Қазақстанның экологиялық проблемалары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Экология нені зерттейді?
Экология (грекше oikos-үй, тұрақ, мекен, logos-ғылым) “мекен еткентабиғи орта туралы білім” деген мағынаны білдіреді. Шынында да экология қоршаған ортаның тавзалығын сақтау, яғни салауатты өмір қалпын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен қатар экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себеін анықтау, баға беру, оның зиянды жақтарын алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы “экология” терминін неміс биологі Э. Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген.
Экология - тірі организмдердің бір-бірімен карым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми-техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетін байланыстырыла атылып, оның аясы кеңейіп түсуде.
Қазақстан полигондары
Республикамыздың аудандарында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 19 млн га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т. б. полигондар алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдерді салыстырсақ, Ресейде -225, АҚШ-та -1032, Қазақстанда 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккенін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан және Пәкістанда да сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне, дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр(Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар.
Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтерге қарағанда, сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстарда 16686, 1 мың га жерді қамтыған.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс зымырандарын т. б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығанда 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6, 1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың шектеулі рауалы мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы жатады. Сынақ кезінде апатқа ұшыраған зымырандар, әскери техникалар қоршаған ортаға өте қауіпті.
Полигондардың ішінде Семей өңірі - ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шекккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Қазақстан жерінден атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелерді бұзып, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33, 6 млн. га-ға жетті. Полигондарға пайдаланылған жердіің ауа, су, топырақ құрамы радионуклеиндермен ластанып, ауа және жер асты
сулары арқылымыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2, 6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәлелік ауру және жүйке ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша жоғары.
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім “Невада - Семей ” қоғамдық қозғалысының жұмысының жемісі болды.
Арал теңізінің экологиясы
Арал теңізі -Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км 2 , тереңдігі -30 -60 метр, тұздылығы -10-12% болған. Арал кәсіптік балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың т балық ауласа, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етіледі. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық кеңшары, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы итерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда -1, 5, Түрікменстанда -2, 4, Қазақстанда -1, 7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960 -1987 жылдар аралығанда 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілікі те артты. Осыған байланысты, 1970-1980 жылдар аралығанда Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері -антропогендік факторлар еді. Амудария және Сырдария өзендерінің бойында суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.
Арал өңірінде туындап отырған кәзіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теғізінде балық өсіру щаруашылығы тоқтатылып, соңғы 1 -2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-23 млн т деп есептелді. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалар аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда -60%, Қазақстанда 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын табиғи ландшафтыларын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Балқаш көлінің экологиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz