Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ИСЛАМ ДІНІН ЗЕРТТЕУДІҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері . . .

1. 2 Әлемдік мәдениеттің дамуындағы ислам құндылықтарының алатын орны . . .

1. 3 Әділдік пен теңдік ислам дүниетанымының негізі . . .

2 ИСЛАМДАҒЫ ӘДІЛДІК ПЕН ТЕҢДІК ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРТІПТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

2. 1 Исламның алғашқы ғасырлардағы әділдік пен теңдік принциптерінің қоғамдағы көрініс табуы . . .

2. 2 Қазіргі қоғамдағы әділеттілік пен теңдік принциптерінің жалпы сипаттамасы . . .

2. 3 Қазіргі заманғы ислам юриспруденциясы әділдік пен теңдік туралы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

  1. ИСЛАМ ДІНІН ЗЕРТТЕУДІҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1 . Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері

Теориялық сананың дамуының соңғы кезеңдерінде авансценада эпистемологиялық структурализм құндылықтар проблемасы шыға бастады. Бұл процестердің түпкі тамыры Батыс пен Шығыстың дүниетанымдарының өзара қатынастырының тереңдей түсуіне байланысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде ғалымдар жиі-жиі ғылыми конференциялар өткізіп, құндылықтық қатынастар мәселесінің әр түрлі көріністері жайлы пікірлерін ортаға салып, зерттеуді тереңдете түсуде. Біздің елімізде де соңғы кезде бетбұрыс байқалады.

Өркениеттілік тек техника мен құқық жүйесі және тағы басқа көрсеткіштермен өлшенбейді. Біз үшін өркениеттіліктің басты көрсеткіші ол құндылықтар жүйесі болып табылады. Құндылықтық бағалардың адам өміріндегі алатын орны жоғары. Олар түпнегіз ретінде адамның іс-әрекеттерінің қозғаушы күші, мативациясы болады. Сондықтан кез-келген әлеуметтік ортада орнығуы басты философиялық мәселе.

Әрбір құбылыстың өзіндік құрылымы басқа болмыстың элементтерімен байланысы, қатынасы болады. Осы тұрғыдан алғанда құндылықтар жүйесіне де әр қилы сипаттамалар беріліп, оның құрылымдық негіздерін анықтауға талпыныстар жасалынуда. Олардың ішінде қайсысы Ақиқатқа сәйкес келетінін әлемдік практика көрсете жатар. Сондықтан осы мәселе жөніндегі көзқарстар мен ой-тұжырымдарына экскурс жасап көрелік.

Кант алғашқылардың бірі болып философияның нағыз айналысатын мәселесі құндылықтар екенін айтқан болатын. Ол өзінің аксиологиялық жүйесін баршылықпен болуға тиістілік арасындағы, нақтылық пен идеалдылық арасындағы жікті ажыратудан бастау қажеттілігіне әкеліп тірейді. Осы орайда Қ. Әбішев философияның жалпы ғылымдардан айырмашылығы - оның болуға тиістіліктермен айналасуында деген ойды тұжырымдайды [1] .

Сөйтіп, И. Кант құндылықтарды - ерік пен жігерге бағынған талаптар; Адам алдындағы мақсаттар; кейбір факторлардың адамдарға маңыздылығы деп түсінеді. Ал, енді Гегель болса құндылықтарды екі үлкен топқа жіктейді экономикалық (утилитарлық) және рухани құндылықтар деп. Бірінші құндылықтарға негізінен тауарларды жатқызады. Олардың маңыздылығы (тауарлардың) құндылығында, ерекше қасиеттерінде емес, ол адамдардың сұраныстарына, қажеттіктеріне байланысты анықталады, яғни үнемі қасиетке ие құбылыстар деп бағалайды. Екінші топқа жатқызған құндылықтарды рухтың еркіндігімен байланыстырады. Ол “барлық құндылық пен маңыздылыққа ие болған нәрселер өз табиғаты бойынша рухани”, - болып есептеледі деген ойды білдіреді [2] .

Адам субьектілігі белсенділігінің көрінісі ретінде құндылықтар әлемі субьект аралық байланыстың нәтижесінде ғана маңыздылыққа, мәнділікке ие болады. Барлық құндылықтарды жинақтап, қордалайтын болсақ олар Адам әлемінің өзіндік рәміздік бірлігін білдіреді. Бұл бірігудің іштегі жіктелуден тұратынын да ескеру қажет (сапалық және мөлшерлік тұрғыдан) . Материалды өмірдің құндылықтары өзіндік електен өткізіліп (әр заманның материалдық жағынан иерархияланған құндылықтар жүйесі бар), жіктелсе, саясат, экономика, мораль, өнер, ғылым, дін, әлеуметтік тәртіп сияқты салалар автономиялық түрдегі құндылықтық ауқымдарды құрайды. Ал, рухани құндылықтар осы салалардың әр қайсысымен байланыста болып, оның ішкі өзегіне айналады. Ал, бұл қызметтің орындалмауы әрбір саладағы құндылықтардың жандануына әкеліп соқтырады. Сондықтан құндылықтар жүйесіндегі ішкі диалектикалық байланыс осындай сипатта көрініс беріп отырады.

Құндылықтарды зерттеудің әр түрлі тұрғыларына байланысты оларды жіктеудің жолдары әр қилы. Құндылықтық сананың абсолюттілігі мен салыстырмалылығы диалектикасын зерттеу қазіргі кезеңде зор мағынаға ие болып отыр. Өйткені, олар адамзатқа ауадай қажетті стратегиялық құндылықтар (мақсат құндылықтар) мен өтпелі кезеңнің мәселелерін шешуге ықпал ететін салыстырмалы құндылықтардың (құрал-құндылықтар) өзара байланысын, оның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлін анықтауға, универсалды бағдарларды айқындауға түрткі болады. Адамзатқа қажетті универсалды құндылықтық бағдарлар осы әлеуметтік-тарихи тәжірибенің, іс-әрекеттің нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, бұл тарихи процесте ауытқулар мен жаңылысулар көбейіп, Ақиқат жолын қателіктер қаупі де үнемі болып тұрады. Сондықтан әлеуметтік болмыста рухани құндылықтардың үстемдігі мен басымдық танытуы ғана құндылықтар құрылымының шынайы кейпін сақтап қалуына, адамның жетіле түсуіне арқау бола алады.

Құндылықтық сана әлеуметтік ұйымдастықтың ауқымында қалыптарды, яғни ойлау мен іс-қимылдың шекараларын анықтап отырады. Құндылықтар мәні тереңде, олар тарихта өткен кезеңді қазіргі шақ арқылы болашақпен байланыстыруға ұмтылады. Ал, қалып болса белгілі бір тарихи кезеңнің сынағына ұшыраумен болады, сол кезеңді үйлесімдендіруге қызмет етеді. Құндылықтар универсалды өлшем ретінде адам болмысының діңгегі болып есептеледі. Сондықтан құндылықтық өлшемдердің өзгеруі қалыптардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Әсіресе, өзгерістар динамикасы мұраттардың жаңа түрлерін туындатады, әлеуметтік ауқымда кең етек алуына себепкер болады.

Сөйтіп, И. Кант құндылықтарды - ерік пен жігерге бағынған талаптар; Адам алдындағы мақсаттар; кейбір факторлардың адамдарға маңыздылығы деп түсінеді. Құндылықтарды анықтау үшін оның субьектісінің елестету, ойлау, бағалау деңгейіне де көңіл аударуға тиістіміз. Өйткені, көп жағдайда құндылыққа үлгі (эталон) болатын түсініктер. Құндылықтық қатынастар философияның негізгі мәселесі “Адам Әлем” қатынасыың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол танымдық, болмыстық ұғымдық негіздермен қатар тұратын философиялық теорияның бір саласы, әлеуметтік философияның зерттеу объектісі. Қоғамда қалыптасқан және өмір сүретін құндылықтық қатынастарға, олардың жүйесіне қарап, сол әлеуметтік болмыстың өзіндік келбетін, оның әлеуметтік портретін жасауға болады. Әсіресе, қоғамдық жүйелер бір күйден екіншісіне ауысып жатқан кезінде, бұрынғы үлгілер сараптан өтіп, жаңалары қабылдану уақытысында әлеуметтік кеңістіктегі құндылықтар бағдары үлкен өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан бұл проблемаларды теориялық сараптаулардан өткізу өзектілігі зор мәселе болып қала бермек.

Әлеуметтік философияның өзегін құндылықтар әлемі құрастырады, оның себептері де жеткілікті: адамдағы түбегейлі мәдени қайшылық бар нәрсемен ғана шектелмей, тиістілікке ғана ұмтылумен байланысты. Адамда, әрине қанағат бар. Бірақ ол тыңбай әрекет етеді, өзін жетілдірейін дейді, шексіз армандайды, игі мақсаттар қояды, яғни жарық дүниеге құндылық көзқараспен қарайды. Осы сипатта аксиология(грек axia - құндылық және logos - ілім, сөз) ілімдердің ең маңыздыларына айналады және де бұл ілімнің философиялық сипаты басым келді [3] .

Екіншіден, әлеуметтік мәдениет реттеуші қызмет атқарады және ол еркін таңдауға негізделген. Кісілік қасиеттерді бойына жинағысы келген тұлға ізгілік пен зұлымдықты, ақиқат пен жалғанды, әсемдік пен сұрықсыздықты, ар-ұят пен арсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, махаббат пен жеккөрінішті және тағы басқа айыра білуі қажет. Жоғарыда аталға құндылықтар мәдениет қалыптары ретінде де әрекет етеді.

Аксиология - құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Аксиология философияда 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында философияның жалпы “құндылықтар проблемасына ” қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді. Буржуазиялық философияда бұл мәселелерге ( өмір мен тарихтың мәні, танымның бағдарлылығы мен негіздемесі, адам әрекетінің түпкі мақсаты және оны ақтау, жеке адам мен қоғамның қатынасы және т. б. ) ғылыми талдау жасауға болмайды дегенді басшылыққа алады. Құндылықтар проблемасы сөйтіп, барлық нәрсенің жаппай шешімінің сипатына ие болады және ерекше ғылыми зерттеуден тыс дүниеге көзқарастың өзіндік тәсілі деп есептеледі. Бұл орайда құндылық құбылыстары әлеуметтіктен тыс сирек кездесетін құбылыстар ретінде қарастырады [4] .

Аксиология жеке ілім ретінде дараланғанымен, “құндылықтар деген не?” проблемасы тарихтың терең қойнауларынан қойылып келеді. Ахура - Мазда мен Ахриман өз құндылықтары үшін бітіспес күресте болды. Заратуштраның даналығы жақсылық пен жамандықты ажыратып беруі. Антикалық заманда адам қарай бетбұрыс бастап (Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов) , “Игілік дегеніміз не?” деген мәселе қойылды (Сократ) ; Платон оны транцендентальді абсолютті ізгіліктен іздеді, Протогор барлық нәрсе адаммен өлшенеді, бағаланады деген; Аристотель алғашқы аксиологиялық типология беруге ұмтылды. Ортағасырлық діни философияда рационалистік ұстаным-парадигма үстемдік еткен жағдайда құндылық білімділіктің тасасында қалды [5] .

Әлемнің милиардтаған халқының дүниетанымының негізі болып табылатын діни көзқарастар ерте заманнан қалыптаса бастаған, сондықтан діни құндылықтарды дәстүрлі мәдениеттің түрі индустриалды қоғамдарға берген мұрасы деп қабылдауға болады. Үндістан, Таяу Шығыс, Араб жерінде пайда болған үш дүниежүзілік дін кездейсоқ рухани құбылыстар емес. Діндердің пайда болар кезеңдерінде қоғамда әлеуметтік дағдарыстар, құндылықтық құлдыраулар белең алып, әлеуметтік дүние өзін-өзі сақтап қалудың әрекетіне көшеді. Міне, осындай құбылыстардың нәтижесінде адамзат ірі-ірі діни ағымдардың туындауына куә болды. Сөйтіп, құндылықтар - адам табиғатына сай, өмір қажеттілігімен астасып жататын рухани құбылыс. Бірақ, оның догмалық түрге айналып, саясат пен құқықтың қызметін өз мойнына ала бастауы көптеген проблемаларды туындатуы мүмкін [6] .

Кезінде немістің ұлы философтары, Кант пен Гегель құндылықтар мәселесіне назар аударып, әрқайсысы талдаулар жүргізген. Канттың пайымдауынша аксиологиялық түсініктердің қалыптасуы үшін әлемді нақты (реалды) және идеалды деп екіге бөлу керек деген шартты ұсынады. Ал құндылықтар - адамның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы факторлардың мәнділігінен туындайды деген ойды білдіреді. Гегель болса құндылықтарды экономикалық (утилитарлы) және рухани деп екіге бөледі. Біріншісі товардың қүны болса, екіншісі рухтың еркіндігі болып табылады.

Құндылықтар теориясының алуан түрлі көріністерінен біртұтас құрылым туындап, өзінше философиялык келбет қалыптасады. Енді құндылықтар теориясының әр түрлі типтерін құрайтын философиялық және социологиялық концепцияларға тоқталып кетейік.

Алғаш типке - натуралистік психологизмді жатқызамыз. Оның өкілдері кұндылықтардың қайнар көзін адамның биологиялык және психологиялык сұраныстарымен байланыстырады. Объективті дүниедегі кез келген құбылыстың, заттың өзіндік қайталанбас кұндылығы болады. Бұл бағыттың ерекшелігі - әрбір заттың нақты табиғи касиеттерін, оның құндылықтық айшықтарымен астастыруында. Сонымен құндылық, негізінен, эмпирикалық феномен ретінде қарастырылады. Екінші типке - аксиологиялық транцендентализмді жаткызамыз. Онын зегізгі өкілдері- Г. Риккерт В. Виндельбанд және т. б. [7] .

Бұл бағыттан натуралистік көзқарастарға өзіндік оппозицияны байқаймыз. Бұл ағымның ерекшелігі - құндылықтарды идеалды, транценденталды әлеммен тығыз байланысты нормалардан іздеуінде. Бұл құндылықтардың катарына Ақиқат, Сұлулық, Игілік, Еркіндік сияқты рухани әлемнің құбылыстары жатады. Сонымен кұндылық - қоршаған ортаның нақты заттары емес, сананың қатпарларында қалыптасатын транцендентальді нормалардың әрқилы формалары. Философия рухани дүниенің ерекше саласы ретінде, осы бағыттың өкілдерінің пайымдауынша, құндылықтардың сипатын ашуға жақынырақ тұрады.

Персоналистік онтогонизмді үшінші типке жатқызуға болады. Бұл бағыттың өкілі М. Шелер. Басты ерекшелігі - құндылықтар дүниесінде өзіндік иерархия бар деп есептейді. Бұл жүйенің ең жоғарғы сатысына шексіз субстанция - құдай тұр. Ал оған деген махаббат- адам сезіміндегі ең жоғарғы форма деп есептеледі. Бүл құндылықтан кейінгі орындағы «әсемдік» пен «танымдық» құндылықтары қойылды. Келесі типке-мәдени-тарихи релятивизм жатады. Бұл бағыттың өкілдері - Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин және т. б. [7. 354 - 377, б. ] .

Олар аксиологиялық плюрализм идеясын ұсынады, яғни әр құбылыстың көпжақты құндылығы болуы мүмкіндігіне тоқталады. Құндылықтардың социологиялық концепциясын тағы бір тип ретінде қараймыз. Бұл бағыттың негізін салушы М. Вебер. Ол жаңакантшылармен келісе отырып, олардың құндылықтық нормаларын әлеуметтік іс-қимыл мен әлеуметтік білімді тұжырымдауға қолданды. Сөйтіп, социологияда алғашқы рет құндылықтар мәселесі күн тәртібіне қойылды. Құндылық - әлеуметтік субъектіге қажеттілігі бар, маңыздылығы бар норма деп алынады. Осы көзқарастарға ұқсас құрылымдық - функционалды талдау мектебіне (Парсонс және т. б) құндылықтар ұғымы - әлеуметтік байланыстарды анықтау, әлеуметтік институттардың қызметін қарастыруға методолгиялық негіз болған.

Маркстік филосфия құндылықтарға арнайы тоқталмаса да жалпы оларды әлеуметтік-тарихи, экономикалық және таптық мәселелермен тығыз байланыста қарастырады. Марксизм көтерген құндылықтар “теңдік”, “еркіндік”, “әділеттілік” және т. б Жалпы адмзаттық рухани құндылықтар қатарына жатады. Бірақ бұл қасиетті құбылыстар қоғамда орнауы жөніндегі мәселеге келгенде, үлкен ағаттық жіберіледі, яғни күштеу, зорлау, басқа сөзбен айтқанда революциялық жол таңдалады. Құрбандығы мол коммунизм жолы өз ықпалын азайтып, тарихта феномен болып есепте қалады.

Аксиологияның ілім ретінде қалыптасуына үлкен үлесін қосқан философ «новатор» Ф. Ницше болған. Ол өзінің «Мораль генеологиясына» еңбегінде құндылықтар дүниесімен философтар айналысу керек екендігіне, негізінен адамдардың “жақсы мен жаман”, “игілік пен зұлымдық” сияқты қарама-қарсылыққа бөлу дәстүрін терең талдау өткізілу қажеттігіне назар аударады [8] .

Шынымен, кез-келген құбылыс өз көріністерін әр-түрлі жағдайда әрқилы байқатуы мүмкін. Сондықтан құбылыстар қасиеттерін абсолюттеуге болмайды. Мәселен “игілік” деп есептелген құбылыс уақыт өте келе өзінің қарама-қарсы мағынасына ие болуы мүмкін. Әрине, құндылықтардың мән - мағынасын үнемі өзгертіп, оларды сынға алу болмас. Мәселен, әлемге, адамдарға, әсемдікке деген махаббат, кешірімділік, қанағатшылдык, мейірімділік, еңбекқорлық сияқты құбылыстар қай ғасырда болмасын өзінің тұрақты қасиеттерін сақтай алады, рухани дамудың іргелі категорияларына айналып, рухани сабақтастың өзегі болып табылады.

Клакхон атап өткендей, құндылықтар болмаса әлеуметтік өмірдің мән-мазмұны жоғалады.

Жоғарыда айтылған ой- тұжырымдарды ескере келіп, құндылық үғымының мәнді белгілерін былай деп айқындауға болады:

  1. Құндылық - адамдырылған дүниенің бастаулары: нәрселердің, заттардың, құбылыстардың тұлғалық әлеуметтікөлшемдері, бағалану деңгейлері, “тірілген нәрселер әлемі”.
  2. Құндылық - мәдени феномен. Мәдениет арқылы құндылықадамдық болмыстың бір тірегіне айналады. Өзімен-өзі бейтарапнәрселер мәдениет өрісіне енгеннен кейін, пайдалы, әдемі, қажет, ұнамды және т. б. бола бастайды.

Қоғамда дәстүрлі кұндылықтармен қатар әрбір тарихи кезең туындататын, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызы бар ерекше құндылықтар өмір сүреді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылығын түзесе, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар бәрімізді біріктіреді.

Құндылықтар қоғамда адамға маңызды жағынан кейде орындарын ауыстырып отырады. Бұл көбінесе қоғамдағы процестердің даму логикасына байланысты болып келеді. Бірақ, кейде тұлғаның өмірінде түрлі себептерге байланысты құндылықтық бағдарларының күрт өзгеруіне де тәуелді болып келетін кездері болады. Сондықтан позитивті мағынадағы тұрақты доминанта - Құндылық өте сирек кездесетін құбылыс. Ол тек жоғарғы идеалды үнемі биік ұстап, рухани дамудың белгілі деңгейіне көтеретін адамның қасиеті.

Құндылықтардың негізгі типологиясында С. Пеппер оларды әлеуметтік, мәдени, тұлғалық, биологиялық тірі қалу құндылықтары деп жіктейді.

М. Рокич өзінің “Нанымдар, ұстанымдар және құндылықтар” (1968), “Адам құндылықтарының табиғаты” (1973) және “Адам құндылықтарын түсіне отырып” деген еңбектерінде құндылықтардың екі тобы бар екендігін айтады: біріншісі адам көзімен көрінетін зат түріндегі құндылық болса, екіншісі әлеуметтік сананың, өзіндік сананың элементі ретіндегі құндылықтар.

Шетелдік зерттеушілер арасында 70-80 жылдыры кұндылықтардың өзгеріп отыру мәселесі кеңірек зерттелді. Мәселен, Р. Вильямс құндылықтың өзгеру типологиясын адамдардың кауымдастығы әлеуметтік, саяси өзгерістеріне жеке және топтық көзқарастардың ауытқуларына сүйене отырып қалыптастырады.

1. Құндылықтардың жасалуы (креация) - тәжірибиенің
кеңеюіне байланысты бағалаудың жаңа үлгілерін, критерияларын
жасау және оны іс-қимылды, мінез-құлықты реттеп отыру үшін
қолдану;

2. Құндылықтар деструкциясы - әлеуметтік өзгерістердің, негізінде белгілі бір құндылықтардың жойылып кетуі.

  1. Құндылықтардың әлсіреуі - адамдар арасында белгілібір құндылықтардың маңыздылығының төмендей басталуы
  2. Құндылықтардың күщеюі - керісінше, ортада жаңа беделдерге ие болып, ауқымын кеңейтіп, жаңа объектілерді қамтуы
  3. Құндылықтарды қолдану - қоғамда бұл құбылыстырационалды түрде колдану, оның рәміздік деңгейінің өсуінескеріп отыруы
  4. Құндылық қатынастарды нақтылау, яғни құндылықтыәрекет ету ауқымын анықтау
  5. Құндылықты шектеу - басқа бір маңыздылығы барқұндылықты қолдану арқылы әр құбылысты мөлшерлі әсер етуоблысын қалыптастыру

8. Құндылықтар экспликациясы, яғни олардың жасырын күйден жарыққа шығуы, белгілі бір формаға ие болуы

9. Құндылықтар келісімі, яғни құндылықтар аралық шиеленістерді шешу мақсатында әр бір құндылықтың басымдылығын анықтап, жүйедегі орнын белгілеу арқылы үйлесімдікке қол жеткізу.

10. Құндылықты интенсификациялау және абсолюттеу - бір құндылықтың адамдардың өмірлік бағдарларына шешуші рөл атқарушы күшке айналуы, көп адамдар үшін маңызды артуы.

Құндылықтар тек әлеуметтік макросалаларына емес, сонымен бірге тұлғалық микродеңгейде де өз ықпалдығымен көзге түседі. Құндылықтар жүйесін әртүрлі элементтері болып есептелетін төмендегідей құндылықтар иерархиясы орын алады:

  • жеке құндылықтар
  • топтық құндылықтар
  • қауымдастық құндылықтар
  • жалпы адамзаттық құндылықтар

Әрине, адамның жеке басының тұлғалық құндылығы жалпы адамзаттық құндылықтармен сәйкес келіп жатса, онда әлеуметтік болмыста үйлесімді ахуал қалыптасар еді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар шынайы діни құндылықтар сияқты адамның “Эгосына”, өзімшілдігіне қызмет етпейді, олар моральдік жағынан тазаруға, тәубеге келуіне, гуманистік іс-қимылдарға шақырады. Ал жеке бастық немесе топтық құндылықтар (оның этникалық, әлеуметтік қауымдар, ұйымдар түріндегі формалар болсын) көбінесе өзінің шектеулі мүдделерін қорғау мақсатында қалыптасады. Сондықтан олар өздерінің кейбір жағымсыз іс-әрекеттерін ақтап алуға бейімділік танытумен болады.

Енді қоғамдағы тұрақты әлеуметтік субъектілердің қатарына жататын әр түрлі халықтардың этникалық санасындағы құндылықтардың атқаратын функцияларына (қызметтеріне) тоқтала кетелік:

  1. Этникалық артық көрушілерге сәйкес (әрбір этностың өзініңқұндылықтар жүйесіндегі этноцентризм қағидаларының деңгейлерінеқарай бағалауларына байланысты) реттеу функциясы (әрбір этникалықтоп өзінің этникалық мүдделеріне тиімдірек бағытта реттелгенінқалайды) ;
  2. Біріктіруші функция - бұл негізінен бір рәміздер арқылы, ішкі топтық ынтымақтастыққа қол жеткізу;
  3. Этнодиференциалау функциясы (бұл этноценризм менэтномәдени төзімділіктің қайшы келуінен туындайтын кұбылыстар) ;
  4. Идеологиялық функция - ұжымдык этникалық іс-қимылдардың ақ-қарасын саралауда жағымсыз істерді “ақтау”, қиындықтар мен қайшылықтарды жеңуде этносты жүмылдыру [7, 246 б. ] .

Мәдени құндылықтарды бағалау жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан және олардың иерархиясы нақты тарихи кезеңде өз бейнесін айшықтай түседі. Қазіргі 21 ғасырға келіп қалған биіктіктен тарихтағы кұндылықтар жүйелеріне (әр түрлі өркениеттегі) үстірт баға беру мардымды іс емес. Өйткені, тарихи қойнауындағы әрбір іс-әрекеттің, әрбір қатынастың, әрбір ой толғаулардың рухы өз күшін жоғалтқан жоқ, оның бәрі әрқайсымыздың түпкі санамызда орналасқан, оның көріністері бейсаналық іс-қимылдар түрінде байқалып отырады. Сондықтан әрбір халықтың санасының әлеуметтік портретін анықтау үшін - олардың кұндылықтар жүйесін зерттеу қажет. Сол құндылықтар жүйесінде адамсүйгіштік, гуманистік нормалар басымдық танытса, онда өркенниеттілік сананың қалыптаса бастағаны. Ал, бұл үдерісте ислам кұндылықтарының алатын орны ерекше болмақ.

Қазіргі Америка жеріндегі «құндылықтар жүйесі» әлемге тасымалдануда, сол бұқаралық мәдениеттің элементтері әлемнің әр түпкірінен табылады. Бұл азаматтың технократиялық дамуды пір тұтқан, сыртқы жылтыраққа әуестенген уақытша кезеңі деп ғалымдар жорамалдауда. Өйткені, адамның өркениеттілік деңгейге барар жолы ол руханилығын ашқанда ғана байқалады, ал өзінің негізгі байлығы етіп рухани құндылықтарды атағанда көрінеді деген ойдамыз. Құндылық табиғатын және ерекшеліктерін зерттеуге жоғарыда аталған жіктемелік тәсілдерден шығады.

Адам өмір сүретін әлем салыстырмалы түрде екі үлкен әлемге жіктеледі. Оның алғашқысын материалдық болмыс құраса, екіншісі ол рухани қатынастар, құбылыстар әлемі болып келеді. Дегенмен, адамның тұлға болып қалыптасуына шешуші рөл атқаратын сала ол рухани әлем.

Рухани құндылықтарды жасайтын да оған құндылықтық бағасын беретін де, оны әлеуметтік өмірде дамытатын да, әлеуметтік практикада керектісін сақтайтын да адам. Әсіресе, тарихта қолданылған құндылықтар жүйесін тұжырымдау халық діліндегі ерекшеліктерді бейнелеу - үлкен ғұлама ойшылдардың шығармашылық иегерлерінің еншісінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің аспектілері және адамгершілік құндылықтар мәселесі
Шығыс философиясы тарихындағы сенім
Саяси құндылықтар жүйесі
Бақыт ұғымының теориялық негізі
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Ұлттық діндердің рухани құндылықтары
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Этика және аксиология
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz