Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі

1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынантарихи акция болды, осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан ресімдеді.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 жылы Лиссабонда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттемеалуы Қазақстанғаүлкен бедел сыйлады және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моралдық құқық берді.
1992 жылы күзде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47-сессиясы тәуелсіз мемлекет өкілі ретінде қазақстандық делегация қатысқан алғашқы форум болатын. Осы сессияда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы сөз сөйледі.
Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа рөлін назарға ала отырып, Н.Назарбаев былай деп мәлімдеді: Болып жатқан Бас Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл орайда мен ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға бағытталған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын, сондай-ақ пайда болуының өзі жан-жақты болжамдық талдауды талап ететін проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды орын алады.
Осы форумда Н.Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздық сипатын паш етті. Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру тәртібімен бір плюс бір формуласы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға ұлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік сомасы он есе өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрылығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Н.Назарбаев өзінің сөзінде сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл ұғымдар Қазақстан үшін кемінде екі сөзден - Арал мен Семей сөздерінен мен мұндалып тұрады. Кенезесі кеуіп бара жатқан Арал теңізі - шұғыл және ауқымды халықаралық көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. 150 млн тонна тұзды шаңды аспанға ұшырып, Арал өңірінің шөлге айналуы экологияның күрт нашарлауына, 3 млн. тұрғын халқы бар аймақтың экономикасы мен денсаулығы үшін теріс салдарлардың ұлғаюына әкеліп соғады. Егер бұл бүгін он мыңдаған адамдардың қайғысы болса, онда ертең Біріккен Ұлттар Ұйымының шұғыл түрде араласпаса, миллиондаған адамдардың қайғасына айналуы мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымында қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды. Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттанғандықпен атап өтіп жүр.
2001 жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында атты халықаралық конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары В.Петровский: Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-жігерімен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын көрсетті, - деп мәлімдеді.
1996 жылғы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қазақстан атынан Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды. 160 мемлекет осы шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи құжаттың жасалуына Қазақстан да лайықты үлесін қосты, осы мәселедегі біздің республикамыздың принципті ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және қолдау тауып жүр. Аталған Шартқа қол қойып, біздің еліміз ғаламдық мониторингтік жүйені құруға елеулі үлес қосты. Сейсмикалық оқиғаларды қадағалау мақсатында жабдықтарды калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым - Семей полигоны пайдаланылады. Бұл қазақстандық мамандардың осы саладағы халықаралық жұмысқа толық деңгейде қатысуына мүмкіндік берді.
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға зор маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі бастаманы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ құруға қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының жәрдем көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу жөнінде бес Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді. Орталық Азияда осындай аймақтың болуы ядролық қаруды таратпауда және ғаламдық қауіпсіздік режимін нығайтады.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 1995 жылғы желтоқсанда БҰҰ аясында Орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойды. Үш Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның Біріккен Ұлттар Ұйымының болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауын тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағалады. 1996 жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен Біріккен Ұлттар Ұйымының резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні Ұйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын екендіктерін білдірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси проблемалардың, бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қозғайтын проблемалардың шешімін іздестіруге тартылды. Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның саяси басшыларының кездесуі өтті, олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Самитте қабылданған шешімге сәйкес біздің еліміз аталған мемлекеттермен бірге Ауғанстандағы жағдай туралы мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілісін өткізуге бастамашы болды. Оның қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ҚК 1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең авторлары Алматы кездесуіне қатысушы мемлекеттер және АҚШ-ты, Германияны, Италияны, Чилиді және Корея Республикасын қоса алғанда, бірқатар басқа да мемлекеттер болды.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан басшыларының және Ресей Президентінің арнайы өкілінің тағы бір кездесуі 2000 жылғы тамызда өтті. Онда ауған жанжалының Орталық Азияға таралуына және аймақ елдерінің аумағына қарулы бандалық құрылымдардың енуіне байланысты қалыптасқан жағдай қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның қауіпсіздік саласындағы жағдайын нашарлататын ауған проблемасын шешу жөніндегі шұғыл шаралар қабылдауға шақырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарға арналған үндеу қабылдады.
Ауған мәселесін реттеу ісінде тиімді нәтижелердің болмай отырғандығына алаңдаушылық білдірген Президент Н.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен БҰҰ мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғанстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын шақыруды сұрады. Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси, экономикалық және гуманитарлық шараларды қабылдауының басы болар еді, мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына, халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырған кейбір істерді көрсетуге, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды реттеу процесін бейбіт жолға шығару үшін қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.
Қазақстан Ауғанстанның соғыс қиратқан экономикасын қалпына келтіруде әлемдік қоғамдастық тарапынан кең ауқымды көмек көрсету мүмкіндігіне қатысты ауған халқында сенім қалыптасуы керек деп есептейді. Қаруды жеткізуге тыйым салу немесе есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ара-тұра болатын іс-қимыл сияқты жекелеген шаралар ұзақ мерзімді тиімділік бермейді. Мұндай шаралар Ауғанстанда экономикалық оңалтудың жалпы жоспарының бөлігі болуы тиіс. Жалпы жоспар тікетіресіп жатқан ауған топтарының арасындағы атысты шұғыл тоқтатумен қатар эмиграцияға кеткен экономикалық, саяси және интеллектуалдық ел элитасының әлеуенетін мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге пайдалануды қамтиды. Мұның өзі білімге, денсаулық сақтауға және тарихи
сондай-ақ мәдени мұраны қалпына келтіруге байланысты проблемаларды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстан өзінің төңірегіне ауған халқын нақты шоғырландыра алатын, Ауғанстанды мекендейтін барлық ұлттардың құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамасыз ететін, елдің ішкі проблемаларын жауапкершілікпен шешетін және бейбіт сыртқы саясат жүргізетін Ауғанстан үкіметін ресми тануға дайын.
Кейінірек Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның тұжырымдық көзқарасы 2001 жылғы сәуірдегі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының 55-сессиясында ресми құжат таратылды.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарайтын мәселелердің мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл бөлінеді.
Қазақстанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының көлік жүйелерін және тауар өткізудің әлемдік рыноктарына шығудың балама жолдарын одан әрі дамыту жөнінде басқа да азиялық елдермен күш-жігерді үйлестіруге ерекше маңыз беріледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды. Еуропа мен Азия елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара байланысты ұлттық және аймақтық көліктік инфрақұрылымды дамыту проблемасы уақыт озған сайын маңызды бола түсуде.
Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекеттер тарапынан өсе түсіп отырған мүдделіктің, сондай-ақ аймақта тиімді транзит жүйесін қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсінудің куәсі - бірқатар Шығыс Еурова елдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 53-сессиясында осы қарардың тең авторларының қатарына қосылуы болды. Қазақстанмен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 13 мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қызметі Біріккен ұлттар ұйымындағы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының құрылуы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Пәндер