Техникалық қызмет көрсету ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу


C# тілі объекті-бағытталған бағдарламалау тілі болып табылады. Оның негізгі ұғымы - класс. C# тілін оқу барысында барлық мысалдарда біз класс типіндегі құрылымдарды қолданған болатынбыз. Осы бөлімде тек қана кластар қарастырылады.
C# тілінде бағдарламалауға арналған кітаптарда келтірген анықтамалардан бастайық.
Фаронов В. В. анықтамасы бойынша класс алдында class қызметтік сөзі тұратын код үзіндісі арқылы анықталады [1] : «Класс дегеніміз - деректер типі, яғни кластың нақты даналары - объекттерді дайындалатын «схема».
Павловская Т. А. [2] анықтамасы: «Класс дегеніміз кластың даналары деп аталатын нақты объекттер жиынтығының сипаттамалары мен әрекеттерін анықтайтын жалпылама ұғым».
Ескеретін жағдай, C# тілі пайда болуына дейін ОББ бар болған және класс ұғымы бұрыннан қолданылады. Әдебиетте кездескен ең қысқа анықтаманы келтірейік: «Кластар дегеніміз - бағдарлама жасаушы анықтайтын тип».
Осы анықтамада кластың өте маңызды ерекшелігі көрсетілген - ол - массивтерге, жазуларға немесе құрылымдарға қарағанда жаңа деректер типі. Бірақ, бағдарламашы анықтайтын кез келген тип класс бола бермейді. Класты анықтаған кезде екінші бір маңызды ерекшелігі - класс құрамының болуы, кластың қысқа түрде жазылуы және оның оңай есте сақталуы.
Класс дегеніміз - өрістерден, әдістерден және оқиғалардан тұратын деректер типі[17] .
Деректер типі дегеніміз - класс данасы деп аталатын көптеген объекттердің қасиеттері мен әрекеттерін сипаттайтын семантикалық бірлік.
Семантикалық класс класс өрістері, класс әдістері мен оқиғаларының сипаттамасы деп аталатын деректер сипаттамасын ұсынады.
Кейбір авторлар модуль болып келетін кластарды жеке топтарға бөледі, мысалы, басқару элементтерінің класы. Ондай кластардың қосымша қызметтері бар. Олар жоба құрылымының жеке архитектуралық бірлігі болып келеді.
Кластың жазба пішімін қарастырайық. Класс жазбасының пішімінде class қызметті сөзінен кейін оның атауы және одан кейін фигуралы жақшаларда класс денесі жазылады. Бұл класс сипаттамасының ең қысқа құрамы болып келеді. Кластың жалпы сипаттамасы мына пішімде болады (міндетті емес элементтер квадратты жақшаларда көрсетілген) :
[ атрибуттар ] [ спецификаторлар ]
class кластың_атауы [ : түп тегі ]
{ кластың_денесі },
мұнда атрибуттар - класс туралы қосымша мәліметті береді; спецификаторлар - класс құрамына қол жеткізу шарттарын анықтайды. түп тегі(родители) - базалық кластар; класс денесі - класс элементтерінің құрамын анықтайды[39] .
Класты жариялауда мүмкін спецификаторлар: abstract, sealed және protected. Олар туралы мұрагерлікті қарастырған кезде толығырақ айтылатын болады. Private, public, static және internal спецификаторлары бағдарлама үшін кластың қолжететімділігін анықтайды. Private спецификаторы кластың көрінуін толық жабады, ал public спецификаторы класты бағдарламаның кез келген үзіндісіне көрсетеді (қол жететіндікті анықтайды) . Негізінде класта internal қол жеткізу спецификаторы болады. Класс құрылымда анықталған және онда қол жетімді болады. Static спецификаторы осы класқа тиісті айнымалыны (класс объектісін) құрмай-ақ класс және оның элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді[18] .
Барлық спецификаторларды класта немесе оның жеке мүшелерінде қолдануға болады, мысалы, өрістерде, әдістерде.
Класты сипаттау пішімінің кейбір міндетті емес элементтерін біз келесі бөлімдерде қарастыратын боламыз.
Класс дегеніміз -белгілі бір мәндермен «толтырылатын» үлгі, яғни класс типіндегі айнымалы - класс данасын әзірлеуге арналған деректер типі.
Бағдарламада түрлі мәндерді бере отырып біз кластың әр түрлі объекттерді көретін боламыз, бірақ кластың типі өзгермейді.
Класты атаулар кеңістігінің ішінде немесе басқа кластың ішінде сипаттауға болады. Соңғы жағдай бойынша класты қабаттасқан класс деп атайды[19] .
C# тілінде класс сілтемелік тип болып келеді және класс объектісін компьютер жадысында орналастыру үшін new операторын қолдану керек.
Класс құрамы
Класс денесінде деректер, әдістер және оқиғалар өңдеуіштері болуы мүмкін. Кластың осы құрамдас бөліктерін әдетте класс элементтері деп атайды.
Кластың негізгі элементтерін және олардың қызметтерін қарастырайық:
- класс тұрақтыларында өзгермейтін мәндер;
- класс өрістері (класс айнымалыларының типтері мен атаулары) ;
- класс әдістері, класс деректерімен жұмыс жасауға арналған, белгілі бір атауы бар бағдарлама кодының үзіндісі;
- класс қасиеттері дегеніміз - кластарға өз өрістерінің мәндерін бірбірімен алмасуға (оқуға немесе жазуға) мүмкіндік беретін әдістердің жиыны;
- класс конструкторы дегеніміз - класс объекттерін құруға және класс өрістеріне мәндерді меншіктеуге арналған кластың арнайы әдістері;
- класс деструкторы дегеніміз - объектке бөлінген ресурстарды босату кезінде әрекеттердің тәртібін анықтайды;
- класс оқиғалары дегеніміз - кластың пайдаланушы әрекеттеріне немесе бағдарламадағы белгілі бір өзгерістерге жауап қайтаруға көмектесетін арнайы әдістер;
- деректер типі, мысалы, тізімдер, құрылымдар, кластар, делегаттар, интерфейстер.
- индексаторлар дегеніміз - класс деректерінің элементтеріне қол жеткізу құралы;
- операциялар дегеніміз - класс объекттеріне арналған, операциялардың белгілері арқылы орындалатын арнайы әрекеттер.
Класс деректері болып константа немесе класс айнымалылары (өрістер) болуы мүмкін. Класта деректерді жариялаған кезде әдетте оған қол жеткізу спецификаторы көрсетіледі, мысалы,
private int a;
Класс деректерін жариялау кезінде оларды жалпы жазу пішімі мынандай болады:
[ атрибуттар ] [ спецификаторлар ]
[ const ] тип атауы [= бастапқы_мәні] .
Әдетте класс деректері «бағдарлама үшін жабық болады» - private спецификаторы қолданылады. Егер деректердің алдына public спецификатор жазылса, онда олар «бағдарламада» қолжетімді болады.
Еш әрекетсіз деректер мен әдістер үшін private спецификаторы қолданылады.
Объект дегеніміз - класс типіндегі айнымалы, оны құрған кезде компьютер жадында класс элементтерінің мәндері сақталатын жеке аймақ бөлінеді.
Алайда, класта барлық объекттеріне ортақ, бір данадағы статикалық элементтер болуы мүмкін. статикалық деректерді класс деректері деп жиі атайды, ал қалғандарын - класс данасының деректері, яғни объекттер.
Кластың кейбір элементтеріне (әдістеріне) және өрістеріне қол жеткізуге объект құрылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Егер рұқсат берілген болса, оларды қолдану үшін нүкте қолданылады, мысалы, stud объектісіндегі name өрісіне қол жеткізу үшін былай жазамыз: stud. name = “Иванов”; .
Объект үшін кластың әдісін шақыруға болады, мысалы, stud. poisk(a) ;, мұнда poisk(int a) - класс әдісі, stud - құрылған объект.
Синтаксис бойынша класта ішкі класс болуы мүмкін. Осындай жағдай жиі кездеспейді. Ішкі класты өзін туындатқан сыртқы класта және оның ұрпақтарында қолдануға болады. Ішкі кластарда әдетте private немесе protected қол жеткізу модификаторы болады[20] .
Класс әдістері
Әдіс дегеніміз - кластың деректері және әдістерімен жұмыс істеуге арналған кластың атауы бар функционалдық элемент. Әдістер қласқа қолдануға болатын әрекеттер жиынын анықтайды (кластың жұмысын анықтайды) . Әдіс тек бір рет сипаталады және ол кластың түрлі объекттері үшін бірнеше рет шақырылуы мүмкін.
Класс әдістерінің жалпы жазылу пішімі мына түрде болады:
[ атрибуттар ] [ спецификаторлар ]
әдіс типі әдістің атауы ( [ параметрлер ] )
{әдістің денесі}
Мысалы, static void Main(string[] args)
{ }
Ең жиі кездесетін спецификаторлар - private, public және static.
Private спецификаторымен жарияланған кластың кез келген әдісі тек осы класс әдістеріне ғана қолжетімді болады.
Public спецификаторы әдісті бағдарламаның кез келген бөлігінде қолдануға мүмкіндік береді.
Static спецификаторы арқылы әдісті класс объектісін құрмай-ақ «класс деңгейінде» қолдануға болады. Ол өте маңызды, өйткені біз статикалық әдістерді жиі пайдаланатын боламыз.
Қосымшада класс объектісін құрмай-ақ қолжетімді әдісті класс конструкторы қамтамасыз етеді(ол объектті құрады) .
Басқа әдістерге қол жеткізу кластың объектісін құрғаннан кейін ғана мүмкін.
Егер спецификатор көрсетілмесе класс әдісінде private спецификаторы қолданылады.
Әдіс типі қосымшада анықталған кез келген типте немесе C# тілінің стандартты типінде немесе void - типсіз болуы мүмкін. Мысалы:
int kol(int a) { … }
public double sym(out float r) { … }
public void poisk(ref float s) { … }
public int funkcij( int a, out int b, params int[] c) { … }
Егер әдіс типі көрсетілген болса (void типінен өзге), онда әдіс денесінің соңғы операторы болып әдіс жұмысының нәтижесін қайтаратын return операторы болады. Бұл ретте әдісті айнымалыға меншіктеу немесе операторларда өрнек ретінде пайдалану керек. Осындай әдістер функциялар деп аталады[36] .
Егер әдістің алдында void типі көрсетілсе, онда әдіс өз жұмысының нәтижесін return операторы арқылы қайтармауы керек (әдістің денесінде return операторы болмайды) . Әдетте бұл әдісті процедура деп атайды. Әдістің атауы - бағдарламашы белгілейтін идентификатор. Әдіс атауының (атының) мағынасы оның жұмысына байланысты болуы керек, мысалы, sym, max, poisk, т. б.
Әдіс және бағдарлама арасында деректермен алмасу үшін әдістің параметрлері (формалды параметрлер) қолданылады. Әдетте әдістің параметрлерін әдісті «күйге келтіру» құралы деп атайды[21] .
С# тілінде әдістердің келесі параметрлері бар:
- мәндерді анықтайтын параметрлер (мәндік параметрлер, яғни әдіс қабылдайтын кіріс параметрлер) ;
- шығыстық параметрлер (out қызметтік сөзімен белгіленеді) ;
- сілтемелік параметрлер (ref қызметтік сөзімен белгіленеді) ;
- массивті параметр (params қызметтік сөзімен белгіленеді) .
Мәндерді анықтайтын параметрлерде қызметтік сөз болмайды.
Класс әдістерінің параметрлері үтірлер арқылы бөлінеді. Әдісте массив параметрі біреу және параметрлер тізімінде соңғы болуы керек.
Егер әдісте мәндерді анықтайтын параметрлер жарияланса, онда бұл әдістің кейбір айнымалылар көшірмелерін өз құзырына алғандығын көрсетеді. Әдіс осы көшірмелердің мәнін өзгерте алады, бірақ олардың түпнұсқасы (бағдарламада) өзгермеген қалыпта қалады.
Әдістің жұмысы аяқталғаннан кейін мәндерді анықтайтын параметрлер компьютер жадысынан жойылады. Әдістің шығыстық параметрлері қосымшаға нәтижелерді жеткізу үшін арналған. Әдістің денесіндегі шығыстық параметрлерге кейбір мәндер меншіктелуі тиіс, әйтпесе қосымша компиляциясы кезінде қате кеткені туралы хабар шығады[34] .
Егер әдісте сілтемелік параметрлер жарияланған болса, онда әдіс сәйкес айнымалылардың адресін өз құзырына алады және оларды өз алгоритмі бойынша қолдана алады (жаңа мәндерді жаза және оқи алады) .
Әдістегі жарияланған массив параметрі нақты айнымалылардың кез келген санымен жұмыс жасауға арналған. Сонымен қатар params қызметтік сөзінен кейін тұрған формалды параметр кез келген өлшемді деректер массивімен сәйкестікке келтіріледі.
Сонымен, әдіске параметрлер арқылы керекті мәліметтерді (мәндерді анықтайтын параметрлер және сілтемелік параметрлер) жіберуге болады және әдіс өз жұмысының нәтижелерін қайтара алады (шығыстық параметрлер және сілтемелік параметрлер) .
Әдіс денесінде кейбір алгоритмді орындайтын бағдарлама кодының үзіндісі бар. Бұл ретте әдіс формалды параметрлермен бірге әрекеттер үлгісі ретінде қолданылады. Бағдарламада формалды параметрлердің орнына нақты айнымалылар қолданылуы керек, нақты параметрлер мен әдістің әрекеттер үлгісі нақты айнымалылар үшін қолданылады[22] .
Объект құрылымы
Класс типіндегі айнымалы объект деп аталады.
Объект айнымалы болғандықтан оған компьютер жадысынан орын бөлінеді. Объект бойынша жадыда нақтылы не сақталатынын қарастырайық.
Класс деректерінің барлық өрістерінің мәндері сақталады. Объектті дайындаған кезде автоматты түрде құрылатын this арнайы өрісі (сілтеме бойынша параметр) объект адресін сақтайды.
Объект және класс әдістерінің байланысы this параметрі арқылы жүзеге асады. Кластың әрбір әдісі ағымдағы объект элементтерімен жұмыс жасау үшін this параметрін тікелей қолдана алады. this ағымдағы объектке (ағымдағы уақытта бағдарлама жұмысындағы объект) үнемі сәйкес болғандықтан, класс әдістері ағымдағы объект элементтерімен жұмыс жасайды.
This нұсқауышын пайдалану класс әдістерінің көшірмесін әрбір объект үшін жасамауға мүмкіндік береді. Сонымен класс әдістері әрбір объект үшін тираждалмайды[35] .
Қосымшаны қуру мысалы
Ұшбұрыш класын құру бойынша мысалды қарастырайық (бірінші бөлімдегі мысалдың негізінде) .
Визуалды бағдарламалау кезеңінде Toolbox терезесінен көшірілген стандартты басқару элементтерін қолданатын боламыз: тұрақты мәтін (Label), енгізу өрісі немесе редакциялау терезесі (TextBox) және командалық батырма (Button) .
Form1. cs файлының коды:
using System;
using System. Collections. Generic;
using System. ComponentModel;
using System. Data;
using System. Drawing;
using System. Text;
using System. Windows. Forms;
namespace WindowsApplication1
{ public partial class Form1 : Form
{ public class treyg
{ private int a, b, c, p; public string ss; public void vvod(int sa, int sb, int sc)
{
if (sa > 0 && sb > 0 && sc > 0)
{
if (sa + sb > sc && sa + sc > sb && sb + sc > sa)
{ a = sa; b = sb; c = sc; p = a + b + c; ss = "Үшбұрыш мысалы = " + p. ToString() ; }
else
ss = "Үшбұрыштың бір қабырғасы қалған екі қабырғаның қосындысынан үлкен. Мәндерді қайта енгізіңіз";
}
else
ss = "Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 0-ден кіші! Мәндерді қайта енгізіңіз";
}
}
public Form1()
{
InitializeComponent() ;
}
private void button1_Click(object sender, EventArgs e)
{
int A, B, C; treyg t = new treyg() ;
A =
Convert. ToInt32(textBox1. Text) ; B = Convert. ToInt32(textBox2. Text) ; C = Convert. ToInt32(textBox3. Text) ; t. vvod(A, B, C) ; textBox4. Text = t. ss;
}
}
}
Кластың кейбір элементтерін және олардың бағдарламада қолданылуын қарастырайық.
class treyg класының деректерімен және әдістерімен жұмыс орындау үшін осы кластың объектісін- t айнымалысын құру керек.
treyg t = new treyg() ;
Кластың private int a, b, c, p; деректері жабық болады. Класс деректерінің элементтеріне оның әдістері арқылы ғана қол жеткізуге болады[37] .
1. 2 Техниқалық қызмет көрсету ақпарыаттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) - бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, қайта өңдеуге және сұраныстарға қатысты ақпараттарды қолданушылармен таныстыруға арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Қолданушыларға жүйе өте ыңғайлы және ұнамды болатын интерфейс және рұқсат етілмеген қимылдардан қорғау.
Осы АЖ ақпарат құпия болмайды және ішкі қолданушылар қолдана алады. Бірақ жүйенің жұмыс істеу кезінде кедергілерден қорғауды қарастыру қажет, қолданушылардың дұрыс емес қимылдарын, сондай - ақ істен шығуды қалпына келтіру мүмкіншілігі бар[23] .
Фактілерді ескеріп, компьютерлік жүйенің архитектурасына әсер етеді, оған мынандай басты талаптар құрастырады:
АЖ архитектурасы барлық жүйенің жұмыс тәртібінің бұзылу ықтималдығын азайту қажет (жүйенің істен шығуы, ақпараттық базаның бұзылуы, ақпараттардың жоғалуы немесе өзгеруі) қолданушылардың кездейсоқ және әдейі жасалған қимылдары;
- ақпараттар легінің қатысуымен элементтер жүйесі арасындағы ақпараттардың байланысы мен алмасуын іске асыру қажет;
- берілген тапсырмаларды қарастыру және ақпараттардың жаңартуын жабдықтау;
- қарым - қатынас тәртібінде қолданушылардың сұраныстарының тапсырмаларын іздеу;
- ақпараттарды ыңғайлы енгізу;
- ерте енгізілген ақпараттарға тез арада қол жеткізу;
- нормативтік - анықтама ақпараттарын қайта - қайта қарап отыру қажет;
1. 2. 1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе - бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ және нақтырырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдердің ара - қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірірек болады.
АЖ құрылымы - бұл ішкі жазықтық - уақыттық байланыстарының тұрақты тәртібі және элементтер мен жүйеасты бөлімдерінің арасындағы қатынасы, жүйеастының атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы[38] .
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі - бұл есептердің және есептер комплексінің немесе жүйеастыларының жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды /9/.
Есептер комплексі - бұл есеп жиынтығы, белгілі бір қасиетіне қарай топталған.
Есеп - бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т. б. )
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
- жоғары алгоритмдеу;
- иерархиялық, яғни жүйеастыларына, блоктарға, есептер комплексіне кіруі;
- шешімнің бір қалыптылығы;
- шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
- типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
- жүйенің шығу - кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі
Автокөлікті тіркеудің АЖ қойылатын талаптар кесте түрінде бейнеленген, бұл кестеде есептер комплексі көрсетілген, сондай - ақ кіріс және шығыс көрсеткіштері берілген есептерге келтірілген[15] .
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамасыз ету бөлігі қажет, мына ресурстардан тұрады - техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика- математикалық әдістерді және моделдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ қалыптастыру және құруын жабдықтауға арналған. АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.
Кесте 1
Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Есеп кешені
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады [5] .
1. 2. 2 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптарАқпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандық-тан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) - бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті - анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады[40] .
Ақпараттық база (АБ) - бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база - ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті - анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті - анықтамалы құжаттар - шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз - ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz