Педагогикалық қарым - қатынас технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Американдық қарым-қатынас психологияда бұл бағыттағы зерттеулерге просемика деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас бар: көнілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Алдыңғы екі қарым-қатынас бір-біріне жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланысты адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады. Көпшілік арақатынас бөтен адаммен араласу.
Бейнелеуде қарым-қатынас құралы болып табылады. Алайда бұлар тікелей байланыс жасау құралы емес, оны тарату техникаға кітап басу, кино, телеведениеге байланысты.
Жоғарыда аталған қарым-қатынастың сөзден тыс құралы сөйлеу қарым - қатынасын демелеп отырады.
Коммуникацияның сөйлеу және сөйлеусіз қарым-қатынас құралдарының бірлігіне жету - басқалармен жұмыс жүргізетін мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қарым- қатынас - педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы. Педагогикалық қарым-қатынас - бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік - психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс-арекетті ұйымдастыру, өзін-өзі бекіту. Педагогтың міндеті -оқушыларға өзіндік "Менің" тануға жағдай жасау, өзінің тұлғалық мәнін терең сезінуі, тұлғаның болашағын және адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру.
Қарым-қатынас қажетті информация алмасуда, басқаруда көрініс беретін заттың іс-әректтің тиімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттік белгілері белсенділік, идеяшылдық , еркіндік, ерекшекліктің субъектісі ретінде танылады.
Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету мүмкіндігін ашады.
Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына қатынасы көрінеді.
Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.
Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісуін қарым-қатынас деп түсінеміз.
Гуманизм принциптеріне сәйкес қарым-қатынасқа әр адамға,қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы болып табылады.
Қатынас гуманизмі дербестік рөлдік позицияны саналы түрде өзгерте алады. Қарым-қатынас серіктестігі қабылдауға аса маңызды. Егер педагог баланы әсер ететін нысана ретінде көретін болса, өзара қатынаста гуманистік, ізгілікті ештеңе болуы мүмкін емес. Психолог Я. И. Коломинский тұжырымдамасы бойынша қарым-қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгейі тәртіптілік, операциялы-текникалық және ішкі деңгей жеке- маңызды ішкі дүниесі87.
В. А. Кан-Камен пікірінше адамдардың бір-бірінің мүмкіндіктерін бағалауы олардың бірлесе орындаған әрепкетінің өту сипаты мен нәтижесіне байланысты(89).
Қарым-қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін - бірі, топта, әлеуметтік бірлестікте, өзін - өзі түсінуі және бағалауы қабылданады.
Әлеуметтік перцепциа адамдарды бірлестіріп, қарым - қатынас жасауға бірлестіретін іс- әрекет.
Қоршаған ортада адамдарда жеке тұлғаның бейнесін қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл атқарады. Адам бейнесін қалыптастыруда нақты айырмашылық бар. Қабылдаудың дәлдігі түрлі адамдарды ажыратуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік аперцепциа зерттеулерінде өзін -өзі танып білуінде өзекті мәселе олып жатыр. Осы мәселе адамды күрделі өзін реттеуші жүйе ретінде түсінуде аса маңызды. Америка психолоктарының тұжырымдамасына сәйкес адамның өзі туралы пікірінің қалыптасуы үш әлеуметтік блоктан тұрады: когнетивті, эмоциялық бағалаушы және реттеуші.Когнитивті блоктың қызметі - өзі туралы мәліметті қорыту және сақтау, эмоциялық бағалаушы қызмет-өзінің мүмкіндігімен қабілеттілігін бағалап, өзіне деген көзқараста бағалау. Реттеуші блоктын қызметі- өз тәртібін және іс - арекет реттеп, кері байланыс арқылы өзі туралы мағлұматты коррекциялау. Өзін-өзі қабылдау дегеніміз-адамдардың өзін баскалар мен салыстыруы, өзін басқалардың қабылдауын сезінуі, өз әрекетінің нәтижесіне сәйкестігі және сыртқы кейпін қабылдаудан тұрады.
Әлеуметтік перцепцияда аса маңызды болып қарым-қатынастың вервальсыз әдістері табылады.
Жеке дара қатынас процесінде адамдардың бірін - бірі қабылдаудың негізгі әдіс-жүріс тұрысы, қимылы, дауыс ырғағы, ымдау маскасы. Мысалы, коздер контактысы адамдар арасындағы қатынасты реттеуші механизм. Сол сияқты жест(қимыл) тілі де ежелгі тілдің бірі болып табылады. Мысалы, аудиторияда алдында сөйлеп тұрғанда кейбір қимылдар тындаушыларға қысым сыйламау такаппарлық болып көрінеді. Егерде сөйлеп тұрған адам бір аяғынан екінші аяғын аударылып, қозғалып тұрса сенімсіздік тудырады. Артық шапшан қимылдар аудиториямен байланысқа тұсуге кедергі болады.
экспреципті психологияны күнделікті қолдану маңызды қимыл қозғалысты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы жеке адамның қалыптасуына әсер етеді.
Жеке даралық қатынаста өзі туралы мәлімет, өзінің тәртібі, сонымен қатар өзге адамдардың қылығына жауапты реакцияны көрсету манызды. Кері байланыс арқылы адам өзінің тәртібін икемдеп, оның тиімді жолдарын қарастырып, өзін бағалауды қалыптастырады. Кері байланыстар жасай білу қарым-қатынас жасау жүйесінде компаненттілігін көрсетеді.
Әдетте адам өзі туралы мәліметтерді іс-әрекеті барысында бақылай алады. Егерде қарым-қатынас өзінің тәжірибесімен бейнесімен сәйкес қабылданбаса. онда жеке тұлға қарым-қатынаста кері жағдайларды осындай жағдайда қарым-қатынаста адам оқшаулану жағдайына сезінеді.
А.А. ЛЕоньтев зерттеулерінде бұндай ситуацияларында оқытушыда пайда болатын қорғаныс жүйесі балаларға педагогикалық ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Адам қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі. Психолог В.А.Лабунская тұжырымдамасы бойынша қиын қарым-қатынас әлеуметтік - психологиялық феномен ретінде адамдардың өзара түсініспеушілік формасында шынайы жағдайларда байқалады. Қиын қатынастын көрсеткіштері қатынас жасаудағы ұзақ үзіліс бір сөзді жауап беру дауыс ырғағын жоғарылату адамды тындай алмау ангімені жалғастырмау байланысқа түсе білмеу көздер байланысын болмауы дөрекілік серіктесін кемсіту, менсінбеу, жақсықтық, ұялшақтық келіспеушілік, өтірік, сенімсіздік, бірбеткейлік, серіктесінің пікіріне құлақ аспаушылық.
Қарым-қатынас қиыншылығы ішкі күйзеліс жағымсыз эмоциямен білінеді және қарым -қатынастың бұзылуыда тұлға үшін жеке қиыншылықтар туғызады.
Жеке адамдар арасындағы байланыствр қарым-қатынастың маңызын сапалы түрде ұсынбау ситуатцияны болып табылады. Жеке даралық қатынастың-бұзылыстың психологиялық көмекті талап ететін қатынас жүйесін өзгерту және коррекциялау арқылы өтеді.
Психологтар өзара қарым- қатынас кедергілерінің алты типін көрсетеді:
-ситуатциялық кедергілер жағдайды әртүрлі түсіну, жағдайды әртүрлі денгейге ену;
-мағыналық кедергілер, алдынғы хабарға байланыссыз айтқанды қабылдау;
-мотиватцияны кедергілер, бір-бірімен қатынасты не себепті жасайтынын түсінбеу;
- өзге адам туралы түсінігі болмау;
- өзге адамды мәдени денгетиі, қажеттілігі, қызығушылығы, бағыттылығына қарай қате бағалау;
- кері байланыстың болмауы.
Жеке қарым-қатынас кедергілері біріншіден алғашқы әсердің тиімділігі, екіншіден әсердің бірлігі, үшіншіден әсердің қайталануы, төртіншіден әсердің үздіксіздігінің.
Егер өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар түсінушіліктің денгеиін анықтай алса және қарым -қатынас жасаған адамды түсінемін деп өзіне сенімді болса, бұлардың арасында қарым-қатынас пайда болады. Қарым-қатынасқа түсушілер өздерінің саналарында бір-бірінің ішкі жан дүнйесінің ұғуға сезімдерін түсінуге, қылықтарының себебінің анықтаға тырысады. Бөгде адамдарды тану ғана жеке адам қатынас денгейін жоғары дәрежеде, анықтауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір - бірінің түсініп, қабылдағанда ғана бірін-бірі неғұрлым жоғары болмақ. Қарым-қатынастың дамуына аз дегенде екі адам қатынасады. Қатынасқа түсушілер бірін-бірі тануда қабылдауда маңызды қарым-қатынас механизмін менгеруі тиіс, олар идентификатция, рефлекция және стериотипизатция.
Идентификатция - бұл бөгде адамды саналы түрде оның мінезін түсініп, оның орнына өзін қойып көру ниетімен оның жан дүниесін, ойын әрекетін, сезімін ойша құрастырады. Қарым-қатынас үшін сырттай бөгде адам ретінде оны түсінуге ғана емес, сондай-ақ онымен қарым-қатынасқа түскен жеке адамды қалайша өзін қабылдап, түсініп тұрғанын назарына алуыда манызды. Қарым-қатынасқа түскендердің біреуі өзін қандай түрде болғанын саналы ойласа, онда бұл қарым-қатынас рефлекциЯсы деп аталады.
Рефлекция-адамды бейнелй отырып түсіну негізіне жатады. Бөгде адамды түсіну-сол адамның қарым-ұқатынасының қабылдау тек қана өзіне арналғандығын құптау. осылайша адамның адамды қабылдауы оның айналадағы бейнесі секілді.
Адам бөгде жеке адамды бейнелей отырып, өзін сол адамның қабылдау айнасында бейнелеиді. Қарым-қатынас жүру барысында идентификатция мен рефлекция бірлікте болады. Егерде әрбір жеке адам өзі қарым - қатынасқа түскен адамдар туралы әрқашан толық ғылыми негіздерінен хабардар болса, онда ол өзара қатынастың ешқандай кемшіліксіз құралады. Бірақ күнделікті өмірде адам осы тәрізді дәл хабарға ие бола алмайды.
Стеротипизатция - қылықтар түрлерінің формасы және кейде ешқандай негізсіз қылықтарды немесе таныс немесе бейтаныс сияқты көрінетін құбылыстарға жатқызу, яғни әлеуметтік стериотип жауап беру. Стериотип бұл өз бетінше қалыптастырған адам бейнесін әрдайым белгі ретінде ұстану.
Стеротипизатция-қарым-қатынас қорытындысы жеке дара қабылдаудың тәжірибесін жинақтау, кітаптар мен кино филмдер, таныстарының есте қалған сөздері арқылы қалыптасуы мүмкін. Бұл ретте осы жинақталған білімдердің өзі дұрыс қоорытындылары мен сәйкес келмей қате болуы мүмкін. Қалыптасқан жеке даралық қабылдау стеротипі өзге тип адамдарды түсінудің таңдап алынған эталоны және салыстырмалы жағдайда тиімді болады.
Адамзат болмысының бөлінбес бөлшегі бола отырып, қарым-қатынас жеке адам дамуын құралы мен басқаруы бола алады ол арқылы адам қоршаған орта, әлеуметтік орта мен әртүрлі контактіге түсіп, қоғамдық мәдени жәнеадам құндылықтарына жақындасуы өзін-өзі тануы, дүние мен өзара қалыптасуы.
Жоғарыда атап өтілгендей қарым-қатынас, жай қабар алмасу мен шектелмейді.
Қарым-қатынас жоғары денгейде болуы үшін міндетті түрде өзара хабар алмастыру.
Бөгде адамға бірнәрсені хабрлағанда нұсқау бергенде немесе сұрақтар қойғанда, яғни онда өзара байланыс жасағанда жеке адам өзінің қатынасының пайдалы екндігі жайында қажетті хабар алады.
Адам арасындағы қарым-қатынас және түсінушілікке жету басшы қолданатын әдіске байланысты. Сыйластық формасында басқару адам тұлғасы, оның белсенділігі, тәртіптілігі, әділдігінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Сонау ерте заманның озінде -ақ адам жалғыз жүріп мақсатына, мұатына, жете алмайтынын, айналасындағылар мен бірлесіп өмір сүру адамдардың табиғи қажеті екендігін, тіпті өмір сүрудің де мұнысыз мүмкін еместігін адамзат жақсы аңарған.
Шығыстың екінші Аристотель атанған ғұлама ғалым Әбу - Насыр Әл-Фараби өз еңбектерінде жақсы адамдар мен бірлесіп тірлік етіп, бас қосу да бақытқа жетудің басты шарттарының бірі деген.
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық қызметтің өнімділігі көбіне мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас технологиясын менгеру денгеиіне байланысты. Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде кездесіп отыратын түрлі қиыншылықтардың болуы мұғалімнің балалары мен дұрыс қарым-қатынас үйымдастыра алмауынан туындайды.
В.А. Кан-Каликтін мұғалімге арналған педагогикалық қарым-қатынас технологиясы кітабында: Тарбиенің тиімділігі баланың қандай қасиет тәрбиелегеміз келетіндігін білу,сол бағытта жағымды қарым - қатынас тудыруға тәелді делінген.Бұл жинақталған қарым-қатынас механизімі арқылы қалыптасады. Сондықтан да әр мұғалімнің алдында педагогикалық қарым - қатынас технологиясын меңгеру міндеті тұр.
Педагогикалық қызметпен байланысты қарым - қатынас - бұл оқытудың мндеттерін шешудің құралы,әлеуметтік - психологиялық қамтамасыз етілген білім беру процесі, педагог пен балалардың оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетуіне жағдай жасалуы.
Педагогикалық қарым - қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпаратты бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде,балалармен өзара қарым - қатынас ұйымдастыруда, қарым - қатынас серігіне әсер ету өнерінде,өзінің психикалық жағдайын басқара алуында көрініс табады.
Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым - қатынас процесі коммуникативті міндет жүйесі ретінде берілгендіктен педагогикалық қарым - қатынас технологиясын мәнін "Коммуникативтік міндеттер" ұғымымен түсіндіреді.
Коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, варианттарды және оның ішінен тиімдісін таңдау, коммуникативті әрекеттесу және оның нәтижесін талдау.
Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға сәйкес қалыпты қарым -қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекеттті ұйымдастырырады.
Жалпы коммуникативті міндет баяндау және ынталандырудан құрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, мәлімет беру, хабалау, атап өту, жеткізу, жауап, рапорт,және т.б. Ынталандыру түлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.
Коммникативтік оқыту мәіндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің - қызметі белгіленген:
-ынталандыру
-жауап беруші
-бақылаушы
-ұйымдастырушы
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері келесі негізден құралады:
Қарым-қатынас жағдайында бағдар көрсету кезеңі келесі компоненттерге сүйенеді: педогогтың қарым - қатынас стилін сезіну, осы ұжыммен болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін ойша құрастыру - коммуникативті есте сақтау ;жаңа коммуникативтік қызмет жағдайында қарым-қатынас стилін анықтау; сыныптағы жағдаятқа жане ағымдағы педагогикалық міндеттен шағады. Мұнда соның негізінде сынып, балалар тобы немесе жеке тәрбиенушілер қатыса алатын қимыл-қозғалыс объектісін нақтылау жүзеге асады.
Өзіне көңіл аударту кезеңі әртурлі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар мына варианттарға бөлінеді: сөздік-вербалдь қарым-қатынас, өзіне көңіл аудартудың ішкі белсенді талабы мен үзіліс, белгі-кестелерді, корнекілікті ілу, тақтаға жазу.
Пайдаланатын құралдары бойынша:вербальды қарым - қатынас -тіл, сөз арқылы қарым-қатынас жасау; ал вербальды емес- басқа адаммен немесе адамдар тобымен сөзді пайдаланбай белгілер, символдар, ым, ишара, понтомимика арқылы қарым-қатынас жасау.
Нақтылау кезеңінде педогог алдынғы кезендерде жинақталған қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақтылайды. Өнімді қарым-қатынас денгейін анықтауға тырысады.
Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезені - вербальдъ қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынасты жетістігі, педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысты, жарқын нақты сөйлеу, тілдік адістерді дұрыс тандай білуі , ақпаратты беру матінін логикалық түрде құрастыра білуі интонатциясына байланысты.
Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі -кері мазмұнды және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын менгеру денгеиі туралы ақпарат"береді." Ол фронталды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге асырылады.
ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық-психология ғылымдардың тоғысында "педагогикалық қарым-қатынас" ұғымы пайда болды.
ХХғасырдың 70-жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін А.В.Моудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В.В.течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХғасырдың 80-жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. ал, А.А. Леонтьев, Н.А.Березевина, Я.Л.Коломинский, С.В.Кондратьев, В.А.Кан-Калик педагогикалық қарым -қатынас ұғымын қарастырды. В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың психологиялық мазмұнын,құрылымын, стилін, кезендерін анықтады. Педагогикалық қарым-қатынас "педагогикалық шеберлік" пәнінің аясында оқытылды.
Педагогикалық қарым-қатынас- коммуникатцияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс - әрекеттің мақсаты мен мазмұны байланысты туындайтын педагогпен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
педагогикалық қарым -қатынас - бұл педагогпен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік норматифті формасы.
Педагогикалық тәжірибені талдай отыра, тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы(Г.М.Андреевна бойынша)
-Коммуникативті
-Интерактивті
-Перцептивті
Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі:
-Әлеуметтік
-Психологиялық
- Инструменталдық
Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:
-Байланыста орната алмау:
-сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау,
-педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым -қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
-Оқушының ішкі психологиялық позитциясын түсінбеу;
-Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас- бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу,
тәрбиелеуші әсер жасау коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынаста орнатуға бағытталады.
ПЕдагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас -бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік психологиялық қамтамасыз ету; Оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
-Ақпаратты беру іскерлігі;
-Оқушы жағдайын түсіну;
-Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
-Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
-Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникатвті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникативті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.
А.А.Леоньтев коммуникативті міндетті проблемалық ситуатцияларды бағыттау нәтижесі деп анықтап оның мақсатысеріктеске әсер ету дейді.
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді:
-Оқушыларға ақпарат беру;
-Оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.
-Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:
1) Қарым-қатынас жағдайына бағытталу;
2) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның бойындағы жақсылық пен жамандық
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық технологиялардың қызметтері
Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Пәндер