Вирустың ДНҚ құрылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

КеАҚ «Қарағанды Медицина Университеті»

Биология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері.

ДНҚ-сы және РНҚ-сы бар вирустар.

Орындаған : Курванкулов Р. Г.

Топ :1-005 ЖМ

Тексерген: Сулеймен А. С

Қарағанды 2019ж.

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Вирустардың құрылысы.

2. Вирустардың нуклеин қышқылы.

3. Ағзаның вирусқа қарсы қабілеті.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері.

ДНҚ-сы және РНҚ-сы бар вирустар.

Кіріспе

Вирусология ғылымдарының даму жолында әр түрлі кезеңдерде вирустарды реттеп, бір жүйеге келтіру классификация жөнінде ұмтылыстар болды. Вирустардың тұқымдастығы. Вирустар тұқымдастығының аты viridae деп аяқталады. Тұқымдастың өзі туыстан тұрады және оның мүшелерініңантигендік қаситеті, морфологиясы, сондай-ақ нуклеин қышқылының түрі бірдей болып келеді. Вирустардың тұқымдас тармағы. Вирустардың тұқымдас тармағының аттары virinae деген жалғаумен аяқталады. Вирустардың туыстары. Вирустар туыстарының аты virus деп аяқталады. “Туыс”- дегеніміз физикалық, химиялық және серологиялық қасиеттері бірдей топ вирустар. Туысқа кіретін вирустардың эволюциялық жетілуіде бірдей. Қазіргі кезде вирус тұқымдастарының саны 55-тен артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келген жоқ. Адамдар мен жануарлар вирустары 19 топшаға тұқымдасқа бөлінеді. Олардың7-і ДНҚ-ды, 12-сі РНҚ-ды вирустар

Негізгі бөлім

ВИРУСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ВИРУСТАР МОРФОЛОГИЯСЫ

Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әр түрлі болады. Могрһе - грек тілінен алынған пішін, бейне, түрі деген сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар:Икосаэдралық (икосаэдр - 20 қырлы көпбұрыш), немесе куб сиякты. Мал мен адамныңжұқпалы ауруын тарататын вирустардың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады (олар-реовирустар, пикорнавирустар, аденовирустар т. б.

Вирустардың таяқша немесе цилиндр тәрізді түрлері (оларға рабдовирустар, өсімдіквирустары жатады) . Сферикалық немесе дөңгелек шар тәрізді түрлері (оларға парамиксовирустар, ортомиксовирустар, ретро вирустар т. б. жатады) . Сперматозойдқа ұқсас түрлері - олар бактериофагтар (бактериялардың вирустары) . Жіп тәрізді оралған түрлері кейбір бактериофагтарда кездеседі. Сопақша түрлері кейбір өсімдіктер вирустарында кездеседі. полиомиелита - г/Спиральный тип симметрии имеет вирус гриппа - а. /герпеса - б/аденовируса - в

Вирустардың мөлшері де әр түрлі болады. Соған байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Өте ұсақ вирустар: олардың мөлшері 20-50 нм (парвовирустар, пикорнавирустар) . Үлкендігі орташа вирустар: мөлшері 50-150 нм (тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар) . Ірі вирустар: олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп калады (поксвирустар) . Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай қарапайым (қабыбықшасыз) немесе күрделі (қабықшалы) болып екіге бөлінедіЖай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен ақуыз ғана болады, ал күрделі вирустардың қосымша қабықшалары бар. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер, ақуыздар болады. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай немесе күрделі), олардың генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді «нуклеоид» деп атайды. Жоғарыда айтылғандай вирустардың торшалардан ерекшелігі - вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады: РНҚ немесе ДНҚ. Нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ол қабат «капсид» (латын тілі-нің capsa - қап, тыс деген сөзінен алынған) деп аталады Капсид ақуыздан тұрады. Нуклеин қышқылын сол тысқы қабатымен қосылып «нуклеокапсид» деп атайды. Жай вирустарда«нуклеокапсид» «вирион» деген ұғыммен бірдей. Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Капсомердін вирустар құрамындағы саны мен орналасу ерекшеліктері әр түрлі. Соған сәйкес вирустар бірнеше топқа бөлінеді. Ал капсомердің өзі белгілі бір құрылымдардан тұрады, оны «құрылымды бөліктер» деп атайды. Олар ақуыздың химиялық жетілген бір бөлігі. Құрылымды бөліктер «ақуызды суббөліктерден» тұрады. Ал ақуызды суббөлік полипептид тізбектерінен құралады. Полипептид тізбегі аминкышқылдарынан тұрады да әр түрлі вирустарда түрліше болады. Демек, капсомер дегеніміз ақуыз суббөліктерінен туратын үлкен агрегат. Мысалы: капсид - капсомер - құрылымды бөлік - ақуызды суббөлік -полипептид тізбегі - аминқышқылы. Қүрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидке қоса липопротеидтен тұратын сырткы кабыкша және бар. Оны «суперкапсид» немесе «пеплос» (гректің peplos- жапқыш, жамылғыш деген сөзінен) деп атайды. Кейбір вирустардың суперкапсидінің сырткы жағында шығып тұратын өскіндері -«пепломерлері»бар. Күрделі вирустардың нуклеокапсиді вирионның ортасында орналасады. Сондыктан да оны «жүрекше» деп атайды. Вирустың қабықты екіжіпті генетикалық материалы. ДНҚ немесе РНҚ ақуызды қабықпен қоршалған. Вирустың ДНҚ құрылымы. оспы, вирусы, Вирус герпес, Біржіпті РНҚ, Қызылша шошқа, мойын вирусы, Құтыру вирусы, лейкоза, СПИД, вирусы, Қабықсыз, Екіжіпті ДНК иридо - вирусы адено - вирусы

Вирустардың құрылысы қандай? Вирустардың бірнеше түрін электрондық, микроскоп арқылы қарап көргенде олардың капсомерлерінің орналасу ерекшеліктері белгілі болды және капсомерлердің симметриялық жағдайда ғана орналасатыны анықталды. Осыған байланысты капсид симметриясының мынандай түрлері болады:Куб тәрізді немесе икосаэдралық симметрия. Бұл симметрияның құрамы 20 қырлы көпбұрышқа ұқсайды, яғни өзара бірдей 20 үшбұрыштан тұрады. Әрбір үшбұрыштың қабырғасы, төбесі және қыры бар. Капсомер-лер екіден (димер), үштен (тример), төрттен (квадример), бестен(иентамер), алтыдан (гексомер) өзара бірігіп вирусқа белгілі бір пішін береді, вирустар осыған сәйкес әр түрлі болады. Куб тәрізді симметриядан туратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ (оларға иридовирустар, аденовирустар, паповавирустар, реовирустар, калицивирустар, пикорнавирустар, парвовирустар жатады) .

Ақуыз молекулаларының спираль тәрізді орналасуы мына жағдайларға байланысты: а) спираль айналымына, демек 1 толық айналымға сәйкес; б) бір Симметрияның спираль тәрізді немесе

бұрама түрі. Мүндай жағдайда ақуыз молекулалары нуклеин қышқылының ұзын бойына оралып спираль сияқты орналасады. Айтылған симметрия вирустарға түтікшеге ұқсас пішін береді. Айта кететін бір жағдай, мұндай вирустардың ақуыздарының өзара белгілі бір қалыппен жиналу ерекшелігі бар, соның арқасында біркелкі полипептид тізбегінен дұрыс орналасқан капсид пайда болады. Бұл жаналықты бірінші рет 50-ші жылдары темекі ауруының вирусын зерттеген ғалымдар Шрамм мен Френкель-Конрат ашты. Осындай орналасу ерекшеліктері генетикалық материалдың аса үнеміді жұмсалуына мүмкіндік береді. Ақуыз молекулаларының спираль тәрізді орналасуы мына жағдайларға байланысты:а) спираль айналымына, демек 1 толық айналымға сәйкес; б) бір айналымға келетін бөліктер санына сәйкес; в) екі бөліктің ара қашықтығына сәйкес. Спиральді симметрия темекі ауруының вирусында терең зерттелген. Онда 2150 ақуыз молекуласының, 6000 нуклеоидтың бар екені анықталды.

ВИРУСТАРДЫҢ НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛЫ. Вирустардың жасушалардан ерекшелігі, оларда нуклеин қышқылыныңтек бір түрі ғана - ДНҚ немесе РНҚ кездеседі, ал жасушаларда ДНҚ мен РНҚ -ның екуі де болады. Құрамында ДНҚ кіретін вирустардың генетикалық материалы ретінде ұзынша немесе қос тізбекті ДНҚ атқарады. Вирустардың барлық ақуыздары жөніндегі ақпарат ДНҚ-да кодталған. Олардың ДНҚ-сы бір немесе қос тізбекті және жасуша иесі прокариот немесе эукариотты болуына байланысты болуы мүмін. Вирустар құрамында кездесетін нуклеин қышқылдарының түрлерін схема ретінде мынандай етіп белуге болады:

Екі спиральді жіпті сызықшалы ДНҚ (герпес, аденовирустарда және т.

б. болады) .

Екі спиральды сақиналы ДНҚ бір жібі үзілмелі (гепатит В вируста) .

Екі спиральды өзара шиеленіскен ДНҚ (паповавирустарда кездеседі) .

Бір жіпті сызықшалы ДНҚ (парвовирустарда) .

Бір жіпті сақиналы ДНҚ (фагтарда)

РНҚ- ды вирустар адам және жануарлар дүниесі вирустар ішінде 80 пайызға дейін жетеді. Вирустар құрамындағы РНҚ әр түрлі болып келеді. Бір ті

РНҚ- ды вирустар адам және жануарлар дүниесі вирустар ішінде 80 пайызға дейін жетеді. Вирустар құрамындағы РНҚ әр түрлі болып келеді. Бір тізбекті РНҚ-лары бар вирустарды 2 типке: “плюс”- тізбекті және “минус”- тізбекті деп бөлінеді. Бірінші типтегі вирустардың РНҚ тізбегі жасуша иесіне тікелей м-РНҚ ретінде қызмет жасаса, екінші типтегі вирустардың “минус ” тізбегінде алдымен РНҚполимеразалардың көмегімен “плюс” тізбек түзілуі қажет. Жануарлар вирустары бірінші және екінші типте кездессе, өсімдіктердің көптеген вирустары “плюс” типке жатады. РНҚ-ның жіптері: ғана жасуша зақымданбайды, жасушалар тобы зақымданады. Зақымданған жасушада ауру қатерлі немесе созылмалы түрде өтеді. Аурудың қатерлі өтетін жағдайда инфекция өршиді, жасушалар тобы зақымданып өледі. Індеттің созылмалы түрінде инфекция ұзаққа созылады. Аурудың бұл түрінжасырын, персистенттік (персистенция- деген сөз латынның persistere- ұзаққа қалу, көнбеу деген мағана береді) стационарлық түрі депте атайды. Вирустардың ағзаға таралуына сәйкес ағзадағы ауруларАурудың ошақты түрінде вирус енген жерде белгілі бір ағза зақымданады. Мысалы, тыныс жолы ауруын алайық, оның шектелген аурыратын орны- тыныс жолының кілегейлі қабығы. Аурудың шектелГен түрі тез өтеді. Себебі ағзаны қорғайтын факторлар иммуноглобулиндердің А тобы (Ig, A) тез іске қосылады. Олар тыныс жолының кілегейлі қабығының сілекейлерінде кездеседі. Аурудың өршіген түрінде вирустардың қанмен, лимфамен нерв жүйесі арқылы тараған. Кездерінде кездеседі. Аурудың бұл түрі көпке созылады. Мысалы, шешек ауруы вирусы теріні де, кілегейлі қабықты да зақымдайды. Аурудың өршіген түрінде гуморальді G, M кластарының маңызы зор. Аурудың ошақты түрі кейде өршіген түріне уысып кетуі мүмкін.

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ

Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі- ағзаға енген вирустарды тауып алу және ағзаны сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымданған жасущалардан тазарту. Вирусқа қарсы тұрудың екі түрін атап өту қажет:1. Вирусқа деген табиғи немесе туа біткен түрде және нәсілдік қасиеткесәйкес төзімділік. Ол жағдай туа біткен қасиетке немесе өсе келе ағзаныңбелгілі бір ауруға қарсы тұрарлық қасиетіне сәйкес болады. Көрсетілген екі жағдайда ағзада вирус өсіп көбейе алатын жасушалар болмайды немесе фагоцитоздың, нигибиторлардың (ағзадағы арнаулы емес қорғану факторлары) арқасындаағзада вирусқа қарсы тұрақлық жағдайлар жеткілікті болады. 2. Жүре біткен төзімділік- ағза ауырып жазылған соң немесе қолдан егу арқасында пайда болады. Егу үшін тірі немесе өлтірілген вакциналар қолданылады. Ол вакциналардың құрамында вирустардың өзі немесе олардың превентивтік антигені (француздың - preventif -алдын алу, сақтандыру, ескерту деген сөздерінен шыққан) . Пайда болған иммунитет ағзадағы арнаулы және арнаулы емес факторларымен тығыз байланыста болады. Вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу тарихы И. И. Мечниковтің (Фагоцитоздың басты ролі туралы), П. Эрлих пен Э. Берингтің (арнаулы антиденелер туралы) аттарына тығыз байланысты.

Ағзаның вирусқа қарсы қабілетінің табиғи фақторлары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ – бар және РНҚ бар – вирустар
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Вирустардың генетикалық аппараттарының ерекшеліктері
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Вирустар ДНҚ-сы мен РНҚ-сының репликациясы
ДНҚ және РНҚ вирустар
Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі
Вирустар - клеткасыз организмдер
Вирустардың құрылысы және тiршiлiк процестерi
Вакцинация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz