Электронды оқулықтың тиімділігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: І ТАРАУ.
КІРІСПЕ: ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТАРИХЫ
3:
: 1. 1.
КІРІСПЕ: Электрондық оқулықтың құрылымы . . .
3: 6
: 1. 2 .
КІРІСПЕ: Электронды оқулықтың тиімділігі . . .
3: 8
: 1. 3.
КІРІСПЕ: Электронды оқулықтың қасиеттері . . .
3: 10
: ІІ ТАРАУ.
КІРІСПЕ: DELPHI - ДЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММА ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОРТАСЫ
3:
: 2. 1.
КІРІСПЕ: Delphi-туралы жалпы түсінік . . .
3: 12
: 2. 2.
КІРІСПЕ: Delphi-дің меню жолы . . .
3: 13
: 2. 3.
КІРІСПЕ: Delphi-дің additional парағының компаненттері . . .
3: 19
:
КІРІСПЕ: ІІІ ТАРАУ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС SCRATCH БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ
3:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Жаңартылған білім мазмұны . . .
3: 24
: 3. 2
КІРІСПЕ: Scratch программалау ортасы . . .
3: 38
: 3. 3
КІРІСПЕ: «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулығын Borland Delphi 7 және Front Page бағдарламасында жасау.
3: 49
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 53
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 54
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША . . .
3:

КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның өзектілігі : қазіргі уақытта дамыған заманның ақпараттандыру кезеңінде оның барлық мүшелері олардың қоғамдық жағдайына қарамастан өзінің қызмет барысында алдында тұрған міндеттерді шешу ақпарат пен білімді пайдаланады. Кітаптар, патенттар, журналдар, есептер, идеялар шоғырланған білім, тәжірибе, жалпы қоғамның барлық танымдық талабының қоры техникалық деңгейде күнделікті өндірістік, ғылыми, жалпы білімдік және басқа да қызмет түрлерінде әрдайым көбейіп отырады. Ақпарат құндылығы мен ақпараттық қызмет көрсетудің салмағы қазіргі қоғам өмірінде жедел түрде өсуде. Бұл ақпараттандыру процесі кезінде материалдық құндылығы болмаса да басты рөл деуге негіз береді.

Дипломдық жобаның мақсаты: Қандай да бір істі бастағанда оның белгілі бір көздеген мақсаты болады. Менің дипломдық жобамның мақсаты мектеп оқушыларына немесе белгілі бір салада жұмыс жасайтын мамандарға арнап интерактивті байланыстарды қамтамасыз ету.

Дипломдық жобаның міндеттері:

  • Мектеп оқушыларына және мұғалімдерге арналған «Информатика» пәнінен электрондық оқулық құру;
  • Электронды оқулық жасауға арналған программамен танысу;
  • Borland Delphi 7 және MS FrontPage бағдарламалау орталарында информатика пәнінен «Scratch» бағдарламасына арналған электрондық оқулық құру.

Дипломдық жобаны зерттеудің нысаны және зерттеу пәні: Borland Delphi 7 бағдарламасында «Инфоматика» пәнінен Scratch бағдарламасына арналған электрондық оқулықты жүзеге асыру.

Дипломдық жобаның зерттеу әдістері: Осы талаптарды ескере отырып электронды оқулықты құрыстыру.

Дипломдық жобаны зерттеудің ғылыми болжамы : Программалау құралдарын өз шығармашылығында пайдалану және оны қоғамда маңызды қолданыс тапқан мақсатта ұсыну жобаның жаңашылдығы болса, оны меңгеру аса зор уақыт пен шыдамдылықты талап ететін күрделі еңбектің бір түрі болып табылады. Borland Delphi 7 бағдарламасында кодтар жазу, құрал- саймандар панелін пайдалану, қасиеттер панелімен жұмыс жасау өз нәтижесін береді және одан программалаушы дайын жоба ала алады.

Дипломдық жобаның практикалық маңызы: Сабақ беру барысында мұғалімдерге электронды оқулықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Электрондық оқулық оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдету үшін жасалған.

Дипломдық жобаның ғылыми жаңалығы: Мектеп оқушыларына жаңартылған білім мазмұнына сәйкес информатика пәнінен Scratch бағдарламасын тиімді және тез арада меңгеруі. Сонымен бірге бағдарламаның өте қолайлы және түсініктілігі, барлық дәрістердің, практикалық, видеосабақтардың қол астында болуы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде мен зерттеудің өзектілігі мен мақсатына, міндетіне, зерттеудің нысаны және зерттеу пәніне, зерттеу әдістеріне, зерттеудің ғылыми болжамына, практикалық маңызына, жобаның ғылыми жаңалығына тоқталып кететін болсам, бірінші бөлімінде электронды оқулық жайлы түсінікті, электрондық оқулықтың құрылымына жалпы шолу жасалынып, олардың негізгі мүмкіндіктерімен қолданыс салалары қарастырылған.

Дипломдық жобаның екінші бөлімінде Borland Delphi - де қолданбалы программа жасау негіздері, жобаның жасалу үрдісі тізбектей баяндалған, Delphi программалау тілінің интеграцияланған ортасы қарастырылған.

Дипломдық жобаның үшінші бөлімінде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес «SCRATCH» бағдарламасы толықтай зерттеліп, оның шығу тарихы және онда орындалатын мультфильмдер, анимациялар жайлы дәрістер, практикалық тапсырмалар, бейнесабақтар зерттеліп электронды оқулыққа енгізілді.

І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ

1. 1 Электрондық оқулықтың құрылымы

Электронды оқулық дегеніміз - мультимедиалық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т. б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi;

2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу;

3. өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi[1] .

Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:

  • сыртқы бетi;
  • титульдық экран;
  • мазмұны;
  • оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер) ;
  • оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi) ;
  • қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет) ;
  • өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
  • өзiндiк бақылау жүйесi;
  • мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
  • авторлар тiзiмi;
  • терминдiк сөздер;
  • оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
  • оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыс-тармен безендiрiлуi қажет.

Титульдық экран . Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

Электрондық оқулықты жақтаушылар мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушi-нi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға бола-ды? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады және т. б[3] .

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

1. жан-жақтылығы;

2. ізгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады;

3. бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн;

4. модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау;

5. экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет;

6. тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқулықтың құрамы:

  • пән туралы қысқаша ақпарат;
  • жұмыс бағдарламалары;
  • электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
  • ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
  • теориялық материалдар (лекция конспектiлерi) ;
  • теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
  • практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
  • практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
  • бақылау тапсырмалары;
  • лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
  • бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар.

1. 2 Электронды оқулықтың тиімділігі

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп, атап көрсетті.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде[4] .

Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. » Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді[5] .

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау[6] .

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңдерін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi[7] .

Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.

  1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.
  2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздер-мен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
  3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
  4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрасты-рады.
  5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.
  6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

Электронды оқулықтар оқушылардың

  • бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
  • ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
  • өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
  • ойларын дамытуға;
  • оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
  • тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
  • сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
  • өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

1. 3 Электронды оқулықтың қасиеттері

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

  • жинақтылық;
  • жүйелілік;
  • эстетикалық көркемділігі;
  • жылдамдылығы және т. б.

Электронды оқулықтың құрылымы:

1. материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2. материалдың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3. өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұратар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:

  • Сыртқы беті;
  • Титулдық экран;
  • Мазмұны;
  • Аннотация;
  • Оқу материалының толық баяндалуы;
  • Оқу материалының қысқаша мазмұны;
  • Қосымша әдебиеттер;
  • Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
  • Авторлар тізімі;
  • Терминдік сөздер;
  • Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
  • Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі[8] .

ІІ ТАРАУ. DELPHI - ДЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММА ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ. DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОРТАСЫ

2. 1 Delphi - туралы жалпы түсінік

Delphi - бұл Object Pascal сияқты керемет программалау тілі . Pascal тілі 1990 жылы шықты, ол сол кезде жетінші сериясын шығаруда болды. Сол кезде визуалды программалау және программа құру, сонымен бірге тез Windows жүйесі тарады. Сондықтан жетінші сериядан соң программистерге Pascal-дың сегізінші сериясын шығарған жоқ, бірақ Delphi дікі бірінші шығарды. Проект осы атпен 1993 жылы шықты, ал 1995 жылы сатуға Borland Delphi-дің бірінші версиясы шығарылды.

Неге осы атпен проект шыққан екен. Бәрі жай «Егер сіз Оракулмен сөйлескіңіз келсе, онда Делфиге барыныз» деген. Бұл, әрине, мәліметтер базасына баруға көмек, ол Oracle және Грецияда Дельфи деген қала бар, онда мифологиялық Оракул болған[9] .

Неге Delphi де программа құру өте қолайлы? Delphi-ді басқа программалау жүйелерімен салыстырайық - Visual Basic және C++.

Егер Delphi-ді, мысалы C++ салыстырсақ, онда біздің көретініміз Delphi-да программа жазу тез және ыңғайлы.

Delphi-ді Visual Basic-пен салыстырсақ, онда көретініміз Visual Basic-те жазылған программалар аз орын алады, бірақ оның жұмыс істеуіне қосымша файлдар (DLL кітапханасы) қажет. Сол үшін жай программаның өзі 2 Мбайт орын алады.

1995 жылы шыққан Borland Delphi 1. 0 революция болды, Pascal-дың жетінші версиясынан кейін шықты. Егер оны Delphi-дің алдынғы версияларымен салыстырсақ, онда Delphi 1 мүмкіндіктері бүгінгі күнде өте ыңғайсыз.

Borland компаниясы жылдан жылға Delphi-дің жаңа версиясын шығаруда. Windows 95 жаңа операциялық жүйесінің пайда болуында Delphi 2 шығарылды, онда оның мүмкіндіктері және стандартты жаңа операциялық жүйесі ескерілді[10] .

Delphi-дің бірінші версиясы екінші версиядан айырмашылығы 32 разрядты және жаңа компонеттерді қолдайды, олар Windows 95 стилінде орындалады. Егер программист барлық қазіргі заманғы технологияларды және жаңа компоненттерді қолданғысы келсе, Delphi дің соңғы версияларын пайдалана білуі керек.

1997 жылы Delphi-дің үшінші версиясы шығарылды. Delphi 3 бағдарламасы сол кезде кең дамып келе жатқан Интернет желісіне және клиент - серверлік технологиясына бағытталған. Delphi 3 - те мәліметтер базасында жаңа драйверлер және SQL шығарылды.

Delphi 4 - те динамикалық массивтер енгізілді, ол өте ыңғайлы, жақсартылған программа отладкасын, жаңа компонеттер және CORBA қолдайды.

Delphi 5 2000 жылы шығарылды, мәліметтер базасын және көп тілді қолдады. HTML беттерін құру үшін Internet Express жүйесі құрылды. Delphi 6 2001 жылы жарыққа шықты, өзімен бірге көптеген жаңа компонеттер алып келді, ол Интернетпен өте тығыз интегралданды.

Delphi 7 өзін программалық қамтамасыздандырумен ортасымен әзірлейді. Delphi жетінші версиясында Windows XP толығымен шықты. Delphi 2 сияқты жаңа компонеттер Windows 95 стилінде қосылды, алты жыл өткеннен кейін жаңа компонеттер жаңа операциялық жүйе стилінде құруға рұқсат береді.

Delphi 8 NET Framework формасында құруға қолданылады.

Delphi 9 және Borland Developer Studio 3. 0. Бұл нұсқада бұрынғы Delphi 8-дан жойылған Win32-дегі қосымшаларды өңдеу мүмкіндігі болды, бірақ VCL кітапханасы қайтарылған болса, CLX жүйеден алынған болатын.

Delphi 2006 (Delphi 10, Borland Developer Studio 4. 0) 2005 жылдың желтоқсанында шығарылды. Бір IDE C #, Delphi. NET, Delphi Win32 және C ++ жобаларын дамытуға қолдау көрсетті.

Delphi 2007 (IDE CodeGear RAD Studio 5. 0 бөлігі ретінде Delphi 11) 2007 жылдың қыркүйегінде шығарылды. Бұл Delphi-дің Unicode емес соңғы нұсқасы[11] .

2. 2 Delphi бағдарламасының меню жолы

Менюдің «Файл» (File) пункті командаларын қарастырайық. Бұл пунктте «Құру» (Создать), «Ашу»(Открыть), «Жобаны ашу» (Открыть проект), «Таңдау» (Выбрать), «Сақтау» (Сохранить) және т. б. командалар қарастырылған. Толығырақ сипаттама алу үшін «Кесте1»-де берілген.

Кесте 1. Менюдің «Файл» (File) пункті командалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Электронды оқулықтарды құру технологиясы
Электронды оқулық құрылымы
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Интернет желісіне қосылу
Электронды оқулықтардың құрылымы
Электронды оқулық
Электрондық оқулық ұғымы
«Электронды оқулық ағылшын тілін оқытудағы инновациялық құрал ретінде»
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz