Электрлік станция мен қосалқы станция жайлы жалпы сипаттама


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қосалқы станция электр энергиясын қабылдауға, түрлендіруге және таратуға қолданылады. Ол трансформаторлардан немесе басқа да энергия түрлендіргіштерінен, коммутациялық аппараттар мен құрама шиналардан тұратын таратушы құрылғылардан, қорғанысты басқару, автоматтандыру, өлшеу құрылғыларынан және көмекші жабдықтардан тұрады. Пайдалануына байланысты қосалқы станциялар: түйіндік, бас, терең кірісті қосалқы станция, таратушы қосалқы станция, цехтық қосалқы станция болып бөлінеді. Басты төмендетуші қосалқы станцияда (БТҚС) трансформторлар саны негізінен екіден аспайды. Бұл БТҚС-да қарапайым конструкциялық және схемалық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Екі трансформаторлы қосалқы станциялар әрқашан өндіріс орындарының электр желілерінің талаптарына дерліктей жауап береді және көп жағдайда барлық категорияның тұтынушыларының сенімді қоректенуін қамтамасыз етеді.

БТҚС-ның трансформаторлары жұмысы дерліктей бір-біріне тәуелсіз, бұл кернеудің 1000 В дейінгі жағына коммутациялық мүмкіндіктері мен динамикалық төзімділігі бойынша коммутациялық аппараттар таңдағанда, ерекше маңызды. БТҚС трансформаторлары негізінен трансформаторлардың біреуі істен шыққанда қалғаны уақытша мүмкін болатын жүктеменің шегін ескере отырып, өндірістің негізгі жұмысының шығынысыз, екінші реттік кернеуді көрші қосалқы станция және басқа да мүмкін болатын резервтелінген қорек көздеріне қосу арқылы өндірістегі жұмысты электр энергиясымен қамтамасыз етілетіндей болып таңдалады. Резервтеу деңгейі өндіріс түріне, өндіріс орынының жұмысының селективтілігіне, жүктеме графигінің сипаттамасына және басқа да факторларға байланысты.

Бұл дипломдық жұмыста кернеуі 110/35/10 кВ «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің қосалқы станциясының электр бөлігі есептелген. Қаралып отырған осы қосалқы стансаны модернизациялап, яғни жаңа, қазіргі заман талаптарына сай жабдықтар таңдалған. Сонымен қатар, еңбек қорғау бөлімінде диспетчерлік бөлмені жасанды жарық көзімен қамтамасыз ету, қосалқы стансаның қызмет ету кезіндегі қорғану шаралары және қосалқы стансасындағы қоректендіру көздерінің электр қауіпсіздігін қамтамсыз ету мәселесі қарастырылған. Сонымен бірге экономика бөлімінде қосалқы стансаның нарық жағдайындағы энергетикалық кәсіпорындардың қызметінің технико-экономикалық негіздемесі келтірілген.


1 Электрлік станция мен қосалқы станция жайлы жалпы сипаттама

Электростанцияларда және қосалқы станцияларда электр жабдықтарының негізгі элементтерін электрлік байланыстыру үшін тарату құрылғылары қолданылады. Тарату құрылғысы деп электр энергиясын қабылдау және тарату қызметін атқаратын және коммутациялық аппараттардан, жинау және жалғау шиналарынан, токөткізгіштерден, көмекші құрылғылардан (компрессорлық, аккумуляторлық және басқа құрылғылар), сонымен қатар релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларынан, өлшеу есептеу кешендерінен тұратын құрылғыны айтамыз. Тарату құрылғыларында ажыратқышқа және айырғышқа қатысты барлық жалғанулар ток жүргізуші шиналардың (құрама шиналардың) ортақ бөлігіне қосылады. Жалпы жағдайда электростанция бір бірімен трансформатор (автотрансформатор) арқылы жалғанған кернеулері әртүрлі тарату құрылғыларымен генераторлық, жоғары және төменгі кернеулік, сонымен қатар меншікті қажеттілік тарату құрылғылары болып бөлінеді. Орындау тәсілі бойынша тарату құрылғылары ашық және жабық тарату құрылғылары болып бөлінеді. Ашық орындалатын тарату құрылғысының барлық немесе негізгі жабдықтары ашық жағдайда (ғимаратта емес), ал жабық орындалатын тарату құрылғылары арнайы ғимаратта орналасады. Генераторлық тарату құрылғылары электр станцияларына электр энергиясының белгілі бір бөлігі тұтынушыларға генераторлық кернеуде жіберілген жағдайда қолданылады. Сәйкесінше бұл жылу электр орталықтарында (ЖЭО) және орташа және кіші қуатты ГЭС-терде. Қазіргі заманғы ЖЭО-ы бірлік қуаты 100МВт және одан жоғары агрегаттармен жабдықталады. Бұл станцияларда қуат берілісі конденсациялық (КЭС) және атом электр станцияларындағыдай (АЭС) жоғары кернеуде (1 кВ жоғары) іске асырылады. Бұл жағдайда генераторлық тарату құрылғылары қажет болмайды. Электростанциялар мен қосалқы станциялардың электрлік жалғану сұлбаларын екі негізгі топқа бөлуге болады. Олар негізгі электрлік жалғану сұлбалары және өзіндік қажеттілік жалғану сұлбалары. Электростанциялар мен қосалқы станциялардың электрлік жалғану сұлбаларын екі негізгі топқа бөлуге болады. Олар негізгі электрлік жалғану сұлбалары және өзіндік қажеттілік жалғану сұлбалары. Негізгі электрлік жалғану сұлбалары негізгі электр жабдықтарды (генераторлар, трансформаторлар, электр беріліс желілері), құрама шина, коммутациялық және тағы басқа біріншілік аппараттарды және олардың араларында орындалған барлық байланыстарды білдіреді. Сұлбалар жоғарыда көрсетілген сұлбалардан басқа да принципиалдық, оперативті және монтаждық электрлік байланыс сұлбалары, сонымен қатар екінші реттік жалғану сұлбалары болып бөлінеді. Екінші реттік жалғану сұлбаларына басқару тізбегінің, релелік қорғаныс және автоматика, жабдықтардың жағдайын бақылау, автоматтандырылған басқару жүйесінің сұлбалары жатады. Принципиалдық электрлік сұлбалар жобалау кезінде орындалады, оқып үйрену және анализдеуде (сараптауда) қолданылады. Оперативті сұлбалар сұлба элементтерінің белгілі бір уақыт моментіндегі күйін (жағдайын) көрсетуге арналған және күнделікті жұмыста оперативті персонал ретінде қолданылады. Монтаждық сұлбалар электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу кезінде қолданылады. Негізгі, принципиалдық және оперативті сұлбалар бірсызықты орындалу кезінде бейнеленеді. Бұл кезде электрлік қондырғының барлық элементтері өшірулі жағдайда болады. Сұлбаның барлық элементтері және олардың арасындағы байланыстар конструкторлық документацияның бірыңғай жүйесі (КДБЖ) стандарттары бойынша шартты графикалық белгілермен бейнеленеді.

Қосалқы станцияларда трансформатор болады, олар кернеуді түрлендіру үшін қолданылады. Электр қондырғыларға мыналар жатады : бір немесе бірнеше трансформаторлар мен автотрансформаторлар, жоғарғы кернеулі тартылу құрылғылары, қосымша қондырғылар және т. б. Қосалқы станцияларда синхронды компесаторлар, статикалық конденсаторлар, реакторлар орнатылуы мүмкін.

Қосалқы станцияны топтастырғанда, мына мәліметтерді алуымызға болады :

1) желінің номинал кернеуін таңдаймыз

2) электр желінің конфигурациясын таңдау

3) қосалқы станциядағы трансформатордың типін және қуатын таңдау және сым қимасын таңдау

4) тұтынушылар саны және т. б.

Қосалқы станцияда көбінесе 2 трансформатор орнатылады. Мұндай қосалқы станцияда резервтік байланыс болмағандықтан орташа және төменгі кернеуде қуаты бірдей трансформаторлар алынады. Егер де бір трансформатор істен шығатын болса, онда екінші трансформатордың жүктемесін көтерсе, онда осыған қосуымызға болады.

Қосалқы станцияларда жоғарғы кернеумен 110-220 кВ және екі төмендеткіш кернеумен 35 кВ және 6-10 кВ үш орамды трансформатор қолданылады.

Қосалқы станцияны жобалағанда мынадай талаптар қойылады :

а) нормалды және авариялық режимде электрмен жабдықтау

б) жоғарғы кернеулі таратылу қондырғыларында сенімді транзиттің болуы

в) техникалық-экономикалық жағынан салыстыру.


2 «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің 110/35/10кВ қосалқы станциясының электр бөлігін есептеу

Дипломдық жұмыстың мақсаты «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің 110/35/10кВ қосалқы станциясының электр бөлігін есептеу және резервті автоматты қосу құрылғысын қарастыру болып табылады.

Қосалқы станциясын есептеу Қызылорда қаласындағы «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС жүктемелерін электрмен жабдықтаудың техникалық шарттарымен 10МВА мөлшерде ІІ категория бойынша орындалады. Болашақта аймақтың дамуына байланысты тұтынушылар санының көбеюі күтіледі. «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС қосалқы станциясының қосылуы «№1-№2» 110кВ ауалық желінің І және ІІ тізбектерінен тармақталуы арқылы орындалады.

«ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің 110/35/10кВ қосалқы станциясын есептеуге бастапқы берілгендер келесі құжаттарға негізделген:

  • Қызылорда қаласындағы 10МВА шамасында ІІ категориясы бойынша «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің жүктемелерін электрмен жабдықтауға техникалық шарттар;
  • жұмысты орындауға тапсырма - «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің 110/35/10кВ қосалқы станциясының құрылысына жұмыс жобасы (2. 1-сурет) .

Описание: IMG-20140208-WA0015 Описание: IMG-20140208-WA0012 Описание: IMG-20140208-WA0011

Описание: IMG-20140208-WA0017 Описание: IMG-20140208-WA0019 Описание: IMG-20140208-WA0005

2. 1-сурет - «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС 110/35/10 кВ

қосалқы станциясының электр жабдықтары

2. 1 Трансформаторлар саны мен қуатын таңдау

Қосалқы станцияда ТДТН 4/110 маркалы екі параллель жұмыс істейтін трансформатор орнатылған, және де орнату барысында жүктемелерінің перспективтілігі қарастырылған. Орнатуға ұсынылатын трансформаторларды таңдау шарттарын ескерумен тексеру қажет.

Таңдау шарты:

;

;

(2. 1)

;

,

мұнда , , - сәйкесінше трансформатордың ЖК, ОК және ТК, кВ;

- тораптағы орныққан кернеу, кВ;

- трансформатордың номиналды қуаты, МВ⋅А;

- трансформатордың нақты қуаты, МВ⋅А.

Таңдалған трансформаторды параллель жұмыс істеп тұрған трансформатордың біреуінің авариялық істен шыққан кездегі режимге тексеру қажет:

.

(2. 2)

(2. 1) шартына ұсынылатын траснформаторды тексереміз:

;

;

;

.

Трансформатордың аз жүктелуінің себебі: қосалқы станция перспективтілікке орнатылады және іске қосу периодында тұтынушылардың тек бір бөлігін ғана электрэнергиясымен қоректендіреді.

Авариялық сөну режиміне трансформаторы тексеру:

.

Сонымен, ұсынылатын трансформатор таңдау және тексеру шарттарын толығымен қанағаттандырады.

Трансформатордың техникалық берілгендері 2. 1-кестеде келтірілген.

2. 1-кесте - Трансформатордың техникалық берілгендері

Трансформатор типі
ТДТН-4/110
Трансформатор типі: , МВ⋅А
ТДТН-4/110: 40
Трансформатор типі: Орамалардың кернеуі, Кв
ТДТН-4/110: ЖК
115
Трансформатор типі: ОК
ТДТН-4/110: 38, 5
Трансформатор типі: ТК
ТДТН-4/110: 11
Трансформатор типі: Шығындар, кВт
ТДТН-4/110:
35
Трансформатор типі:
ТДТН-4/110: 200
Трансформатор типі: , %
ТДТН-4/110: ЖК-ОК
10, 5
Трансформатор типі: ЖК-ТК
ТДТН-4/110: 17, 5
Трансформатор типі: ОК-ТК
ТДТН-4/110: 6, 5
Трансформатор типі: , %
ТДТН-4/110: 0, 6

2. 2 Кернеудің барлық сатысындағы желілерді анықтау

2. 2. 1 Жоғары кернеуде желі санын анықтау

Техникалық шарттарға сәйкес қосалқы станцияның қосылуы қолданылып отырған желінің тармақталуы арқылы орындалады, сол себепті жоғары кернеу жағында екі желі қарастырылады. Максималды жүктемеде ( ) қосалқы станцияның 56МВА құрайтынын және өткізу қабілеттілігі (30 ÷ 45) МВт аралығында болатынын ескерсек, онда екі желінің орнатылуы қажет.

2. 2. 2 Орташа кернеуде желі санын анықтау

Бастапқы этапта қосалқы станция номиналдыдан әлдеқайда төмен қуатты таратады, негізгі мөлшері ТК жүктемелеріне беріледі, сол себепті ОК жағына болашақта 4 ұяшыққа дейін орнатуға мүмкіндік болатындай 2 ұяшық орнатылады.

2. 2. 3 Төменгі кернеуде желі санын анықтау

Техникалық шарттарға сәйкес төменгі кернеу жағына 24 желілік ұяшықтар орнату қажет, себебі барлық тұтынушыларды электрэнергиясымен қамтамасыз ету қажет.

2. 3 Тарату құрылғыларының схемаларын таңдау (РУ)

Техникалық шарттардың талаптарын ескерумен «Екі блокты ажыратқыш және желі жағынан автоматты емес қосқыш» 110-4Н схемасын қолдану қажет. Бұл схема 220кВ дейінгі таратушы қосалқы станцияларда қолданылады.

ОК жағына «Бір жұмысшы, ажыратқышпен секцияланған шиналар жүйесі» 35-9 схемасын қолдану қажет. Схема трансформаторлардың ЖК, ОК, ТК жақтарында РУ-да, сонымен қатар бес жіне одан да көп қосылуларда қолданылады.

ТК жағына «Ажыратқышпен секцияланған бір шиналар жүйесі» 10(6) -1 схемасы таңдалады. Таратушы тізбектерде аппаратураны жеңілдету үшін, қысқа тұйықталу токтарын шектеу арқылы кабель қималарын азайту үшін, қосалқы станцияда ререлік қорғаныс жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін трансформаторлардың бөлек жұмысы қолданылады. Секциялық ажыратқыш резервті автоматты қосу құрылғысымен жабдықталған (РАҚ) және секцияның біреуінің ажыратылуы кезінде қосылады.

2. 4 Қосалқы станцияның өзіндік қажеттіліктерін есептеу

Қосалқы станцияның өзіндік қажеттіліктерінің құрамы қосалқы станцияның типіне, трансформатордың қуатына, синхронды компенсаторлардың болуына, электр жабдықтарының типіне, оперативті токтың түріне байланысты.

Өзіндік қажеттіліктер тұтынушыларының қуаты үлкен емес, сол себепті олар төмендеткіш трансформаторлардан қоректенетін 380/220В торабына жалғанады.

Өзіндік қажеттіліктер трансформаторларының қуаты өзіндік қажеттіліктер жүктемелеріне жүктелу коэффициентін және біруақыттылығын ескерумен таңдалады, бұл кезде жаздық және қыстық жүктемелері, қосалқы станциядағы жұмыстар кезінде жүктемлер жеке ескеріледі [2] .

[3] сәйкес, қосалқы станциядағы оперативті ток таңдалады. Тұрақты оперативті токтың көзі ретінде аккумуляторлық батарея бола алады. Қосалқы станцияда бір 220В аккумуляторлық батарея орнатылады. Батарея түзеткіш құрылғылардан тұрақты зарядталу режимінде жұмыс істейді.

Қосалқы станцияда екі өзіндік қажеттіліктер трансформаторларын орнату қажет және ТК жағында әр түрлі қорек көздеріне жалғанады. Өзіндік қажеттіліктер траснформаторы 10кВ енгізу ажыратқышына дейін жалғанады, және РАҚ-мен бөлек жұмыс істеуі қажет.

2. 4. 1 Өзіндік қажеттіліктер тұтынушыларының кестесін құру

Өзіндік қажеттіліктер кестесін (2. 1-кесте) құру кезінде жарықтандыру жүктемесі және жылыту үшін , ал қозғалтқыштық жүктемесі болатынын ескереміз.

2. 1-кесте - Қосалқы станцияның өзіндік қажеттіліктер тұтынушылары

Қабылдағыш
Орныққан қуат
cos ϕ
tg ϕ
k c
Есептік қуат
Саны, кВт⋅ дана
Барлығы кВт⋅сағ
Жазда
Қыста
P, кВт
Q, квар
P, кВт
Q, квар
Қабылдағыш: 1
Орныққан қуат: 2
cos ϕ: 3
tg ϕ: 4
kc: 5
Есептік қуат: 6
7
8
9
10
Қабылдағыш: Трансформаторлардың суытылуы
Орныққан қуат: 40⋅0, 25
cos ϕ: 10
tg ϕ: 0, 85
kc: 0, 62
Есептік қуат: 0, 85
8, 5
5, 27
8, 5
5, 27
Қабылдағыш: Трансформаторлардың электрлік жылытылуы және кептірілуі
Орныққан қуат: 1⋅100
cos ϕ: 100
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 0, 2
20
-
20
-
Қабылдағыш: Майтазалау қондырғысы
Орныққан қуат: 1⋅45
cos ϕ: 45
tg ϕ: 0, 85
kc: 0, 62
Есептік қуат: 0, 2
9
5, 58
9
5, 58
Қабылдағыш: Зарядтау агрегаты
Орныққан қуат: 2⋅23
cos ϕ: 46
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 0, 12
5, 52
-
5, 52
-
Қабылдағыш: Үнемі қосылып тұратын сигналды лампалар
Орныққан қуат: 6⋅2⋅0, 5
cos ϕ: 6
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
6
-
6
-
Қабылдағыш: Релелік шкафтардың жылытылуы
Орныққан қуат: 1⋅2
cos ϕ: 2
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
-
-
2
-
Қабылдағыш: 110кВ ажыратқыштардың жылытылуы
Орныққан қуат: 2⋅4, 41
cos ϕ: 12. 6
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
-
-
8, 82
-
Қабылдағыш: 35кВ ажыратқыштардың жылытылуы
Орныққан қуат: 4⋅2, 4
cos ϕ: 9, 6
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
-
-
9, 6
-
Қабылдағыш: 10кВ КТҚ жылытылуы
Орныққан қуат: 32⋅1
cos ϕ: 32
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
-
-
32
-
Қабылдағыш: Айырғыштардың жетектерін жылытуға
Орныққан қуат: 18⋅0, 6
cos ϕ: 10, 8
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
-
-
10, 8
-
Қабылдағыш: Жарықтандыру
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 10
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 0, 6
6
-
6
-
Қабылдағыш: 1
Орныққан қуат: 2
cos ϕ: 3
tg ϕ: 4
kc: 5
Есептік қуат: 6
7
8
9
10
Қабылдағыш: Жылыту
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 75
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
-
-
75
-
Қабылдағыш: 2. 1-кестенің жалғасы
Қабылдағыш: Байланыс құрылғысы
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 2
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 1
2
-
2
-
Қабылдағыш: ЖТҚ (ЗРУ) жарықтандыру
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 4, 35
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 0, 6
2, 61
-
2, 61
-
Қабылдағыш: ЖТҚ (ЗРУ) желдету
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 1, 96
tg ϕ: 0, 85
kc: 0, 62
Есептік қуат: 0, 6
1, 18
0, 73
1, 18
0, 73
Қабылдағыш: Жұмысшының өтетін ғимаратын жарықтандыру
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 0, 5
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 0, 4
0, 2
-
0, 2
-
Қабылдағыш: Жұмысшының өтетін ғимаратын жылыту
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 5
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 0, 5
-
-
2, 5
-
Қабылдағыш: Өрт сөндіру сораптары
Орныққан қуат: 2⋅100
cos ϕ: 200
tg ϕ: 0, 85
kc: 0, 62
Есептік қуат: 0, 1
20
12, 4
20
12, 4
Қабылдағыш: Дәнекерлеу аппараты
Орныққан қуат: -
cos ϕ: 23
tg ϕ: 1
kc: 0
Есептік қуат: 0, 5
11, 5
-
11, 5
-
Қабылдағыш: Авариялық желдету
Орныққан қуат: 2⋅0, 18
cos ϕ: 0, 36
tg ϕ: 0, 85
kc: 0, 62
Есептік қуат: 0, 5
0, 18
0, 11
0, 18
0, 11
Қабылдағыш: Барлығы:
Орныққан қуат: 92, 69
cos ϕ: 24, 09
tg ϕ: 233, 41
kc: 24, 09
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосалқы станция электр жабдықтарына сипаттама
Электр станциялары мен қосалқы станциялардың қосылу сұлбалары
Байланыс жүйелері
Электр энергияны қабылдағыш өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалары
Қосалқы станцияның электр жабдықтарын таңдау
Трансформатордың қорғаныс түрлері
Электр энергиясын түрлендіру және тарату
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электр энергиясының сапасы
Тұтынушылар жүктемелерінің өсуімен байланысты Қараой 35 10 кВ қосалқы станциясын қайта құру
Тораптық қосалқы станцияның параметрлерін есептеп таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz