Қиял ғажайып ертегілер


1. 2. Балаларға арналған ертегілік прозасы үлгілерінің көркемдік - танымдық ерекшелігі
Қазіргі техника табыстары мен ертегі оқиғаларын салыстырсақ, халықтың бір кездегі аңсаған арманы біздің дәуірімізде шындық болып іске асқандығына және сондай болатындығына халықтың кәміл сенгендігін көреміз. Қазақ халқы кейінгі ұрпаққа жақсы тәрбие беруді, оларды зұлымдық әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ қолға алғаны байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес осы тілектен туған. Ертегілерде зұлымдық, жауыздықтың символы ретінде мыстан, жалмауыз, дәу, алып тағы басқалар суреттелсе, әділдіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленеді. Әділдікті жақтаушылар күрес жолында үлкен қиыншылықтарға кездесіп, кейде уақытша жеңіліс тапса да, ақыр аяғында мерейі үстем болумен тынады.
Қай елдің ауызша немесе жазбаша әдебиетін алсақта, барлығында ертегі халықтың қазынасы десек болады. Сол барлық елдердің халықтық фольклорынды «ертегі» деген атау әрі саны көп, әрі алуаны мол шығармалардың тобына арналған жинақты атауы болады. Жалпы алғанда ертегілерге арналған ортақ ерекшеліктері болады: бұл ертегілер қара сөзбен айтылытын оқиғалы көркем әңгіме. Ғажайып оқиға немесе орасан оқиғалы қызықты әңгімелер ретінде құрылған ертегінің бәрі де тарихпен күнделікті тұрмыспен кәсіппен байланысты болып келеді. Осы жоғарыда аталған әңгіменің бәрі де ертегінің түріне жатады.
Ертегі жанрының түп төркіні - алғашқы қауымда пайда болған көне миф, аңшылар туралы әңгіме, хикая және әр түрлі кәде ырымдар мен аңыздар деп есептеледі. Басқаша айтқанда, ертегі жанры өзінің қалыптасу процесі кезінде осы жанрлардың қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ, бағызыларын күрделі дүниелерді азырақ пайдаланған. Солардың ішінде қайсыбір жанрлар өз бітімін жоғалтып мүлде ертегіге айналып кеткен. Соның бірі - миф. Әрине, мифтің ертегіге айналу процесі жылдам болған жоқ, ол ұзақ әрі күрделі жол, бірнеше этаптан өткен.
Кейде, біз ертегіні ойдан шығарылған әңгіме дейміз. Расында да солай ма? Жоқ. Ертегі жанры өз-өзінен немесе ойдан тумаған. Оның негізін қалаған көне прозалық жанрлар алғашқы қауымдық қоғамның түсініктері мен салтын, әдетғұрпын, яғни сол заманның шындығын өзінше бейнелеген. Демек, ертегідегі бізге қиял-ғажайып болып көрінетін кейбір нәрселер - бір кездегі болмыстың, құбылыстың сәулелері. Бұл айтылғанға қоса мынаны де ескеру керек: ертегінің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол кезде ертегі өз төркінінен алыс кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған.
Қазақ халық фольклорының құрамында таза қиялға құрылған жанрлар да бар. Ол - өтірік өлеңдер мен сатиралық ертегілер, қулар жайындағы әңгімелер, мифке негізделген оқиғалар. Мұндай шығармалардағы оқиғалар да қиялдан туған, бірақ бұл қиял классикалық ертегіден басқаша. Ертегінің де өз болмысына байланысты бөліп қарастырылады. Классикалық ертегіде қиял халықтың ертедегі діни наным мен түсініктеріне негізделген, ертегінің даму барысында ол ғажайып сырларға ие болған, соның нәтижесінде көркемделген, эстетикалық сипат қабылдаған. Ал өтірік өлең мен қулар жайындағы ертегілерде қиял көне дәуір түсініктерімен еш тоғыспайды, қайта ол шығармадағы оқиғаның жалған екенін дәлелдеуге қызмет жасайды. Демек, мұнда қиял өтірікке бағытталған болып есептеледі. Сол себепті шығармадағы оқиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеті еш сенімсіз, ешқандай логикаға сыйымсыз болып келеді, тіпті ешқандай этикаға да сай болмайды. Міне, осы логикаға да, этикаға да сәйкестенбейтін өтірігі күлкі тудырады. Сондықтан бала жеңіл нәрсені әр қашан күлкіге айналдырады. Классикалық ертегідегі қиял өмірден қаншама алшақ болып көрінгенімен көркемдігі мен этикасы жағынан логикаға қонымды, өйткені онда қиялдың өмірге сай болуы міндетті емес, тіпті ондай мәселе тумайды да. Ертегідегі шарттылық көркем қиялға, ғажайыпқа негізделген. Оның мақсаты - әсірелеп, әсерлі етіп баяндау, ертегілерді тамашалау мен тыңдаушының бар назарын аудару.
Ертегі жанры - аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі, яғни көркем проза. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат тудыру. Басқаша айтқанда, ертегі жанрының көркемдігі кең, ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық роль атқарады. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшеліктері осы екі функциядан шығады. Сондықтан ертегілік функцияның ең басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әрлеп әңгімелеу. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта, керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Ал ертекші әңгімесін өмірде шын болған деп дәлелдеуге тырыспайды және тыңдаушының өзі де оның шынайы немесе жалған екенін білуге ұмтылмайды. Егер оны сол қызықтырса, онда ол ертегі бола алмайды. Нақты фактіге сүйенген тарихи оқиға болып кетеді.
Ертегідегі ғажайып қиял (фантастический вымысел) адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетіледі, өйткені бұл жанрда ғажайып (фантастика) көркем тәсіл, бейнелеуші құрал ретінде пайдаланылады.
Өмірдегі реальды шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету - ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнынан барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш жұмсайды. Олай болса, ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттері қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге де, тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Мәселен, хайуанаттар жайындағы ертегілерде әлсіз, бейшара түлкінің айбынды арыстанды жеңуі - өмірде еш қисыны жоқ өтірік. Бірақ ертекші осылай көрсетеді, себебі ертегі жанры осыны талап етеді. Және тыңдаушы да осылай болғанын қалайды. Сол секілді, адамның өзінен әлденеше есе күшті жеті басты айдаһарды жеңуі де - осы заңдылықтың бейнесі. Бұл заңдылық қарапайым халықтың жуандардан кек алуды көксеген тілегінен туған.
Халық әлсіздерді жақтап, оларды күшті етіп көрсеткісі келеді, сөйтіп қиял жүзінде болса да әділеттік орнатқан, арманын іске асырып отырған.
Демек, ертегі жанрында қиял мен ғажайып идеялық та қызмет атқарып тұр. Бұл заңды да, өйткені классикалық ертегі адамның рухани азығы болумен бірге идеологиялық та құралы болған.
Ертегі күнделікті сұхбат әңгімеден ерекшеленіп тұрады. Оның айтылуы, аңыздық прозаны айтудан басқаша, ол сұхбат тақырыбына қатысты болмайды. Ертегі арнайы айтылады, белгілі бір композициялык схема бойынша баяндалады, яғни мұнда идеялық, көркемдік тұтастық бар. Осы тұтастық бұл жанрға басқа қасиеттер дарытады. Ол - композицияның және эстетикалық мұраттың тұрақтылығы, басаяғы оралымдалған «тұйық уақыттың» («замкнутое время») [50] болуы, көркем шарттылықтың міндетті түрде орын алуы, т. т.
Сонымен, біз ертегілік прозаның пайда болу процесін, оның көркем жанрға айналу тарихына шолу жасап, жанрлық ерекшеліктерін сипаттап шықтық. Өзінің әу баста адамның еңбек процесінде дүниені, өмірді танып-білу мақсатында пайда болған миф, хикая, аңшылық әңгімелерден шыққаннан бергі талай ғасырларды қамтитын тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның бейнесі мен болмысының, түсінік-пайымдарының ықпалын, олардың ізін кейінгі заманға жеткізді. Әсіресе, феодалдық қоғамның бүкіл шындығын көркемдеп бейнеледі. Қазақ ертегілерінде көбінесе хандық-феодалдық қоғамның көрініс табуы осыдан. Осы тұста ертегі фольклорлардың барлық жанрымен араласа, біртұтас фольклорлық жүйенің құрамында дамыды.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерімен талантымен дарындылығымен өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Балаға қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуінде, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.
Қиял ғажайып ертегілер. Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер - қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді «Зымыранның» өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Мұндай ертегілердің көпшілігі ғылым болжамдарына сәйкестендіріліп шығарылады. Сондықтан оларды ғылыми-фантастикалық ертегілер деп жүрміз.
Қиял ғажайып ертегілер бұл топқа қосылатын көбіне көне заманнан бері келе жатқан тарихтың айғағы десекте болады. Бұл ертегіде наным сенімдер, тұрмыс болмыстың ең көне түрін көрсететін әңгімелер. Бірақ ерте заманың туындылары болғаны мен, кейінгі замандарда айтылу қолданылу арқылы соңғы замандар әсерлерін жұрнақ жұындарында әңгімелік құрлысына, идеялық мазмұнына, тіл, түр ерекшелігіне соңғы үстемелер, қоспалар есебінде ілестіре жүрген ертегілер болады.
Ерте заманда ғана емес сонымен қатар, біздің қазақ халқының да жаңағыдай табиғат пен адамның шатасуы арқылы туған қиялдық, мифтік түсініктері-сол ертегі аңыз ретінде туып отырған. Ол ертегілерде халықтың басындағы қоғамдық тартысты, күштісінен көрген қиянат, зұлымдық-зорлығы, халықтың әділет арманы да түгел жиналған. Сол күндегі адамның шама-шарқына қарай құралған, өзінше асыл мұрасы болған. Қанша қиял -ғажайыпқа толсада адам еңбекпенен табиғат күштерін творчесталық түрде жеңбек болған қиялы көрінеді және арнамы байқалады. Қазіргі таңдағы көптеген техникалық прогрестің бірталайын ертегінің қиял бейнелері алдын ала болжалып, бұлдыр түсті аңғартқандай болды.
Аяғына тас байлап жүгіріп, безінген киіктердің алдын орайтын желаяқ адам да осыдан туған десек болады. Ер Төстікке серік болған көреген батыр, естігіш батыр, тау соғар, көл таусарда - бәрі де адамның сол бір ұлы армандарынан туған. Сол қиялға байланысты туған қазіргі техниканың да сан алуан түрін байқасақ болады. Бала дүниеге келісімен ақ арман мен қиялға, алдына мақсат қоя білуге үйреткен абзал. Осы мифтік ойлау арылы бала алдағы өмірін өзі жасай алады. Өзіне ғана емес, халыққа әлемге тигізер пайдасы орасан зор. Мүмкін бала болашақта тау соғар болмасада, елге пайдасы тиер техника ойлап табар. Қай ертегіні алып қарасақта балаға берер танымдық мәні өте көп. Қиял-ғажайып ертегі баланың алға бастар асыл тілекті, жалпы адамзаттың тілегін іздетіп, адамды кездіріп отырған құр еріккенің ермегі емес. Кейін адам қауымын нақтылы білімге, ілімге өнер табысқа, Горкий атаған техникалық прогреске жеткізген ізденгіш ойдың пайда болуы осы қиял-ғажайып ертегіде көрсетіледі. Ертегі осындай қазынаны сақтаған және осындай талапқа беттеген ерлерді қатты мадақтаған. « Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деп, сол сүйген жандарды қайтыс сапарында молшылыққа, табысқа кенелтеді. Қиял ертегісі - адамзат турылы, адамдардың қуаты мен күші, қасиетті ой ойлағаны жайында берілген әңгіме. Сондықтан ол өзінің еліне «іздесең -табасың, алыссаң -аласың» деумен қатар, жабайы жайын табиғатқа шұлғи берме дейді.
Қиял тудырған жануар затынан: «айдаһар, жеті басты жылан, қара құлақ қорқау қасқыр, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік» [51] сияқтылар айтылады. Бұлардың бір тобы ертегінің кейіпкеріне дос болып, бір тобы әр кез қас күш есебінде әрекет етеді. Жалғыз көзді жалмауыз, жеті басты жалмауыз, мыстан кемпір, айдаһар, жезтырнық секлділер үнемі айнымас жаулар болған.
Ертегідегі кейіпкерлерге арнайы тұрмыстық заттарда белгілі бір кейіпке еніп отырған. Мысалы, алып қара құс, тұлпар ат және неше алуан тоқпақ, қазан, жүзік, айна, дастарқан, қырық құлаш семсер сияқты заттар ердің көмегіне немесе зиянына жарап отқан. Осылай екі жар болып бөлінген бұйымдар арасында кейдк дос, кейде қас болып кездесетін алуан қиял кейәптер болған. Олар: алыптар, көл таусар, таусоғар, желаяқ, саққұлақ сияқты бір топ жандар және осыларға қарама-қарсы жүретін жылан патшасы, басы алтын киік, жады кемпір, жұмбақ жар сияқтылар болған.
Ертегіде кездесетін адамға қас күштер жайында Горкий мынандай тұжырым жасаған. «Көне ертегілердің геройлары сорақы, сұмырайлар, Жалғыз көзді Лихо, Өлмес Кащей, Жалмауыз кемпір сияқтылар болады. Бұлардың барлығы табиғатқа құдіреті жүретін ерекше күш иелері және өздері адамға өзгеше қас-ызалы. Осыларды кім тудырған, бұлар қалайша араласқан және бұлар кімді қорқытады, ол арасын айыру қиын, бірақ, мөлшермен болжағанда, жасырын білімнің қуатын билеуші осы сұмырайлар оқиғаларға арласқанда әдейі қорқыту, шошыту үшін араласатын сияқты»- дейді. 8
Осыдан түйгенімізді шығарсақ, адам баласы тумасынан өмірдің екі тоғыспалы тоқпағымен қатар жүреді. Бала да дәл сондай күйде болады. Бала өмірде бірденеден қорықса ол соны жеңуге бойсұнады. Оны қайрайтын алға қарай жетелейтін түрлі күштердің бар екенін сезену арқылы қорқынышын жеңуге тырысады. Осы ертегіні оқи отырып, өзін бас кейіпкердің орына қойып, қандайда зұлымдық иесі болмасын, адал, әділетті жолмен жүруге тырысады. Түбінде жеңіске жететінін білетін бала, қандай сынық болмасын, шыдамдылық танытып әркет етеді.
Қиял-ғажайып ертегілерінің классикалық типі қаһарманды басқа дүниеге аттандыру, ғажайып құралдар мен дүниелерді табу, қиын тапсырмаларды орындау, құда түсу, жауыз күштерден құтылу сияқты композициялық бөлшектерді қамтиды. Ол көбінесе қаһарманның үйленуімен және таққа отыруымен аяқталады. Ертегілердің классикалық түрі шығыс пен батыс халықтарына кең таралған. Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері ерекше дара тұрған дүниелер емес, оның көптеген сюжеттері дүниежүзіне белгілі ертегілердің варианттары болып келеді [52] .
Ертегі әдетте қаһарманның үйден аттануымен бастау алады. Оның себептері әр түрлі: бірде үйірімен жылқы ұрланып, ағайынды жігіттер ұрыны іздеп шығады («Сәрсенғали»), бірде мыстан кемпірдің алдын ала ескертуі бұзылып, әкесі оған ұлын жіберуге мәжбүр болады («Қаратай»), бірде қаһарманның шешесін Алып Қарақұс әкетіп, қаһарман оны іздеуге шығады («Қанбаба») . Басталудың мұндай типтері барынша көне болып келеді. Ғажайып образдар арқылы өрнектелген табиғаттың жауыз күштері мен адам арасындағы арасалмақтың бұзылуынан сюжет арқауы тарқатылып отырады
Алғашқы рулық құрылыстың ыдырауымен және семья ішіндегі алауыздықтың пайда болуымен халық арасында ертегінің басталуының жаңа формасы пайда болады: «Алтын айдар» мен «Үш қызда» бәйбіше тоқалдан туған баланың орнына күшік салып қояды, хан тоқалды үйінен қуып жібереді; «Байдың кенже ұлы мен пері» ертегісінде кіші ұлының берген кеңесіне шамданған әке оны үйінен қуып жібереді. Кейінірек кезде ертегілерде әлеуметтік мотивтер ене бастайды. Кейде жігіттің әйелін ұнатқан хан оны өлтіру ниетімен әр түрлі қиын жұмыстарға жұмсайды («Барып кел де, алып кел», «Адам білмес тас») .
Үй-ішімен қоштасып қаһарман жолға бет алады. Оның алдында сиқырлы заттар немесе қалыңдық табу мақсаты тұрады. Осындай мақсатта жолға шыққан жолаушы, мұндай ертегіде өз олжасын жіберіп алмауға тырысады. Кейде оны сапар шегуге итермелейтін өзінің табиғи әуесқойлығы итермелейді. Осы жолда ол кездейсоқ бақыт табады. Қолына темір таяқ ұстап, аяғына темір етік киіп, қаһарман елдің ең шетіндегі жат сырлы құпиялы дүниеге - алыс жолға сапар шегеді («Ер Төстік», «Қанбаба») . Жат сырлы дүние бір жерде жердің үстінде, бірде астында, бірде көкте болып кездеседі. Кейде ол адам басып өте алмайтын шөлді құм дала арқылы өтетін биік таулардың арғы жағында болып шығады. Оған жету үшін дамылсыз қозғалып тұратын, «жаны бар» алып таулардан, жанып тұрған теңізден немесе аспанды тіреп тұрған таудан өту керек. Қазақ ертегілерінде жырақ жатқан тылсым дүние суреттелмейді, ол кәдімгі қазақ жеріне ұқсас болып келеді. Қазақ ертегілерінің сарыны қарапайымдылыққа бейімделген. Ертегі неғұрлым қарапайым болса, соғырлым тез тарайды.
Айтылған жанрдағы басты тақырып - сиқырлы заттардың көмегімен бас қаһарманның небір ғажайыптар мен қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі болады. Мұның үстіне үнемі әділеттік жеңіп, зұлымдық әшкере болып отырады. Ергілердің бұл түрінде дәстүрлі идеялардың комплексі оның композициясымен, сюжеттік желілерімен және қаһармандардың бейнелері айқын анықталған идеясымен біте қайнасып кеткен. Бұл қатаң бірліктен сәл ауытқу қиял-ғажайып ертегісінің мүлдем бөтен түрін туғызады. Егер қаһарман барлық күшін сарқа пайдаланып, небір қиындықтарды жеңіп кетсе, ол батыр атағына ие болады да, мұндай қаһарманы бар ертегі өзіндік ерекшелігімен дараланатын батырлық ертегілер деп аталады. Екінші жағынан, дәстүрлі композициядан ауытқу қиялғажайып ертегілеріне жақын әрі біршама бөтен идеялармен байланыстырылады.
Қиял- ғажайып ертегілері жөнінде айтатын тағы бір екрекшелік- бұлардың бір талайы мысқыл сатира түрінде туған әңгімелер болады. Негізінде қанаушы тапқа халық қарсылығын көосетуші ертегілердің бәрінде көркем бейне арқылы тап тартысы байқалады.
Сол ретте қиял-ғажайып ертегілерінде де өзге барлық ертегілер түріндей, сатиралық ертегілер өзгеше орын алады. Қанаушыл, зорлықшыл, қаскөй күштерге қарсы арналады. Қанаушыл, зорлықшыл қаскөйлерге қарсы арналған халықтың ащы мысқыл, аямас ажуас бұл жөнінде де үлкен қызықтық үлгілер тудырды. Қиял ертегілерінде бұл топтар қиянатшыл хандарға қарсы, уәзірлерге қарсы, әр алуан озбыр байларға қарсы туған сатиралық қиял-ғажайып ертегілер: «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек», «Қаңбақ шал», «үш ағайынды жігіт», «Айлкер шал», «Хасен» сияқты ертегілер. [53]
Қиял -ғажайып ертегілер жайындағы сөзді аяқтай келе, тағы бір атай кететін нәрсе, олардың тіл кестесі, сөздік құрамдыры, жалпы әңгімеленуі мен көркемдік еркешелігі туралы. Бұл ертегілердің айтылу әдетінде өзінше басталу мен аяқталуы болады. Әңгімелеу үстінде белгілі бір кейіпкерлер оқиғаға араласқанда айнымай айтылып отыратын сөз айшықтары, оқшау сөйлемдері болады. Ертегі басталарда: «Есте жоқ ескі заманда», «Баяғы өткен заманда», «Ертек, ертек ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрығы оның ұзын екен!» деген сияқты желдірмені жаяулатқан өлеңсымақпен басталатыны да бар. Бітер кезде: «Барша мұрат басына жетіп, сақалы сирағына жетіп, бір жан өтіпті» деген сияқты аяқтаулар болады.
Әңгіме ортасында құбыжық пішінді жат жандар: «Абалақтай анам-ай, қайдан келдің, балам-ай» деп оқиғаға кіріседі. «Адамзат иесі шығады»-, деп сөйлеп шығады. Қызды айтса: «Ай мен күндей, әмбеге бірдей»-, депе келеді. Оқшау мекенді айтса: «Айдалада ақ отау», «Жұлындай жерден жіптіктей түтін шығады» дейді. Жер бітімінің қиынына айтса: «Тескен тау»дейді, «Жер ортасы көк төбе» дейді.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері қаһарман үйленіп, хан болуымен тынады. Бұрынғы қызғаншақ хан мен оның зұлым уәзірі, ханның айуандық әрекеттеріне көмектесуші арамза кемпір мен ағайынды сатқындардың барлығы не қатаң жазасын тартады, не кешірім алады. Әр зұлымдық жасаған кейіпкер өз жазасын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz