Театр - киім ілгіштен басталады



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Станистлавскийдің: Театр - киім ілгіштен басталады - деген қанатты сөзін барлығы дерлік біледі. Оның бұл ойымен санасуға болмайды. Көрермен театрға кіріп келгеннен бастап, оны гардеробтан мерекелік, театрлық жағдай күтіп алуы қажет. Бірақ, шын мәнісіне келетін болсақ театр киім ілгіштен басталмайды, театр драматургиядан, оның репертуарынан басталады. Сондықтан қазіргі таңдағы көрермен қандай деген сұрақ маңызды, өйткені барлығы көрермен үшін: драматургия, киім ілгішімен қоса театр, актерлер, режиссерлер - барлығы дерлік.
Бұл ой ешкімге таңсық емес, біздің уақытта жаңаша мағына алады. Бүгін театрдың көрермен алдындағы міндеттері кешегіден бөлек. Сондықтан қазіргі драматургия тарихи тәжірибеге сүйініп отыра алмайды.
Бүгінгі көрермен - ол шын мәнінде жаңа көрермен, бұрын сонды театр залын толтырып көрмеген. Жаңа заман адамы дүние танымы кең адам қатарына жатады. Қазір адам баласы қоршаған ортаның барлығын байытып қызуғышылықпен танитынын елестетудің өзі қиын. Ғасырлар бойы адамзат әлемге бөгде көзбен қарап келді. Салыстыратын болсақ революцияға дейін адамдар тіпті өз губерниясынан басқа жерге шығып көрмеді. Көптеген адамдар тіпті астанасын да білмейтін болатын.
Тек театр мен драматургия ғана, дәлірек айтқанда, драматургия театр арқылы адам өзі көрмеген дүниені көрсетеді, адамға сол оқиға қатысқандай әсер қалдырады. Сондықтан адамдар әлемдегі елдердің жағдайына театрдан алған әсері арқылы баға беріп жатады.
Орта ғасырдағы Италия, Испания және Франция секілді елдер туралы түсінік осы театр арқылы пайда болған екен.
Адам өз көзімен көрмеген нәрсесін біреуден естуге ешқашан қанағаттанбаған. Бұл көңіл толмаушылық әлемді өз көзімен көру арманын туғызып отырды.
Бүгін жағдай тез өзгерді. Тіпті кітап та енді адам мен әлемді байланыстырушы жалғыз құрал болудан қалды. Қазір экран және кино арқылы кез келген адам барлығын өз көзімен көре алады. Кішкене кезінен бастап адам баласы бағдарламалар арқылы барлық елдің ерекшелігі мен салт дәстүрін көре алады. Бұл тұста да кәсіби ұйымдастырушы өз заманының озық кино және театр өнерімен таныс әрі етене өмір кешуі заңдылық.
Дамыған коммуникациялар мен байланыстар арқылы, ғаламтор желісі арқылы, телевизия мен кино арқылы адам әлемді көріп үйренген. Қазіргі заманғы адамның көрермен, ал әлемнің театр екендігін нық басып айтуға болады. Сондықтан қазір театр адам өмірінде өте мағызды рөл атқарады.

Бос уақыт - жұмыстан, қызметтен, еңбектен, оқудан тыс демалатын кез. Бос уақыттың басты қасиеті сырттан нұсқау тілемейтін, әр адамның жеке - байлығы. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген адамдарды толғандырада. Ол ең алдымен адамның өзіне, оның рухани қажетіне және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Әр адамның музыкаға, әдебиетке, спортқа тағы басқаларға ықыласты болуы мүмкін. Адамдардың қызығушылығын ескере отырып әлеуметтік мәдени мекемелерінде, мектептерде, оқу орындарында түрлі іс шаралар ұйымдастыруға болады. Олар адамды шығармашылыққа баулиды, рухани өсіреді, салауаттылық пен сауаттылыққа тәрбиелеп, тіпті жай ғана тынығып, сергуіне әсер етеді. Бос уақытты ұйымдастырудың түрлері өте көп, мысалы: кештер, ойын-сауықтар, жарыстар, фестивальдар, серуендер, т.б.
Әдеби фестивальдар - Кітап фестивалі немесе Оқырман фестивалі деген атпен танымал әдеби фестивалдар жыл сайын кітапсүйер қауымның басын қосады. Кітапқа құмар жандар жылда жиналып, әдеби жаңалықтарды талқылайды. Мұндай шаралардың мақсаты - кітап авторларын жақсы туындылар жазуға жігерлендіріп, жас буынға кітап оқуды насихаттау, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Әдеби фестивальдар кезінде түрлі кітап көрмелері ұйымдастырылып, авторлар өз шығармаларын оқып береді. Әдеби фестивальдарды ұйымдастырушылар жастар арасында мәдени, рухани серпіліс туғызуды, өзара пікір алмасуға жағдай жасауды көздейді. Әдеби фестивальдардың арқасында авторлар өз шығармаларын оқырмандарға ұсынуға мүмкіндік алады.
Турнирлер ‒ сайыс, жарыстар. Қазіргі кезде негізгі белгілеріне байланысты турнирлер жіктелінуі: шахматтық турнирлер; әдебиет білгірлері, тарих, математика, (зерделік түрнирлері); үстел ойындары бойынша турнирлер; спорттық турнирлер, т.б. Турнир өткізудің негізгі жүйесі - айналым, мұнда әрбір қатысушы басқа қатысушылармен бір немесе бірнеше рет жарысқа түседі.
Кештер ‒ алдын-ала өңделген көркемді- педагогтық бағдарлама бойынша құрылған орындалатын міндетінің мазмұны мен сипаты жағынан жан-жақты көпшілік тәрбиелеу акциясы. Кештердің классификациясы: Мазмұны және сипаты жағынан: қоғамдық саяси, өндірістік техникалық, моральді- әдептілік, ғылыми-ағартушылық, әдеби- көркем, дене шынықтыру-спорттық, т.б. Бағыты жағынан: мүшел той, мерекелік, салтты-оқиғалық, күнтізбелік календарлық. Аудиторияға құралдардың идеялық- эмоционалдық әсер ету басымдылығы жағынан: әдеби, музыкалық, театралдық, кинокештер, т.б. Қатысатын адамдардың құрамы бойынша: еңбек ардагерлері үшін, зейнеткерлерге, балалар мен жасөспірімдерге, жастарға т.б. Ұйымдастыру түрі жағынан: тақырыптық кештер, демалыс кештері, би концерттік, конкурстық. тегін кештер, төлем ақылы, қайырымдылық кештер.
Кездесу кештері - көрнекті ғалымдармен, ақын-жазушылармен, атақты әншілермен, ардагерлермен жүздесу. Кездесу кештері жастар мен жасөспірімдерді адамгершілікке, еңбекке, білімқұмарлыққа, талғампаздыққа жетелеудің тиімді әдісі.
Мерекелік кештер - әрбір тарихи оқиғаларға байланысты өткізілет кештер. Аналар күні, мамыр мерекелері, жаңа жыл, ұлттық мерекелерге арналған тақырыптық кештер ұйымдастыру арқылы бос уақыттарын қызықты, көңілді өткізулеріне болады.
Конкурстар - бір білім саласындағы немесе қоғамдық пайдалы қызметте жеңімпаз қатынасушыларды айқындайтын демалыстың танымдық түрі. Конкурс - жарыс, қақтығыс, күрес. Конкурс түрлері: Кәсіби-шеберлік: механизаторлар, мал шаруашылығы, офицерлер, сатушылар, т.б. Кәсіби-шеберлікке байланысты конкурстардың мәні - мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастырады, ұжымдарды топтастырады, іскерлік пен дағдыны жетілдіреді. Көркемөнерпаздар конкурсы: фольклорлық топтар, домбырашылар, гитаристер, Айгөлек, Әнші балапан, Жас қанат, хор ұжымдары, т.б. Көркемөнерпаздар конкурстарының маңыздылығы - орындаушылық шеберлікті жетілдіреді, талантты адамдарды айқындайды. Көңіл көтеретін конкурстар: Ал кәнекей жігіттер, Ал кәнекей қыздар, КВН, әжелер сайысы, т.б. Көңіл көтеретін конкурстардың маңызы - пайдалы хабар, көңіл көтерумен қуаттайды. Сонымен қатар, интеллектуалды шоу- конкурстар, әдебиет, тарих білгіштерінің конкурсы, Не? Қайда? Қашан?, XXI ғасыр көшбасшысы, т.б. Бұндай конкурстардың мәні - интеллектуалды деңгейді көтереді, танымдық талаптарын қалыптастырады.
Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі. Ойын ‒ өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім және тәрбие беру өрісінің тарихи қалыптасқан құралы. Бос уақытты ұйымдастыруда жиі қолданылатын ойындарға отбасылық, спорттық, ұлттық, интелектуалдық ойындары жатады. Отбасылық Толағай ойыны ата-аналар мен балалар арасындағы сыйластықты, татулықты, ауызбіршілікті күшейте түседі. Ал, Жүзден жүйрік ойыны балалардың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл- ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде осы бос уақытты дұрыс және тиімді ұйымдастыра білудің мәні зор. Күнделікті оқу-білім алумен қатар, бос уақытын қызықты өткізіп отырса, олардың бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттері арта түседі. Жан- жақты мәдениетті, білімді, дені сау, сезімтал, өнерпаз ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты мақсаты боғандықтан, олардың бос уақыттарын ұйымдастырып отыру қажет.
Біз жетекшімен іс-шара тақырыбын таңдамас бұрын ұзақ ойландық. Бос уақытты тиімді ұйымдастыру мен аз ғана уақыт ішінде көрерменге не сыйлауға, нендей тақырыпты ұсынсақ болады екен деп.
Айтары жоқ бүгінгі қоғамда тастанды бала, қараусыз қалған қарттар саны көп. Адамдардан мейірім мен жан жылуы неге азайып барады. Сәл де болса осы тақырып аясында театрландырылған көрніс пен Әмина Қажыны шақырып, мейірім, бала тәрбиесі оның ішінде қыз тәрбиесіне байланысты сұқбат жүргізуді дұрыс деп шештік.
Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс. Қызды жат жұрттық деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады. Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс. Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып,әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы ожан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білемін. Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда сол ұлтымыздың діні, тілі, тарихы, салт-санасы ойымызға оралады. Ұлттың тыныс-тіршілігі де осы баланы отбасынан бастап (бесіктен) дұрыс тәлім-тәрбие беріп, түзу жолға қоюдан анық байқалады.
Әмина қажы осы күнгі қыз бала тәрбиесіне басты назар аудартатын мәселелерге тоқталып, Қыз бала иманды болуы керек, иманды ана иманды бала тәрбиелейді деген ойын айтты. Бала таптыңба оған өскенше тіпті өле өлгенще жауаптысың деген сөздерді қадап айтты.
Сол себепті бүгінгі педагог ұйымдастырушылар тіпті қоғам алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мәселесі тұр.Бос уақытты тиімді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы мәселені шешу бағытында мемлекеттік балаларға қосымша білім беру ұйымдары да өз міндеттерін атқаруда. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлер балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келеді.

Негізгі бөлім

Бос уақыт дегеніміз не? Оның қандай өлшемі бар? - деген орынды сұрақ туындайды.
Бос уақытты ұйымдастыру - бірнеше әлеуметтік ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Олар: әлеуметтану, философия, педагогика т.б.
Бос уақыт - әлеуметтік категория. Әлеуметтануда бос уақыт және демалыс уақыты синоним түсініктер болып табылады. Жалпы қоғамда уақыт жұмыс уақыты және жұмыстан тыс уақыт болып бөлінеді. Жұмыс уақыты бұл белгілі бір өндірістегі нақты жұмыс жасауға арналған уақыт. Жұмыстан тыс уақыт, жұмыс уақытын бөліп алғаннан (тәулік, ай, жыл) қалған уақытты айтамыз.
Жұмыстан тыс уақыттың өзі:
1. Жұмысқа дайындық уақыты (оқушыларда сабаққа дайындық уақыты)
2. Адамның физиологиялық қажеттерін өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану т.б.)
3. Үй шаруашылығына, жұмыс қажеттіктеріне жұмсалатын уақыт.
Бос уақыт ‒ жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт.
Балалардың бос уақытын дұрыс анықтау үшін тәуліктегі24 сағаттан төменгі жұмыстарға пайдаланатын уақытты алып тастау қажет:
- Балалардың үйде сабаққа дайындалуға жұмсайтын уақыты;
- Физиологиялық тынығу уақыты ( ұйқтау, тынығу);
- Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру қажеттіктерді қанағаттандыру уақыты (таңертеңгі жуыну, жаттығу, ыдыс жуу, киімдерін тазалау т.б.);
- Тамақтану;
- Үй шаруашылығына көмектесу.
Осы аталған істерден қалған уақыт балалардың бос уақыты болып саналады.
Педагогикалық зерттеулерде бос уақыт ұғымын анықтауда және оған теориялық негіздеме беруде үлкен үлес қосқан М.Г.Бушканец, А.Ф.Воловик, В.А.Воловик, И.А.Новикова, Э.В.Соколов, В.Я.Суртаев, Б.А.Титов, С.А.Шмаков т.б. Осы педагогтардың зерттеулерінде бос уақыт - жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және физиологиялық даму, бос уақытты белсенді демалыс сауықтыру уақытына айналдыру, мәдени деңгейін көтеру, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өз мүмкіншіліктерін іске асырудың факторы болып табылады.
Бос уақытты ұйымдастыру педагогикасының негізгі ұғымдары: босуақыт, демалыс уақыты, іс-әрекет, бос уақыттағы іс-әрекет, рекреация.
Э.В.Соколовтың ойынша: Қажетті демалыссыз адамның күш-қуаты төмендеп, жоғары деңгейдегі іс-әрекетті орындауға мүмкіншілігі болмайды. Бала өмірінде сауықтыру шараларымен, ойын болмаған жағдайда бос уақыт көңілсіз, қызықсыз өтеді.
С.А.Шмаковтың айтуынша: Бос уақыт- маңызды рөлдерді, қызықты іс-әрекеттер түрлерін еркін таңдау арқылы балалармен жасөспірімдер дарындылығын шыңдау, рухани өсуіне жағдай туғызу уақыты.
Бос уақытта:
- Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;
- Белсенді іс-әрекет арқылы мүмкіншіліктерін толықтай көрсете алуына;
- Өзін-өзі сынау, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалауына ;
- Белсенді қарым-қатынас арқылы әртүрлі ұйымдармен бірлестіктерде өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға жағдай туындайды.
Бос уақыттағы іс-әрекет - жеке тұлғаның өзін-өзі және қоршаған әлемді танып білуіне бағытталған, негізгі жұмыс уақытынан тыс уақытта іске асырылатын саналы әрекеті.
Сонымен қатар, баланың физиологиялық тынығуынада бөлінген қажетті уақыты болуы шарт.
Демалыс - адамның шаршауынан арылуға, күш-қуатын қалыпқа келтіруге, ағзаның тынығуына арналған уақыт.
Демалыс уақытын - тынығумен (пассивтік) немесе өзің ұнататын іс пен айналысу, жаттығулар жасау, қарым-қатынас жасау арқылы өткізуге болады.
Демалыс ұғымы рекреация ұғымына жақын ұғым. Көбіне бұл термин адамның медициналық сауықтыру шараларына байланысты қолданылып келген. Қазір рекреация - адамның денсаулығының қалыпқа келуі, сауығуы деген мағынада қолданылады, адамның физиологиялық, дене және рухани күш-қуатының қалпына келуі болып табылады.
Бос уақытты ұйымдастырушы - педагогтың негізгі міндеттері:
- Жеке тұлғаның қасиеттерімен дарындылығының дамуына, дүниетанымының кеңуіне, мәдениеттілігінің артуына ықпал ету;
- Оқушылардың психологиялық және жасерекшеліктерін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;
- Оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған әртүрлі клубтар, үйірмелер, секциялар, студиялар жұмысын ұйымдастыру;
- Әртүрлі техникалық, көркемөнер, спорттық, өлкетану, туристік т.б. іс-әрекеттерді ұйымдастыратын мекемелердің жұмысын басқару;
- Балалармен жасөспірімдердің ұйымдарымен бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру;
- Мерекелер, кештер, саяхаттар, экскурсиялар, ойын-сауық шараларын т.б. сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарды ұйымдастыра отырып балалардың бос уақытының мазмұнды өтуіне ықпал ету;
- Мәдени орталықтар, спорт т.б. қоғамдық мекемелермен бірлестіктерді балалармен жасөспірімді тәрбиелеу ісіне тарту;
‒ Балалардың жазғы демалысын және бос уақыттарын ұйымдастыру, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беру.
Дана халқымыз сан ғасырдан бері Адамның бақыты ‒ балада деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған ‒ тергенін балаларының жолына, қолына берген. Кез-келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуін тілейтіні белгілі. Ал, қазірігі таңда кейбір жандар өз бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздейтін сияқты.
Соның есебінен елімізде жәутеңдеп қара көздердің саны едәуір артып, жетімдер үйі көбеюде. Кейде таң қаласың, кейбір жандар балаға зар болып, күні-түні үмітін үзбей, Алладан жалбарынып тілейді. Енді біреулер Алланың берген сәбиін көрінгеннің қолына тастайды. Тұрмыс жағдайын, тағдыр тауқыметін сылтау етіп, балаларынан бас тартады. Көзі қиып, жүрегі шыдап, шырылдаған сәбиін панасыз қалдырған тасбауыр жандар жер басып қалай жүреді екен? Осындай қатыгездіктің салдарынан бейкүнә нәресте, дүние есігін ашпай жатып, өмір сынымен арпалысып, тағдыр тауқыметін арқалаған бұл балалардың қандай жазығы бар? Балаша қуанып, уайым-қайғысыз күн кешудің орнына, көзін тырналап ашқаннан-ақ асыр салып ойнаудың орнына, терезеге телміріп менің әке-шешем қайда? деп уайым жейтіндей кімге не жазып еді сәбилер?! Жанарларын жәутеңдетіп, кім маған жылы сөйлер екен деп әркімге жалпақтатып, тірідей тастап кеткен ата-аналарын іздеумен әуре! Өмірдің осындай аяусыз тұстарын көргенде, пенделерге мейірімділік пен қайырымдылықты бойларына сіңіре гөр деп еріксіз дұға етесің.
Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан Айналайын, құлыным, ботам, балапаным деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлады емеспе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ал осы аялы алақанды сезбей, ананың ақ сүтін ембеген баладан қандай мейірімділікті, ізгілікті күтеміз.
Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде. Әйткенмен, он сегізге толып, кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ? Жетімдер үйінен кеткеннен кейін, бірі жалданып күнделікті нанын тапса, енді біреулер қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сондықтан да, түрмеге түскендердің көпшілігі жетімдер үйінен шыққандар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар болады екен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдармен қарым - қатынас жүйесінде өзінің қоғамдық роліне қандай қатынаста
Дидактикалық ойын – көру қабілеті бұзылған балаларды сенсорлық тәжрибенің нәтижелі құралы
Киім кию мәдениеті
Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері
Қазақстан театрлары. Театр тағдыры және көркемдік сапа
Театр бала өмірінде
Қазақстан экономикасының күретамыры - темір жолдағы күш
Темір жол көлігі туралы
Электр энергиясын үнемдеу
Актер шеберлігі және ұлттық ойындар
Пәндер