Түрікшілдік және ұлт - азаттық көтеріліс қазақ баспасөзі беттерінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиеті.
Тарх, археология және этнология факультеті.
Тарих - мамандық шрифтін жаз 1- курс магистранты
А.Б. Еркінбекова

Анотация. 1905 - 1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы қазақтың мерзімді басапасөзінің пайда болуына түрткі болды. Ел басынан өткен сонау ұлт-азаттық жылдардағы аласаыран оқиғалар қазақ баспасөзін дан әрі дамыта түсті. Мақала да ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы түрікшілдік және азаттық жолындағы күрестер баяндалған. Мерзімді баспасөздің одан әрі өрістей дамуына 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс себеп болды.
Кілт сөз: Ұлт, баспасөз, мерзімді, газет, журнал, алаш, ақтаңдақ..

Түрікшілдік және ұлт-азаттық көтеріліс қазақ баспасөзі беттерінде

Қазақ халқының жоғын жоқтап, мүддесін қолдаған, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жерінің тұтастығын қорғаған ұлттық бейресми басылымдардың пайда болуы, ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар еді. Олар Шығыстың ұлттық қозқозғалысының ғана емес, сонымен қатар Батыстың буржуазиялық революцияларының да ықпалын, патша режиміне оппозициялық пиғылдағы өз отандастарының үдей түскен қысымын бастан кешірді. 1905 - 1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар-ақша қатынастарының, көлік пен байланыстың дамуы да, өлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды.
1905 жылы Ресейде баспасөз бостандығы жолындағы күрес жеңіске жетті. Орыс тарихында революциялық газеттер тұңғыш рет өзін еркін сезіне бастады. 1900 жылға қарай Ресейдегі баспасөз жүйесі 1002 аталымнан тұрса, ал 1905 жылдың өзінде-ақ 1350 ғазет пен журнал шықты, пошта арқылы 372 миллион дана газет таратылды. 1908 жылы 2028 мерзімді басылым шықты, ал оқырмандардың жалпы саны 30-35 млн-ға жетті. Әсіресе газеттер саны өсті. Мәселен, 1891 жылы күнделікті газеттер саны 70 болса, 1912 жылы олардың саны 417-ге, ал 1913 жылға қарай 649-ға дейін өсті, 1915 жылы газеттердің тағы да 200-ге жуық жаңа аталымы шықты. Мерзімді басылымдардың жартысы Мәскеу мен Петербургте шыққанын атап көрсеткен жөн.
Жалпы Ресейлік қозғалыстың бір бөлігі болған азаттық қозғалысының жаңа кезеңі ұлттық мерзімді баспасөздің де дамуымен ерекше болды.
1905-1907 жылдардағы революция кезеңінде түркі халықтарының баспасөзі кеңінен таралып, қоғамның мейлінше әр алуан топтары мен таптарының мүдделерін білдірді. Елдің азиялық бөлігі аумағында, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанда белгілі бір сарында социал-демократиялық, революциялық - демократиялық, либерал-буржуазиялық, сондай-ақ монархиялық сипаттағы басылымдар шықты. 1905-1907 жылдарда бүкіл Ресей бойынша әр түрлі уақытта татар тілінде 33 басылым (21 газет және 12 журнал): Қазанда-11, Орынборда-7, Астраханда-5, Орал мен Петербургте-4, Мәскеу мен Уфада 1 басылым жария түрде шығып тұрды. Демократиялық баспасөзге Фикер (Ой), Азат, Танг юлдузы (Таң жұлдызы), Азат халық, Дума, Танг мажмугасы, (Таңертеңгілік альманах), Тавыш (Дауыс), Эль-ислах (Реформа), газеттері; Эль-гаср-эль джадид (Жаңа ғасыр), Уклар (Жебе), Карчыга (Қаршыға), Туп (Зеңбірек) журналдары жатты. Түркі-татар және қазақ тілдерінде шыққан кітаптардың, газеттердің ықпалы туралы М. Сералин кейінен былай деп жазды: Мен оларды ашқарақтана бас салып, бас көтермей оқып шықтым. Әлгілерді оқып шыққаннан кейін жаныма күн шуағын төккендей жадырап қалдым. Ол жылдары М. Сералин Факел, Уклар, Эль-гаср-эль джадид сияқты демократиялық басылымдарды үзбей оқып, жарияланымдарына талдау жасап отырды[1.].
Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар құрайды-дейді, деректанушы-зерттеуші Қамбар Атабаев, ол өз еңбегінде: Алғашқы мерзімді басылым: ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, ХХ ғасырда қоғам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналған қазақ баспасөзінің тарихы Түркістан уәлаятының газетінен (1870-1882) бастау алары баршаға аян. 1870 жылдың 28-сәуірінен бастап, (екі стиль бойынша) Ташкент қаласында жарық көрген бұл газет, тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы басылым болды. Әзербайжан тілінде тұңғыш газет 1875 жылы, Қырым татарлары тілінде 1883 жылы шыға бастады. Ал, 1809 жылдан бастап өз тілінде газет шығаруға тырысқан татар зиялыларының қолы оған бір ғасырдан соң, яғни 1905 жылы ғана әрең жетті[2.].
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ғасырдан астам уақытқа созылған ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. 1916 жылғы көтеріліс, Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалысынан кейінгі кең-байтақ қазақ даласының барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды.Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзқарас бірдей болған жоқ. Жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды. Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар халықты өкіметке қарсы шықпауға, жарлықты орындауға үгіттеді [3.].
Академик М.К.Козыбаев 1916 жылғы көтеріліс ел үшін, жер үшін, бостандык үшін, Қазак мемлекеті үшін, халык болып қазақтың кара жерді басуы үшін айқастың жалғасы екендігін дәлелдей отырып, бұл қазақ халкының азаттық жолындағы қозғалысы болды деп тұжырым жасады [4.].
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1916 жылғы көтеріліс барысын зерттеуді ең алғаш рет Қазақстанды зерттейтін қоғам қолға алып, бастапқы кезде көтеріліс барысы жайында мағлұматтарды, деректерді жинаумен айналысты. 20-жылдың басында мерзімді баспасөз беттерінде бұл көтерілістің маңыздылығын талқыға салған мақалалар жариялана бастады. Ақ жол газетіне жарияланған Қазақ-қырғыз мәселесі атты мақала патша саясатының көздеген мақсатын айқындауға тырысады. Патша үкіметінің орыс-герман соғысына қара жұмысқа қазақ жігіттерін алу туралы жарлығы халықты ашындырып, 1916 жылғы көтеріліске алып келгендігін, оның аяғы 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне, Қазан революциясына ұласқанын айтылып, елдегі саяси жағдай жан-жақты сипатталды. Жылдың басында қазақ халқы дүниежүзілік соғыс әлегінен әлі де болса құтыла алмай, қолындағы барын үкіметке беруге мәжбүр болып, соның салдары елде қымбатшылық, жоқшылық тудырып, ақыры ашаршылыққа алып келгендігі баса көрсетілді. Ашаршылық Түркістан қазақ-қырғыздарын, әсіресе Жетісу елін жайлап, көп халық қырғынға ұшыраған[5.].
Жас қайрат журналының № 3-4 санындағы мақалада қазақтарды патша үкіметінің қара жұмысқа аламын деп шығарған бұйрығына көнбей, Жетісу өңірін мекендеген қазақ-қырғыздардың бірталайы қытай асып, онда барғаннан кейін екіге бөлініп, бірі Жоңғарияға, екіншісі Құлжа қаласына бет алғандығын, қазақтардың көпшілігі Қашғар, Тұрпан, Үрімші, Ақсу жағына барып қоныстанғаны жөнінде мәлімет келтірілді. Бұл жерге бара жатқан қазақ-қырғыздар жолда тау асуларынан өткен кезде шыңнан құлап, бораннан бір қырылса, барған соң жергілікті қытай шенеуніктерінен екінші қысымға ұшырап, бар мал-мүліктерінен айырылып, қорлық көрген [6.].
1926 ж. шілдесінде Қазан ОАК-і 1916 жылы Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалыстың 10 жылдығын тойлау жөнінде қаулы қабылдап, оны дайындау және өткізу үшін арнайы комиссия құрамын бекітті. Бұл комиссияға ұлт-азаттық қозғалыс барысы жөнінде республиканың барлық губернияларынан мәлімет жинау және осы жинақталған материалдарды мерзімді баспасөзде жариялау арқылы насихаттау жұмысын жүргізу тапсырылды.
Осы қаулыға орай Жұмыскер тілі газетінде зерттеу қоғамының 1916 ж. көтеріліске қатысқандар мен бұл оқиға жайында жақсы білетіндерге арнап бірнеше сауалдамаларға жауап беруді өтінген хабарламасы жарияланды. Онда 1916 жылғы көтерілістің себебі, салдары, қалай басталып,ұлғайып, сөнгені, көтеріліс басшылары және патша үкіметінің көтеріліске қатысты ұстанған саясаты жөнінде жазуды, сондай-ақ көтеріліске #атысты бар кітаптар, суреттер, хаттар, құжаттар болса қоғамға жіберу мәселесі айтылды.
Қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Т.Рысқұлов, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев және тағы басқалар осы баспасөз арқылы 1916 ж. көтерілістің шығу себептері мен өрбу барысын ашып көрсетуге шақырды және өздері де бұл қозғалысқа баға беруге тырысты.
Еңбекші қазақ газеті мен Бостандық туы газетінде, Қызыл Қазақстан журналы және тағы басқа мерзімді басылымдар көтеріліске қатысқандардың естеліктері, арнаулы зерттеулер, көтеріліс жайында әңгіме, өлеңдер, очерктер жариялауды қолға алды.
Ең алғаш болып кіріскен Еңбекші қазақ газеті 8 шілді күнгі №145 санын толықтай көтерілістің 10 жылдығына арнады. Газеттің бірінші бетінің ең жоғарғы жағында Бүгін 1916-ншы жылғы июнь жарлығына 10 жыл толды. Бұл жарлық қазақ елінің отаршылдыққа қарсы көтерілуіне себеп болды. 16-ншы жыл қазақ еңбекшілерінің теңдікке талпынған тарихи уақиғасы деп жазылып, осы нөмірге Ә.Байділдиннің 1916-ншы жыл, Сәбиттің 1916-ншы жылдың ұраны, М.Дулатовтың Он алтының ойраны, №8 деген бүркеншік автордың Байқағандар не білді?, Кәрменұлының 1916-ншы жылғы қазақ көтерілісінің Бөкейдегі тарихы, Байтоғайұлының Тарихи күнге тарихи дерек керек мақалалары, А. Мәметовтың 16-ншы жыл құрбанына өлеңі жарияланса, келесі №146 санда М. Ванненің 1916-ншы жылғы көтерілістің шаруашылық негіздері, Жазасы тыймағы екен сияқты көлемді мақалаларды басты. Бұдан кейінгі нөмірлерде де 1916 жылғы көтерілістің шығу себептері мен көтерілісшілер жайында бірнеше тарихи-танымдық мақалалар жарық көрді. 156 нөмірде Н.Ановтың 1916 жыл, 159 нөмірде Ж.Мыңбаевтың 1916 жылдың көтерілісіндегі ұлт қозғалысы, 165-ші нөмірде Қызылорда қаласында өткен партия мүшелерінің 2-ші Одақтық жиналысында Ә.Байділдиннің жасаған 1916 жыл туралы баяндамасы, Н.Манаевтің 166-шы санға 1916-ншы жыл туралы есімде қалғандар атты естелігі, 170, 171-ші сандарда Сыйға - сый атты өлеңдер топтамасы, 218-ші нөмірде А. Кенжиннің 1916 жыл мақаласы, Жақанның Есіңде ме? атты өлеңі басылды.
Байтоғайұлы Тарихи күнге тарихи дерек керек деген мақаласында бірінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері қарай қазақтың басынан ірі-ірі үш ұлы оқиғаның болғандығын, оның біріншісіне 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты, екіншісіне азамат соғысы, ал үшшіншісіне осылармен қабаттасып келген мешін мен жылан жұтын жатқыза келе, осы оқиғалардың ішінде қазақ тарихында 1916 жылғы көтеріліс ерекше орын алатындығын атап өтті. Мақала авторы бұлл оқиғаның әлі болса қолға алынып зерттеле қоймағандығын, бұл турада тарихи кітаптың жоқтығын айқын келтіре отырып, бірнеше ұсыныстарын айтады. Бұл осы көтерілістің қазақ даласына қандай із қалдырғандығын білу, көтеріліс турасындағы мәліметтер жинау, оған тарихи баға беру болды. 16 жылдың уақиғасы әр аудандарда, әртүрлі болғандықтан, - дей отырып, материалды үш түрлі жолмен жинауды ұсынады. Оның біріншісі, сол оқиғалардың ішінде болған адамдардың ауызекі айтқан, қазазқа жазып жіберген сөзі. Екіншісі, сол оқиғалар туралы жазылып қалған ауыз әдебиеті, яғни күйінгеннен шыққан ақындардың өлеңдері мен қара сөздері. Oшіншісі, заттай дерек, яғни көтеріліске шыққан қазақтардың өздері даярлап, соққан қару-жарағы. Автор аталған деректерді көтеріліс көп болған Торғай, Адай, Жетісудің Қытай және Қарқаралының оңтүстік жақтарынан жинау керектігін айтады.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының шаруашылығына қалай тиді деген сұраққа да Еңбекші қазаққа жарияланған мақалалар жауап беруге тырысты. Жалпы мақалалардың барлығында да көтерілістің шығуының мәнісі, біріншіден, ұлт және отар қысымшылығынан, екіншіден, жергілікті байлардың талауынан, зәбірлік көрсетуінен туындады деген тұжырым жасалды.
Ә.Байділдиннің 1916-ншы жыл атты мақаласы патша отаршылдығының бақлауында болып, бұратана атанған қазақ халқының патша заңдарының нәтижесінде бұрыннан пайдаланып келген жақсы жерлерінен айырылып, тау мен тасқа, құм мен шөлге, ащы-сортаң жерге қарай ығысып, қорлық-зорлық көргендігіне және қара жұмысқа алу туралы 25 маусым жарлығының шығуына қатысты туындаған көтеріліс барысына арналды. 1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс тарихтан айрықша орын алуға тиістігін айта келе, бұл көтерілісті ең қадірлі оқиғаға бағалады, Қазан төңкерісінің ұшқыны санады. Газетке жарияланған Сәбиттің 1916-ншы жылдың ұраны мақаласында 1916 жылғы көтеріліс барысын ашып көрсетпес бұрын алдымен бірнеше дәлел келтіру керектігі ескертілді. Тарихта болған оқиғалардың себеп, салдарын ажыратуды басты міндетке санады. Автордың тұжырымынша, біріншіден, ірі оқиғалар бассыз, нұсқаусыз тұрмыстың еріксіз шығарған қаулысынан туындайды, екіншіден, белгілі бір партия көсемдік қылады, көтерілісшілер сол партияның бастауымен әдіс етеді. ХІХ-ХХ ғасырларда Европа, Ресейде болып жүрген ірі оқиғалардың көпшілігін саяси партиялардың сілтеуімен болып жүрген деген тоқтам жасады.
1916 жылғы қазақ даласында көтерілістің тарихта болған оқиғалардан өзгешелігін айқындап беруге тырысады. Оған себеп болған жайтты: 1916 ж. көтеріліс жасаған қазақ еліне көсембіз деп жүргендер түзу бағыт сілтей алмай, надан жұрт тәсілсіз күрес ашты деп көрсете келе, бұған Міржақыптың осы санда басылып отырған 1916 жылы деген мақаласын дәлелге алды. Сәбиттің ойынша, бұл кездерде қазақ жұртында саяси сезім деген болған жоқ, бұл сезім тек Ақпан төңкерісінен кейін ғана туындаған. Оған себеп қазақ зиялыларының аздығы, олардың қазақ жұртын патшаға қарсы шықпауға үгіттегендігі. Бұл жерде автор Міржақыптың мақаласындағы Бұл кезде қазақ елін патша үкіметіне қарсы үндеуге болмады, патша үкіметінен қорықтық, газетімізде қазақтың жігіті, ол заман мен бұл заман бірдей емес еді деген сөзін сынға алып, оны өз басын қорғағаннан жазғандық дейді. Автор одан әрі сол кездегі казак зиялыларының алға койған міндетін талдап бермекке тырысады. Оларды ұлтшылдар деп айыптап, өз бастарын корғады, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін тағы да жауапты жүмыстарды басшылыкка алды дейді. Осы жерде ол казак зиялыларының әрекеттерін коммунистік партия мүшелерінің жүргізген әрекеттерімен салыстырды. Меньшевик партиясының 25 маусым жарлығына катысты айткан пікірлері мен Лениннің сөздерін келтіреді.
Сәбит 25 маусым жарлығы бойынша қара жұмыска алынатындардың катарына егде тарткандар мен мүлдем жас балалардың да еніп кетуіне арашашы бола алмай, өз бастарын ойлаған ауыл ақсақалдарын сойылдың астына алып, байлардың жылкыларын ұстап мініп, турлығын жыртып, сабасын тіліп, кымызын ішуге, байлардың балаларын, болыс, ауылнай демей таяқтың астында калуына еріксіз алып келді дей отырып, 1916 жылдың окиғасын шу дегеннен тапшылдықпен ашылды дегенді кате санады. Ол 1916 жылдың ұраны алдымен ұлт козғалысы болып басталды да, артынан тапшылыққа айналды, бірақ бастаушысы болмағандықтан мақсатын аяғына дейін жеткізе алмады деген пікірді ұстанды.
1916 жылғы окиға барысының калай өрбігендігін оқырмандарына жеткізуде Еңбекші қазақ газеті патша жарлығына карсы шығып, кө- теріліске катыскандардың естеліктерін де жариялады. Жоғарыда аталған зиялылардың макалалары жарияланған сол нөмірде Костанай уезінің Бестөбе болысының казактары жарлыкты орындаудан бас тартканы үшін елдің болысы Смайылдың Омары өкіметтен көмекке әскер сүрап, жаңа ұшкындап келе жаткан көтерілісті баспаққа әрекеттенгені, алайда патша әскерінің қолынан 80-нен артык адамдар өліп, мүліктерін талан-таражға түскендігі жайында жазылды.
Еңбекші қазаққа жарияланған Кәрменұлының 1916-ншы жылғы қазақ көтерілісінің Бөкейдегі тарихы деген мақаласы Бөкей Ордасындағы казактардың көтеріліске катысуына арналды. Автордың айтуынша, 25 маусым жарлығын естірту үшін Астрахань губернаторы Сакуловицкий Бөкейдің орталығы Орда каласына барлык болыстарды жинап, солар аркылы ауылдарға губернатор бұйрығын жеткізгеннен кейін, ел дүрліге бастаған соң казак арасынан Сейітқали Меңдешұлы, Нұғыман Зәлиұлы, Мұхтар Сәрсенбіұлы сияқты жөн сілтеген азаматтар да табылып, ақыл айтқан. Одан әрі мақалада Астраханнан солдат алуға келген өкілге аталған азаматтар халыктың патша бұйрығына бағынбайтындыктарын және өздері де қарсы екендіктерін білдіргені, тікелей губернаторға осы ойларын айтып жеделхат жібермек болғандығы, алайда телеграф бастығы бас тарткандыктан соккыға жығылғандығы келтіріліп, көтеріліс барысының калай өрбігені айтылады. Жиылған халыкты тарқату максатында губернатордың айлаға көшіп, жігіт алу токтатылды деген жеделхат жібергеннен кейін, көңілдері орындарына түскен казак жігіттері ауыл-ауылдарына тараскан. Карулы әскерімен келген Керенский деген жандарм халыкты патша бұйрығына карсы шығуға үгіттеген Сейіткали Меңдешевті, оның касындағы Тастанбек ақсақалды және Сүндеткали Нұрсарыұлын ұстап алып кеткен[6].
Автордың көрсетуінше, кара жұмыска жігіт алу мәселесі одан кейін тағы да көтеріліп, Жанқалаға ауыл-ауылдардан жігіттер шакыртылған. Алайда патша әкімшілігі көтеріліс шығады дегеннен қорқып, бірнеше өзгерістер жасауға мәжбүр болды. Оның біріншісі, бір үйден жүмыска бір- ақ адам алу болса, ал екіншісі кұрамында С.Меңдешев бар қазақтардан арнайы комиссия кұрды. Бүл комиссияның кұрамында болыс Нұрым Карабайұлы да болған.
1931 ж. 20 тамызда Голощекин атындағы коммунистік оку орнында 1916 ж. ұлт-азаттык, қозғалыс мәселесіне орай болған мәжіліс барысында жасаған баяндамасында С.Меңдешев өзінің Бөкейде болған көтеріліске қатысқандығын айта келе, жалпы Қазакстанның түпкір-түпкірінде болған көтерілістердің шығу себептерін айқындап, оған пісіп жетілмеген реврлюцияның негізгі бөлігі болды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
ХХ ғасырдың басындағы түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
«Серке» газеті – қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
Пәндер