Менеджмент түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Менеджмент түсігіні, мәні, шығу тарихы

Тексерген: Рахимова Д. Т.

Орындаған: Багдатова З. Б.

Топ:УА-803

Семей 2019 жыл

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  1. Менеджмент түсігіні және мәні
  2. Менеджментін шығу тарихы

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент мағынасы - материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.
Менеджмент түсінігі:
1. Қызмет түрі (синонимы басқару)
2. менеджер = басқарушы, жетекші. Директорлар кеңесі
3. білім саласы (бизнес мектептері, жоғарғы білім, степень МВА, HBS, INSEAD, LBS, Wharton) Менеджмент = ғылым+тәжірибе+өнер, шеберлік. Менеджер дегеніміз қол астындағы жұмысшылар саны бір немесе одан да көп адам.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше менеджмент - іргелі дәл ғылымға, ережелер менпринциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Друкердің түсіндіруінше - жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады

Менеджмент түсігіні және мәні

Менеджмент (ағылш. мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.

Менеджментті жаратылыстану пәні деп түсіндіретіндер бар, бірақ көпшілік оның гуманитарлық пән екеніне сенімді.

“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады.

Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:

  • өндірістік менеджмент;
  • қаржы менджменті;
  • нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.

Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
Нарықтық менеджмент - маркетинг - бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «market» - нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.

Менеджмент - нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жаңдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік - әкімшілік, технократиялық, жоспарлы - директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.

Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.
  2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте - тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
  3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік - психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
  4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
  5. Менеджмент менеджменттің жеке бсына қоылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері - тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатын кездейсоқ емес.

Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:

  • Еңбек өнімділігін арттыру;
  • Бәсекеге жарамдылық;
  • Тұтынушыға бағдарлану (маркетинг) ;
  • Іс - әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.

Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені әсері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайын қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.

Менеджментте бастысы - ең алдымен кәсіпорынның мүдделерімен нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік) белгілейді.

Стратегия - мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп мөлшерде алу үшін ресурстарды қалай пайдалану керектігін кәсіби ұғындыратын түжырымдама. Мақсаттарға қол жеткізу мәселелерді шешуді қажет етеді: стратегиялық әкімшілік, оперативтік. Стратегялық мәселелерге өндіруге қажетті тауарлар мен қызметтерді таңдау, осы өнімдерді сатуға болатын нарықтар мен тұтынушыларды таңдау.

Бизнес мәселелері бойыша тәжірибелі маман фирманы жетістікке жеткізетін өзгеше стратегияларды танып, көре біледі.

Стратегияны таңдау барысында орталарға, әрекеттердің тактикалық мағынасына, бәсең және белсенді стратегияларды таңдауына баға беріледі.

Стратегия ұйымның өз қызметінде басшылыққа алатын шешімді қабылдаудың таңдау ережесі болып табылады. Ережені төрт топқа бөліп көрсетіледі:

  • Осы шақта да болашықта да фирма қызметінің нәтижелерін бағалауда пайдаланатын ережеге (сапалақ бағдар, сандық - тапсырма) ;
  • Қандай өнім түрін және технологиялық әзірлеуді, бұйымдарды қайда өткізуге болатынын, бәсекелестердің қалай асып түсудің жолдарын анық анықтайтын сыртқы орта мен фирманың қатынасын қалыпиасиыратын ереже. Бұл ережелердің жиыны өнімдік - нарық стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады;
  • Ұйым ішіндегі қатынас пен процедураны белгілейтін ереже. Оны ұйымдық бәсеке деп атайды;
  • Негізгі оперативтік тәсілдер деп аталатын фирманың өз қызметінде күнделікті жүргізетін ереже;

Стратегияны жасау процесі қандай да бір жылдам әрекетпен біте қоймайды. Әдетте ол фирманың өсуі мен позициясын нығайтуды қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады.

Менеджмент шығу тарихы

Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 - 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.

Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.

Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне - менеджерлерге көшеді.

Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Ғылыми менеджмент
Шағын және орта кәсіпорын менеджменті пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Менеджмент теориясы
Менеджмент, менеджмент түрлері
Ғылыми менеджмент мектебі
Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг. Балалардың физикалық даму көрсеткіші және оны зерттеудің маңызы
«Персоналды басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Педагогикалық менеджмент туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz