ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
Ќ.А.ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫЌАРАЛЫЌ ЌАЗАЌ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТҮРКІСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

Бекітемін
ТГҒБИ оқу-ісі жөніндегі директор
орынбасары п.ғ.к., доцент
__________________Ә.Қалдыбаев
______________________2006 ж.

ОРТА ЃАСЫРЛАР ТАРИХЫ пєнінің
Оқу әдістемелік кешені

050114 - Тарих мамандығы үшін

Оқу формасы: күндізгі
Курс: ІІ, ІҮ семестр

Кредит саны: 3
Сағат саны: 135
Лекция: 30
Практикалық: -
Семинар: 15
Лабораториялық: -
ӨБСӨЖ: 45
С¤Ж: 45
Аралық бақылау (АБ) 2 рет
Қорытынды бақылау: емтихан

Т‡РКІСТАН-2006

Оқу әдістемелік кешенді құрастырғандар: с.ғ.к., аға-оқытушы М.Ертаев,
магистр-оқытушы Е.Төлегенов

Мекен жайы, тел және Е-mail: Түркістан қ. Кенесары 22, 83004108169,
Edil79@rambler.ru

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 8:30-17:30
СӨЖ қабылдау күндері, уақыты және қабылдау орны:11:30. 210 каб.

Оқу әдістемелік кешен Жалпы тарих кафедрасының 28. 08 .2006 ж. мәжілісінде
қаралды. №1 хаттама.

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Э.Зұлпыхарова

Оқу-әдістемелік кеңес төрағасы Б. Айнақбаев

Пән туралы мәлімет

Пєн туралы қысқаша сипаттама. Орта ғасырлар тарихы Батыс Европа
мемлекеттерiнiң Ү-ХҮII ғасырдың бiрiншi жартысына дейiнгi тарихын оқытады.
Дүние жүзiлiк тарихтың бiр бөлiгi ретiнде осы кезендердегi даму
ерекшелiктерi, тарихтағы орны, дүние жүзiлiк тарихқа қосқан үлесi туралы
мағлұмат бередi.

Орта ғасырлардағы Батыс Европа елдерiнiң әлемдiк өркениетте өзiндiк
орны бар тарихи дамудың феодализм қоғамы ыдырап, капиталистiк укладтың
орнығу себептерi мен алғышарттарын, мемлекеттердiң бiр орталыққа бiрiгiп
қуатты күшке айналғаны сөз болады. Сонымен бiрге Батыс Европа
мемлекеттерiнiң экономикалық, саяси, әлеуметтiк дамуы ерекшелiктерi
мәдениетi оқытылады.
Пәндi оқыту бағдарлама негiзiнде студенттерге Батыс Европада
феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуынан бастап, капиталистiк
укладтардың алғышарттарының пiсiп жетiлуi кезеңiне дейiнгi тарихты жаңа
концепция негiзiнде түсiндiру болып табылады.
Батыс Европа елдердiң орта ғасырлар тарихының оқу процесiнде алатын
орны зор. Себебi Батыс елдердiң орта ғасырлар тарихы пәнiн меңгермей,
дүниежүзiлiк тарихты игеру мүмкiн емес. Бұл пән бiзге дүниежүзi
халықтарының тарихын меңгеруде маңызды теориялық, методологиялық және нақты
материалдар бередi. Орта ғасырлар тарихы пәнiн жетiк меңгеру арқылы жоғарғы
оқу орнының студенттерi тарих тағлымынан ой-өрiсi кеңейе түседi.
Батыс Европа елдердiң орта ғасырлар тарихы пәнiн оқытудағы мақсат
Батыс Европан елдерiнiң дүниежүзiлiк тарихта алатын орнын анықтау, бұл
мемлекеттердiң тарихы мен мәдениетiн меңгеру.
Пєн маќсаты: Орта ѓасырлардаѓы Батыс Европа елдеріндегі ќ±лиеленушілік
ќатынастардыњ ќ±лауы, тайпалардыњ ±лы ќоныс аудару кезењі, жер
иеленушіліктіњ пайда болуы мен феодалдар мен шаруалар арасындаѓы ќарым
ќаатынастар, феодалдыќ ќатынастардыњ ыдырауы мен капиталистік ќоѓамныњ
ќалыптасуын ‰йрету болып табылады.
Пєн міндеті: Орта ѓасырлар тарихыныњ міндеті ќазіргі заманѓы б‰кіл Европа
елдерініњ тарихында мемлекеттіліктіњ бастауы мен негізі ќалыптасќан тарихи
даму кезењін орта ѓасыр мєдениеті негізінде, жања ѓылыми єдебиеттер мен
ѓылыми жањалыќтар негізінде білімгерлерді таныстыру, оќып ‰йрету болып
табылады.

Лекция тақырыбы: Кіріспе

Лекция жоспары:
1. Орта ѓасырлар тарихы пєнініњ мазм±ны жєне хронологиялыќ шегі.
2. “Орта ѓасырлар” жєне “феодализм” т‰сінігініњ шыѓуы жєне мазм±ны.
3. Варварлыќ тайпаларда ру-тайпалыќ ќ±рылыстыњ ыдырауы.
4. Кельттер, германдыќтар жєне славяндар.
5. Халыќтардыњ ±лы ќоныс аударуы. Батыс Рим империясыныњ ќ±лауы жєне
варварлыќ мемлекеттердіњ ќ±рылуы.
6. Батыс Рим империясыныњ ќ±лауы. ‡-‡І ѓасырлардаѓы Батыс Еуропадаѓы
єлеуметтік-экономикалыќ, саяси жєне этникалыќ µзгерістер.Рим империясының
құлдырауы.

Батыс Европа мемлекеттерiнiң “орта ғасырлар тарихы” тарихи ұзақ
уақытты қамтиды. Сол кезеңдегi экономикалық және қоғамдық өмiрде жаңа
формадағы феодалдық қатынастардағы тап күресiнiң өсуi мен оның шешiлуi
проблемалары, дамуы ерекшелiктерi және алғашқы буржуазиялық революциялардың
пайда болуын және алғашқы капиталистiк укладтарының қалыптасуы
проблемаларын оқытады. Яғни Батыс Европа мемлекеттерiнiң орта ғасырлар (Ү-
ХҮII ғ. I-шi жартысы) адамзат тарихында бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда
материалдық және рухани дамуы жөнiнен iлгерi болғандығымен ерекшеленедi.
Осы кезеңде алғаш рет халықтың еркiн ойшылдығы - көрiнiстерi үстем етiп
отырған феодалдар шiркеулердiң догмалық заңдарына қарсы күрестерiнiң
ерекшелiктердiң жалпы қозғалысымен есте қалады. Әсiресе әдебиеттiң поэзия
жанрының тамаша үлгiлерi жасалды. Қайта Өрлеу деп аталатын еркiн
гуманизмнiң ғылыми ойдың тамаша өкiлдерi дүниеге келдi. Орта ғасырлардағы
еркiн ойдың батыл өкiлдерi - Петр Абеляр, Роджер Бэкен, Ибн Сина, Аверроис,
Ян Гус, Николай Коперник, Бруно, Галилео Галилей, ақын-жазушылардан -
Фирдауси, Омар Хаям, Сағди, Хафиз, Низами, Данте, Петрарка, Бокаччо,
Шекспир, Сервантес, суретшi-мүсiншiлер - Рафаэль, Микеланджело, Леонардо да
Винчи, Дюрер, Рембрант, архитекторлар Ганс Гольбайн Младший тағы да
басқалар есiмдер адамзат тарихында өшпес iз қалдырды.
Жалпы дүние жүзiлiк тарихта Батыс Европа елдердiң орта ғасырлар
тарихы негiзiнен генезисi бойынша үш дәуiрге бөлiнедi:
1. Алғашқы орта ғасыр - Ү ғасырдың аяғынан ХI ғасырға дейiнгi кезең.
Бұл кезеңде өндiрiс тәсiлi феодализм негiзiнде қалыптаса бастады.
2. Орта орта ғасырлар кезеңi - ХI ғасырдың орта кезiнен ХҮ ғасырдың
аяғына дейiн бүкiл Батыс Европада феодализм толық орнығып, ең
биiктеу шыңына жеткен кезеңi болды.
3. Соңғы орта ғасыр - бұл ХҮI-ХҮII ғасырдың бiрiншi кезеңiне дейiнгi
аралық. Соңғы орта ғасырлардың ерекшелiгi феодализм ыдырап,
феодализмнiң негiзiнде капиталистiк қоғамдық қатынастардың
укладтарының қалыптаса бастуы сөз болады.
Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы деректерi әлеуметтiк зерттелуi
жағынан 5 типке бөлiнедi.
1. Табиғи-географиялық деректер. Яғни әрбiр терминды оқығанда сол
территориялардың ландшафтына, климатына, өсiмдiктерi мен қоршаған
ортасынан деректер бередi.
2. Этнографиялық деректер. Бұл сол кезде пайдаланған технологияны,
әдет-ғұрыптардан, тұрғын үйлерден, киiмдерден және ауыз әдеби
шығармаларынан деректер бередi.
3. Заттық деректер. Құрылыстар, еңбек құрал-жабдықтары, транспорт
түрлерi, қару-жарақтар тағы да басқалардан деректер бередi.
4. Көркем өнер шығармалары деректерi. Бұл көркем образдар,
архитектуралық құрылыстар, живопись, кескiн және қолданбалы өнерден
деректер бередi.
5. Жазба деректер. Әрiптер, цифрлар, ноталар тағы да басқалардан
жазба деректерiн бередi.
Мiне осы 5 типтi деректер орта ғасырлардан бiзге толық тарихи
деректер бередi. Бұлардың әрқайсысының тарихшылар үшiн маңызы зор. Әсiресе
заттық деректер орта ғасырлар тарихын оқытуда ерекше маңызға ие. Ал
фольклор мен этнографиялық деректер соңғы орта ғасырлар тарихын оқытуда
маңызды. Әсiресе орта ғасырлар тарихын оқытуда жазба деректердiң алатын
орны зор. Себебi сауаттың ашылуы өте көп мағлұматтар қалдыруға мүмкiндiк
бередi.
Ортағасырлық жазба деректерiн төмендегiдей үш класқа (топқа) бөлуге
болады:
1. Нарративтик жазба деректер. Бұл нақты шындықты боямасыз сол күйiнде
беретiн жазба дерек болып табылады.
2. Құжаттық жазба деректер. Лексикалық негiзде мемлекеттердiң әлеуметтiк-
экономикалық, әлеуметтiк-кұқылық және әлеуметтiк-саяси өмiрiне баиланысты
кұжаттар жиынтығы.
3. Құқылық жазба деректерi . Бұл жерде тек қана құқылық жиынтығы ғана емес,
сонымен қатар жазып отырған адамның еркiне де байланысты болады.
Соңғы орта ғасырлар мен Қайта өрлеу кезеңдерiнде бұл құжаттар
теориялық жағынан талдау жасалып шығарылды. Мысалы, нарративтiк жазба
деректерден көркем әдебиет бөлiнiп шықты.
Батыс Европа елдерiнiң орта ғасыр тарихы деректерi Ерте дүние тарихы
мен Жаңа заман тарихының деректерiмен салыстырғанда бiрнеше өзiндiк
ерекшелiктерi бар. Мысалы: сауаттылық аз болғандықтан көбiнесе жазба
деректер жинауға өте кем көңiл бөлiндi, көпшiлiк ауызша айту арқылы
ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiлдi. Бұл процесс тiлдiң дамуына көп үлес қосты.
Жазба деректер көбiнесе грек тiлiнде жазылды. Ал Испанияда араб тiлiнде
жазылды. Жалпы Европаның орта ғасырлық жазба тiлi латын тiлi болған. Бұл
жағдай тiрi жазба тiлi мен ескi өлi жазба тiлдерi арасындағы алшақтыққа
алып келдi. Орта орта ғасырларға қарай ғылымның дамуына байланысты жағдай
өзгере бастады. Дегенмен ХҮ-ХҮII ғасырларға қарай жағдай өзгере бастады.
Басым көпшiлiк мемлекеттерде латын тiлi өзiнiң үстемдiгiн ұзақ уақыт бойы
сақтап қалды.
Осылайша деректанушылар соңғы кездерге дейiн нақты зерттеуден
алшақтап отырған. Көбiнесе бұл проблемалармен қосымша тарихи пәндер,
нумизматика, ономастика, ландшафттану, археология, этнография тағыда басқа
пәндер шұғылданып келдi. Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы деректерiн
зерттеумен қазiргi кездерi кодикология ғылымы шұғылданып жүр. Кодикология
дегенiмiз Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы деректерiн, заңдар жиынтығын,
кiтаптарды тағыда басқаларды зерттейтiн ғылым.
Рим империясы құлағаннан кейiн оның орнына екi империя құрылды. Батыс
және Шығыс Рим империясы деп аталды. Батыс Рим империясына қарағанда Шығыс
Рим империясы Европадан келген варварлардың шабуылына төтеп бере алды. 330
жылы император Константин астанасын Константинопольға көшiрiп Шығыс Рим
империясын Византия деп атай бастады. Бұл империя өте үлкен территорияны
алып жатты. Бұл империя Батыс пен Шығысты жалғастырып жататын теңiз және
құрлықтағы жол торабында орналасқандықтан сауда мен қолөнер дамудың
нәтижесiнде алғашқы қауымдыққұрылыс ыдырап, феодалдыққатынастардың
белгiлерi бiлiне бастады. Феодалдыққатынастардың қалыптасуы және толық
орнығуы ұзақ эволюциялық процестi басынан кешiрдi. Үш - төрт ғасырға
созылған процестерден кейiн IХ-ХІ ғасырға қарай Батыс Европа
мемлекеттерiнде феодализмнiң толық орнағанын байқауға болады. Қауымдық
жерлер жойыла бастады. Ерiктi шаруалар кедейленiп, кауымдарда бай
адамдардың топтары пайда болды. Алғаш Византияда кейiннен Батыс Европаның
басқа да мемлекеттерiнде алғашқы феодалдық поместьелер пайда болды.
Феодализмнiң алғашқы белгiсi ретiнде жiктелу процесiнiң ерекшелiгi көрiндi,
бай жер иелерi феодалдар мен оларға тәуелдi шаруалар табы бiр-бiрiне
қарама- қарсы екi тап пайда болды. Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы
феодализмнiң негiзгi белгiлерiн қалыптасуы мен дамуын әсiресе Франция,
Италия, Германия, Англия тағыда басқа мемлекеттерiндегi даму генезисiн
оқып үйретедi.
Францияда бытыраңқы мемлекет екендiгiне қарамай өз иелiктерiнде әрбiр
феодал шексiз түрде билей бастады. Бiрак шетел басқыншылары келген жағдайда
корольмен уақытша одақ жасап отырды. Осы кезеңде Францияда Каролингтер
династиясы тек өзiнiң доминионына ғана тиiстi жерлерiне ғана билiк еттi.
Тек қана корольдiк титулын сақтап Париждi және Парижге жақын графтықтарға
билiк еттi. Ал 987 жылы Людовиктiң өлуiмен Каролингтер династиясы жойылды.
Сөйтiп король болып Гуго Капета сайланды. Осылайша француз революциясына
дейiн Капетингтер династиясының негiзiн қалады. Алғашқы кезеңде бұл
Капетингтер династиясы да Каролингтер иелiк еткен жерлерге ғана иелiк еттi.
Бiрақ кейiннен өз иелiктерiн кеңейттi. Сөйтiп бiршама уақыттан кейiн Бүкiл
Францияға билiгiн нығайтты.
Осы кезеңдерде Франциядағы шаруашылық феодалдық тәуелдiлiкке толық
түскенiн айтуға болады. Х ғ. Франция шаруалары екi негiзгi топқа бөлiндi:
I. Серва II. Виллан деп аталды. Вилла (село тұрғындары) негiзiнен
колондардың тегiнен шыққан адамдар едi. Олар сот билiгiне бағынышты
жерлерге иемденiп өз сеньорларына бұл жерлерден - барина, оброк және
ақшалай салықтар төлеп отырды. Сонымен бiрге мырзалар олардан сот мырзасы
негiзiнде де қосымша төлем алып отырды. Ал серваларды правосы шектеулi
болды. яғни олар бұрынғы құлдардың тегi болды. Олардың салық төлемi тек
қана жерден ғана емес сонымен бiрге бас бостандығы үшiн де болды (некеге
тұрғаны үшiн салықтар төледi, ауыр жұмысқа жегiлдi, жол үшiн, көпiр
үшiн т.б. үшiн қосымша салықтар төледi). Осылайша феодалдардың шаруаларды
қанауы күннен күнге күшейе түстi. Феодалдардың мұндай қанаудың күшеюiне
Францияда шаруалар қауымы жаппай халықтың көтерiлiстермен жауап бердi.
Мысалы: 997 жылы Нормандияда, 1024 ж. Бретеньде т.б. болды. Бұл процесс
шаруашылыққиын жағдайын феодалдар аз да болса жақсартуға мәжбүр болды.
Италияны - бүкiл орта ғасыр бойына батыраңқы Батыс Европада жалғыз
мемлекетi Италияның мемлекеттiк бiрiгуiне түрлi экономикалық iшкi саяси
және сыртқы саяси жағдайлар мүмкiндiк бермедi. Ал шетелдiк шапқыншылық елдi
әртүрлi саяси бөлiктерге бөлiп жiбердi. Мысалы, Солтүстiк және Орталық
Италия ҮІ-ҮІII ғ. аралығында лангобардтарға бағынса, кейiннен Каролингтер
империясына бағынды. Апулия, Калабрия және Сицилия Византия империясының
қол астына қарады. Оңтүстiк Италия мен Орталық Италия Риммен қоса Пана
билiгiне бағынады. Осылайша Италия IХ-ХІ ғ. саяси батыраң қы мемлекет
бойынша.
Италияда феодалдық қатынастар әртүрлi облыстарда әркелкi жағдайда
қалыптасты. Бiрақ бүкiл Батыс Европа басқа мемлекеттермен салыстырғанда
ерте қалыптасты. Елдiң Солтүстiк және Орталығында Лангобардтардың билiгi
жерге феодалдық иелiктi күшейттi. Яғни жердiң барлығы магнаттарға берiлдi.
Ал Франктардың ҮІII ғ. жаулап алуы феодалдық қатынастардың дамуын одан әрi
күшейттi. Нәтижеде шаруалар тәуелдiлiкке түстi.
Феодалдық қатынастардың дамуы Италияда товар-ақша қатынастарының
дамуын тездеттi. Ең алдымен Италияда жерге iрi феодалдық иелiк орнатылды.
Сөйтiп Италияда жер сатып алу мен сату обектiсiне айналдырылды. Ал жердi
шаруалар либеллярлық аренда негiзiнде иемдендi. Ол бойынша 29 жылға немесе
өмiр бойы иемденуге алды. Либеллярға жақын жердi арендаға алу формасы
эмфитевзис болды. Оның мерзiмi 10, 20, 30 жыл болды. Бұлар бойынша жер
иемденген шаруалар негiзiнен крепоснойлық жағдайға ұшырап отырды.
Ал Оңтүстiк Италияда Византия империясы көп уақыт бойы құл
иеленушiлiк укладты сақтап қалды.
Ал Италияның терииториясында Батыс Европа басқа мемлекеттерге
қарағанда антика дәуiрiндегi қалалар сақталды. Орта ғасырларда да бұл
қалалар өздерiнiң қолөнер мен сауда орталығы маңызын сақтап қалды. Iрi
портты қалалары шығыспен сауда байланысын сақтап отырды. Сонымен қатар
көптеген қалалары епископтардың резиденциясы мен әкiмшiлiк орталықтары
болып қалды. Дегенмен Солтүстiк және Орталық Италия қалалары IХ-ХІ ғ. iрi
қолөнер және сауда орталығына айналды. Олар Халықаралық маңызы бар
ярмаркаларға айналды. Мысалы мұндай қалалар Лукка қолөнер орталығы мен
монета шығаратын орталық болды. Осылайша қалалар бiр-бiрiмен бәсекелесiп
отырды. Көптеген итальян қалалары сыртқы сауданы феодалдық негiзге
айландырды. Бiрақ батыраңқы болды. IХ–ХІ ғ.ғ. Бүкiл Италияда этникалық
бiрiгу процесiн бастан кешiрдi. Сөйтiп әртүрлi этникалық топтардан келiп
итальян ұлысы қалыптасты.
Германия. Герман мемлекетi Франк империясының құлауы нәтижесiнде
құрылды. 843 жылы Верден шарты бойынша герман тайпаларының жаулап алған
жерлерi Шығыс-Франк мемлекетiне бiрiктi. Бұл жерлер Людовик Немецкийге
берiлдi. Бұған Швабия (Алемания) Бавария, Франкония, Саксония Тюринги
едi. Ал IХ ғ. аяғы Х ғ. соңында Фразия мен Лотарингия ендi. Бұл
территорияларда немiс этникалық тобымен қатар роман-славян топтары да
болды. Олар негiзiнен ассимиляцияға ұшырады.
Германияда феодалдық қатынастар Франк империясының Батысымен
салыстырғанда баяу қарқынмен жүрдi. Мұның ең басты себебi қауымдық-
патриархтық құрылыстан феодализмге өту процесiн басынан кешiрдi.
Ал феодалдық қатынастар Германияның әртүрлi облыстарында әртүрлi
негiзде болды. Себебi Германияның феодализмiнiң қалыптасуына Рим
құлиеленушiлiк құрылысы мен франктердiң билiгi өз әсерiн тигiздi.
Атногонистiк таптарға - феодал жер иелерi мен тәуелдi шаруаларға
бөлiну ХІ ғ. соңында ғана болды. Яғни осы кезден бастап әрбiр шаруа белгiлi
бiр жер иесiне, тәуелдi болып белгiлендi. Олар осы иесiне түрлi салық
төлеуге мiндеттелдi. Ең басты жер иелерi - герцогтар, графтар,
архиепископтар, аббаттар болса, орташа жер иелерi рыцарлар болды.
Германия феодалдық қатынастарының басқа мемлекеттерiмен салыстырғандағы
ерекшелiгi мынада: Германия саяси жағынан бiрiккен мемлекет болды, яғни
әрбiр герман феодалы өз сенборина қызмет етумен қатар корольдiң әскери
қуатына көмек көрсетуге мәжбүр болды.
Англия. Ү ғ. Британ аралдарына герман тайпалары болып аола бастады.
Сөйтiп англосаке тайпалары Британ аралында үлкендi-кiшiлi корольдерге
бiрiктi. Осы кезеңдерде англосактар Ү-ҮІ ғасырларда англосакс тайпалары
еiгiншiлiкпен және мал шаруашылығымен, балық аулаумен аң аулаумен
шұғылданады. Дәндi дақылдардан - бидай, арпа, сұлы т.б. ектi. Сонымен
қатар бау-бақша өсiрдi. Жалпы екi талапты егiндi пайдаланды. Англо
сакстардың қоғамдық құрылысында ру-тайпалық және қауымдық қатынастар басым
болды. Англосакстардың негiзгi халқы басы бос қауымдар (керлдар) болды.
Олар үлкен отбасымен 50 га жердi пайдаланды. Бұл жерлер әйелдер тарапынан
мұрагерлiкке берiлмейдi. Ал қоғамдық саяси-құрылысы бойынша франктер сияқты
әрбiр басы бос қоғам мүшесiнiң (вергельдi - айып төлеу құны деген мағына
бередi) 200 шиллинг болды. Ал белгiлi тайпа, ру көсемдерiнiң әрла
вергельдi алғашқы кезеңде 400, кейiннен 600 шиллинг болды. Ал Англиядағы
ең төменгi тап елдiң жартылай басы бос халқы лэттер мен уэлилер (Уэльс)
болды. Олардың өздерiнiң жерi болмады, негiзiнен эрлалардың жерiнен
пайдаланып эрлаларға оброк және натуралды салықтарын төледi. Ал лэттердiң
вергельдi 80 шиллинг болды. Ал құлдарға ешқандай вергельд пайдаланбады.
ҮІI ғ. басы бос англосакстардың арасында жiкке бөлiну процесi
нәтижесiнде қауымдық жер иелену ыдырай бастады. Сөйтiп Англияда iрi жер
иелушiлiк процесi қалыптаса бастады. Мұны Англияда Бокленд деп атады. Бұл
процесс Англияда феодалдық қатынастардың дамуына алғышарт болды.
ҮІII-IХ ғ. Нормандардың Британияға шабуыл жасауы шаруашылық жағдайын
күрт нашарлатып жiбердi. Шаруалар көптеген мемелекеттiк қамалдар мен
көпiрлер салуға шұмылдырылдыҚарауылдық және әскери мiндеттер (орындады)
атқарды. Мұндай процестер шаруаларды iрi жер иелерiне тәуелдiлiктi
күшейттi. Әсiресе феодалдану процесi рыцарлықтың шығуымен байланысты болды.
Рыцарлар тек қана корольге ғана бағынатын болды. Рыцарьлар (тэндер)
шаруаларды қанауды күшейттi. яғни рыцарлар бiрте-бiрте әскери шонжарларға
айнала бастады. IХ ғ. дейiн негiзгi шаруалардың басы бос болды. Ал
феодалдық жерлерде жартылай тәуелдi шаруалар мен құлдар iстедi. Тәуелсiз
қауымдар ормандарды т.б қауымдық жерлерден пайдаланды. IХ-Х ғ. феодалдану
процесi күшейдi. 930 ж. Британ королi Эпельстон әрбiр басы бос адам өзiне
лорд мырза табуы керек туралы указ жарлық шығарды. Мемлекет әрбiр үстем
жапқа өз жерiндей халыққа заң жүзiнде иелiк ету туралы иммунитеттiк право
бердi. Яғни шаруалар лордттардың жеке сотымен жазаланды. Бұл соттарды соко
деп атады. Ал осы сотпен сотталған шаруалар сокмендер деп аталды. Iрi
феодалдық поместьелер мен құлдар еңбек еттi. Х ғ. деректерiнде шаруалардың
әртүрлi категориялары бар екендiгiн дәлелдейдi. Мысалы: Гениттер - басы бос
шаруалар, олардың өздерiнiң жерi болған және салықты королтге, көршi
лордтарға салықтар төлеген. Гебурлар - шаруалар олар помещиктiң жерiне
қоныстанып ауыр барщина мен лордтарға астықтан және малдан салық төлеп
отырды. Сонымен бiрге аздаған жерлерi бар шаруалар да тобы болды.
Осы кезеңдерде Англияда басы бос шаруалар 50% болды. яғни тәуелсiз
шаруалар қауымының маңызы әлi де жойылмады. ХІ ғ. өзiнде де феодалдану
процесi англосакстарда аяқталмады.
Мемлекеттiк құрылысы. Елдегi король билiгi англосакстардың жоғарғы
советiмен шектелiп отырды. Бұл советтi уйтенамегот деп атады. Мұның
құрамына iрi ақсүйектер ендi. Бұл совет заң жобасын бекiттi және
корольдiктiң жоғарғы соты қызметiн атқарды. Корольдi сайлады. Бiрақ
корольдiң кез-келген өтiнiшi осы совет арқылы бекiтiлдi.
Сонымен қатар англосактар арасында қауымдық ұйымдардың жергiлiктi
өзiн-өзi басқарудың маңызы ролi зор болды. Англосакстардың мұндай өзiн-өзi
басқаруы Англияда феодализмнiң дамуын тетедi. Кейiннен бiрте бұл процестер
жойылып басы бос тәуелсiз шаруалар iрi жер иелерiнiң ықпалына түсе бердi.
Басқа Батыс Европаның елдерiне қарағанда феодалдыққатынастардың дамуы жай
(баяу) қарқынмен жүргiзiлдi. Бұл Англияда феодализм қалыптасуының негiзгi
ерекшелiктерi болып табылады.

Лекция тақырыбы: Франк мемлекетінде феодализмніњ дамуы

Лекция жоспары:
1. Франктердіњ Галлияны жаулап алуы.
2. Меровингтердіњ франк мемлекетініњ ќ±рылуы.
3. Салий шындыѓы бойынша франктердіњ шаруашылыќ т±рмысы мен ќоѓамдыќ
ќ±рылысы.
4. Каролингтердіњ Франк монархиясы.
5. Каролинг мемлекетінде феодалдыќ ќатынастардыњ дамуы.
6. Франк империясыныњ ыдырауы. Верден бµлінісі.

Франк мемлекетi. Варварлар корольдiгi жаңа феодалдық мемлекеттердiң
қалыптасуына негiз болды. Ол мемлекеттердiң iшiндегi ең қуаттысы 486 жылы
Солтүстiк Галлияда құрылған Франк мемлекетi едi. Оны салий франктерiнiң
меровей руынан шыққан көсемi Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк
тайпаларын қол астына бiрiктiрiп, Римнiң қарамағындағы көршi Галлияның
құнарлы жерлерiне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында
франктер римдiктердi талқандап, Солтүстiк Галлияны басып алды. Бұдан соң
Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстiгiн де жаулап алды. Сөйтiп, Рим
империясының осы провинциясының орнына өзiнiң корольдiгiн құрды.
Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерiн орындарынан қуған
жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билiгiн
мойындаған римдiк және галлиялық байлар аз уақыттың iшiнде франк
ақсүйектерiмен араласып, туыстасып кеттi. Франк мемлекетiнiң халқы латын
және герман тiлдерiн араластырып сөйлейдi. Осы аралас тiл кейiн француз
тiлiнiң негiзiн құрады. Жазу саласында тек латын тiлi қолданылды.
Хлодвигтiң тұсында осы тiлдiң франктердiң ең алғашқы сот саласындағы
заңдары жазылды. Ол “Сали ақиқаты” деп аталды. Ол заңдар бүкiл мемлекет
аумағындағы бiрыңғай тәртiптi орнатуға үлес қосты. Франктердiң заңы бойынша
қылмыстың көпшiлiгi ақшалай айыппен өтелетiн.
Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтiргендi үшiн салынатын айып
мөлшерi кiмдi қандай адамды өлтiргендiгiне байланысты әртүрлi болды.
Франктiң өмiрi галлдар мен римдiктердiң өмiрiнен қымбат бағаланды. Жауапқа
тартылған адамның кiнәсi дәлелденбесе, оны “құдай сотына” салатын. Мысалы,
жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етiлдi.
Егер кiнә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ
екендiгiнiң белгiсi деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген
тұжырым жасалатын.
Франк мемлекетiнiң аумағында жазба заңдардың шығуы үкiмет билiгiн
нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен басқыншылардан қорғап
отыру үшiн керек болды. Қуатты мемлекеттiң көмегiмен ел басшылары халық
бұқарасын қабылданған тәртiп шеңберiнде ұстап, салықты уақытында жинап
алатын жағдайға жеттi. Әскер басшыларының iшiндегi әрi батыл, әрi тапқыр
Хлодвиг король деп жарияланды. Король-барлық халық бағынатын, өкiмет
билiгiн өзiнiң әулетiне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет
басшысы.
Жоғарғы сот билiгiн де корольдiң өзi атқарды. Барлық мемлекеттiк
маңызы бар мәселелердi жақын достарымен ақылдаса отырып, корольдiң өзi
шешетiн болды. Король сарайы елдi басқарудың орталығына айналды. Сарайда
корольдiң жақын туыс-достарықызметкерлерi мен жасақшылары орналасты.
Тұрақты жасақ салықтар мен соғыста түсетiн олжаның есебiнен өмiр сүрдi.
Франктердiң тұрақты әскерi болған жоқ. Соғыс бола қалған жағдайда барлық
ерiктi азаматтардан халық жасақтары құрылатын. Негiзгi әскери күш корольдiң
жасағы болды.
Ел бiрнеше аймақтарға бөлiндi. Оларға салық жинайтын, әскерге
басшылық жасайтын, сот iсiн жүргiзетiн басшы-граф тағайындалып қойылды.
Франктер Галлиядағы бос жатқан жерлердi бөлiп алып, өз иелiктерiне
айналдырды. Ең үлкен үлес Хлодвигке тидi. Онан кейiнгi үлкен үлес оның
жақын жасақ басшылары мен нөкерлерiне берiлдiҚатардағы қарапайым
жасақшыларға шағын үлестер тидi. Жасақ басшылары мен нөкерлер iрi жер
иеленушiлерге айналды. Олардың иелiктерi Аллод, яғни толық иелiк деп
аталды. Аллодтың иесi оны басқа адамға сыйлауға, мұраға қалдырауға
қызметкерлерге уақытша пайдалануға бере тұруға ерiктi болды. Iрi жер
иелiктерiнде құлдар мен колондар (iрi және орташа жер иелерiнен шағын жер
үлесiн алып, заттай салық төлеушiлер) жұмыс iстедi.
Галлияны жаулап алғаннан кейiн қатардағы франктер өзара туыс
отбасыларынан құрылған қауымға бiрiгiп, шаруашылық жүргiздi. Олар қауым
иелiгiнде бiрлесе еңбек етiп, тапқан табыстарын өзара бөлiсiп алатын.
Бiрте-бiрте қауым мүшелерiнiң арасында мүлiктiк жiктелу пайда болды. Осыған
байланысты қауымнан оның бақуатты мүшелерi бөлiнiп шыға
бастадыҚауымдыққұрылыс ыдырап, франктер қоғамында байлар мен кедейлер
болып жiктелу басталды.
Франктердiң пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билiгiн нығайтуына
көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделi күштi
христиан шiркеуi ғана қамтамасыз ете алатындығын франк басшылары түсiндi.
Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзiнiң жасақшыларымен бiрге христиан дiнiне
ендi. Алғашында бұл дiндi қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен
қорқанынан кiрдi. Христиан дiнi франктер мен римдiктердi жақындастырып,
бiр халыққа айналдырды. Шiркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесiп
отырды. Хлодвигтiң кеңесшiлерiне айналып, оның беделiн көтерiп, билiгiн
нығайтты.
Хлодвиг оның қарымтасы ретiнде шiркеудiң байлығын қорғап, оған жер
үлесi мен бағалы сыйлықтар берiп отырды. Әрбiр елдi-мекенде шiркеулер
ашылды. Дiнбасылары халыққа құдай сөзiн жеткiзiп, оларды құдайға құлшылық
етуге шақырды. Христиан дiнiнiң арқасында франктер римдiктердiң бай
мәдениетiн меңгердi.
“Майордом” латынша “үйдiң үлкенi”, “басшысы” дегендi бiлдiредi. 511
жылы Хлодвиг өлгеннен кейiн, оның мұрагерлерi жер мен билiк үшiн қиян-
кескi ұрыс жүргiздi. Ел бiресе бөлшектенiп, бiресе қайта бiрiгiп,
тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтер әулетiнен шыққан корольдердiң билiгi
әлсiреп, майордомдардың ықпалы күшейе түстi. Король майордомдарды король
шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Бiртiндеп майордом қызметi әкеден
балаға мұра ретiнде қала беретiн мемлекеттегi ең жоғарғы лауазымды
қызметке айналды.
Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билiгiн
жүргiздi. Оның билiгi кезiнде араб әскерлерi Испаниядан өтiп, Галлияға
шабуыл жасады. Бiрақ оларды франктер 732 жылы Пуатье түбiнде талқандады.
Арабтар тарапынан төнген қауiп Карл Мартеллдi күштi атты әскер құруға
итермеледi. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты
шаруаларымен қоса жер үлестерiн алды. Ол жерден түсетiн табысқа иесi өзiне
ат пен қару-жарақ сатып алуға мiндеттi едi.
Алғашында жер жауынгердiң меншiгiне мәңгiлiк емес, тек әскерде қызмет
атқарып жүрген кезiнде ғана берiлетiн. Кейiн ол жер үлестерi әкеден балаға
мұра ретiнде берiлетiн болды. Сөйтiп, оның балалары да әскери қызметтi
жалғастыруға мiндеттендi. Атты әскерлерiне жер үлестiру үшiн Карл шiркеу
иелiктерiнiң бiраз бөлiгiн тартып алды.
Карл Мартеллдiң жердi сыйлыққа үлестiрiп беруi Еуропада жаңа қоғамдық
құрылыс-феодализмнiң қалыптасуының бастауы болды.
741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы қортық
Пипиннiң қолына тидi. Ол меровингтердi құлатып, король атағын алуды
аңсады. Пипиннiң корольдi тақтан күшпен құлатып, өзiн король деп
жариялауына да болатын едi. Бiрақ ол таққа заңды жолмен отыруды ұйғарды.
Бұл мақсатына жету үшiн ол құдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим Папасын
пайдаланды.
Лангобардтардан қысым көрiп жүрген Рим папасы франктердiң көмегiне
зәру едi. Сондықтан, ол Пипиннiң король атағын алуына келiсiм бердi. 751
жылы папаның келiсiмi бойынша, франк ақсүйектерiнiң Суассондағы
жиналысында Пипин ресми түрде король деп жарияланды. Ол 768 жылға дейiн
корольдiк еттi. Меровингтер әулетiнiң ең соңғы корольi III Хильдерик
монастыриға қамалып, сол жерде қайтыс болды.
Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол
Италияға, Лангобард корольдiгiне қарсы екi рет жорық жасап, жаулап алған
жерлерiн Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекетi құрылып,
870 жылға дейiн өмiр сүрдi. Римдегi қазiргi Ватикан мемлекетi сол “Пипин
сыйлығының” жұрнағы болып табылады.
Қортық Пипин франктер мемлекетiндегi жаңа әулеттiң негiзiн қалады.
Бiрақ, ол Пипиннiң емес, оның әкесi Карл Мартеллдiң атынан Каролингтер
(Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулетi деп аталды. Ол әулеттiң ең
атақты королi µлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билiк құрды. Карл ұзын
бойлы, алып денелi, батыл адам болған. Оның ерлiктерi мен тапқырлығы
жөнiнде көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тiптi “король” деген сөздiң өзi
соның атынан шыққан.
Ұлы Карлдың билiк құрған жылдарының бәрi соғыспен өттi. 53 әскери
жорықтың 27-сiн Карлдың өзi басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман
тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшiн
Италияға екi рет жорық жасап, лангобардтарды талқандады, Италияның
көпшiлiк бөлiгiн өз иелiктерiне қосып алды.
778 жылы Карлдың Испанияға жасаған жорығы сәтсiздiкке ұшырады. Тек 801
жылы арабтарға қарсы соғыста жеңiске жетiп, Испанияның шағын аумағын
жаулап алды. 772-804 жылдары Карл сакстарға қарсы сегiз рет қанды жорық
жасап, әрең дегенде олардың ақсүйектерiн өз дегенiне көндiрдi. Саксония
бiрнеше графтықтарға бөлiндi. Графтықтар басшылығына король ақсүйек
франктер мен сакстарды тағайындады. Сакстар Карлдың күштеуiмен христиан
дiнiн қабылдады. 788-803 жылдары франктер славян тайпаларымен одақтаса
отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварлар қағанатын Паннонияда (қазiргi
Венгрия аумағы) талқандады.
Ұлы Карл билiгiнiң соңына қарай Франк корольдiгi өзiнiң жер көлемi
жағынан Батыс Рим империясына жақындады. Карл империясының астанасы Ахен
қаласы болды.Қиын кезде өзiне көрсеткен көмегiне алғыс ретiнде папа 800
жылы Римде Карлға тәж кигiзiп, император деп жариялады. Сөйтiп, Батыста
жаңа империя өмiрге келдi.
Қарудың күшiмен және µлы Карлдың беделiмен ғана құрылған Франк
империясы ұзақ өмiр сүре алмады. µлы Карл өлгеннен кейiн-ақ оның империясы
ыдырай бастады. 843 жылы Карлдың балалары мен немерелерi Верден қаласында
империяны бөлiсу жөнiнде келiсiм жасады. Кiшi ұлына империяның батысы,
ортаншысына- шығыс бөлiгi, ал ең үлкен немересiне-Италия тидi.
Сөйтiп, µлы Карлдың империясы үшке бөлiнiп, үш корольдiк пайда болды.
Кейiннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттерi
дүниеге келдi.

Тест сұрақтары:

1. Бүкiл орта ғасыр бойына батыраңқы Батыс Европада мемлекетi
А. Италия
В. Франция
С. Англия
Д. Германия
Е. Дания

2. Франк империясының құлауы нәтижесiнде құрылған мемлекет
А. Германия
В. Дания
С. Норвегия
Д. Швеция
Е. Испания

3. Хлодвиг 498 жылы өзiнiң жасақшыларымен бiрге қабылодаған дiнi
А. Ислам
В. Будда
С. Христиан
Д. Иогва

4. 843 жылығы Верден шартының тарихи маңызы
А. Саяси бірлік орнады
В. Англия, Франция, Германия мемлекеттерінің негізі қаланды
С. Ұлы Карл билікке келді
Д. Батыс Европа елдерінде феодализм толық орнады
Е. Франк мемлекетінің негізі қаланды

Әдебиеттер тізімі:

1. История средних веков Под ред. З.В.Удальцовой и С.П.Карпова М., 1991
т.1, 2.
2. Орта ғасырлар тарихы т.1, 2. Под ред. С.Д.Сказкина, Е.В.Гутнова,
А.И.Данилов, А.Я.Левицкий, Алматы 1976.
3. История средних веков А.Я.Гуревич, Д.Э.Харитонович М., 1995.
4. Хрестоматия по истории средних веков т.1, 2 изд.2 Под ред.
Н.А.Грацианского и С.Д.Сказкина М., 1949-1950.
5. Всемирная история. Т.4. Под ред. М.А.Сидировой, М.И.Когерада,
И.В.Петрушевского и Л.В. Черешина М., 1951.,
6. Практикум по истории средних веков. Сост. М.Л.Аврамсон М., 1961.
7. Полянский Ф.Я. Очерки социально-экономической политики цехов в городах
западной Европы ХІII-ХҮ вв. М., 1952.
8. История средних веков. Учеб. для студентов. Под ред. Н.Ф.Колесницкого
М., 1986.
9. Всемирная история I-III том. М., 1958
10. Всеобщая история. Сост. под. ред. Э.Левисса и А.Рамба т.IҮ-Ү М., 1898

Лекция тақырыбы: ІҮ-ХІІ ғасырлардағы Византия империясы

Лекция жоспары:
1. Шыѓыс Рим (Византия) империясыныњ ќ±рылуы.
2. Аграрлыќ ќ±рылысы, ќолµнері, сауда, мемлекет, шіркеу, ерестер.
3. Юстинианныњ т±сында ќ±л иеленушілік мемлекеттіњ уаќытша ныѓаюы.
4. ‡ІІ ѓасырдаѓы Византия даѓдарысы.
5. Х-ХІ ѓѓ. Византияныњ сыртќы саясаты.
6. ‡І-ХІ ѓасырлардаѓы батыс жєне оњт‰стік славяндар.
7. Чехияда алѓашќы феодалдыќ мемлекеттіњ ќ±рылуы.
8. Ежелгі Поляк мемлекетініњ ќ±рылуы.

Византия империясының құрылуы. Бір т±тас Рим империясының Шығыс және
Батыс болып (395 жылы) бөлінуіне байланысты І‡ ғасырда өз алдына дербес
мемлекет ретінде пайда болған Византия (Шығыс Рим империясы) қолµнері
мен саудасының өркендеу дәрежесі қалаларының байлығы, мәдениетінің
көркеюі жµнінен Батыстан әлдеқайда басым түсетін.

Рим империясынын, шығыс аймақтарының экономикалық және саяси жағынан
батыстағы провинциялардан оқшаулануы өте-мөте IV ғасырда айқын байқалды.
Империяның ежелгі астанасы - Римнің әлсіреуіне байланысты, империяның
экономикалық және мәдени амірінің орталығы Шығысқа қарай ойысуына орай,
Рим мемлекетінің саяси орталығының да осъілай қарай ойысуы заңды құбылыс
еді. Император Константин 330 жылы Босфор жағалауындағы көне мегарлық отар
ел - Византияны империяның астанасы жасады. Жаңа астана онын, негізін
қ±рушының есіміне лайықталып Қонстантинополь (Константинның қаласы) деп
аталды. Константинопольдің астанаға айналу себебі - қаланың алып жатқан
орнының қолайлылығына байланысты болды: Европадан Азияға қара теңізден Эгей
теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, ал
мұның өзі Шығыс пен Батыс аралығындағы саудасаттық жұмыстарында
Константинопольдің билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды қала әрі қ±рғақтан
да, әрі теңізден де тамаша қоршалған әскери стратегиялық орталық болатын
Византия империясының қ±рамына мыналар енетін: Балқан түбегі, Кіші
Азия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүтсік Африкадағы Киренайка,
Месопотамия мен Арменияның бір бөлігі қырымдағы (Херсонес) және Кавказдағы
(Грузияда) бірқатар тірек пункттері, Аравияның кейбір аудандары, ал V
ғасырдан бастап Иллирик пен Далмация да жататын болды. Византия
империясының жерінде әр түрлі тайпалар мен халық топтары: гректер,
фракиялықтар, иллириктер, дакилықтар, эллиндендірілген кіші азиялық
тайпалар (исавралар және бас қалар), сириялықтар, армяндар, грузиндер,
еврейлер, копталар өмір сүрген Эллиндендіру және романдандыру көбінесе
қалаларда тұратын халықтарды қамтыды. Византияның сансыз көп тайпалары мен
халықтары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, жергілікті тілдерін,
дәстүрлерін, мәдениетін сақтап қалды. Әйтсе де, империяның сан турлі
тұрғындарының арасында гректер үстемдік етті де, грек тілі басқасынан гөрі
кеңірек тарады.
IV-VI ғасырларда Византиядағы аграрлық құрылыс. Шығыс Рим империясының
әлеуметтік-эконюмикалық жағынан өркендеу ісінде өздеріне ғана тән бірқатар
елеулі ерекшеліктерін атап өтуге болады. Ең алдымен мұндағы ауыл
шаруашылығы өндірісінің дәрежесі Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары
болғанын атауымыз жөн. Византия империясының құрамына ежелден егіншілік
мәдениеті жоғары елдер енген еді. Мұнда диқаншылық өнері кең өрістеген
Жердің құнарлылығы және ауа райының қолайлылығы кей аймақтарда жылына 2-3
рет өнім жинауға мүмкіндік беретін Ауыл шаруашылығында, соның ішінде өте-
мөте империянын, оңтүстігі мен оңтүстікшығысында (Египет, Шығыс Сирия
және бас қаларында), ирригациялық істер орасан зор роль атқаратын,
Суармалы жерлерге жеміс бақтары отырғызылатын, жүзім шаруашылығы мен
зәйтүн ағаштары, ал оңтүстікте қ±рма ағаштары кең өрістетілгенді.
Техникалық (зығыр және бас қалары) дақылдар да егілетін Мал шаруашылығы кең
өріс алған. Византияда ауыл шаруашылығының Құлдырауы Батысқа қарағанда
анағүрлым кейін білінді және ол империяның кей аймақтарында VI ғасырдың аяқ
шенінде ғана айрықша аңғарыла бастады.
Византиядағы аграрлық құрылыстың екінші бір ерекшелігі латифундиялық
типтегі ірі жеке меншік жериелерінің біршама аз болғандығы. Шығыста ірі-ірі
жер иеленушілік негізінен императорлық қазынаның, шіркеулер мен
монастырьлардың төңірегіне шоғырландырылған болатын. Император домендері
бүкіл империяның түкпір-түкпірлеріне шашырай орналасқан Ал V-VI ғасырларда
Византияның бүкіл жерінің шамамен 110 бөлігі шіркеулік монастырьлық жер
иеленушілердің қолында болды. Ірі ақсүйектердің жерге қожалық етуі
Византияда Батысқа қарағанда анағұрлым баяу және мейлінше шағын көлемде
дамыды.
Византиядағы аграрлық қ±рылыстың үшінші ерекшелігі – ерікті шаруалар
жер иеленушілерінің өрістеуі және олардың IV-VI ғасырларда күшті дамуы
болып табылады. Византиядағы ауыл шаруашылығының ќ±лдырай бастауын тежеуге
айрықша себепкер болған да осы жағдай еді. Дунай жағалауындағы
провинциялар, Фракия, Македония, Кіші Азияның орталық аймақтары ерікті
жер иеленушілер мен шаруалар қауымдары басым дамыған аудандар болатын.
Византиядағы шаруалар қауымдарының аса кең таралған түрі - бір топ
шаруаларды біріктіріп, шағыншағын жер учаскелеріне иелік ететін және осы
жер учаскелеріне жеке меншігі ретінде иелік жасауға кең праволары бар,
митрокомия деп аталған көршілестер қауымдары болды. Деревняда, әсіресе
императорлық домендер мені шіркеулік жерлерде кездесетін жерді үзақ
мерзімдік арендаға алушылық - эмфитевзис кең өрістеген Эмфитевтер болып ірі
жер иеленушілер де саналатын, дегенмен мұндайлар негізінен ерікті шаруалар
болатын.
Византияның єлеуметтік-саяси жєне экономикалыќ дамуы. Ертедегі
Византиядағы қалалар. Қолөнершілік және сауда.
IV-‡І ғасырларда Византияда қолөнершілік өндірісі Батысқа қарағанда
анағұрлым жоғары даму сатысында болдыҚ±рылыс техникасы тоқыма өнеркәсібі,
өтемөте аса нәзік кендір мата және жүн маталар, ал VI ғасырдан бастап
жібек маталар жасап шығару ісі елеулі дәрежеде жетілдірілген болатын.
Таукен ісі мен металл өңдеу, сол сияқты қаружарақтар жасап шығару ісі
едәуір өркендеді. Шыныдан жасалатын заттар жөнінен де Византиянын даң қы
шыќты.
Батысындағы қалалар азып-тозып құлдырап қ±рып бітуге айналғанда,
Шығыста олар қолөнершілік пен сауда орталықтары ретінде көркейіп, кеңейіп
өсіп келе жатты. IV-VI ғасырларда солардың арасынан бірінші орынға
Константинополь шықты. Оның шеберханаларында он саусағынан өнер тамған
зергерлер жібек және жүн маталардан небір тамаша киімдер, шыны
ыдыстарқаружарақ, алтын мен күміс жалатқан, әшекейлі а қалар тағылған
асыл киімдер, небір талғампаздардың талабына сай келетін нәзік те сәнді
бұйымдар жасап шығаратынды. Транзитті сауданың аса маңызды орталығына
айналған Византия империясының астанасына алыс түкпірлердегі елдерден де
көпестер ағыл-тегіл келіп жататын Константинопольдін Шығыс пен Батыс
аралығындағы алтын кәпір аталуы тегін болмаса керек.
Византия қалаларында қолөнершілік өндірісінде құл еңбегі кеңінен
пайдаланылатын жеке меншік кісілер ашқан қолөнершілік шеберханалар -
эргастерилерде қызмет ететін қолөнерші құлдардың сыртында - сансалалы
дәрежедегі мемлекеттік Құлдар және жекелеген қалалардың әкімшілік
өкіметтеріне бағынышты Құлдар да болатын Мемлекеттік Құлдардың дені -
армияға қажетті қаружарақ пеен киім дайындауды, император және оның
теңірегіндегілерге сәнді жасаулар жасауды өз монополйясына айналдырған
императорлық шеберханаларда жүмыс істейтін
Ауыл шаруашылығындағы тәрізді қолөнершілік өндірісінде де қолөнерші
құлға - қолөнер шеберханасы немесе сауда дүкені түрінде пекулия беру
барған сайын көп қолданыла бастадыҚұлды пекулийге айналдыру және оларға
қолөнер өндірісінде белгілі бір дәрежеде инициатива көрсетуіне жол ашу -
ауыл шаруашылығындағы тәрізді қоленершілікте де құлдар еңбегін біршама
интенсивтендіруге әкеліп соқтырды. Қол өнерінде құлдар еңбегін мейлінше
пайдалану нәтижесінде Византияның қалалары ұзақ уақыттар бойы құл
иеленушілік қарым-қатынасының тірегі болып келді. Бірақ, бірте-бірте м±нда
да құл еңбегін пайдалануға негізделген эргастерилермен бірге ерікті де
дербес қолөнершішеберлердің, кейбір қалаларда корпорацияға біріккен үсақ
қолөнерші шеберханаларының маңызы арта бастады. Византияда қолөнершілігі
және саудасы едәуір дәрежеде дамыған іріірі қала орталықтарынық брлуы -
Батысқа қарағанда Византия империясының экономикалық түрақтылығының
анағүрлым баянды болуына игі әсер етті. Императорлар қолөнері мен саудадан
түсетін табыстың есебінен жалдамалы әскер ±стауға, сөйггіп, империяны
сьіртқы жаулардан қорғауға, орасан зор мемлекеттік басқару аппаратын
ұстауға және мемлекетті бір орталыққа бағындыруды күшейте түсуге мүмкіндік
алды.
Ерте Византиядағы мемлекет. Батыс пен Шығыста мемлекеттің тағдыры да
әр қилы болып калыптасты. Айталық, Батыста ажырап бөліну процесі анағұрлым
күшті болып, ақыры ішкі дағдарыстар мен варварлық басқыншылықтар
салдарынан V ғасырда империяның ыдырауына және оның территориясында бірнеше
варварлық мемлекеттердің қ±рылуына әкеп соқтырса, ал Шығыста бүкіл алғашқы
орта ғасыр бойы біршама күшті орталық үкіметі бар орталықтандырылған бір
тұтас мемлекет сақталып қалды. Мемлекет басында өз қолында кең өрісті заң
үстемдігі мен әкімшілік билігін бірдей шоғырландырған, шексіз әкім,
автократор (грек тілінде василевс деп аталды) император тұрды. Император
үкіметін алла тағаланың өзі жаратқан дейтін доктринаның үстемдік еткен кезі
еді. Ол сондықтан императорға жүрт табынатын да, ал ол Шығысқа тән сән-
салтанаттылық құшағында өмір сүретін. Рас, сенат, мемлекеттік совет
(консисторий) және қалалардың ерікті азаматтарының үйымдары (Димдар)
тәрізді мекемелер императорлық үкімет билігін аз да болса тежейтін еді.
Димдар (гректің демос- халық деген сөзінен алынған) Византия
қалаларындағы ерікті азаматтардың саяси үйымдары болып саналатын, олар
шаруашьілық, саяси және әскери міндеттер атқаратын Император шіркеу
үйымдарымен де қатты санасуға мәжб±р болатын
Византиядағы мемлекеттік билікті үйымдастырудың аса бір ерекшелігі мұнда
орасан зор бюрократтық мемлекеттік аппараттың болуында еді.
Империяны бір орталықтан басқару ісі император сарайына
шоғырландырылған және олар бірнеше ведомстволарға бөлінетін де, олардың
басында императордың өзі тағайындаған жоғарғы мәртебелі чиновниктер түратын
Провинцияларды басқару ісі де осы тәрізді қатал орталықтандырылған және
олар орталық өкіметтің бақылауында болатын. Бюрократтық басқару аппаратының
бүкіл күрделі иерархиясын шен жөніндегі табель белгілеп беретін Орталық
өкімет жергілікті провинциалдық әкімшіліктердің қандай да болсын
сеператистік әрекетіне қарсы ұдайы және қатал күрес жүргізіп түратын
Көне Византияда салық салудың бір кездегі Диоклетиан және
Константиндер тұсында қалыптасқан римдік жүйесі сақталып келгенді. Негізгі
жер салығы - жыл сайын империяның егін шаруашылығымен айналысатын жұртынан
жиналатын аннона салығы болатын. Аниона көбіне көп заттай алынатын, кейбір
жекелеген провинцияларда ғана V ғасырдан бастап аннонаны ақшалай төлейтін
болған. Аннонаның дені чиновниктер мен әскерлерді ±стауға жүмсалатын.
Тұрғын халық тек салық төлеп қана қоймай, мемлекет пайдасына басқа да
түрлі борышты қызметтер атқаратын - әскери бекіністер қала дуалдары мен
қамалдар, көпірлер мей жолдар салатын, әскерлерді үйді. Үйге бөліп
орналастыратын Византияда әскер қ±ру ісі де Рим империясынан қалған мұра
іспетті еді, алайда IV-VI ғасырларда б±л салаға да елеулі өзгерістер
енгізілді. Бұл кезеңде жер иеленушілердің рекрутқа өз қарамағындағы
адамдарын беру орнына ақшалай құн төлеу әдісі жиірек қолданыла бастаған.
Армияда барған сайын әр түрлі тағы тайпалардан жалдап алынған әскерлер
шешуші роль атқара бастады. Армиясының дені варвар тайпаларынан қ±ралған
Батыс Рим империясынан Византияньіњ түпкі бір ерекшелігі - оның армиясының
елеулі бөлігі жергілікті ерікті тұрғындар өкілдерінен қ±ралғандығы еді, ал
мүның өзі мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалуға үлкен септігін тигізді.
Император Юстиниан билеген Византия империясы. Халықтар бұқарасының
кетерілістері шайқалтқан жєне әлсіреткен Батыс Рим империясы ‡ ғасырда
басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр
болғанда, Византия IV-V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын
тежей алды. Құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін
жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс
бере білді. Мүның мәнісі Византияның зкономикалық жағынан күшті, әрі
түрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағүрлым
мықтылығында еді. Император Юстиниан билеп төстеген кезде (527-565) әлі де
болса құл иеленушілікті сақтап келген Византия мемлекеті уақытша нығая
түсті.
VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийский осынау патшаның жарқын да,
бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның,
бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық тақ қажымас
реформаторлық пен діншіл ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан асқан ақыл
және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді
жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол
заңдық және әкімшілік реформалар жасаған қ±рылыс пен дипломатиялық
жүмыстарды қатар жүргізе білген, неше түрлі соғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Тарихты оқыту әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Тарих ғылымының принциптері
Пәндер