң нормаларын қабылдау арқылы жүзеге
асырылады.
Жеке жауаптылық қағидасы- адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана
қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) үшін жауапқа тартылады.
Ізгілік қағидасы- ең алдымен қылмыстық заң арқылы азаматтардың жеке
басын, олардың өмірін, денсаулығын, құқығын қылмысқа қол сұғушылық қорғау
б.т.
Азаматтардың заң алдында теңдігі- ҚРКон заң мен сот алдында жұрттың бәрі
тең деп аталған.
Әділеттілік қағидасы.- ең алдымен қылмыстық заң өзінің әділ болуы
істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның әділ болуы қажет.
Қылмыстық заң түсінігі- ҚР Конституциясына сәйкес Республика Парламенті
қабылдаған құқықтық акт болып табылады.Қылмыстық заң міндеттері
- бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін ,адам мен азаматтардың
құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін ,қылмысты алдын-ала алу болып
табылады.
Қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекеті- қылмыстық кодексінің 6 бабы, 7
бабы, 8 бабына сәйкес жүзеге асырылады.ҚР қылмыстық заң күші Республиканың
кез-келген аумағында объектіде істелген қылмыстық іс-әрекеттің бәріне де
қолданылады. Қылмысты ұйымдастырушы ,айдап салушы немесе көмектесуші шет
елде,орындаушы ҚР аумағында іс әрекет істесе немесе қылмысқа қатысу ҚР
аумағында ал қылмысты орындау шет елде орын алса,қылмыс ҚР аумағында
істелген деп танылады.
ҚК 4 бабы іс әрекеттің қылмыстылығы және жазаланушылығы сол іс әрекет
жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді.Қоғамға қауіпті
әрекет жүзеге асырылған уақыт,зардаптың басталған уақытына
қарамастан,қылмыс істелген уақыт деп саналады.Яғни,зардаптың қашан
болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің уақыты болып іс-әрекеттер
жүзеге асырылған жыл,ай,күндер және сағаттар есепке алынады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт,
қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа
заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-
әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық
нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік
сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын
орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың
сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге
жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған
өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың
ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды
жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі
айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың
нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып,
заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта
заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл
түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде
қылмыстық қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда
қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып
табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық
істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады.
Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей
байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі
бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының
мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса,
екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған
сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып
табылады. Бұдан шығатын қорытынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде
құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты
қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық
заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды
қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады.
Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар
арқылы көрініс табады: 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық
нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау - яғни іс-әрекет белгілерінің
қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір
мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген
құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын
мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, негізгі бөлімнен,
қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын курстық жұмыстың
құрылымы жасақталған. Біздің курстық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің
бірі қылмыс объектісінің мазмұнын ашып, жан-жақыт қарастырып, оның түрлері
мен қылмыс объектісінің қылмыс құрамын саралаудағы маңызын қарастыру,
қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды
негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз
қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы
қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау
міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы
уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған,
зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар
мен концепцияларды басшылыққа алдық. Сондай-ақ, отандық авторлардың
еңбектерінен, интернет веб-сайттарының беттерінен мәліметтер қорын жинау
барысында ізденісімді арттырып, Қылмыс объектісі атты курстық жұмыс
тақырыбымның ауқымын аша түстім деп есептеймін.

1 Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
1.1 Қылмыс объектісінің түсінігі

Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп
аталады.
Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде қылмыс
ұғымымен қатар бір мәндес ретінде қылмыстық қол сұғушылық ұғымы да жиі
қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір
нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық
қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.
Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы
ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық
қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол
сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол
қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік
жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды
қоғамдық қатынастар танылады.
Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және
саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың
орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін
ескеру қажет.
А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары,
қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект,
субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам,
нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық
негіз қызметін атқарады.
Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты
құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт
элемент бойынша жіктеледі.
Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін
пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі
қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой
қорытудың жемісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс объектісі
Қылмыстық құқықтың барлық ұғымдары мен категориялары
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс объектілерінің түрлері
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Пәндер