Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан халқының алдына жоғарғы талап қойды. Бұнда Қазақстан халқы бәсекелестікке қабілетті, көптілді ортаны дамыту керек делінген. Ұлттық тілдің құнарлығын сақтай отырып, басқа тілдерді оқытудың озық тәжірибелерін ала отырып көптілді тұлғаны қалыптастыру. Көптілділік дегеніміз бұл полимәдениеттілік, ал бұл тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың негізі болып саналады [1] .

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін “Шетел тілі” пәнінен типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы 6-қосымша. ҚР Білім және ғылым министрінің 08. 04. 2016 № 266 бұйрығымен (01. 09. 2016 бастап 1-сыныптар үшін, 01. 09. 2017 бастап 2-сыныптар үшін, 01. 09. 2018 бастап 3-сыныптар үшін, 01. 09. 2019 бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі) [2] .

Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді. Биылғы 2014/2015 оқу жылында барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі енгізілді. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы. Психология ғылымның бір саласы бола отырып, жас ерекшелік психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні - бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады. Алайда, психологиялық - педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиядағы бақылаулар, көбінесе, бала психологиясының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеуді сипатына күнделікті жазу түрінде ие болады. Балалар психологиясы, былайынша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясы тек бақылауға негізделеді. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксприменттің ролі айтарлықтай өсті. Педагогикалық - психологиялық зерттеуде пайдалануының жиілігі жағынан лабораториялық экспримент баланы зерттеуде жетекші орын алып жүрген табиғи эксприментке ғана жол береді.

Оқу - процесі жағдайында жүргізілген табиғи экспримент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жәке адамдар арасындағы қатынастарды тәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық - психология үшін табиғи эксприменттің ерекше түрі қалыптастыру эксприменті өте пайдалы болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың психологиялық іс-әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады. [3:9-12]

Педагогикалық - психологиялық мәліметтерді алудың ерекше бір түрі -егіздер әдісі деп аталады. Оның мәні - бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен экспримент жағдайларында салыстырысып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бір қатар факторлардың әдістерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Зерттеуші психиканың қалыптасуының тақ сол сәтті психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасын дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Бірнеше қайталанатын мұндай кесулер бір қатар сынаушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психологтар бір сынаушының өрін оның елеулі өзгерстерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өзіне қабылдау мен эксприменттің онымен қоса олардың өзгеріліп пайдаланған барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу әдістерін кең қолданылады. Нақты психологиялық әдістердің молдығы мен сан алуандығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының кұрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамассыз етеді.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымның ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрлі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі проблемаларын ғылымында күрделі еңбектерімен байытқан белгілі психолог - ғылымдар: Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Г. С. Костюк, н. ф. Тальцина, т. б. нәтижелі зерттеп келеді. Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл - ой әрекеттерінің кезеңмен қалытасу теориясы болады. Ол 50 жылдарда П. Я. Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. Ақыл - ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білім алу оқушылардың іс - әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзеге асырылады. Адам - ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлайды, үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Педагогиканың міндеті - осы процесті шебер басқарып білу, тек ойлану іс - әрекетінің нәтижесінде ғана емес оның қалыптасу барысын да бақылап отыру. Бірқатар совет ғылымдарының еңбегінде оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс - әрекеттерінің құрылымына тәуелді болып келетіндігі, ал оның өзі оқыту әдістерімен анықталатындығы байқалды, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен әдістеріне тәуелді болатына ашып көрсетілді. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шерілуіге тиісті. Ұғымдардың белгілерімен жаңа типті есептерді шығарудың тәсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқытуда неғұрлым жоғары дамытушы нәтиже пайда болады. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар псикасының дамуының басты механизмі- биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық- тарихи тәжірбиені игеру процесі үстінде дамып отырды. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық тәжірибе қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірбиені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс оқытуда жүзеге асырылады. [4:1-3] .

Адамзат тарихында іс- әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол-оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады. Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және (басқа да жоғары психикалық жолмен қалыптасып), адамға тән жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетілі түсінуге мүмкіндік береді. Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігі) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.

Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеру болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің бәрі оқу тапсырмаларын орындаудан, оқу іс-әрекетінен көрініп жатады. Сонымен, іс-әрекеттің психологиялық құрылымының даму процесінде балалардың жалпы мінез-құлқының құрылысы да өзгеріске түседі. Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөлуге болады.

1. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

3. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы. Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктері мен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатынын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады. [5:3-5] .

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б. ) ерекшеліктері де енеді.

Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық критериилерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады.

Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдерді, бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін - ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы - бесінші жыл; ересектер - алтыншы жыл және даярлық тобы - жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі сынып оқушылары (1-3, 4 сыныпқа дейін), ортаңғы сынып оқушылары (4-5-тен 7, 8 сыныпқа дейін), жоғарғы сынып оқушылары (8-10, 11 сыныпқа дейін) . [6:2-3]

Зерттеу жұмысының өзектелігі: Қазіргі таңда шетел тілін оқыту бастауыш сыныбынан бастап оқыту енгізілді, оқыту барысында көптеген қиыншылықтармен кездесіп отырымыз, атап айтқанда жаңартылып жатқан, өзгертіліп жатқан, өңделіп жатқан технологияларды қолданамыз, бірақ оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле бермейді, сондықтан осы мәселеге байланысты жас ерекшеліктерін ескере отырып, қандай әдістерді қолдануға болады деген мәселе менің дипломдық жұмысымды таңдауыма себеп болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Шетел тілін оқыту барысында оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, ойын және АКТ-ның тиімділігін теориялық тұрғыда негіздей отырып, іс-тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, оларды талдау, сұрыптау, эксперимент жүргізуді ұйымдастыру және оның нәтижесін шығару;
  • Шетел тілі сабақтарында оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын ояту;
  • Шетел тілі сабақтарында жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттай отырып оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ете білу;
  • Шетел тілін оқыту барысында оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;
  • Шетел тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу;
  • Шетел тілін оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларына жаңа технологиялар мен әдістемелерді пайдалану;
  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу;

Зерттеу нысаны: Шетел тілін оқыту барысында оқушылардың жас ерекшелігін ескерек отырып бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету.

Зерттеу пәні: Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып ағылшын тілін оқыту.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша атақты философтардың, педагогтар-дың еңбектері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектептерде білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері, педагогтардың ғылыми еңбектері мен мектеп мұғалімдерінің шығармашылық дағдыны дамытудағы озық тәжірибелері.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселелері бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді оқу және талдау, педагогикалық бақылау, ақпараттық технологияларды дұрыс қолдана алуды меңгеру, сауалнама жүргізу, пікір алмасу, педагогикалық іс-тәжірибе.

Зерттеудің теориялық- практикалық маңызы: Шетел тілін оқыту барысындағы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін үйретудің заманауи әдістемелерін анықтау: ойындар мен диалогты сөйлеу көмегімен тиімді жүзеге асырылу мүмкінліктерін айқындау.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер шетел тілін оқыту барысындағы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып дұрыс әдістемелермен жаңа технологияларды пайдаланатын болса, онда оқыту процесі соғұрлым тиімді болады

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптан шетел тілін оқытудың ерекщеліктері
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНДАР
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТАҢДАУ. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz