ТӘУЕЛСІЗДІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ ( МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі кафедрасы
Тұрмахан Гүлнәр Әділханқызы
«ТӘУЕЛСІЗДІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ («МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА)
«6М011700-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған магистрлік диссертация
Ғылыми жетекшіА. О. Тымболова ф. ғ. к. профессор м. а.
Кафедра меңгерушісіН. С. Балтабаева PhD докторы
Қорғауға жіберілді: Хаттама №___ «___»
Алматы, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. КОНЦЕПТ - ЛИНГВИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ РЕТІНДЕ . . . 8
1. 1 Ұлттық код идеясының құндылығы . . . 8
1. 2 «Қазақ» этнонимінің танымдық ерекшеліктері . . . 18
2. ТӘУЕЛСІЗДІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ . . . 29
2. 1 Азаттық, еркіндік, бостандық ұғымдарының лексика - семантикалық ерекшелігі . . . 29
2. 2 Күлтегін, жыраулар поэзиясындағы «Мәңгілік Ел» идеясының құндылығы . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 83
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 85
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР . . . 90
КІРІСПЕ
Тәуелсіздікке қол жеткізген Түркі мемлекеттерінің басты идеясы - тәуелсіздікті баянды ету болатын. Осы орайда, барлық елдің көкейтесті идеялары - сырттағы ірі мемлекеттердің тегеурінді тепкісіне ұшырамай, экономикалық қал-ахуалын көтеріп, ұлттық рухты көтеру болатын. Сонымен қатар, халықты іргелі елдердің қатарына жатқызып, ел іргесін бекітумен қатар терезесін Евразия елдерімен теңестіру идеясы басты мақсатқа айналған болатын. Осы ұлттық идеяның негізінде ұлттық сана қалыптасты. Мұндай идеялардың қалыптасуынан бұрын әр Түркі мемлекеттері түрлі ауыртпалықтарды басынан кешірген. Соның ішінде біздің қазақ халқының елдік, бостандық, отаншылдық, ұлттық сана және тәуелсіздік идеясы бір ғасырдан астам уақытта жоңғарларға қарсы жүргізілген азаттық күрес кезінде туындаған. Қазақ елі ел тәуелсіздігі үшін байқағанымыздай, қаншама ғасыр өз азаттығы үшін алысты, өз мемлекеттік болмысы үшін, жалпы халықтық тұтастығы үшін сыртқы жаумен арпалысып өтті. Біз тәуелсіздігімізді жариялаған 1990 жылдары Қазақ Елінің ішкі, және сыртқы саяси ахуалы қандай күйде болғаны белгілі. 300 жыл бойы басқаның боданында болып, ұлттық экономикасы мен шарушылығы ғана емес, рухани байлығы мен қатар ұлт ретінде жойылып кетудің шақ алдында тұрған едік. Тәуелсіздіктің алғашы жылдары қаншама ауыр болса да, елдің тыныштығын сақтауға қазақстандықтар жұмыла күш салған еді. Биліктегілер елдің көзін ашып, ұлт екенін, халық екенін ұғындырып, мойындатып, еңсе көтеру үшін де біраз жұмыс жасау қажет болған-ды. Осындай жас мемлекеттің саяси жүйесін жаңадан қалыптастырып, мәдениетін, ұлттың тарихын, рухани құндылықтарын көтеру; экономика мен шарушылықты нығайтып, халықтың қал-ахуалын жақсартып тәуелсіздік мүддесіне үйлестіру өте қиын шақ болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі кезеңде Қазақстан билігі- біліктілігі мен төзімділігін, халық-парасаттылығын көрсете білді. Билік ең әуелі елдің бірлігін сақтауға, ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге білек сыбана кірісті. Сонымен қатар билік өзге де халықтарға бар мүмкіншілік те жасап берді. Олардың өз тілінде білім алуларымен қатар, ұлттық құндылықтарын дамытып, жетілдіруге мүмкіндік берді. Елбасымыз Н. Назарбаев 2014 жылы Қазақ халқын «Тәуелсіздік мерекесі»күнгі салтанатты жыйында құттықтауында: «Бұл күніміз тарихи әділет салтанат құрған, бабаларымыздың азаттық үшін күресіп, сол орайда өлшеусіз қанның өтеуі қайт қан ұмыт ылмас ұлы күн. Сырдариямен Есілдің, Алтаймен Атырау дыңарасында еліміздің жылнама сы алтын әріппен жазылған ең ардақты күн. Тәуелсіздік - біздің меншігіміз немесе тарих тың сый емес. Тәуелсіздік - кешегі ата-бабаларымыз дың қасиеті борышы және алдында ғы зор жауапкерші лік. Біз дер бес, тәуелсіз мемлекет құруға ие болған ие болған 193 мемлекеттің біріміз. Тәуелсіздікті берік ұстап тұру - тәуелсіздікке жетуден де қиын іс. Елімізде тұрақтылық пен татулық ұйып тұрса ғана біз Мәңгілік Тәу
елсіз ел боламыз. Мәңгілік Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философия сы», дейді /1/. Осындағы жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясына Елбасының 2014 жылғы 11 қараша күні Қазақ стан халқы на арнаған жаңа «Нұрлы жол-болашаққа бастаржол» атты Жолдауында тәуелсіз дігіміздіңдаму даңғылындағы басты бағдар ретінде тағы да айрықша мән берілді. Тарихы тереңде жатқан «Мәңгілік Ел» идесы хақында 13 ғасыр бұрын Тоны көк абыз «Мәңгілік Ел - күллі Түркі жұртының мұраты» деген өс иет қалдыр ған. Байқасаңыз, біздің жалпы ұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры. «Мәңгілік Ел» идеясын өміршең ететін елдің, ұлттың бірлігі. Осы ұлттың бірлігімен берекесі Қазақстан ның шыққан шыңымен бағындырған ең биік белестерінің діңгегі. Сондайақ, біздің келешек ұрпақ қаманат етер басты байлығымыз осы ел бірлігі болып табылады. Елдің бірлігі мен берекесін сақтау үшін біздің жастарымыз бен келешек ұрпақтарымыз Отанды сүюі керек. Яғни, Отанды сүю дегеніміздің өзі - кешегі бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы мұраларымызды қадір леу, оларды көзіміздің қарашығы ндай сақтау, өз үлесімізді қоса отырып, дамыту, кейінгі ұрпақ қа аманатетіп, табыс тау деген сөз. «Мәңгілік Ел» - жаңа Қазақстандық патриотизм. Өткен тарихымызға деген тағзым, бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен бақытымызға мақтаныш, келешектің гүлденеріне деген сенім осы құдіретті ұғымға сыйып тұр. Жоғарыда атап өткенімдей, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы - елдің біріктіруші күші, ешқашанда таусылмайтын қуат көзі. Бұл идея «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеннің өзі - Мәңгілік Ел! Және де барша қазақ жұртының құндылығы. Иә, осынау жалпыұлттық құндылықты әрбір азаматтың, келер ұрпақтың бойына сіңіруге тиістіміз, - деп Елбасымыз жолдауында атап өтті /2/.
Тақырыптың өзектілігі: «Тәуелсіздік» концептісі бірнеше рет лингвистикалық зерттеулердің нысаны ретінде қарастырылды: « тәуелсіздік» сөзі мағынасының түрлі тілдердегі универсалды элементтері ерекшеленіп алынды, тәуелсіздік-азаттық синонимдік жұп сөздеріне зерттеу жүргізілді, «тәуелсіздік» концептісінің диахрондық аспектісі, сонымен қатар «тәуелсіздік» мағынасын көрсету эволюциясы қарастырылды, аталмыш концептісі ұғымы «ел - азаттықтың нормативті аумағы» құрылымы арқылы түсіндірілді. Алайда, «тәуелсіздік» концептісінің кейбір аспектілері әлі де зерттеуді қажет етеді. Мысалы, аталмыш концептінің тілдер концептосферасындағы когнитивті мазмұны кешенді және көпаспектілі зерттеуде әлі де анық көрсетілген жоқ. Осыған қоса, «тәуелсіздік» концептісінің әлеуметтік жіне саяси шарттарының қызмет етуі оның мазмұны құрылымында этноспецификалық ерекшеліктерді туындатады. Қазіргі таңда қарастырылып отырған концепті универсалды және тұлғалық деңгейде аса маңызды роль атқарады. Аталмыш магистрлік диссертацияның өзектілігі «тәуелсіздік» концептісінің этномәдени маңыздылығымен нақтыланады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты : «Тәуелсіздік» концептісінің этномәдени әрі лингвистикалық ерекшелігін талдау. «Тәуелсіздік» концептісін лингвистикалық зерттеулердің нысаны ретінде көптеген ғалым-лингвисттердің еңбектерінде көрсетілген тәуелсіздік сөзінің мағынасының универсалды- семантикалық элементтерінің ерекшелігін анықтау. Бір-бірімен тығыз байланыстағы тәуелсіздік, азаттық, бостандық, егемендік, теңдік, т. б., ұғымдарының лексика-семантиалық өрістеріне жататын бірліктерді іріктеу.
Аталған мақсатты орындауда алға қойылған міндеттер :
- Лингвистика шеңберінде концепт теориясы мен оның құрылымына қатысты теориялық зерттеулер деректеріне талдау жасау;
- Концептінің құрылымы мен мазмұнын зерттеуде негізгі методологиялық бағыттарды анықтау;
- «Тәуелсіздік» концептісінің лексика -семантикалық өрістеріне жататын бірліктерді іріктеу;
- Іріктелген бірліктерге компонентті талдау жасау;
- Талдау негізінде лексика -семантикалық өрістерге талдау жасау;
- Концептінің лингво-мәдени ерекшелігін қарастыру;
- Үйлесімін тапқан лексика-семантикалық өрістерде бейнеленген тәуелсіздік құбылыстарының мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін табу.
- «Мәңгілік Ел» идеясының Күлтегін жазбаларындағы құндылықтарын зерттеу.
Зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- «Тәуелсіздік» концептісінің танымдық үлгісі лингвомәдениеттану және тарихи деректер негізінде көпаспектілі құбылыс ретінде ұсынылды;
- «Тәуелсіздік» концептісі аспектілерінің компоненттері теориялық тұрғыдан тұжырымдалып, жүйелі түрде талданды;
- «Тәуелсіздік» концептісінің унверсиалды компоненттері менталдық дүниетанымдық құбылыс ретінде айқындалды.
Жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық (зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдістемелік зерттеулер мен әдебиеттерді талдау), эмпирикалық (сауалнама, бақылау, педагогикалық эксперимент), нәтижелерді талдаудың статистикалық әдістері (салыстыру, қорытындылау, бірыңғай сұрыптау әдісі, талдау, өңдеу) . Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жұмыс когнитивтік, әлеуметтік, функционалдық зерттеулердің дамуына үлес қосқан социолингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және тарихи деректердегі тұжырымдарға сүйеніп дәйектелді. Концепт теориясы мен өріс ұғымдарына қатысты тұжырымдамаларының барлығы Ю. С. Степанов, Е. С. Кубрякова, С. Аскольдов-Алексеев, сынды шетелдік зерттеушілерге, сонымен қатар, Ш. Жалмаханов, А. Ислам секілді отандық ғалымдардың тұжырымдарымен сабақтасады. «Тәуелсіздік» концептсінің семантикалық өрісіне жататын «Еркіндік» концептісіне қатысты тұжырымдамалар М. Минский, А. Солохина тәрізді шетелдік ғалымдар еңбектерінің негізінде берілді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- «Мәңгілік Ел» идеясын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырудың тиімділігі тілдік деректер арқылы бағамдалды; теориялық бағыттан дәлелденді;
- Орхон ескерткіштеріндегі тасқа қашалып жазылған өсиетнамалардың мән-мағынасы, түпкі ойы анықталып берілді;
- «Тәуелсіздік» концептісінің лексика - семантикалық ерекшелігі «ұлттық код» аясында айқындалды;
- «Тәуелсіздік» концептісінің лексика-семантикалық өрісі айқындалды;
Зерттеудің практикалық құндылығы: Диссертация нәтижесінде алынған теориялық және эмпирикалық материалдар қоғамдық пәндерді оқытуда, «Қазақтану» оқу курстарында пайдалануға болады.
Жұмыстың зерттеу нысаны: «Тәуелсіздік» концептісі мен «Мәңгілік ел» идеясының ежелгі түркілік танымдағы концептуалды сипатын айқындау.
Зерттеудің сарапталып сыннан өтуі: зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындылары бойынша отандық ғылыми басылымдарда 3 ғылыми еңбек жарияланды. Соның ішінде 1 мақала «Білім Айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық журналында, «Тәуелсіздік таңы - Мәңгілік!» атты мақала жарияланды. Алматы, 2017. 2-мақала Білім Times Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналында «XI Құрышжанов оқулары: Ұлы Дала құндылықтары - Түркі әлемі жастарын біріктіруші фактор» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында «Мәңгілік ел» идеясының лингвистикалық ерекшелігі» атты мақала жарық көрді. Алматы, 2018. 3-мақала «Ұлттық код - ұрпақ құндылығы» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хабаршы» журналының №3 санында (баспада) .
Зерттеу нәтижелері: диссертация тақырыбы саласында басылым көрген отандық және шетел зерттеушілерінің еңбектеріне, ҚР білім және ғылым министрлігінің білім беру жүйесі бойынша жариялым көрген ресми және нормативтік құжаттарына (бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) мерзімді баспа материалдарына талдау жасалды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жастардың, келер ұрапақтың ел бірлігі, елдің тыныштығы - елдің тұрақтылығы мен Мәңгілік Тәуелсіз боларын бойларына сіңірсек және оларға Отанды сүю - елдің алдындағы борышы екенін ұғындырсақ, онда жастардан бәсекеге қабілетті, отансүйгіш, ата-баба өсиетіне, құндылықтарымызға берік болып, дамытатын ұрпақ қалыптастыратын едік, себебі жас ұрпақ - тамыры терең Мәңгілік елді қалыптастырушы, олар тәуелсіздігімізді мәңгі ете алады.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: зерттеу кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І КОНЦЕПТ - ЛИНГВИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Ұлттық код идеясының құндылығы
Қоршаған ортадағы құбылыстарды тілдік жүйеде бейнелеу мәселелерін зерттеу құбылысы арқылы тіл білімінде «концепт» термині пайда болған. «Концепт» термині тіл аясы ндағы мәселеле ргеқатысты пайдалан удыөткен ғасырдың бірінші жарты сында тұңғыш рет орыс философы С. А. Аскольдов ұсынған. Ол «Канцэпт и слово» атты еңбегінде концептін былай ұғындырады: «Шығу тегі бір дей сандағанзат тарғақатыстыой процес ініңорнын басатын ойдағы түсінік» [45, 12] . Осымен сабақтас тырып, В. З. Демьянков, Ю. С. Степанов (1-кестеде) ұғым мен концепт інің аражігін ажырата қарастырады. Концепт терминін зерттеуші ғалымдардың әрқайсысы әр түрлі қарастырады. Мысалы, В. Н. Телия «Концепт» деген іміз белгілібір обьект туралы барлық мағлұмат жиынтығы деген анықтама берсе [9, 17], ал, ғалым В. А. Маслова концепт, ұғым және мағына концепт жүйесін құрайтын бірбірімен тығыз байланысты, ажырамас ұғымдар болып табылатынын дәлелдеген [10, 23] . Ғалым А. Вежбицкая болса, концептіні адам ның әлем туралы тиянақ талғанмәдени түсінік тері бейне ленгенжәне атаулары бар ғалам ның тіл дік бейнесі ретінде тан идыда, «концепт - бұл ақи қат әлем і туралыадам ныңмәдені-шартты түсінігін бейнелейтін «идеалдыәлемнің объектісі», - деген ой қалыптастырады. [15, 7-8] . «Концепт» термині нің теория лықнегіздері Д. С. Лихачев [15, 3, 9], Е. С. Кубрякова, В. А. Маслова, А. Я. Гуревич А. Вежбицкая т. б. зерт теу еңбек теріндеқарастырылып, олар дың «концепт» жайлы ойтұжырымдар ыконцептіні құрылымы наенетін сөздер дің мағыналық жақтан өз араүйлесе келіп, негіз гіөзк - тірек сөздің аясына шоғыр лануынан туындайтындығын дәлел дейді. Қазақтіл білімін де «концепт» термин і С. Жапақов[12, 28], М. Күштаева, Ш. Елемесова [18, 27], А. Ислам, т. б. зерттеуші лердіңеңбек теріндеәр қырынан зертте леді. М. Т. Күштаева:«Концепт пен ішкі форма» термин дерінің мәнінажырату қиын. Бұлтерминдер сөздердің алғашқы мағынасын, ұлттық мәдени тіл дікқұбылыс тың ерекшел ігін түсіндір удің кілті болып табылады. Олардың айыр маш ылық тарысақта луы мен қызметінде. Сөздің ішкі формасы жоғалып кете алады, ал концеп әр қашан сөз бен бірге өмір сүреді. Сондықтан, концепт қатар ы тұрақты», - дейді [33, 24] .
Кесте 1 - Концептінің лингвистикадағы бағыттары:
Қазіргі лингвистикада концептіні түсіндірудің үш негізгі бағыты бар:
Бірінші бағыт
(өкілі Степанов) концептіні қарастыруда үлкен назарды культуралогиялық аспектіге аударады, мұнда барлық мәдениет концептілер мен олардың қатынастарының жиынтығы ретінде түсініледі. Концептіні осылайша түсіну тіл рөлін тек көмекші құрал ретінде екінші орынға қоюмен байланысты [20, 43] .
Екінші бағыт (Н. Д. Арутюнова және оның мектебі, Т. В. Булыгина, А. Д. Шмелев т. б. ) концепт мағынасының қалыптасуының жалғыз құралы деп тілдік таңбаның семантикасын санайды [11, 31] .
Үшінші бағыт
(Д. С. Лихачев [15, 3-9], Е. С. Кубрякова т. б. ) . Концепт сөз мағынасынан тікелей пайда болмайды, сөз мағынасының адамның жеке және халықтық тәжірибесімен ұштасуының нәтижесі, яғни концепт сөз бен шындықтың арасындағы делдал [14, 110] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz