ОҚУШЫ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ РӨЛІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ РӨЛІ

Исахова Г. Ж.

Бүгінгі тaңдa ХХІ ғaсыр тaбaлдырығын еркін aттaғaн aзaт ұрпaққa тәлім-тәрбие мен бiлiм берудi жeтiлдiрyдiң бacым бaғыттapын aйқындaп, ұлттық сaнaны қaлыптacтыpy көкейкесті мәcелелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған: «Ұлы даланы жеті қыры» атты мақаласында Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытты айтып қана қоймай, нақты 7 бағыт бойынша маңызды тұстарын атап көрсетті. Бір байқағанымыз, мақалада біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалық ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы - салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Халық дәстүрі - бұл тарихи қалыптасқан тәрбиелік және әлеуметтік тәжірибенің, мінез-құлық нормаларының, қоғамдық дәстүрлердің жиынтығы. Халықтың мәдени мұрасы педагогикалық құнды идеяларды қамтиды және ғасырлар бойы дәлелденген білім беру тәжірибесі, олар дамып, әлемдік педагогикалық ойларды байытады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі халық дәстүрлерінің рөлі зор. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуындағы ең маңызды кезең - мектеп жасы. Бұл кезең оқушылардың оқуы мен тәрбиеленуінің кепілі болып табылады.

Өзтарихын білмейтін, өз отанын сүймейтін, ата-бабаларының даңқын және мәдениетін мақтан тұтпайтын адам басқа халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық сезімдерін құрметтемейтін болады. Халықтың рухани тәжірибесін қамтитын және оның көркемдік және эстетикалық идеяларын білдіретін халық өнеріне үндеу адамда ұлттық мақтаныш сезімін жандандыруға ықпал етеді. Сондықтан мәдени мұраны, халық өнерін сақтау, оны қазіргі өмірде жаңғырту белсенді және шығармашылық еңбекті талап етеді [1] .

Біздің мақсатымыз халқымыздың мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтейтін үйлесімді дамыған балаларды тәрбиелеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

* мәдениетке қызығушылық танытуға және құрметпен қарауға үйрету;

* балалардың ауызша халық шығармашылығына қызығушылығын тәрбиелеу;

* ана тіліне және оның ерекшеліктеріне сүйіспеншілік пен құрмет көрсету;

* балаларға адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу;

* баланы қолдау, оның шығармашылық қасиеттерін дамыту;

* баланы құрдастарымен дұрыс және достық қарым-қатынас жасауға үйрету;

* басқалардың сезімдерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Осы міндеттерді орындау үшін біз қазақ халық мәдениетінің дәстүрлеріне жүгінеміз [2] .

Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Көркем еңбек пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру көркем еңбек пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін көркем еңбек пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Сол себептен әр сабағын жаңашылдандырып өткізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн. Сабақтың сапасы - ол оқушының білімділігі, біліктілігі, мәдениеттілігі.

Сабақ барысында қыздарды тігінге үйретудегі мақсатым-халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлерімен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету. Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты және дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.

Жеткіншек ұрпақты ұлттық сезім мен рухта тәрбиелеуде ұлттық ою-өрнектердің алатын орны ерекше. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың өмір тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері көркем еңбек пәнінде ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда. Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары меныдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Н. Левитов. Көркемдік -қолданбалы жұмыстар барысында оқушылардың еңбек білімі мен шеберлігін қалыптастыру үрдісінің педагогикалық мақсаты болу үшін оқып, үйрету барысында олардың ақыл-ой қабілеттері мен іс-әрекеттер ерекшеліктерін ескеру керек.

Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты-мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс -тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау-баршамыздың парызымыз.

Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.

Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, көркем еңбек сабағында оқушыларға кәсіби көркем еңбек пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу - қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет - дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Көркем еңбек сабағы - мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Көркем еңбек пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз:

• еңбекқорлыққа;

• ұлтжандылыққа;

• рухани мәдениетке;

• іскерлікке;

• шыдамдылыққа;

• ізденімпаздылыққа.

Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастыруда өзін - өзі тану пәнінің мәні
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
«Қоғамдық білім негіздері»
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz