Алаштықтардың деңгейлеп оқыту технологиясына қатысты білдірген ойлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
2. 2 Алаштықтардың деңгейлеп оқыту технологиясына қатысты білдірген ойлары

ХХ ғасырдың екінші жартысы, нақтырақ айтсақ аяғы педагогикалық ой-тұжырымдардағы гуманизм идеялары, дәстүрлі емес білім беру, еркін сабақ меңгерту, әрбір оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту жолында мектептер оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану арқылы жеке тұлғаның жақсы дамуына мектеп табалдырығында жағдай жасау керек болды. Білім беру саласында қаралатын басты мәселе - оқушы мен жеке тұлғасы болғандықтан бұл аталған дүниенің алар орны ерекше болды.
Сабақты игере түсу үшін оқушы өзі ізденуі керек, зерттеу дағдыларын қалыптасқан кезде пәнге деген қызығушылығы артады. Бала бойындағы қызығушылықты ояту оңай емес, бірақ баланы жалықтырып алудың пайызы жоғарырақ. Сондықтын бүгінгі күні көптеген технологиялар, әдіс-тәсілдер шетелдерден алынып, елде де ойлап табылып жатыр.
Білім беру жүйесі бірден қалыптаса салмайды. Оған біршама жылдар кетеді. Қаншама тәжірбие жасалу керек, талданып, талқыланып, сүзгіден өтуі шарт. Ол кезде айтарлықтай қиындық тудырған білім саласы бүгінгі таңда өз шешімін тауып, біршама алға қадам басып келеді. Мысалы, бірер жыл ғана бұрын қабылданған жаңартылған білім беру жүйесі. Бүгінгі күнде барлық мектептер сол жүйеге ауысып жатыр. Тиімді-тиімсіз тұстарын таразыға салып, кем-кетіктері жөнделуде. Балалардың білімге деген құштарлығын ашу мақсатында көптеген іс-шаралар да өткізіліп жатыр. Бұның барлығы қазақ халқының білімге деген бет-бұрысының оң екенін көрсетеді. Көптеген технологиялар, әдіс-тәсілдер шетелдерден алынып, елде де ойлап табылып жатыр. Соның бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы негізінен дидактикалық, педагогикалық, психологиялық өзегін әлемге аты әйгілі ғалымдардың (дәлірек айтсақ, С. Рубинштейн, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Б. П. Беспалько, К. Ю. Бабанский, В. М. Монаховтардың) ғылыми-теориялық идеяларынан алады.
Бұл технологияның бірінші ерекшелігі аты айтып тұрғандай сыныпты деңгейге бөлік оқыту болса, екінші ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде тапсырма орындай алатындығында. Әрбір баланың даму деңгейі әртүрлі болуына, жеке қабілеттерінің айырмашылықтарына т.б. себептерге байланысты әрбір сыныпта оқу үздіктері мен үлгермей жатқандар кездеседі. Сол себепті мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде қолынан келгенше: жаңа ақпаратты беру, оны бекіту, қайталату, білім, біліктілік дағдысын бағалау кездерінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастыра алуы керек. Осы арқылы бүгінгі күндегі экономикалық және басқа да жағдайларға үйренісуге талап етілетін жаңа үрдістерге үйренеді. Осы арқылы оқушыларға ғылым негізін меңгертудің тиімді жолына қол жеткізе аламыз.
Педагогика ғылымында өзіндік орны бар, ғалым Ж. Қаратаевтың деңгейлеп оқыту жүйесңі туралы зерттеулеріне сүйеніп, барлық пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жасауға болады. Бұл технологияның негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында әрбір оқушыны өздігінен даму бағдарын анықтай отырып, дамыту және өздігінен дұрыс, тез шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші, біліммен сусындатушы жеке тұлға ретінде қалыптастыру екенін ғалым өз зерттеулерінде айтады.
Жаңа білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар көптеген жаңалық әкелуде. Мысалы, компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдерді игерудің маңыздылығы. Қазіргі кезде көптеген мәліметтер (ақпараттар) соның ішінде оқулықтар электронды нұсқада берілетін болғандықтан, әрбір оқушы біріншіден, оған қол жеткізе алады. Екіншіден, жаңаша оқу мен жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды меңгереді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалармен оқыту. Оқушыларды теңгейге бөлу қаншалықты тиімді деген мәселеге келсек, бұл технология арқылы оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, білім алуға деген ынтасын, өзіндік қасиеттерін, әлеуметтік-психологиялық ой-тұжырымдарын басты назарға алу талап етіледі. Осыған байланысты жақсы нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейлеріне қарай әрбір жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру маңызды.
Осы технология негізінде мектептегі оқушылардың білім деңгейі көрсеткішін былайша бағалауға болады:
І. Эпизодтық (төмен) деңгей. Білімді жаңа деңгейге көшіру мұғалімнің көмегімен жүзеге асады;
ІІ. Түсініктерді жүйелеу деңгейі деп аталады. Бұл жерде 70-75% ғылыми түмініктерді саналы түрде анықтайды;
ІІІ. Бастапқы ғылыми ұғымға ауысу (жоғары) деңгей. Бұл сатыда балалар жоғары деңгейге өтеді.
Сабақ барысында балаларға берілетін тапсырмалар ойлау қабілетіне әсерін тигізбей қоймайды. Тапсырманы дұрыс орындау үшін әрбір бала жауабын өзі іздестіреді. Оны шешу барысынды ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты түрткі болады.
Әр деңгейге тән сипаттама беріп өтсек:
І деңгейде - тапсырмалар жаттап алуға келетін, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілгелі тұрған білімнің мазмұнын өзгертпей қайталайтын, пысықтайтындай болуы керек;
ІІ деңгейде - тапсырма материалдары реттеуге, жүйелеуге берілетін жұмыстар болса,
ІІІ деңгейде - танымдық-іздену түрінде заңдылықтар жасау, қорытындылау секілді тапсырмалар орындалады.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы кең болып келеді. Кітаптағы тапсырмалар, өткен сабақты қайталауға арналған, ережені еске салатын, пысықтау мен бекіту жұмыстарына арналған жұмыстар түрлері.
Бұл тапсырмалардың құрамына қысқа мәтіндер, сөзжұмбақ, ребус, қызықты грамматика, тест сұрақтары, ойындар мен тапсырмалар жүйесі кіреді. Жұмыстың аталған бұл түрлері оқыту деңгейіне қарай оқушыларды саралап оқытуға қолайлы және оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша ретінде пайдалануға беріледі.
Оқушыларға дейгейлік тапсырмалар беру, неше түрлі жұмыс жүрзігу арқылы деңгейге бөліп оқыту процессі жүзеге асады. Оқушы өзі меңгерген білімін жүзеге асыра алатынын тексереді. Өз бетімен бала ойлана алады берілген ақпарат, жағдаят оған жол сілтейді. Тақырыпты игерген, түсінген кезде бала өз бетінше ойлана алады. Тек ойланып қоймай ойының жемісін бере алмақ. Бұл деңгей негізінде оқушылардың белсенділі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа өз бетінше ұмтылады, біліктілікке қол жеткізеді.
Берілетін тапсырмалары берілетін білімнің минималдық шегі, мемлекет бекіткен стандарт талабына сәйкестенілген бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай негізделген болады. Сыныптарға бекітілген бағдарламаларға байланысты лексткалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер мен жазба жұмыстарын, тапсырмалар орындайды. Естерінде қалатындай сөздік минимумдары меңгертіледі. Тіл меңгерушілер тыңдай отырып түсінеді, оқи отырып аударады, жазады. Айналасындағы адамдардың айтқанын түсініп, естігені бойынша сұрақтарға жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды ендіру жолдары
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
Бастауыш мектеп математикасында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану
Пәндер