Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Халқымыздың тәуелсіздік алғанына 28 жыл ғана болды. Осы уақыт аралығында ұлттық педагогика ғылымының зерттеу нысандарында біраз өзгерістер болып, ауқымы кеңейіп, бұрын өз халқымызға тән, қанына сіңген, жеті атасынан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан жақсы қасиеттері мен белгілерін, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің нысандарын болашақ ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде қолдану нәтижесінде ұлттық сананы, ұлттық құндылықтарды сақтап келешек ұрпаққа жеткізуде ұлттық педагогика толықсып, одан әрі дами түсуде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 17 сәуірінде «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жариялаған болатын. Мақала негізінен ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға үндейтін, іргелі бағдарламалық бағыттағы құжат болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа кезеңге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Күллі дүние жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз қажет екендігін ­ Елбасы атап өтті. Бұл - қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мемлекеттік тіліміз бен дінімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлттық педагогикаға негізделген жас ұрпаққа генетикадан тәлім-тәрбие беру және оны қалыптастыру. Адам, әлеуметтік орта және тәрбие факторларының өзара жүйелігі мен бірлігін айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Қазіргі уақытта жас, өскелең ұрпақтарды өзгеріп, жаңарып отыратын өмірге бейімді болуы үшін арнайы ұйымдастырылған үздіксіз білім және ұлттық тәрбие беру.
  2. Халқымызға тән, қанына сіңген, жеті атасынан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан жақсы қасиеттері мен белгілерін, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің нысандарын болашақ ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде қолдану.

Зерттеу жұмысының нәтижелері:

1. Сонымен тектілік адамның ізгі ниетке, жақсы тілекке ұмтылып, артынан үлгі өнеге болатын істерінен, айтылған нақыл сөздерінен көрінеді. Қазіргі уақытта жас ұрпақтарды өскелең, өзгеріп, жаңарып отыратын өмірге бейімді болуы үшін арнайы ұйымдастырылған үздіксіз білім және ұлттық тәрбие қажет. Ұлттық тәрбие жеке адамды қалыптастырудағы әлеметтік бағдарламасының орындалуында, қабілеттілігі мен дарындылығын анықтауда басты, шешуші роль атқарады.

2. Халықта ата баласына сыншы, немереге қамқоршы деген нақыл сөз осыдан қалған болар. Немелеріне алғашқы нағыз халықтық тәрбие берудің негізгінысандары:адалдық, байсалдылық, инабаттылық, ізеттілік, кішіпейілділік, әрбір ырымдар мен тыйымдардың мазмұнын түсіндіру осы кісілерден басталып, болашақ ұрпақта жалғасын тауып отырды. Балаларының, немелерінің қабілеттілігі мен дарындылығын ерте сезіп бағыт, бағдар беріп отырған. Осыдан баласы атасына, әкесіне тазалығын, имандылығын, еңбекке ұқыптылығын көрсеткен жағдайда атасының дұрыс батасын алып, әкесінің тірегіне айналады.

3. Болашақта ұрпақтар кемтар болып дүниеге келмеу үшін, медициналық-генетикалық білімді жетілдіру, оның жетістіктерін насихаттау және медициналық-генетикалық кеңестердің санын көбейтіп, сапасын арттыру, дәрігер-генетиктер дайындау мәселерді қолға алу керек. Мұндағы негізгі мақсат-адам баласының генофондысын сақтау. Өмірге дені сау ұрпақ әкелуге барлығымыз жауаптымыз. Сондықтан некеге тұрар алдында аптықпай асықпай, сабырлықпен барлығын таразылап, терең ойланып барып бұл мәселені шешкеніміз орынды. Әйтпесе, ертең өзек өртейтін өкінішке батумыз тіпті мүмкін. Артымызда келе жатқан жастарға да бұл өсиет өмірлік сабақ болуы керек.

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУҰлттық код

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - ең алдымен, еліміздің біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу еліміздің болашағына үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Елбасы, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Ұлттық код қайда? Ұлттық код - ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын дінде, ұлттық мәдениетте. Қазақ халқының мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.

Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шакәрім, Ахмет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, түсінікті тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят болатыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі.

Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын Елбасы үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қатерінің» де бар екенін ескертеді. Ол қандай қатер деңіз? Қатер мынада: өзгенің ұлттық даму үлгісі жұрттың бәріне ортақ әмбебап үлгі бола алмайды. Елбасымыздың көрсетуінше, «іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда». Дер кезінде және нақты айтылған пікір дер едік. Елбасымыз бұл қатерді неге ескертіп отыр. Демек, өзге ұлттың даму үлгісінің бәрін көшіріп ала беру, өз еліміздің ерекшелігін, халқымыздың тілін, мінезін, рухани және материалдық құндылықтарымызды ескермеу бізде жоқ емес. Н. Ә. Назарбаевтың «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деуінің мәнісін терең түсіну абзал.

Бұл халық педагогикасының теориялық негізін толықтырып жаңа зерттеулерге бастама береді. Осы тұрғыдан қарағанда жеке адамның қалыптасуына тәлім-тәрбиелік жұмыстармен қатар қоғамдық - әлеуметтік жағдайлар және тұқым қуалаушылық факторлардың да маңызы зор. Адамның дүниеге келуі, оның жан-жақты дамуы аса күрделі, ұзақ мерзімді қамтитын, қарама-қарсы қайшылығы мол үрдіс. Сондықтанда соңғы 10-15 жыл ішінде жеке азаматтың қалыптасуына әлеуметтік, биологиялық (тұқым қуалаушылық) және этнопедагогикалық (тәрбиенің) факторлардың әсерін, үйлесуін және ара-қатынасын зерттеу көпшілік мамандардың назарында болып келеді.

1. 2 Ұлттық рух, ұлтық сана туралы

Ұлттық рух - халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық төл санасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, тілі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, ұлттық рухтың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем шығармашылығынан, халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық рухы бар дегенде, оның өзі жайлы дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, мұрат-мақсатынан даму, өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз. Ұлт болып ұюдың өзі этностың мекендік және мезгілдік факторларына байланысты болуымен қатар, оның табиғи, тарихи, рухани бітім-болмысы, ұлттық санасы, тілі, мінезі, мәдениеті, әлеуметтік-саяси мұрат-мүдделерінің қалыптасып, тұлғалануы үздіксіз процесс және ұлттық рухтың түлеп-толысып отыратын өміршеңдігінің көрінісі. Ұлттық рухтың бой көрсетер тұсы бодандық әрекетіне қарсылық, тәуелсіздік мұратына ұмтылыс сәті болса, сол кезеңдерде қордаланған көркем рухани мұралардың ерлікке, елдікке үндер күш-қуатының маңызы бұғаудан босанып, болашаққа бет түзеген, баянды бағдарын айқындаған ұлттар үшін де зор. Ұлттың рухани тәжірибесін саралап-салмақтау үшін мол мағлұмат беретін басты байлығы оның сөз өнері. «Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, Ұлттық рухтың көркем образдар арқылы берілуі қазақ әдебиетінен көрінеді. Ұлттық рухы біртұтас, айқын, асқақ халықтар ғана тарих көшінде ұлы жеңістерге жететіні адамзат қоғамының тарихында сан мәрте дәлелденген айдай шындық.

Жеке адамның болсын, бүкіл қоғамның болсын рухани әлемі, жан дүниесі өте күрделігімен, сан алуан, қатпар-қатпар қабаттарымен сипатталатын құбылыс екені баршаға аян. Белгілі бір деңгейге дейін рухани дүние материалдық жағдайдан тәуелді болғанымен, ары қарай дербес өмір сүретін өзінше заңдылықтары бар құбылыс екені тағы да белгілі. Бірақ сол рухани дүниенің ішінде қадау-қадау бірнеше категориялар мен түсініктерді алатын болсақ, мысалы, рух пен сана, олардың ортақ қасиеттері, ортақ мазмұны көп. Сөйте тұра, бұл ұғымдарды тұтас біртектес бір мағынаны білдіреді десек, қате болар еді. Дегенмен, ұлттық рух деген құдіретті құбылыстың мән-мағынасын терең танып білу үшін, ең әлеулі, сананың өзін, сананың қалыптасуына, өсіп-өркендеуіне, дамуына, қоғамға ықпалына байланысты бірнеше деңгейге бөліп қарастырады. Мәселен, пендешілік сана - ең төменгі деңгей. Пендешілік сана деп отырғанымыз сүйек пен еттен жаралған пенденің күнделікті өмір сүру үшін, тіршілік үшін күресімен сипатталады. «Қайтсем нан тауып жеймін, қайтсем киім кием» деген мәселелер, сұрақтар осы сананың негізгі мазмұны болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда пендешілік сана бүкіл хайуани дүниеге, жануарларға тән инстиктермен өте ұқсас келеді. Барлық тіршілік иелерінің өмір сүру үшін күресетіні, жауларынан қорғанатыны, азық тауып жеп, тіршілігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастыруға ұмтылатыны белгілі. Бұл инстиктер биологиялық, психолгиялық құбылыс болып табылады.

Сананың келесі деңгейі - таптық сана деп аталады. Бұл қазақтың «Кедей бай болсам, бай құдай болсам» дейтін психологиясымен анықталады. Мұнда сананы билейтін басты нәрсе « қайтсем қамтып қалам, қайтсем жағдаймды түзетемін, жай-күйімді байытам, басқадан асып түсем?» деген сұрақтар. Бүгінгі біздің қоғамдағы нарықтық жағдайда осы сананың басым түсіп тұрғаны белгілі.

Рух сананың дамуының, өркендеуінің, қоғамға ықпал ету деңгейінің ең жоғарғы биігінде туындайды. Бұл кезде әрбір адам немесе қоғамның негізгі тобы жеке бас пайдасынан, жеке өзінің тіршілігінен, күнделікті өмір күйбенінен жоғары биіктейді де, бүкіл елдің, халықтың қам-қарекетін негізгі нысаны етіп, санасының өзегіне айналады. Дәл осындай жағдайда ғана ұлттық рухтың қалыптасуы жөнінде әңгіме қозғалады. Рух - жалпы адамзаттық құбылыс, негізінен ол ұлттық формада өмір сүреді. Өйткені қандай да бір адам болмасын, ол белгілі бір ұлттың, ұлыстың өкілі.

Ұлттық рухтың мазмұны - өз ұлтына деген ерекше сүйіпеншілік. Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қанына, жанына, тәніңе сіңірсең, яғни тілін, дінін, тарихын, мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең білсең, біліп қана қоймай көңіліне түйсең, жүрегіне ұялатсаң, өмірлік ұстанымына, іс-әрекетінің, мінез-құлқының бастауына, бағыттаушысына айналдырсаң, міне, сонда ғана сүйіспеншілік пайда болады.

Ары қарай рух қалыптасу үшін ұлттың жағдайын, жете алмай тұрған кемістіктерін, алдына қойған нақты мақсатын, яғни ұлттық рухтың мәнін сезіне білу керек. Ұлттық рухтың мазмұны өз жұртына деген ерекше ықыласпен, көңіл-күймен, терең сүйіспеншілікпен ғана шектелмейді. Оның құрамында ақыл-парасат, берік ұстаным, қайрат жігер, ар-ұят, өткір ұлттық намыс өзара тұтастық құрып тұруға тиіс. Сонымен бірге, ұлттық рухты тек түсініп, сезініп қою жеткіліксіз, оның негізгісі, өз ұлтың үшін белсенді іс-әрекетке көшу. Мысалы, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ұлттық рухтың негізгі мәні - жаудан ата-баба жерін азат ету болды. Сол кезде ұлттық рухтың «Аттанмен» жеткізілгені, осы сөздің құдіретінің, ұйымдастырушылық күшінің қандай мықты болғанын байқаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани болмыстың негізі ұлттық сана
ҰЛТ САУЛЫҒЫ
ЕЛ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АКАДЕМИК СЕРІК ҚИРАБАЕВ
Қазақстан тарихындағы тіл саясаты
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы отбасылық құқықтық ролі
Бауыржан Момышұлының дара тұлғасы - қазақ халқының мақтанышы
Етегіңе бала жармассын
Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz