ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ
ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
Бекітемін Ғылыми жетекшісі:
Қазақ тілі кафедрасының ф.ғ.к., Қарағұлова Б.
... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 2019ж Орындаған:
Рейсова Ж.Е
... ... ... ... ... .
Ақтөбе - 2019
Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдердің этномәдени сипаты
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Мәдениет ұғымын танудағы ұлттық мәдениеттің алатын орны.
1.2. Этномәдениеттану мен этнолингвистика байланысы, қалыптасуы.
1.3. Этнофразеологизмдердің тілдік сипаты
1.4. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің этномәдени қыры.
2. ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
2.1. Ұлттық мәдениеттің қалыптасу сатылары.
2.2. Ұлттық мәдениеттің ұлттық психологиямен байланысы.
3. ҚАЗАҚ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ БАСТАУ КӨЗДЕРІ
3.1. Тұрақты тіркестерді әр топ бойынша жекелеп қарастыру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
К І Р І С П Е
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл ғылыми жұмыста тіліміздегі фразеологизмдердің мағыналық төркінінде халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бар бітім-болмысы сақталып суреттеледі. Халықтың күнкөріс мен тұрмыс-тіршілік жағдайларының негізінде жан-жақты өрбіген түсінік пайымдаулары, соларға байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет - ғұрыптардың ерекшеліктері тілдік қолданыстағы фразеологизмдерден көрініс табады. Сол себепті де тұрақты тіркестер - халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлықтарымыздың бірі. Яғни әрбір ұлт тіліндегі тұрақты тіркестердің тұтас жиынтығы сол ұлттың тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл материалдық, рухани мәдени өмірінен хабардар етеді. Нақты ойды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізуде өзінің бейнелілігімен, экспрессивті-эмоционалды бояуымен көзге түсетін фразеологизмдердің атқаратын маңызы ерекше құнды болып саналады. Көптеген ғасырлар бойы тек фразеологизм түрлерінің бойында ғана сақталып қалған ерекше сөз айшықтарын мәдени мұра ретінде қарап, олардың жасалу жолдары мен мағыналық тамырына терең бойлаудың, сол арқылы тұрақты тіркестердің қалыптасуына тірек болған о бастағы еркін тіркес түрлеріндегі уәждерін айқындаудың фразеологиялық зерттеулер үшін маңызды рөл атқарады . Негізінен фразеологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің ықпалы орасан зор. Образдарға негіз болған көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда ғана ондағы ұлттық қабылдау, қазақи дүниетаным, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылып отырады. Фразеологиялық мағынаға негіз болатын нәрсе - халықтың күнкөріс тіршіліктері мен жалпы күнделікті өмірде көріп, қолданып жүрген заттар, жан- жанындағы құбылыстар, солардан туындап отыратын жағдайлар және де әртүрлі жағымды, жағымсыз іс- әрекеттердің ықпалы.
Ғалымдар тұрақты тіркестердің пайда болу негіздерін халықтың ұлттық мәдени көздерімен байланыстыра қарастырудың мәні орасан зор екендігін айтады [1,5б]. Осы негіздегі жұмыс барысында ең басты назар аударатын тарап - ұлт пен мәдениеттің арақатынасы. Ол тұрақты тіркестердің пайда болу себептерін табуда айқын көрінеді. Ұлт мәдениеті оның бүтіндей өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде, ғылымында, дінінде, жалпы менталитетінде тіл және ұлт арқылы танылады десек, онда фразеологиялық материалдар ұлттық - мәдени маңызы бар деректерден тұратындығы ақиқат деуге болады. Бұл деректердің түп-төркіні, таралу,шығу көзі тұрақты тіркестердің этномәдени ерекшеліктеріне байланысты.
Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің этномәдени деректеріне талдау жасау.
Зерттеу мақсаттары. Ұлттық мәдениеттің дамуына қарай ұлт пен мәдениеттің байланысын салыстыра отырып, фразеологизмдердің жасалу негіздері мен жолдарын, қалыптасу уәждерін нақтылау, осыған орай ұлттық-мәдени мәліметтер негізінде тұрақты тіркестерге этномәдени зерттеу жасау.
Зерттеу материалдары. Қазақ тілінің фразеологиялық жинағындағы ұлттық мәдени тіршілігіне қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер тобы тілдік деректер ретінде зерттеу материалдарының құрамын нақтылайды. Зерттеу материалдарына алынған тұрақты тіркестер тобының сандық жағынан гөрі тақырыпқа қатысты сапалық жағына - фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болатын ұлттық мәдени бастау көздерін айқындауға көмектесетін фразеологиялық деректерге айрықша көңіл бөлінді. Мысалдар " Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен", "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен (1-10 тт.)", сонымен бірге материалдық және рухани мәдениетке байланысты жүргізілген зерттеулер мен тіл арқылы мәдениеттануға қатысты жазылған ғылыми жинақтар және қазақ тіл ғылымындағы этномәдени зерттеулер қарастырылды.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне І.Кеңесбаев, К.Аханов, Ә.Т.Қайдар, М.М.Копыленко, Ж.Манкеева, Ө.Айтбаев, Е.Жанпейісов, В.Н.Телия, Р.Сыздық, С.Сәтенова, Г.Смағұлова т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектері алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылысы. Ғылыми жұмыс жалпы сипаттама, үш тарау және қорытынды бөлімнен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыс соңында берілді.
ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Мәдениет ұғымын танудағы ұлттық мәдениеттің алатын орны
Кез келген ұлттың тілін зерттеп, сырларын ашу - сол ұлттың қоғамдық-әлеуметтік ахуалын, тіршілік көзін, рухани мұрасын, ұлттық ғұрыптарын танып білу; ұлттық дүниетанымның, ұлттық психологияның әр түрлі қырын, сыр-сипатын түйсіну; сол арқылы халыққа, ұлтқа жеткізу деген сөз. Ғалымдар әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, әр тілдің өзіне тән қасиеті болатындығын айтады. Тіл - кез келген ұлттың тәжірибесі мен танымы және мәдениеті мен тарихымен ұштасып жатқан әсерлі де сезімтал халық құндылығы [2, 7б.]. О.С.Ахманова 1966 жылы Словарь лингвистических терминоватты еңбегінде: Тіл - сонау ерте дәуірді әрбір жаңа дәуірмен үзбей жалғастырып келе жатқан ең берік, өміршең қоғамның жанды құбылысы. Тіл тамырына зер салған сайын, оның сан-алуан қыры мен тылсым сырына бөленесің [3, 529б.], - деп жалғастырады. Демек тілдің тылсым сырларын ашатын болсақ, ғасырлар қойнауында жатқан көптеген ұмытылған құнды дүниелер табылары анық. Тіл және ұлт - мәдениет бөлшегі. Оған А.Ченкидің: Тіл - қоғам мүшелерінің арасындағы коммуникация құралы ретінде мәдениеттің көптеген қырларын бейнелейді. Тіл құрылымы екі маңызды фактор арқылы туындайды. Оның бірі - ішкі, яғни әрбір жеке тіл иесінің ақыл-ойы, екіншісі - сыртқы, яғни басқа осы тілде сөйлейтін тіл иелерімен ортақ мәдениет [4, 17б.], - деген пікірі айқын дәлел. Тіл арқылы ғана біз ұлттың мәдениетін, дүниетанымын танимыз.
"Этнос" гректiң - еtпоs -- тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда "халық" терминiнiң орнына "этнос" терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi - "тайпа", "ұлыс", "ұлт" ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, "халық" сөзiнiң "бiр топ адам" деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан "этнос" терминiн қолдану орынды. Адам ұжым болып өмір сүреді. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.
Ал мәдениет - сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың рухани құндылығын қамтитын, ұлттық дүниетанымынан хабардар ететін сананың жиынтығы. Мәдениет дегеніміз - қоғамдағы жинақталған және жинақталатын материалдық және рухани құндылықтардың қоры. Ол үнемі тарихи даму үстінде болып, адамның жеке тұлға болып қалыптасуына белгілі ықпалын тигізеді.
Сан мыңдаған ғасырдан бері қалыптасқан өмір салты, материалдық және рухани мұралар жасау машығы - сол ұлттың бастан өткерген ғұмыр жолының куәсі деуге болады. Яғни халықтың ғасырлар қойнауынан бастау алатын тамыры, мәдени-рухани мұрасы жалпы адамзаттық тарихтың, жалпы адамзаттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен бірге бүгінгі және болашақтағы сан тарау әлеуметтік, мәдени болмысының бой көтерер биік тұғыры болмақ.
Бүгінгі күні мәдениетті ұлтпен байланыстыра зерттейтін мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөлін айқындап беретін әдебиеттер жеткілікті. Ең алдымен мәдениет дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру үшін осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталып көрейік. Мәдениет сөзі араб тілінде мудун - қала мағынасын беретін болса, ал медэни сөзі қала тұрғыны деген мағынаны білдірген. Осыдан келіп мәдениет сөзі шыққан [5, 7б.]. Ал латынша culture сөзі ежелгі заманда жерді өңдеу деген мағынаны берген. Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру, уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде білім беру, даму, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастайды [6, 6б.].
Ю.М.Лотман мәдениетке: мәдениет дегеніміз - адамдар арасындағы немесе сондай бір топ арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. ...Мәдениет, біріншіден, коммуникациялық екіншіден, символдық табиғатқа ие [7, 56б.], - деген пікірін білдірсе, белгілі ғалым Э.Бенвенист оның ойын сабақтастыра мәдениет туралы былай түйіндейді: Өркениеттің даму деңгейі қандай болмасын мәдениет адамзат қоғамынан бөлінбейді. Әрбір тіл сияқты, әрбір мәдениет те арнайы символдар аппаратын қолданады және де осы арқылы сәйкес қоғам танылады. Тілдер түрлілігі, мәдениеттер түрлілігі, олардың өзгерістері символизмнің конвенционалдық сипатын көрсетеді. Символизм оларға түр береді. Негізінде осы символ адам, тіл және мәдениет арасындағы тікелей байланысты іске асырады [8, 32б.].
Сөйтіп мәдениетті ұжымдық тұлға сияқты нақты этноспен байланысты танымдық жүйе деп түсінуге болады.
Дәл қазіргі уақытта бұл ұғымның саны 600-ге жеткенін мамандар дәлелдеп отыр.
Қазақ тіл білімінде Г.Н.Смағұлова 1998 жылы Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері жұмысында : Мәдениет сөзіне 200-ден көп ғылыми сипаттама келтірілгенін атап өтеді [9, 78б.]. Бұл негізде Н.Г.Смағұлованың Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы - ұлттық өркениет заманында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылуымен сипатталады. Мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттың өзіндік бітім-болмысын, қадір-қасиетін, басқалардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ, менталитетіне қарап ажыратады [9, 152-153б.], - деген ойы дұрыс. Кез-келген жан белгілі бір ұлт екендігін білдіреді. Ал әрбір ұлттың тарихы мен мәдениеті өзіндік қасиеттердің қайталанбас қоры болып табылады. Сонымен қазіргі кезде ұлт мәселесі аясында әлеуметтік, саяси т.б. өмірлерінің негіздері, мәдениеті мен рухани жағдаяттары негізіндегі жағдайлар көптеген мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың ой біріктірер өрісіне айналуда.
Дәстүрлі мәдениет - ежелден пайда болып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, бірақ өзгерістерге ұшырағанымен, сол халықтың дүниетанымдық бастаулары мен басты құндылықтарының бастау көзіне айналып, оның өмір сүруінің салттары мен бағыттарын, тәсілдері мен жолдарын біріздендіруші. Ғалымдар қазіргі қазақтың ұлттық мәдениетінің ерекшелігі мен мәнін қазақтардың ғасырларға жалғасқан көшпенділік өмір салтынан іздеу қажеттігін айтады [10, 13б]. Ал көшпенділік өмір салты туралы сөз қозғалғанда ежелден келе жатқан дәстүрлі мәдениетке сүйенеміз. Екеуі бір-бірінен ажырамас байланыстағы біртұтас үдеріс. Олай болатын болса, дәстүрлі мәдениет қазіргі өмір салтымызбен тығыз байланыстағы қазіргі мәдениеттің темірқазығы, негізгі көзі. Өйткені қазіргі әлемдік өркениеттің көкжиегінен бірде-бір ұлтты, қоғамды, мемлекетті мәдениеттен тыс елестету қиын. Адамзат баласының мыңдаған жылдық рухани сабақтастығының және саналылығының ең басты көрсеткіші - оның мәдениеті. Мәдениет жоқ жерде мәдениетсіздік, көргенсіздік, қасиетсіздік белең алатыны белгілі. Себебі бұл жерде мәдениет ұғымының ауқымы өте кең, керек десеңіз, оған рухани түсініктер ғана емес, адамзат қолымен жаратқан заттай айғақтар да кіреді. Осыдан болар мәдениетті материалдық және рухани деп жіктеу орын алып келеді. Бұлай саралау шарттылықтарға ұрындыруы мүмкін. Бірақ қалай болған күнде де кез келген мәдени құбылыс рухани ұғым мен заттай айғақ бірлігінің көрінісі екенін естен шығармаған жөн. Материалдық мәдениет белгілі бір идеяның жүзеге асуы, білімнің заттай белгіге айналуы болса, рухани мәдениет, көбінесе, символдар мен заттар арқылы көрініс табады. Түптеп келгенде, адамдардың шығармашылық қабілеті алдымен ой-қиялында туындап, артынан белгі мен заттай көріністерге ауысады. Сондықтан да мәдениет - толық және тұжырымды анықтама беруге көне бермейтін абстракциялық ұғым. Оның алуан түрлі анықтамаларға ие болуы да содан.
Мәдениет - адамның қоршаған барлық мағынасындағы ортасы. Ол үйде де, сыртта да адамдардың іс-әрекетінің, жүріс-тұрыстарының, айтқан сөздері мен бітірген істерінің айнасы. Содан соң да ұлттық мәдениеттің болмыс-бітімі ұлттық рухпен біте қайнасып, бірге қалыптасады. Рухы күшті ұлттың мәдениеті де биік болып келеді. Мәдениеттің өзегі, оның өзіндік даму дәрежесінің көрсеткіші болып саналатын дәстүр мен жаңашылдықтың сипаты, сырт әсерге еліктегіштігі де мұндай рухы күшті ұлттардың мәдениеттерінде тіршілікке лайықты үйлесімін тапқан [10, 11б].
Мәдениеттанушылар мәдениет ұғымын түсініп, айқындауда мынадай тәсілдерді атап көрсетеді.
1. Сипаттама тәсілі. Мұнда мәдениет екі мақсатта қарастырылады. Яғни адамды сыртқы күштерден қорғау мен адамдардың бір-біріне қарым-қатынасын қарастырып, адам өмірінің жеткен жетістіктерін көрсетеді. Алайда бұл тәсіл мәдениет көрінісін толық сипаттай алмайды.
2. Бағалауыштық тәсілі. Мұнда мәдениет адам жаратқан рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығын анықтайды. Ол адамның түрлі әрекеттеріне мән бермей, тек нысанның құндылықтарын қарастырады.
Зерттеушілер қазіргі кезде айтылып та, жазылып та жүрген мәдениетпен егіз өркениет ұғымының аражігі алғаш рет ХІХ ғ. соңында неміс ғылыми әдебиеттерінде ажыратыла бастағанын айтады [10, 17б].
Мәдениет көпқырлы құбылыс болғанмен, жеке адамның ерекшелігіне қатысты болса, өркениет көпшілікке, жалпылыққа бағытталады. Сондай-ақ мәдениет пен өркениет төмендегідей ерекшқеліктерге ие: мәдениет - элитарлық пен аристократтық болып, ғибадат пен дінмен астасса, өркениет - демократиялық әрі халықаралық болып келеді, бірақ дінге сүйенбейді. Кез-келген мәдениет ұлттық болып табылады. Бұл жөнінде Э.Сепир өз еңбегінде: Мәдениет өмірге көзқарастарды және өркениеттің жеке көріністерін біріктіруге бағытталған, олар нақты халыққа әлемдегі өз орнын анықтауға мүмкіндік береді [11, 469б.], - дейді. Мәдениет жалпы адам бойындағы рухани құндылықтардың дамуы мен амал-тәсілдерін қарастырса, өркениет ондағы тек практикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, мәдениет қатып қалған ұғым емес, ол біздің күнделікті тіршілігіміздің көрінісі, соған байланысты өзгеріп, дамып отырады деп пайымдайды.
Ал энциклопедиялық сөздікте өркениетке мынадай анықтама беріледі: Өркениет - бұл адамдардың жоғары түрі ғана іске асыра алатын ең жоғары және жасанды жағдайлар. Олар да, дамудың соңынан тоқырау ретінде жүріп отырады... . Олар - шарасыз аяқталу, сонда да ішкі қажеттілік арқылы оларға біз әрқашан келеміз [12, 31б.]. Шынымен де өркениет адамдардың өз қолымен жасаған құндылықтары десе болғандай.
Мәдениет ұғымы болса, біріншіден, адам активтілігінің биологиялық емес қоғамның әлеуметтік жемісі, екіншіден, бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған жалғастықты, мұрагершілікті жүзеге асыратын өзек, үшіншіден, мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Ол материалдық және рухани түрде дами отырып, мәдениет және өркениет түрінде қалыптасады.
Сонымен мәдениетті адамның жеке сана-сезім негізінде қалыптасып дүниенің қалыптасуындағы рухани-өнегені ұғынудың жемісі деп түсіне отырып, мәдениетті - қоғамдық құбылыс ретінде, адамдардың жинақталған және жинақтала түсетін материалдық және рухани құндылықтары деп түйіндейміз.
Қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ғалым, ірі мәдениет және қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың: Дүниеде ешбір тіл өздігінен шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ та, шығара алмайды да. Тіл деген нәрсе қалың ұлттың күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп, дүниеге келеді [13, 34б.], - деген ойы құптарлық.
Тіл жөнінде М.Жұмабаевтың Тіл - ұлт үшін ең қымбат нәрсе. ... бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай деген пікірін толық қуаттаймыз.
Ұлт пен мәдениеттің байланысы шексіз. Ұлт бар жерде мәдениет те қоса жүреді. Сондықтан да белгілі ғалым В.Н.Телияның 1999жылы Первоочередные задачи и методологические проблемы исследования фразеологического состава языка в контексте культуры атты еңбегінде : Мәдениет - халықтың өзіндік ерекшеліктері бар тарихи естелігі. Тіл өзінің кумулятивтік қызметінің арқасында оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады [14, 226б.], - деген пікірі де жоғарыда айтылған ойды дәлелдей түскендей.
Демек этнос дегеніміз - халық. Тіл мен мәдениет осы халыққа қызмет етеді деген сөз. Тіл мен мәдениет арасын байланыстырып, кумулятивтік қызмет атқаратын тілдік бірліктер: ұлттық рәсімдерді бейнелейтін тілдік бірліктер, мақал-мәтелдер және фразеологизмдер болып табылатыны жасырын емес. Себебі қазақ халқы мақал-мәтелдерге, шешендік нақыл сөздерге, дүниетанымға, көркем сөзге өте жетік және олардың дұрыс, терең мән беріліп айтылуына, олардың келер ұрпаққа сақталып жетуіне қатты ден қойып, оны ерекше бағалай білген. Адамзат өміріндегі тілдің мән-мағынасы мен қызметі, міндеті мен мүмкіндігі бұлармен ғана шектелмейді. Тілсіз адамзат қоғамы, мәдениет бола алмайтыны сияқты адамзат қоғамынсыз тілдің де болмайтыны рас. Өркениет, мәдениет, салт-дәстүр, менталитет дегендердің бәрі сайып келгенде, тіл философиясына барып тұрақтайды. Демек ұлт пен мәдениет - бір-бірінен ажырағысыз адамзат құндылықтары.

Уақыт өте келе тіл ғылымы бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі зерттеудің орнына, логико-лингвистикалық, психолингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық т.б. зерттеу әдістерін талап етуде. Тіл біліміндегі этномәдениеттану секілді ғылыми бағдардың дамуы өмір заңына қажетілігінен туындаған.
Әр ұлттың тілі мен ұлттық мәдениетінің бір - біріне әсері, адам ғаламды қалай көреді, мәдениеттегі тілдік бейненің рөлі қандай, ғасырдан-ғасырға жетіп, ұлт тілінде сақталған халық қазынасы фразеологизмдерінің, нақыл сөздер, мақал-мәтелдерінің рөлі қандай, олардың адам баласына қажеттілігі неде деген секілді жағдайларды зерттейді. Ол екі пәннің қақтығысынан пайда болғандықтан халықтың мәдени қазынасын, олардың пайдалану ережесін зерттейтін тіл білімінің саласы ретінде қарастырылады. Бұл сала көптеген ізденісті талап ететін жас ғылым саласына жатады.
Мәдениеттану ғаламның бейнесін, рухани мұраны қарастырса, лингвомәдениеттану ғылымы өз алдына ұлттық болмыстың тілдегі бейнесі мен тіл фактілерінің, халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың негізгі қызметі мен орнын қарастыруды талап етеді. Осы ғылым белгілі бір халықтың аңызы мен әдет-ғұрып, дағды, рәсімдері мен мәдениет символдарын т.б. қарастыратын болса, олардың бәрі тіл негізінде бейнеленеді.
Мәдениеттің болшақ ұрпаққа тілсіз жеткілуі мүмкін емес. Демек, мәдениеттің қай түрін қарасақ та, оның негізі мен мазмұны тек тілмен ғасырдан-ғасырға сақталып, жеткізіліп отырған. Ендеше тіл негізінде мәдениеттану - ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану болып табылады.
Этномәдениет сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз.
Этнос - тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық - тайпа, халық, ұлт. Этно күрделі сөздің бірінші бөлігінің мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез - құлық айқындалады.
Этномәдениет - этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография - белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
Екінші компоненті мәдениет араб тіліндегі мудун сөзі біздің түсінігіміздегі қала мағынасын берсе, медэни - қала тұрғыны деген ұғымды меңзейді. [15, 145б].
Мәдениет орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Қазақтар ХХ ғасырға дейін мәдениет сөзін қолданбады. Бірақ, мәдениет терминінің орнына әдет-ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа синонимдер қолданылды.
Мәдениет туралы анықтамаларды былайша жүйелеуге болады:
- Тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі;
- Заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы;
- Іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі;
- Қоғамның әртүрлі әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін- өзі шығармашылықпен жетілдіру әдісі;
- Адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі;
Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген.Ол мәдениет-әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі дейді. Бұл жағдайды мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез келгенінің сапалық көрініс ретінде қарастырылады;
Материалдық мәдениетте:
- адамдардың өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқақажетті бұйымдар және т.б. [16, 147б].
Рухани мәдениетте:
-тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі шығармалары және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
"мәдениет-адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі".
Сонымен, мәдениет дегеніміз - адамдардың бірлескен түрде ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы.
Мәдениеттің мәні адамның ақыл-ойымен, еңбегімен байланысты туындайтын құндылықтар және іс-әрекет тәсілдері.
Мәдениеттің ең жоғарғы нәтижесі-адамдардың қоршаған ортаға шынайы көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін және қарым-қатынасын соған сәйкестендіре бағыттап отыруымен анықталады.
Мәдениеттің көрсеткіші: ой-өрістің даму дәрежесіне; дүниетанымның қалыптасқан бағытына ; әлеуметтік белсенділікке; жекелеген мінез-құлық нормаларының қоғамдық маңызына; іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге; мінездің эмоциялық қабылдануына және интуицияға тепе-тең келуіне байланысты айқындалады.
Этномәдениет мәселесі ерте заманнан түрлі ғылым өкілдерінің қызығушылығын тудырған.
Этникалық мәдениет - мәдениеттің базасы және құрамдас бөлігі , ол белгілі бір қызмет атқарады және өзіне тән мазмұндық компоненттері бар.
Этнопедагогикалық мәдениет-этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы.
Мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кез-келген мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;
Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;
Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады.
Этномәдени тәрбиесі адамдардың бойына ізгілікті қабілет туғызып, әртүрлі халықтардың мәдени сәйкестілігін аңғару, сақтау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.
Этникалық мәдениет - халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік іс-әрекетіне қатыстылыған іске асыратын нысан.
Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді. [17, 15б]
Сонымен мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз, дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіліктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет - адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Мәдениеттанудың зерттеу нысаны - кез келген этнос сипатындағы белгілі бір халық жайындағы мәдени ақпараттарды жеткізуші тіл, ұлттық материалдық, рухани мәдениет және адамзат арасындағы өзара қарым-қатынас болып табылады. Ол этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика пәндерімен байланысты.
Зерттеу еңбектерінде әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика сияқты этнолингвистика да - этностаным мен тілтаным ғылымдарының ортақ мәселесі шеңберінде, түйісу соңында қалыптасқан жаңа сала екендігі оның теориялық негізі еуропада неміс ғалымы Вильгельм фон Гумбольдт ғылыми жұмыстарынан бастау алып, Америкада - Ф.Боас, Э.Сепир; Ресейде - Д.К.Зеленин, Н.И.Толстой, Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьева, А.И.Соболева т.б. ғалымдардың еңбектерінде, ал қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың ғылыми-теориялық алғышарттары Ә.Т.Қайдар, М.М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Р.С.Сыздық, Ж.А.Манкеева, Г.Н.Смағұлова, Ф.А.Оспанова т.б. сияқты ғалымдардың еңбектерінен өз қажеттіліктерін тапқандығы көрсетіледі.
Этномәдениеттану мен этнолингвистика тіл мен мәдениеттің өзара байланысын қарастыру негізіндегі ғылым салалары болғанымен, өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары да бар. Зерттеушілер ондай айырым белгілерге мына төмендегілерді жатқызады.
- этнолингвистика - этностаным мен тілтаным ғылымдарының түйісуінен туындаған сала;
- этнолингвистика мәдениеттің материалдық жағына көбірек мән берсе, лингвомәдениеттану мәдениеттің рухани жақтарына көбірек көңіл бөледі;
- этнолингвистика жеке бір этностың этномәдени жағын қарастырса, лингвомәдениеттану салыстырмалы-салғастырмалы түрде зерттеуге ойысады;
- этнолингвистика белгілі бір материалдық және тарихи мәдени кешендермен байланысты тілдік бірліктерді зерттесе, лингвомәдениеттанудың өзіндік мақсат-міндеттері айқын, қазіргі заманның да тілдік айғақтарын рухани мәдениет арқылы қарастырады;
- этномәдениеттанудың басқа ғылым саларынан өзгешілігі - кез келген нысанды зерттеуде тілдік және мәдени деректерді бірдей қарастыруы;
- этнолингвистика ретроспективті, тайпа, халық тілдерін зерттеуге негізделген;
Өзара айырмашылықтары болғанмен, бұл екі пәннің ұқсас тұстары да бар:
- екі пәннің міндеті - тілде сақталып келген тілдік көріністердің түп төркінін айқындау болып табылады;
- екі пән де ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне ықпалынан туындайды.
- екі пән де тілдік фактілерді тіл мен халық мәдениетіне байланыстыра отырып зерттеуді мақсат етеді.
Тілдік сөздердің түп негізін айқындауда этимологиялық талданым қалай қажет болса, халықтың рухани және материалдық мәдениетінен естіртетін тілдік бірліктердегі ұлттық мәдени ақпарат көздерін айқындауда, оларды белгілі бір жүйеге салып, талдауда этномәдени талданым сондай қажет екендігін айта кету керек.
Ұлт тілі ұлттың тууымен бірге пайда болып, оның дамуымен мен өмір тіршілік етуінің бастамасы болып табылады. Эпостармен аңыз-жырларда, өткен ғасырлардағы ақын-жыраулардың туындыларында және басқа да ақпараттар да жинақталған этноатаулар сияқты басқа да бірнеше тілдік бірліктерде де ұлттық мәдениеттен мәлімет беретін негіз болады. Бұндай негіз тілдік бірліктердің бірінде имплицитті түрде (жасырын, байқалмайтын); екіншісінде эксплицитті (ашық) түрде тілдегі кейбір тұлғалардың сыртқы нысанының өзі ұлттық бітімді ұлтқа, мәдениетке тән белгісі қолданысқа түскенде ғана анықталады. [17, 13б.].
Сонымен этномәдениеттану деп - ұлт пен мәдениеттің өзара қарым- қатынасының тілдегі көрінісін бейнелеуді айтамыз. Бұл үдерісті тілдік және мәдени мазмұнды тұтастай құрылым, біртұтас тұлға ретінде кешенді әдістер көмегімен және де қазіргі заманның негізгі ағымдары мен мәдени ұстанымдарына сәйкес жинақталған біртұтас ғылым болып табылады, - деп тұжырым жасауымызға болады.

Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер лексиканың ең бір негізгі саласы, тіл байлығының көрсеткіші болып табылады. Тұрақты тіркестер өзінің экспрессивті-эмоциялық əсерлігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер мəнерлілік қасиетіне байланысты көркем шығармада молынан қолданылып, олар адамның тіл байлығын арттыруға, ойын өрістетуге, көркемдік талғамын ұштауға жəрдемін тигізеді.
Қазақ тіл білімінде, тюркологияда фразеологияның жалпы проблемалары бұл күнде жан-жақты қарастырылуда. Жалпы тюркологияда елеулі орын алатын бұрынғы сөздіктерде идиомдық жəне басқа тұрақты сөз тіркестері тым сирек кездеседі. Фразеологизмдер -- тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі, яғни өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан, стиль жағынан да оларға тəн ерекшеліктері бар. Тілімізде көкейге қонымды, көркем, тілге орамды алуан түрлі сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мəтелдермен бара-бар жоғары бағалап, оларды сақтап келеді. Сол сан-саналы тізбек, қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерін жинау, топтастыру, мəн-мағынасын ашудың қажеттілігін байқаймыз.
Тіл-тілдің өзіне лайық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мəлім. Сол қасиет, əрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Сөз байлығын тексеретін тіл білімі ең бір маңызды саласын лексикология дейтін болсақ, тіліміздегі фразеологиялық байлықты тексеретін сала фразеология екені баршамызға мəлім.
Қазіргі таңда талай жылдарды артқа салып, қазақ тілінің бай фактілерін негізге алып, ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, фразеологизмдер өз алдына бөлек лингвистика саласы екенін баса айтқанымыз жөн.
Қазақ тіліндегі этнофразеологизмдер өзіндік жеке, дербес салаға қатысты, осыған байланысты фразеологизмдер этнографиялық сипаты əр түрлі тілдік фактілермен ерекшеленіп, ұлт тілінде тарихи сипатқа ие болады. Бұлардың бəрі этнос өмірінде туындап, өзіне ғана тəн рухани, мəдени танымды бояу нақышымен тағы бір қырынан суреттеліп, тіл əлемінде ерекше қолданылып, айрықша сөзқолданыстардың бірі болып табылады.
Қазіргі тіл білімі тілді адам мен ойлаумен, сана-сезіммен байланыстыра үйретуге тырысумен қатар, тілдік фактілерді де тілдік тұлғамен жəне ұжыммен тығыз ара-қатынаста зерттеумен де ерекшеленеді, бұндай жағдайда тілдің ұлттық-мəдени ерекшеліктеріне, сонымен қатар тілдік бірлікті зерттеуге үлкен көңіл бөлініп келеді.
Тілдегі этнофразеологизмдер халықтың дүниетанымы, болмысы, салт-санасы, əдет-ғұрпы, рухани мəдениеті сол халықтың тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясынан, əлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Тіл -- мəдениеттің феномені, ұлт мəдениетінің көрінісі ретінде ғылымда өз дəрежесінде əлі де зерттелмей келеді. Тіл -- рухани күш. Демек, тіл жəне семиотикалық таңбалар арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасымен ойын білдіре алады [ ].
Этнофразеологизмдер ұлттық салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар, тұрмыс ерекшеліктер, тарихи- мəдени болмыс жəне ұлт тіліндегі басқа да көріністер арқылы суреттеледі. Мысалы: қол қусырып қой сою -- құрмет көрсету, қонақжайлылықты білдіреді, құрсақ шашу, бетке ұн жағу, құда түсіп, құйрық жеу сияқты этнофразеологизмдер келін немесе күйеу баланың келу құрметіне байланысты қолданылады. Бұл этнофразеологиздер қазақ халқының салт-дəстүрлерін ашады.
Ұлттық танымның фразеологияда көріну себебі ол тілден тыс шындықты бейнелейді. Тілдің басқа да көптеген құрылымдық бірліктері сияқты, фразеологизмдер де кумулятивтік қызмет атқарады. Этнофразеологизмдердің кумулятивтік қызметі культтік-мифологиялық жəне діни таныммен байланысты туған үлгілерден анық көрінеді.
Фразеологизмдер əлемнің нақты көрінісін суреттейтін мағыналық немесе тақырыптық жақтарына бірігуі мүмкін, сонымен қатар фразеологиялық бірліктерден бейнелік айналасынан адамның ішкі жəне сыртқы өзгешелігін, физикалық жағдайын жəне қимылын, сезімін, қызметін, тəртібін, кеңістікті, уақытты жəне т.б. сияқты əлемнің түрлі көріністерін көруге болады.
Тілдердің ұлттық мəдени ерекшеліктерінің басқа тілдерде объективті ақиқатының көрінуі əр түрлі. Əр түрлі тілдердегі объективті ақиқаттың əрқалай даралануының негізгі себебі белгілі бір құбылыстардың бір халықтан гөрі екінші халыққа көбірек əсер ететіндігінде болып табылады.
Этнофразеологиялық қор негізінде мəдениет пен тілдің арасындағы байланысты көрсету қазіргі тіл білімінің басты мəселелерінің бірі болып табылады. Кез келген тілде ерте дамыған жазба мəдениет дəстүрі, халық тілінің даму динамикасы көрініс береді. Тілдің этнофразеологиялық қоры -- сол тілде сөйлейтін жекелеген ұлттардың мəдениет танымының айнасы. Ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын этнофразеологизмдердің орны əлемнің тілдік бейнесін жасауда ерекше. Оны танымдық тұрғыдан талдау адамзат өркениетіндегі ұлттық мəдениеттің табиғатын ашуға мүмкіндік береді.
Ұлттық болмыстың өзіндік бояу-бедерін əдетте туған тіл табиғатынан іздеп тауып, ана тілінің қадір-қасиетін болашақ алдында терең таныту үшін еңбек ететін көркем сөз шеберлері -- ақын- жазушылар, көсемсөз иелерінің қызметі айрықша.
Тақырып, мағына, тұлға жағынан əр түрлі болып келетін тұрақты тіркестердің үлкен бір саласы тілімізде фразеологизмдер десек, сайып келгенде, олар да қандай ұғым-түсінікке қатысты болмасын, адамның іс-əрекетін, сын-сипатын, қалып-күйін, дүниетанымын өзіндік бояу-нақышымен бейнелейтін танымдық мəні зор көркем сөз бұлақтарына жатады.
Фразеологизмдердің семантикалық жүйесі жайында мынаны айтуға болады. Тіл иесі -- халықтың басынан өткен шындығына сай туған сан салалы фразеологиялық единицалар əлеуметтік, шаруашылық, діни, тағы да басқа факторлардың əсерімен пайда болған. Олардың құрылым жағынан қалыптасуында, компоненттерінің тіркесу амалдарында нақтылы бір заңдылығы болатын тəрізді ФЕ- нің мағына тұрғысынан саралануында да тиянақты тəртіп, жүйе бар. Бұлай болудың себептері өзінен- өзі түсінікті. Өйткені олар əлеуметтік жағдайға жанасып, өз заманының талабына сай туып жатады. Əрқилы экстралингвистикалық, яғни сыртқы факторға сəйкес туған фразеологизмдермен, бара-бар жынысқа, мекен-мезгілге, өлшемге, көңіл-күйіне, адамдардың өзара қарым-қатынасына, жас ерекшелігіне, мінез-құлыққа, салт-санаға, тағы да басқаға байланысты топтастырылатын да фразеологизмдер бар.
Ғалым Ə.Қайдар этнолингвистика туралы ол -- этностың инсандық һəм дүнияуи табиғатын тереңнен танып білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тəн ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым деген анықтама бере отырып, тілдің лексика-семантикалық қорын дамытудың, байытудың көздері ретінде этнолингвистикалық арналарды ұсынады: 1. Баламалар. 2. Тұрақты теңеулер. 3. Фразеологизмдер. 4. Мақал-мəтелдер. Жұмбақтар. 6. Ауыз əдебиеті үлгілері [2; 8].
Фразеологизмдердің түп-төркіні тым əріге кетеді. Адам баласы сонау отқа, суға, көп құдайға табынған шағында-ақ талай-талай заттарды киелі санап, оларға өздерінше лақап ат қойған. Тілімізде сол ежелгі дəуірден келе жатқан Қамбар ата (жылқышы ата), Шекшек ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата тəрізді тіркестер бар. Олар ескі наным-сенім бойынша төрт түлік малдың сақтаушысы, қорғаны, мифологиялық иесі болыпты-мыс.
Күні бүгінге дейін сақталып жүрген отқа май құю, от ана, Ұмай ана, жарылқа тəрізді фразеологизмдер ислам діні тарамастан көп бұрын қалыптасқан, шаманизм түсінігінен туған тіркестер. Мысалы, Отқа май құяр (салар) көне. Жаңа түскен келін мен күйеудің босағаны жаңа аттағанда берер ырым-сыбаға, жол-жоралғысы. Жырынды жігіт еді қуқыл Оспан, Жүйрік тіл, өткір сөздің алдын тосқан. Өңгертіп отқа құяр берді Оспанға. Сол болды күйеу қосшы оған қосқан (С.Керімбеков). Осы секілді тек қазақ ұлтына ғана тəн этнофразеологизмдер де қазақ тілінде көптеп кездеседі. Ғалым Ə.Қайдар этнолингвистиканың негізгі зерттеу объектісі этнолексика, олардың көпшілігі тілімізде көп қолданылатын фразеологизмдер жəне мақал-мəтелдер екендігін баса айтады.
Олар бара-бара тұрақталып, мағыналық өзгерістерге ұшырауы салдарынан этнофразеологизм жəне мақал-мəтел дəрежесіне көтеріледі. Ал этностың өткені оның этномəдени лексикасынан айқынырақ көрінеді, -- дейді [2; 18]. Демек этнолингвистикалық арналардың бірі болып табылатын фразеологизмдер -- халқымыздың ұлттық ерекшелігін көрсететін басты байлығымыздың бірі.
Тілдің этнофразеологиялық қорында тұтас бір мəдениеттің сарқылмайтын байлығы жататыны мəлім. Өйткені тіл мен мəдениет өзара қарым-қатынаста өмір сүреді, сондықтан да тіліміздегі этнофразеологизмдер ұлт тілінде айрықша орын алады. Кез келген тілдегі этнофразеологиялық қорды сан жағынан əрі мазмұн жағынан байытып тұратын фактор -- сол тілде сөлейтін халықтың рухани жəне материалдық мəдениеті. Этнофразеологизмдер -- халықтың мəдениетін, салт-дəстүрін, əдет- ғұрпын, тарихи кезендерін, эстетикалық ойлау болмысын бейнелейтін тілдік маңызды материал болып табылады.
Этнофразеологизм -- белгілі бір ұлтқа тəн, сол ұлт қолданысының əдет-ғұрып, салт-сана, мəдениетіне байланысты кездесетін фразеологизмдер. Мəселен, азан айтты, бас құда, қалың мал, дөнен қымыз, шаңырақ көтерді, тұсау кесті, қырқынан шықты, үйірімен үш тоғыз, тағы басқалары секілді фразеологизмдер өзге ұлттарда кездеспейді.
Этнос ғылым жүзінде: өткен дəуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тірлік-тіршілігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт- дəстүрі мен əдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық жəне халықтық дəуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы болып табылады [2; 10].
Мұндай этностар жер жүзінде көп жəне олар сан жағынан да, даму сатысы бойынша да əр түрлі. Көбісі халық, ұлт дəрежесіне көтерілсе, ру-тайпа деңгейінде қалып қойғандары да аз емес. Қазақ этносы болса, бүгінде өзінің шарықтау шегі -- ұлт дəрежесіне көтеріліп отыр. Зерттеу мақсатына байланысты қазақты этнос деп қараудағы мақсат -- оны төмендету емес, қайта оның басып өткен ұзақ та сатылы даму жолын (ретроспективті бағытта) саралай түсінудің, тарихи этнотұлға ретінде танудың бірден-бір дұрыс жолы, кепілдігі деген сөз [2; 12].
Енді осы этнос деген тарихи күрделі ұғымды сол қалпында ала салмай, этнофразеологизмдер деп қарастырудың себебіне келсек, ол да ойға қонарлық дүние.
Біріншіден, біз фразеологияны тұтастай емес, ондағы ұлтқа тəн тұрақты сөз тіркесін бөліп қарауды жөн көрдік. Екіншіден, этнос туралы толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында ғана сақталады. Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазбалар мен сəулет кесенелері, тас мүсіндері мен қашалып жазылған тас ескерткіштері арқылы да жетіп жатады. Бірақ бұлардың бəрі -- этнос басып өткен өмірдің мың да бір елесі ғана. Этностың шынайы белгісі, бейнесі, болмысы оның тілінде ғана, тіл арқылы ұрпақ жадында ғана сақталады екен. Этнос тілінде тек оның өзі туралы ғана емес, өзі жасап келе жатқан табиғи ортасы мен қоғамдағы қарым- қатынастары туралы да, жан дүниесі, жүрек сыры, қуануы, сүйінуі, ренжуі мен күлуі, түс көруі, ұққаны мен түйгені, танымы мен талғамы, барлық тағы басқа құбылысты өзінше бағалап-бағамдауы -- бəрі-бəрі, біле білсек, өз тілінде өрнегін тауып, өзін-өзі көрсететін айна іспеттес [2; 11].
Қазақ халқы өзінің өткен тарихында талай көрші елдермен, шет жұрттармен экономикалық əрі мəдени қарым-қатынасты басынан кешіргені мəлім. Тілімізде осыған орай туған толып жатқан тіркестер бар. Олардың бірқыдыруы жазба əдебиеті, хиссалар арқылы, екіншілері -- сауда-саттыққа байланысты, үшіншілері -- дін таратушылардың уағызымен, тағы біреулері екі елдің күнкөріс тірлігіндегі ортақ ой-сана, дəстүр тауқіметімен түрліше ықпалдарға сай туып отырған. Мəселен, қазақ арасына таралған Абылай аспас асу; Атымтайдай жомарт бол; Наушаруандай əділ бол; Аплатондай ақылды; Бұланнан үлкен аң болмас; бұланайдан үлкен тау болмас; Барар жерің Балқан тау, ода біздің көрген тау; Ұлын ырымға, қызын қырымға, тағы басқа фразаларда өзге жұрттардың өткендегі мəшһүр адамдары, шет елдің топоним, ел билеу, əкімшілік қалпын қабылдауға байланысты енген толып жатқан фразеологизмдер бар. Мəселен, кейбір зерттеушілердің еңбектерінде қазақ арасындағы тоғыз санына байланысты ырым-кəде, тарту-таралғы, айып-жазаның көбі монғол елінің мəдени тіршілігінен ауысқан делінген. Осыдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz