Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Жоспар
1 Тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы
2 Қазақстан Республикасының тергеудегі жаңа ҚІЖК-нің нысандары
3 ҚР ІІМ Тергеу комитетінің Гвардиялық әскери-тергеу басқармасының құрылымы
4 ҚР ІІМ Тергеу комитетінің Гвардиялық әскери-тергеу Ішкі істер
органдарының жұмыс көрсеткіштерінің қысқаша талдау анықтамасы
5 Қорғанысқа және баскаруға жұмсалатын шығыстар
6 Ішкі істер органдарының қызметтері Тергеу комитеті Ішкі істер органдары анықтау бөлімшелерінің 2009-2010 жылғы жұмысы туралы
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Заң шығарушы қоғамдық қатынастарды реттейтін жүріс-тұрыс ережесін бекітуде ең алдымен жоғарыда аталған қағиданы еске алуы қажет. Аталған Конституциялық қағиданың қылмыстық іс жүргізу барысында және қылмыстық процесс міндеттемелерін жүзеге асыруға орай ережелерді бекітуде аса қажеттілікті талап етеді. Сонымен қатар, заң актілерінде Конституцияға сәйкес ережелерді бекітумен қатар, оларды іс жүзінде қолданатын қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттерін тиімді орындау және оның ішінде қылмыстық процестің барысына қатысушы мүдделі тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі. Бұл іс жүзінде орын алуы үшін, қоғамға жат құбылыс - қылмысқа, оны тергеуге және алдын алуға қатысты барлық мәселелер кешенді түрде ғылыми зерттелуі қажет.
Қазіргі таңда баршамыз өмір сүріп отырған қоғамымызда құқықтық мемлекет құрылды. Құқықтық мемлекетте заңның үстем болатындығы барлығымызға белгілі. Яғни, Ата заңымызда көрсетілген әрбір адам және азаматтың, құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, өмірлері мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде заңның үстемдігінің қосар үлесі шексіз.
Қоғамда мемлекет, қоғам, құқық, адамның жеке басы туралы түсініктер жөнінде пікірлер өзгеріп жатқанда, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыспен күресу рөлі күшейе түспек. Сондықтан алға негізгі мақсат қойылған, яғни құқықтық мемлекет құрып, осы мемлекетте қылмысты болдырмау, алдын алу, ізін кесу жолдарын қарастыру болып табылады. Осылайша қылмыспен күресу бүкіл қоғамымыздың ең басқа өзекті мәселелерінің бірі болып қалмақ.
Жалпы, қылмыстық іс қозғау - процестегі күрделі қызметтердің бірі.
1. Тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 191-бабына сәйкес осы Кодекстің 33-бабының бірінші бөлігінде және 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
Алдын ала тергеуді кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ой кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер және Қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру ҚІЖК-не сәйкес жүргізіледі.
Қылмысты тергеуде алғашқыда анықтау іс үшін қаншалықты маңызды болса, алдын ала тергеу қылмыстық істі тергеудің соншалықты маңызды әрі негізгі түрі боп табылады.
Алдын ала тергеу кезінде дәлелдемелер жиналады, істің жағдайының жан-жақты, толық және объективті түрдегі зерттелуі жүргізіледі, сондай-ақ кінәлінің жағдайын ауырлататын не жеңілдететін, ақтайтын не кінә тағатын мән-жайлар анықталады.
Тергеудің жалпы шарты, негізі, тергеу әрекетін жүргізудің тәртібі және процессуалды шешім қабылдауы бәрі заңменен алдын ала тергеуге кіргізеді.
Заңи әдебиеттерде алдын ала тергеуді сотқа дейін және сот үшін қызмет деп түсіндіреді. Бұл сипаттама дұрыс, бірақ дәлме дәл емес. Өйткені кейбір істер егер оған заңды негіздер болса сотқа кетпей қысқарылып кетуі мүмкін.
Негізінен тергеудің бұл түрі туралы айтқанда көп еңбектерден байқағаным заңгерлердің көбісі оның міндеттерін және атқаратын қызметіне тоқтала келіп оған түсінік береді. Айта кететін жайт алдын ала тергеудің міндеттерін әр автор әр түрлі айтады. Мәселен Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткулин тергеудің міндеті - кінәліні жауапкершілікке тартуға негіздеу, оны ұстау және жауапқа тарту дейді [11,40].
Бірақ бұл көзқарас кеңінен таралған жоқ. Себебі басқа ғалымдардың айтуынша бұндай міндет алдын ала тергеуді айыптауға икемдейді, ал ол тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілуіне кедергі келтіреді.
Енді бір ғалымдардың айтуынша алдын ала тергеу өз қызметінде ешбір қылмыс ашылмай қалмауына және еш бір қылмыскер тұлға жауапкершіліктен қашып кетпеуіне жағдай жасауға тырысады. Сондай-ақ олардың міндетіне қылмысты ескертімен оның алдын алу кіреді.
Жоғарыда айтылғандарды егер алдын ала тергеудің міндеті деп қарасақ, оларды оның алдына қойған мақсаты деп те тұжырымдайтын пікірлер бар. Біз осыларды бір-бірінен ажырата білуіміз керек дейді.
Сондай-ақ егер іс бойынша анықтама жүргізілсе онда ол алғашқы этапта тергеу негізгі болып қалады және осы этапта осы тергеу стадиясының барлық міндеттере шешіледі. Яғни қылмыс толық, жан-жақты, объективті зерттеліп шешіледі.
Алдын ала тергеу қылмыстық істердің көпшілігінде жүргізіледі. Бұл жердегі көпшілігі деген сөзге мән берсек, яғни алдын ала тергеу барлық істер бойынша жүргізілмейді. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабының 5-тармағына сәйкес жеке айыптау істері бойынша, егер жәбірленушінің арызы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, қылмыстық іс қозғалмаса тергеуде жүргізілмейді деген сөз. Ол қылмыстардың қоғамға қауіптілігі төмен болғандықтан заң осындай жолын қарастырған. Осы жерде айта кету керек егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқада себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.

Анықтаудың екі нысанда жүргізілетіні секілді алдын ала тергеу де Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-не сәйкес екі нысанда жүргізіледі:
1) өзінің лауазымына қарай тек тергеушілер ғана жүргізетін алдын ала тергеу. ҚІЖК-і 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдар болып табылатын тергеушілерге мыналар жатады: - Ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қаржы полициясының тергеушілері жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының ҚІЖК-і 288-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес анықтау органдарында алдын ала тергеуді жүргізеді. Бұл анықтау органы сотқа дейінгі қызметіне алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылмайтын істер бойынша алдын ала тергеп-тексеру нысанында жүзеге асыратыны білдіреді.
Бұл кезде тергеуді тергеушілер емес негізгі анықтау органдарының анықтаушылары жүргізеді. Ол органдар Ішкі істер органдары, Қаржы полиция органдары, Ұлттық қауіпсіздік органдары, әскери полиция органдары, әділет органдары, шекара қызмет органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары. Анықтау органдарының алдын ала тергеу ісін жүргізуі үшін мынадай негіздер болады: - қылмыс жасады деген сезік туған адамның анықталмауы, жалпы ереже бойынша оған қатысты алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес; кәмелетке толмағандардың немесе дене яки психикалық кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдардың қылмыстар жасауы.[19,57].
Осы жерде менің қосқым келетіні алдын ала тергеуді прокурор да жүргізе алады.
Прокурордың істі алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізуі үшін тергеушіге немесе анықтау органдарына жіберуге (ҚІЖК 189-бабы) құқылы екенін, ал қылмыстық іс жүргізу кодексінің 194-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті болатынан ескеру керек. Алынған нұсқаулар жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағымдану ҚР ҚІЖК - і 63-бабының 3-бөлігінде көзделегн жағдайлардан басқа реттерде олардың орындалуын тоқтатпайды.
Заңда прокурордың қадағалау қызметіндегі өз құқықтарын жүзеге асыру үшін қылмыстық іс қозғау сатыларының ерекшеліктерін бейнелеп көрсететін әлдебір өзгеше әдістер, құралдар белгіленбеген. Жоғарыда баяндалғандардан көріп отырғанымыздай, оған берілетін құралдар әмбебап болып келеді және сотқа дейінгі іс-әрекеттің кезкелген кезеңінде қолданылады. Прокурорлық қызмет тәжірибесі қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыстық ізге түсу органдары жол беретін аса кең таралған құқық бұзушылыққа бағдарланған тәжірибелік мағлұматтарға негізделген бірқатар басымдықтар қалыптастырылды. [19,51].
ҚІЖК-нің 198-бабына сәйкес алдын ала тергеуді тергеушілер тобы жүргізеді. Ал ерекше жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры егер тергеу жүргізудің толық еместігі мен объективті еместігі туралы фактілер анықталғанда, істің қиындылығы мен маңыздылығы кезінде бірнеше алдын ала тергеу жүргізетін тергеу органдарының тергеушілерінен тергеу тобын құрып, оның жетекшісі ретінде прокурорды тағайындай алады. ҚІЖК-нің 199-бабына сәйкес тергеу тобының жетекшісі мынадай құқықтарға ие:
oo қылмыстық істі өз өндірісіне алады, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушілердің әрекеттеріне басшылық жасайды;
oo қылмыстық істі біріктіреді және ажыратады, қылмыстық істі толық не ішінара қысқартады, тоқтата тұрады, қайта өндіріске алады, тергеу мерзімін ұзарту туралы ходатайство жасайды, бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселелерді шешеді;
oo айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені сотта қарау үшін істі сотқа жіберу туралы қаулыны жасайды және оған қол қояды;
oo басқа тергеушілер жүргізетін тергеу әрекеттеріне қатысады, тергеу әрекеттерін жеке өзі жүргізеді.
Бұл жерден шығатын қорытынды тергеу тобының жетекшісі болған прокурорда осы құқықтарға ие. Яғни олда алдын ала тергеу жүргізеді.
Ресей Федерациясында тергеуді ішкі істер органының тергеушісі, прокуратура тергеушісі және федералдық қауіпсіздік қызметінің тергеушісі жүргізеді.
Қазақстанда 1995 жылдың күзіне шейін осы органдар жүргізген болатын. Ал 1995 жылдың 30-шы тамызында Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституциясы қабылдануымен жағдай өзгерді. 1995 жылдың 6-шы қазанында Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығымен алдын ала тергеу мен анықтау жүргізетін арнайы органдар құрылды.

Мемлекеттік қалыптастыру, жаңа мемлекеттік құрылымдарды құру оларды құқықтық қамтамасыз ету негізінен кеңестік дәуірден кейінгі бүкіл ТМД елдеріне тән белгі еді. Ал құқықтық мемлекет құруды көздеген Қазақстан сияқты елдерге ең басты мәселе жаңадан қалыптасқан қоғамдағы жаңа күрделі қылмыстармен күресу боп табылады. Ол үшін осы қылмыстармен күресетін органдардың жұмысын жақсарту керек болатын.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде алдын ала тергеудің нәтижесінің сапасы жақсы болу үшін, тергеушінің әрекеттері жақсы нәтижеге жету үшін алдын ала тергеуді жүргізуді іске асыратын бірден-бір тұлға - тергеушінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылы мемлекеттік тергеу комитеті құрылды.
Бұл орган өзіне бірыңғай тергеу органдарын жинастырған ерекше орган боп табылды. Кеңес дәуірінен кейінгі ТМД елдерінің ішінде тергеуге байланысты жаңа органдар құрған бірден бір мемлекет Қазақстан болды.
Негізінен бірыңғай мемлекеттік тергеу аппаратын құру КСРО кезінен өзекті мәселе боп келген.
Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуі дамудың негізгі үш этапынан өтті:
Алғашқы этап - бұл он жылдықтар ішінде Қазақстанда Ресей федаративті мемлекетінің ҚІЖК жұмыс жасаған кезеңі. 1923 жылдан 1960 жылы алғаш рет Қазақстанның қылмыстық-процессуалды заңдылығы қабылданғанға дейін.
Ал екінші этап - 1960 жылдан 1991-ге дейін, яғни Қазақстанның толық тәуелсіз ел болғанша дейін. Бұл кезеңде заңдылық өз мазмұнын өзгертпесе де негізгі даму кезеңінде болды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның ҚІЖК-не 60 өзгерістер мен толықтрулар енгізілді.
Соңғы этап бұл Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең. Бұл кезеңде Қазақстанның жаңа заманға негізделген ҚІЖК қабылданды.
Алдын ала тергеу аппараты 1928 жылдан негізінен сот органдарына шоғырландырылған болатын, ал алдын ала тергеу жүргізу прокуратура органдарына берілген. Бұл жағдай КСРО бойынша 1958 жылдың 25-ші желтоқсанына дейін, ал Қазақстанда ол 1960-шы жылдың 1-қаңтарына дейін болды.
1959 жылдың 22 шілдесінде Қазақстанда алғашқы қабылданып 1 қаңтар 1960 жылы күшіне енген ҚІЖК-не сәйкес алдын ала тергеуді жүргізу құқығы прокуратура органы мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне берілді.
Ал 1963 жылы 15-і шілдесінен бастап жоғарыда айтылған құқық Қазақ КСР-нің қоғамдық тәртіпті қорғау органдарында берілді.
Осыдан кейінгі алдын ала тергеу жаңалануға 30 тамыз 1995 жылы ұшырады. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция, алдын ала тергеу мен анықтауға жаңаша көзқараспен келіп, өзіне сот пен прокуратура органдарынан бөлек алдын ала тергеу жүргізетін органдар туралы енгізген.
Конституцияның орындалуын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 6 қазан күні Қазақстан Республикасының алдын ала тергеу мен анықтау жүргізетін арнайы мемлекеттік органдары туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетін құру туралы заң күші бар жарлықтарына сәйкес жаңа, ведомствалардан емес, ТМД-да өзіне ұқсайтын орган жоқ, бұрынғы тергеу органдарын ауыстырған тергеу органы Мемлекеттік тергеу комитеті құрылды. Негізінен бұндай комитетті құрудан 50-ші жылдарда бас тартылған. Мысалға М.С. Строгович өз еңбегінде ... енді біз алдын ала тергеу министрлігін құруымыз керек емес қой деп жазған [8,14].
Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуымен алдын ала тергеу прокуратура мен ішкі істер органдарынан алынып тасталды. Бірақ алдын ала тергеуде монополия болмас үшін алдын ала тергеу жүргізуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қалдырды. Ал мемлекеттік тергеу комитетіне алдын ала тергеу мен анықтау жүргізу және жедел іздестіру қызметінде жүктелді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 6-шы қазанындағы заң күші бар жарлығына сәйкес елдегі алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізетін арнайы органдар ол: Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік тергеу комитеті боп табылады [14].
Ішкі істер органдарында алдын ала тергеу міндетті және міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізу мен жедел іздестіру қызметі қалдырылды. Жалпы айтқанда, ішкі істер органдарында өздерінің негізгі міндеттері - қылмыстың алдын алу мен қылмыстан ескертуді жүзеге асыру үшін керекті өкілеттіктер қалдырылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1995 жылдағы алдын ала тергеуді реформалау анықтау органдарының қарайтын істердің шеңберін ашып берді. Ал бұл дегеніміз белгілі бір кезең сатысымен алдын ала тергеу органдарын қоғамдық қауіптілігі үлкен емес қылмыстарды тергеуден босатып, олардың зейіндерін ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеуге шоғырландыруда [8,23], Сондай-ақ алдын ала тергеуді прокуратура органдарынан алып қою, прокуратура органдарының қызметін әсер етпейді, керісінше алдын ала тергеудің дұрыс, жан-жақты, толық ашылуын қадағалауға байланысты өз өкілеттігін жүзеге асыруына көп ықпал жасайды.
Осы 1995 жылғы реформалардан кейін де алдын ала тергеу мен анықтау органдарының арасында қайшылықтар біткен жоқ. Сол кезде негізгі жұмыс істеген тергеу мен жедел іздестіру қызметімен айналысатын Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік тергеу комитеті және Ішкі істер органдарының арасында, заңмен көрсетілген шектеріне қарамай бір бірінің істеріне дубликаттау, қылмыстық істің тергеу реті бойынша даулар бола берді, соның кесірінен ол органдардың қызметінің сапасы төмендеді. Оның бәрі осы органдар үшін мемлекеттен бөлінетін қаржының орынсыз кетуіне әкеп соқты.

3-қараша 1997 жылғы Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, коррупция мен ұйымдасқан қылмыспен күресті одан әрі күшейту туралы Президент жарлығымен Мемлекеттік тергеу комитеті таратылып, оның ұйымдасқан қылмыспен, мемлекеттік жауапты қызметті атқаратын лауазымды тұлғалардың, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, арнайы қызмет пен судьялардың коррупциясымен байланысты қылмыстарымен, сондай-ақ қылмыстық қауымдастықпен жасалатын контрабанда және наркобизнеске қарсы күресу өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.
Ал 1997 жылы 13-ші желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді негізгі үш ораганның тергеушілері жүргізеді: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі, Ішкі істер органдарының тергеушісі, Қаржы полициясының тергеушісі.
Алдын ала тергеу оның мазмұны мен мәнін ашатын мынадай негізгі шақтарымен сипатталады. Ең біріншіден алдын ала тергеу процессуалды қызмет, ол өзіне қылмысты ашу, кінәліні жауапкершілікке тарту және оны сотқа беруге жағдайлар жасау кезінде орын алатын процессуалды әрекет пен қатынасты кіргізеді. Алдын ала тергеу кезінде тек қана тікелей қылмыстық-процесуалды заңдылықтармен көрсетілген саралар ғана қолданылады. Сондай-ақ ол көрсетілген шараларды жүзеге асыру тікелей процессуалды кепілдерді сақтаумен жүзеге асырылады.
Алдын ала тергеу Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде соттық емес процессуалды қызмет. Ол үшін кейбір кездерде кездесетіндей алдын ала тергеуді сот тергеушісінің жүргізуі жат нәрсе.
Келесі айтатын мәселе алдын ала тергеуді арнайы лауазымды тұлғамен - тергеушімен жүргізіледі. Заңда көрсетілген жағдайлардағы алдын ала тергеуді анықтаушының жүргізуін қоспағанда, алдын ала тергеуді тергеушіден басқа ешкімде жүргізу құқығына ие емес. Кейін тергеуді қажет ететін іс бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғап кейбір тергеу әрекеттерін жүргізгенмен оны алдын ала тергеуге жатқызбаймыз.
Тергеуші өз құзіреті шегінде және өзінің органының өкілеттігі шегінде қылмыстық істі тергейді. Жоғарыда айтып кеткен үш органның тергеушісі өзіне процессаулды заңдылықтармен берілген қылмыстар бойынша тергеу әрекеттерін жасайды.
Жоғарыда айтып кеткендей алдын ала тергеу органдары негізінен қылмыстық дәрежесі ауыр, қоғамға қауіптілігі жоғары, күрделі тергеу әрекетін қажет ететін қылмыстық істерді қарайды.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққаннан кейін жүргізіледі (194-бап, 1-тармақ). ҚІЖК-не сәйкес тергеуші екі жағдайда тергеу әрекетіне кіріседі. Істің өзінің іс жүргізуіне қабылдағаны туралы тергеуші қаулы шығарады. Біріншіден өзі қылмыстық іс қозғағаннан кейін, екіншіден қылмыстық іс өзіне тапсырылғаннан бастап. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін тергеуші 24 сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.
Алдын ала тергеу мен анықтаудың айырмашылығының бірі аз-мерзімінде, яғни анықтау мерзімі түріне байланысты 5 және 10 күннен аспауы керек болса, алдын ала тергеудің мерзімі 2 айдан аспауы керек. Анықтау мерзімі анықтау органының бастығымен 10 күннен 30 күнге ұзартылытыны сияқты, алдын ала тергеу мерзіміде белгілі бір мерзімге ұзартылады.
Бірақ алдын ала тергеудің анықтаудан мерзімін ұзартудағы бір ерекшелігі тергеу мерзімін анықтаудағы сияқты сол органның бастығымен емес, алдын ала тергеу жүргізілуінің заңдылығын қадағалайтын орган - прокуратурамен жүргізіледі.
Істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор - үш айға шейін, істің аса күрделі болуына байланысты облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор мен олардың орынбасарлары - алты айға шейін ұзартуы мүмкін.
Алдын ала тергеудің мерзімін одан әрі ұзартуға тек айрықша жағдайда істің күрделілігі ескеріле отырып жол беріледі және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери Прокурор жүзеге асыра алады.
Алдын ала тергеудің мерзімін ұзарту туралы қаулыны тергеуші ауданның, облыстың прокурорына және оларға тенестірілген прокуроларға тергеу мерзімі өтпеспен бұрын - бес тәуліктен кешіктірмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға 10 тәуліктен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Бұл тергеушінің құқығы әрі міндеті.
Ал анықтау бойынша мерзімінің ұзартудың тәртібі көрсетілмеген. Бұл да алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтаудың бір кемшілігі болып табылады.
Біздің Конституция өзіне мынадай мазмұндағы бап енгізген: біздің еліміздің ең басты құндылығы адам, оның өмірі мен бостандығы. Сол себепті алдын ала тергеу кезіндеде ең басты адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету керек.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабы алдын ала тергеу жүргізудің ережелерін көрсетеді. Ондағы негіздерді көре отырып біз ҚІЖК-нің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көңіл бөлгенін байқаймыз. Мәселен осы баптың 4-тармағына сәйкес тергеу іс әрекетін жүргізу кезінде күш қолдануға, қорқытуға және өзгеде заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп қатер туғызуға жол берілмейді.
Негізінен менің бітіру жұмысымның тақырыбы алдын ала тергеу мен анықтаудың арақатынасы болғандықтан осы жерде де екеуінің айырмашылығын айта кеткім келеді. Жоғарыда айтқандай алдын ала тергеу тергеуге қатысушы тұлғалардың мүдделерін қорғауды көздеді. Ал алдын ала тергеудің қатысушылардың бірі ол - айыпталушы. Анықтаудың негізгі түрінде айыпталушы туралы ештеңе көрсетілмеген. Онда тек сезікті туралы бар. Ол айыпталушы болып тек айыптау қорытындысы шыққасын танылады. Бұл дегеніміз айыпталушы тұлғаның құқықтарын қамтамасыз етуге қайшы.
Министрлік басшылығы Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы Әміров Мұхаран Серікұлы
*
*
1959 жылғы 4 қаңтарда Гурьев қаласында туылған. Қазақ.
ССРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тергеу факультетін бітірді (1980), құқықтанушы-заңгер.
1980 жылғы қыркүйектен 1984 жылғы наурызға дейін Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі. 1984 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі. 1984 жылғы желтоқсан 1987 жылғы қыркүйекке дейін Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары. 1987 жылғы қыркүйектен 1988 жылғы қыркүйекке дейін Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ бастығының орынбасары. 1988 жылғы қыркүйектен 1989 жылғы маусымға дейін ҚазСРО ІІМ-нің Гурьев қаласы бойынша тергеу бөлімінің бастығы. 1989 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін Денгиз аудандық атқарушы комитеті ІІБ-нің аға тергеушісі. 1989 желтоқсаннан 1993 жылғы қаңтарға дейін Мақат аудандық атқарушы комитетінің ІІО бастығының орынбасары. 1993 жылғы қаңтар 1995 жылғы мамырға дейін Атырау облысы Әмба ауданы ІІБ-нің бастығы. 1995 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін Атырау қаласы ІІО-ның бастығы. 1995 жылғы желтоқсанан 201 жылғы шілдеге дейін Атырау облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары. 2001 жылғы шілдеден 2002 жылғы желтоқсанға дейін басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет етті. 2002 жылғы желтоқсаннан 2003 жылғы сәуірге дейін Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы ІІБ-нің бастығы. 2003 жылғы сәуірден 2008 жылғы тамызға дейін Атырау облысы ІІД-нің бастығы. 2008 жылғы тамыздан 2009 маусымға дейін Қызылорда облысы ІІД-нің бастығы. 2009 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
Мәскеу қаласында Олимпиадалық ойындарын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты (1980ж.).
ҚазСРО Заңгерлері одағының құрылтай съезінің (Алматы, 1989ж.) және ССРО Заңгерлері құрылтай съезінің (Мәскеу, 1989ж.) делегаты.
За безупречную службу 3-ей степени медалімен (1986ж.), Заслуженный работник МВД РК омырау белгісімен (2000ж.), Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін медалімен (2004ж.), Қазақстан конституциясына 10 жыл мерейтолық медалімен (2005), Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалімен (2005) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1682 Жарлығымен Ерлігі үшін медалімен. Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 3-ші дәрежелі медалімен (2006ж.), Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 3-ші дәрежелі медалімен (2006ж.), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері медалімен (2006ж.), Қазақстан полициясына 15 жыл омырау белгісімен (2009-2010ж.), Астананың 10 жылдығы медалімен (2008ж.) наградталды;
ІІБ-нің Құрмет грамоталарымен (1981ж., 1984ж., 1986ж.), Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен (2008ж.). За вклад в повышение имиджа и авторитета РК на мировом уровне марапатталды.
Әскери атағы - полиция полковнигі (1997ж.)
Ішкі істер органдарының міндеттері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Iшкi iстер органдарының мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, оның iшiнде төтенше немесе әскери жағдайында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеуді, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалғандығын және құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;
5) қажет болған жағдайда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарына ықпал ету;
6) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
7) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдау, терроризм актілерінің жолын кесуге қатысу, кепілге алынғандарды босату;
8) төлқұжат пен виза жұмысын жүзеге асыру, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін сақтауды бақылау;
9) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiндегі жекелеген мiндеттердi орындау;
9-1) өзге мемлекеттік органдарымен бірге карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде іс-шаралар өткізуге қатысу, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте ықпал ету;
9-2) Қазқастан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру қызметін жүзеге асыру;
9-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы аса маңызды және ерекше режімді объектілерде режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;
10) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Ішкі істер органдарының қызметтері
* Ішкі әскерлер комитеті
* Интерполдың ұлттық орталық бюросы
* Криминалдық полиция комитеті
* Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті
* Тергеу комитеті
* Кадр жұмысы департаменті
* Әкімшілік полиция комитеті
* Жол полициясы комитеті
* Өзіндік қауіпсіздік департаменті
* Штаб департаменті
4 ҚР ІІМ Тергеу комитетінің Гвардиялық әскери-тергеу Ішкі істер органдарының жұмыс көрсеткіштерінің қысқаша талдау анықтамасы
Қылмыстық істердің тергелу жай-күйі ІІМ Тергеу комитетінің үздіксіз бақылауында болып отыр. Соңғы жылдары тергеу бөліністер жұмысы көрсеткіштерінің қорытындысы тұрақтылықты сипаттайды.
Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының тергеушілерімен сотқа 92,4% қылмыстық іс жолданған, 2008 ж. ұқсас кезеңінде 91,9%. Қылмыстық істердің қысқартылуы 12,4% азайды, оның ішінде ақталатын негіздер бойынша - 24,3%.
Қылмыскерлерді іздестіруге байланысты өндірісімен тоқтатылған қылмыстық істер (-6,8%), ал қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамның анықталмауына байланысты (-2,5%) азайған.
Алдын ала тергеу сапасы мен заңдылық жай-күйінің нашарлануына жол берілмеген.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында тергеушілердің жұмыс көлемі күрт өсті. Аса қауіпті аяусыз жасалған қылмыстар саны ұлғайды. Түбегейлі шаралар қолдану қажеттілігі туындады.
1991 жылы 28 маусымда республиканың Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен тергеушілер тергейтін және ерекше қиындық келтірмеген қылмыстардың едәуір бөлігі қайта құрылған Анықтау қызметінің құзыретіне берілді. Бас тергеу басқармасының құрылымында Анықтау бөлімінің құрылуынан бастап және 2002 жылға дейін анықтау қызметінің басшысы полиция полковнигі Черепов Андрей Михайлович болды, кейіннен оның орнын шәкірттері полиция полковнигі Әлмағамбетов Солдат Қаппасұлы мен полиция полковнигі Торғаев Мейірхан Тұяқұлы басты.
Одан әрі анықтау органдарының құзыреті мен тергелу реті айтарлықтай кеңейтілді. Егер 1991 жылы анықтау 37 қылмыстың құрамын тергесе, қазіргі уақытта анықтау нысанында қылмыстық істерді тергеу қылмыстың 139 құрамы бойынша жүзеге асырылады.
Анықтау қызметінің табысты қалыптасуы, оны жүргізу сапасының артуы 1998 жылы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына анықтауды жүргізудің 10 күндік мерзімін енгізген өзгеріске байланысты болды, бұл материалдарды сотқа дейін дайындаудың хаттамалық нысанынан сапасы жағынан ерекшеленді.
Хаттама түріндегідей анықтау өндірісінің соңында емес, басынан бастап қылмыстық іс қозғау айыпталушының құқығын, оның ішінде қорғалу құқығын айтарлықтай кеңейтті. Оның қолданылуы осындай маңызды шешімнің негізді екендігін дәлелдеді. Алдымен азаматтардың конституциялық құқықтары нығайтылды, сонымен қатар әрбір қылмыстық процеске қатысушының процессуалдық мәртебесі дәл анықталды.
Анықтау онша ауыр емес және орта дәрежелі қылмыстар бойынша жүргізіледі. Анықтау мақсаты - қылмыс жасалған сәттен бастап сол үшін жазалауға дейінгі уақытты барынша қысқарту. Бүгінгі күні сапалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz