УИЛЬЯМ ШЕКСПИРДІҢ ӨНЕР ЖОЛЫ


Орталық Азия Университеті
Жүніс Гүлдана Ақбергенқызы
УИЛЬЯМ ШЕКСПИРДІҢ ӨНЕР ЖОЛЫ
6М011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша дайындалған дтпломдық жұмысы
Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,
профессор Ж. Ж. Есеналиева
Уильям Шекспир
Жоспар
Кіріспе
- Өмірбаяны, Балалық шағыАтақты Үштік
- Шеспир ұлы драматурШығармашылық жолының үш кезеңіГамлет трагедиясыРомео мен Джульлетта
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Уильям Шекспир (1550-1604)
Ағылшынның ұлы драматургі және ақыны Уильям Шекспирдің есімі бүкіл адамзат баласына әйгілі. Оның жеке басы, шыққан тегі, өмірі мен тағдыры туралы қаншама айтыс тартыстар әлі күнге толастар емес. Дей тұрғанымен оның талан құдіреті мен ғұламалылығына ешкім де шәк келтірмейді.
Шекспир өзінің өмірінде отыз алты пьеса жазған. Олардың арасында «Гамлет», «Макбет», «Король лир», Юлий Цезарь», «Отелло» сияқты жауһар шығармаларымен бірге 154 ғажайып деп айтуға тұрарлық сонеталары бар. Ол соншалықты дана ғұлама, атағы жер жарған қаламгер бола тұра, біздің тізіміміздің неге бел ортасында орын алған? Өйткені, кейбіреулері қанша ренжісе де, жазушылар мен ақындар, жалпы мәдениет пен өнер адамдары адамзат баласының дамуына әлемдік маштабтағы дінбасыларындай, ғалымдар мен саясаткерлердей ықпал ете алмайды.
Олай болса, соған қарамастан, біздің тізімімізге неге бірінші өнер адамы еніп отыр? Өйткені өнер дегеніміз әрбір адамның жеке рухани байлығын дамытып, кемелдендіреді, яғни қоғамның рухани кескін-келбетінажарландырып, мәдениетін жаңа биікке көтеруге үлкен әсер етеді.
Сондай-ақ биік өнер туындылары философиялық мән-мағына бай болып келеді де, олар өз кезегінде басқа тақырыптар мен құбылыстарды шұғыл және шапшаң игеруге көмектеседі. Бұл, әрине, музыка мен кескіндемеге қарағанда әдеби шығармалар табиғатына тән. Мәселен, «ромео мен Джульетта» Шекспир өзінің кейіпкерлерінің аузымен айтылатын «Кісі өлтірген адамды кешіру де қылмыс» деген сөзі /біреулерге ұнасын, мейлі ұнамасын/ философиялық тұжырымға ғана емес, сонымен бірге саяси-әлеуметтік мәселеге де ықпал етпей ме?
Шекспир - бұл әлемде алып тұлға екені белгілі. Әрине, басқа да көптеген тұлғалар бар. Дегенмен әлем жұртшылығы әбден мойындаған Шекспирдің орны айрықша. Шекспирдің көптеген сөздері мен тіркестері баяғыда-ақ бүкіл жұрт аузында жүретін афоризмге айналып кеткені белгілі. Бұл, сөз жоқ, шекспирдің жұртшылыққа кең танылғанының кездейсоқ емес екендігі көрсетеді. Кездейсоқ тұлға төрт ғасыр бойы адамзат баласының шексіз сүйіспеншілігіне ие бола алмас еді. Оның бүкіл шығармасы уақыттың қатал тезінен баяғыда-ақ өтіп қойған, енді ол шығармалар еш уақытта өлмек емес. Яғни ол шығармаларды енді мәңгіліктің көк төрінен ойып тұрып орын алған деп ұққан жөн.
Шекспир шығармаларын бүкіл әлем мойындап қана қойған жоқ, сонымен бірге ол шығармалар көп-көп елдердің рухани өмірінің басты құндылықтарының біріне айналып кеткен.
Оның шыққан тегі мен аты-жөні жөнінде де көптеген болжамдар мен долбарлар бар. Мәселен, «уильям Шекспир» деген есім Оксфорд графы Эдуард де вердің лақап аты деген қауесет бар.
Енді оның өміріне аздап болсын тоқтала кетейік.
Шекспирдің әкесі Джон кезінде бақуатты адам болған, бірақ күндердің күнінде қиын бір жағдайға тап болады да, жасөспірім Уильям қаржы тапшылығына ұшырайды. Солй бола тұра ол Стратфорд грамматикалық мектебіне оқуға түсіп, латын мен классикалық удебиетті оқып-үйренеді.
Л он сегіз жасқа толғанда Анна Хатуэй деген әйел мен әуейі болады да, ол әйел екіқабат боп қалады. Уильям амалы жоқ оған үйленеді, бірер айдан кейін ол әйел бала туады. Етегі құтты боп шыққан ол әйел екі жылдан кейін егіз балалы болады. Сөйтіп Уильям жиырма бір жасқа толар толмастан үш баланың әкесі болып шыға келеді.
Одан әрі алты жыл бойы оның не істеп, не қойғаны жөнінде бізде нақтыдерек жоқ, бірақ 1590 жылдан бастап оның Лондондағы кезбе актерлардың туппасында болғаны айдан анық. Уильям жақсы актер болған, сонымен бірге ол сол жылдары пьесалар мен өлеңдер жаза бастаған. Бірқатар жылдар ішінде ол қалталылар қатарына қосылып шыға келеді де Стратфордтан қымбат бір үй сатып алады.
Бір таңғаларлығы Шекспир өзінің көзі тірі кезінде бірде бір пьесасын жарыққа шығармаған. Бірақ солай бола тұра кейбір арсыз баспалар оның ол туындыларының жартысына жуығын қарақшылық жомен жариялап жіберген .
1912 жылыдың шамасында, жасы қырық сегізге келген кезінде, ол кенет кезбелік өмірді тастап, сонымен бірге пьеса жазуды да доғарып Стратфордтағы отбасына оралады. Шекспир 1616 жылдың сәуірінде қайтыс болды. Оның денесі шіркеу ауласына жерленген. Долбармен ғана белгіленген қабірінде оның аты-жөні жоқ.
Шекспир өлер алдында үш апта бұрын өзінің дүние мүлкін үлкен қызы Сьюзаннаға қалдыратын жөнінде өсиет жазыпты. Ол және оның ұрпақтары 1670 жылға дейін, яғни ең соңғысы дүниеден өткенге дейін сол үйде өмір сүріпті
Дей тұрғанмен бұл өмірбаянның шындыққа жанаспайтын тұстары көп-ақ. Мәселен, Шекспирдің Стратфордтағы грамматикалық мектебінде оқығаны жайында ешқандай нақты дерек жоқ. Атақты драматург пен оқып едік деген бірде бір адамның жазу-сызуы қалмауы қалай? Сондай-ақ оның театрда ойнағанына да күдікпен қарауға болады. Әрине, қиыннан қиыстырып ауызекі айта салу оңай, бірақ оның бәрі нақты құжатпен айғақталу керек емес пе? Шындығына келсек, Шекспир төрт қақпасы түгел бекітілген елде де, жабайылар дәуірінде де өмір сүрген жоқ қой. Жазу-сызуы өркендеп тұрған көп жұрты сауатты Англияда өмір сүрді ғой. Ол кезең туралы сыр ашып беретін миллиондаған құжаттар сақталған.
Шекспиртанумен шұғылданған қаншама ғалымдар архивтерден архив қалдырмай сол құжаттардың бір парағын қағыс қалдырмай адақтап ақтарып шықты. Бірақ көңіл көншітетіндей, қолға дәйек болатындай мардымды ештеңе таба алмауын қалай түсінеміз?
Біз бүгін Фрэнсис Бэкон, Елизаветта первый, Бен Джонсон мен Эдмонд Спенсер туралы Шекспирден гөрі анағұрлым көп білеміз.
Бір қызығы, ұлы драматург Лондонда жиырма жыл тұрса да оның ешкімнің есінде қалмағаны. Өйткені оның осы жиырма жылын дәйектеп беретін бір жапырақ қағаз жоқ.
Одан да сорақысы, Шекспирдің өзінің туған қаласы, Стратфорд қаласының архивтерінен де ол жайында жазылған ештеңе таппайсыз. Оның үстіне оның өз қолымен жазылған бірде бір шығармасы сақталмаған, бәрі көшірме. Шығарманы былай қойғанда оның өз қолымен жазылған ең болмаса бір хаты жоқ. Ал заңды құжаттардың ішінен табылған, соны қолы деп танылған бірер қағаздағы жазу-сызуды қарап отырып оның сауатты болғанына күмән келтіресіз.
Уильям Шекспир - ағылшын тілді жазушылардың ішінде ең ұлы. Оның пьесалары мен өлеңдер қазынасынан әрбір жаңа буын өзінің құпия мағынасын табады. Шекспир жиырма жыл бойы, 1592 бастап 1612 жылға дейін, екі монарх, Елизавета І (1558-1603) және Яков I (1603-1625) басқарған уақытта шығармашылықпен айналысты. Осы кезең ішінде Шекспир екі үлкен поэма, өзара байланысқан сонеттер циклін - әрқайсысында 10 буынды 14 жолдан тұратын ырғақты өлеңдер және 37 пьеса жазды. Уильям Шекспирді Уорвикшир графтығында Стратфорд-на-Эйвоне қалашығының махалла шіркеуінде шоқындырды. 1576 жылдан бастап отбасы ақша тапшылығын көре бастайды, қабілетті Уильямды университетке оқуға жібермегені де мүмкін сол себепті шығар.
Келесі жолы Шекспир есімі 1592 жылы еске алынады: оның жолы болғыш, Лондонда жұмыс істейді, онда оның Генрих VI туралы пьесаларын қояды. 1593-94 жж. эпидемияға байланысты Лондон театрлары жабылады да, Шекспир лирикалық поэзияға көшеді. Эпидемия аяқталған кезде Шекспир бірнеше жылға басқа театр тобына - "Лорд-камергер қызметшілеріне" қосылады. Олармен ол сахнада ойнайды және олар үшін пьесалар, көбінесе хроникалар мен комедиялар жазады, дегенмен көрнекті трагедиясы "Ромео мен Джульетта" осы кезеңге сәйкес келеді.
Одан әрі Шекспир табысты кәсіпорынның - «Глобус» театрының акционері болады, ол пьесаларға қарағанда табысты болып шығады, оның әрқайсысы үшін авторға бар болғаны 6 фунд қажет етілді. 1603 жылы Елизавета I қайтыс болады да, таққа король Яков I отырады. Оның сүйікті труппасы бірден "Король қызметшілері" деп қайта аталады және спектакльдерімен сарайға жиі шақырылды. Осы кезге қарай Шекспир байыды және туған қаласында жылжымайтын мүлік сатып ала бастады. Осы кезде ол өзінің ең ұлы, жан тербетер трагедияларын - "Гамлет", "Отелло", "Король Лир", "Макбет" және "Антоний и Клеопатра" жазды.
Өзінің трагедияларында Шекспир поэтика тілінің керемет айқындығына және тақпақ сөзді қолдануда теңдессіз еркіндікке қол жеткізді. Осы қасиеттері оның соңғы трагедиялық көңіл-күйден арылған шығармаларында одан да айқын байқалды: "Зимняя сказка" да, "Буря" да ұлы драматург шығармашылығын логикалық аяқтайтын жарасу нотасымен бітеді.
Таяу арада Шекспир өз істерінен алшақтайды. Ол өзінің қалған өмірін туған Стратфордта тыныштық пен молшылықта өткізеді, дегенмен әуелде астанада өз театрымен ұдайы байланыста болды. Шекспир қайтыс болғаннан кейін оның барлық шығармаларын Шекспир театрының актерлері жинақтап, жариялады. Жинақ Бен Джонсонның Шекспир туралы «ақын бір ғасырлық емес, бар ғасырлық» деген өлеңімен ашылады.
«Шындықпен қол жеткізілетін көп нәрсеге адамгершіліксіз жету қиын. Ізгілікті адам батыл және ешқашан қорқынышты сезбейді. Мен ешқашан жақсы істер жасағаныма өкінбеймін» У. Шекспир
Уильям Шекспир (Shakespeare) 1564ж. 23 сәуірде саудагер және құрметті қала тұрғыны Джон Шекспирдің отбасында, Стратфорд он-Эйвон төңірегінде дүниеге келді.
Шекспирдің ата-бабасы бірнеше ғасырлар бойы егін егумен айналысқан. 1568-1569 жж. отбасының өркендеген жылдары болды, оның артынан жайлап кедейлене бастайды. 1580 ж. шамасында Уильямға Стратфордта өте жақсы мектепті тастап, жұмыс істеуді бастауға тура келеді. Шекспир мектепті тастағаннан кейін белгілі бір уақыт шебердің жәрдемшісі ретінде әкесіне көмектеседі деп болжайды. 1580 жылдардың екінші жартысында Шекспир Стратфордтан кетеді. «Жоғалған» немесе «күңірт жылдары» басталады, олар туралы ештеңе белгілі емес.
Шекспир (Shakespeare) Уильям (1564-1616), ағылшын драматургі, ақын; король труппасының актері болған. Мифологиялық сюжетке құрылған «Венера мен Адонис» (1593) рим тарихынан «Лукреция» (1594) поэмалары бар. «Шекспир желілері» (даусыз оның өзі жазған пьесалар) 37 драмадан тұрады. Алғашқы пьесалары өміршеңдігімен ерекшеленеді: «Асауға тұсау» (1593), «Жаз түніндегі түс» (1596), «Болымсыздан бос айғай» (1598) комедиялары бар. Адам өмірімен бағаланған махаббат пен адалдық туралы «Ромео мен Джульетта» (1595) трагедиясын жазған. Тарихи жылнамалық шығармаларында («Ричард III», 1593; «Генрих IV», 1597-98), трагедияларында («Гамлет», 1601; «Отелло», 1604; «Король Лир», 1605; «Макбет», 1606), «Рим трагедияларында» (саяси - «Юлий Цезарь», 1599; «Антоний мен Клеопатра», 1607; «Кориолан», 1607), лирикалық-философиялық «Сонеттерде» (1609 жылы жарияланған) дәуірдің адамгершілік, қоғамдық және саяси қайшылықтары көрсетіліп, олар мәңгі-бақи, мүлде жойылмайтын ретінде, жақсылық, ар-ұят, намыс сияқты адами жоғары құндылықтар бәрібір өңі айналып трагедиялық қасіретке ұшырауы әлемнің жаратылыс заңдылығы ретінде пайымдалған. Тағдыр талқысымен де және қалыптасқан жағдаймен де ерлікпен күресуге, әлемдегі әділетсіздік үшін («үзілген уақыт байланысына») жауаптылықты сезінетін, жанын пида етуге де қабілетті, сондай-ақ олардың бар болмысын билеп алған идеялар мен нәпсіге бола (өзімшілдік, мансап, махаббат) адамгершілік «заңын» аттап өтіп, өмірін қиюға да даяр тұратын есте қаларлықтай жарқын, ерік-жігері бойын кернеген және қарымы күшті тұлғаларды жасады [1, б. 14] .
Қайшылықтардың оңтайлы шешімін табу жолындағы ізденістер «Қысқы ертегі» (1611), «Дауыл» (1612) романтикалық драмаларын жазуға алып келді. Шекспирдің трагедиялары - әлем әдебиетіндегі трагедияның үздік үлгілері болып табылады.
1590-жылдар аралығында Шекспир Лондонға келіп хроника жазуды бастайды. Шекспир хроникалардан - ұлттық тарихи оқиғалар туралы пьесалардан бастады, оның заңын ол Уақыт сөзімен белгіледі. Негізгі Шекспир хроникалары төрт пьесадан екі цикл құрайды (тетралогия) . Біріншісі - «Генрих VI» (үш бөлім) және «Ричард III». Екіншісі - «Ричард II» (1595), «Генрих IV» (екі бөлім; 1596-1598) және «Генрих V» (1599) . Бірінші тетралогияда Тағдыр мен Уақытты өзіне бағындыруға ұмтылған III Ричардтың мықты тарихи тұлғасы аласапыранның арасынан алға шығады. Тақты күшпен ұстап тұруға болады, алайда егер тақ иесі кісілік қағидаларын тәрік етіп, тарихты саяси спектакльге айналдыратын болса, тақты ұстап тұруға қауқарсыз. Екінші тетралогияның тақырыбы - ұлттық мемлекеттің қалыптасуы. «Генрих IV» хроникасы Ланкастерлер әулетінің түп атасы IV Генрихтің билікті тартып алуы туралы және болашақ мінсіз король V Генрихтің жастық шағы туралы баяндайды. Ханзада Генрих сэр Джон Фальстафтың жетекшілігімен сыраханалар мен қара жолдың бойында өмір мектебінен өтеді. Ханзада жерден, дене және материалдық дегеннің бәрінен және Уақыт сайқымазағы Фальстаф оның бойына сіңіргеннен күш-қуат алады. Фальстафтың кекесінді күлкісімен ханзаданың бақталасы Гарри Готспер бейнесінде сомдалған рыцарьлық шектеусіз еркіндігімен қоса Орта ғасыр сахнамен қош айтысады. Өзінің мінсіз монархын Шекспир халықтың әжуа-оспағы аясынан өткізу қажет деп санайды. Алайда финалда, ханзада таққа отырғанда, Фальстаф қуылады, өйткені мемлекеттік тәртіп табиғат заңы бойынша өмір сүрмейді. Шекспир қасіретінің қайнар көзі олардың қарама-қайшылығында жатыр.
Жеткілікті түрде көзге түсерліктей тұлғаға айналған Шекспир сол кезде сахнада патшалық құрған «университет даналары» тобы драматургтарының бірі, оны «сахнаны дүр сілкіндіруші» (Шекспир тегіне каламбур ойыны: Shake-speare, яғни «найза сілтегіш») және «біздің қауырсындарымызбен қоқиланатын» қарға («Генрих VI алынған басқаша аталған дәйексөз ) деп атаған Роберт Гриннің қызғанышты жаулық әрекетіне лайықталды. Алғашқы сақталған пікір осындай болды.
1592-94 жылдары оба опатының салдарынан Лондон театрлары жабылады. Еріксіз үзіліс уақытында Шекспир бірнеше пьесалар: «Ричард III» жылнамасын, «Қателер комедиясын» және «Асауға тұсауын», өзінің алғашқы трагедиясы «Тит Андроникті» (сол кездегі «қанды трагедия» стилін сақтаған) жазады, сондай-ақ алғаш рет өз атымен «Венера мен Адонис» және «Лукреция» поэмаларын жарыққа шығарады. 1594 жылы театрлар ашылғаннан кейін Шекспир оның қамқоршысы Хансдонның лауазымы бойынша осылай аталған лорд-камергер труппасының жаңа құрамына қосылады. «Университет ақыл-ойы» сахнадан кеткен болатын (ажал жетті немесе театр үшін жазуларын тоқтатты) . Шекспир дәуірі басталды.
1590 жылдары (Шекспир шығармашылығының алғашқы жылдары деп саналатын кезең) Шекспир өзінің барлық негізгі хроникаларын, сондай-ақ комедияларының көпшілігін жазады. 1595-96 жылдары «Ромео мен Джульетта» трагедиясы, оның соңын іле-шала - кейіннен «ойлы» деп аталған «Венеция саудагері» - алғашқы комедиясы жазылды. 1599 жылы күзде «Глобус» театры ашылады. Кіре беріс маңдайшада: «Бүкіл әлем - театр» («Totus mundis agit histrionem») деген қанатты сөздер жазылған. Шекспир оның иеленушілерінің бірі, труппаның актері және негізгі драматургі. «Глобус» ашылған жылы ол «Юлий Цезарь» римдік трагедиясын және бір жылдан кейін өмірге келген «Гамлетке» жол ашқан, шиыршық атқан характерлерді көрсететін «Сіздерге бұл ұнай ма?» комедиясын жазды. Оның жарық көруімен «ұлы трагедиялар» кезеңі (1601-1606) басталады. «Отелло» (1604), «Король Лир» (1605), «Макбет» (1606) осы кезеңнің жемістері. Комедиялардың реңі енді салмақты бола түсті, ал «Троил мен Крессида» (1601-1602), «Жақсылықпен аяқталғанның бәрі жақсы» (1603-1603), «Шараға қарсы шара» (1604) сияқты шығармаларында тіпті ауыр ойларға жетелейді.
Шекспир дәуірінде театр техникасы - Шекспир театрына, алғашқыда кезбе комедианттар топтары керуен және қонақ үй сарайларында қоятын спектакль жүйесі күмәнсіз сәйкес келеді; осы қонақ үй сарайлары әдетте екінші қабат бойынша ашық ярус-балконмен қоршалған ғимарат болып табылады, солар бойынша оларда бөлмелер мен есіктер орналасқан. Кезбе труппа, осындай сарайға енгенде, оның қабырғаларының тік бұрышының бірінде сахна қоятын; сарайда және балконда көрермендер орналасатын. Сахна тағандалған тақтай тұғыр түрінде орнатылған, оның бір бөлігі ашық сарайға шығатын, ал екіншісі, артқысы, балкон астында қалатын. Балконнан шымылдық түсірілген.
Осылайша бірден үш алаң пайда болатын: алдыңғы - балконның алдында, артқы - балкон астында шымылдық артында және жоғарғы - сахна үстінде балконның өзі. Осы принцип XVI ғ., XVII ғасырдың басында ағылшын театрында ауыспалы түрінің негізіне салынды. Бірінші ашық стационар театрды Лондонда (дұрысырақ Лондоннан тыс, қала шегінен тыс, себебі қала шегінде театрларды орнатуға рұқсат етілмеген) 1576 ж. Бэрбеджей актерлер отбасы жабдықтады. Шекспир театры әлі көрермендер залын білмейді, тек қонақ үй сарайларының реминисценциясы ретінде көрермендер сарайын (yard) біледі. Осындай ашық, төбесі жоқ көрермендер сарайы галереямен немесе екі галереямен қоршалды. Сахна төбемен жабылды және қонақ үйдің үш ауласы болып табылды. Сахнаның алдыңғы бөлігі көрермендер сарайына үштен біріне дерлік қиындасқан - тұратын партер (осылай өзінің атауын жүзеге асырған «par terre» - жерде) .
Партерді толтырған халықтың демократиялық бөлігі сахнаның тақтай төсемінде қалың шеңбермен қоршаған. Халықтың анағұрлым биік дәрежелі, ақ сүйек бөлігі, - орындықтарда жатып, - сахна алаңының өзінде оның жиектері бойымен орналасатын. Осы кездегі театр тарихы, кейде осы екі топтағы көрермендердің төбелесіне айналатын ұдайы жауластық пен ұрыс-керісті атайды. Кәсіптік және жұмысшы партерінің ақсүйектерге таптық жауластығы мұнда айтарлықтай шуылмен байқалды. Жалпы, біздің көрермендер залы білетін тыныштық Шекспир театрында болған жоқ. Сахнаның артқы бөлігі жылжымалы шымылдықпен бөлінді. Онда әдетте сырласу сахналары (мысалы, Дездомонаның ұйықтау бөлмесі) орындалатын, әрекетті басқа жерге бірден жылдам ауыстыру және әрекет ететін тұлғаны жаңа орында көрсету керек болғанда сонда ойнады (мысалы, Марлоның «Темірлан» драмасында ремарка бар: «шымылдық тартылған, Зенократа төсекте жатыр, оның жанында отырған Темірлан» немесе Шекспирдің «Қысқа ертегісінде»: «Полина шымылдықты жұлқиды да, мүсін түрінде тұрған Гермионға ашады») .
Алдыңғы алаң басты сахна болды, оларды сол кезде театрдағы ең сүйікті шеру үшін, сол кездегі төтенше белгілі сайысты (Гамлеттің соңғы актісінде сахна) көрсету үшін пайдаланды. Мұнда негізгі пьеса сахналары арасында халықтың көңілін аулайтын клоундар, жонглерлер, акробаттар ойын көрсетті (Шекспир театрында үзіліс болмаған) . Ақырында Шекспир драмаларын тым кеш әдебиеттік өңдеу кезінде осы күлдіргі ойындар мен интермедиялардың және мазақы ілікпе сөздердің бір бөлігі баспа мәтініне енгізілді. Әрбір спектакль міндетті «жигамен» аяқталатын - клоун орындайтын бимен өлеңнің ерекше түрімен аяқталатын; Шекспир кезеңдерінде «Гамлетте» көр қазушылар сахнасы күлдіргі ойындар болды, оны көтеріңкі сарынмен кейін толтырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz