Банктін қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
1 БАНКТІК ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ ... 5
1.1 ҚР.да банк жүйесінің даму тарихы, оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... . 5
1.2 Банк түсінігі және банк қызметінің мәні мен сипаттамасы ... ... ... ... ... 11
1.3 Банк қызметінде болатын тәуекелдің орны және оның жіктелуі ... ... ...
14
2 ҚАРЖЫЛЫҚ . ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН КЕШЕНДІБАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
2.1 Шаруашылық қызмет тиімділігін кешенді бағалау әдістемесі, көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
2.2 Коммерциялық ұйымдардың қаржылық жағдайын бағалаудың салыстырмалы әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33
2.3 БТА Банктің қаржылық.шаруашылық қызметін бағалау ... ... ... ... ... ... ... .
38
3 «БТА БАНК» АҚ.НЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМ ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
50
3.1 БТА Банктің айналым құралдарының құрылымына талдау жасау ... ... ... . 50
3.2 Банктің қаржылық көрсеткіштерінің тиімділік деңгейін анықтау ... ... ... . 59
3.3 Банктің болашақ кезеңдегі табыстылығын муьтипликативті модель арқылы болжамдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73
Мәселенің өзектілігі.Нарықтық экономика жағдайында ақша айналымының негізгі тетігі банк секторы болып табылады. Қазіргі кезде ақша-несие саясатының негізгі мақсаты бағаларды бірқалыпты деңгейде ұстау болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған шаралары экономикалық өсуге, депозит нарығы мүмкіндіктерінің дамуын және банктік сектордың несиелік белсенділігін қалыпқа келтіруге септігін тигізеді.
Қазақстанда бүгінгі таңда «қазіргі заманғы банк жүйесі құрылды. Коммерциялық банктер үздіксіз бәсекелестік жағдайында белсенді түрде дамуда, елімізден сыртқары жерлердегі нарықтарды игеруде. Банк қызметінің нарығы толысуда. Несиелер барынша қолжетімді бола түсті. Тұтынушылық және ипотекалық несиелеу, құрылыс жинағы жүйесі дамуда. Төлем карточкалары әрбір қазақстандықтың күнделікті өміріне кең түрде енуде. Банктік қызмет көрсету мәдениеті айтарлықтай өсті», деп Алматыда өткен 5 конгрессінде атап өткен болатын [1].
Бұл дипломдық жұмыс банк қызметтері мен банк қызметтерінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған. Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі банк қызметтерін, оның аспектілерін, мәнін, комерциялық банктер қызметінің жіктелуін және БТА Банк қызметтерін талдау болып табылады. Сонымен қатар банк қызметтерінің қазіргі жағдайы мен перспективаларына талдау жасау.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Банк жүйесі кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кредит және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады. Кез-келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді [2].
Дипломдық жұмыстың мақсаты банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайына талдау жасау және талдау нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша банк қызметіне болжам жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
– Қазақстан Республикасының банктік секторын зерттеу;
– Банк қызметінде болатын тәуекелдің орны анықтау;
– Шаруашылық қызмет тиімділігін кешенді бағалау әдістемесін қарастыру;
– БТА Банктің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау;
Зерттеу жұмысының объектісі болып Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржылық – шаруашылық қызметі табылады.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Алматыда өткен 5-конгресінде айтқан сөзі. Электрондық ресурс. Интернет сілтеме: http://www.akorda.kz/kz/news/2005/11/head_of_the_state_nursultan_nazarbayev_took_part_in_2
2. Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 заңы.
3. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции. Учебник для вузов. М: ЮНИТИ, 2002. -643 с.
4. Ревунков Г.И. Базы и банки данных и знаний. Учебник для вузов. М: Высшая школа, 2002. -381 с.
5. «БТА Банк» АҚ-ның тарихы. Элекрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.bta.kz/kk/about/history/
6. Мақыш С.Б., Ильяс А.А. Банковское дело. Учебное пособие. А: Қазақ Университеті, 2006.-568 с.
7. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Лекциялар курсы. А: Экономика, 2006. -136 б.
8. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, кредит, банктер. Оқулық. А: Экономика, 2006. -332 б.
9. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқулық. А: ИздатМаркет, 2004. -592 б.
10. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика/ Пер. с англ. Изд-во МГУ, Москва 1997. -736 с.
11. «БТА Банк» АҚ-ның акционерлері жайында. Элекрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.bta.kz/kk/about/shareholders/.
12. Мақыш С.Б. Банк ісі. Оқулық. А: Жеті жарғы, 2009. -467 б.
13. Эконометрика. Под редакцией члена-корреспандента Российской Академии наук И.И.Елесеевой, переработанное и дополненное Финансы и статистика, Москва 2006. -723 с.
14. Сейткасимов А.Г.Управление банковской ликвидностью и методы ее анализа: Оқулық. А: Каржы-Каражат,2004. - 491с.
15. Меншікті капитал, міндеттемелер мен активтер туралы мәліметтер. Электрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.afn.kz/kz/information-for-entities-of-financial-market/banks-sektor/2009-11-09-11-41-37/2009-11-12-05-55-10/2009-11-12-06-04-15
16. БТА банк мәліметтері: шағын және орта бизнесті несиелеу. Электрондық ресурс. Интернет сілтеме: http://www.bta.kz/ru/buss/credits/lending/state-finansing/roadmap/
17. ҚР-ның екінші деңгейдегі банктері бойынша жиынтық баланс. Элекрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.afn.kz/kz/information-for-entities-of-financial-market/banks-sektor/2009-11-09-11-41-37/2009-11-09-11-47-36/2009-11-09-10-48-08.
18. ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері: жеке және заңды тұлғаларға берілген несие жиынтығы. Электрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.stat.kz/digital/fin_pred/Pages/default.aspx
19. Активтердің сипаттамасы бойынша міндеттемелердің жиынтық есебі. Элекрондық ресурс. Интернет- сілтеме: http://www.afn.kz/kz/information-for-entities-of-financial-market/banks-sektor/2009-11-09-11-41-37/2009-11-09-11-47-36/2009-11-12-05-29-24.
20. Агапова Т.А. Макроэкономика. М: ДелоиСервис, 2004. -416 с.
21. Көшенова Б.А. Ақша, кредит, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы. А: Экономика, 2000. -368 б.
22. Добрынин А. И.Экономическая теория. Учебник для вузов. Санкт Петербург: Питер, 2004. -575 с.
23. Жуков Е.Ф.Банки и банковские операции. Учебник для ВУЗов. М: ЮНИТИ, 2002. -543 с.
24. Сейткасымов Г.С. Банковское дело.Оқулық. А: Қаржы-Қаражат,2003. -672 с.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекітуіне қатысты ақпарат. Элекрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.afn.kz/kz/information-for-entities-of-financial-market/banks-sektor/2009-11-10-11-28-51/2009-11-10-11-48-00/2009-11-10-11-49-14.
26. Финансовый менеджмент, теория ипрактика,Под редакциейЕ.С.Стояновой, Учебникү М: Перспектива, 1997. -764 с.
27. ҚР-ның екінші деңгейлі банктер бойынша кірістері мен шығыстары туралы жиынтық баланс. Электрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.afn.kz/kz/information-for-entities-of-financial-market/banks-sektor/2009-11-09-11-41-37/2009-11-09-11-47-36/2009-11-12-05-15-40
28. Белгiбаева Қ. Қ., Мұханбетова С. М. Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы. А: Экономика, 2009. -142 б.
29. Давыдова Л.Е. Банковское право Республики Казахстан. Учебное пособие. А: Жеті Жарғы, 2000. -479 с.
30. Жеке тұлғаларды несиелеу жөніндегі БТА банк мәліметтері. Элекрондық ресурс. Интернет-сілтеме: http://www.bta.kz/kk/personal/credits/
31. Миржакыпова С.Т. Банковский учет в Республике Казахстан. А: Экономика, 2002. -291 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
1 БАНКТІК ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ ...
5
1.1
ҚР-да банк жүйесінің даму тарихы, оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .
5
1.2
Банк түсінігі және банк қызметінің мәні мен сипаттамасы ... ... ... ... ...
11
1.3
Банк қызметінде болатын тәуекелдің орны және оның жіктелуі ... ... ...

14
2 ҚАРЖЫЛЫҚ - ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

25
2.1
Шаруашылық қызмет тиімділігін кешенді бағалау әдістемесі, көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

25
2.2
Коммерциялық ұйымдардың қаржылық жағдайын бағалаудың салыстырмалы әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

33
2.3
БТА Банктің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау ... ... ... ... ... ... ... .

38
3 БТА БАНК АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМ ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

50
3.1
БТА Банктің айналым құралдарының құрылымына талдау жасау ... ... ... .
50
3.2
Банктің қаржылық көрсеткіштерінің тиімділік деңгейін анықтау ... ... ... .
59
3.3
Банктің болашақ кезеңдегі табыстылығын муьтипликативті модель арқылы болжамдау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
73

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында ақша айналымының негізгі тетігі банк секторы болып табылады. Қазіргі кезде ақша-несие саясатының негізгі мақсаты бағаларды бірқалыпты деңгейде ұстау болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған шаралары экономикалық өсуге, депозит нарығы мүмкіндіктерінің дамуын және банктік сектордың несиелік белсенділігін қалыпқа келтіруге септігін тигізеді.
Қазақстанда бүгінгі таңда қазіргі заманғы банк жүйесі құрылды. Коммерциялық банктер үздіксіз бәсекелестік жағдайында белсенді түрде дамуда, елімізден сыртқары жерлердегі нарықтарды игеруде. Банк қызметінің нарығы толысуда. Несиелер барынша қолжетімді бола түсті. Тұтынушылық және ипотекалық несиелеу, құрылыс жинағы жүйесі дамуда. Төлем карточкалары әрбір қазақстандықтың күнделікті өміріне кең түрде енуде. Банктік қызмет көрсету мәдениеті айтарлықтай өсті, деп Алматыда өткен 5 конгрессінде атап өткен болатын [1].
Бұл дипломдық жұмыс банк қызметтері мен банк қызметтерінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған. Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі банк қызметтерін, оның аспектілерін, мәнін, комерциялық банктер қызметінің жіктелуін және БТА Банк қызметтерін талдау болып табылады. Сонымен қатар банк қызметтерінің қазіргі жағдайы мен перспективаларына талдау жасау.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Банк жүйесі кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кредит және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады. Кез-келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді [2].
Дипломдық жұмыстың мақсаты банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайына талдау жасау және талдау нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша банк қызметіне болжам жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
oo Қазақстан Республикасының банктік секторын зерттеу;
oo Банк қызметінде болатын тәуекелдің орны анықтау;
oo Шаруашылық қызмет тиімділігін кешенді бағалау әдістемесін қарастыру;
oo БТА Банктің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау;
Зерттеу жұмысының объектісі болып Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржылық - шаруашылық қызметі табылады.
Зерттеу пәні - екінші деңгейлі банктер мен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
oo Банк ресуртарын қалыптастыру және олардың құрылымы талданды;
oo Банктің өткен кезеңдегі табысына мультипликативті модель арқылы талдау жасалды;
oo Талдау нәтижесі сараланып банктің болашақ табыстары болжанды.
Жұмысты зерттеу кезінде ҚР банктер және банк қызметі туралы Заңы, БТА Банктің электрондық сайты, ҚР статистикалық агенттігінің сайты және т.б. әдебиеттер қолданылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 13 сурет пен 23 кестеден тұрады. Жалпы көлемі 74 бет.

1 БАНКТІК ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ

1.1 ҚР-да банк жүйесінің даму тарихы, оның ерекшеліктері
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың, Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді [3, 142 б.].
Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады [3, 153 б.].
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады.
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады [3, 264 б.].
Банк италян сөзiнен Bank - орындық мағынада Айырбас орындағы-Айырбас орны дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды [4, 93-97 бб.].
Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.
Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары елгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды [3, 58 б.].
Мұның өзі алғашқы бактердің капитализмнің мануфакиура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк Ірі несиелік мекеме ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә [4, 73 б.].
Ежелгі Римде нормалары болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылган кредит жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихыменажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекттік банк, акционерлік банктер,өзара кредит қоғамы, қалалық банктер, ипотекалық кредит банкісі жәнебасқа кредит мекемелері.
Ресейдің мемлекеттік банкісі (өз қызметін 1860 жылыбастады) бұл кредит жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлық акционерлік - коммерциялық банктердің шамамен 13 есептік - ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталық эмиссиялық банктерден Ресейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті,сауда-саттықты және т.б. кредиттеледі.1914 жылы оның 10 кеңесі, 124 бөлімшесі және 791 басыбайлы мемлекеттік қазынашылық кассасы болады.
Акционерлік-коммерциялық банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы ссудалық капитал нарығында үстем болды және 1914 жылы шоғырланудың жоғары деңгейіне жетеді. Орта және ұсақ буржуйларға қызмет көрсету үшін ұсақ кредит мекемелері жұмыс істеді, өзара кредит қоғамы (11081), қалалық-қоғамдық банк (343). Ипотекалық кредит жүйесі мемлекеттік-двориандық жер банкісін және мемлекеттік жер банкісін, 10 акционерлікжер банкісін, 36 қалалық кредит банкісін,басқа да ипотекалық кредит банктерін қамтиды.
Басқадай кредит мекемелерің арасында деревняның ауқатты тұрғындарына қызмет көрсететін кредит кооперациялары кеңінен тұрады.Ол кредит-жинақ кассаларын және кредит серіктестіктерін қамтиды.
Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы банктерді мемлекеттік тұрғыдан монополиялады. Елді мемлекеттік банк құрылды, содан соң, басқа банктер-мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер пайда болды.Банк жүйесінің бір буыны-мемлекеттік еңбек-жинақ кассасы. Кеңес үкіметің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен қатар бір мезгілінде мемлекеттік емес кредит мекемелері, кооперативтік және жеке меншік, мемлекеттік-капиталистік, оның ішінде, шетелдік капитал қатыстырылған мекемелер құрылды. 1922 жылы кредит және ссуда-жинақ серіктестіктері мен олардың одақтары ұйымдастырылды. Олардың міндетіне деревнялар және майдангерлік өнеркәсіпті өркендету кірді. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперцияларына салым ақшаларды қабылдау, суда беру және есеп айырысуда делдал болу секілді формалардағы кредит операцияларын жүргізуге рұқсат берілді.1926 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша КСРО-да 16185 серіктестік жұмыс істеген. Оның 2426-ауыл шаруашылығына арналған кредит мекемесі.
1922 жылы жеке сауда-саттықты,өнеркәсіпті кредиттейтін өзара кредит қоғамы, мемлекеттік-капиталистік әрі акционерлік Оңтүстік-шығыс банкісі және шетелдік капиталдың қатысумен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Социалистік экономика секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке кредит мекемелерінің маңызы кеміп, жұмыс істеуін біржола тоқтатады. Ауыл шаруашылығы ұжымдастырылғанда кредит кооперативтерінің қажеті болмай қалды. Ол 1931 жылы таратылды. Экономиканың жеке секторынан сауда мен өнеркәсіп салаларының ығызуына байланысты өзара кредит қоғамы да өз қызметін тоқтатады. Басқа да кредит органдарының міндеті мемлекеттік салалық банктерге ауысады. Олар 1922-1925 жылдар аралығында құрылған Өнеркәсіп банкісі, Цекомбанк, Всекобанк, Орталық шаруашылық банкісі және басқалары [5].
КСРО-да жүргізілген кредит реформасының нәтежиесінде 1930-1932 жылдары салалық банктер жаңа принциппен ұйымдастырылады. Капитал салымдарын қаржыландыру және кредиттеу бойынша 4 арнайы банк құрылады:
1.Өнеркәсіптері және электр шаруашылығын ұзақ мерзімге кредиттейтін банктен қайта құрылған өнеркәсіптердін және электр шаруашылығын капиталдық құрылысын қаржыландыратын банк (өнеркәсіп).Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкісі боп қайта ұйымдастырылады.
2.Социалистік егіншілік қаржыландыратын банк (КСРО Ауыл шаруашылық банкісі). Ол көптеген кредит серіктестіктіктерінін және республикалық ауыл шаруашылық банктерінің орнына құрылды (1959 жылы жабылып, оның қызмет ету аясы КСРО Құрылыс банкісі мен Мемлекеттік банкісіне ауыстырылды).
3.Кооперациялардын капиталдық құрылысын қаржыландыратын банк (Всекобанк). Ол Бүкіл ресейлік кооперативтік банкісінің негізіне құрылды (Всекобанк 1936 жылы таратылып, оның активтері мен пассивтері 1959 жылы жабылып КСРО Сауда банкісіне берілді)
4.Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын банк (Цекомбанк), 1959 жылы жабылып,оның қызметі КСРО Мемлекеттік банкісі мен Құрылыс банкісіне берілді.
Осы салалық банктердін барлығы салаларды ұзақ мерзімге кредиттеумен және қаржыландырумен айналысты.Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісіне халық шаруашылығың барлық саласына арналған қысқа мерзімді кредиттер шоғырландырылды. Барлық кредит жүйесінің орталық әрі жетекші буыны ретінде КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі өсе түсті.Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысуға арналған және ағымдағы шоттары КСРО Мемлекеттік банкісіне шоғырландырылды.
Барлық одақтас республикаларда,оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін орталықтандырудың принципі қатаң сақталды, банк мекемелері жоғары банк оргаандарына бағынды, қандай да бір жергілікті мәні бар ереженің енгізілуіне үзілді-кесілді тыйым салынды.
Сондай-ақ, іс-тәжірибеде ақша айналымын тек бір ғана банкте шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме есеп айырысу және ағымдағы шотын тек бір ғана банкте аша алатын. Олар өз қаражатын осы банктен алды және осы банк арқылы ақшасыз есеп айырысты [5].
КСРО-да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Осы реформаның нәтежиесінде КСРО Мемлекеттік банкісінің және КСРО Құрылыс банкісінің негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкісі (Промстройбанк), Аграрлық өнеркәсіп банкісі (Агропромбанк) және Әлеуметтік тұрғын үй банкісі (Жилцосбанк) кұрылды. КСРО Мемлекеттік банкісінің құрамына кіретін жинақ касса жүйесінің негізінде Жинақ ақша банкісі құрылды, ал Сыртқы экономика банкісі құрылды, осы тұста КСРО Мемлекеттік банкісі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық тұрғыдан және кредит-есеп айырысу секілді қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкісі боп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне (Промстройбанк) кредит саясатын жүргізу, кредит жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын, сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО Мемлекеттік жабдықтаудағы есеп айырысуларды қаржыландыру мен кредиттеу де шоттарын жүргізді. Мұндай кешенді кредит-есеп айырысу қызметін аграрлық-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін-КСРО Аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда мен әлеуметтік салаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін-КСРО Әлеуметтік тұрғын үй банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО Жинақ банкісі қызмет көрсетті. КСРО Сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды әрі жүргізді.
Мамандырылған банктердің құрылымы аймақтық-әкімшілік принципі бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер, ал облыстар мен өлкелер банк басқармалары ұйымдастырылды. Аудан орталықтарында және қалаларда банктердін өз мекемелері болды.Олар бастапқыда мынадай принцип бойынша құрылған болатын;мамандырылған қай банкінін клиенттері басым аудандарда тек олардың (мамандырылған банктердің) мекемелері (әр ауданда бір мекемеден) болды. Тек КСРО Жинақ банкісінің ғана мекемелері әрбірауданда,ұжымшар мен кеңшарда ашылды. Мамандырылған банктердін (Жинақ банкісінен басқасы) төменге буындары мамандандырылғанына қарамастан өздерінің клиенттері бар аудандарда қызмет көрсетті. Банктердің мамандану мәні тек басқару денгейінде ғана көрінгені болмаса, олардың төменгі мекемелерінің әмбебап кредит мекемесінең ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Олар ауданның барлық клиенттеріне, яғни, кәсіпорындарға, барлық салаларға қызмет көрсетуіне тура келді [5].
Банктердің санына қарай олардың 4 жоспары болды. Аталмыш банктердің салалық өзгешіліктері өз клиенттерінің әмбебаптығына қайшы келгендіктен, ең алдымен кредит ресурстарына байланысты көптеген проблемалар туындады. Бұл проблемалар бір банктен екіншісіне өзара аймақарлық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражатқа бақылау болмағандықтан одан ары терендеді. КСРО Мемлекеттік банкісінде ашылған корреспондеттік шот бойынша аймақарлық есеп айырысуға көшуі қажет болды. Мемлекеттен банктен бөлінген коммерциалық банктер әдетте мамандырылған банк ретінде жұмыс істеді, нақты салаларда (өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы, сыртқы сауда) әрбір банктің өз монополиясы болды .Олар өз кәсіпорындарын көбінесеолардың (кәсіпорындардың) қабілетің, мүмкіндігін және т.б. Ескермей өте төменгі пайызбен қаржыландыруды және кредиттеді. Бұл банктердің активтері залалға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындардың мерзімі өтіп кеткен сапасыз ссудаларына ие болды.
Тұтастай алғанда банктерді мамандандыру туралы идея банк жүйесінің жұмысын тығырыққа тіреді, ол монополиялаудан арылмады, кредит тетігін түбегейлі өзгеріс енгізе алмады, керісінше,үлкен кедергі келтіріп, елеулі шығынды қажет ететін көп буынды болумен сипатталды. КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі де көп төмендеп кетті-ол мамандандырылған банктердің жұмысына елеулі ықпалын тигізе алмады.
Бұл жағдайдан шығудың бірден бір дұрыс - жолы реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі денгейлі ұйымға көшіру. Банк құрылымын қайта құру үшін Мемлекеттік банктің банк ісі монополиясын жою қажет болды. 1988 жылға дейін орталық,коммерциялық және инвестициялық бантердің қызметтерін орындайтын КСРО Мемлекеттік банкісінің әмбебап кредит мекемесінен еш айырмашылығы болмады десек артық айтпаймыз.
Қазақстандағы КСРО Құрылыс банісінің республикалық кеңсесі қаладағы-өнеркәсіптегі, көліктегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы инвестицияларға қызмет көрсетті. Акционерлік негізде жұмыс істейтін КСРО Сыртқы сауда банкісі валютадағы және валютамен операцияларды жүзеге асырды.
КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті, кредит-банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ реттемелеу, сондай-ақ шаруашылық органдаррының қызметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды
Ақша-кредит қатынасының қалыптасқан іс-тәжірибесі нарық қатынасы тудырған шарттармен сәйкес келмейді.
Социалистік жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрі идеологиялық тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банк түрінде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық кредит жүйесін өз уысынан шығармады,шынайы бәсекелестікті, тәуекелдіктің бүкіл элементтерін жойды.
1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізгеннен кейін бірден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтар айында. Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі туралы заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының бастамасы болды.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасыны Ұлттық банкісі боп қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды.Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкісі-акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық өнер кәсіп банкісі-акционерлік-коммерциалық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі-акционерлік-коммерциялық юанк болып табылатын Әлембанкке, Республика Жинақ банкісі-акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банісіне айналды.1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер боп қайта құрылды, ал Жинақ банкісі Қазақстан Республикасының халық банкісі атауына ие болады.

0.2 Банк түсінігі және банк қызметінің мәні мен сипаттамасы
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтау орны деп жаңсақ әрі үстірт түсінуі мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі, сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері әр түрлі болып келеді. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И.О.Лаврушин банк мәнін зерделеулің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
oo Банк мәнін макродеңгейде оның қызметіменбайланыстыра отырып талдау;
oo Оның мәнін әр түрлі тарптарына қарамастан қарамастан банкті біртұтас жүйе ретінде қарастыру;
oo Банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықша өзіндік ерекшекліктерін ашып көрсетуді қажет етеді;
oo Сонымен қатар оның құрылымын ашып көрсету керек.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банктің клиенттерге көрсететін қызметінің 100-120 түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себептен банк қызметінің мәнін талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның мәнін біртұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана банк қызметінің мәнін толыққанды түсінуге болады [7, 59 б].
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі. О.И. Лаврушин банктің 3 түрлі қызмет ету аясын анықтады:
Оның біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыру қызметі. Әр түрлі құндылықтарды уақытша сақтау үшін қабылдау, оларды сақтау сияқты операциялар ежелден келе жатқан банк операцияларының бірі болвп табылады. Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруда бантің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар:
oo Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру банктің өз ғажеттілігі емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
oo Шоғырландырылатын және қайта бөлінетін ақша қаражаттарының меншік иесі - клиент болып табылады;
oo Қаражатты шоғырландыру тек арнайы рұқсатпен (лицензия) жүзеге асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет - ақша айналымын реттеуші қызмет. Банк салым салушы мен қарыз алушы арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар,айырбас, ақша айналымы капитал айналымы жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарының айналымы экономиканы және халықты несиелеу , төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Банктер арқылы ақша қаражаттары мен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан басқасына құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялар арқылы капитал қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капитал мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылық қажеттілігіне қарай түрлендіру мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуелділікті азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттік, ал енді банктің қызметтері деген түсінікке анықтама беріп кетейік. Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан талқылау жасалынады.
Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады. Ғ.С.Сейітқасымовтың Ақша, Несие, Банктер кітабында Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады делінген.
Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті (ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы). Банк операциясы - клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды [8, 327 б.].
Аталған қызметтерді тек өзіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек.
Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт.
Банк кызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін банк түсінігінің мәні және клиент - банк - клиент схемасы қарастырылған болатын.
Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім болса,банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады.
Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес. Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады [8, 384 б.]. Іс-жүзінде келесідей банк операцияларының тобында клиентгің толық қатысуы орын алады: клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар клиент банк - клиент схемасына жауап береді және банктік қызмет түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады. Операцияларды орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк, әдетте, сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк - бұл банк қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады.

1.3 Банк қызметінде болатын тәуекелдің орны және оның жіктелуі
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Банктік тәуекел дегеніміз не?
Банктік тәуекел - жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстарды толығымен алмауы немесе банктің өз ақша-қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты "сыртқы") және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате қызметінен пайда болатын "ішкі") бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.

Банктегі және банк мекемелеріндегі тәуекелдер

экономикалық
саяси

сыртқы
ішкі

ком. банк
түрі
банк
операциясына
сипаттама
валюталық
тәуекел

елдік
тәуекел

айырбас
тәуекелі
табиғи
апаттар
т.

клиенттер
құрамы
Трансферт
тәуекел
Баланстық
Операциялар
бойынша
коммерциялық
әр түрлі
салаға
жатуына
қарай

төлемнің
уақытша
тоқтатылу т.
трансляциондық
баланстан тыс
операциялар
бойынша

Көлеміне
қарай
активті
операциялар
бойынша

меншікке
қатысына
байланысты
пассивті
операциялар
бойынша

өндірістік
операциялар
түрлерінің
тәуекелі
диверсификация
тәуекелі

жеткізуді реттеу

инфляциялық
тәуекел
форс-мажорлық
жағдайлар
несиелік
тәуекел

ресурстық

портфельдік
тәуекел

бартер
қаржылық

жүйелік
клиринг
өтімділік тәуекелі
несиелеу

жүйелік емес
лизинг
факторинг

Сурет 1 - Банк тәуекелінің жіктелуі
Ескерту - [3] әдебиетінен алынған

Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Сонымен, банк тәуекелінің қызықты классификациясын қарастырайық, ол өзіне категория, топтар, түрлер, түрлер астындағы және тәуекелдің әр түрлілігін қамтиды.
Банктік тәуекелдің жоғарыда берілген жіктелуінде негізгі қағидаларды көрсетуге болады.
Сонымен банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
1.Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
2.Банк клиенттерінің құрамы.
3.Банктік операциялар сипаттамасы.
4.Коммерциялық банктердің түрі
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген 1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады. Саяси факторларға соғыс, жаулап, басып кіру (оккупация), саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу, импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел инвестициялар тәуекелі және т.б. жатқызылады. [9, 125-128 бб.]. Экономикалық факторларға мыналар жатады: ЖҰО-ның төмендеу немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан түсетін табыстың төмендеуі, импорттық өнімнің өсуі, әлемдік нарықтағы отандық тауарлар бәсекелестігінің төмендеуі, іскерлік белсенділігінің төмендеуі, басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы, халықтың бірыңғайлылығы мен білім деңгейінің төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы және т.б.
Әлеуметтік факторлар азаматтық соғыс, табыстардың бірдей бөлінбеуінен, идеологиялық және діни көзқарастардың қайшылықтары, ұлттық қақтығыстар, көтерілістер жағдайларынан туындайды. Құқықтық факторлар келесідей: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы.
Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы, банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты. Қаржылық факторлар тәуекелдігі - жалпы ішкі өнім, сыртқы қарыздың экспортқа қатысты қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ-ге ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы қарызға қолайсыз қатынасы.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясы мен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетигтік стратегияны және тактиканы таңдау және т,б, факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
oo банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспондентік шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
oo банк пассивімен байланысты (салыну және депозиттік бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
oo банктің өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
oo қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәукелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен, қоғаммен қарым-қатынас жасаумен байланысты. кіші орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе бір-бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады [9, 251 б.].
Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте осындай серіктестерге қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейі бар және өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы көрсеткіштері, табыстылық деңгейінің жеткіліктілігі мен қамтамасыз етілген меншікті қаражаты бар кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты банктік жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде экономика мен кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық субъектілер өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Ал ол өз кезегінде несие ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.
Банк баланстық тәуекелге келесілер жатады:
oo несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі);
oo пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
oo өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
oo капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
oo берілген кепілдер бойынша;
oo шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім-шарт бойынша;
oo несиелік міндеттемелер бойынша;
oo валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін [10].
Лизинг - жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік кезеңінде құрал-жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту тәсілі.
Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы қатынас формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық бола алады.
Жоғарыда көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл және қайта қалпына келетін (револьверлік), таза және толық бола алады.
Клиринг - ақша (валюта) аударымсыз тауарларды айырбастауды жүргізетін мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлемдер. Клирингтік операциялар маңызы келесідей көріністе арнайы клирингтік келісім-шарт негізінде белгілі бір календарлық кезеңдегі, көбінесе 1 жылдағы өзара сауда сомасы әр түрлі сауда-саттықпен айналысатын елдердің белгілі бір банктік шоттарында айналыста жүреді. Клирингті жүзеге асыра отырып, әрбір экспортер жақ экспортқа шығаратын тауар сомасын өз банкісін алады. Банк өз жағынан банк-импортердің аударымын күтпейді, керісінше клирингтік шотты дебеттейді және импортермен байланысты сәйкес банкке дебеттік авизо жібереді. Өзара жеткізуіндегі балансты жүзеге асыруға тырысқанға қарамастан, көбінесе кезең соңында бір жақ өз пайдасынан асып түседі. Яғни, авуарға ие болады. Ол өзінің серіктесінен тауар алғысы келмейді немесе оған ақша қажет. Бұл жағдайда жақ делдалдау көмегімен үшінші елге өзінің авуарын сата алады. Бұл жерде клирингтік валюта құны мен еркін айырбасталатын валюта құны арасында айырма пайда болады. Сандық сипатта бұл айырманы дизажио деп атайды. Мысалы, 100 клирингтік долларды 85 еркін айырбасталатын валютаға айырбастаса, онда дизажио 15 %-ды құрайды. Клирингтік валютаны сату суитч деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда "swіtch" - переключить). Бұл термин сауда мәмілелерінің субъектісін немесе объектісін айырбастаған кезде қолданылады. Мысалы, беделі төмен бағалы қағаздарды сатуда, несиелік мәміле жағдайында серіктестерді ауыстырғанда және т.б. жағдайларда болады.
Бартерлік мәмілелер - тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу формасы. Олар фирмааралық және мемлекетаралық бола алады. Фирмааралық бартерлік мәмілелер әр түрлі делдалдар көмегімен жүзеге асырылады. Халықаралық бартерлік мәмілелер клиринг сияқты прайс-беттермен, техникалық несиемен, тауар құнын қайта санау валютасымен байланысты, бірақ белгілі бір уақыт кезеңімен байланысты емес және бартерлік келісім-шарт ұзақтылығы нақты прайс-беттерде көрсетілген тауар құны мен санына байланысты [9, 452 б.].
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және жабдықтаушылармен қарым-қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес қабілеттілігін, оның қайтару жағдайлары санын және т.б. қорытындылау керек. Банктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздері
Қаржылық жағдайды талдау
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Казақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы мен коммерциялық банктерді ұйымдастыру принциптері
Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің рөлі
Пәндер