Балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеуде халық педагогикасының элементтерін пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Мақала

Тақырыбы:«Балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеуде халық педагогикасының элементтерін пайдалану»

Студент:Расол Венера

Топ: МдОжТ- 41

Ғылыми жетекші:филолог. ғ. к., доцент.

Сарыбаева Б. Ж

Павлодар 2019

Балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеуде халық педагогикасының элементтерін пайдалану

Аннотация

Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық педагогикасының элементтерін қалай тиімді де, пайдалы пайдалануды қарастырамыз. Халықтық педагогиканың элементтерін балаларды тәрбиелеудегі қолданудың негізгі мақсатын, міндетін, тереңде жатқан ойын анықтаймыз. Халық педагогикасының балаларды тәрбиелеуде әр заманда, әр кезде болсын өз маңызын жоғалтпай, сан ғасыр өтеседе адамзатқа, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа берері мол екеніне көзімізді жеткіземіз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Сондықтан еліміздің болашағы жарқын болсын десеңіз, жас ұрпаққа тал бесіктен бастап дұрыс тәрбие беріліп, бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсуітікелей халық педагогикасына келіп тірелетіні анық.

Кілт сөздер: халық педагогикасы, мектепке дейінгі балалар, салт - дәстүрлер, жұмбақтар, халық педагогикасының элементтері, болашақ.

В данной статье рассматривается, как эффективно и полезно использовать элементы народной педагогики в воспитании дошкольников. Определены основные цели, задачи и углубление элементов народной педагогики в воспитании детей. Мы убеждены, что народная педагогика обладает огромным потенциалом для воспитания детей в прошлом, многовековой период она передается человечеству, подрастающему поколению, без потери смысла. Как говорится «Если хочешь состояться как государство, выправь колыбель», если мы хотим, чтобы будущее страны было светлым, ярким то мы должны с раннего возраста правильно воспитывать детей, научить быть патриотом своей страны, ценить народных ценностей.

Ключевые слова: народная педагогика, дети дошкольного возраста, традиций, загадки, элементы народной педагогики, будущее.

This article discusses how to use elements of folk pedagogy in the education of preschoolers. The main goals, objectives and deepening elements of folk pedagogy in the upbringing of children are defined. We are convinced that folk pedagogy has a huge potential for raising children in the past, at all times, without losing meaning, and in the last decade - for humanity, for the young generation. As the saying goes, “If you want to be held as a state, straighten the cradle, ” if we want the future of the country to be bright, we must raise children properly from an early age, teach them to be a patriot of their country, to appreciate people's values.

Key words: folk pedagogy, preschoolers, tradition, riddles, elements of folk pedagogy

Халықпедагогикасы - халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. [1] Белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс -тәжірбиесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым-этнопедагогика. Этнопедагогика - халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы [2] . Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелер мен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Халықтық педагогикада тәрбиенiң сегiз түрi бар. Олар: дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелерi. Ендi осы тәрбие түрлерiне қысқаша тоқталып кетейiк.
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесiнiң рөлi ерекше. Дене тәрбиесiнiң мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың денесiн дамытуға, денсаулығын нығайтуға, ағзасын шынықтыруға, күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмiр салтына тәрбиелеу. Халық педагогикасында дене тәрбиесi адам дүниеге келген күннен бастап қолға алынады.
Халық еңбектi бүкiл тәрбие жүйесiнiң күретамыры деп қарастырған. Еңбекке асыл мұрат деңгейiнде қарайды. Еңбек тәрбиесi деп мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке сүйiспеншiлiкпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбектiң алуан түрлерiне баулу, еңбек iс-әрекетiнiң барысында олардың дағдысы мен iскерлiгiн қалыптастыруға, сөйтiп болашақта қандай мамандық иесі болатынын таңдауға да көмегін тигізеді. Балаларға жейтін тамақтары, ішер асы, тек тынбай еткен еңбектің, төгілген тердің арқасында келетінін түсіндіру.
Адамгершiлiк тәрбиесi дегеніміз балаларды қоғамның моральдық нормасын орындауға белсене қатыстыру, олардың бойына тәртiптiлiк пен мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбекке және қоғамдық iс-әрекетке деген жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелеу.
Акыл-ой . Ақыл-ой тәрбиесi - адам зиялылығының негiзi. Сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды бiлiм нәрімен сусындатып, негiзгi ойлау операцияларын меңгерту, бiлiм, бiлiк, дағдылар мен дүниетанымын қалыптастыру.
Тәрбиенiң басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенiң түрi экономикалық тәрбие. “Экономикалық тәрбиенiң негiздерi” еңбек тәрбиесiнде жатыр. Экономикалық тәрбиеде көзделетiн мақсат - жас бүлдіршіндерге қоғам, мемлекет ұғымдарымен таныстырып, бейбіт елде өмір сүріміздің себебі еліміздің дұрыс саясат ұстануының арқасында екенін ұғындыру.
Экологиялық тәрбие дегенiмiз - экологиялық нормалардың, ережелердiң қажеттiлiгiн жастардың мiнез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесiмен тығыз байланысты. Өйткенi өндiрiстiк iс-әрекеттiң барысында адам өзiн қоршаған ортаға тiкелей әсер ете алады.
Сондай-ақ, адамның сұлулық сезiмдерi олардың өмiрiнде зор рөл атқарады. Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады [4] . Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары балабақшада көркем әдебиет және драма. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты балаларды көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оқылған шығарма, берілген ертегі үзіндісіне, табиғат суреттеріне баға беріп, суреттегі эстетикалық сұлулықты көру. Күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру.
Ал жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы мiндеттердi орынды шешу мүмкiн емес. Адамның құқықтық мәдениетi күрделi. Ол әр адамның құқықгық тәрбиесiнiң деңгейiмен тығыз байланысты. Құқықтық тәрбие деп оқушыға құқықгық бiлiм беру, занды құрметтеуге, құқықты қорғау iс-әрекетiне тәрбиелеуге үйрету деп түсiнуiмiз керек. Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды. Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т. б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер және т. б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қызметінің бірі болып табылады. Сондықтан ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалармен бірге ойнатылатын бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау», «Бес тас», асық ойындары. Балаларға ұлттық ойындар ойнатудың бір пайдасы қол моторикасы дамып, жылдам, белсенді, ойлап қабілеттері дамиды.
Мақал-мәтелдер - халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған. Мектеп жасына дейінгі балаларға достық туралы, білім, еңбек, жалқаулық, еріншектік, ата - ана туралы мақал мәтелдерді жаттап, мән - мағынасын түсіндіру керек. Күнделікті өмірде жаттаған мақал - мәтелдерін орнымен, тиімді қолданса, болашақта сөздік қоры мол, сөзге шебер, шешен болып өседі.
Шешендік сөздер . Шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілердің қойылымдарын жасап, оларды сахналаудың жеке тұлғаның қалыптасуына әсері мен ықпалы, тәрбиелік мәні ерекше. Шешендік көркем сөздер мен мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар баланы мәнерлі, көркем сөйлеуге, шешендікке үйретеді, адамгершілікке, сұлулыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.
Санамақ. Қазақтың жас балаларға (4 - 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы математикалық дәріс - санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейiн арнайы көңiл аударылған емес. Тек олардың бiрен-саран үлгiлерi ғана «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты газет-журналдарда жарияланып келедi. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған «Ақ сандық, көк сандық» атты алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретiнде топтастырылып берiлдi. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемi сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабiлеттерiн, танымдық ой өрiсiн дамытады, ал санамақты ырғағымен айта бiлу мәнерлi сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртiбiн бұзбай айту баланы сергектiкке, байқампаздыққа, баулиды.
Жаңылтпаш. Қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш балалардың дыбыстарды дұрыс, екпінмен, қатесіз айтуы үшін қолданылған. [3]

Мазақтамалардың тәрбиелік мәні

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдік тәжірибе түрлері
Мектеп жасына дейінгі балаға халықтық тәрбие беру маңыздылығы
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы туралы
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz