Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық-құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Сот билігі дербестігінің, маңыздылығы мен салмақты болуының негізі ретінде оның конституциялық заңдармен бекітілген жəне анықталған қағидалар негізінде қызмет етуі мен ұйымдастырылуы қарастырылады, яғни мемлекеттік биліктің бұл түрінің елеулі тұстарын анықтайтын басшылық етуіш жетекші ережелер негізінде қызмет етеді. Бұл қағидалар еліміздегі сот билігінің жетілдірілуі мен даму тəжірибесінен туындаған [1].
Сот билігінің қағидалары бастапқы, жетекші негіз ретінде Қазақстан Республикасындағы сот билігінің дамуы мен дұрыс қалыптасуының негізгі бағыттарын анықтайды. Демек, сот билігі қызметінің қағидаларына сот билігінің табиғатын көрсететін, оның қызмет етуі мен ұйымдастырылуының бастамалық негіздерін көрсететін негізгі бастамалар жатқызылады. Өзінің негізгі мақсаты бойынша қағидалар сот билігінің қалыптасуының мəнің жəне оның негізгі қызметін ашатын ережелерден тұрады, оның ерекше əлеуметтік сапасын көрсетеді. Бұл ерекшеліктер сот билігін мемлекеттік биліктің басқа тармақтарынан ажыратады.
Осы қағидалар өздері көрініс тапқан нормативтік қайнар көздерге байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
* Тікелей Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қағидалар;
* Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі жəне соттар мəртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында бекітілген қағидалар;
* Іс жүргізу заңнамасында бекітілген қағидалар (Азаматтық іс жүргізу кодексі жəне қылмыстық іс жүргізу кодексі).
Əрине бұл жіктеу шартты сипатта болып келеді, себебі конституциялық қағидалардың басым бөлігі конституциялық заң мен іс жүргізу заңнамаларында көрініс тапқан. Сонымен бірге конституциялық заңмен сот жүйесіне қатысты бекітілген бірқатар қағидалар Конституцияда барлық мемлекеттік органдарға қатысты бекітілген. Онымен бірге жекелеген қағидалар бір ғана бапта көрініс таппай барлық Конституция мен конституциялақ заң ережелерін қамтиды.
Сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне қатысты қағидалардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан, оның ережелерінде сот билігінің негізгі мақсаттары мен сот төрелігі қағидалары көрсетіледі. Бұл ережелерді соттар заң нормаларын қолдану кезінде басшылыққа алуы тиіс. Сот билігі қағидаларының негізгі мақсаты - адам жəне азаматтарды қорғау үшін, халықты қорғау үшін, сонымен қатар құқықтық қорғауды қажет ететін өзге де субъектілердің құқықтарын қорғау мақсатында соттың қарауындағы істерді заңды жəне əділ шешу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығында сот төрелігінің негізгі қағидалары өзінің құқықтық тұрғыдан бекітілуін ең жоғарғы деңгейде тапқан - ол Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында. Бұл дегеніміз Конституция нормаларының жоғары деңгейде екендігін жəне оның тікелей қолданыста болатындығын, сонымен қатар, бұл заң актісінің жоғары заңды күші бар екендігін көрсетеді. Оның ережелерін Қазақстан Республикасының барлық субъектілері, атап айтқанда мемлекет пен оның органдары, сот процесін қатысушылар, сонымен қатар соттардың өзі мүлтіксіз орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясында жəне өзге де заңдарда қарастырылған қағидаларды екі топқа бөліп қарастыруға болады:
* Əділсотты қамтамасыз ететін қағидалар;
* Сот билігінің мазмұны мен сипатын алдын ала анықтайтын қағидалар.
Бірінші топқа төмендегі қағидаларды жатқызуға болады: сот төрелігін тек соттармен жүзеге асырылуы; сот билігінің тəуелсіздігі жəне дербестігі; соттардың тəуелсіздігі, олардың ауыспайтындығы жəне т.б. қағидалар.
Екінші топты төмендегі қағидалар қалыптастырады: Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары деңгейде болуы мен оның тікелей қолданылуы; заңдылық қағидасы; сот қызметінің ашық болуы; барлықтардың сот пен заң алдында тең болуы; тараптардың теңдігі; сот өндірісінің мемлекеттік тілде жүргізілуі; əділсотты жүзеге асыруда азаматтардың қатысуы.
Маңызды қағидалардың бірі ретінде сот төрелігін тек соттармен жүзеге асыру қағидасы қарастырылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабы). Бұл қағидаға сəйкес сот төрелігін тек соттар ғана Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасындағы соттар жүйесі жəне соттар мəртебесі туралы заңның жəне тағы басқа заңдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыра алады. Конституция мен басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылмаған соттарды құруға жол берілмейді.
Соған сəйкес сот төрелігін тек соттармен жүзеге асыру қағидасын бекітудің ерекше тарихи маңыздылығы бар жəне олар Қазақстан Республикасының демоктариялық, құқықтық мемлекет ретінде қызмет ету кепілдігін қалыптастыруға бағытталған. Сот билігі жəне сот өндірісі ажырамайтын ұғымдар деп К.Х.Халиков дұрыс көрсетеді. Сот өндірісін формалды түрде сот билігінің сыртқы процессуалдық нысаны ретінде қарастыруға болмайды. Сот төрелігін ұйымдастырудың демократиялық қағидасы дербес мазмұн ретінде жүзеге асырылатын заңмен бекітілген ережелерді қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы əділсоттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін келесі жетекші қағидалардың бірі - сот билігінің дербестігі мен тəуелсіздігі. Бұл маңызды қағида еліміздің мемлекеттік жəне құқықтық жүйесіндегі сот билігінің ролін көрсетеді, сонымен қатар бірыңғай мемлекеттік билікті бөлу жүйесінде сот билігінің ережелерін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабына сəйкес еліміздегі мемлекеттік билік бір бірімен өзара байланыста болатын заң шығарушы, атқарушы жəне өкілетті мемлекеттік билік тармақтары негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне өкілетті тармақ органдары өздерінің контитуциялық құзыреттілігі шегінде дербес болып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі жəне соттар мəртебесі туралы конституциялық заңның талаптары бойынша Қазақстан Республикасында сот билігі дербес болып келеді жəне заң шығарушы жəне атқарушы органдардан тыс əрекет етеді: соттар əділсотты жүзеге асыруда тəуелсіз болып келеді жəне асыруда тəуелсіз болып келеді жəне Конституция мен заңдарға ғана бағынуы тиіс. Қандайда болсын мемлекеттік органдар тарапынан соттардың əділсотты жүзеге асыру бойынша қызметіне араласуына жол берілмейді жəне ол заңмен қудаланады. Нақты қарауындағы істер бойынша соттар ешқандай органдарға есеп бермейді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы сот билігі толық мағынада мемлекеттік биліктің дербес тармағы болды: соттар басқа да мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі болып табылмайды. Сөйте тұра сот билігінің табиғаты да түбегейлі өзгерді.
Соттардың тəуелсіздігі қағидасы жаңа мемлекеттегі соттардың мəртебесін көрсететін қағида болып табылады. Бұл қағида Біріккен Ұлттар Ұйымының жетінші конгресінің материалдарында толығымен қарастырылған. Бұл конгресс қылмыстылықтың алдын алу бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясымен келісілген жəне 13 желтоқсан 1985 жылы Сот органдарының тəуелсіздігіне қатысты негізгі қағидалар мен Оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары атауымен өткізілді. Конгреске қатысушылар мен Бас Ассамблея соттардың басқа мемлекеттік жəне қоғамдық органдарға қатысты соттардың институционалды жəне ұйымдастырушылықтарының тұтастығын ажырамау қажеттігін айтқан. Бұл қағиданың мазмұны өзін өзі басқаратын дербес мемлекеттік органның қалыптасуында болатын, бұл органның атқаратын қызметін басқа ешқандай мемлекеттік немесе қоғамдық органдарға атқаруға жол бермеу, басқа органдарды сот органдарының қызметіне араластырмау. Олар, яғни сот органдары əділсотты жүзеге асыруда тек заңға тəуелді болуы тиіс жəне барлық мəселелерді тек заң нормалары негізінде шешуі қажет.
Сот билігінің дербестігі қағидасының түбегейлі түсінігі бойынша оның билігі конституциямен бекітілген қайнар көзі - халықтың еркімен шектелетіндігін білдіреді, олар конституциялық нормалар мен заңдарда көрініс тапқан. Сонымен қатар сот билігі БҰҰ Халықаралық пактілерімен бекітілген адам құқықтары туралы халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормалар мен қағидаларымен, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім шарттармен шектеледі.
Сот билігі əділсотты жүзеге асыру бойынша өз қызметін басқа мемлекеттік органдардан тəуелсіз жəне дербес түрде ұйымдастырады. Нақты істерді қарау процедурасына судьялардың өкілеттілігі жоқ ешбір субъект тартылмайды. Бұл жағдайда судья мемлекеттік билік өкілі ретінде қатысады. Өзіне жүктелген билік бойынша ол нақты іс бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің ауқымын анықтайды жəне сол іс бойынша мемлекеттің атынан шешім қабылдайды. Сөйтіп, сот дербестігі оның құзыреттілігімен ғана шектеледі, ол құзыреттілік Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарымен алдын ала бекітілген. Сонымен қатар сот істі шешу кезінде заңдарды қолдану, дəлелдемелерді зерттеу, шешім қабылдау кезінде де басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тəуелсіз болып келеді. Бұл жерде билік органы ретінде соттардың дербестігі басқа мемлекеттік билік тармақтарының қызметтерінің нəтижелеріне құқықтық бағалау бойынша əрекет етуінде байқалады, нақтырақ айтсақ олар қабылдаған заңға тəуелді актілерге құқықтық баға беру бойынша. Соттардың бұл актілердің күшін тоқтату бойынша өкілеттіліктері болады, демек егер заңға тəуелді актілер Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген реттерде сот оларды жарамсыз деп тануға құқылы. Бұл жерде нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік органдардың əрекеттерін даулау бойынша істерді қарау соттар қызметінің дербес бағытын құрамайды, бұл əрекеттер əділсотты жүзеге асыру кезінде жүзеге асырылады жəне талап арыз өндірісі бойынша өтеді [2].
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңының 26 бабымен судьялардың тəуелсіздігінің негізгі кепілдіктерінің тізімі бекітілген. Бұл ережеге сəйкес судьялардың тəуелсіздігі заңмен белгіленген əділсотты жүзеге асыру процедурасы арқылы, əділсотты жүзеге асыруға байланысты соттардың қызметіне араласқаны үшін жауапкершілікке тарту арқылы, сотттар мен судьяларды сыйламағандығы үшін жауапкершіліктің қарастырылуы, Конституция жəне Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңымен судья қызметіне тағайындау, сайлау жəне судья қызметін тоқтату тəртібінің еңгізумен, судьяларға мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетуі, оларды мемлекет тарапынан əлеуметтік қамтамасыз ету мəртебе жағдайының едəуір нашарлауына жол бермеуге байланысты нормаларды бекіту арқылы байқалады.
Қазақстан Республикасындағы барлық судьялар олардың деңгейіне қарамастан жəне қай сатыдағы судья болуына қарамастан өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңының 23 бабының 1 тармағына сəйкес бірыңғай мəртебеде болады. Бұл заң құжатына сəйкес Қазақстан Республикасындағы барлық соттардың судьясы бір мəртебеде болады жəне өзара тек өкілеттіліктері бойынша ажыратылады. Судьялар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңымен бекітілген тəртіп бойынша əділсотты жүзеге асыру бойынша өкілеттілікке бөленген, өз міндеттерін тұрақты негізде жүзеге асырып сот билігінің өкілі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңында тəуелсіздік кепілдіктеріне ерекше мəн берілген, бұл ережелерге сəйкес соттарға материалдық жəне əлеуметтік қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңының 3 тарауына сəйкес судьяларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету оның мəртебесіне сəйкес келуі тиіс жəне судья əділсотты толық көлемде жүзеге асыру үшін жағдай туғызатындай болуы тиіс, сонымен қатар мұндай кепілдіктер ешқашан аз болмауы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде заң əдебиеттерінде судьялардың əлеуметтік тұрғыдан қорғалуы сыбайлас жемқорлық белгілерін болдырмауға, судьялар ешқандай кедергілерсіз жұмыс жасауы үшін, тұрғын үй мəселесін уайымдамай жұмыс жасатуға бағытталған деген дұрыс пікірлер айтылады [3]. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстандық судьялардың IV съезінде айтқан сөздеріне ерекше мəн берген жөн. Онда елбасы былай деген: Мемлекет соттардың материалдық жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда жəне болашақта да қарастырады. Дегенмен соттарда кез келген заң бұзушылық əлеуметтік жеңілдіктердің барлығынан айыратындығын білген жөн. Бұл ережені біздің заңдарға қосып қарастыру қажет [4].
Соттардың ауыспауы қағидасын олардың тəуелсіздігінің элементі ретінде қарастыруға болады. Бұл қағида Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңының 24 бабында қарастырылған. Бұл қағиданың мазмұны бойынша соттар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңы ережелеріне сəйкес қызметке тағайындалады жəне сайланады жəне тұрақты негізде өз өкілеттіліктерін бөленеді. Бұл ереже соттардың ешқандай сайлау өткізбей анықталмаған мерзімге тағайындалатындығын білдіреді. Оларды қайта сайлауға немесе қайта тағайындауға болмайды. Судьялардың ауыспауы қағидасы Қазақстан Республикасындағы барлық судьяларға қатысты қолданылады. Судьялардың өкілеттіліктері тек Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ
Сот бақылауы
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Құқық қорғау органдарының қызметі
Сот билігі
Пәндер