Алматы облысы Салық департаментінің қызметі
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1 Салық органдарының қызметін ұйымдастыру
1.1.Салық қызметі органдары: қызметі, құрамы, құрылымы
1.2.Алматы облысы Салық департаментінің қызметі
2 Алматы облысы Акциздік әкімшілендіру басқармасының қызметі
2.1. Акциздік әкімшілендіру басқармасының қызметі, құрамы,
функционалдық міндеттері
2.2.Қазақстан Республикасы салық қызметінің даму стратегиясы
Қорытынды
Қосымша
Кiрiспе
Әрбiр мемлекеттiң қаржылық жүйесi экономиканың дамуын қамтамасыз ететiн
және шаруашылық субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн ынталандыратын салық
салу жүйесiнiң нақты механизмiне негiзделуi қажет. Салық салу жүйесi
мемлекеттiк реттеудiң маңызды әдiстерiнiң бiрi болып табылады және оның
тиiмдiлiгiнен әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жетiстiгi тәуелдi
болады.
Нарықтық қатынастардың дамуы экономикалық және әлеуметтiк процестердi
басқарудағы мемлекеттiк реттеудiң рөлiнiң өзгерiстерiмен жүргiзiледi.
Салықтардың мемлекеттiң тек қажеттi қаражаттармен қамтамасыз ету құралы
ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өндiрiс ара-қатынастарына мемлекеттiк
жүйенiң әсер ету элементi ретiнде де мәнi өсiп отыр.
Салық жинауды тұрақты қамтамасыз ету әрбiр мемлекеттiң қаржылық
жүйесiнiң тұрақтануының негiзгi шарты болып табылады. Өз кезегiнде бұл
шарттар салық органдарының бақылау – экономикалық қызметiнiң бiрегей
жүйесiмен анықталады. Яғни, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуiн, толықтығын және уақытылы төленуiн
қамтамасыз етуде салық органдарының бақылау –экономикалық қызметiнiң маңызы
зор.
Салық органдарының бюджетке салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң дер кезiнде және уақытылы аударылуын бақылауды
ұйымдастыру және салық заңдылықтарын бұзушылықты болдырмау бағытында
бақылаудың тиiмдi әдiстерiн iздестiрiп және оны жетiлдiру жолдарын ашып
көрсету болып табылады.
1. Салық органдарының бақылау қызметiн ұйымдастыру
1.1. Салық қызметiн ұйымдастыру принциптерi, құрамы, құрылымы
Бюджетке түсетiн негiзгi түсiм - салықтар мен мiндеттi төлемдерден
құралатыны белгiлi. Қоғам мүшелерiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi заңда
белгiленген осы салықтар мен төлемдердi төлеу болып табылады. Бұл норма
елiмiздiң басты заңы Қазақстан Республикасының Конституциясында
бекiтiлген. Дегенмен, кейбiр салық төлеушiлер қандай да болмасын
әрекеттермен салық салудан жалтаруға тырысады. Себебi, салық төлеушiлердiң
көпшiлiгi салықтардың мәнi мен маңызын және салық қызметi органдарының
мемлекетке не үшiн қажет екендiгiн жете түсiнбейдi. Салық органдары
қызметiнiң маңызды элементi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң дұрыс есептелуiне және уақытылы төленуiне бақылау жасау болып
табылады.
Салық төлеуден жалтару мәселесiне келсек, бұл мәселе қоғам дамуын
тежейтiн үлкен тажагiш күш екенi белгiлi. Салық төлуден жалтару нәтижесiнде
бюджеттiң кiрiс бөлiгi дер кезiнде толықтырылмайды. Уақытылы және толық
көлемде төленген салықтар –бұл зейнеткерлерге және жағдайы төмен адамдарға
уақытылы берiлген зейнетақылар мен жәрдемақылар. Олар өздерi зейнеткер
атанып, зейнетақы және жәрдемақыларын уақытылы алмаған кезде ғана
салықтардың қоғам өмiрiндегi мәнi мен маңызын түсiнедi.
Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң
мемлекет қазынасына толық көлемде және дер кезiнде түсуiн қамтамасыз ету
үшiн Қазақстандағы салық реформасын оңтайлы iске асыру керек. Салық
реформасына салық төлеушiлер және салық қызметi органдары қатысады. Салық
қызметi қайта ұйымдастырылып, әдiстерi күшейсе де салықтың бюджетке құйылуы
өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Сол себептi салық қызметi
органдарының ұйымдастырылуын, атқаратын қызметтерiн, мiндеттерiн және
құқықтарын терең зерделеу қажет.
Салық қызметi органдары салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық
және дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық
төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру
жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.
Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық
органдарынан тұрады. Өз кезегiнде салық органдарына аймақаралық салық
комитеттерi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық
комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және
қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi жатады. Салық қызметi
органдары орталық және атқарушы өкiлет органдары мен құқық қорғау, қаржы
және басқа да мемлекеттiк бақылаушы органдармен өзара қарым қатынас жасап
отырады.
Салық комитетi өз қызметiнде салықтарды, бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеуден жалтарған
заңды және жеке тұлғаларды анықтау жолымен мемлекеттiк кiрiстердiң өсуiн
қамтамасыз ету, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердi басқаруды жетiлдiру, салық заңдылықтарын, басқа да заң актiлерiн
насихаттау мен түсiндiру жөнiндегi жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру сынды
басымдықтарды басшылыққа алады. Салық органдары осы басымдықтар негiзiнде
өз қызметiн ұйымдастырады.
Салық органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясына және
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне,
өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi туралы Ережесiне сәйкес жүргiзедi.
Салық қызметi органдарының қызмет ету барысында көптеген құқықтары бар.
Салық органдары белгiленген құқықтары шегiнде қызмет атқарады. Салық
қызметi органдарының құқықтары :
- нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және бекiтуге;
- өз құзiретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы мен
тоқтатылуы жөнiнде түсiндiрудi жүзеге асыруға және түсiнiктеме беруге;
- салық бақылауын жүзеге асыруға;
- салық төлеушiнiң ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарына,
есептерiне, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, есеп
айырысуларына, декларацияларына және салық мiндеттемелерiн орындауға
байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен
белгiленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргiзуге;
- салық төлеушiден уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар
бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу
мен төлеу жөнiнде құжаттар, оларды толтыру жөнiнде түсiндiрмелер, сондай-ақ
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, жинақтаушы
зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың дұрыс есептелгендiгiн
және дер кезiнде төленгендiгiн растайтын құжаттар берудi талап етуге;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салық
тексеруiн жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалғанын
айғақтайтын құжаттарды салық төлеушiден алып қоюға;
- орналасқан жерiне қарамастан табыс табу үшiн пайдаланатын кез-келген
салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге,
салық төлеушiнiң мүлiктерiне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу
жүргiзуге;
- Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық төлеушiден электрондық
құжаттар түрiндегi ақпарат алуға;
- тексерiлетiн салық төлеушiге–заңды тұлға мен жеке кәсiпкерге салық
салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан
Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып,
банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның
банк лоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы
ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;
- салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн жанама әдiспен айқындауға,
сонымен қатар, салық тесерулерiне басқа да мемлекеттiк органдардың
мамандарын тартуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға
құқылы;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сотқа заңды тұлғаны тарату
туралы талап-арыз беруге құқығы бар.
Салық қызметi органдары салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға,
мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға мiндеттi. Сондай-ақ салық қызметi
органдарына салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, жинақтаушы
зейнетақы қорларына және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына
әлеуметтiк аударымдардың дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық
бақылауын жүзеге асыру, салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен
салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн, есептелген және төленген
салық, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген
тәртiппен жүргiзу мiндеттерi жүктелген. Сонымен қатар салық органдары:
- салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға;
- мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
- салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне
және уақытылы төленуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi
зейнетақы жарналарының дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық
бақылауын жүзеге асыруыға;
- салық төлеушiнiң және салық салынатын объектiлердi нақтылы есебiн
қамтамасыз етуге, бюджетке салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң аударылғандығы және төленгендiгi туралы есеп
жүргiзуге;
- салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен салық салуға
байланысты объектiлердiң есебiн, есептелген және төленген салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген
тәртiппен жүргiзуге;
- салық тексеруiн қатаң нұсқамалар бойынша жүргiзуге;
- салық құпиясын сақтауға;
- салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша үш күн мерзiмнен кешiктiрмей салық
мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйi
туралы оның жеке шотына көшiрменi беруге;
- салық төлеушiге берiлетiн, салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалу фактiсiн
растайтын квитанциялар көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз
етуге;
- мемлекет меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және
өткiзу тәтiбiнiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақытылы тапсырылуын, сондай-ақ оны
сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезiнде түсуiн бақылауды
жүзеге асыруға;
- салық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн
қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алуға ;
- Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне
сәйкес салық төлеушiге әкiмшiлiк айыппұлдар салуға мiндеттi.
Салық органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес салықтардың және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiн көздейтiн
салық заңдары мен басқа да заң актiлерiнiң орындалуын бақылауды,
салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiн көздейтiн
салық заңдары мен басқа да заң актiлерiнiң бұзылуы туралы арыздарды,
хабарламаларды және басқа да ақпараттарды тексерудi жүзеге асырады.
Аумақтық салық органдарының салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердi жинау жөнiндегi есептерiн алады, талдайды және қорытындылайды,
қызметтерiнiң ұйымдастырылуына тексеру жүргiзедi. Салық органдарында
тiркелмеген заңды тұлғалар бойынша салық есебiне қою мақсатымен есеп
жасайды, декларацияларын ұсынбаған заңды тұлғалар бойынша есеп жасайды.
2. Жергiлiктi салық органдарының бақылау қызметi
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң салық органдарының
жергiлiктi өкiлеттiлiгi бар. Олар облыстық, қалалық, аудандық салық
органдарынан тұрады. Осыған сәйкес Алматы облысындағы салық органдары да
өзiндiк бекiтiлген ережелер бойынша қызмет атқарады.
Алматы облыстық салық инспекциясы Қазақ ССР Қаржы министрлiгiнiң
18.05.90.жылғы №Л-118 бұйрығымен құрылды. Осы бұйрық бойынша Қызылорда
облысы бойынша Мемлекеттiк салық инспекциясында барлығы 140 қызметкер,
оның iшiнде облыстық аппаратта штат кестесi бойынша 5 бөлiмнен тұратын 23
қызметкерлiк орын белгiлендi.
1991 жылдың 9 шiлдесiнде Президенттiң Қазақ ССР Мемлекеттiк салық салу
қызметiн құру туралы №380 Жарлығы қабылданды. Осыдан кейiн Республикалық
дербес салық жүйесi құрылып, күшейтiлдi, ал облыс аппараты 40 қызметкерге
толықтырылып, жаңадан 3 бөлiм ашылды.
Салық қызметiнiң қалыптасып дамуында Елбасының 1998 жылдың 12
қазанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдар жүйесiн
реформалау туралы Жарлығының үлесiн атап өту маңызды. Бұл Жарлыққа сәйкес
салық қызметi Қаржы министрлiгi тарапынан жаңадан құрылған Мемлекеттiк
Кiрiс министрлiгiнiң құрамына енгiзiлдi. Кейiннен ол Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi болып қайта
өзгертiлдi.
Алматы облысы бойынша салық комитетi – мемлекеттiк орган болып
табылады. Ол бюджетке қаржының түсуiн қарастыратын салық заңдылықтары мен
басқа да заң актiлерi негiзiнде бюджетке түсiмдердiң және мемлекет
алдындағы қаржылық мiндеттемелердiң толық әрi уақытылы түсуiне жауапты
болып табылады.
Облыстық салық комитетiнiң негiзгi мақсаттары мыналар:
- сәйкес жылға республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген
көлем мен сомалар негiзiгде бюджетке салықтар, төлемдер және мемлекет
алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң толық және уақытылы түсуiн
қамтамасыз ету;
- бюджетке түсiмдер және басқа да қаржылық мiндеттемелердiң түсуiн
қарастыратын салық заңдылықтары мен басқа да заң актiлерiнiң орындалу
қарқындылығын талдау;
- салық төлеушiге олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру, салық
төлеушiлердi және төменгi тұрған салық комитеттерiн бюджетке төлемдер және
мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң түсуiн қарастыратын
салық заңдылықтары мен басқа да заң актiлерiндегi өзгерiстердi уақытылы
хабарлап тұру;
- бюджетке салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
төлемеуге байланысты немесе табыстарын жабу не төмендетiп көрсету, заңды
және жеке тұлғалардың салық салу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz