Метеорология кафедрасының тарихы мен оқу-өндірістік және ғылыми-әдістемелік базасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«Метеорология» мамандығы КСРО Гидрометқызмет Бас Басқармасының және Қазақ ГМҚБ (гидрометқызмет басқармасының) қолдауымен физикалық география кафедрасында 1960 жылы 1 қыркүйекте ашылған болатын.

1962 жылы 1 қыркүйекте өз алдына жеке кафедра болып құрылды. Осы сәтте кафедрада 75 студент-метеоролог және 2 оқытушы, Метеорология саласындағы арнайы мамандар доценттер Ю. И. Ключников және З. П. Кожениова болды. Кафедраны тамаша педагог және әдіскер, ұйымдастырушы физика-математика ғылымдарының кандидаты Зоя Петровна Коженикова басқарды . Кафедрада оқу-лабораториялық метеорологиялық орталық (ОЛМО) жұмыс істейді. Оның құрамына оқу метееорологиялық станциясы, оқу ауа райы бюросы, метеорология және радиометеорологияға арналған оқу лабораториялары кіреді. 13 жыл ішінде кафедра меңгерушісі З. П. Коженкова ұзақ жылдар бойы оқытудың жоғары деңгейін сақтауға қабілетті ұжым құрды, студенттерді жұмысқа жауапкершілікпен қарау сезімін тәрбиелеудің тамаша дәстүрлерін қалыптастырды.

1963-64 жылдары Қазақстанның гидрометеоқызметінің қолдауымен метеоөлшеу әдістерінің зертханалары, оқу метеостанциясы және оқу бюролары жумыс истеди. осылайша, кафедра студенттері қалыптасу кезеңінде практикалық дағдылар мен толыққанды жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды. Студенттердің практикалық дайындығының өте маңызды кезеңі жазғы оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалар болып табылады. Нәтижесінде студенттер әртүрлі экспедицияларға қатысады, Кеңес Одағының ірі бөлімшелерінде және Қазақстанның аэрологиялық станцияларында және одан тыс жерлерде тәжірибеден өтеді.

ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңінде метеорология саласы бойынша жоғарғы білім беру құрылымы өзгереді. Білім берудің 3 сатысы енгізіледі:1-ші бакалавр-метеоролог, 2-ші магистр-метеоролог, 3-сі аспирантура . Мамандарды даярлау күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.

Факультетте метеорологиялық лабораториялық-оқу орталығы жұмыс істейді. Лаборатория меңгерушісі - Шишкина Т. П.

1993-94 жылдары радиометеорологиялық орталық, оқу метеостанциясы және ауа райының оқу бюросы оқу-зертханалық метеорологиялық орталыққа біріктірілді.

Бірінші меңгерушісі Гайн Петрович Беляков болды, ал қазіргі уақытта бұл орталықты Лымарева А. Б. басқарып келеді.

Кафедра зертханалары гидрометеоқызметтің қолдауымен нәтижесінде метеорология және метеорологиялық өлшеу әдістері кабинеті студенттермен метеорология бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аэрология кабинетінде радиозондтардың жұмысын бақылауға арналған КИПАС жиынтығы, сонымен қатар, кафедра оқытушылары өткізетін аэрология және радиометеорология бойынша оқу тәжірибелік сабақтарын өткізуге арналған әртүрлі жабдықтар орнатылды. Метеорология және метеорологиялық өлшеу әдістері кабинеті «Метеорология» кафедрасының және басқа кафедралардың студенттерімен метеорология бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аэрология кабинетінде кафедра оқытушылары өткізетін аэрология және радиометеорология бойынша оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізуге арналған әртүрлі жабдықтар бар.

Метеорологиялық оқу орталығы.

Метеорология кафедрасында метеорологиялық оқу орталығы жұмыс істейді, оның құрамына: метерологиялық оқу станциясы, метеорологиялық өлшеу әдістерінің бөлмесі, аэрология және радиометеорология бөлмелері, метеорологиялық болжаудың оқу бюросы кіреді. Орталықтағы жұмыс студенттердің білімдерін тереңдетуге, практикалық жұмыстарды үйренуге және университетті бітіргенде өндірістік жағдайларға жылдам қалыптасуға көмектеседі. Жазғы уақытта метеорологиялық орталық бакалавриаттың төменгі курсында оқитын студенттердің тәжірибе өту орталығы ретінде пайдаланылады. Бұл станцияда тұрақты метеорологиялық және актинометрлік, ал жазғы тәжірибе және жылу баланстау бақылауларын өткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Метеостанция "гидрология", "география", "экология" мамандықтарының студенттері метеорологиялық тәжірибеден өту үшін база ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. " Жаңадан құрылған оқу метеорологиялық станциясы бірінші разрядты МС ретінде жабдықталған, қажетті өлшемдерді жүргізу және оларды өңдеу үшін аспаптармен жабдықталған.

Орталықта жұмыс жасау студенттерге оқу барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, тәжірибе жинап, университетті бітіргеннен кейінгі өндірісте жұмыс жасауын жеңілдетіп, тез бейімделуіне септігін тигізеді. Оқу және өндірістік тәжірибелерді өткізу кезінде ҚазҰУ аумағында оқу метеостанциясы ғана емес, сонымен қатар ауа райының оқу бюросы, оқу аэрологиялық станциясы бар.

Станция метеоролог студенттердің оқу практикалық базасы болып келеді. Станция барлық талаптарға және ережелерге сай: ашық, тегіс жерде орналасқан. Станция барлық керек аспаптармен жабдықталған. Аспаптар жердегі, градиенттік, актинометрлік бақылаулар жүргізуді қарастырады. Метеорология кафедрасында метеорологиялық оку орталығы орналасқан (ауданы 185м2)

Орталық құрамына келесілер кіреді:

Метеорологиялық өлшемдердің зертханалық тәсілдері ( ауданы 114, 60 м2 )

Аэрологиялық және радиометеорологиялық зертхана (ауданы 110, 16м2)

Оқу метеорологиялық алаң (спорткешен ішінде, ауданы 43м2 )

Геоақпараттық орталық метеорологиялық болжау оқу бюросы (ауданы 103, 117, 116, 66м)

Барлық зертханалық жұмыстар қажет құрал -жабдықтармен жабдықталған және ПЭСМ Кафедрада ғылыми потенциалға үлкен көңіл бөлінеді.

Кафедраның ғылыми жұмыстары Гидромет жұмысымен тығыз байланыста жүреді. Кафедра табиғатты қорғау министрлігімен және ҒЗИ үздіксіз жұмыс жасауда7

Жыл сайын мектеп оқушыларына арналған ҚазҰУ станциясында экскурсия ұйымдастырылып, оларды ауа- райын болжау жұмыстарымен таныстыру шаралары жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метеорология ғылымы: негіздері, даму тарихы және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым
Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы мен материалдық қамтамасыз етілуі: оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік бағдарлама
Информатика кафедрасының оқу іс-тәжірибесі есебі: ЭЕМ тарихы, алгоритмдер мен компьютерлік қауіпсіздік
Өндірістік токсикология: өндірістік ular мен кәсіптік уланулардың негіздері (оқу-әдістемелік құрал)
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ География кафедрасының Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені (2011)
Ыбырай Алтынсариннің ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік мұрасы
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі ақпараттық бөлім бойынша оқу-өндірістік тәжірибе және Delphi тіліндегі Кітапхана деректер базасы туралы есеп
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ның тарихы және Қазақстан тарихы, мәдениеттану мен экономикалық теория кафедрасының қалыптасуы
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының тарихы, мамандандыруы және ғылыми-педагогикалық қызметі
Тамақ өнімдері ғылыми-зерттеу институтының тарихы, материалдық-техникалық базасы және ашытқысыз нан өндірісінде бастапқы дақылдарды қолдануды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz