Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
8
Кіріспе: 1
8: Теориялық зерттеулер
12
Кіріспе: 2
8: Зерттеу жүргізу әдістемесі мен материалдары
29
Кіріспе: 3
8: Зерттеу нәтижелері
37
Кіріспе: 4
8: Ордабасы қой тұқымын өсірудің экономикалық тиімділігі
51
Кіріспе: Қорытындылар
8: 64
Кіріспе: Ұсыныстар
8: 65
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
8: 66

Кіріспе

Президент - ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың " . . . мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет", - деп көрсеткен "Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты" және "Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты халыққа жолдауында агроөнеркәсіп кешені алдында - "Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы болуға" және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрімізді жаңартуға деген міндеттер қойылды. Осы орайда дәстүрлі қой шаруашылығында жаңа тұқымдар алу арқылы тұтынушылардың ет өнімдеріне сұранысын тудыратындай жағдай жасау мәселелері бүгінде өзекті саналатыны хақ. Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден айналысатын кәсібі [1] .

Республикамызда мал шаруашылығын өркендетудегі мүмкіндіктің ең бастысы 200 миллион гектар жер - табиғи жайылым мен шабындықтар. Жайылымның түрлері де неше алуан. Бізде жал - жал құмдар да бар, екі шетіне көз жетпес құлазыған шөлдер мен мидай дала да бар, белес -белес белдер де бар. Терең шатқал, шың, биік таулар да бар, мал қорығы сорлы сортаң ақжемтік жерлер де бар.

Ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі саласы болып табылатын мал шаруашылығы еліміздің халық шаруашылығында маңызды орын алады, халықты экологиялық таза бағалы азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен органикалық тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Кей өнімдерден дәрі және түрлі препараттар жасайды.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мәліметтеріне қарағанда 2018 жылдың 1 қаңтарында еліміздегі шаруашылықтардың барлық категорияларындағы ірі қараның саны - 6 745, жылқы - 2 395, қой мен ешкі -18301, шошқа - 819, түйе - 188, құстың саны 40102 мың басқа жетті [3] .

Асыл тұқымды мал өсіру мал шаруашылығын интенсивтендірудің маңызды мәселесі болып табылады. Сондықтан заман талабына сай, асыл тұқымды мал өсіру ісін ұйымдастыруға және оның тиімділігін арттыруды түбегейлі жақсартуға, малдың тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды күшейту керек.

Соңғы уақытта, әсіресе таяудағы жылдар ішінде ауылға деген түбегейлі бетбұрыс жасалып, шаруаны жердің егесі етуге, шаруашылық жүргізудің, ынталаландырудың жаңа формаларын енгізуге, ең бастысы- азық-түлік проблемасын шешуге мүмкіндік беретін заң күші бар бірқатар маңызды құжаттар қабылданды.

Мал табындарын жетілдіру мен оларға генетикалық реконструкция жасаудың күрделі селекциялық

міндеттерін жаңаша, барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін жаңа өнімділігі мол мал топтарының дамуына ерекше мән берілуі тиіс. Шаруашылықтарда мал азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларын ұдайы жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жалпы мәдениетінің өсуі асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарының тиімділігін едәуір арттыруға септігін тигізуде. Терең жүргізілетін селекциялық жұмыстар мал өнімділігін тез жоғарылатып, мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін арттыруға себепші болады. Еліміздің мал шаруашылығын сапалы өзгерту, селекцияның мал шаруашылығын дамытудың қазіргі жағдайларына сай келетін барынша жетілдірілген жаңа әдістерін жасау, ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа да өнімдер өндірудің интенсивті технологиясын кеңінен енгізу зоотехния ғылымының алдында тұрған бүгінгі күнгі басты талаптардың бірі болып табылады.

Жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі күні нарықта етке деген сұраныс қызып тұрған уақытта қой өсірудің экономикалық тиімділігі басқа мал шаруашылығына қарағанда әлдеқайда жоғары. Өйткені, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жыл бойы жайылымда болатын қой шаруашылығын дамыту арзан өнім алудың табыс көзі. Қой шаруашы-лығының тиімділігі қойдың өсімталдығы және табиғаттың қатаң жағдайларына төзімділігі, қуаң жерлердің жұтаң жайылымында да өзіне қажет корек таба алатыны. Қой малының артықшылығын толық игеру үшін замана талабына қарай нарықтағы сұранысты қанағаттандыра алатын сапалы жүн және ет беретін өнімділігі жоғары қой тұқымын өсіру тиімді.

Республика нарықтық жағдайға көшкен соң, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын, еділбай және гиссар тұқымдарын күрделі шағылыстыру арқылы өнімді жаңа ордабасы қой тұқымы шығарылды. Бүгінде елімізге өнімді ордабасы қой тұқымының үлесі дамуда. Етті-майлы ордабасы қой тұқымының 90% Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.

Жаңа тұқым құрамында «Бадам» тұқымішілік типі (төрт зауыттық желілі) және «Шәуілдір» зауыттық типі (екі зауыттық желілі) бар.

Жұмыстың мақсаты: Ордабасы қой тұқымының өнімділік қасиеттерін зерттеу

Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

- Ордабасы қой тұқымының дене өлшемдерінің көрсеткіштерін есептеу;

- Ордабасы малдарының тірілей салмақ көрсеткіштерін анықтау;

- Ордабасы қой тұқымының сойыс нәтижелерін анықтау;

- Ордабасы қой тұқымын өсірудің экономикалық тиімділігін есептеу;

1 Теориялық зерттеулер

1. 1 Қазақстандағы етті-майлы қылшық жүнді құйрықты қой шаруашылығы және дамуы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (жүн, сүт, май, қой және қозы еттері, тоңмай және т. б), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді.

Жартылай шөлейт жайылымдардың табиғи мүмкіндіктеріне жақсы бейімделуінің арқасында құйрықты қойлар арзан әрі жоғары сапалы ет өндіретін мал болып табылады. Республикамызда бірнеше жылдар бойы жүргізілген селекциялық - асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде жақсар-тылған қылшық жүнді құйрықты қойлар көптеп саналады. Олар шөл және шөлейт аймақтардың климаттық жағдайларына жақсы бейімделген, жоғары сапалы етті-майлы, жүн өнімділігімен ерекшеленеді [4] .

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымы Қазақстанда ертеден қалыптасқан тұқым. Бұл тұқым еділбай тұқымының қойына қарағанда салмағы төмендеу, құйрықтары кішілеу келеді. Шөл және шөлейт аудандардың жайылымдарына бейімделген, конституциясы мықты. Сондықтан қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымы еділбай тұқымының қошқарларымен будандастыру нәтижесінде өнімділігі арттырылып, сапасы жақсартылуда.

Қылшық жүнді қой шаруашылығында тірілей салмақ - басты, ал жүн түсімі - қосалқы белгі ретінде зерттеледі. Қылшық жүнді құйрықты қойлардың тірілей салмағы артуымен бірге жүн түсімі мен сапасы, сүйектілігі тағы басқа көрсеткіштері жоғарылайды.

«Қылшық жүнді қой шаруашылығында малдың ірілігі мен еттілігі бағалы қасиеттер болып есептеледі» - делінген К. Қанапиннің зерттеуінде [5] .

Қылшық жүнді құйрықты қойлар мен басқа да қой тұқымдарының ішінде биологиялық және шаруашылықтық бірқатар айтарлықтай артықшылықтарымен ерекшеленеді. Қойлар өзінің биологиялық көптеген құндылығының және дене бітімдік ерекшеліктерінің арқасында, ең алдымен өзінің жоғары бейімделу қабілетіне байланысты жыл бойғы жайылымға, шөл және шөлейт жағдайларға неғұрлым бейімделген малдар. Сонымен бірге қой өсірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын арзан және жоғары бағалы қой етінің негізгі көзі болып табылады.

Қазіргі кезде етті-майлы құйрықты қойларға сұраныс өсіп отыр. Нарық экономикасы жағдайында ауылшаруашылық өндірістеріне тиімді ұсыныс үлгілерін енгізу, асылтұқымды малдарды өсіру, жоғары өнімді отар құру сияқты жұмыстар отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін өндірушілердің ауқымын кеңейтуге жағдай жасайды. Нарық отандық жоғары сапалы арзан өнімді қажет етеді, сұранысты қанағаттандыру үшін әсіресе етті-майлы бағыттағы қой тұқымдарының санын 3-4 есеге көбейту керек.

Қазіргі таңда қылшық жүнді қойлар азықтың өнімдері ет, май, сүт, өнеркәсіпке, халық шаруашылығына қажетті аса бағалы шикізаттар: қылшық жүн, тері, елтірі өндірудің көзі ретінде өсіріледі. Соның сыртында, бұл қойлар ғасырлар бойы өз жерлеріне әбден үйренген, жергілікті генетикалық қор ретінде келешек селекциялық ізденістер үшін керек. Сондықтан, бұл баға жетпес байырғы тұқымдарды таза сақтай өсірудің келешек үшін маңызы зор.

Қылшық жүнді қойларға тондық, елтірілік, етті-майлы, етті-жүнді, етті-жүнді-сүтті қой тұқымдары жатады. Бұлардың ішінен Қазақстан үшін маңызы бары етті-майлы қойлар. Сондықтан осы тұқымдарға кеңінен тоқталайық. Ол тұқымдар: еділбай қой тұқымы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы, сарыарқа қой тұқымы. Аталуына сай бұл топтағы қой тұқымдарының негізгі өнімдері ет пен май. Негізгі алғашқы шыққан отаны Оңтүстік Батыс Азия. Сол жерден Орталық Азияға, Оңтүстік және шығыс Африкаға, Батыс Қытайға тараған. Бұл қой тұқымдарына моңғолдың, қалмақтың, өзбектің қылшық жүнді қойлары және гиссар қойы жатады. Етті-майлы қой тұқымдарының ерекше қасиеттерінің бірі қиыр Оңтүстік пен орталық Азияның шөл-шөлейт, құм мен құмайт жерлерінде өмір сүруге және жыл бойы жайылымда болуға дағдыланған, сусыз су тапшы жерлерге үйренген, жүйрік, ұзын алыс жолдар мен жайылымда айдауға шыдамды, таулы жерлерге де төзімді малдар.

Көп ғасырлар бойы өте қатаң табиғат жағдайында өсіріліп келгендік-тен етті-майлы қойлар өзінің мықты дене бітімімен, шыдамды-көнбістігімен, жақсы дамыған ірі денесімен және сүйектерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл тұқымдардың тез өсіп жетілгіштігі, сүттілігі, жайылымда семіргіштігі, сирек шөпті жайылымды жақсы пайдалануы және су тапшылығына төзімділік қасиеттері де өте жоғары. Бұл қой тұқымдары табиғаттың қатаң жағдайына, жем-шөптің жоқ немесе тапшы болып қалатын кезеңдеріне бейімдеу нәтижесінде жайылымның мол, жақсы кезінде денесіне азық қорын жинап алуға үйренген. Ол табиғатына жарасымды және қалыпты құбылыс ретінде енген. Сондықтан етті-майлы қой тұқымдары жайылым қорының мол, жақсы кезінде өз денесіне (құйрығына, ішіне) мол етіп май жинап алады да, оны азықтың кемтар, жайылымның нашар кезінде шетінен жұмсай бастайды. Сондықтан дене үлкендігіне, салмағына қарай құйрығы 15-20 кг, кейбір тұқымдарда одан да көп құйрық май жиналады. Құйрық майларының дәмі мен азықтық сапалары тері астындағы және іш майларынан әлде қайда жоғары болады. Академик Иванов М. Ф. “Қазақы құйрықты қой еті өте дәмді, ал құйрық майын сары маймен теңестіруге болады” деп жазған. Сондықтан да кіші Азия, Орталық Азия халықтары құйрық майын өте құнды тамақ өнімі ретінде қолданады.

Кешегі Кеңес Одағының кезінде биязы жүнді қой тұқымдарын шығару үшін жаппай будандастырудың салдарынан етті-майлы тұқымдар азайып, кейбір аймақтарда жойылып та кетті. Ал қазіргі нарық заманында баяғыдан жергілікті жерде өсіріліп келген етті-майлы қой тұқымдары бәсекелестікте жеңіске жетіп келеді. Еуропаның өзінде (Франция, Германия және т. б. ) қазір қойдан келетін табыстың 70-80% оның етінен түседі екен. Ал біздің қазіргі кезде өсіруге ең пайдалы қойларының осы етті-майлы қойлар болғаны да шындық. Мүмкін Қазақстанда таза, сапалы жүн өсіріп оны жуып-тазартып, жоғарғы технологиядан өткізуді үйренсек биязы, биязылау жүнді қой өсіріп көп пайда табуға жол ашылар. Ал қазірше, ең пайдалы қой-біздің қазіргі технологиялық деңгейімізде - ол қазақы құйрықты қой және оның будандарын өсіру болып отыр.

Қазіргі уақытта етті-майлы қойлардың барлық шаруашылықтардағы саны 3, 4 млн. бас. Солардың ішінде 95, 0% жуығы жақсартылған қылшық жүнді құйрықты және 2, 6% таза тұқымды қойлар, қалғаны дегерес және қазақтың жартылай қылшық жүн тұқымды қойларына жатқызылады.

Еділбай қой тұқымы - қазақтың құйрықты қойларының ішіндегі ең ірісі, жүндестігі жөнінен де ең тәуірі. Сондықтан қазақтың қылшықты жүнді қойларын асылдандыру үшін де кеңінен қолданылып келеді. Бұл тұқым халық селекциясы нәтижесінде қалыптасқан тұқым. Табиғат ортаның құбылысына, өзгеруіне өте тез бейімделеді. Еділбай қойы ірі, биік, сүйегі шымыр, аяқтары ұзын және әлді, тұрқы ұзын, кеуделі, арқа сүйектері кең біртұтас мықты, бас сүйегі үлкен, тұмсығы дөңес, құйрығы үлкен, құлағы жалпақ, салпақ. Жергілікті жердің табиғатына өте көнбіс, қысы-жазы жайылымда бағыла береді, өте жақсы тебіндейді. Еттілік-майлылық жағынан гиссар қойынан ғана аздап кем түседі. Қошқарлары 100-110 кг, саулықтары 73-75 кг тартады. Таңдаулылары 162, 126 кг-ға дейін жетеді. Қозыларының туғандағы салмағы 5, 5-6, 0 кг, ал 4 айлығында еркек қозылар 45-47 кг, ұрғашылары 40-42 кг тартады.

Еділбай қойының жүні де салыстырғанда басқа қылшық жүнді қойлардан көп сапалы болады. Қошқарлардан 3-3, 2 кг, саулықтардан 2, 3-2, 6 кг жүн қырқылады. Қозыларынан күзде 0, 5-0, 7 кг жүн алынады. 100 саулықтан 110-120 қозы береді.

Қазіргі кезде Еділбай тұқымы Батыс Қазақстанда көптеп өсіріледі, сонымен бірге Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жақсартушы тұқым ретінде қолданылады [6] .

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы - бұл тұқым Қазақстанда ертеден қалыптасқан. Әрбір аймақта өзінің жергілікті тұқымдары шығарылған. Еділбай қойынан кішірек, өнімділігі де төмендеу. Бірақ жергілікті жерлердің ауа райы, азықтық жағдайына жақсы бейімделген қойлар. Соңғы жылда бұлардың көпшілігі Еділбай қошқарларымен будандастырылып, өнімділігін көтеріп жатқан шаруашылықтар аз емес. Бұл қойлардың қошқарлары 90-110 кг, саулықтары 60-70 кг, қозылары енесінен айырғанда 35-40 кг тартады. Еттілік қасиеттері жақсы. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы - дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы түзу, не сәл дөңестеу. Мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы. Сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты. Қойлардың түсі, көбінесе қоңыр, қызғылт сары, көк және қара болады. Қошқарының тірідей салмағы 90 - 110 кг, саулығы 60 - 65 кг тартады, олардан тиісінше 3 - 3, 5 кг және 1, 8 - 2, 2 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан 105 - 112 қозы алынады. Енесінен бөлген кезде еркек қозылар 34 - 37 кг, ұрғашылары 32 - 35 кг салмақ тартады. 4 - 5 айлық еркек қозылардың сойыс шығымы 50 - 52% болады. Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. Бұл қойларды өсіріп, келешекте жақсы пайда көруге әбден болады [7] .

Сарыарқа қой тұқымы - 1994 жылы тұқым ретінде бекітілді. Көптеген ғалымдардың зоотехник селекционерлердің ұзақ жылғы мақсатты еңбегі нәтижесінде шығарылған. Авторлары ЕсентаевЕ., ҚанапинК., КенжетаевН., БайкеновС., СәлкебаевС., КүзембаевК., Ахатов А[8] және т. б.

1970 жылдардан бастап еділбай қойымен жақсартылған Орталық Қазақстанның жергілікті құйрықты қылшық жүнді қойларын ақ және ақсұр жүнді қойлар шығару үшін Қарағанды облысындағы Сарысу, Жеңіс кеңшарында селекциялық ғылыми жұмыстар басталған. Көп жылғы іріктеу, сұрыптау, жұптау мақсатты жұмыстардың нәтижесінде орталық Қазақстанда Сарыарқа қылшық ақ, ақсұр жүнді құйрықты қой тұқымы бекітілді. Бұл қой тұқымының екі типі бар: жаңаарқа және сарысу. Қошқарлары 85-90 кг, кейбіреулері 100 кг дейін, саулығы 60-65 кг тартады. 100 саулықтан 85-90 қозы алынады. Қозылары туғанда 4, 0-4, 6 кг, енесінен айырғанда 30-36 кг тартады. Қошқарлары 2, 5-3, 0 кг, саулығы 2, 0-2, 5 кг ақшыл, сұр жүн береді. Басқа биологиялық қасиеттері қазақы құйрықты қойларға ұқсас, қатаң табиғатқа көнбіс. Жыл бойы жайылымға үйренген. Қары өте қалың қыста ғана қосымша азық беріледі.

Сарысу типі жаңаарқа типінен ірілеу, төлшілдігі молдау (100 қозыға дейін, одан да көп төл береді) . Бұл тұқым Қарағанды облысына аудандастырылған, бірақ басқа қатаң табиғатты өлке-аймақтарда да өсіруге болады [8] .

Ғиссар қойы - қойдың бір тұқымы. Жүні - қара. Майлы-етті тұқымы құйрықты қойдың түрі. Салмағы 180 килограммға дейін жетеді. Гиссар қойы - жүні қылшық, еті майлы келетін құйрықты қойдың бір тұқымы. Еркек қойының тірілей салмағы- 130-140 кг, саулығынікі-80-100 кг. Сойғаннан соң 58-60 кг ет, ал бордақылаған еркек қойы 35-40 кг май береді. Гиссар қойы көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанда, аздап Қырғызстан мен Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Тәжікстанда, Ғиссар деген жерінде шығарылған [9] .

Ордабасы қой тұқымы оңтүстік ғалымдарының 21 жылдық еңбегінің жемісі. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын Еділбай және гиссар тұқымды қошқарлармен будандастыру арқылы дүниеге келген жоба 2012 жылы патенттелді.

Жаңа тұқымның ерекше белгілері - жоғары салмағы, ет шығымы және төмен мөлшердегі жүн түсімі. Ересек аталықтарының тірі салмағы 120 келіден асады. Ғалымдар бұл жобаны қолға алғалы 20 жылдан асыпты. Селекциялық жұмыстар үшін қылшық жүнді құйрықты қазақы қойлардың аналықтары мен Еділбай және гиссар тұқымды қошқарлар іріктелген. Будандарды өзара шағылыстыру арқылы алынған Ордабасы қойының төлі де өзі қатарлы қозылардан анағұрлым ірі. 4 айлық еркек марқаның салмағы 45 келіге дейін жетсе, ересек аталықтары 120 келіден аса ет береді екен [10] .

1. 2 Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі

Төлдің өсуі мен дамуына, оның тез жетілушілігіне сүт өнімділігінің деңгейі ғана ықпал етіп қоймайды, оған, сонымен бірге, ата-енелерінің үлкендігі де әсер етеді. Мысалы, тірі салмағы жоғары ата-енелерден алынған 4-4, 5 айлық еркек және ұрғашы қозылардың тірі салмағы, майда тұқымдылардан алынғандардан 3, 1-2, 0 кг, ал 16 айлық кезінде - 5, 8-3, 8 кг басым түседі. Тірі салмағы 105 кг тартатын қошқармен салмағы 60 кг аналықтан алынған еркек және ұрғашы тоқтылар енесінен айырған кездерінде майдарақ ата-анадан алынған өз тетелестерінен жыныстарына сәйкес 0, 73-0, 7 кг, 16 айлығында - 2, 1-1, 4 кг ауырырақ болған. Тірі салмағы 70 кг болған аналықтарды 105 кг тартатын қошқарлармен шағылыстырғанда алынған қозылар 16 айлығында 90 кг қошқардан алынған сол жастағы қозылардан 4, 0 -3, 5 кг ауыр тартқан. Демек, шағылыстырудың барлық варианттарында да төлдің тез жетілгіштігіне, дамуына және өсуіне тұқымдық қошқарлардың ететін ықпалы сезіліп тұрады [11, 12] .

Әр түрлі тұқымды қойлардың сүттілігінің, оның сүттерінің химиялық құрамының бірдей болмауы, шамасы, қозылардың салмақ қосу бірлігіне жұмсалатын сүттің мөлшеріне ықпал етсе керек. Сүттілігі жоғары, сүтінде май мен ақуыз көбірек болатын солтүстік мал шаруашылығы ҒЗИ-ның тәжірибе қожалығындағы кроссбредті аналықтары дені сау, жақсы дамыған төл өсірген. Мысалы, олардың қозыларының тәуліктік орташа салмақ қосуы 260-280 г құрап, май, ақуыз және сүттілік көрсеткіштері төмен болатын биязы - қылшық жүнді қойларға қарағанда 37, 5 -55, 5% жоғары келетіні анықталған [13] .

Қазақта еділбай койларын ертеден сұрыптап, дені сау, сапалысын ұстауга көңіл аударған. Мал тұқымын асылдандырудың басты бір шарты да осы. Денсаулығы, тұрпаты, табиғи болмысы талапқа сай келетіндерін бөлек бағым-күтімге ұсталады. Осылай іріктеліп, сұрыптала береді [14, 15, 16] .

Тоқты қошқарларының салмағы сақа қошқар салмағының 60-65%, ал тұсағының күздегі салмағы саулықтарының 85-90% дейін құрайды. Еттілік касиеті жоғары, 6-7 айлық марқаны сойғанда 24-25 кг, ісегінен 39-47 кг таза ет түседі [17, 18, 19, 20, 21] .

Бальмонт В. А. [22] мәліметтерінде келтірілгендей еділбай, бесата, бағаналы, тама тармақтары қолданылып шығарылып, 1999 жылы сынақтан өткен сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы жаңаарқа және сарысу тұқымдық типтерінен тұратыны анықталған. Бұл қойлардың ет-май өнімділіктері жоғары, сонымен бірге тоқыма және жүннен дайындалатын ұлттық бұйымдар дайындауға жарамды ақ және ақшыл сұр қылшық жүн береді. Саулықтардың тірілей салмағы 65-68 кг, қошқарлардың салмағы 95-100 кг болса; бұл көрсеткіш 4-4, 5 айлық қозыларда 35-40 кг жетеді. Мал Орталық Қазақстанның шөлейт және қуаң далалық аймақтарына жақсы бейімделген. Еділбай қойларының құйрығы, түйенің өркеші секілді, малдың көп сусамауына әсері үлкен. Сондықтан ол қолайсыз кезеңде қоректік заттармен сүйемелдейтін қордың бір көзі болып табылдаы. Еділбай қойлары кұйрығының тағы бір тамаша қасиеті каншама май бітсе де оның жүрекке, өкпеге ешбір зияны тимейді. өйткені кұйрықтың қан тамыры жүйесі денесінікінен басқаша құралған.

Еділбай қойынан алатын өнімді, оның күйіне, кұйрық майына қарап, есеп жасай алады. Семірген қонды саулықтар күткен өнімнің қай-қайсысынан да бере алады [23] .

Республика халқын жоғары өнімді қой етімен қамтамасыз ету мәселесі мал тұқымдарының, типтері мен тармақтарының өнімділіктерін ұдайы арттыру генетикалық селекцияның және биотехнологияның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, жойылып бара жатқан аса бағалы құйрықты қойлардың гендік қорын толықтыру арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой өсіру саласы мал шаруашылығының қазақстандығы негізгі салаларының бірі
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Етті-майлы құйрықты қойлар
Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері_
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының онтогенезде дамуы
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қой шаруашылығы туралы
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz