Көркем əдебиет саласындағы аударма мəселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
"Аударма" - бұл, көп мағыналы сөз. Бұл бір тілдегі мағынаның басқа тілге берілуін білдіреді. Сонымен қатар, бұл тілде берілген мән келесі тілге қалай берілгенін, яғни қызметтің нәтижесін білдіреді.
Қазіргі уақытта бірде-бір халық әлемдік өркениеттен оқшауланып өмір сүре алмайды. Бұл - халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін таптырмас керекті шарт. Аударманың жалпы тұжырымдамасы аясында болып жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме және т.б.) адамның мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, символизм саласымен тығыз байланысты феномен болып табылады. Қазіргі уақытта аударма барлық салаларда қолданылады.
Аударма - телеграф хабарламалары, газет және журнал материалдары, техника және ғылым туралы ақпарат, компьютерлік және интернет-жаңалықтарын халыққа таратудың ең тиімді тәсілі.
Аударманың қызметтік бағыты аударма процесінің іс жүргізушілік-динамикалық сипаты бар қарым-қатынас пен тілге байланысты екенін көрсетеді, бұл оны рухани-практикалық сипаттағы қызмет ретінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Л. В. Щерба сөйлеу қызметінің үш аспектісін бөліп қарастырып, оларға келесідей анықтама береді:
Бірінші аспект - сөйлеу және түсіну процесін қамтитын сөйлеу қызметі; екінші аспект - сөйлеу жүйесі; үшінші аспект - тілдік материал, яғни белгілі бір әлеуметтік топтың өмір кезеңінде айтылатын және түсінілетін ұғымның жиынтығы. [38 К. Абишева]
Аударма қызметі сөйлеу қызметінің бір түрі болып табылады, сол себепті ол да қызметтік табиғатқа ие. Ол сондай-ақ кез келген материалдық қызмет сияқты барлық символдармен сипатталады және қызмет көрінісінің парадигмасына кеңейіп қолданылуы мүмкін. Аударма қызметінің мотиві басқа қызметтерге сұраныс нысанасынан ерекшеленеді. Белгілі бір қызметтердің белгілі сұраныс заттары бар. А.Н. Леонтьев: "бір әрекеттестікті екіншіден айыру үшін олардың пәндеріндегі айырмашылықты анықтау қажет. Аудармашы қызметіне сұраныс жалпы тілді білмейтін адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Аударма - бұл ортақ тілде сөйлемейтін екі сөйлеуші арасындағы лингвистикалық делдалдық болып табылады. Сондай-ақ, ол қоғамның сұранысын қанағаттандырады. [41 К. Абишева]
Коммуниканттың, аудармашының және реципиенттің фондық білімінің сәйкестігі өте маңызды, өйткені аудармашының міндеті - аударма тілін ауыстыру емес, бастапқы тілдегі мәтінді екінші тілдегі құралдарды пайдалана отырып, екі тілдегі мәтінді эквивалентті етіп жасау. Белгілі бір тілдегі мәтінді басқа тілдегі мәтінге өзгерту кезінде аудармашы мәтінді алушының фондық білімін толықтыруы тиіс, өйткені реципиенттің өз қоғам мәдениетінің өзіндік білімі, өзіндік философиясы мен дүниетанымы, өзіндік мінез-құлықтары болады. Ол өз мәдениетін жетік меңгерген. Сондықтан аудармашы өзге халықтың менталитетіне байланысты әр адамның өз менталитеті бар екенін еске ала отырып, өзінің менталдық білімін толықтырады. Сонымен, Ю.А. Сорокиннің айтуынша, бір ұлттың нәсілге, руға, топтардың мүшелеріне, бір әулетке, жынысқа, бір жастағылар тобына, бір саяси партияға, қызмет көрсету тобына, бір экономикалық мәртебеге қатысы бар болып топ-топқа бөлінеді.. [Сорокин, 1992, 16]
Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінің арнайы саласының бірі - аударманың лингвистикалық теориясы болып табылады. Лингвистикалық теория - қазақ тіл білімі үшін әлі толық жетілмеген, арнайы деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған салаларының бірі. Сол себепті бұл ғылымның негізгі бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің толығымен зерттелген жоқ. А.М. Алдашева былай деді: "... бүгінгі таңда аударма теориясының негізгі дәлелдері, аударма теориясының негіздері, аударма ғылымының негізгі объектілері мен принциптері, бірлік әдістері мен формалары, аударма стандарттары, аударма ісіне қойылатын нормалар сияқты жағдайлар ғылыми тұрғыда толық анықталмады. " Қазақ тіл білімінде аударматану - ХХ ғасырдың соңында ғана толығымен қолға алынған жаңа салаларының бірі болып табылады. Сол себепті, қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы, аударма практикасы, аударма іс-тәжірибесінің теориялық сипаты енді қалыптасып келе жатыр десек қателеспейміз. Тіл білімінің әрбір саласының өзіне тән ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараттары бар. Әрине, әрбір арнаулы ұғымдардың атаулары, ұғымдар жүйесі мен терминдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, аударматану саласындағы терминологиялық жүйенің тілдік, соның ішінде, лексикалық ерекшеліктерін айқындау, терминологиялық жүйе шеңберіндегі ұғымдар жүйесі мен сипаты сияқты тілдік деректерге талдау жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Аударманы лингвистикалық ғылым аспектісінде зерттеу белгілі ғалым, қазақ тілін теориялық жағынан негізін қалаушы Құдайберген Жұбановтың жұмыстарынан басталады. Қазақ тіліне басқа тілден аудару барысындағы синтаксистік құрылымдардың ерекшеліктері, стилистикалық айырмашылықтарды талдап көрсетті. Жазушы тәржіма ісі саласындағы белгілі міндеттерді шешу аясында аудармадағы ұлттық дәстүр, ұлттық форма дұрыс берілуі, синонимдер, идиомалар, мақал-мәтелдер, афоризмдердің аударылуы, аудармашы өз тарапынан қосқан жаңа сөз туындылары, жаңадан қандай сөз байланыстарын жасады, төл сөздердің мағыналарын қаншалықты жаңартты - осы аталғандарды зерттеу қажет деп санап, аудармаға тілтанымдық тұрғыдан келудің маңыздылығына баса назар аудартты.
Кейінгі кезеңде, әсіресе ғасырдың соңғы ширегінде аударманың нысаны мен ауқымы өсті. Өткен жылдары тек орыс тілінен қазақ тіліне жасалған аудармалар ғана болса, кейінгі жылдары мәдениетаралық коммуникация саласының кеңейіп, дамуына байланысты әлемдік ақпарат алмасуды неғұрлым жоғары деңгейге дейін арттыру мақсатында еуропалық тілдерден, шығыс тілдерінен қазақ тіліне тікелей аудару процесі өрістей бастады. Ақпараттық-анықтамалық қор құру үшін публицистикалық, ресми мазмұндағы мәліметтер, нормативтік құжаттар аударма жасау арқылы кеңеюде. Өйткені Қазақстан Республикасының таяу және алыс шетелдермен қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени қатынастары жаңаша, серпінді дамуда.
Әлемдік лингвистикадағы лингвистикалық аударматану ғылымының басты мәселелерінің бірі - осы салаға қатысты терминдер мен терминдік сөз тіркестері. Орыс тіл білімінде аудармаға қатысты екі мыңнан астам аталымдар бар екендігі көрсетіледі, ал қазақ тіл білімінде олардың көпшілігі құрылымдық тұрғысы жағынан орыс тілінен сөзбе-сөз аудару арқылы орныққан. Дегенмен, шынтуайтқа келгенде, білім беру ісінде, кейбір мәселелерді принципті түрде талқылауда аударма ісінің кейбір терминдері ұғымдық мәні, мазмұндық межесі жағынан нақты емес. Біздің мақсатымыз - аударматану ғылымының бірқатар өзек аталымдарына - терминдеріне орыс тілінен қазақ тіліне аударылған мәтіндердің заңдылықтарына сүйене отырып, мүмкіндігінше анығырақ түсініктеме жасау. Лингвистика әлеміндегі аударматану лингвистикалық ғылымының басты проблемаларының бірі - осы саламен байланысты терминдер мен терминдік сөз тіркестер. Орыс лингвистикасында аудармада екі мыңнан астам атау бар, ал қазақ лингвистикасында олардың көпшілігі орыс тілінен сөзбе-сөз аудару жолымен құрылған. Бірақ, өкінішке орай, кейбір терминдердің тұжырымдамалық, мазмұндық мағыналары дәл емес. Біздің мақсатымыз - орыс тілінен қазақ тіліне аудару заңына негізделген аударма ғылымының терминдеріне бірқатар атауларға нақты түсінік беру.
Терминологиялық лексиканы зерделеп, оның теориялық мән мағынасын зерттеуде орыс тіл білімінің ғалымдары В.И.Сифоров, А.Реформатский, О.С.Ахманова, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, Р.А.Будагов, В.Ф. Журавлев, В.П.Даниленко, Г.В.Степанов т.б., сондай-ақ, қазақ ғалымдары көп үлес қосты. Әрбір ғылым саласын дамыту тілдің дамуын талап етеді. Кейбір ғылымдардың, соның ішінде, аударматанудың қалыптасуы мен дамуына бірнеше себеп әсер етті, олар: аударма теориясы саласындағы көптеген жұмыстардың күрделенуі мен кеңеюі; аударма теориясында жаңа бағыттардың қосылуы; жаңа терминдердің тууы; жаңа концептуалдық аппараттың қалыптасуы мен белгілі терминдердің жаңа мазмұнмен жинақталуы. Соңғы жылдары аударма мәселесі көптеген лингвистикалық аспектілермен қарастырылады. Мысалы, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, мәдениетаралық коммуникация, салыстырмалы стиль және т.б. си.
Жалпы, аударма тарихында аударылған шығармаларды тілдік тұрығыснан немесе әдебиеттану тұрғысынан зерттеу керек пе? деген даулы мәселелер қалыптасады. Аударма теориясының басты міндеті: лингвистика тұрғысынан, яғни әр тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық заңдылықтарын ажырату, олардың қайсысының қалай жүйелесетінін анықтау Осыған қарсы пікірлердің бірі аударма әдеби тұрғыдан ғана қарастырылуы керек деген пікір айтылды. М. Әуезов "Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері" атты мақаласында: Аударма теориясын жіктеп қарастырғанда, әдебиетте екі түрлі бейім анықталады, бірі - аударма тіл ғылымының ауқымына енетін сала болуына байланысты аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу дұрыс деп санайды, яғни, әріпқойлыққа негізделген аударма, ал, екіншісі - яғни, біздің пікір бойынша дұрыс бейім, - аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынып, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алға қою, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиеттану теориясы зерттейтін объект деп қарайды - деп көрсетеді.
Аударма теориясының көрнекті ғалымдарының бірі Л.С. Бархударов аударманы құрылымдық сипатына қарай төрт түрге бөліп көрсетеді. Олар:
1) жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;
3) ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы. [Бархударов Л.С. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода). - М.: Международные отношения, 1975. - 240 с., 47-48-б.]
Аударманы төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
1. Ауызша аударма - бұл түпнұсқаның жазбаша түріне қарағанда күрделірек болып келеді; яғни берілген тілдегі мазмұнын жəне құрылымын жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйленген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі.
Ауызша аударманың өзі екіге бөлінеді. Олар:
- ілеспе немесе синхронды аударма;
- ізбе-із аударма.
Ілеспе аударма - бастапқы мəтінді тыңдап отырып, ілесе, яғни бір мезетте аудару. Аударудың бұл түрі тәржіма мəтіннің айтылуымен бірге жүріп отырады. Арнайы залдардағы ілеспе аударма түпнұсқаның оқырманы (мәтіннің авторы), кейбір жағдайларда оратор сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей ауызша аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ғалым Ə. Тарақов ілеспе аударманың қиыншылықтарының төмендегідей белгілерін атап өтеді:
а) сөйлеуді бір мезгілде тыңдау және айту қажеттілігінен туындаған психофизиологиялық ыңғайсыздық;
ə) дауыстап сөз сөйлеуші немесе баяндамашы микрофондағы сөздің қайталанбауы туралы менталдық кедергі. Өйткені сөз сөйлеушіні тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына жəне үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы əрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі [Тарақов Ə.С. Аударма психологиясы жəне мəдениеті: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 60 б., 36-б.].
Аударманың келесі түрі ізбе-із аударма - мəтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударма болып табылады.
Ізбе-із аударма екіге бөлінеді. Олар: парақтан аудару жəне абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл түрі келіссөздер, саяси, экономикалық қаржылық, құқықтық жəне басқа да мəселелер аясындағы әр түрлі кездесулер кезінде, конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде орын алады.
2. Жазбаша аударма - жазбаша түрде жасалатын тəржіма түрі; яғни, қағазға жазылған бастапқы тілдегі жазбаша мəтінді басқа тілге жазбаша түрде аудару. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми жəне көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқа мəтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу, сөздіктерді, басқа да лингвистикалық жəне лингвоелтанымдық, когнитивтік мәліметтерді беретін анықтамалықтармен оқулықтарға сүйене отырып бастапқы тілден екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі. [Алдашева А. Аударматану ғылымының басты ұғым-түсініктері туралы Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал) құраст.: Құлманов С. - Алматы: Тіл оқу-əдістемелік орталығы, 2008. - 300 б., 23-б.]. Түпнұсқаның түрі мен мəніне қарай аударманың да қолданылатын əр алуан амал-тəсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында өзгертпей толық жеткізу мақсат етілсе, ғылыми жəне техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру мақсат етіледі.
Жазбаша аударманың өзі екі түрге бөлінеді:
1. Көркем аударма - бұл көркем шығармалардың аудармасы, оның қызметінің негізгі бағыты оқырмандарға көркем-эстетикалық әсер ету болып табылады. Аудармашының бұл аудармадағы мүмкіндіктері шексіз, ол екінші тілде жазылған мәтінді түзете алады. Аудармадағы ең күрделі нәрсе лингвистикалық ерекшелік емес, ол түпнұсқаның көркем жағын дұрыс жеткізе білу, яғни аудармашы шығармасының бейнелі әлемін, идеяны, позициясын және автордың стилін дәл, қатесіз көрсете білу.[ Көркем əдебиет саласындағы аударма мəселесі ҚАЕУ хабаршысы. - Өскемен, 2006. - №2.,150-б.].
2. Ақпараттық аударма - бұл, қандай да бір ақпаратты, деректерді беру. Ақпараттық аударма келесі түрлерге жіктеледі:
- ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Осыған орай ЮНЕСКО мақалаларынан мысал келтіретін болсақ, UNESCO's International Programme for the Development of Communication (IPDC) supports the project Strengthening Sustainability of Community Media in Kyrgyzstan (62nd session, Accra, Ghana). It aims to increase the diversity of media in twenty five rural communities in Kyrgyzstan. UNESCO Almaty in cooperation with the Community Media Association of Kyrgyzstan is implementing the project. - ЮНЕСКО-ның Коммуникацияларды дамыту жөніндегі Халықаралық бағдарламасы Гананың Акра қаласындағы өзінің 62-сессиясында Қырғызстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақтылығын нығайту жобасын қолдады. Ол Қырғызстандағы жиырма бес ауылдық қауымдастық үшін БАҚ-тың мазмұны мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Бұл жоба ЮНЕСКО-ның Алматы қаласында Қырғыз Республикасының Қоғамдық БАҚ қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда., бұл саладағы мәтіндерді аударуға сөздік те аздық етеді, кəсіби маман біліміне, тəжірибесіне де сүйенген дұрыс, себебі түпнұсқа мағынасын екінші тілге дәл, әрі түсінікті жеткізудің маңыздылығы өте зор.
Ғылыми мақалалар қатаң морфологиялық жəне синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стилі қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кəсіби маман ретінде бейімделген жөн [Тарақ Ə. Ғылыми-көпшілік жəне ғылыми техникалық аударма Аударматану (ғылымипрактикалық көмекші құрал) құраст.: Құлманов С. - Алматы: Тіл оқу-əдістемелік орталығы, 2008., 57-б.].
- ресми-іскери аударма. Ресми іскерлік стильдің қарапайым үлгілерінен (баяндау, сипаттама және т.б.) тұрады.
- газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мəліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мəтіндер əр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын жəне кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық əрі белгілі бір мəселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж, т.б. түрде беріледі. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді:1) Газет мəтіндерін аудару. Түпнұсқамен дәлдік тұжырымдамасын қатаң үйлестіруге негізделген. Бұл ресми ақпараттық хабарламаларда, саяси келісімдерде, қаулыларда, жарғыларда, ең қысқа үкіметтік құжаттарда жиі қатаң сақталады. 2) Публицистиканы аудару - қоғамдық өмірдің өзекті мəселелері мен құбылыстарын аудару болып табылады. Публицистикалық мəтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді.
- тұрмыстық аударма - тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық жəне мəдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды. [Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері: оқу-əдістемелік құралы. - Алматы, 2012. - 296 б., 38-б.].
Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал - сөздік. "Ақпараттық ағын" заманында аудармашы жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін жəне оларды қандай ретпен əрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет. [Жұмабекова А., Жабағиева Г. Жазбаша жəне ауызша аударманың ерекшеліктері Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал) құраст.: Құлманов С. - А, 38-б.].
ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі - ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері аударма теориясы мәселелеріне арналды.[2,296 б.]
Аударманың басты негіздерінің бірі - сөз және оның мағынасының берілуі. Сөздің негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның дербес мәні. Сөздің мәні, оның табиғи сипаты лингвистикадағы тіл тарихы дәуірінен бастау алады. Терминнің мағынасы өте кең, ол лингвистикалық түсініктегі бағыттардың жеке ұғымдарымен түсіндіріледі.
Сөз мағынасы күрделі ұғым. Сөздің мағынасы құрылымдық жүйенің элементі ретінде қарастыру зерттелетін мәселенің лингвистикалық аспектісі болып табылады. В.А.Звегинцеваның пікірінше лексикалық мағынаның көрсеткіштері нақты пәнге тәуелділік, арнайы түсінікпен байланыс және лексикалық бірліктердің өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Лексика-семантикалық мағынаны қалыптастырудағы қатынастар жүйесінің мәні туралы айта отырып, ғалымдар мен корреспонденттер сөздің семантикалық құрылымындағы дифференциалдық белгілерді анықтау мәселелеріне (басқа сөздерден ерекшеленетін семантикалық белгілердің жиынтығы), лексика-семантикалық өрістерді анықтауға назар аударады. Тілдердегі лексикалық бірліктерді топтастыру және саралау лексика-семантикалық ұғымының дамуына алып келгені белгілі. Лексика-семантикалық өріс тіл жүйесінде үлкен лексикалық топтарды қалыптастыруға бағытталған.
ХХ ғасырдың соңында тіл жүйесіне антропоцентрикалық көзқарас лингвистикалық зерттеулердің парадигмаларын өзгертті. Семасиология және когнитология көмегімен шеткергі, алыстағы деген сөздің мағынасын зерттеуге талдау жүргізілді. Сөздің алыс мағынасы ұғымға жақын болғандықтан, ол когнитивистер мен лингвокогнитологтарға үлкен қызығушылық тудырды. Осыған байланысты лингвистер терминология жағынан мағынаның екі түрін ажырату қажет екенін айтады: бірі - түсіндірме сөздіктердегі сөздің сигнификативті мағынасы; екіншісі - тіл тасымалдаушысының тілдік санасында тұратын сөздің психологиялық мағынасы. Сөздің мағынасы танымдық сипат алады, өйткені сөздің мағынасы жеке когнитивті сипаттамалардың жиынтығы болып табылады.
Тіл білімінде тілдің семантикалық құрылымын терең зерттеумен қатар тілдік қарым-қатынас тұрғысынан қазіргі тіл жүйесіндегі сөздердің мәні қарастырылады. Бұл мағынаның психолингвистік аспектісін құрайды. Кеңес психологиясының теориялық аппаратының негізгі ұғымы ретінде мағына алынады. Мағынаның психологиялық аспектісі көп жағдайда лингвистикалық проблемалармен үйлеседі. Сөздің мағынасын психологиялық зерттеу мәселесі мәннің динамикалық қасиеттерін, танымдық сипатпен зерттейді. Қазіргі ғылым мен техника неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік құбылыста лингвистикалық сөздіктердің қызметі сөз мағынасының динамикалық дамуымен сүйемелденетіні белгілі. Лингвистикалық сөздіктерге енбеген кез келген сөздің мәні туралы толық ақпарат бере алатын басқа да ақпарат көздерін іздеу, сондай-ақ оны көптеген тәсілдермен ашу қажет. Сонымен қатар, түсіндірме сөздіктер белгілі бір сөздің мәнін толық ашуға негіз бола алмайды.
Тілдік құрылымның әрбір элементі өз мағынасына ие болғандықтан, оның мазмұны контекстке байланысты. Сөздің нақты қай мағынада беріліп тұрғаны сөйлеуде және контексте ғана белгілі болады. Бір сөз әртүрлі контекстерде қолданылатындықтан, бірнеше мағынасын анықтауға болады. Сонымен қатар, біз символдың ақпаратты беру үшін материалға ие, шектеулі құрамы бар сөздердің көмегімен қоршаған ортаның көптеген құбылыстарын белгілеуге мүмкіндік береді деген қорытындыға келеміз. Мәселен, тастың қаттылығы ұқсастық негізінде тас жетім, тас бауыр, тас жүрек сияқты екіншілік номинация қатары жасалса, қалың сөзінің тығыздық, жиілік, көптік семалық бөліктері негізінде қалың жұрт, шөбі қалың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті туралы
Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
Түркі қағанаты X-XIIғ ежелгі дәуір әдебиеті
Қазақ прозасының зерттелуі
Социалистік реализмге қазіргі көзқарас
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Әдебиет сыны
Аударманың түрлері жайында
Картаны жасаудағы безендірудің рөлі
Жарнама туралы түсінік
Пәндер