Хирургиялық инфекция



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің ғылыми зеріттеу жұмысы

Тақырыбы: Хирургиялық инфекция.

Орындаған:Аширова А.
Қабылдаған:

Астана қ. 18.02.2019
Фурункул,карбункул,абцесс,флегмона, тендовагинит,іріңді артрит. Остеомиелит.
Фурункул-шаш фолликулы, май бездері және теріасты май клетчаткасының жедел іріңді некротикалық қабынуы. Көбіне орналасатын жерлері: Мойынның артқы беті; Иық алды, білезіктің сыртқы беті, бет аймағы, бөксе аймақтары. Егер екі немесе одан көп фурункулдардың пайда болуын фурункулез деп атайды.
Клиникасы-Науқасты қарағанда қабыну аймағында кішірек іріңдік болады, маңайында гиперемия байқалады.Сирек тері қабатында қалындау және гиперемия байқауға болады, бірақ іріңдік болмауы мүмкін. Фурункулдың дамуына байланысты қабыну тері үстінен конус тәрізді көтеріліп, диаметрі 0,5-1,5 см, аса айқын шекарасы жоқ инфильтрат түзіледі.Тері қошқыл қызыл түсті, инфильтрат ортасында қабыршақпен жабылған жұмсарған аймақ болады, қабыршақ астынан ірің шығады. Ірің шыққаннан кейін инфильтрат ортасынада жасыл түсті тін аймағы анықталады, ол некротикалық стерженнің ұшы болып табылады.
Кейде қарағанда шар тәрізді домбығу, жұмсару ,аздаған іріңді бөлініс болуы мүмкін. Ол некротикалық стерженнің толық іріңді еруі нәтижесіндегі түзілген және ірің шығуы бұзылғандағы абсцедирлеуші фурункул болып табылады. Науқасты қарағанда фурункулдан шыққан қызыл сызықтар анықталады, ол лимфангиттің қосылғандығын, регионарлы лимфа түйіндерінің үлкеюі лимфоадениттің дамуын көрсетеді. Егер фурункул бет аймағында орналасса: жоғарғы ерінде, қабақта, қабақ үсті доғаларда - науқастар қатты бастың ауырсынуына,дене температурасының жоғарылауына, олар фурункулдың іріңді бет веналарның тромбофлебитімен асқынғандығын көрсетеді.Кейде бет веналары арқылы көз венасы арқылы кавернозды синусқа өтетін болса, менингиттің клиникасы көрінуі мүмкін.
Егер ауыспалы қызба, қатты қалтырау, сандырақ, есінің бұзылуы , тері жабындыларының бозаруы сепсистің дамуын көрсетеді, ал іріңдіктердің басқа мүшелерде табылуы септикопиемия диагнозын растайды .
Емі -Консервативті және оперативті ем. Консервативті ем.Науқасты фурункулды Аурудың басында этил спиртімен, салицил спиртімен өңдеп, ультра жиілігі жоғары (УВЧ) терапия жүргізеді, антибактериалды терапия .Фурункул ашылғаннан кейін протеолитикалық ферменттермен, натрий хлоридінің гипертониялық ертіндісімен таңулар қолданады. Бет фурункулы бар науқастарды стационарға жатқызу керек.Егер фурункул абцедирленген болса, абцессті ашуға дренаждау жургіземіз. Патогенезі -Фурункулдың дамуы іріңді пустуланың түзілуінен басталады:микрофлораның шаш фолликулынан терінің емізік қабатына таралғанан кейін қабынбалы инфильтрат түзіледі. Инфильтрат ортасында некроз ошағы түзіледі(некротикалық стержень), некроз маңайында ірің жиналады. Ірің шыққанан кейін және некротикалық стержень алынғаннан соң, тері дефекті грануляцияға толып, дәнекерленеді
Карбункул - тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және теріасты май клетчаткасының некрозымен, ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді - некротикалық қабынуы
Этиологиясы- Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек стерптококк, кейде аралас инфекция .
Бейімдеуші факторлар:
Ағзаның әлсізденуі ,зат алмасу бұзылыстары, авитоминоздар.
Негізгі карбункулдың орналасатын жерлері:
Мойынның артқы беті;
Шүйде аймағы;
Жоғарғы және төменгі ерін;
Арқа, бел аймақтары;
Патогенезі-Ауру бірнеше шаш фолликулдарын, май бездерін қамтитын инфильтраттың түзілуінен басталады. Жергілікті қан айналым бұзылып, тері және тері асты май қабаты, кейде одан терең некроз дамуы мүмкін.Некрозбен бірге, тіндердің іріңді еруі дамып, ірің фолликулдардың түбінен ағады. Ірің шыққаннан кейін орнында терең дефект қалып, ол екіншілік жазылумен жүреді.
Клиникасы- Жалпы белгілері айқын , дене температурасы фебрильдіге дейін көтерілуі мүмкін.Науқасты тексергенде іріңді қабынудың жалпы белгілерінен басқа (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, аппетит төмендеу, бас ауру) орналасатын аймақтарда көк-қошқыл түсті ісіну байқалады .Аурудың басында бірнеше инфильтрат түзіліп, кейін олар бір-бірімен қосылып, тері үстінен жоғарылаған ортақ инфильтрат түзіледі. Инфильтраттың бетінде бірнеше некротикалық пустулалар болады, олар ортасында қосылып, жайылмалы тін некрозын түзеді. Некроз аймағының жұқарған беті бірнеше жерден тесіліп, тесіктер пайда болады (сито симптомы) Жиі лимфоаденит пен лимфангитпен бірге жүреді. Егер науқаста тіндердің ісінуі ұлғайса, жалпы симптомдары өрістесе, онда карбункулдың ағымы қолайсыз деп бағаланып, ары қарай флегмона, сепсис дамуына түрткі болады. Карбункулды сібір жарасының карбункулынан ажырату керек, сібірлі жара карбункулында геморрагиялық көпіршіктер болады, іріңді бөлініс болмайды,инфильтрат ауырсынбайды және некротикалық стержень қара түсті болады. Көпіршік құрамында сібір жарасының таяқшалары анықталады.
Емі- Карбункулдың бастапқы стадияларында консервативті ем қолданады.
Төсектік режим
Спиртпен өңдеп ,асептикалық таңу салу
Парентеральді, пероральді антибиотиктер, ұзақ әсерлі сульфаниламидтер қолданады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда зат алмасу бұзылыстарын коррекциялау, инсулинотерапия жүргізу қажет. 2-3 күннен кейін консервативті ем нәтижесіз болса яғни интоксикация белгілері жоғарылап ,некроз өршісе- наркоз арқылы операцияға көрсеткіш болып табылады
Абсцесс- деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін
Клиникасы: Домбығу,қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.
Абцесстің жіктелуі:
Тері астылық
Шандыр асты
Бұлшықет іші
Кульпиярлы
Ыстық, суы.
Залалды, залалсыз.
Асептикалық іріңді абцесс
Скепиралық абцесс
Беткейлік, терілік
Абцесстің емі үшеу:
Тілу
Асперация жасау
экстрипация
Асперация- шприцтті алып өзегі кең инені жалғап, жұмсақ жерге пункция жасаймыз. Инемен іріңді сорып аламыз. Бітеу жараны шприцпен алып сорып,антисептикалық ерітінді жасаймыз.
Этиологиясы: Стерптакокк, стафилакокк.
Флегмона (көне грекше: φλεγμονή -- қабыну) -- дәнекер тінде болатын қабыну. Флегмона адамда, көбінесе, тері астындағы, алақан, табан, мойын, жамбас қуысында, т.б. жерлерде орналасқан майлы және дәнекер тіндерді зақымдайды. Флегмонаның бітеу жарадан айырмашылығы іріңді қабынудың басқа аймақтардан (тіндерден) шектейтін анық шекарасы болмайды. Аурудың қоздырғыштарына: стафилококк, стрептококк, анаэробты және іріңді микробтар, ішек таяқшалары жатады. Микробтар тіндерге әр түрлі жарақаттардың салдарынан зақымданған тері, кілегей қабаттары арқылы немесе бітеу жара, көршиқан, шиқан, т.б. аурулардың іріңді ошақтарынан қан арқылы енеді. Флегмония диабет, витамин жетіспеушілік, организмнің әр түрлі себептерден әлсіреуі сияқты жағдайлардан жиі дамиды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық инфекцияның туындалуы мен жіктелуі
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары
Хирургиялық инфекциядан сақтану жолдары
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Хирургиялық паразитарлық аурулардың алдын алудағы медбикенің рөлі
Сепсис туралы жалпы мәлімет
Сепсистің этиологиясы
Клиникалық көрінісі
Профилактикалық антисептика
Аса қауіпті жарақат
Асептика және Антисептика туралы
Пәндер