ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Қоғамымыздағы әлеуметтік-экономикалық жаңарулар адам өмірінің қай саласы болсын түбірлі өзгерістер жасауда. Оның ішінде дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі білім беруге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қояды. Бұл талаптарды жүзеге асыруда жаңашыл оқу үрдістерін толық меңгерген, нарықтық экономика талаптарына өз мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша үйлесімді ете алатын, мәдени-әлеуметтік жағдайларға бейімделу қабілеті бар мамандардың қажеттігі белгілі. Педагог мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарында оқыту-тәрбиелеу процестеріне түзетулер енгізіліп, оқу процесін студенттерді теориялық, практикалық тұрғыда дайындаудың жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыру әрекеттері іздестірілуде.

Жоғары оқу орнының түлегі мектептегі қазіргі инновациялық өзгерістерге бейім, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін ізденуге бағдарланған және оқушылармен шығармашылықпен ізденіс жұмыстарын жүргізе алатын болуы керек. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуіне байланысты "Педагогика және психология" мамандығында оқитын студенттерді психологиялық, педагогикалық тұрғыда, әдістемелік және практикалық жағынан дайындау негізгі мақсаттардың біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жоғары білімді мамандар дайындайтын оқу орындарында педагогикалық практиканың алатын орны ерекше.

"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында" жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін студенттердің шығармашылығын дамытуға, білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс делінген. [2] Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан - 2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: "2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу маманын тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі", - деп атап көрсеткен. [3, 5]

Жоғары оқу орнының алдында тұрған ең басты міндет - болашақ педагог психолог мамандарын кәсіби тұрғыда бағыттылығын, кәсіби біліктігін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда жоғары оқу орнын бітіруші түлектер дербес еңбек жолында бірқатар қиындықтарға жолығатындары тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда практика түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр.

Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан, ой тұжырымдарды басшылыққа алуды жөн көрдік. Қазіргі таңдағы қазақстандық философия ғылымның зерттеушілері Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Ж. Алтаев, Ж. Әбділдин, Қ. Бейсенов және т. б. еңбектерінде таным процесінде ақиқатқа жетудің негізгі көзі практика дей отырып, оның даму заңдылығын тұжырымдаған.

барысында студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жеткілікті мән берілмегендіктен, педагогикалық процестердің міндеттерін Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканың болашақ мамандардың теориялық білімдерін өздігімен тәжірибеде қолдана білудегі орны туралы О. А. Абдуллина, О. Бабанский, Н. И. Болдырев, Н. В. Кузьмина, А. И. Пискунов, В. А. Сластенин және т. б. авторлар еңбектерінде көрсеткен. Дегенмен, педагогика ғылымында педагогикалық практика түрліше бағытта зерттеліп келгендігі анықталды. Бірінші бағыттағы ғалымдар О. А. Абдуллина, Р. В. Кулиш педагогикалық практиканың мазмұны, мақсат, міндеттері, оны өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері және формасы, бірыңғай қойылатын талаптары, практика нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтаған.

Педагогикалық практика барысында ұйымдастырушылық, коммуникативтік, диагностикалық және тағы басқа педагогикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыру жолдары мен құралдарын Э. А. Васильева, В. В. Воробьева, Г. А. Засобина, А. Ф. Линенко, Н. В. Кузьмина, А. В. Маринкевич, Н. М. Черкес-Заде екінші бағыттағы ғалымдар өздерінің зерттеулерінде жүйелеген. Болашақ педагогтардың педагогикалық практика барысында кәсіптік жеке тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастыру және дамыту үрдісін зерттеген үшінші бағыттағы зерттеушілер И. Н. Водопьянова, Г. Е. Деркач, В. Г. Максимов, Л. И. Разборова, В. А. Сластенин, Р. И. Хмелюк, Н. Д. Хмельдің еңбектерінде тұжырымдалған.

Н. К. Абрамович, С. И. Архангельский, Г. А. Арутюнова, К. М. Дурай-Новакова, В. А. Радионова, В. А. Сластенин, С. НЛолянский, В. С. Цетлик, Г. А. Эснашвилидің ғылыми зерттеулерде педагогикалық практиканы студенттерді мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстыратын, болашақ мамандығынан хабардар етіп, олардың кәсіби белсенділіктерін арттыратын үрдіс және педагогикалық әрекетке қызығушылығын туғызу, кәсіптік бағыттылығы, оқуға түрткі болу, педагогикалық әрекетке бейімдеу, өз әрекетін басқара білу сапаларын қалыптастыру құралы ретінде қарастырылған. Оның ішінде В. А. Сластенин жоғары педагогикалық білім беру жағдайында студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын, құрылымын, бірізділігін, кәсіби әзірлігі ретінде дәлелдей келе, тұңғыш рет жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің профессиограммасын құрастырды.

Республикамызда ғалым педагогтар, психолог, әдіскерлер К. Қ. Құнантаева, Н. Д. Хмель, Т. С. Сабыров, В. А. Радионова, Б. Р. Айтмамбетова, А. Е. Әбілқасымова, К. Әбдімажитұлы, К. І. Аманқұлов зерттеулері мен әдістемелік құралдарында педагогикалық практиканың барысында болашақ мамандардың педагогикалық біліктіліктерін қалыптастырудың маңызы туралы аталған. Оның ішінде О. А. Абдуллина, В. А. Родионова педагогикалық практиканың мақсатын, мәнін айта келе, зерттеу барысында студенттерді мұғалімдік қызметке дайындаудың бірден бір үрдісі ретінде дәлелдеп, құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан.

Студенттердің педагогикалық практика барысында кәсіби бағыттылығын, кәсіби біліктілігін қалыптастырудың айқын жүйесі мен сара бағытын, нақты үлгісін жобалау кезек күттірмейтін, көкейтесті мәселе болып отыр. Жоғары оқу орындарында педагогикалық практиканы ұйымдастыру орындауда көптеген қиыншылықтарға кездесетіндігін тәжірибе барысында анықталып отыр. Бүгінгі мамандарға қойылып отырған талаптар мен болашақ мамандарды даярлауда педагогикалық практиканы ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар туындауда. Бүл қарама-қайшылықтың шешімін табуда жоғары оқу орындары педагогикалық практика барысында студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін айқындау зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады. Аталған мәселенің өзектілігі, ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қарастырылмауы, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби біліктігін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби білігін қалыптастырудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау.

Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнындағы біртұтас педагогикалық үрдіс.

Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындарында педагогикалық практика барысында студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: «Педагогика және Психология» мамандығында оқитын студенттердің жоғары деңгейде және бүгінгі уақыт талабына сай кәсіби білігін қалыптастыруға педагогикалық практика барысында қол жеткізуге болар еді, егер педагогикалық практикада студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе, педагогикалық практика түрлерінің мазмұны анықталып, оны ұйымдастырудың тиімді әдістер, тәсілдер іріктеліп, оқыту-тәрбиелеу процесіне енгізілсе, онда студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру нәтижелі болып, қоғам талабына лайықты, бәсекеге барынша қабілетті болашақ маман дайындалады.

Зерттеудің міндеттері:

  • Ғылыми - теориялық әдістемелік еңбектерді оқып талдау, сараптау.
  • педагогикалық практика барысында қалыптасатын «студенттердің кәсіби білігі» ұғымына анықтама беру.
  • студенттердің кәсіби білігін қалыптастырудың көрсеткіштері мен өлшемдерін, деңгейлерін анықтау және моделін құру.
  • жоғары оқу орнында педагог мамандардың кәсіби білігін қалыптастырудың жолдарын көрсету.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орнында «Педагогика және Психология» мамандығы бойынша студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастырудың педагогикалық практикасын ұйымдастыруда жаңа мазмұнды бағдарламаны басшылыққа алу негізінде жүзеге асады.

Зерттеу әдістері. Философиялық, әлеуметік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, тәжірибе-эксперимент жұмыстарын жүргізу, бақылау, оларды, нәтижелерін салыстыру, сауалнама, тест, даму деңгейін сапалық, сандық тұрғыда сұрыптау, қорытындылау.

І ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

І. 1 Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың тарихи-педагогикалық сипаттамасы

Қазіргі кезеңде педагог мамандарды даярлауда түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Болашақ мамандардың кәсіптік даярлығында педагогикалық практиканың алатын орны ерекше. Педагогикалық практика барысында студенттердің бойында педагогикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру оның дербес әрекетінің шешуші, нақты алғышарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлігі болып табылады, ол практика базасы болып табылатын тиісті ұйымдарда жүргізіледі және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде алған білімді бекітуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжірибені меңгеруге бағытталады» делінген. [6]

Жоғары оқу орындарында ұйымдастырылатын педагогикалық практика -студенттердің кәсіби бағыттылығын және кәсіби біліктігін қалыптастырудың ең маңызды және айқындаушы кезеңі болып табылады. Себебі, практика барысында өздері таңдаған мамандықтары бойынша жеке кәсіби-тұлғалық қасиеттері, студенттердің кәсіби іс-әрекетке қызығушылығы өмірдің құнды бөлігі болатындай сана-сезімі қалыптасады.

Педагогика және Психология мамандығын дайындауда, оның ішінде кәсіби біліктігін қалыптастыруда педагогикалық практиканы ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын, ғылыми теориялық негізін, мүмкіндіктерін анықтауда алдымен практика ұғымына талдау жасауды жөн көрдік.

«Практика» ұғымы Ежелгі Грециядан енген, «қимыл, әрекет» деген мағынаны білдіреді. «Адам өз бойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен күш қуатын, осы дүниелік екендігін практикада дәлелдеуі тиіс». [26]

Философиялық сөздікте «Практика - қоғамның дамуын қамтамасыз ететін адамдар әрекеті. Адамдар өмірінің негізін құрайтын материалдық өндірістің объективтік процесі» делінген. Практика қазіргі философияның іргелі категориясы болып, диалектикалық материализмде практика - ақиқаттың өлшемі ретінде анықталған. Адам практика жүзінде әрекет жасай отырып, өзінің алдына белгілі мақсаттар қояды, бұл мақсаттарда оның айналасындағы құбылыстарды түсінуі, оның білімі көрсетіледі. Ағылшын философы Ф. Бэкон танымның қайнар көзі практика, бақылау, эксперимент, білім тәжірибеден шығады десе, француз ғалымы Р. Декарт ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. [16]

Джон Локк адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі практика арқылы пайда болады. Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек практика арқылы мазмұнға толады деп тұжырымдаған. Ағылшын философы Давид Юмнің түп негіз идеясы сезім мүшелері мен практика арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады деп түйіндеген, Керісінше, француз философы Р. Декарт «туа біткен идеялардың» себебі рухани түп негіздің өзі болғандықтан, олардың негізінде алынған білім айқын да ақиқат. Оларды практикада тексерудің қажеті жоқ деп теріске шығарады. «Практика - таным әдісінің өзі болып табылады». Шындығында, студенттер практика кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.

Практика жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі болып табылады. Кез келген ғылым саласына маман дайындауда да практика осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде практика және танымның тұжырымдамасын әртүрлі түсіндіру кездеседі. Идеалист философтар Юм, Кант, Max, Рассел және басқалар танып білу үшін практиканың маңызды екенін мойындай отырып, оны бұрмалайды да, тек қана рухани қызметке әкеп саяды. Прагматизм өкілдері Дж. Дьюи, Шиллер субъектінің өз басының толғаныстары саласындағы қызметін практика деп түсінеді, ал объективті идеалист Гегель практиканы белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыратын адамның шығармашылық теориялық қызметімен теңестіреді. «Практика - танып білудің негізі» мұның өзі адамның танып білуінің, яғни ең қарапайым түсініктерден бастап, ақылдың ең абстракты құрылымдарына дейін практика негізінде дамиды . Сонымен, практика кез-келген танымның негізі, оның көзі. [26]

Акадимик И. Т. Фролов практика - қоршаған ортаға адамдық қатынастың бірі десе, адам практикалық қызметте өзіне қажет нәтижеге материяның өзі сияқты, материяның заңдарына сәйкес әрекет нәтижесінде жетеді. Практика танымның негізі, ол уақыт жағынан таным процесінің алдында тұру тиіс, ақиқаттың үздіксіз жалғасу өлшемі ретінде әрекет еткен кезде танымның барлық сатыларында оның шешуші мақсатын және нәтижелерінің қолданылу саласын анықтап, оны қорытындылайды. Адамдардың дүниені және өзін үнемі қайта жасап, өзгертіп, әрі дамытып отыратын практикалық қызметі. Философ Қ. Ж. Рахметов практика - адамның санасы, мақсатты қызметі, сонысымен ол жануарлар қызметінен ажыратылады. Сол сияқты адамның физиологиялық әрекеті де практикадан бөлектенеді. Барлық білім практикадан шығады, танымның негізі деп тұжырымдаған. [34]

Қ. Әбішев өзінің еңбектерінде «практика, іс-әрекеттер - адамдардың дүниені игеріп, сол арқылы өзін, өз болмысын өзгерту, жарату, жасау қызметі. Адамдар рухани нәтижелерді, яғни, сезімдерді, ұғымдарды, түсініктерді, жалпы дүниенің оған қажет сан алуан бейнелерін тікелей практика түрінде жасайды» , -деп практиканың адам өміріндегі маңызын жоғары бағалаған. Әдіснамалық білімнің абстрактілік негізі жанама немесе тікелей практикаға бағытталатынын атап өту керек. Қорыта айтқанда, материалистік диалектика теория мен практика арасындағы философия ғылымында ертеректе орын алған метафизикалық үзікті жойды, практиканы ақиқат категориясы ретінде анықтап, оның дүниені өзгертудегі басылымдылық мәнін ашты. Студент тәрбиешінің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады, оны іс жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал, педагогикалық практика болашақ педагогтің жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың ара қатысын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді жағдай жасайды. Педагогикалық практиканы студенттердің педагогикалық білігі мен дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде қарастыруға болады. Адамның жан дүниесінің сан қырлы сырларын зерттейтін психология ғылымының жаңалықтары педагогикалық практика мазмұнын, әдіс-тәсілдерін айқындауда маңызды рөл атқарады. Жоғарыда айтылған практика танымның негізі деген тұжырымнан кейін қалай танудың өзіндік психологиялық негіздері болмақ.

Психологиялық-педагогикалық түсіндірме сөздікте «теорияның іс жүзіне асуынан туған тәжірибе; қалыптасқан дағды іс-әрекет; өмір тәжірибесі; жаттығу; дағды» делінген. Бұл анықтаманың негізін психологиялық ой-тұжырымдардан іздейік. Болашақ мамандардың педагогикалық іс-әрекетке ынтасының болуы, оның қажеттілікке айналуы, кәсіби шыңдалуы танымдық, психикалық процестің жетілуіне, зейініне, қызығушылығына, шығармашылық ой-әрекетіне, темпераментіне, қиялдануына, мотивіне (түрткісіне) тікелей байланысты. Қоғамдық болмыстың негізгі тәсілі, оның дүниеде өзіндік қалыптасу формасы бола отырып, практика іс-әрекеттің тұтас жүйесі ретінде қызмет атқарады. Практика құрамы қажеттілік, мақсат, себеп, жеке актілер түріндегі мақсатты іс-әрекет етеді. Сондықтан психология ғылымында практиканы адамның заттық іс-әрекеті ретінде қарастырады. [23]

Психолог С. Л. Рубинштейн педагогикалық практиканың қызметіне: «Педагогикалық дағдыларды меңгеруі, педагогикалық диагностикалау жолы, практика білім беру құралы, жалпы және теорияны шығармашылықпен қайта өңдеу жолы, терең білім беру құралы», - деп анықтама берген. Н. В. Кузьмина «Мұғалім еңбегінің психологиясы» деген еңбегінде педагогикалық қабілеттілік бастапқыда жалпы педагогикалық кейін кәсіптік әрекеттерде пайда болады. А. И. Щербаков студенттердің практикалык іс-әрекеттегі біліктері мен дағдыларының қалыптасуын психологиялық тұрғыда зерттеді. Оның пікірінше, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінің маңызды міндеттері: «Студенттердің ғылыми дүние танымын, білімдер жүйесін, дағды мен біліктіліктерін, мұғалім-тәрбиешілердің жеке тұлғалық сапалар жүйесін, танымдық белсендігін, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығын, мінез-құлқын, қабілеттері мен шеберлігін қалыптастыру», - деп тұжырымдаған.

Р. И. Хмелюктің зерттеу нәтижесінде: «Педагогикалық әрекетке қызығу, осы аймақта еңбектену тілегі, қарапайым білімі, дағдысы, біліктілігінің болуы практика барысында шыңдалады», - деп түйіндейді. Жоғарыда талданған психологиялық ой-тұжырымдарды түйіндей келе, педагогикалық практика барысында болашақ мамандарды психологиялық тұрғыда кәсібіне дайындау және практика таным көзі деп топшылаймыз.

Педагогикалық сөздікте «Практика дегеніміз - адамдардың табиғатты және қоғамды қайта құруға бағытталған қоғамдық, материалдық және мақсатқа лайық қызметі», - деп анықтама берілген. Дегенмен, педагогикалық практиканы біртұтас педагогикалық жүйе ретінде зерттеу тарихына тоқталсақ, кеңестік дәуірдегі және Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз мәселелерін өзі шешуге бағыт алған кезеңдегі ізденістерді қамтуға тиіспіз. Өткенге тағзым ете қарамай, бүгінгіні бағалай алмаймыз. Әр кезеңнің қоғамдық саясаты мен білім беру жүйесіне қойылатын талаптардың байланыстылығын ескерсек, көзге бірден шалынатыны, кеңестік дәуірде педагогикалық практиканың құндылығы бірдей бағытта тәрбиеленген, білім алған, коммунистік туралы идеялармен сусынданған мамандар дайындаумен бағаланғандығы. Осы тұста педагогикалық практиканың маңызын тарихи тұрғыдан талдап зерттеген Н. Г. Кушков революцияға дейін педагогикалық университетті бітірген мүғалімдерді бір жыл гимназияға практикадан өтуге қалдырылғанын айтады. [23]

Кеңес өкіметі тұсында жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мамандардың практикалық дайындығына ерекше мән беріле бастады. Халық ағарту комиссариатының шешімімен мұғалімдер дайындайтын педтехникум, жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіне педагогикалық практика еніп, ол болашақ мамандардың жалпы кәсіби және еңбекке дайындығын нығайтудың көзі ретінде қаралды.

1920 жылдары жоғары педагогикалық оқу орындарында бірыңғай оқу жоспарлары мен бағдарламалары болған жоқ. Қоғамдық-саяси, арнаулы және педагогикалық-психологиялық пәндерді үйлесімді оқытудың жан-жақты жолдары басты назарда болды. Жалпы педагогикалық цикл көп пәнділігімен сипат алды. Басты жұмыс бағыты мамандардың терең теориялық біліміне ғана бағытталып, практика тек ақырғы оқу кезеңінде ұйымдастырылып оның төрт пайызын бөлді. Бұл жәйт Н. К. Крупскаяның болашақ педагогтарды дайындауда теория мен практиканы ұштастырып жүргізу принциптерін басшылыққа алу және өмірмен тығыз байланыстылығын қамтамасыз ету қажеттілігі теориясына қайшы келіп сынға ұшырады. 1920 жылдары болашақ мамандарды дайындау мәселелерінің әр түрлі аспектілерін Н. К. Крупская көтерді. Ғалым ұстаз болашақ мамандардың теориялық, практикалық дайындығын күшейтудің бағдарламасын ұсынып, төменгі курстарда теориялық білімге ерекше мән беріліп, жоғары курстарда теориялық білімдерін практика кезінде тиянақтап, педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыру қажет деген ұсыныс айтты. А. В. Луначарскийдің еңбектерінде педагогикалық практиканы ұйымдастыру жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесін арттырып, біліктілігін жетілдірудегі маңызын бағалай келе, «балалардың мектеп өміріне көбірек еркіндік бере білетін, оларды дербес іс-әрекетке үйрету біліктілігіне ие тәрбиеші дағдыларын жақсы меңгеруі керек», - деп жазды. Мұғалім қауымының білім берудегі әдіс-тәсілдерді меңгеруі тек теориялық білім алумен шектелмей, оның іс жүзінде үздіксіз жаттығуының негізінде ғана біліктілігі қалыптасатынын айтып, педагогикалық шеберліктің шыңдалу жолдарын көрсеткен.

1923 жылдан кейін жоғары оқу орнында педагогикалық практика 1-курстан басталып, тәрбие мекемелерінің жұмыс тәжірибелерімен, мектептен тыс тәрбие жұмыстарымен танысты. 2-курс студенттері саяси-ағарту жұмыстарына белсене қатысыл, әңгімелесулер жүргізді. 3-курста студенттер мектептердегі сабақтар мен тәрбие жұмыстарын көріп, бақылау жүргізді 4-курста төселу сабақтарын беріп, тәрбие сағаттарын өткізді. Бірақ педагогикалық практика осы кезеңдегі педагогтардың кәсіби сапаларына қойылатын талаптардың бірі - жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдастырушысы міндетін шешуді де көздеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz