Макроэкономикалық саясат және құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР-ң негізгі макроэкономикалық саясаты

Тексерген: Қуантқан Биболат
Орындаған: Багдатова З.Б.
Топ:УА-803

Семей 2019 жыл
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Макроэкономиканың пәні және әдісі
2. Макроэкономикалық саясат және құралдары
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
"Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз"- дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.
Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.
Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.
Макроэкономиканың пәні және әдісі
Макроэкономика - ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мəселелерді зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қа растыратын, əрі ел экономикасының даму факторлары мен нəтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы. Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм жəне физиократтар мектептерінен басталды. Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады. Оның 1936 жылы шыққан Жұмыспен қамтудың, ақшаның жəне пайыздың жалпы теориясы деген еңбегі негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Джон Кейнс өзінің осы еңбегінде нарықтық экономикада үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты жағдайы орын алуы мүмкін екендігін айтты, бірақ осындай жағдайда мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған жəне жоспарланған бюджет-салық жəне ақша-несие саясаттары арқылы сол жұмыссыздықты қысқарта жəне экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын төмендете отырып, ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі мəселелерді дəлелдеуге тырысты. Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де дəлелдеді. Кейнстік экономикалық теория макроэкономика жəне экономикалық саясат салаларында аса басымды бағыт болып саналады. Осыған сəйкес, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы импульсі Дж. М. Кейнстің экономикалық идеялары болғанын айта аламыз.
Макроэкономика терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Бұл ғалым өз еңбектерінде бірінші болып микро- жəне макро- талдауларды бөліп қарастырды. Келесі бір ғалым, Нобель сыйлығының иегері, голланд экономисі Ян Тинберген (1903-1994) өз елі үшін алғашқы макроэкономикалық саясат үлгісін ұсынды. Ал макроэкономикалық талдау ғылыми айналымға Кейнстің басты еңбегі жарық көргеннен кейін нақты енгізіліп қолданыла бастады. Бірақ, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық талдау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде қарастырыла бастаған-ды. Француз экономисі-физиократ Франсуа Кенэ өзінің Экономикалық кесте (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің
10
натуралдық жəне құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын экономисі Давид Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі. Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды Карл Маркс те өзінің үлгісінде қолданды, ол Капитал еңбегінің 2-томында (1885 ж.) жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық жəне құндық құрылымдар арасындағы сəйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді.
Макроэкономика - бұл əлемде болып жатқан ғаламдық экономикалық мəселелерді жəне олардың кез келген ұлттық экономикамен өзара байланысын жəне оған əсер етуін зерттейтін ерекше ғылым. Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пəнін негізгі төрт макроэкономикалық мəселелермен байланысты рады. Олар берілген негізгі анықтамалардан туындайды: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу жəне төлем балансы. Макроэкономиканың зерттеу пəні - негізгі макроэко номикалық мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі əрекет ету заңдылықтары. Алайда макроэкономика осы төрт мəселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тəн басқа да мəселелер бар. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мəселелері:
1. Тұрақты экономикалық өсу жəне оның қарқыны;
2. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жəне оған қол жеткізудің жолдары;
3. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;
4. Жұмысбастылық деңгейі жəне жұмыссыздық мəселесі;
5. Бағалардың жалпы деңгейі жəне инфляция мəселесі;
6. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі жəне ақша айналымының мəселесі;
7. Мемлекеттік бюджет жағдайы;
8. Бюджет тапшылығын қаржыландыру жəне мемлекеттік қарыз мəселелері;
9. Халықты əлеуметтік қорғау мəселелері;
10. Төлем балансының жағдайы жəне валюта бағамының мəсе лелері;
11. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы жəне олардың сырт қы ортамен байланысы;
12. Тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу мəселелері.
Макроэкономиканың зерттеу объектісі - бұл ұлттық экономиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері жəне қоғамның байлығы. Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруа шылығы төрт макроэкономикалық субъектіден құралады:
1. Үй шаруашылығы - жұмыс күші ұсынысын жəне игіліктерге деген сұранысты қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып, өз пайдалылықтарын максималдауға тырысады.
2. Фирма - өндіріс факторларына сұраныс білдіретін жəне игіліктердің ұсынысын жасайтын əрі инвестициялау үдерісін жүзеге асыратын белгілі бір елдегі барлық кəсіпкерлік сектордың жиынтығынан құралады. Фирмалар, əдетте, өз қызметтерін жүзеге асыру барысында ең жоғары пайда алуға тырысады.
3. Мемлекет - ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қыз меттері сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол əдетте, пайданы максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының тиімді əрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет маңызды макроэкономикалық субъект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Макроэкономикалық саясат жайында
Макроэкономикалық саясаттың үлгісін таңдау
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі, түрлері
Макро экономика
Макроэкономикалық реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Пәндер