ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Тіл - дүниетаным құралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі. Тілдің тірегі - сөз. Сөз - халқымыздың өткен тұрмыс-тіршілігінің, ой-сезімінің, елдігі мен ерлігінің, парасатының куәсі. Тілдің сөз байлығын танытатын - көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі. “Әлемнің тілдегі бейнесі” көркем туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлттың айшықты тілі көркем шығармаларда көрініс тауып, сол арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге қызмет етеді. Е. Жанпейісов қазақ прозасының тіліне арнап жазған еңбегінде көркем әдебиет тілінің басты ерекшелігін оның эстетикалық қызмет атқаруымен байланыстырады. Ол бұл қызметтің шығарманың мазмұнымен, идеясымен, образдар жүйесімен бірлікте тұрып атқаратындығын баса айтады. Е. Жанпейісов көркем әдебиет тілін әдеби тілдің басқа стильдерінен бөлекше қатардағы құбылыс ретінде қарауды ұсынады. Қ. Өмірәлиев көркем шығарма тілін талдауда тұтастық принципін қолданады. Зерттеуші: « . . . белгілі бір ақын-жырау тілін шығармасында көтерген тақырыппен, идеямен, ол жасаған жанрмен бірлікте алып қарау, сол жанрдың ерекшелігінен шығарып барып зерттеу қажет», -деген байлам жасайды.
Көркем шығармаға қойылатын басты талап - тіл шеберлігі. Әрбір жазушының өзіндік ерекшелігі де тілі арқылы көрінеді. Шығарманың көркемдік, өзіндік бітім болмысын айқындауда жазушылар қолданған тілдік құралдардың әрқайсысының орны ерекше. Көркем шығарма тілі - жалпыға ортақ халық тілі болумен қатар, эстетикалық сезімнің, образды ойдың да тілі, сондықтан оған ерекше талғам қажет. Әрбір суреткердің тіліндегі сөз байлықтарын игере білу, оның ішкі дүниесіне бойлау дәрежесі түрліше болып келеді. Жазушының әрбір сөйлемі мақсатты ойға сәйкес құрылуға тиіс. Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әр қилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері бар. Халықтың тіл байлығындағы этнос болмысын танытатын бояулы деректері барынша сақталған. Соған сәйкес кейде кейін қалыптасқан, бірақ түрлі экстралингвистикалық факторлар мен тілдік жағдаятқа байланысты бүгінде белгілі бір аймақтың тұрғындары тілінде ғана сақталып, әдеби тілдің «сыртындағы» қолданыста жүрген сөздер мен тұрақты тіркестердің көркем шығарма тілінде жұмсалуын арнайы және біртұтас жүйе түрінде қарастыру зерттеудің қажеттілігі мен өзектілігін танытады. Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. Мәдениет - қоғамдық фактор, оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік фактордың ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалып түсіндіріледі. Демек кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, өйткені оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Көркем мәтін - ұлттық бітім-болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру тәжірибесін, ұлттық салт-дәстүр мен наным-сенімін таныстыратын біртұтас дүние. Көркем мәтін - ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір көркем шығарманы оқығанда сол ұлт туралы материалдық та рухани да мәдениет негізімен танысуға болады.
Көркем шығармалар арқылы автордың танымдық аясы мен ақиқат дүниені бейнелеу қабілетіне қарай жазушы баяндап отырған ортаның мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, танымдық ерекшелігін анықтауға болады. Әрбір көркем шығарма - бұл ұрпақтан-ұрпаққа қалатын мұрағат. Сондықтан жазушы тіліндегі әрбір тілдік бірлік сол заманның мәдениетін, өмірлік болмысынан шынайы ақпарат беретін тарихи мұра болып саналады. Автордың ішкі көркемдік дүниесі мен оны тудыру шеберлігін мәтін арқылы тани аламыз. Көркем мәтін автор ойын объективтендіріп, оның шығармашылық көзқарасын таныту үшін, адам туралы, айнала қоршаған әлем туралы білімі мен түсінігін бейнелеп жеткізу үшін және автор танымындағы әлемді басқаға сол қалпында дәл жеткізу үшін жұмсалады.
Қорыта айтқанда, көркем шығарма тілін зерттеу арқылы сөздік қорымыздағы сан алуан тілдік бірліктердің стильдік, мағыналық, функционалдық қызметтерін, олардың заттық мәдени мағынасын, ұлтты таныту қасиеттерін, этимологиялық қалыптасу тарихын анықтауға болады. Осыған байланысты көркем әдебиет мәтіндеріндегі кейіпкерді сипаттайтын лексиканың қолданылу ерекшелігін анықтап, саралау жұмыстың өзектілігін танытады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты - қазақ тіліндегі антоним және синоним сөздердің жеке жазушы шығармашылығындағы өзіндік ерекшеліктері мен олардың қатынасқа түсу сипатын, стилистикалық қызметі мен эмоционалды-экспресивті мәндерін ашып көрсету. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай мәсеселерді шешу міндетке алынды:
- қазақ тіл біліміндегі антонимдер мен синонимдердің зерттелу жайы мен соңғы кездегі антоним және синоним жайлы көзқарас-тұжырымдарға жолу жасау;
- Т. Әбдіков шығармалары бойынша антонимдік және синонимдік қатынастардың әр сөз табына қатысына қарай жасалу жолдарын айқындау;
- қаламгер шығармаларындағы қолданылған антонимдік және синонимдік қолданыстардың мәнін ашу, стильдік қызметін айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы .
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы . Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар - лексикология, әдеби тіл тарихы мен көркем әдебиет стилистикасы, тіл мәдениеті теориясын толықтыруға өзіндік үлес қосып, көркем шығармадағы антонимдік және синонимдік қатынастарды талдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультетінде жүретін «Лексикология», «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау»пәндері мен арнаулы курстарында қосымша әдебиет ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу нысаны мен дереккөздері . Жұмыста Төлен Әбдікұлының шоқтығы биік «Оралу», «Әке», «Ақиқат», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымындайды», «Парасат майданы» повестері, «Оң қол», «Қонақтар» сынды әңгімелері негізге алынды.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыс ғылыми сипаттама әдісі негізінде жүзеге асты. Сондай-ақ, салыстыра отырып зерттеу, кешенді талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері мен тәсілдері де тиісінше пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1 Антонимдердің ерекшеліктері және жасалу жолдары
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, Кейі қапа, кейі ырза. Барша жұртты сынады (С. Сейфуллин) . Кейде қайғы, кейде шат, Кейде тұнық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлет (І. Жансүгіров) . Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ. Мұстафин) .
Осындағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-ылат, қорқақ-өжет, тірі-өлі, паң-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң деген мысалдар жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жамандықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіргендіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасында.
Ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев: «Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасы»-деп айтады[1; 121] .
«Қазақ тілінің антонимдер сөздігінде» Ж. Мусин [2; 58] антонимдерге әр түрлі бағытта төмендегідей тұжырым айтқан:
1. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
2. Антонимдік мағыналық сапалық ұғымдарға тән болады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні олар бір сөйлем ішінде қатар қолданғанда айқын байқалады.
4. Антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылығы мәні жағынан безбеннің екі басындай бір-біріне тепе-тең болуы керек.
Осы секілді антонимияда әр алуан пікір таласын тудырып жүрген мәселенің бірі - тіліміздегі болымсыздық пен қарама-қарсылық мағынадағы сөздердің қарым-қатынасы. Зерттеушілердің бір тобы болымсыздық тудыратын жұрнақтар қарама-қарсы ұғым тудырады десе, екіншілері бұл тұжырымды жоққа шығаруға тырысады.
1. Ақылды адам жай-жай келеді, жан-жағын байқай келеді. Ақылсыз адам айқайлап келеді, жан-жағын жайпай келеді.
2. Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар.
Міне, «осы секілді тілімізде кездесетін ақылды-ақылсыз, балалы-баласыз, малды-малсыз жұптарын антоним ден қабылдаймыз ба, жоқ па?» деген мәселелер күні бүгінге дейін екі жақты сипатталады.
Туынды антонимдер мәселесіне байланысты антоним мен болымсыздық категориясын ара жігін ашу қажеттілігі туады дей келе, ғалым Ж. Мусин бұл сұраққа мынадай жауап қайтарады: қазақ тілінде болымсыздық категориясы- сыз, -сіз, -ма, -ме аффикстері және жоқ, емес дегендер тіркесе қолданылатын сөздер. Және олардың қызметін, семантикалық реңктерін төмендегіше жіктейді:
1. Фактіні жоққа шығарады (тау-тау емес, кісі-кісі емес)
2. Заттың құбылыстың сапасын жоққа шығарады.
3. Іске, қимылға тыйым салады (кел-келме, кет-кетпе)
Бұлардың ішінде заттың, құбылыстың сапасын жоққа шығаратын тобы антонимдерге бір табан жақын тұрады, кейбір зерттеушілер бұларды антонимдер деп атайды. Бірақ бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама-қарсылығы антонимдік қарама-қарсылықтан мүлдем басқаша. Дәлірек айтқанда, бұл жұрнақтар антонимдік мағына тудыра алмайды.
Сын есімге тін антонимдердің мынадай түрлері бар: а) түбір күйінде кездесетіндер :ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, ұзын-қысқа, артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жұқа, арық-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ащы-тәтті, көп-аз, оң-теріс, түзу-қисық т. б; ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді-жалқау, қатты-ақырын, олақ-іскер, оңқай-солақай, сүйкімді-жексұрын, бүтін-жыртық т. б.
Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын жасайды да, ал жағымсыз мағыналары сыңарларын -сыз, -сіз жұрнақтары жасайды. Мысалы:
1. Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.
2. Өнерлі жігіт жер озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
3. Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
4. Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.
Сол сияқты сын есімнің -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы-соңғы, бұрынғы-қазіргі, үйдегі-түздегі,, күндізгі-түңгі, қысқы-жазғы, жоғарғы-төменгі, ертеңгі-кешкі т. б.
Етістікке тән мынадай антонимдер бар: а) түбір күйінде кездесетіндері: озу-қалу, күту-келу, қону-ұшу, шашу-жинау, бару-қайту, ашу-жабу, күлу-жылау, көшу-қону, сату-алу т. б; ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: қартаю-жасару, жоғарылау-төмендеу, татуластыру-жауластыру, айырылу-қосылу, баю-кедейлену, арықтау-семіру т. б.
Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі: а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік-шын, обал-сауап, алғыс-қарғыс, рақат-бейнет, бақ-сор, өмір-өлім, өң-түс, алды-арты, шарапат-кесепат, асты-үсті, пайда-зиян, бай-кедей, жаз-қыс т. б
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: аласы-бересі, байлық-жоқтық, кісілік-иттік, аштық-тоқтық, тарлық-кеңдік, жеңіс-жеңіліс т. б.
Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ақырын-шапшаң, ілгері-кейін, әрі-бері, жылдай-жай, сылбыр-тез т. б. Есімдікке қатысты: анау-мынау, әне-міне, осы-сол тәрізді бірен-саран антонимдер ғана ұшырасады.
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін щендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен үш жолы бар:
1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. Досыңның асын қасындай іш.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып щендестіріледі . Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Көп ақымақтықтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.
3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмасалады. Мысалы: Палуанға оң, терісі бірдей. Ит үрер жақсыға да, жаманға да, Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды(Ы. Алтынсарин) . Ащы менен тұщыны татқан білер. Алыс пенен жақынды жорытқан білер. Бір суып, бір ысып, Барады іш пысып(Абай) .
Жан-жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат-мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз. [2, 116-119]
Ф. Оразбаева, Қ. Есенова: «Антонимдерге ең бай сөз табы - сын есімдер. Ал етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады» дегендей[3; 49], Т. Әбдіков шығармалары тілінің көркемдік ерекшелігін қарастыруда антонимдер ерекше көзге түседі.
М. Серғалиев: «Кейіпкер тілі, көркем шығармада ол кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктері, түптеп келгенде, жазушының шеберлігіне тікелей қатысты мәселе болып табылады», -дейді[4; 223] .
«Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын-жазушылар өзара қарама-қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі»[5; 22] .
Ғалым Б. Шалабаев «Антонимдер де көркем шығарма тілінде белгілі стильдік қызметте жұмсалады. Әдетте, тіл білімінде антонимдер деп мағынасы қарама-қарсы ұғымды білдіретін сөздерді атайды. Оларды орынды пайдалана білу өмірдегі құбылыстарды суреттеп, әсерлі жеткізер шеберлік қырын танытады» деген [6; 82] .
Антонимдерге ең бай сөз табы - сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, есімдік, үстеулерден азды-көпті кездессе, қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады.
Привативті антонимиялық оппазициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-жансыз) лексемалар енеді. Эквиполентті антонимиялық оппазициялар мүшелері арасында тіл тәжірибиесі арқылы орныққан ассоциативті қарама-қарсылық бар. Олардың өздерін іс-әрекетке байланысты туындаған қарама-қарсылықты лексемалар, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер және жыныстық, туыстық нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т. б. Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппазицияларға ажыратып жүр. Градуалды оппазициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді. Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады. Қазақ тілі антонимдердің өзегін градуалды оппазициялар құрайды, ал привативті оппазициялар жиілігі төмен де, эквиполентті оппазициялар өнімсіз қатарға енеді. [7; 51]
Поэзияда антонимдер шеңдестірудің(антитеза) бір тәсілі ретінде қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді. Бұл ретте Абай өлеңдерінен мына шумақтарды мысалға келтіруге болады:
- Жігіттер, ойынарзан, күлкіқымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
2. Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,
Таба алмасам, ақылды болар неміз.
Қыс пенен жаз , күн мен түн , тақ пенен жұп ,
Жақсылық пен жамандық болды сегіз.
3. Қар аппақ , бүркіт қара , түлкі қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
4. Бір суып , бір ысып ,
Барады іш пысып.
Тұрақты лексикалық антоним емес, өз ара сөздердің өзі де көркем шығармаларда бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтыла беруі мүмкін. Мысалы: «Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат »(Абай) деген өлең шумағындағы өз ара мәндес ойын мен күлкі деген сөздер бір-біріне қайшы қойылып айтылған; осы шумақта сыр мен сымбат деген сөздер де қарсы мәнге ие болып тұр. Бұл сөздердің мағыналары антонимдес мағыналар емес; бұлар тек антонимді қолданыс ғана. . [Тіл білімінің негіздері, 165]
Антонимиядағы зерттеушілер назарынан тыс қалып келе жатқан тағы бір мәселе - фразалық анотонимдер жайы. Антонимдік мағына тек бір-біріне қарама-қарсы мағыналас екі сөз арқылы ғана беріле ме, болмаса сөз тіркестері арқылы да беріле ме деген мәселе әлі шешімін таба алмай келеді.
Фразалық антонимдер лексикалық антонимдер сияқты сапалық ұғымдарды білдіргенмен олардан антонимдердің критерийлерінің бәрі бюірдей табыла бермейді. Мысалы, олардың лексикалық антонимдер сияқты қарама-қарсылықты мәні жағынан тепе-тең болып келуі, немесе тілде үнемі бір-біріне қарсы мағынада жұмсалып қалыптасуы шарт емес. Мұның бәрі фразалық антонимдердің тек белгілі орайда, нақтылы контексте ғана бір-біріне қарама-қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсетінін аңғартады. Біздің байқауымызша, антонимдік қатынасқа түсу үшін:
- Фразалық тіркестердің бір немесе екі компоненті тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы мғналас сөздер болуы керек. Мысалы:Өндіржас-өлмелі кәрі, іріткісалу-ұйытқыболу, бейнеткөру-рақатқабатужәне т. б. Мұндағыжас-кәрі, іріткі-ұйытқы, бейнет-рақатдегендер тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы мағыналас сөздер ретінде антонимдік жұп құрайды.
- Антонимдік жұп құрайтын фразалық тіркестерде мағынаға өзек боларлақ бір сөз қайталанып келіп отырады. Мысалы:бағы тайды - бақ қонды, орнын сипады - орнынан басты, есіне түсірді - есінен шығардыжәне т. б. Бұл типтес фразалық тіркестерде ойға тірек, ұйытқы боларлық сөз болады да, ол антонимдік жұп құрайтын тіркестерде қайталанып келеді. Тіркесте айтылатын ой негізінде сол тірек сөз атауы болған зат яки құбылыс жайында болады.
- Антонимдік мағына фразалық тіркестердің компоненттерін түгел қамту керек. Мысалы:өңменімен итеру - бауырына тарту, үміт үзу - дәме ету, қырына алды - мейірі түстіжәне т. б. Бұл - фразалық антонимдердің ішінде ең көп ұшырасатын түрі. Мұнда тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы мағыналас болатын сөздер де, сондай-ақ қайталанып келіп, тіркестерге ұйытқы болатын сөздер жоқ.
Кейде бір зат пен екінші затты қойып салыстыру үшін мағыналарында қайшы мән жоқ сөздер де қолданылады. Ондай сөздер сол контексте ғана қарсы мағынада қолданылатындықтан контекстік немесе стильдік антонимдер деп аталалады. Мысалы:
... жалғасыБұлар мал емес, адам ғой.
(Ғ. Мүсірепов)
Мен-ашу да, сен ақылсың нәрі аққан
Сен-адамсың, мен аждәһа зәр атқан.
(М. Мақатаев)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz